Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар жайлы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ежелгі Үндістандағы саяси-құқықтық ойлар
1. Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім қалыптасуы.
2. Ману заңдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дүниежүзілік саяси және құқықтық ілімдер тарихы - адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі саяси-құқықтық ілімі мен тәжірибесі жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргізу, құқық, бостандық мәселелерінің негізгі қағидалары және ілімдері анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси-құқықтық тәжірибесі, идеялары, ойлары қазіргі замандағы саяси және құқықтық ілімнің дамуы мен оның бағытына едәуір ықпал етеді, біздің қазіргі іс-әрекетімізге бағыт береді.
Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және болашақ жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін адамдар әр уақытта, әр дәуірде өзіне дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты және адамзаттың ұзақ ғасырлық тәжірибесін пайдалану тарихи қажеттілік болып табылады. Қазіргі кезде елімізде алуан түрлі саяси бағыт-бағдар ұсынған партиялар мен қозғалыстар дүниеге келді. Олар дүниеге келіп ғана қойған жоқ, белгілі-бір мақсат ұстанған нақты күш ретінде саяси аренаға шықты. Олардың саяси қызметі мемлекет ісіне, құқыққа, саясатқа белгілі бір дәрежеде ықпал да жасауда.
Қоғамдық бірлестіктердің пайда болуы, дамуы және саяси платформасы әлемдік тарихтың және Қазақстанның бұған дейінгі әр кезеңінде болған партиялар мен қозғалыстар тарихына сипаттас, мазмұндас және үндес болып келеді. Сондықтан да олардың Отан тарихында алатын орны мен құқықтың көзқарастары жиынтығын қарастыру мен шешуде әлемдік саяси-құқықтық ілім тарихының саяси тәжірибесі мен ғылыми тұжырымдарын ескерудің пайдасы зор болмақ.
Саясат пен құқықта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екендігі белгілі. Ал мұндай баламалы ойлау жүйесінің бұған дейінгі тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары саяси және құқықтық ілімдер тарихы ғылымында сараланады. Ендеше адамзаттың саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуіне де байланысты.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әртүрлі көзқарастар мен ойлардың күресі ғана емес, сондай-ақ адамзаттың таңдаулы өкілдерінің мемлекет пен құқықтың даму тарихын, бостандық пен әділдіктің, заң мен заңдылықтың, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың, адамдардың құқы мен бостандығын, билік пен жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы мен олардың формалары мен принциптері туралы терең де зерделі ойлар айтқанын көрсетеді.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні заң ғылымы жүйесінде жеке пән болып есептелінеді. Бұл пәннің зерттеу нысаны мемлекет, құқық, саясат және заң шығару туралы ілімнің пайда болуы мен дамуы. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні заң, тарих, философия, саясаттану ғылымдарын да қамтиды. Құқықтық ғылым ретінде бұл пән сонымен бірге мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, конституциялық құқық, халықаралық құқық, жалпы құқық және т. б. салалық заң ғылымдарымен де тығыз байланысты.
1.Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім қалыптасуы.
Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Бұның өзі ежелгі үндіс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтік-саяси өмірінде үстем болған брахмандарға тікелей байланысты болып келеді.
Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.з.д. екі мыңыншы жылдықтағы " Веда" ескерткіштерінде кездеседі. " Beдa" - "білім, кіріспе" (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінетіндігі және олардың брахмандар -Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер - құдайдың қолынан, вайшийлер - құдайдың санынан, шудралар - құдайдың табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96- бабында " Тірі нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі - жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.
Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелері құдай көрсетіп берген " дхармаға" -заңдарға, міндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиіс. Дхармадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғары дәрежеде және үстемдік жағдайда көрсетіледі. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне және өзгеге арнап садақа үлестіру, садақа алу ісін құдай брахманға міндеттеген.
Брахманизм идеялары брахман мектебінің әртүрлі өкілдері жасаған " дхармасутра" және " дхармашастра" сияқты әртүрлі құқықтық жинақтарда кездеседі. Брахманизм ежелгі үнді ойының ескерткіші " Упанишадта" (б.э.д. IX-VI ғ.ғ.) одан әрі дамытылады және нақтылана түседі.
2. Ману заңдары
" Ману заңдарында" адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылады. Тіпті патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестері мен талаптарын орындауға, олардан " Веда" ілімін оқып үйренуге тиісті. Бұл заң бойынша патшаның басты міндеті варна жүйесін қорғау және оған қарсы келгендерді жазалау болып табылады.
" Ману заңдары" бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек. " Ману заңдарының" 3-бабында " ақылсыздықпен өз елін азапқа салған патша уақыт күттірместен өзінің ағайын-туыстарымен бірге елден кетуі тиіс және ол өмірден айрылады" деп айтылады. " Ману заңдарында" жазаға көп көңіл бөлінген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелігінің ұлы ретінде жаза (данда) оның жердегі бейнесі " таяқ" деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаза өзінің бұл ұғымында " басқару өнері" (данданиттер) деген мағына береді.
" Ману заңдарының" 7-тарауы бүтіндей жазаға арналған. Онда жазаның қуаттылығы мен күштілігі және қоғамға пайдасы туралы көп айтылады. "Жаза бүкіл адамды билейді. Жаза адамдарды қорғайды, ол өзгелер ұйықтап жатқанда сергектік танытады, данышпандар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz