Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 252 бет
Таңдаулыға:   
http:litterref.rurnaujgyfsujgmer yfs.html
1.Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы.
Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.
Мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру үшін мейірбике білуі қажет:
:: әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларын, алдын алуды;
:: шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын;
:: ішкі мүшелер аурулары кезіндегі науқастардың мәселелерін, мейірбикелік үрдістің мәнін.
Мейірбике істей білуі қажет:
:: мейірбикелік үрдіс бойынша науқастардың мейірбикелік күтімін ұйымдастыруды;
:: емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде жауапкершілікті аткаруды;
:: алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді, паллиативті көмек көрсетуді;
:: күтім мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын үйрету;
:: кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен қарым-қатынаста болу.
Осы оқу құралында нақты жағдайлардағы мейірбикелік үрдістің үлгілері, мейірбикенің кейбір іс-әрекеттері ұғынылады. Оларды меңгеру -терапевтік науқастармен жұмыс істеу кезінде жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол бермейтін мейірбикенің кәсіпкерлілігінің кепілі.
Емдеу мекемелері және олардың қызметінін түрлері
Адам денсаулығы - бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың косындысы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау кұқығы Конституциямен бекітілген және Қазақстан Республикасының 19.05.1997 жылғы (17.12.1998 жылғы өзгерістермен, толықтырулармен) "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы " заңында жүзеге асырылған, Амбулаторлық көмек:
1) амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе ауылдық жердің тұрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог);
2) ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (онын кұрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);
3) здравпункт - МСБ немесе емхананың кұрамдас бөлігі (кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта оқу орындарында), мұнда алғашқы медициналық көмектен басқа аурушылықтың алдын-алу және төмендету үшін жоспарлы санитарлы-гигиеналык әрі емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі;
4) емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері қабылдайды; лабораторлық, диагностикалық және емдеу бөлмелері бар; науқастарды анықтау, квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу, профилактикалық қарау, диспансеризация - аурулардың белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау - бойынша жұмыс жүргізеді;
5) диспансерлер - диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір аурумен сырқаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялык, психоневрологиялық және т.б.); емдеу және алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихатты жұмыс жүргізеді;
6) жоғары квалифицирленген медициналық көмек керсететін мамандандырылған кенестік-диагностикалық орталық (көбінесе ірі көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.);
7) әйелдер консультациясы - гинекологиялык ауруларды емдеу және алдын-алу, жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі; акушерка дәрігерге кабылдау ксзіндс кемектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды нәрестелерді күтуге және жеке бас тазалығына үйретеді;
8) жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, тұрғындарға шұғыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек көрсететін және науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін; жедел жәрдем көлігіндегі казіргі кездегі құралдар стационарға дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.
Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.
Стационардың турлері:
1) аурухана - медицина ғылымы мен техникасының соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары квалифицирленген көмек көрсетеді; кеп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары квалифицирленген медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
2) госпиталь - әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;
3) клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зертгеу жұмыстары және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді окыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;
4) шипажай - науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме; негізінде оны минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге (курортта) салады.
Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері астына және т.б. жиі егулер, кан мен кан алмастырушыларды құю, физиотерапия және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.
Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және г.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.
Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен белімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас бөліктері болып табылады.
Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.
Аурухананың әрбір белімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.

Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3 реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап кымтауы қажет. Палаталарда тек өте кажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн төсектер, төсек жанындағы тумбалар, орындықтар (төсек санына байланысты) және мүмкіндігінше ортақ үстел. Есіктің жанына халаттарға арналған ілгіш және қалдықтарға арналған бөшке қойылады. Палатаның ішкі қабырғасына ауа жылуын көрсететін термометр орнатылады. Әрбір төсектің жанында мейірбикені немесе кіші медициналық қызметкерлерді шақыру үшін тетік және радиокабылдағыш құлақшалары болады. Жиһаз палатаны жуып, тазалауға ыңғайлы болатындай етіп қойылады.Төсектер терезелері бар сыртқы қабырға бойымен көлденең қойылады. Науқастарды қарау, оларды аудару, іс-шараларды орындау женіл болуы ушін төсектер арасы 1 метрдей болуы қажет. Сондай-ақ, үш қозғалмалы бөліктен тұратын функционалдық тесектер болады. Төсектің жанындағы үстелде науқастың жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелдер болады.
Елімізде тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау және өз үйлерінде емдеуге арналған көптеген емдік - сауықтыру мекемелер жүйесі құрылды. Емдеу мекемелері негізгі екі түрге бөлінеді: амбулаториялық және стационарлық типтегі мекемелер.
Мекемелердің амбулаториялық түріне жататыны:
Емхана
Амбулатория
Мед сан бөлім
Емдік пункттер
ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт)
Диспансер
Әйелдер консультациясы
Жедел жәрдем станциясы
Стационарлық типтік емдеу мекемелеріне жататыны:
Аурухана
Клиника
Госпиталь
Санатория мен курорттар
Мед сан бөлім
Хоспис
Амбулатория деп халыққа медициналық көмекті мекемеде де, науқастың үйінде де көрсететін медициналық мекемені айтамыз. Емханадан амбулаторияның айырмашылығы ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің көлемі аз. Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады. Амбулаториялық дәрігерлер ФАПтың жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді, тексереді, алдын алу жұмыстарын жүргізеді, науқастарға үйінде де ем жүргізіледі. Амбулаториядағы фельдшер мен акушерка медбике дәрігерге қабылдау кезінде көмек көрсетеді.
