Ежелгі Римнің мемлекеті жəне құқығы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Ежелгі Римнің мемлекеті жəне құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...5
2. Рим құқығының негізгі қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе
Рим мемлекеті алты төбедегі қоныстардың бейбіт қосылуына (Синойкизм) пайда болған азаматтық қауым бастапқыда Римдегі саяси билік патшаның қолында болды. Патша әскери және діни билікті қолына шоғырландырғандықтан ақсақалдардың билікке ұмтылуын қанағаттандыру үшін ақсақалдар кеңесін құруға мәжбүр болды.
Рим патшаларының бірі - сергии туллии коғамдағы мүліктік жіктелістің күшейгендігін байқағандықтан мүліктік цензді енгізіп, Рим халқын алты класқа бөлді бұл қоғамдағы саяси күштердің ара салмағының өзгеруіне әсер етті. Римнің жетінші патшасы өр көкірек Тарквиниидің жеке басының кемшіліктері ақсақалдар мен патша арасындағы қарама-қайшылықты күшейтіп, патша билігінің құлауына алып келді. Бастапқыда Римде халық жиналыстары трибуттық - рулық жиналыстар болса, кейіннен Сервии Тулии реформасының нәтижесінде центуриаттық-жүздік жиналыстар болды. Центуриаттық жиналыстарда жоғарғы мемлекеттік қызметтерге сайланатын және маңызды саяси - құқықтық мәселелер қаралды. Жиналыстардың шешімдері заң күшіне ие болды. Бірақ халық жиналыстарына ұсынылатын мәселелер алдын ала сенатта, сосынақсақалдар кеңесінде қаралатын.
Патша билігін құлатуға қатысқан ақсүйектердің екі ірі тобының билік үшін күресін болдырмау ушін жыл сайын биліктегілерді сайлау жүйесі енгізіліп, Республикалық билеу формасы, яғни басқарудың барлық сатысына адамдар сайланып қойылатын болды.
Республикалық биліктің қалыптасуына және нығайуына ақсүйектер мен құқығы жағынан шектелген әлеуметтік топ - плебейлердің арасындағы курес те әсер етті. Осы күрестің нәтижесінде XІІ Таблица заңдары қабылданды. XІІ таблица заңдарында плебейлер құқы шектелген топ ретінде көрінсе бірте-бірте елдегі қиын жағдайларды пайдалана отырып плебейлер өздеріне саяси жэне экономикалық құқықтар алды. Плебейлер біртіндеп өздерінің өкілдерін мемлекеттік қызметкер дәрежесәне көтерді. Оларды халық трибундары деп атады. Бастапқыда екі халық трибуны болса,кейіннен олардың саны онға дейін жетті. Плебейлер өздерінің жиналысын плебисит шақыру құқына қол жеткізді және кейіннен бұл жиналыстың шешімі заң күшіне ие болды. Әлеуметтік топтардың арасындағы шиеленістің дұрыс шешілуі мемлекетік баскару жүйесінің тиімділігін арыттырғандықтан жэне де азаматтардың соғысқа деген ынтасын басып алынған территориядан жер беру арқылы қызықтыра білген. Рим басшылары біртіндер көрші территоряларды басып ала бастады.
Римнің мемлекеттік құрылысының басқаруға тиімділігі оның алып державаға айналуына әсер еткен фатордың бірі.
Сондықтан да Римнің мемлекеттік құрылысына тоқталып өтейік.
Рим республикасының ең жоғарғы билік органдары халық жиналыстары мен сенат болды.
Халық жиналыстарының үш түрі болды:
1. Куриаттық халық жиналыстары - Римдегі ең көне халық жиналысы және ол негізінен рулар бойынша жиналыс болды.
Римде 30 курия болды.
2. Трибуттық жиналыстар-территориялық жиналыс,яғни трип бойынша жиналатын жиналыс болды. Бұл жиналыста консулдар мен преторлардан басқа магистраттарға сайлау өткізілді.
3. Центуриаттық жиналыс- әскери-саяси бөлімдер бойынша,яғни халық жасағының тұрақты бөлімдері бойынша шақырылатын жиналыс болды және саяси жағынан ең маңызды орган болды. Центуриаттық жиналысты консул шақыра алатын болды және бұл жиналыста мемлекеттегі ең жоғарғы қызмет адамдары-консулдар мен преторлар сайланды.
Центурияттық және трибуттық жиналыстардың шешімдері заң күшіне ие болды.[1]
Ақсақалдар кеңесі - Рим республикасындағы ең маңызды басқару органдарының бірі.Бастапқыда ру ақсақалдарының жиналысы ретінде пайда болды және құрамында 300 рудың өкілі болды. Кеіннен,б.э.д. 1 ғ.
1.Ежелгі Римнің мемлекеті жəне құқығы
Рим мемлекетінің тарихи кезеңдері:
1 кезең -- алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау жəне құлиеленушілік мемлекеттің құрылу кезеңі (б.э.д. 753 ж. Рим қаласының негізін қалаудан б.э.д. 509 ж. соңғы патша тəкаппар Тарквинийдің қудалауға дейінгі кезең);
2 кезең -- республика кезеңі (б.э.д. 509 -- 27 ж.ж.);
3 кезең -- монархия кезеңі (б.э.д. 27 ж. -- б.э. 476 ж.), бұл кезең өз ішінде екі кезеңге бөлінген:
а) принципиат -- б.э.д. 27 ж. -- б.э.284 ж.;
б) доминат -- б.э. 284 -- 476 ж.ж.
Рим құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең -- цивильдік (квириттік) немесе азаматтық құқықтың қалыптасуы жəне даму дəуірі. Ол кездегі рим құқығының азаматтық деп аталатын себебі -- бұл құқық тек римдік азаматтарға ғана таралатын.
