Қытай философиясы б.д.д. 6-3 ғ.ғ



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қытай философиясы б.д.д. 6-3 ғ.ғ.
Ежелгі Қытай философиясы
Қытай философиясы б.д.д. 6-3 ғ.ғ. мифология кейпінде пайда болды. Мифтердің өзінде кейін философиялық ұғымдарға айналған түсініктер қалыптаса бастады. Атап айтар болсақ, Дао туралы, яғни космостық заңдылықтар турасында немесе барлық әлемнің жүріп өту жолы жөніндегі көзқарастар, барлық тіршіліктің бастауы болған бес стихия (от, жер, су, металл, ағаш) және бір-біріне қарама-қарсы екі күш - Инь мен Ян туралы философиялық пікірлер дүниеге келді.
Қытай философиясының пайда болуымен дамуына қытайдағы көне классикалық кітаптар айтарлықтай әсер етті:
1. Өзгерістер кітабы (И цзин-балгерлік кітап);
2. Өлеңдер кітабы (Ши цзин-көне поэзиялар);
3. Тарих кітабы (Шу цзин-тарихи оқиғалардың, құнды құжаттардың жазбасы);
4. Рәсімдер кітабы (Ли цзи-саяси және діни мереке, рәсімдер кітабы);
5. Әндер кітабы (Юэ цзин-бұл кітапе сақталмаған);
6. Көктем және күз (Чунь цу-этикалық және әдеби сұрақтарды шешудің үлгілері, Лу патшалығының хроникасы).
Ежелгі Қытайдағы ұлттық философиялық ілімдер қатарына-даосизм, Конфуцийшілдік және легизм ілімдерін жатқызуға болады.
Конфуцийшілдік-бұл философиялық ілімнің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы - осы ағымның негізгі салушы Кун - фу - цзыға тікелей байланысты. Кун - фу - цзы (б.д.д. 551 - 479 ж.ж.) кедейленген ақсүйектер әскербасының отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айрылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құмарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Негізгі философиялық еңбегі Лунь юй (әнгімелер мен пікірлер) деп аталады.
Конфуций дүниетанымы философиялық - этикалық мәселелерге негізделген. Орталық мәселесі Конфуций тұжырымдаған Қайырымды еркек. Қайырымды адам болу үшін байлық емес, тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез-құлық.
Қайырымды адамның негізгі сипаттары деп мына қағидалады көрсетеді:
Жэнь (адамгершілік)-адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау: Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама.
Сяо (баланың құметі)-үлкен және кішінің арасындағы қарым-қатынас: ата-анаға және үлкенге құрмет.
Конфуцийдің ойынша, халықты қорқытып, зорлықпен бағындыруға болмайды. Мемлекетті басқару ісін жақсы меңгеріп, қарапайым адамдардың қиын мәселелерін түсіне білетін басқарушыны халық өздері-ақ құрметтеп, бағынатын болады дейді. Халықта басқарушыға қоғамды қалай басқару керектігі жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп отыру керек.
Конфуций басқару ісіне байланысты Ли қағидасын қолданады. Ли (этикет)- сүйіспеншілік және рәсімдік әрекет. Сол уақытта Ли сөзі ата-бабалардың әруағына құмет дегенді білдіретін. ата-бабалар әруағы өте маңызды болды: әркім өздерінің ата-бабаларының әруағына құрбандық шалып, құрмет көрсету крек болатын. Ал, Конфуций осы рәсімді өзгертуге емес, қолдануға тырысты. Оның ойынша, әркім өзінің ата-бабаларын қалай құрметтесе, адамдарды да солай құрметтеу керек.
Конфуций өмірден өткеннен кейін оның ілімін әркім өзінше түсінді. Көрнекті шәкірттері Мэнь-цзы мен Сюнь-цзы.
Даосизм-әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (б.д.д. 6-5ғ.ғ.). Негізгі еңбегі Дао дэ цзин. Даосизмнің негізгі ұғымдары Дао және Дэ.
Дао-өзінің даму сатысында адамның табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өту керек деп саналатын жол.
Екінші мағынасы бойынша дао- бүкіл әлемнің жаратылуына себепкер алғашқы бастама, энергетикалық бос кеңістік.
Дэ-бәрінен жоғары, алғашқы бастама- Даоның бүкіл әлемге айналуына себепкер болған энергия.
Дао-аспанның, аспан-жердің, жер-адамның бастамасы. Адам жер заңдылығымен, жер аспан заңдылығымен, аспан даоның, ал дао -өз заңдылығымен жүреді. Дао ілімі бойынша болмыстың бастамасы Ци деп есептелген. Ци космологиялық мәні бойынша әлемнің субстанциясы, ол Хаосты құраушы. Ци ұғымынан келіп, екі қарама-қарсы күш пайда болады. Олар Инь мен Ян. Осы екі күштің бірігуінен кейін, бес элемент құрастырылады; от, жер, металл, су, ағаш. Барлық тіршілік, әлем осы элементтерден пайда болған.
Әлемде аспан мен жер бастамалары заттардың өмір сүру заңы арқасында үйлесімді бірлікте болады. Даолық ілімге сүйенсек, дүниедегі барлық заттарды Инь мен Ян қағидасына байланысты екіге бөлуге болады. Инь-әйелдік бастама, оған жер, су және қыс мезгілі жатады. Ян-еркектік бастама, оның атрибуты аспан, от және жаз мезгілі. Бір-біріне қарама-қарсы әрі бірін-бірі толықтырып отыратын осы элементтердің өзара әрекетін, байланысын есепке ала отырып, даолықтар өздерінің өмірін болып жатқан құбылыстармен, табиғатпен үйлесімділікте ұстауға шақырады.
Инь мен Ян-бірін-бірі толықтырып отыратын даолық қағида. Инь-әйелдік бастама Ян-еркектік бастама.Инь мен Ян
Дао ілімі бойынша өмір сүргіңіз келсе, У-вей қағидасын ұстаныңыз. У-вей-заттар мен болып жатқан құбылыстарды өз мәнінде қабылдау, салқынқандылық таныту. Білім-барлық адамға беріле беретін құбылыс емес, ол тек ерекше данышпан адамдарға ған тән. Білім-үндемеу. Үндемеген адам-білімді, сөйлеген адам-білімсіз адам.
Легизм (Фа цзя-заңгерлер мектебі) негізін салған Шан Ян (б.д.д. 390-338ж.ж.), өкілі Хань Фэй (б.д.д. 288-233ж.ж.). Негізгі еңбегі Книга господина из Шан. Легистердің мектебі қоғамды басқару мәселесіне байланысты қалыптасты. Қоғамды басқаруда заңдар ойлап тауып,мемлекетті заңға сүйеніп басқару керек дейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:
1. Мақтаудан гөрі жазалау көп болу керек;
2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру керек;
3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмысқа бармайтын болады;
4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек.
Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды. Керек болса, мемлекет үшін өлімге де барады.
Көне Қытай философиясы
Қытай - көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. III - II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. Шан-ди деген титулға ие болған ван өзін Мен-адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын деп жариялады. Шан -- жер кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай -- жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таралды.
Өте көне дәуірде, аспан мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар
Қытай тарихы туралы
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Ежелгі дүние философиясы
Ежелгі үнді философиясы туралы
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Ежелгі Қытай мәдениеті,ғылымы
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері
Конфуций мектебі
Көне қытай философиясы жайлы
Пәндер