ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І тарау. ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
1.1 Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
1.2 Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар
1.3 Ертедегі ортағасырлық мемлекеттер (VІ - Х ғғ.)
1.4 Дамыған ортағасырлық мемлекеттер (ХІ - ХІІІ ғғ. басы)
1.5 Монғол шабқыншылығы дәуіріндегі Қазақстан (ХІІІ ғ.). Алтын орда (1243 - ХV ғ. ортасы)
1.6 ХІV - ХV ғғ. ортағасырлық мемлекеттер
1.7 Қазақ халқының қалыптасуы
1.8 ХV - ХVІ ғғ. Қазақ хандығы
1.9 ХVІІ - ХVІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығы
1.10 ХІV - ХVІІ ғ.ғ. басындағы қазақтардың мәдениеті

ІІ тарау. ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
2.1 ХVІІІ ғасырдың І жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саясаты
2.2 Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы
2.3 ХVІІІ-ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2.4 Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық статусы
2.5 ХVІІІ - ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары
2.6 ХVІІІ - ХХ ғғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті

ІІІ тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ
3.1 Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
3.2 Ресейдегі ақпан революциясы және оның Қазақстан өмірін демократияландырудағы маңызы
3.3 1917 жылғы Қазан төңкерісі. Кеңес өкіметінің орнауы. Өлкедегі азамат соғысы
3.4 ХХ ғ. 20-30 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық - саяси өміріндегі өзгерістер
3.5 ХХ ғасырдың 20-ж. аяғы мен 30-ж. басындағы Қазақстандағы экономикалық қайта құрулар
3.6 ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс
3.7 Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
3.8 Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
3.9 ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Қазақстан
3.10 Тәуелсіз Қазақстан

І тарау. ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

Тақырып 1. ТАС ЖӘНЕ ҚОЛА ДӘУІРЛЕРІ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

1. Тас дәуірі және оның кезеңдері
2. Қола дәуіріндегі Қазақстан
3. Қайталауға арналған сұрақтар
4. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысына тапсырма
5. Әдебиеттер тізімі

1. ТАС ДӘУІРІ
(б.з.б. 2 млн.- 12 мың жылға дейін)

Адамзат өмірі белгілі әлеуметтік-экономикалық формацияларға байланысты бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Археология ғылымының өзіне тән кезеңдерге жіктеу жүйесі қалыптасқан: тас, қола, темір дәуірлері және ортағасырлар. Бұл дәуірлер өз кезегінде бірнеше кезеңдер мен мәдениеттерге бөлінеді.
Адамзат өмірінде алғашқы қауымдық кезең негізгі рөл атқарады. Ол тас дәуірінен басталады. Бұл кезеңде адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалды. Сонымен қатар, өндіргіш күштердің төменгі деңгейімен сипатталады, себебі, адам табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен ғана шектелді.

Палеолит (ежелгі тас дәуірі)
Тас дәуірі Мезолит (орта тас дәуірі)
Неолит (жаңа тас дәуірі)

ПАЛЕОЛИТ

Ежелгі палеолит Соңғы палеолит
(б.з.б. 2 млн.-140 мың жыл бұрын) Орта палеолит (б.з.б.40-12 мың жыл бұрын)
(б.з.б.140-40 мың жыл бұрын)

ЕЖЕЛГІ ПАЛЕОЛИТ
(б.з.б. 2 млн.-140 мыңжылдықтар)

Ежелгі Қазақстан климаты: Таулар аласа болғандықтан оңтүстіктен, Үнді мұхит жақтан Қазақстанға ылғалды жылы ауа соғып тұрды. Жылы жаңбыр жиі жауды. Субтропиктік ормандар жайқалды. Біздің заманымыздан 100 - 80 мың жылдай бұрын климаты өзгеріп, ауа- райы суытып, тауларды мұз басты. Ауа-райының суытуы ұзаққа созылды. Тек 12 мыңыншы жылда жылынып, климат қалыптасты.
Ежелгі палеолит үш ірі кезеңге немесе мәдениетке бөлінеді: олдувэй (бұдан бұрынғы 2,6 млн.жыл - 700 мың жыл), ашель ( бұдан бұрынғы 700 мың - 150-120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың - 35-30 мың жыл).
Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм - алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте қалыптаса бастады. Ал мустье кезеңінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі қалыптасып, қауымның басты нысандары шыға бастады.
Ежелгі адамдар ежелгі палеолит (б.з.б. 800-140 мыңжылдықтар) дәуіріне жатады.
Қоныстар: Оңт. Қазақстандағы Қаратау жотасы, Арыстанды өзенінің бойы, Жамбыл облысындағы Шабақты, Бөріқазған, Тәңірғазған, Ақ көл 1 тұрақтары, Шу өзенінің оң жағасындағы Қазанғап шатқалындағы Қарасу тұрағы, Орталық Қазақстандағы Құдайкөл тұрағы, Жезқазған қаласының маңындағы Жаман-Айбат және Қарағанды облысындағы Обалысай тұрақтары.
Алғашқы еңбек құралдары: чоппер, чопплинг, қол шапқы, шақпақ тас.
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: ірі жануарларға аңшылық, терімшілік дамып, отты пайдалана бастады. Түрғын үйлерін (ірі жануарлардың сүйектерін терімен жабу арқылы) қалыптастырып, үңгірлерді де пайдалана білді. Қауымдық меншік адамдар арасындағы теңдікті қалыптастырды.