Емхана деп өздігінен жұмыс жасайтын немесе аурухана қарамағында жұмыс істейтін емдеу және алдын алу мекемесін айтамыз. Емханада лабораториялық және диагностикалық кабинеттер бар. Емханада барлық мамандық бойынша дәрігерлік қабылдаулар жүргізіледі. Емханада лабораториялық, рентгенологиялық және функциональды тексеру тәсілдері орындалады. Егу бөлмелерінде емдік процедуралар жасалады. Емханаларда диспансерлік тізімге науқастарды алып, оларға сауықтыру шаралары өткізіледі. Емханада амбулаториялық карталармен жұмыс жүргізіледі. Олар тіркеу бөлімінде сақталады.
Диспансерлер бұл мекемелерде бірдей аурулармен (туберкулез, онкологиялық, тері-венерологиялық диспансерлер т.б.) ауыратын адамдар емделеді. Емдеу мен алдын алу жұмыстарынан басқа диспансерде патронаж жұмыстары да жүргізіледі.
Әйелдер консультациясы бұл гинекологиялық аурулар мен жүкті әйелдерді қадағалау мен емдеу жүргізетін емдеу және алдын алу мекемесі. Бұл мекемеде акушерка дәрігерге көмекші ретінде қызмет етеді. Жүкті әйелдерді патронаж жасап қадағалайды. Олармен ағарту жұмысын жүргізеді. Жаңа туылған нәрестені күту ережелерін және жеке бас гигиенасын үйретеді.
Жедел жәрдем станциясы бұл халыққа жедел түрде қажетті көмек көрсететін мекеме. Стационарда фельдшер бригада жұмысын басқаруы мүмкін. Ол науқасқа үйінде жедел түрде көмек көрсетеді. Кейде науқасты ауруханаға жеткізеді. Қиын жағдайларда арнаулы медициналық көмек көрсетуге тасымалдауға көмектеседі. Жедел жәрдем станциялары жолда жедел көмек және реанимация шараларын көрсету үшін арнаулы аспаптармен, көліктермен жабдықталады.
Аурухана кез келген уақытта емдеуді және күтімді талап ететін науқастарға арналған емдеу мекемесі. Аурухана қабылдау бөлімінен емдеу бөлімшелерінен және шаруашылық бөлімінен тұрады.
Госпиталь- әскери адамдар мен мүгедектерді емдеу үшін арналған мекеме.
Клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарын және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме.
Санаторийлер мен курорттар (шипажай) климаты ыңғайлы минералды суы бар және емдік балшықтары бар жерлерге орналастырылады. Бұл жерлерде емдеу процедураларымен қатар түрлі физиопроцедуралар жүргізіледі.
Хоспис- ауыр жағдайдағы науқастарға медициналық-психологиялық паллиативты көмек көрсететін мекеме. Әсіресе онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар өмірінің соңғы күндерінде өмірін ұзартуға, өмір сапасын көтеруге көмек береді.
Ауруханадағы орта медицина қызметкерлердің көпшілігін мейірбикелер алады. Олардың негізгі бағыттары:
Емдеу диагностикалық жұмыс: дәрігерлік шолуға қатысу, дененің қызуын, қан қысымын өлшеу, ауыр науқастардың тамыр соғуын, сырқаттың жалпы күйін және ағзаның физиологиялық қызмет атқаруын, қажет болғанда дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету, дәрі тарату және оны қабылдауын қадағалау, лабораториялық зерттеуге арналған материалдарды алу, түрлі манипуляцияларды жасау мен дәрі құю.
Сырқат күтімі: киіндіріп шешіндіру, ішкі киімдерін ауыстыру, ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне алдын алу шараларын жүргізу, ауру науқастарды шомылдыру, тамақтандыру т.б.
Дайындық жұмысы: медициналық аспаптарды жуу және зарарсыздандыру, дәрі-дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау.
Құжаттармен жұмыс: дәрігерлік белгілеулер қағазын жүргізу: лабораториялық аспаптармен зерттеуге, қан алу және кеңес беруге жолдама жазу, дәрігерлік шолуға дейін ауру тарихын дайындау, ауруханадан шығу қағазын толтырып беру.
Әрбір диспансер мейірбикесі сырқат есебін жүргізеді: алдын алу шаралардың дер кезінде жүргізілуін қадағалайды, сырқаттың дәрігер қабылдауына келуін ұйымдастырады, патронажды жұмыс атқарады, үйлерінде үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Мейірбике барлық дәрігерлік тағайындауларды (оңқа, қыша қағазы, қыздыратын компресс, сүлік қою) орындайды.
Амбулаториялар мен емханалардың мейірбикелері жұмыс бөлмесін дайындайды, жұмыс үстелінің жағдайын тексереді, дәрігер қабылдауын бастамас бұрын 15 минут ерте келуі тиіс.
Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің айтуымен рецепттер жазу, сырқатқа қанды, нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда тапсыру керек екендігін және басқа зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек екенін немесе ішек қарын т.б. рентгендік зерттеуге қалай дайындау керек екендігін түсіндіреді.
Диспансерлік есепте тұрған сырқат құжаттарын тәртіпке келтіру және олардың дәрігерге уақытылы келуін қадағалау.
Мейірбике үнемі цехтарда басқа да жұмыс істейтін жерлерде еңбек шарттарын және қауіпсіздік техникасын сақталуын бақылайды, өндірісте зақымдануды болдырмау үшін алдын алу жүргізеді. Дәрігерге дейінгі жәрдем көрсетеді, медициналық құжаттарды толтырады.
2.Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық - эпидемияға қарсы тәртіп
Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіп дегеніміз ауруханаішілік инфекцияның таралмауының алдын алуға бағытталған санитарлық алдын алу және эпидемияға қарсы іс шаралар жиынтығы. Емдеу сауықтыру мекемесінің санитарлық эпидемияға қарсы тәртібі оның бағытына қарай анықталады.
ЕПҰ-дағы мейірбике қызмет міндеттерінің ең негізгі бағыты санитарлы - эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету және орындау.
