ТАЙЛАНД ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ТАЙЛАНДТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Ерте замандағы Тайланд ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Жаңа замандағы тайланд мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ. ТАЙЛАНД ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ
2.1. Туризм түрлері және оның даму бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Тайландтағы туристік орындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 Тайландтағы туристердің кіріп-шығу статистикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ
Аютиялық кезең Тайланд тарихында төрт ғасырға созылды және бұл кезде түбегейлі билік жүйесі, қайталанбас Тайланд мәдениеті қалыптасты. Осы кезеңде европалықтармен алғашқы қатынастар орнады. Бұл уақытта аумақтағы ең беделділер португалдықтар болды, тайландықтар олардан қару жасау тәсілін үйренген болатын. Сиам европалықтармен дипломатиялық байланысты орнатып, оны тұрақтандырған алғашқы мемлекеттердің бірі болды.
Жаңа заман басында Қазіргі Тайланд жерінде болған басты елдердің бірі 1350-1767 жылдары өмір сүрген Аютия мемлекеті еді. Ол монкхмерлер мен таилардың әлеуметтік құрылымдарын біріктіру жолымен құрылған болатын. Бұл уақытта дәстүрлі тайлар қоғамы қалыптасқан.
Тайландтағы туристік қызмет көрсету орындары қалыпта жағдайда жұмыс жасауда
Жұмыстың өзектілігі. Тайланд (тай. ประเทศไทย) -- Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан.
Халық саны 65 млн. адам тіркелген. Астанасы Бангкок. Бангкок 12 млн.-ға жуық тұрғыны бар қала. Халықтың көп бөлігін тай этникалық тобы құрайды. Халқының саны бойынша екінші орынды басым бөлігі қалаларда тұратын қытайлықтар алады. Елде сондай-ақ, малайлықтар, моныдар, кхемерлар және басқа бірнеше этникалық топ өкілдері тұрады. Банкок, Паттайя, Пхукет және Самет аралдары туристтер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды курорттар болып табылады. Ең алдымен жылы климаты мен төмен бағалары арқасында. Тайланд - әлемнің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған туристердің әйгілі демалыс орны, мыңдаған ғибадатханалардың шаһары. Тайланд жағалауларында көптеген шипажайлар орналасқан. Оның ішінде Банкок, Паттайя, Пхукет және Самет аралдары туристер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды шипажайлар болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Тайланд тарихы,туризмді дамытудағы табиғи ресурстары мен әлеуетін зерттеу, осы саланы дамытуға талдау жүргізу.
Жұмыстың міндеттері. Жоғарыдағы белгіленген мақсатқа сәйкес жұмыста келесідей міндеттер туындады. Бұл міндеттер жұмыстың мақсатын ашуға бағытталған:
- Ерте замандағы Тайландтың даму тарихына сипаттама беру;
- Жаңа замандағы тайланд болашағына тоқталу
- Туризм түрлері және оның даму бағыттарын талдау
- Тайландтағы туристік орындарды анықтау
Зерттеу пәні. Халықаралық туризмі
Зерттеу объектісі. Тайланд
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТАЙЛАНДТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
0.1 Ерте замандағы Тайланд
Аютиялық кезең Тайланд тарихында төрт ғасырға созылды және бұл кезде түбегейлі билік жүйесі, қайталанбас Тайланд мәдениеті қалыптасты. Осы кезеңде европалықтармен алғашқы қатынастар орнады. Бұл уақытта аумақтағы ең беделділер португалдықтар болды, тайландықтар олардан қару жасау тәсілін үйренген болатын. Сиам европалықтармен дипломатиялық байланысты орнатып, оны тұрақтандырған алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Аютия мемлекетімен қатар сол кезде қазіргі Тайланд жерінің солтүстігінде Чанг Май корольдігі өмір сүрді. Екі елдің екеуі де Бирмаға және кхмерлер империясына қарсы күрес жүргізіп отырған. 1569 жылы бирмалықтардың шабуылынан тайландықтар жеңіліс тауып, Аютайя қаласы құлайды. Бірақ тайландық ханзада Наресуан жауды елден тысқары жерге қуып шығып, ел астанасын қайта құрады. Дамыған экономикасы және мәдениеті бар Аютайя қаласы екінші рет 1767жылы жаулап алынды. Бұл жолы бирмалықтар қаланы толығымен өртеп жіберді, мыңдаған адамдарын құлдыққа әкетті. Бірақ 1782жылы Пья Таксин жүргізген саясатқа көңілдері толмай, Прайя Чакри бастаған тайланд элитасының өкілдері Тхонбуриді жаулап алып, өздерінің Чакри династиясының билігін орната алды. Прайя таққа Рама І деп отырды, ол ел астанасы деп Бангкокты жариялады. Осылайша Тайланд тарихына ұзақ жылдарға Чакри династиясы келеді.
Қазіргі Тайланд жерінде болған басты елдердің бірі 1350-1767 жылдары өмір сүрген Аютия мемлекеті еді. Ол монкхмерлер мен таилардың әлеуметтік құрылымдарын біріктіру жолымен құрылған болатын. Бұл уақытта дәстүрлі тайлар қоғамы қалыптасқан.
Аютияның саяси жүйесінің басында монарх болды. Ол өз қарамағындағы адамдардың жерлері мен басқа мүліктерінің басты иегері болып табылды. Түскен пайда сол әлеуметтік топтың қоғамдағы дәрежесі мен алатын орнына байланысты бөлінді. XIV ғасырдан бастап Тайландта мемлекет қызметінде бірінші орынға саяси және діни қызметті, ал содан кейін барып экономиканы қоятын тхеравада буддизмі басты орында болды. Билеушінің тұлғасы әрі құдай, әрі жай адам келбетінде қаралды. Монарх діни, әрі діни емес, әскери тұлға болды. Билеушіден басқа, оның жақын туыстарынан уппарат -- екінші король тағайындалды. Сонымен қатар оның өз билігінде шенеуніктер аппараты болды және ол мемлекеттік шешімдерге әсер ете алды. Екі билеушінің арасында жиі келіспеушіліктер болып тұрды. Буддистік қоғам - сангха - халық пен билеуші элита арасында аралық жағдайда болды.
XIV ғасырдан бастап, Аютия біртіндеп халықаралық сауда қатынастарына ене бастады. Бұл тай қоғамының өмірінде экономикалық факторлардың ролінің артуына, яғни өмірлерінің өзгеруіне әкелді.
Елде қоныстың бірнеше түрі болды: ауыл тұрғындары аумағына қарайбандар (ауыл), чиенги (вьенги) - нығайтылған орталықтар, накхон (нагара) - астаналар. Бан жергілікті элита өкілдері және саудагерлер мен қолөнершілер тұрған чиенга мен вьенгаларға бағынды. Бірақ, еуропалық түсінікте олар қала болып есептелмеді. Қалалық бекітілген орталықтарға (шамамен 7-10 мың тұрғын болған) олармен ортақ әкімшілігі болған мыангы территориялары да бағынды. Өз алдына қалалық билік болмады. Мыангы тұрғындары жер шаруашылығымен айналысты. Мыангы орталықтарында нагара болды, оларда тек діни емес, мәдени орталық болып есептелген буддистік монастырлар(вата) салынды. XVII ғасырлардан бастап, Тайландта басқа мемлекеттермен сауда қатыстарына шыға бастаған қалалар пайда бола бастады.
Мемлекеттік қызметте болған элита өкілдері қалаларда тұрды және жер иеленушілікпен аса байланысты болмады. Мемлекет үлкен қоғам болды және таи азат халқы формальді түрде мемлекет алдында тең болды.
Тай элитасы най деген сөзбен белгіленді. Оған билеуші отбасысы,куннанг қызмет етуші ақсүйектер тобына жатқан астаналық ақсүйектер енді. Олардың дәрежелері билеуші отбасысына қарағанда, мұрагерлікпен берілмеді. Ақсүйектер тобына ену үшін білім алып, бірқатар уақыт будда монастырында тұру, ал одан кейін арнаудан өту керек болды.
XVIIғ. ортасынан бастап, Сиам өмірінде өз мақсаты ретінде оның сыртқы саудасын монополизациялауды ұстанған голландық Ост-Инд компаниясы маңызды роль ойнай бастады. Бұған белгілі бір дәрежеде қарсылық көрсету үшін сиамдық үкімет олардың тауарларын өздері сатып алып, кейін оны ішкі нарықта сатып отырды. XVIIғ. 30-40 жылдары Сиам мен голландықтар арасындағы қатынастар нашарлады, бұл голландықтардың сиамдық кемелердің голландық Компанияның рұқсатынсыз мемлекет сыртына тауарларды шығаруына байланысты дискриминацияның әсерінен еді. Олардың кемелерін теңізде байқап қалған жағдайда оларды кемелерімен қоса конфискациялаған. Соған қарамастан, Сиам өзіндік сауда флотын құра берді, алайда күштер тең болмады, сондықтан 1664ж. тамызда Сиамдық үкімет өз тарихындағы Голландиямен алғашқы тең емес келісімшартқа қол қойды, оған сәйкес голландықтар экстерриториялық құқыққа және айтарлықтай сауда басымдықтарына ие болды.