ОРТА ПАЛЕОЛИТ( мустье )
(б.з.б. 140 - 40 мың жылға дейін, 80 мыңжылдықта жер бетін мұз басу дәуірі басталды)

Мустье дәуірі - ежелгі адамның дамуы мен мәдениетіндегі жаңа кезең.
Өзгерістер:
* ауа - райы салқындады
* тау түзілу құбылысы жүрді
* мұз басу нәтижесінде өзен - көлдер өзгеріске ұшырады
* үлкенді - кішілі өзендердің арналары қалыптасты
Еңбек құралдары: тас жарықшақтары, тілгіштер, қырғыштар, үшкір тас, балта.
Бұл кездегі адамдардың басты кәсібі - аңшылық пен терімшілік болды. Аң аулаудың басты әдісі - аңды қуып жүріп, болдыртып, қаумалап ұстау болды.
Ежелгі мустье кезеңіндегі адам неандертальдық деп аталды. Маңдайы тайқы, мойыны қысқа, тістері өте ірі, иегі қалыптаспаған, мағыналы сөйлей алмаған.
Археологиялық ескерткіштер: Орталықтардың бірі - Оңтүстік Қазақстандағы Қаратаудан жер бетіне жақын орналасқан бірнеше адам тұрағы табылды. Бұлар - Топалы шатқалынан табылған және Ақкөл көлінен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек тұрақтары, Арыстанды мекеніндегі Шоқан Уәлиханов тұрағы, Орталық Қазақстандағы Обалысай тұрағы, Үшбұлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының тұрағы табылды. Мустье дәуірінің еңбек құралдары, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысындағы Мұзбел деген жерден және Есіл өзенінің жоғарғы жағынан, яғни Қарағандының солтүстігіндегі Батпақ (8,12) шатқалынан және Шығыс Қазақстанда Қанай ауылынан табылған. Ал Жезқазған облысының Ағадыр ауданында Өгізтау - 1 және 2, Үлкен Ақмая тұрақтарынан сұрғылт кварциттен жасалған еңбек құралдары кездеседі.

КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ
(б.з.б. 40 - 35 - 12 мың жыл бұрын)
Бұл дәуірде саналы адам қалыптасты. Мұндай адам сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро - Маньон үңгірінен табылды. Оны кроманьондық деп атайды.
Тұрпаты:
маңдайы жазық.
қабақ үсті шығыңқылау.
мұрыны кішірек.
бас сүйегі сопақшалау.
иегі айқын.
шекелі.
бас сүйегі - 1500 - 1800 смі.
бойы биік - 168 - 194 см.
аяқтары ұзын, тік жүрген.

Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Тамақ табудың негізі - аң аулау болып қала берді. Аңшылардың аң аулау барысында ұзақ жорықтар жасауы - тұрғын үйдің бір түрі ретінде күркелі уақытша қоныстардың пайда болуына әсер етті.
Адам бұрынғысынша жеуге жарайтын жеміс-жидектерді терумен айналысты. Осындай жағдайда қоғамдық қатынастар жетіліп, адамның бірлескен ұйымының алғашқы түрі - рулық қауым болды.
Саналы адамның шығуы мен кейінгі палеолит дәуіріндегі адамзам қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында тікелей байланыс бар. Бұл құбылыс қоғамдық қатынастардың прогрестік дамуымен, рулық қауымның қалыптасуы үрдісімен, адам ұжымының қоғамдық ұйымдасуының өзіне тән алғашқы нышаны ретіндегі рудың шығуымен тікелей байланысты. Рулық ұйым барлық жерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда үстем жағдайда болды. Соныме, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды.
Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамның дүниетанымы күрделене түсті. Аңшылар магиясына табыну кең таралды. Мұның негізінде хайуанның бейнесін - символын бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену болды. Магия алғашқы өнер болып табылады. Оның басты тақырыбы - әр түрлі жануарлардың суретін салып, бітім-тұрпатын, мүсінін жасап бейнелеу болды. Сүйектен ойып немесе жұмсақ тастан қашап жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлығын , аналық қасиетті бейнеледі.
Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқты о дүниедегі өмір туралы ұғымдар күрделі әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді. өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген қабыршақтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алқа тағылды, аяғына мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ тізбесі тігілді. Өліктің қасына шақпақ тастан, мүйізден жасалған заттар қойылды.
Еңбек құралдары: пышақ тіліктер, шақпақ тас пен яшма.

Ескерткіштері:
1. Шолаққорған қалашығының батысындағы Ащысай тұрағы. Бұл жерден 15 от орны анықталды.
2. Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағынан қырғыш тастар, сүңгі ұштары табылды.
3. Үшінші Қарабас көмбесінен 172 порфириттен жасалған заттар жиналды.
4. Шығыс Қазақстан территориясында - Қанай, Свинчатка, Пещера, Ново-Никольское, Шүлбі тұрақтары.

МЕЗОЛИТ ДӘУІРІ
(б.з. б. 12- 5 мыңжылдықтар, 10-шы мыңжылдықта мұз басу дәуірі аяқталды).

Мезолит дәуірі - ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас дәуірі - неолит арасын жалғастыратын көпір. Сонымен қатар, бұл дәуірді көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Бұл кезеңде екі маңызды оқиға болған - жебелі садақтың және үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент формасындағы ұсақ тас пластиналар - микролиттердің пайда болуы.
Өзгерістер:
* ауа - райы күрт жылынды;
* мұздар еріді;
* шөбі мол далалардың көлемі азайды;
* жануарлар құрып кетті;
* адамдар жануарлар артынан көіп отыруға мәжбүр болды.

Шаруашылығы: "Мамонттық " жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттілігін туғызды. Ұсақ жануарларға аңшылық етіп, итпен жеке аңшылық ету қалыптасты. Кейбір аймақтарды егіншілік пен мал шаруашылығы элементтері пайда болып, ал кейбір жерлерде балық аулау мен аңшылық қалыптасты.
Шаруашылықта болған өзгерістер қауымның бқлшектенуіне әкеп соқты, яғни қауымда 30 - дан 100 ге дейін адамдар болды.
Еңбек құралдары: жебелі садақ пен бумеранг. Еңбек қүралдарын жасауда қыстырма техникасы қолданылды. Бұл техника бойынша заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2-1 см пышақ сияқты тас қалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілген. Осындай сапқа бекітудің негізінде кез-келген еңбек құралын дайындауға болатын еді. Мысалы: жебелердің, шанышқылардың, найзалардың ұштары, тері өңдеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар, сүйек пен ағашты өңдеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар.

Ескерткіштері:
1. Солтүстік Қазақстанда - шағалалы мәдениеті (Виноградовка - 2а,12 тұрақтары)
2. Орталық Қазақстанда - Әкімбек, Қарағанды - 15 тұрақтары
3. Оңтүстік Қазақстанда - Жаңа шілік, Маятас тұрақтары
4. Батыс Қазақсстанда - Дүзбай - 6, Дачная, Евгеньевка тұрақтары

НЕОЛИТ ДӘУІРІ
(б.з.б. 6 - 5 мыңжылдықтар)

Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнеде болды.
Өзгерістер:
* адамдар табиғи жануарларды қолға үйретті, жер өңдеумен айналыса бастады.
* қыш ыдыс - керамика жасаудыүйренді. Олардың сыртында геометриялық өрнектер салынған.
* тас өңдеу әдістері жоғарғы дәрежеге жетті. Тас қалдықтардан сына дайындады.
* тастың тұтқыр түрлерінен балта, кетпен, келі, келісап, ал граниттен - дән үккіштер жасады.
* жаппай отырықшылыққа көшу басталды.
* кен кәсібі мен тоқымашылық қолға алынды.

Неолит дәуірі - тас өңдеу техникасының гүлденген кезеңі болып табылады. Себебі, жаңа технологиялық әдістер - арамен кесу, бұрғылау, жылтырата тегістеу пайда болған.
Еңбек құралдары: тас балталар, кетпендер, дәнүкіштер, келілер, келсаптар
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Неолит дәуірінде адамдар тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналыса бастайды. Осы кезеңде адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Кен кәсібі, қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.
Әлеуметтік жағынан алғанда бұл кезеңде рулық қауым дәуірі болып табылады. Мұнда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан құрылды.

Ескерткіштері:
Батыс Қазақстан - келтеминар мәдениеті (б.з.б. ІҮ мыңжылдық аяғы - ІІ мыңжылдықтың басы). Негізгі тұрақтары: Шатпакөл, Құлсары-1-5, Шаңдыауыл, Қыземшек, Жыланқабақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды, Қосқұдық - 1.
Солтүстік Қазақстан - 1) атбасар мәдениеті (б.з.б. ҮІІ мыңжылдықтың аяғы - ҮІ мыңжылдықтың басы). Негізгі тұрақтары: Виноградовка-2, Тельман-1,10, Қарлыға, Боголюбово, Жабай-Покровка-3.
2) маханжар мәдениеті. Негізгі тұрақтары: Маханжар, Тұздыкөл-2, Дүзбай-1-4, -12, Сор-2, Бестамақ, Амангелді, Алқау-2.
Шығыс Қазақстан - усть-нарым мәдениеті.
Орталық Қазақстан - Жасыл Балка, Қарағанды-15.
Неолит тұрақтары жер-жерге орналасу сипатына қарай төрт түрге бөлінеді: бұлақ бойындағы, өзен жағасындағы, көл жиегіндегі және үңгірдегі тұрақтар. Өзен мен көл жағасындағы тұрақтарда адам өмірінің заттары жиі кездеседі. Бұл мұнда адамдардың түпкілікті және тұрақты өмір сүргенін дәлелдейді. Ал бұлақ бойындағы тұрақтар маусымдық болып есептеледі. Себебі, мұнда аңшылар тұрақтаған.

ЭНЕОЛИТ
(мыстас ғасыры - б.з.б. ІҮ-ІІІ мыңжылдықтар)

Энеолит - тас дәуірі мен қола дәуірі арасындағы археологиялық өтпелі кезең. Бұл кезеңде тастан жасалған еңбек құралдары басым болғанымен мыстан жасалғандары да пайда бола бастады. Жалпы алғанда тас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соқты. Бірақ бір жағынан тас индустриясы жоғары деңгейде де дами түсті.
Өзгерістер:
* жалпақ түпті, өрнегі бар керамика
* ұсақ қалақша
* тұрғын үйлер
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: энеолит дәуірінде климаттың ылғалды болуы ірі сүтқоректілер санының өсуіне әкелді. Әсіресе, жылқы көбейді. Бұл түрдің экологиялық тепе-теңдікті бұзбай күрт көбеюі , аң аулайтын алқап көлемінің бөлінісіне шаққанда оның мөлшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді өмірге келтірді. Аңшылық ұжымдардың өздерінің көшіп жүрген аумақтарын қысқартуы, отырықшылыққа ауысуына әкелді.
Жерлеу ғұрпы мен бірқатар символдық заттар тотемизмнің, бабаларға табынудың болғанын көрсетеді. ыдыстар саз балшықтан қолдан жасалған. Ыдыстар түбі дөңгелек конус тәрізді етіп, жұмыртқа сияқты жабық түрде істелінген. Оған ішкі жағында қыры бар жаға сияқты салмақты жиек салынған. Сонымен қатар, қарапайым геометриялық өрнектер де қолданылған. Әшекей бұйымдары ретінде теңіз молюскаларының қабықтарынан жасалған ірі моншақтар мен диаметрі 3-6 мм болатын цилиндр тәрізді ұсақ моншақ жасаған.
Ескерткіштері:
Солтүстік Қазақстан - Ботай мәдениеті (б.з.б. ІІІ - ІІ мыңжылдықтар). Негізгі тұрақтары: Ботай, Красный яр, Васильков-4.
Орталық Қазақстандағы негізгі тұрақтар: Бестамақ, Тұздыкөл-1, Ливановка, Құмкешу, Қожай, Дүзбай-3.