ЕПҰ санитарлық эпидемияға қарсы тәртіп оның профилімен қамтамасыз етіледі. Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің негізгі талаптары ҚР ДСМ инструкцияларымен, бұйрықтарымен қамтамасыз етіледі:
* ҚР заңы Тұрғындардың санитарлық эпидемиологиялық саулығы тура лы 4. 12. 02. № 361. 11-30 к.
* Сан Норма мен Ереже № 3.01.083.02. ұйымдардың және ана мен баланың ауруханалық қорғау ұйымдастыруы және құрамына талаптар.
* Сан Норма мен Ереже № 8.01.013.03 от 31.01.03 ж. Медициналық құрал-саймандардың залалсыздандыру және зарарсыздандыру сапасына санитарлық гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптары.
* ҚР ДС бұйрығы № 661.26.10 ҚР Вирусты гепатиттердің ауруханадағы алдын алу шаралары.
* ҚР ДС Министрлігінің № 476.11.10.1999 ж бұйрығы Аурухана ішіндегі инфекцияларға инфекциялық бақылауды ұйымдастыру.
* ҚР ДС Министрлігінің № 462.17.09.97 ж бұйрығы Бөртпе сүзек және Брилл ауруы ошағында эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және орындау.
* ҚР ДС Министрлігінің № 49.19.01.04 ж бұйрығы ҚР Қышыма ауруын анықтау және емдеу шараларын жетілдіру.
* ҚР № 445.23.11.94 ж бұйрығы ЖИТС ауруын алдын алу.
* ҚР № 471. 18.05.01 ж бұйрығы Туберкулезбен күресті күшейту шараларымен жағдайлар
* ҚР № 720.31. 07.78 ж бұйрығы Іріңді хирургиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмекті жақсарту және аурухана ішіндегі инфекциямен күрес іс шараларын күшейту.
* №.528.15.10.1977ж бұйрық Сіреспе ауруымен күрес шараларын жетілдіру.
* ҚР № 148. 26. 05.1992 ж бұйрығы Зарарсыздандыру ісінің алдын дамуының іс әрекеттері.
* ҚР № 224. 3.11.05 ж бұйрығы Залалсыздандыру ісін күшейту.
* ҚР №533. 07.06.2008 ж бұйрығы Медициналық қалдықтарды жинауға зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы жалпы ережелерді әрбір медицина қызметкерлері білуі тиіс.
Санитарлық - алдын алу іс шаралардың жиынтығын ұйымдастыру мен жүзеге асыру жауапкершілігі емдеу сауықтыру ұйымының бас дәрігеріне, бас мейірбикесіне және емдеу бөлімдерінің аға мейірбикелеріне жүктеледі.
Санитарлық эпидемиологиялық тәртіп шаралар жинағына кіреді:
1. Аурухана жайларының орналасуы, қалдықтарды жинау және санитарлық ережелерін орындау Сан Норма мен Ережелер бойынша жүргізіледі.
2. Инфекция ошағында (ауруханада) зарарсыздандыруды жүргізу.
3. Медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыруды жүргізу.
4. Асептика және антисептика талаптарын орындалуын қатаң сақтау және бақылау.
Аурухана қала жанындағы аймақта орналасуы қажет. Темір жол мен автокөлік жолдарынан тыс жерде болуы керек. Аурухана территориясы көгертілген және жақсы жабдықталған болуы қажет. Қоқысты және тұрмыстық қалдықтарды шығару күнделікті жасау міндетті. Оларды арнайы бөлінген жерде жинап отырады.
Тері-мерез ауруханасы, онкологиялық, хирургиялық соның ішінде акушер гинекологиялық бөлімшелерде қалдықтарды жабық ыдыста шығарылып, арнайы бөлінген жерлерде жағылып, жойылуы керек.
Науқастар палатасында, дәрігерлер бөлмесінде, егу бөлмесінде, таңу бөлмесінде, операция жасайтын бөлмеде, әйелдердің босану бөлмесінде, мейірбике постында, нәрестелер палатасында қол жуғыш болуы керек. Онда барлық уақытта ыстық, жылы су болуы қажет. Палаталарда әр кереуеттің жанында тумбочкалар, орындықтар болу керек. Бөлме ылғалдылығы 55-60% болуы міндетті. Терезе форточкалары арқылы күнде желдету жасалып тұру керек. Күн сәулесі науқас бетіне тіке түспеу керек, науқасқа ыңғайлы болуы қажет. Палатада қысқы уақытта t 20˚С төмен болмауы керек, ал жазда t 23-24˚С аспауы қажет. Палаталардың санитарлық жағдайын мейірбике қадағалайды. Палатаны ылғалды жинау күніне 2 реттен кем өткізбеу керек. Ол кезде жуу ерітінділерін және зарарсыздандыру ерітінділерін қолданып отыру керек.
Аурухана жайларында құрт құмырсқалар пайда болған жағдайда олар жойылады. Оны дезинсекция деп атаймыз. Кеміргіштерді жоюды дератизация деп атаймыз. Сонымен ауруханадағы жайларда қажет санитарлық жағдайды сақтау медицина қызметкерлермен, науқастардың жеке басының тазалығын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

Науқастың төсеніштерін ауыстыру, сақтау
ЕПҰ-ның соматикалық бөлімшелерінде науқастардың киімі мен төсеніштері аптасына 1 рет ауыстырылады. Бөлінділермен ластанған төсеніштер мен киімдер қажеттілігіне қарай, жиі ауыстырылуы керек. Бұл шараларды жүргізу кезінде жалпы қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
* биологиялық сұйықтықтар мен ластанған киім, төсеніштерді ауыстырғанда қолғап кию қажет;
* төсеніштерді сілкілеуге болмайды (қоршаған орта ластануын болдырмау мақсатында);
* лас киімдерді клеенкалы немесе полиэтилен қаптарға салу қажет;
* бөлімшеде лас киім, төсеніштерді ажыратуға болмайды;
* лас киімдерді, төсеніштерді еденге тастауға және басқа заттардың (орындық, үстел т.б.) үстіне қоюға болмайды;
* лас киімдер бөлімшеде уақытша (12 сағатқа дейін) арнайы бөлмеде жабық ыдыстарда (металл, пластмасса немесе дезинфекцияға жарайтын басқа ыдыстарда) сақталады;
* лас киіммен жұмыс істейтін персонал санитарлы киіммен қамтамасыз етілуі керек;
* таза және лас киімдерді бір ыдыста тасымалдауға болмайды;
Бөлмелер мен құрал-жабдықтардың деконтаминациясы
Деконтаминация - зарарсыздандыру және қорғау мақсатында микроағзаларды кетіру немесе жою процесі. Ол ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуда маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Оған тазалау, дезинфекция және залалсыздау жатады.