Бұл кезде Сиамға Ұлыбританияның Ост Индия компаниясының қызығушылығы ояна бастады. 60-жылдардың басында олар қайтадан өздерінің сауда факторияларын жандандырды, монархқа жұмысқа тұрды, тіпті сарайда айтарлықтай жоғары шендерге ие болды. 1685 жылы ағылшын үкіметі Сиамнан өзінің әскери қамалын салу үшін жағалаулардан жер талап етті. Сиамдықтар кері жауап қайтарғандықтан, ағылшындықтар әскери күш қолдануға бел байлайды. Сонда тайландтықтар әскерлері 1687жылы Бангкок пен Мергуяда орналасқан француздармен құрады. Алғашында олар ойлаған мақсаттарына жетіп, ағылшындықтарға соққы береді, алайда кейін оларға одақтастарының өздерімен соғысуға тура келеді. 1688 жылы халық көтерілісі басталады, оның барысында тайланд монархы тұтқынға алынып, көп ұзамай қайтыс болады. Француз гарнизоны қоршауда қалып, француздар елден кетуге мәжбүр болды және келесі 150 жылда олар Сиамға айтарлықтай қызығушылық көрсетпеді.
Бұл жеңіске Сиам оңайлықпен жеткен жоқ. Өз егемендігін қорғап қала алғанымен, мемлекет Оңтүстік - -Шығыс Азия мен Үндістан арасындағы делдалдық ролінен айрылып қалды. Бұл оның экономикалық жағдайының нашарлауына, шаруалар жаппай көтерілуіне, Корат пен Лигорада сепаратистік күштердің әрекеттер жасауына алып келді. Жағдай құрғақшылықтың әсерінен одан әрі күрделене түсті.
Қандай да болмасын деңгейде жағдайды қалпына келтіру үшін, король XVIIIғ. басында бір жағынан шаруалардың жағдайын жақсартуға бағытталған, ал екінші жағынан ірі жер иеленушілерге қарамағындағы шаруаларға өз билігін нығайтуға мүмкіндік берген бірнеше жарғылар қабылдады.
1733-1758 жылдары Сиамды король Боромокот басқарды, оның кезінде ішкі саяси жағдай біршама тұрақтанды. Бірақ, XVIIIғ. ортасында Сиамға көрші Бирма шабуылдады. 1759 және 1765 жылдар аралығындағы үзілісті соғыс әрекеттерінен кейін, бирмалықтар алдымен Сиамның батыс және солтүстік бөлігін, одан кейін Бангкокты басып алды. 1767жылы бүкіл ел бирмалықтармен талқандалып, олардың қол астына қарады, ал қалңан айтарлықтай бөлігі Бирмаға айдалып әкетілді. Бірақ көп ұзамай сиамдықтардың тәуелсіздік үшін күресі қайта басталды, бұл күресте оларды жергілікті қытайлықтар қолдады. Елдің оңтүстік-шығысында, Чантхабун провинциясында сиам әскербасыларының бірі - Пья Таксин басшылық еткен қарсылық ету ошағы ұйымдастырылды. Сол кезеңде территориясында қытайлық әскерлер орналасқан Бирманың қиын жағдайын пайдаланып, көтерілісшілер Орталық Сиамды азат етіп, 1768жылы астанасы Тхонбури болған тайландтық мемлекет құрды. Ол камбоджалық Батамбанг және Сием Реап провинцияларында билік орната алды.
1782жылы Пья Таксин жүргізген саясатқа көңілдері толмай, Прайя Чакри бастаған тайланд элитасының өкілдері Тхонбуридіжаулап алып, өздерінің Чакри династиясы-ның билігін орната алды. Прайя таққа Рама І деп отырды және 1782-1809 жылдар аралығында билік етті.