пї

2. ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
(б.з.б. XVIII-VIII ғғ.)

Б.з.б. 2 мыңжылдықта Еуразия далалық аймақтарында қола алу тәсілі ойлап табылып, тас құралдарды күнделікті өмірден ығыстырып шығарды.
Өзгерістер:
* Рулық қатынастар ыдырап, орнына тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
* Түсті металдар мен алтын өндірістік жолмен игерілді
* Мал шаруашылығы қалыптасты.
* Біртіндеп көшпелі мал шаруашылығына ауыса бастады
Бұл екі бағыт-мал шаруашылығы мен металургияның тез дамуы ер адамның еңбегіне қажеттілікті арттырып, аталық отбасылық рулық қатынас орнады.

Қола дәуірінің негізгі кезеңдері:
б.з.б. ХҮІІІ вЂ" ХҮІ ғғ. вЂ" ерте қола дәуірі
б.з.б. ХҮ вЂ" ХІІ ғғ. орта қола дәуірі
б.з.б. ХІІ вЂ" ҮІІІ ғғ. кейінгі қола дәуірі

Қола дәуірі 3 түрлі ерекшелігімен ерекшеленеді.
* Ежелгі қола металургиясымен.
* Бақташылық мал шаруашылығымен.
* Теселі егіншілікпен.
Андронов мәдениеті

Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның териториясын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеген. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл мәдениет вЂ" Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл ескерткіштер тобы Минусинск қазан шұңқырынан Орал тауларына, солтүстікте Батыс Сібір жазығынан-Памир тауларына дейінгі аймақты алып жатыр. Андронов мәдениеті Қазақстанның Орталық Қазақстан бөлігінде көптеп кездесіп, 30 елді мекен, 150 қабір қазылып зерттелді. Солтүстік және Батыс Қазақстанда вЂ" Алексеевка,Ұралысай, Тастыбұлақ және Қостанай мен Челябі обл. түйіскен жері вЂ" Арқайым ескерткіштері. Шығыс Қазақстанда вЂ" Ертіс, Бұқтырма, Күршім, Қызылсу, Алтай таулы ауданы, Тарбағатай мен Сауыр тауларынан табылды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда Таңбалы тас және Қаратау жоталарынан, Аралда вЂ" Түгіскен кесенесі зерттелді.

Шаруашылығы
Археологиялық қазба материалдары бұл кезеңде Қазақстан аумағында адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болғандығын дәлелдейді. Негізгі мал түрі вЂ" ірі қара, ал қой мен жылқы аз мөлшерде болған.
Бұл кезеңдегі мал шаруашылық экстенсивті шаруашылық болды. Жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, төзімді, тебінге жарайтын жылқы, қой сияқты мал түрлерін өсіріп, өндіру малдың көбеюіне әкелді. Бірақ Қазақстанның барлық территориясындағы халықтар осындай шаруашылықтың түрін толығымен игерген жоқ. Мәселен, Шығыс Қазақстандағы, Батыс Қазақстандағы, Солтүстік Қазақстандағы қоныстарда малдың көбі ірі қара және көшіп-қонып жүру аз болғандығын көруге болады.
Сонымен қатар, неолит кезеңінен бастау алған егіншілік қола дәуірінде одан әрі дами түсті. Бұл салада тастан және бұғы мүйізінен жасалған теселер пайдаланылды. Егіншілікте бидай, қара бидай, тары егу кеңінен қараған. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі толықтырып, өзара байланыста болды. Егіншілік сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды. Бірақ ол тамақ өнімдерін алудың негізгі көзі болды.
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуында мал шаруашылығымен және егіншілікпен қатар, әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті ұқсату аса маңызды рөл қатқарды. Қазақстан территориясында көптеген кен орындары жүмыс істеді: мыс вЂ" Жезқазған, Зырян, Қаршыға, Жалтыр, Ашылы, Ұратөбе, Күшікбай кен орындары, қалайы вЂ" Атасу тауы, Қалба, Нарым жоталары кен орындары, алтын вЂ" Степняк, Қазаншұңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай, Майқапшағай, Ақабек кен орындары. Милықұдықта, Жезқазғанда, Шүлбі өзенінің Ертіске құяр жерінде, Қанай ауылының маңында қорыту пештерінің қалдықтары, ал мыс рудасының қалдықтар Атасу, Сарыбұлақ қоныстарында табылған.
Кен өндірісінде отпен уату, үңгіме тәсілдері қолданылған.
* металл қорыту- қола өңдеу
* мал шаруашылығы(қой, жылқы, ешкі т.б.
* теселі егіншілік

Еңбек құралдары: тас кетпендер, тастан жасалған астық түйгіштер, тоқпақшалар, түйгіштер, келілер, келсаптап, қола және мыс қол орақтар, төрт қырлы қола балға шоттар, тастан жасалған ауыр қайлалар, балға шоттар, балғалар, сыналар, руданы үгетін келсаптар.

Қоғамдық қатынастар
Мал шарушылығының жедел дамуы ең бірінші кезекте ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің, халықтың басқа бұқарасынан бақташы тайпалардың бөлініп шығуына негіз болды. әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық-тайпалыұ бөлімшелер пайда болды.
Еркек вЂ"көсем, еркек вЂ" жауынгер, қоғамда, материалды игіліктерді өндіруде үстем дәреже алды. Ол рулық қауымның басшысы болып, туыстық әкелік жақтан есептеле бастады.
Әлеуметтік қауым отбасылық - өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндіріс өнімдеріне ортақ меншік болған еді. Кейінірек, күшейген патриархаттық әулеттік қауымдар оқшаулана түсті. Бұл алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді.