Қоршаған орта мен құрал-жабдықтардың ластану қауіпі деңгейіне қарай деконтаминацияның әртүрлі деңгейлері ажыратылады.
Қауіптің төмен деңгейіне - қалыпты тері мен байланыста болған заттар немесе науқаспен тікелей жанаспайтын заттар (қабырғалар, еден, жиһаздар) жатады. Контаминация үшін оларды тазалау жеткілікті.
Қауіптің орташа деңгейі - теріде, ағзаның басқа стерильді аймақтарында инвазивты процедуралар үшін қолданылмайтын, бірақ шырышты қабықтар немесе басқа жерлермен жанасатын вирулентті микроағзалармен немесе қатынас жолмен жұғатын микроағзалармен зарарланған құрал-жабдықтар (гастроэнтерологиялық, гинекологиялық жабдықтар, термометрлер т.б.). Контаминация үшін оларды тазалау, соңынан дезинфекциялау қажет.
Қауіптің жоғары деңгейі - инвазивты процедураларда қолданылатын құрал-жабдықтар. Контаминация үшін оларды тазалау, дезинфекциялау, залалсыздау қажет.
АІИ алдын алу үшін ЕПҰ-да келесі іс-шаралар кешені жүргізіледі:
1. Санитарлы-гигиеналық режим сақталады.
1. Науқастарды стационарға қабылдау тәртібі (науқастарды педикулезге қарау және педикулез анықталған жағдайда тазалау, дене қызуын анықтау, мұрын мен жұтқыншақтан стафилококкты анықтау мақсатында жағынды алу) сақталады.
2. Тазалауға қажет құрал-жабдықтарды, заттарды тазалау, қолдану және дезинфекциялауды денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары және Сан Норма мен Ережелеріне сай жүргізіледі.
3. Жұмыс киімдерін сақтау тәртіптері сақталады.
4. Бөлімшеде пациенттерді санитарлы өңдеу мен киім-төсеніштерін ауыстыру аптасына бір рет және қажеттілігіне қарай ауыстырылады.
5. Лас киімдерді, төсеніштерді және науқастың жеке киімдерін сақтау тәртіптері сақталады.
6. Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау, залалсыздау алдындағы тазалау және залалсыздау ҚР ДС министрлігінің бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі.
7. Жұқпалы ауруларға күдік болған науқастарды (ішек жұқпасына, іш сүзегі, күл ауруына, вирусты гепатиттерге күдіктену) анықтау, қатынаста болған науқастарды бақылау мерзімдері сақталады.
8. Тамақтану тәртібі: тамақты тарату бөлмесі, буфеттің жабдықталуы, дайын тамақты тарату уақыты, тамақ қалдықтарын жинау және жою тәртібі, ыдыс-аяқтарды өңдеу, жинау заттарын өңдеу және сақтау тәртібі, әкелген тамақты сақтау ережелері сақталады.
9. Карантинды және аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталған жағдайда бөлімшелерде жедел көмек көрсету, аса қауіпті инфекциялар кезіндегі арнайы хабарлау схемасы көрсетілген жаднамалар дайындалған.
10. ЕПҰ-да қалдықтарды жинау, сақтау, жою ережелері сақталады.
АІИ-да дезинфекция жүргізу схемасы
1. Науқасты уақытша оқшаулау, жұқпалы аурулар бөлімшесіне немесе изоляторға (жұқпалы ауру түріне қарай) ауыстыру.
2. Қажет концентрациядағы дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.
3. Өңдеуге арналған маркерленген инвентарді дайындау.
4. Тамақ қалдықтарын, ыдыстарды зарарсыздандыру.
5. Заттарды камералы дезинфекция үшін клеенка қапқа салу.
6. Бөлме жиһаздарын дезинфекциялау үшін бөлме ортасына жинау.
7. Жылу құбырларын, плинтус, қабырға, терезе, есіктерді дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен сүрту.
8. Қалдықтарды жинап өртеу немесе зарарсыздандыру.
9. Қабырға және жиһаздарды өңдегеннен кейін дезинфекциялық ерітіндімен еден қайта өңделеді.
10. Арнайы киімді камералы дезинфекциялау үшін клеенка қапқа салу.

Асептика және антисептика
Асептика дегеніміз пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеудің алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар мен оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.
Антисептика дегеніміз жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы. Антисептиканың екі түрі бар: алдын алу және емдік антисептика.
Алдын алу антисептикасы микроорганизмдерді жараға немесе ағзаға түсірмеу мақсатында жүргізіледі (медициналық қызметкерлердің емдік шара алдында қолын антисептикалық ерітіндімен тазалауы, ине егетін орынды антисептикалық ерітіндімен сүртуі т.б.).
Емдік антисептиканың мынандай тәсілдері бар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және аралас.
Механикалық антисептика: жарадағы өлі және езілген ұлпаларды, ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу және тазалау жатады.