1795жылы Сиамға қайтадан бималықтар шабуыл жасады. Әскери істер ХІХ ғасырдың басына дейін жалғасты және Сиамның солтүстік, батыс, оңтүстік бөліктерінде өтті; нәтижесінде сиамдықтар айбарлы көршісімен өжет күресте өздерінің тәуелсіздіктерін сақтап қала алды. 1828жылы Сиамға Вьентян территориясы қосылды және оған Луанг Прабанганың вассалдық тәуелділігі күшейді.
1824жылы ағылшындықтар мен бирмалықтардың арасындағы бірінші соғыстың басталуынан кейін, ағылшындықтар Сиамды өңірдегі өз серіктестері деп қабылдады. 1826жылы Сиам мен Ұлыбритания арасында екі ел арасындағы және малайзиялық княжестволықтармен қарым-қатынастарын анықтайтын келісімшарт жасалды. Нәтижесінде Сиам өзінің Селангордағы құқығынан айрылды.
XVIII ғасырдың соңында болған Вьетнамдағы тэйшондар қозғалысын пайдаланып, Сиам камбоджалық тақта өз орынбасарын нығайта алды, бірақ Вьетнам империясы құрылғаннан кейін бұл екі ел арасында Камбоджа үшін күрес одан әрі күшейе түсті.
ХІХ ғасырдың ортасына қарай Сиам айтарлықтай үлкен территориясы бар мемлекетке айналды. Сыртқы қатынастар кеңейді, қолөнершілік өндіріс дамыды, әсіресе, бұл этникалық қытайлықтар көп қоныстанған қалаларда байқалды.
ХІХ ғасырдың басында Сиамға онда өзінің экономикалық позициясын нығайтпақ болған Ұлыбританияның қызығушылығы қайта ояна бастады. 1833 жылы Сиамға олармен сауда келісімдерін жасаған американдықтар келді.
ХІХ ғасырдың ортасында Тайландта алғашқы өнеркәсіп орындары мен жалдамалы жұмысшылар пайда болды. Бангкок тұрғындарының саны 500мыңға дейін жетті. Елдің солтүстік-шығысында жаңа қалалар - Убон, Стунг Тренг және т.б. пайда болды. ХІХ ғасырда Тайланд өзінің территориялық шекараларын белгілемеді, халық саны 6 миллионға жуық болды, оның ішінде 1 млн этникалық малайзиялықтар, сонша лаостықтар, 500 мың кхмерлер болды. Жалпы алғанда тайландтықтар саны елдің барлық халқының үштен бір бөлігіндей ғана болды.
1851-1868 жылдар аралығында тайландтық тақта Рама IV (Монгкут) отырды, ол өзін қабілетті реформатор ретінде көрсетті. Ол сыртқы қауіп алдында батыстық державалар жағынан өз мемлекетін нығайтуға тырысты, елді жауларға әскери жағынан болсын, экономикалық жағынан болсын қарсы тұра алатындай етті. Ол мемлекеттік монополияларға тыйым салды, жаңа мемлекеттңк идеология орнатуға тырысты, сол үшін ол буддистік секта тхаммаютиканы құрды.
1855жылы ағылшындықтар Сиамды күш көрсету арқылы қауіп-қатер төндіреміз деп қорқытып, Сиамды тең емес келісімшарт жасасуға мәжбүр етті. Оған сәйкес ағылшындықтар экстерриториялық құқыққа ие болды және сиамдық нарық ағылшын тауарларын шектеусіз елге әкелу үшін ашық болды. 1856-1862 жылдары осыған ұқсас келісімшарттарды Сиам АҚШ, Франция, Португалия, Голландия және Пруссиямен де жасауға мәжбүр болды. 1867жылы Сиамды Камбоджадағы құқығынан бас тартқызды, алайда Сиам өзінің Батамбанг және Сием Реаптағы биліктерін сақтап қалды.
Сиам әлемдік сауда нарығына ет, күріш, орман шығарды, соның ішінде күріш экспортта басым болды.