Қолөнері
* таспалық әдіспен жасалған қыш құмыралар (ыдыстардың бүйірі тік, түбі жайпақ, шырша тәрізді суреттері бар).
* мойны мен бүйірі арасы жіңішкерген ыдыстар
* ыдыстар дөңгелек пішінді, бүйірі шығыңқы, әр түрлі бүршік бұдырлар мен өрнектер салынған.
* түреуіш, білезік, сырға, оқа, тарақ, алқа сыйақты әшекейлер тағынған.
* алғашқы киіз үйдің сұлабасы- дөңгелек, сүйір бұрышты шарбақтан тоқылған баспаналар табылған
(Жезқазған және Зырян т.б. аймақтардан).

Діни нанымдары
Қола дәуіріндегі тайпалардың тұрмысы табиғатқа тәуелді болғандықтан, адамдар табиғат күшін құдірет деп білді. Сондықтан, пұтқа табынған. Негізгі табыну саласы вЂ" күн, от, су, ай, жануарлар және өсімдіктер дүниесі. Бұл сенімдерге байланысты құрбан шалу ғұрпы пайда болды. Қоныстардың жанында құрбан шалатын орындар вЂ" дөңгелек алаң немесе топырақ үйілген төбешіктер болған.

Ескерткіштері:
Шығыс Қазақстанда вЂ" Трушниково, Мало-Красноярка, Усть-Нарым, Қанай,
Батыс Қазақстанда вЂ" Алексеевка, Тастыбұтақ
Солтүстік Қазақстанда вЂ" Явленко вЂ"1, Арқайым
Орталық Қазақстанда вЂ" Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Ақсу-Аюлы-2, Атасу
Оңтүстік Қазақстанда вЂ" Таутары

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін: Бес томдық [ Ред. М. Х. Асылбеков, Қ. С. Алдажұманов, К. М. Байпақов] .- Алматы: АТАМҰРА. Т. 1: Палеолит дәуірінен соңғы орта ғасырларға дейінгі Қазақстан- 1996.- 541 бет.
2. Артықбаев, Жамбыл Омарұлы. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия Ж. О. Артықбаев.- Астана: Фолиант, 2003.- 264 бет.
3. Қазақ: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. - Алматы: Білім, 1994.
4. Қазақстан тарихы: Оқулық-анықтамалық [Авт. В. С. Осколков, И. Л. Осколкова] .- Алматы: Өнер, 2001.- 64 бет.
5. Қазақстан тарихы: Хрестоматия Құраст. М. Қ. Қозыбаев.- Алматы: АТАМҰРА, 1994.- 256 бет.
6. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. - Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
7. Маданов Х. Ұлы дала тарихы: Оқу құралы Х. Маданов., Ч. Мусин.- Алматы: Санат, 1994.
8. Мамырұлы, Кәмен. Қазақ тарихы: [Оқулық] К. Мамырұлы.- Алматы: ҒЫЛЫМ, 1999.
9. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы: [Оқу құралы] К. Рысбайұлы.- Алматы: Санат, 2001.
10. Маргулан А.Х. и др. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата. 1966.

Адам баласы жер бетінде бұдан 2 млн. Жыл бұрын пайда болған. Ең алғашқы адам қалдықтары Кениядағы (Шығыс Африка) Олдовай шатқалынан табылды. Оны епті адам деп атайды.
Епті адам:
* жасы - 1млн. 750 мың жыл.
* миының көлемі - 652 смі (маймылдың миынан үлкендеу).
* екі аяқпен жүрген
* табан сүйектері доғаланып келген
* еңбек құралы - жұмыр тастар.
Тік жүретін адам: ●жасы - 1 млн-дай жыл.

Синантроп Питекантроп
Қытай адамы.1927жыл. 1891ж.Ява аралынан табылды.Ми көлемі
Пекиннің Чжо-коу-дянь 950 см куб. Бас және жақ сүйектері кіші-
үңгірінен табылған. Рейіп, аяғы ұзарып, қолы қысқарған.

Неандерталь адамы:
* миының көлемі - 1300 - 1400 см і
* бойы - 155 - 156 см.
* табылған жері - Германиядағы (Неандерталь) елді мекені.
Еуразия мен Африканың аймақтарынан 120 неандерталь адамының қалдықтары табылды. 1938 жылы Өзбекстанның оңт. Тесіктас үңгірінен 8-9 жастағы баланың қаңқа сүйегі табылған.
Сонымен, адамның алғаш пайда болған Отаны - Солтүстік және Солтүстік - Шығыс Африка немесе Кения. Себебі ежелгі адамның қазынды қалдықтарының көбі осы жерден, яғни экватордан солтүстікке қарай орналасқан тропиктік аймақтан табылды.
Ал Қазақстанда 1948 жылы археолог Сосновский Г.П. еңбек құралдарын зерттеген.
Ал 1958 жылы ең алғашқы адам Оңтүстік Қазақстан обл., Тараз маңындағы Қаратау жотасынан табылған. Бұны археолог Х.А.Алпысбаев зерттеген.

Тақырып 2. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР

1. Сақтар. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

2. Үйсіндер. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

3. Ғұндар. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

4. Қаңлылар. Саяси тарихы. Шаруашылығы. Мәдениеті

5. Қайталауға арналған сұрақтар

6. Студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырма

7. Әдебиеттер тізімі

1. САҚТАР. САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ

Сақтар біздің жыл санауымызға дейінгі 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Сақ әулетінің негізін Алып-Ер Тұнға (Афрасияб) қалаған. Діні-Тәңірінің діні. Жазуы- көне түркі тілі. Сөйлеу тілі- Алтай тіл тобына жататын түркі тілі. Сақтардың мекен жайы- Орта Азия мен Қазақстан және Шығыс Түркістан өңірі. Сақтар тарихи жылнамалар мен көркем әдебиетте Азиялық скифтер, Құдіретті еркектер, Жүйрік атты турлар, Скиф- сақтар, Савроматтар деп аталады. Сақтар туралы алғашқы мәліметтер антикалық авторлардың еңбектері мен парсы-иран жазбаларында кездеседі.
Шығыстанушылардың пікірінше сақтар үшке бөлінген. Олар: теңіздің ар жағынан келген сақтар, хаома сусынын даярлайтын сақтар және шошақ бөрікті сақтар.

Теңіздің ар жағынан келген сақтар: Қара теңіздің солтүстігін, Арал маңын және , Сырдариянның төменгі ағысын мекендеген
Шошақ бөрікті сақтар: Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шань мен Жетісуды мекендеген.
Хаома сусынын даярлайтын сақтар: Мургаб алқабы мен алтынға бай Алтайды мекендеген.

Жазбаша деректер мен археологиялық деректер б.з.б. ҮІІІ - ҮІІ ғғ. Қазақстан және Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен - Ассириямен және Мидиямен, ал б.з.б. ҮІ ғ. ортасында Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап - Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Кир Лидия патшасы Крезбен соғысу барысында сақтармен одақтасып, әскери көмек алған. Кейінен Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындырғысы келіп, көптеген қол жинап соғыс ашады. Бұл жорығы б.з.б. 530 жылға тұспа - тұс келеді. Бірақ жорықта Кир сақ патшайымы Томиристен жеңіліс табады.
Б.з.б. 518 жылы Кирдің жорықтарын І Дарий жалғастырып, массагет-сақтармен соғысады. Бірақ ол жеңіліске ұшыраған.
Б.з.б. ҮІ ғ. аяғы - Ү ғ. Басында ежелші Шығыста гре-парсы соғыстарының басталуымен байланысты ірі саяси оқиғалар болған. Кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты. Б.з.б. 500 - 449 жж. Грек-парсы соғыстары парсылардың жеңілуімен аяқталды. Бұл кезде Грецияда экономикалық және саяси дағдарыс шиеленісіп, құл иеленушілер бұдан шығу жолын Шығысқа шабқыншылық жорық ұйымдастыру деп білді. Б.з.б. ІҮ ғ. 30 - жылдарында македондық - гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид, ІІІ Дарий Кодоманның әскерін талқандап, Орта Азияға басып кірген. Маракандты (Самаркандты) алып, Сырдарияға бет алды.
Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер ретінде массагеттер белсене қатысты. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауын пайдалана отырып, македондық-гректердің әскеріне бірнеше дүркін соққы берген. Оларды әлсірету үшін Александр Маедонский араларына жік салып, өзара арандатушылық тудырып отырған. Үш жыл бойы болған соғыстың нәтижесінде македондық-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырады. Тек Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды.
Шаруашылығы. Сақ тайпалары көшпелі мал шаруашылығы (әсіресе қой шаруашылығы) және кей жерлерде жартылай отырықшылықпен айналысты.
Көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанның далалы, шөлдері мен шөлейтті аймақтарында жыл бойы көшіп-қонып жүрумен сипатталды. Бұл жерлерде егіншілік дамымаған, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана таралды. Өсірілетін мал түрі: негізінен, қой, түйе, жылқы, ал ірі қара аз болған.шаруашылықытың қосалқы түрі ретінде аң аулау дами бастаған.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Жетісу, Шығыс Қазақстанның дала, орман және биік таулар араласып отыратын аудандарында, сонымен қатар, Тянь-Шань мен Алтай таулары сілемдерінде дамыған. Бұл шаруашылық түрінде маусымдық жайылымдар кеңінен қолданылып, олардың арақашықтығы жақын болған. Мұнда тік әдіс қолданылған, яғни өзен бойларындағы қыстаулардан тау баурайларындағы көктемгі жайылымға, одан әрі биік таулардағы шөбі қалың жайлауларға көшетін болған.
Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстан аудандарындағы Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, Қаратау жоталарының баурайларында дамыған.
Сақтардың шаруашылығында малдың басым көпшілігін жыл бойы жайып бағу болып табылатын шаруашылықтың жайылымдық-экстенсивті сипаты мал шаруашылығы экономикасының барлық нұсқаларының ортақ сипаты болды. Кейбір сақ тайпаларында қосалқы кәсіп ретінде аңшылық пен балық аулау да қоса жүргізілген.
Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты - қой шаруашылығы болды. Жылқы малы да көшпелі және жауынгер сақтың өмірінде маңызды рөл атқарды.
Б.з.д. 1 мыңжылдықта Ұлы Жібек жолының жұмыс жасай бастауына байланысты сақтарға жібек, иран кілемдері келіп, өздері лазурит пен нефритті саудалай бастады. Сонымен қатар ішкі сауда да дами бастады.
Қоғамдық құрылысы. Сақ тайпасын- тайпа көсемі басқарды ол әрі әскердің қолбасшысы болды. Тайпа одақтарының көсемдері: жайылым, көш, жер бөлу, жер дауы, ру мен тайпа арасындағы дау жанжалдарды қадағалады. Сонымен қатар сақ қоғамында адамдардың үш әлеуметтік тобы болды. Олар: жауынгерлер, абыздар және қауым адамдары болды. Әр қоғамдық топтың өзіне тән киімі болды. Жауынгерлер - қызыл, абыздар - ақ ал қауым адамдары - сары және көк болды.
Мәдениеті. Сақтарда ата-баб аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген туыстарының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүниелік өмір бар деген сенімге негізделді. Осыған байланысты өлген адам бұл дүниедегі дәрежесі, материалдық игіліктерімен қоса жерленген.
Сонымен қатар, олар отқа, жылқыға, күнге және басқа да аспан шырақтарына табынған. Кейбір деректер бойынша сақтардың сыйынатын негізгі құдайы - Күн.
Сақ тайпаларының көркем өнерінде қолданбалы өнер ерекше орын алады. Сақтардың әйгілі даналық өрнектері- аңдық стиль өрнек үлгілерімен жасалған заттар Алтайдағы Пазырық, Шілікті, Берел, Алматы түбіндегі Есік қорғандарынан табылды. Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
Көне заманғы - б.з.б. ҮІІІ - ҮІІ ғғ.
Гүлдену, өрлеу кезеңі - б.з.б. ҮІ - ІҮ ғғ.
Құлдырау кезеңі - б.з.б. ІІІ - ІІ ғғ.

Қолданбалы өнерде әртүрлі ою - өрнектер қолданылған: геометриялық, өсімдік тектес, зооморфтық, символдық.
Жартастардағы суреттер - петроглифтер сақтар мәдениетінің бір көрінісі болып табылады.

Археологиялық ескерткіштері:
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда - Бесшатыр қорымы, „Есік" обасы, Қарғалы-1, Алтынемел-2, Қадырбай - 2.

Шығыс Қазақстанда сақтардың материалдық мәдениеті үш кезеңнен тұрады:

Майәмір кезеңі - б.з.б. ҮІІ - ҮІ ғғ.
Берел кезеңі - б.з.б. Ү-ІҮ ғғ.
Құлажорға кезеңі - ІІІ - І ғғ.
Негізгі ескерткіштері: Мәйәмір, Шілікті, Берел
Солтүстік Қазақстан - Бірлік-2, 5, Бірлік, Алыпқаш -1, 13, Покровка-1, Бектеңіз-3,
Орталық Қазақстанда тасмола мәдениеті дамыған. Ол үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - б.з.б. ҮІІ - ҮІ ғғ. (Тасмола - 1-5, Қарамұран -1, Нұрманбет-4 қорымдары)
Екінші кезең - б.з.б. Ү - ІІІ ғғ.
Үшінші кезең - б.з.б. ІІІ - І ғғ. (Нұрманбет-1, Қарамұрын-2 қорымдары)
Батыс Қазақстанда савромат-сармат мәдениеті негізгі рөл атқарды (Елек өзені бойында, Целинный-1, Сынтас, Бесоба, Нагорный қорымдары)

МАЗМҰНЫ

2. ҮЙСІНДЕР. САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ

Б.з.д. бұрын 1- ғасырдың аяғында Қазақстан далаларына Орта азиядан келген үйсіндер сақтарды ығыстырып, тарих сахнасына келіп, б.з.б. 3-2 ғасырларда өмір сүрген. Негізгі териториясы- Іле алқабы- батысы Шу мен Талас арқылы Қаңлылармен, шығысында ғұндармен, оңтүстігінде Ферғанамен ұштасты. Астанасы- Чигучен (Қызыл алқап қаласы) Ыстық көлдің жағасында орналасқан.
Қазіргі деректер бойынша, үйсіндер Жетісуды қосқанда неғұрлым байтақ даланы алып жатқан. Үйсіндер көптеген жылдар бойы сюнну-ғұндарға саяси жағынан тәуелділікте болған. Б.з.б. 177 жылы өз мемлектін құрайды.
Б.з.б. 53 жылы үйсін тайпасы ішінде таққа таласуға байланысты өзара алауыздықтар етек алып, екіге бөлінеді: Ұл гуньмо мен кіші гуньмо пайда болып, территориялары белгіленген. Кіші гуньмоны Өжет, ұлы гуньмоны - Янгуйби басқарған. Үйсіндердің одан кейінгі саяси тарихы екі гуньмо арасындағы өзара қайшылықтарға толы болды. Өзара қақтығыстарда ұлы гуньмо Қытайға, екіншілері кангарлар мен ғұндарға арқа сүйенген. Бірақ ғұндар империясы құлағаннан кейін, оның одақтасымен қатынастары бұзылып, б.з.б. 49 жылы Өжет шекаралық шайқастарда жеңіліске ұшырап, б.з.б. 44 жылы ғұндар Чигучен қаласын тонайды. Бұл оқиғалар үйсіндердің Қытаймен қарым-қатынастарының нығаюына әсер етіп, б.з.б. 36 жылы олар солтүстік ғұндарға қарсы жорық жасайды.
Б.з.б. 30 - жылдары ұлы және кіші гуньмо арасындағы қайшылықтар шиеленісіп, кейіннен екі иелік те өз бетіндіктерін жоғалтып, Қытаймен басқарылады. Тек б.з. ІІ ғ. Қытай тәуелділігінен босаған.
ІҮ ғ. Жетісуды монғол тілдес халық - сяньбидің қолында болып, ІҮ ғ. Соңынан ҮІ ғ. Ортасына дейін бұл территорияны жужандар билей бастайды. Жужандардың жиі шабқыншылығының нәтижесінде үйсіндер Жетісудан Тянь-Шань жаққа көшуге мәжбүр болған. Кейінірек, 425 ж. Үйсіндер Қытайға өз елшіерін жіберіп, 436 ж. Вэй империясының жауапты елшілерін қабылдаған. Осыдан бастап үйсіндер Қытайға жыл сайын сыйлықтарымен елшілерін жіберіп отыратын болады. 5 ғ. Бастап үйсін атауы тарих жазбаларында кездеспейді.
Шаруашылығы. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен (әсіресе жылқы шаруашылығымен) және Талас, Сырдария өзендерінің бойында егіншілікпен айналысты. Үйсіндер мыс, қорғасын, қалайы, алтын, темірді кеңінен қолданған.
Қоғамдық құрылысы. Үйсін қоғамы- тайпа мен ру дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар, қатардағы бұқара малшылар мен егіншілерден тұрды. Басшысы- гуньмо (күн бегі) деп аталған.
Үйсін қоғамында малға жеке меншік және қауымдық, тайпалық, рулық жайылымдарға меншік қалыптасты.
Мәдениеті. Діні- ата бабаның аруақтарына табыну. Материалды мәдениетінде үйсіндер екі түрлі тұрғын жайларда: кірпіш және тас үйлерде тұрған. Қысқы үйлер шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйылып қаланған. Керамика ыдыстар жасау кең тараған. Олар пайдалану жағынан - тамақ ішетін, тамақ пісіретін және шаруашылық ыдыстар болып бөлінеді. Тұрмыстық заттардан басқа әртүрлі зергерлік бұйымдар да жасалған. Олар алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап, асыл тасты алқалары бар сырғалар жасалған. Соңғы үйсін кезеңінде зергерлік заттарға түсті тастардан көз салу кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі дамыған.
Археологиялық ескерткіштері: Үйсін ескерткіштері қорымдар, обалар түрінде өте көптеп кездеседі. Мысалы: Қапшағай- 3, Өтеген-3, Қызыл еспе, Қызыл ауыз, Қызыл қайнар, Қарлақ, Алтын Емел, Қаратума, Алтын Емел, Талғар, Ақтас обалары мен Луговое ауылының маңынан табылған қоныстар мен 2300 м. Биіктіктегі тау шатқалынан табылған атақты " Қарғалы диадемасы" мысал бола алады.
Қытаймен және тағы басқа елдермен тығыз сауда қарым-қатынастарын жасап тұрған.