Физикалық антисептика: жарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, ультркүлгін сәулелермен емдеу, жараға түтік кою, турундаларды гипертониялық ерітіндіге малып қолдана отырып жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.
Химиялық антисептика: микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер (этил спирті, хлоргексидин биглюконат, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі, лизоформин, эросан т.б.) деп атайды.
Биологиялық антисептика: антибиотиктерді, сарысуларды, вакциналарды қолдану.
Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте қолдану.
Санитарлық - эпидемияға карсы тәртіптің мақсаты - ауруханалық (нозокомиялық) инфекциялардың алдын алу. Ауруханалық инфекция -стационардағы науқастарда немесе оларды күтіп және емдеп жүрген медицина қызметкерлерінде дамитын инфекциялық аурулар. Бұл асептика мен анитисептика ережелерін бұзу салдарынан, яғни әр-түрлі ауру қоздырғыштарна қарсы шаралардың ережелерін сақтамағанда дамиды. Мысалы, тұмау, вирусты В және С гепатиттері, т.б. нозокомиальды инфекциялар - бұрын соңды инфекцияланбаған адамдарға аурухана ішінде жұқтырылған инфекция, Мұндай аурухана ішілік инфекциялар өте тұрақты микроорганизмдермен шақырылады, себебі олар осы аурухана ішінде кең спектрлі антибактериялық дәрілер қолданылып жүрген ортада тіршілік етеді. Аурухана ішілік инфекциялардың ішінде ең жиі кездесетіні стафилококктар.
Санитарлық тәртіптің медицина қызметкерлеріне қоятын негізгі талаптарының бірі, ол медицина қызметкерлерінің дер кезінде және үнемі медициналық тексеруден етіп тұруы керек. Медициналық тексерілу кезінде міндетті түрде флюорографиядан етуі керек, микрореакциялық анализ тапсыруы керек, дәрігерді жалпы қарап тексеруі және асхана жұмысшылары бактериологиялық тексерілуден және т.б, өтуі керек. Медициналық тексерілуден өткендігі туралы белгі жеке санитарлық кітапшаға қойылады.
Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің кез келген медициналық мекемелерде маңызы зор. Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің ережелерін сақтау емдеуді және науқастарды күтуді ұйымдастырудың басты бір белігі. Емдік мекемелерде арнайы микроклимат жағдайын туғызу жарықтандырудың, жылу берудің, ауа тазартудың (тұракты ауа температура, ылғалдылығы) негізгі ережелерін сактаумен байланысты іске асырылады.
Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіпті ұстану стационар немесе кез-келген медициналық мекеме аймағын үнемі тазалықта сақтауды қарастырады. Бөлімшелерден жиналған керексіз заттар тығыз жабылатын қақпағы бар металлдан жасалған ыдыстармен өз уақытында шығарылады.
Керекті санитарлық тәртіпті (стационар бөлмелерін ылғалды тазалау, ондағы тазалық тәртібін сактау, науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу) сақтау орта және кіші медицина қызметкерлерінің міндетіне кіреді. Медициналық кызметкер жалпы тәртіпке сай таза халатпен, керек болса қалпақ пен маскамен жүруі керек. Арнайы киімдерді, төсектерді және т.б. орталықтандырылған жуғыштарда кір жуғыш заттармен жуылып бөлімшелерде үтіктеледі. Хирургиялық халаттар, маскалар және бахилалар жуылғаннан кейін автоклавта өңделеді.
Дезинфекция (зарарсыздандыру) - адамзатты және жануарларды коршаған ортадағы жұкпалы аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған шаралар. Дезинфекцияның мақсаты - инфекциялы аурулардың таралу жолдарын жою. Дезинфекциялық шаралардың турлері: дезинфекция, дезинсекция және дератизация. Дезинфекция аркылы қоршаған ортадағы және заттардағы патогенді микроорганизмдерді жояды. Дезинфекцияның алдын ала (дезинфекциялау) және ошақты түрлері бар. Алдын ала дезинфекциялау - патогенді қоздырғыштар бар болуы мумкін деген аймақты ғана (кұбырдағы және жүзуге арналған бассейндердегі суды хлорлау, адамдар көп жиналатын жерлерді және т.б. дезинфекциялау) зарарсыздандыру. Ошақты дезинфекция (күнделікті және қорытынды) инфекциялық ауру ошағында, яғни инфекциялы ауруы бар науқас болған жерде мысалы: пәтерде немесе инфекциялық бөлімшеде жүргізіледі. Инфекциялы ауруы бар науқастың төсегінің қасында науқас адамнан бөлінген патогенді микроорганизмдерді жою ушін күнделікті дезинфекциялау жұмысы өткізіледі. Науқастың төсек орнын, киім кешегін, науқасты күту кезінде қолданған заттарды, науқастан бөлінген заттарды, және т. б. күнделікті дезинфекциялап отырады. Мысалы, дизентерия кезінде ауру қоздырғыштары науқастың нәжісімен көп бөлініп коршаған ортадағы әр түрлі заттарға таралады, іш сүзегі кезінде қоздырғыштар нәжіс және зәрмен бөлініп жатады. Сондықтан науқастың нәжісі мен зәрі және оларды қоршаган заттар бірінші орында зарарсыздандырылуы кажет. Қорытынды заласыздандыру ошақтағы жұқпалы ауру коздырғышының көзі жойылғаннан кейін (жұкпалы аурулар бөлімшесіндегі науқас ауруханадан шыкканнан кейін немесе науқас өлгеннен кейін) сол жерде сақталып қалуы мумкін ауру қоздырғыштарын жою үшін жүргізіледі. Сонымен белімшелерде күнделікті және қорытынды зарарсыздандыру жүргізіледі. Бөлімшенің мейірбикесі зарарсыздандырудың негізгі әдістері мен тәсілдерін жақсы білуі керек және оны өзінің жұмысында үнемі қолданып кіші медицина қызметкерлерін үйретіп отыруы керек.
Зарарсыздандырудың 3 негізгі түрі бар: механикалық, физикалық және химиялық. Механикалық зарарсыздандыру түріне бөлмелерді жуып-тазалау, сыпырып, қағу кіреді. Ауа мен суды бөгде заттар мен микробтардан тазалау үшін сүзгіштен өткізу әдістері қолданылады. Механикалық зарарсыздандыру микробтардан толық арылу үшін жеткіліксіз, сондықтан оны физикалық және химиялық арарсыздандырумен ұштастыру керек. Зарарсыздандырудың физиқалық түрі - қайнату, бумен, ыстық ауамен және ультракүлгін сәулелермен өңдеу болып табылады. Төсек орынды (2 сағат бойы сабынды-содалы ерітіндіде қайнатады), ыдыс-аяқты (15 минут бойы 2% содалы ерітіндіде қайнатады), ішуге алналған суды, ойыншықтарды, тамақ қалдықтарын кайнатады. Буауалы қосынды пароформалинді зарарсыздандырғыш камерадағы негізгі әсер етуші зат болып табылады; зарарсыздандырғыш камерада науқастың заттары мен төсегі зарарсыздандырылады. Ультракүлгін сәулемен (БУВ-15 немесе БУВ-ЗО шамы) емдеу және басқа мекемелердегі ауа зарарсыздандырылады. Зарарсыздандырудың химиялық әдісінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын өлтіретін химиялық заттар қолданылады. Хлор әгі - хлор иісі бар ақ ұнтақ-түйіршікті зат, оның әсер етуші бөлшегі отгегі және хлор. Зауыттан дайындалып шығарылғанда оның құрамындағы белсенді хлор 32 немесе 36 % болады, бірнеше уақыт бойы сақталғаннан кейін ол біртіндеп азаяды. Белсенді хлор мөлшері 15 %-тен кемігенде оны зарарсыздандыру мақсатында қолдануға рұксат етілмейді. Құрғақ хлор әгімен нәжісті, зәрді, қақырықты зарарсыздандырады. Мысалы, ішек жұкпалы аурулары кезінде (дизентерия, іш сүзегі) нәжіс пен зәрдің 1 литріне 200 г құрғақ хлор әгін косады. Хлор әгінің жарықтандырылған ерітінділерін бөлмелерді, ыдыс-аяқ пен т.б. заттарды зарарсыздандыруға қолданады, тек маталардан және темірден жасалған заттарға колданбайды. 10 % хлор әкті сұйықтықты 24 сағат бойы тұндырып кояды, оның бетіндегі сұйықтықты қою-кошқыл түсті ыдысқа қу-йып алады. Негізгі жарықтандырылған ерітіндіні (10 %) 5 тәулікке дейін сақтап қояды. Ол сұйықтықтан бірнеше есе аз концентрациялы жарықтандырылған ерітінділер дайындауға болады. Мысалы, ішек жұқпалы ауруы кезінде бөлмелердің ішін, есіктерін 0,2% жарықтандырылған хлор әгінің ерітіндісімен шаяды. Хлорамин - ақ немесе боздау түсті жартылай суда ерітілетін хлор иісі бар ұнтақ. Құрамында 24 - 28 % белсенді хлоры бар. 0,1- 10 % судағы ерітіндісі түрінде қолданылады. Хлорамин ерітіндісі сақтағанда хлор әгінің ерітіндісінен тұрақтылау және маталарды көп тоздырмайды. Ауруханалардың бөлмелерін, ыдыс-аяқты, төсекті зарарсыздандыру үшін хлорамин кеңінен қолданылады. Киімді 0,2 - 0,5 % хлорамин ертіндісіне салып қойып, содан соң жуып -шаю арқылы немесе қайнату арқылы зарарсыздандырады. Кальций гинохлоридінің үштен екі бөлікті негіз тұзы (дветретиосновная соль гипохлорида кальция - ДТСГК)- ақ кристалды ұнтақ, кұрамында 48 - 52 % белсенді хлор бар, хлор әгімен салыстырғанда сақтауға тұрақты, 0,1 - 10 % ерітінді түрінде қолданылады. Сутегі асқын тотығы - түссіз мөлдір сұйықтық айқын бактерицидтік және спорацидтік әсері бар. 27,5 - 40 % ерітінді түрінде шығарылады, 3 - 6 % түріндегі ерітінділері қолданылады. Сутегі аскын тотығы жарақаттарды жууға, киімді, ыдыстар мен бөлмелерді зарарсыздандыруға қолданылады. Зарарсыздандыру үшін 70 % этил спиртін қолдануға болады. Себебі бұдан жоғары концентрациясындағы ерітінділерінің бактерия мембранасына ену қасиеті төмен. Этил спирті инъекция жасау кезінде теріні өңдеуге, медициналық кұрал - саймандарды стерильдеуге және т.б. қолданылады. Дезинсекция - жәндіктерге қарсы күреске бағытталған шара. Алдын алу және толығымен жою түрлері бар
Дезинфекциялаушы заттар ретінде әдетте хлор қосындылары (хлорамин, кальций, иатрий, литий гипохлориді және т.б.) қолданылады. Хлордың микробқа қарсы қасиеті хлордың суда ерігенінде бөлінетін хлорлы қышқылдың әсеріне байланысты.
Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттарды дайындау ережесі:
1.Хлор әгінің ерітіндісін дайындау: 10 л суға 1 кг хлор әгін араластырып еріту (1 шелек хлорлы су, хлор әгін ағаш саппен еріту керек).
2.Осы сұйықтықты 1 тәулікке дейін тұндырады.