Осы кезеңде Сиамда капитализм элементтері дами бастайды. Жергілікті буржуазия негізінен этникалық қытайлықтардан құралды. Бангкокта ағылшындық колониялық банктердің бөлімшелері ашылды. 90-жылдары ағылшындықтар Сиамның солтүстік аймақтарында тик әзірлеуді бастады. Нәтижесінде көптеген дәстүрлі қолөнершілік және мануфактуралық өндіріс құлдырауға ұшырады. Шаруалардың едәуір бөлігі жұмыс іздеп қалаға кетіп жатты. Оларға Қытайдан келген эмигранттар қосылып отырды.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде елде бірқатар реформалар жасалды, олар ХХ ғасырдың басына қарай аяқталды. Реформалардың басты мақсаты экономика мен әлеуметтік қатынастарды модернизациялауда қолайлы жағдайлар жасау болды. Реформалар Монгкут (1851-1868) жәнеЧулангкорна (1868-1910) корольдардың кезінде жүргізілді. Олардың жарлықтары бойынша кейбір корольдік монополиялар жойылды, салық реформасы жүргізілді, мемлекеттік мануфактуралар құрылды, баспа ісі пайда болды, тиын соғыла бастады, қарулы күштер европалық үлгіде қайта құрылды, т.б. 1874жылы құлдыққа алу, күштеп әскери іске шақыру тоқтатыла бастады. Қаржылық жүйе, сот ұйымдары қайта ұйымдастырылды, еуропалық сипаттағы оқу орындары салынды.
Орындарға үкіметтің мемлекеттік комиссарлары жіберілді, олар сол жерлердегі княжестволарды 18 монтонға өзгертіп отырды. Провинциялық билік 1893жылы арнайы құрылған ішкі істер министрліктерімен үйлестірілді. Қаржы реформасы жүргізіліп, ол корольдік бюджетті мемлекеттік бюджеттен бөлді, салық салу жүйесі реттелді. Ақша бірлігі - тикаль нығайды.
1899жылдан бастап елде темір жол салу, батпақты жерлерді қалпына келтіру басталды. Мемлекеттің күріш экспорттаудан түсірген пайдасы өсіп, алғашқы акционерлік қоғамдар құрыла бастады.
Сиамдықтар европалықтарға экономикалық басымдықтар бергендіктеріне айырбас ретінде, олардың саяси басымдықтарын әр қилы шектеуге тырысты.
ХІХ ғасырдың соңына қарай Сиам бақылау орнату үшін Ұлыбритания мен Франция арасында күрес басталды. Франция одақтасы Ресейдің бұл жерде ешқандай тура қызығушылығын байқатуға мүмкіндігі болмаса да, Сиамда Ресей, дегенмен, өз саясатын, соның ішінде сауда аумағында, жүргізуге тырысты. 1891жылы Бангкокта Азияның бірқатар елдерінде болған, сол кезеңде тақтың мұрагері, болашақ ресейлік император Николай Александрович болды. Көп ұзамай оған жауап ретінде Петербургте сиамдық ханзада Дамранг болып қайтты, ол Ұлыбритания және Франциямен алда ушығайын деп тұрған келіспеушілікте Ресейдің көмек беруі туралы келіспек болатын. 1897 жылы Ресейде Рама IV өзі болып қайтты және екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1898 жылы маусым айының ортасында Бангкокте ресейлік елшілік ашылды. Ресейге әскери істі меңгеру үшін сиамдық ханзадалардың бірі жіберілді. Ресей сонымен қатар 1899жылы Сиам және Франция арасындағы келісімшарттың қол қойылуына үлес қосты. Оған алғыс ретінде сиамдық монарх елде әскери салтанатты киім киюде ресейлік үлгідегі киімдерді енгізді. Сиамның әнұранын орыс композиторы П.А.Шуровский жазды.
Ұлыбритания болса, Сиамды өзінің Бирмадағы және француздық Үндіқытайдағы иеліктеріне буферлік(аралық) мемлекет ретінде пайдаланғысы келді. 1893 жылы шілденің ортасында Франция Сиамға Луанг Прабанганы оккупациялауға келісім берсін деп, ультиматум қояды. 1893жылы 3 қазанда Франция ақыры Сиамға бұл келісімшартқа қол қойғызады және жылдың соңында Англия мен Франция Сиам территориясында 80 километрлік буферлік(аралық) аймақ құрды. 1896жылы қаңтарда тағы бір ағылшын-француздық келісімшарт жасалды, ол бойынша Сиам әсер ету сфераларына қарай бөлінді.
1.2. Жаңа замандағы Тайланд мәдениеті
ХІХ ғасырдың соңы Сиамда білім жүйесінің дамуымен сипатталды. Жоғарғы тап өкілдерінің балаларын оқытуға арналған діни емес мектептер, Білім Министрлігінің басқарылуында болған сауда, медициналық, пошта-телеграфтық, педагогикалық оқу орындары пайда болды. Оқитындардың бір бөлігі шетелге оқуға жіберіліп отырды.