2 кезең -- рим құқығының гүлдену кезеңі. Бұл кезде цивильдік құқықпен қатар преторлық құқық пайда болады, оның ішінен жалпы халықтық немесе халықтар құқығы бөлініп шықты, бұл құқық римдік азаматтар мен шетелдік азаматтар арасындағы, сонымен қатар Рим мемлекетінің аумағында өмір сүруші шетелдіктердің өз расындағы қатынастарды реттеген.
а) Рим мемлекетінің құрылуы
Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптасқан. Римнің негізін қалаған сəттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған.
Рулық ұғымының негізі əлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды əкелік ру табылған. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тəн сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған.
Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру əскери жəне діни бірлік болып табылатын курияны құраған. Курияның басында курион тұрған. Он курия трибуды тайпаны құраған. Рим халқы үш тайпадан құралған.
Халық патрицийлерге, клиенттерге жəне плебпийлерге бөлінген.
Патрицийлар -- бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке жəне мұрагерлік тəуелділікте болған, плебейлердің жеке бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.
Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша Рекс тұрған. Ол əскер басы, жоғарғы абыз болған жəне ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат қоғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мəселелерді талқылаған, мұндай мəселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. [2]
Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да əсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері -- əскери қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган -- бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер жəне фициалдар алқалары табылған
(авгурлар тұлғалардың əрекеттері туралы өз қорытындыларын əртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понтификтер əдет-ғұрыптарды сақтаушы жəне түсіндіруші болған, фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған). Римдік рулық қауымның мемлекетке айналуын үрдісінің аяқталуына Сервий Тулийдің реформалары əсер етті, олардың
мəні мынада болды:
А) барлық еркек адамдар жердің мөлшерімен анықталатын мүліктік жағдайына қарай бес топқа бөлінген, бұл бөлініс плебейлер үшін де, патрицийлер үшін де ортақ болған;
Ə) Римде жоғарғы органның жаңа түрі пайда болды -- центуриаттық комициялар;
Б) плебейлер центуриаттық комициялардың құрамына енгізілді, яғни, рим халқының бөлігіне айналды жəне қоғамдық жердің бөлінісіне иеленетін болды;
В) Рим қаласы төрт аумақтық округтерге -- трибаларға, ал қала шеті -- он жеті селолық трибаға бөлінді. Трибуттық комициялар плебейлер үшін міндетті жалпы сипаттағы қаулыларды шығару құқығына иеленді.
ə) Республика кезеңіндегі Рим Римдегі республика кезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27 ж.ж.). Римнің даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: респуб-
ликаның қалыптасу жəне нығаю кезеңі (б.э.д. VI-IV ғ.) жəне римдік құл иеленушілік мемлекеттің гүлдену жəне құлдырау кезеңі, оның орнына монархиялық басқару нысанының келуі (б.э.д. III-I ғ.ғ.).
Қоғамдық құрылым. Өзінің таптық табиғаты бойынша римдік қоғам мен мемлекет құлиеленушілік болған, алайда құлдарды қанау монархия кезеңіндегі сияқты дəрежеге жеткен жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта болған. Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен
плейбейлер қала берген, олардың арасында өзара күрес өрши түскен. Плейбейлер патрицийлер мен саяси жəне азаматтық құқықтары бойынша тең болуға ұмтылған, осы жағдай Рим республикасының құлауының негізгі себебі болған.[3]
Мемлекеттік құрылым. Рим республикасында орталық органдар -- халық жиналыстары болған, олар центуриаттық, трибуттық жəне куриаттық комициялар түрінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сенат пен магистратуралардың да мемлекетті басқарудағы орны ерекше болған.
Центуриаттық комициялар халық жиналыстарының негізгі түрі болып табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы магистрат -- консулдардың, преторлар мен цензорлардың сайлауын жүзеге асырды, сот билігіне ие болды. Трибуттық комициялар екі нысанды қызмет етті: патрицийлер мен плебейлер үшін жалпы жиналыс (олардың қаулылары "популисцит" деп аталды) жəне арнайы плебейлік жиналыстар (олардың
қаулылары "плебисцит" деп аталды).
Куриаттық комициялар тек рулық құрылымының қолдағы ретінде ғана сақталады жəне уақыт өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған 30 ликторлың жиналысымен ауыстырылды. Сенат формальды түрде магистраттардың жанындағы кеңесуші орган ретінде саналған, алайда өте үлкен маңызға ие болған. Сенат халық жиналысы қабылданған заңдары бекітетін жəне қаржыларды басқарған. Сенаттың шешімдері "сенатус -- консульт" деп аталған.
Магистратуралардың жүйесіне Рим мемлекетінің өкілі болуға жəне оның атынан сот өндірісі мен басқару саласында мемлекеттік əрекеттерді жүзеге асыруға өкілетті лауазымды тұлғалар кіретін. Магистратуралардың қызметі мен оны ұйымдастырудың келесі қағидалары болған:
-- сайланбалылық (магистраттарды сайлау халық жиналыстарында жүзеге асатын);
-- алқалық (бір лауазымға бірнеше магистрат сайланатын,олардың əрқайсысы толық билікті иелене отырып, өздеріне қарасты мəселелерді шешкен);
-- жауаптылық (диктатор, цензор мен плебейлік трибундардан басқа магистраттар өз лауазымының мерзімі біткенде халық жиналысының сатына тартыла алатын);
-- мерзімділік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим құқығының жалпы сипаты
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Ежелгі Римнің мемлекеті және құқығы
Рим мемлекетінің пайда болуы
Рим мемлекетінің құрылуы жайлы
Рим мемлекеті
Көне Рим
Ежелгi Римдегi саяси жəне құқықтық ойлардың тарихы
Рим құқығының қайнар көздері
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Пәндер