3. Дайын болған сұйықтықты қоңыр түсті шыны ыдысқа құйып, тығынмен жақсылап жабу керек (осылайша 10 % хлорлы су дайындалады, оны қараңғы жерде 5-6 тәулікке дейін сақтауға болады).
4. Хлор әгінің жұмысшы ерітіндісін дайындау:
0,1 % - 100 мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,9 л суға арластыру керек; 0,2 % - 2000 мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,8 л суғаараластыру керек ; 0,5 % - 500 мл 10% хлорлы әк ерітіндісін 9,5 л суға арластыру керек;
1 % - 1 л 10% хлорлы әк ерітіндісін 9 л суға арластыру керек;
2 % - 2 л 10% хлорлы әк ерітіндісін 8 л суға арластыру керек: Дезинфекциялаушы заттармен жұмыс атқару кезінде: дайындау, арластыру, қолдану кездерінде сақтанудың барлық шараларын пайдалану керек: барлық жұмыстарды халат, ірзеңке қолғап, қорғаушы көзілдіріктер, алжапқыш, респираторлар киіп жасау керек.
Қазіргі кезде жаңадан ашылған Аналит, Дезэффект, Лизоформин, Септокаль, Микроцид, Гигасепт және т.б. сиякты дезинфекциялық заттар қолданылады. Осы заттардың әрқайсын дайындауға арналған араластыру және қолдану ережелері бар.
Ауруханалардағы бөлмелер міндетті түрде ылғалмен тазаланады. Тазалауға арналған құрал саймандар - еден жуғыш таяқ, шелек, сүрткіш және т.б. белгіленуі керек (мыс, палатаға арналған, тамақ тарататын бөлмеге арналған. Дәретханаға арналған, дәрі егу бөлмесіне арналған, т.б.). Күнделікті және негізгі тазалау түрлері бар. Күнделікті тазалық күнде 2 реттен кем емес және қажет кезінде атқарылады. Негізгі тазалау: еденді , қабырғалар мен төбені жуу аптасына 1 рет жүргізіледі. Ылғалды тазалау үшін 0, 5 % хлорлы әк ерітіндісі немесе 1 % хлорамин колданады. Осы ерітінділер әр науқастан кейін кушетканы, кленкадан жасалған жапқыштарды, төсек орындарын сүрту үшін де қолданылады. Кушеткадағы төсек әр науқастан кейін ауыстырылып отыруы керек.
Бөлмелердің ауасын тазалау тәулігіне 3-4 реттен кем болмау керек, ал дезинфекциялық заттармен ылғалды тазалау 2 реттен кем болмауы керек.
Дәрі егу, операциялық, манипуляциялық және т.б арнайы белмелерді ылғалды тазалаудан кейін кварцілеу өткізіледі.
Тері және шырыш жабындыларымен және т.б - мен, науқастың қанымен немесе басқа биологиялық сұйықтықтарымен жанасқан барлық медициналық кұралдар стерильденеді. Белок, май,және басқа механикалық кірлерден, дәрілік заттардан тазалау үшін медициналық құралдар стерилизацияға дейін өңдеуден өткізіледі. Стерилизацияға дейінгі өңдеу үшін жуғыш заттар қолдануға болады.
Дезинфекциялау тәртібі міндет жүктелген мекемелердің орналастырған тәртібі бойынша арнайы нұсқауларға жүгініп жүргізіледі. Іріңді ауруларда, туберкулез, вирусты гепатиттер кезінде химиялық дезинфекция жүргізу әдістерінің ерекшеліктері бар. Химиялық әдіспен өңделгеннен кейін дезинфекциялаушы заттың иісі толығымен кеткенге дейін ағып жаткан су астында жуылу керек. Термометрді дезинфекциялаушы сұйықтықта (1% хлорамин ерітіндісі, 3% аскын су тотығының ерітіндісі Дезоксон-1) ұстап, сосын сумен шайып құрғақ жерде сақтайды. Қолды шаруа сабынымен жуу керек, инфекциялы науқасты карағаннан кейін 0,2 % хлорамин ерітіндісімен немесе Дезоксон-1 ертіндісімен 2 минут бойы өңделеді.
Дәрі егу белмесінде көк тамырға дәрі енгізуге арналған шприцтср мек жүйелерді жинап стерилизацияға дейінгі дайындық жүргізеді, егер қолданған құралдар тек бір реттік қана болса оларды жоюға дайындайды. Көп реттік қолдануға арналған құралдар бір ыдысқа салынып дезинфекциялаушы сұйықтықпен жуылады. Әрі қарай оларды дезинфекциялы сұйықтығы (0,5 % хлорамин ерітіндісі, 0,5 % хлорлы әктас ерітіндісіне 30-60 минутка дейін немесе 2,5 % Дезэффект ерітіндісіне 1 сағатка, 2,5 % Лизоформин ерітіндісіне 1 сағатқа дейін) бар баска ыдысқа немесе кез келген басқа дезинфекциялаушы ерітіділерге жалпы нұсқауларға сай салынады. Жууға арналған дезинфекциялық сұйықтықтар ластануға байланысты немесе қолдану туралы нұсқауға байланысты ауыстырылады. Дезэффект және Лизоформин сияқты ерітінділерді 14 күнге дейін пайдалануға болады, бірақ тым ластанып кеткен жағдайда ауыстыру керек. Және осы жаңа сұйықтықтарды қолдану арнайы жуғыш дезинфекциялы заттарды дайындауды керек етпейді.
Көп реттік қолдануға арналған құралдармен жұмыс істегенде келесі ережелерді білу керек. Вирусты гепатитпен ауырған науқастар үшін дәрі егу бөлмесінде бөлек шприцтер мен инелер қолданылады, ол кұралдарға стерилизацияға дейінгі өңдеуді басқа науқастарға қолданған құралдардан бөлек өткізіледі.
Бұрындары тіпті қазіргі кезде де көк тамырға дәрі енгізуге арналған кұралдарды бөлек ыдыста стерилизацияға дейінгі өңдеуден өткізеді. Кез келген стерилизациялау әдістеріне дейін стерилизация алдындағы тазалау өткізіледі. Ол кезде осы қолданған кұралдар белокты, майлы кірлерден, дәрілік заттардан тазаланады.
1 кезең. Инъекциядан кейін дереу 1 минут бойы шприц пен ине суық сумен шайылады (құбырдан ағып жатқан сумен). Майлы ерітінділерді инъекциялағаннан кейін шприцті сабынмен және тікенекті жуғышпен тазалайды. Сосын ине кигізетін жерді саусақпен жауып тұрып шприцке су құяды, цилиндрге итергішті енгізіп, итергішпен қысым беріп инені жуады. Әрі қарай 5 г Биолот ұнтағын 995 мл суға ерітіп жуғыш сұйықтық дайындалады. Ол 40 - 45°С - дейі жылытылады. Егер Биолот ұнтағы болмаса 20 мл 33 % сутегінің аскын тотығы (пергидроль) + 5 г жуғыш ұнтақ (Прогресоч Айна, Астра, Лотос) + 975 мл судак тұратык сұйықтық дайындалады. Бұл сұйықтықты 50 - 55°С температураға дейін қыздыру керек.
2 кезен. Шприцтер мен инелерді бөлшектенген түрінде жылы жуғыш ерітіндіге 15 минутқа дейін салып кояды. Биолот ұнтағынан дайындалған ерітінді қызғыш түске еніп кеткен болса, оны қолдануға болмайды себебі онын тазалағыш әсері төмен болады. Сутегі асқын тотығынан және синтетикалық жуғыш заттардан тұратын ерітінділердің түсі өзгермеген болса бір тәулік бойына пайдалануға болады. Бұл сұйықтықтарды 6 ретке дейін жылытуға болады (ол кезде сутегі асқын тотығының концентрациясы көп өзгермейді).
3кезең. 15 минуттан кейін шприцтер мен итергіштерді осы суда тікенекті жуғышпен жуалы, ал инелерді мандренмен тазалайды.
4кезең. Шприцтермен инелерді жуғыш ерітіндіде механиқалық өңдегеннен кейін кұбырдан ағып жатқан салқын судың астында жуады. Бұл әтаптын ұзақтығы колданған жуғыш ерітіндінің құрамына байланысты. Жуғыш ерітіндіде Биолот ұнтағы болса - 6 минут, Прогресс ұнтағы болса -5-6 минут, Астра, Лотос және т.б. - 10 минут. Көп реттік қолдануға арналған кұралдарды стерильдеуге дейінгі тазалау кезінде кезге көрінбейтін қан қалдықтарын тексеру үшін бензидин, амидопирин немесе ортотолуидин сынамалары (орталық стерильдеу белімінде күнделікті, дәрі егу бөлмесінде аптасына 1 рет) өткізіледі. Бұл сынамалар көзге көрінбейтін қан қалдықтарын анықтайды, яғни шприцтер мен инелерді стерильдеу алдындағы тазалау сапасын көрсетеді. Бензидин сынағын өткізу ушін алдын ала, 2 сағат бұрын реактив дайындайды: стерильді мензуркаға бірнеше бензидин кристалдарын салады, 50 % 2 мл сірке кышкылын жэне 3 % 2 мл сутегі асқын тотығын кұяды. Амидопирин немесе ортотолуидин сынамасы үшін реактивті аурухананың дәріханасы дайындайды. Сынама өткізу. Тамшылатқышпен шприцтің инесі мен цилиндрге реактивті тамызады және оны инеден өткізеді. Егер шприцте немесе инеде стерильдеуге дейінгі тазалаудан кейін қан сақталып қалса, реактив дереу ашық-жасыл түске енеді (сынақ оң). 2 минуттан кейін реактив түсінің өзгеруі оң сынақ болып есептелмейді. Оң амидопирин немесе ортотолуидин сынамаларында реактив көкшіл - жасыл түске енеді. Егер сынақ оң болса стерильдеуге дейінгі тазалаудың 2, 3 және 4 кезеңдерін кайталау керек. Сынақ теріс болған кезде 5 кезеңге көшеді. Фенолфталеин сынағының көмегімен шприцтер жуғыш ерітінділерден калай тазаланғандығын анықтауға болады: жуылған шприцтің бөліктерін 1 % фенолфталеин ерітіндісіне малынған мақтамен сүртеді. Жуғыш заттың қалдықтары бар болса 30 секунд ішінде ол көк-күлгін түске енеді. Егер сынақ оң болса стерильдеуге дейінгі тазалаудың 4 кезеңін кайталау керек. Жуғыш зат ретінде Биолот немесе Прогресс ұнтағы қолданылған болса фенолфталеин сынағы өткізілмейді.
5кезен. Дистилдендірілген суы бар ыдыста шприцтер мен инелерді құбырдан аққан судың кұрамындағы тұзды қоспалардан (стерилизация кезінде олар цилиндрлер мен итергіштердің қабырғасына, инелердің өзегіне отырып қалады да шприцтермен инелердің өткізгіштігін бұзады ) тазалау үшін 1 минуттай жуады.
6кезен. Дезинфекциялы қайнатқыштың торына (стерилизатор) цилиндрлер мен итергіштерді, ал инелерді кіші койғышқа орналастырып 75-85 С ыстық ауамен дымқылдығы толық жоғалғанға дейін кептіреді. Осыдан кейін шприцтер мен инелерді пергамент ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы
Қр-дағы экстрималды туризмнің жағдайы
Реанимация бөлімшесі медбикесінің міндеттері
Қатаң және ерекше режимдегі түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың жаза өтеу тәртібі
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Әлеуметтік сфера дамуы
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар
Пәндер