Бангкокта тек элита ортасынан ғана емес, шаруалар, қалалық тұрғындар және саудагерлерден құрылған интеллигенция жігі қалыптаса бастады. Сиамда британдық дәстүрлер мен білім беру жүйесін енгізген ағылшындық кеңесшілер мен мұғалімдер жұмыс істеді. Екінші жағынан мұнда буддистік ерекшеліктер ескеріле отырып, жапондық тәжірибе кең қолданды. Діни емес білім беру жүйесі ресми түрде тек 1898жылы пайда болды.
Жаңа заманда тайландтық әдебиет пен мәдениеттің дамуына монархиялық билікті құдаймен теңестірген камбоджалық дәстүрлер үлкен әсер етті. Негізгі жанр болып діни тақырыптардағы поэзиялық шығармалар қалыптасты, оларды жазуда ақындар өлең жазудың ерекше ауыр түрі қолданды.
Тайландта театрдағы драмалық шығармалардың үш негізгі түрі болды - кон, нанг және лакон. Кон - пантомима театры, онда рольдерді кез келген кейіпкерді анықтайтын,сипаттайтын маскаларды киіп, музыканттар мен әншілердің сүйемелдеуімен ер адамдар ойнады. Олардың әрбір ымдары, әрекеттері ерекше мағынаға ие болды. Бұнда сахнаға сиамдық монархтың құдайлық билігі культының негізін құраған киелі жазу - Рамакианнан көріністер қойылды.
Нанг - көлеңке театры, онда да Рамакианнан алынған көріністер қойылды. Лакон - классикалық драма театры. Оның екі түрі болды: біреуі билеуші сарайында қолданылды, ал екіншісі одан тысқары жерлерде болды. Егер біріншісінде Рамакианнан алынған көріністер қойылса, екіншісінде ержүрек батырлар туралы халықтық шығармалар қойылды, олардың ішінде ең кең тарағаны корольдік жауынгерлердің басынан кешкен оқиғалары туралы баяндайтын Кун Чанг және Кун Пэн туындысы еді.
Нирвана алдындағы соңғы қайта дүниеге келу кезіндегі Будда туралыМахачат(Ұлы өмір) кітабы өте маңызды саналды. Оны оқу жаңа заман дәуіріндегі басты діни рәсімнің бірі деп танылды. Бұл кітаптың жекелеген бөлімдеріне өзіндік жеке поэзиялық шығармалар жазылды. Жаңа замандағы едәуір атақты әдебиетшілер Си Прат, Сунтон Пу, Дамронг Рачанупат және басқалар болды.
Архитектура және бейнелеу өнері саласында да діни құрылыстар және киелі буддистік кітаптар негізіндегі архитектуралық әшекейлер басым болды. Бейнелеу өнері мүсін өнеріне қарағанда әлдеқайда кең тарады.
XVII ғасырдан бастап қоғамның күнделікті өмірі көрініс тапқан дәстүрлі тайландық бейнелеу өнері қалыптаса бастады. Діни кітаптарға суреттеме ретінде әр түрлі оюлар мен суреттер пайда болды. Сәндік-қолданбалы өнер дамуының жоғарғы сатысына жетті.
XVI ғасырдың ортасында құрылыс дамиды, билеушілер сарайлары ағаштан салына бастайды. Кірпіштен салынған құрылыстар тек XVII ғасырдың соңында байқалады, әсіресе, оларды шетелдіктер үшін салған.
ХІХ ғасырдың соңында батыстық мәдени дәстүрлердің әсерінің күшейгені көрінеді, европалық шеберлердің техникасы қолданыла бастайды.
Батыстық архитекторлар Бангкоктағы батыстық және тайландық архитектуралық дәстүрлердің үйлесімділігінің көрінісі -- Чакри сарайының, сонымен қатар Версальдің толығымен дерлік айнымастай көшірмесі Банг Па-ине кешенінің жобасын жасады.
Аютия құлағаннан кейін, Тайландты бирмалықтардың билігінен босатқан тайландтық генералдардың бірі. Ел астанасын Бангкокқа ауыстырды. Оның билігі кезінде салынған Корольдік сарайда қазір Гауһар(Изумрудный) Будда Храмы орналасқан.