МАЗМҰНЫ

3. ҒҰНДАР. САЯСИ ТАРИХЫ. ШАРУАШЫЛЫҒЫ. МӘДЕНИЕТІ

Б.з.д. 2-1 ғасырда тарихқа "Халықтардың ұлы қоныс аударуын" әкелген ғұндар Қазақстан жеріне Орта Азиядан келді. Тарихи әдебиеттерде олар "хунну, сюнну" деген атпен белгілі. Ғұндар Атилланың басшылығымен Европаны ойрандап, атақты Рим империясын құлатып халықтардың ұлы қоныс аударуына негіз болды. Территориясы: Забайкальеден тибетке дейін, Хуанке өзенінен Шығыс Түркістанға дейін болды. 55 жылы құдіретті ғұн мемлекеті - оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Хань империясына ал Чжи-чжи бастаған солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батысына орналасқан Қырғыз нұр көлінің маңына орналасты. Ол қаңлылармен бірігіп үйсіндермен, қытаймен ұзақ соғысып, жеңе алмай өзара жанжалдасып тынды. Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б.з. 93 жылынан басталды. Олар Сырдария, Арал жағасын, Оңтүстік және Батыс Қазақстанды одан әрі Дунайға дейінгі жерлерді алды.
Ғұндардың алғашқы билеушілерінің бірі - Мөде. Ол б.з.б 202-203 жылдары Саян, алтай және Жоғарғы Енисей тайпаларын бағындырған. Осылайша, ғұн державасының солтүстік шекарасын анықтаған. Б.з.б. 200-188 жж. ғұндар Хань династиясы әскерлерімен соғысып, Баден қаласының маңында оларды жеңіліске ұшыратады. Олардың арасында некеге негізделген бейбіт келісімге қол қойылады.
Б.з.б.174-161 жж. Мөде және оның мұрагері Лаошань юечжи тайпасын жеңіп, Шығыс Түркістандағы ғұндардың батыс шекарасын анықтайды. Б.з.б. 133-71 жж. ғұн тайпалары қытай, үйсін, дунху және енисей динлиндерінің бірлескен күштерінен жеңіліске ұшырайды. Осылайша ғұндардың Орталық Азиядағы саяси үстемдігі дағдарысқа ұшыраған.
Б.з.б. 56-47 жж. ғұндар солтүстік және оңтүстік ғұндар болып екіге бөлінеді. Хуханье- шаньюй бастаған оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын мойындаса, Чжи Чжи - шаньюй бастаған солтүстік ғұндар қаңлылар территориясына көшіп кетеді. Б.з.б 42 ж. Біріккен қаңлы және ғұн әскерлері үйсіндердің астанасын талқандаған. Ал б.з.б. 37-36 жж. қаңлы-ғұн одағы ыдырап, Талас жазығында Чжи Чжи ордасы пайда болады.
Б.зб. 36 жылы ғұн ордасы қытайлармен талқандалып, Чжи Чжи өлтіріледі.
Б.з. 93 ж. Солтүстік ғұндардың Жетісу мен Шығыс Қазақстан территориясына қоныстануының екінші толқыны басталады. Бұның нәтижесінде ғұндар Жоңғария мен шығыс ТяньШаньдағы гегоманияға жету мақсатында жеңіліске ұшырайды.
Б.з. 437 ж. Аттила басқаруымен ғұн әскерлері Бургун корольдығын жеңілісіке ұшыратады. Б.з. 448-451 жж. Аттиланың Шығыс және Батыс Рим империясына қарсы соғыстары жүріп, ал б.з. 452 ж. Солтүстік Италияға жорық жасайды.
Б.з. 453 ж. Ғұн империясы өзара ішкі қақатығысытар мен сыртқы соғыстардың нәтижесінде ыдырайды.
Шаруашылығы. Ғұндар негізінен көшпелі мал шаруашылығы, сонымен қатар отырықшылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Ежелгі палеолит кезеңіндегі Қазақстан
Құрбанғали Халидтың «Тауарих хамса» еңбегі қазақ тарихының дерегі ретінде
Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері
Рим империясы тұсында Христиан дінінің кеңінен таралуы
Пәндер