Король көбіне поэзиялық тәжірибелері арқасында атақты. ХІХ ғасырдағы Тайландтағы ең ірі ақындардың бірі болып есептеледі. Оның билік құрған кезеңі бирмалықтардың шабуылдарының жалғасуымен сипатталады, бірақ оларды тайландықтар сәтті талқандап отырды. Британдық империяға Бирма территориясындағы Сиам жерлері ретінде алғашқы ымыраластық жасалды.
Бұл король кезінде басқа державалармен сауда артты, көптеген жаңа храмдар салынды. Рама ІІІ буддизмнің белсенді насихаттаушысы ретінде танымал.
Елдегі сауда мен білім беруді жаңартты. Рама IV тайландық ғылымның әкесі деген атпен танымал және өз замандастары оны ержүрек, ақ жарқын, қырағы адам ретінде қабылдаған. Ол Тайланд елінің болашақта барлық салаларда жаңаруын тура болжаған және буддизм дәстүрлеріне сүйене отырып, Тайландтың қазіргі кездегідей қалпын жасауға тырысқан.
Елдің бүкіл тарихындағы халықтың ең сүйікті және құрметті королі. Оның билігі кезінде сыртқы әлеммен қатынас айтарлықтай өсті, білім беру, транспорт, инфраструктура жаңашаландырылды. Көп жағдайда Тайландтың колонизациядан аман қалуы осы корольдың саяси дарынына байланысты болды.
Тайланд тарихындағы тағы да бір ақын. Рама VI өзінен бұрын болған корольдің елді орнықтыру, қайта құру бағыттарын, әсіресе, білім берудегі істерін жалғастырды.
2 ТАЙЛАНД ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ
2.1 Туризм түрлері және оның даму бағыттары
Тайланд (тай. ประเทศไทย) -- Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан.
Тайландтың туризмге жалпы бетбұрысы Ветнаммен соғысы кезінде америка солдаттарының тыл ролін атқарған 1960 жылдары басталған еді. Бұл жерде сол кезде демалыстағы АҚШ әскери қызметкерлеріне арналған демалыс орындары мен әскери базасы орналасты.
1960 жылдың аяғында Тайландта жаппай қонақ үй, барлар, массаж салондары, туристік инфрақұрылымдар құрылысы басталды. Сонымен қатар көптеген туристік агенттіктер, экскурсия ұйымдастыратын топтар жұмыс жасай бастады.
Тайланд - жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтердің әйгілі демалыс орны. Тайланд жағалауларында көптеген курорттар орналасқан Үнді және Тынық мұхиттының суларымен шекараласқан, ол территориясының көлемділігі жағынан қазіргі Францияға тең. Елдің солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, қонақ үйлер, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады.
Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы-қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты негізгі ерекшелігі болып саналады. Бұл мемлекетте әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер бар. Күні жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елі.
Тайландтағы туристік қызмет көрсету орындары қалыпты жағдайда жұмыс жасауда
Тайландта туризмнің барлық түрлері бойынша жұмыстар жүргізіледі. Туризм түрлері деген түсініктің өзі кең ауқымды. Белсенді туризм түрлері өзіне жаяу серуендеулерден бастап, спорттың шытырман түрлеріне дейінгі туристік іс-әрекеттердің түрлі бағыттарын біріктіреді. Бұлар - жорықтар, тау-шаңғы саяхаттары, рафтинг және альпинизм, треккинг және автобустық турлар, экстремалды туризм. Туризмнің келесі түрлері бір-бірімен үйлесімді болып келеді, бір жағынан олар әр түрлі болып келеді:
oo Жағажайлық туризм;
oo Экскурсиялық туризм;
oo Танымдық туризм;
oo Қонақжайлылық туризм;
oo Өзіндік туризм;
oo Экологиялық туризм.
Қазіргі уақытта туризмнің классикалық түрлері: жағажай туризмі, экскурсиялық туризм және қонақжайлылық туризммен қатар ең белгілі орынды осы сала - белсенді туризм танылып келеді.
Көптеген адамдар өздерінің қалаларының қоршауынан шығып, уақытша болсын оның сұлулығы мен шынайы табиғаттың ғажайыптылығына ауыстыруға талпынады. Ал белсенді туризм біздің уақытымызда жоғары қарқынмен дами отыра, осыған өте маңызды ықпал етеді. Белсенді туризмнің қалыптасқан белгілі түрлеріне назар ауларайық:
oo Жер бетіндегі туризм;
oo Тау туризмі;
oo Су туризмі;
oo Экзотикалық туризм.
Туризм ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz