Ерітінді және концентрация түрлері



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І.Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім.
А)ерітінді шығу тегі
Ә) ерітінді түрлері
Б) концентрация
В) концентрация түрлері

ІІІ. Қорытынды.

ІV.Пайдаланғын әдебиеттер.

Кіріспе.
Адам организмнің тіршілік әрекетінде, өмірінде ерітінділердің маңызы аса зор. Адам және жануар, өсімдіктер ерітіндісіз өмір сүре алмайды. Мысалы, азықтың ішіндегі қоректік заттар организмге сіңіру үшін ерітіндіге айналу керек. Көптеген биохимиялық реакциялар тек ерітінділерде өтеді. Ерітінді деп екі немесе бірнеше компоненттен тұратын гомогенді системаларды айтады. Әдетте ерітінділердің тығыздығы, қайнау және қату температурасы, тұткырлығы сияқты касиеттері өзгеріп отырады. Ерітінділерді жай механикалық қоспа деп те, химиялық косылыс деп те қарастыруға болады. Тіршілік үшін маңызы бар процестердің жүруі орта сипатына байланысты. Ішкі жасушалық сұйықтық, лимфа, асқазан шырыны, қан - олардың бәрі құрамында еріген заты бар ерітінділерге жатады. Ерітінді құрамын сандық түрде анықтаудың әртүрлі зерттеу әдістері бар. Мысалы, титриметриялық анализ медицинада, биологияда, биохимияда, фармацияда, т.б. кеңінен қолданылады. Биохимиялық процестердің өту механизмін түсіну үшін биожүйелер құрамын білу қажет, биологиялық құрамын салыстыру ауруды болжауды оңайлатады.
Концентрация, химияда - қоспа, ерітінді, қорытпа құрамындағы заттардың салыстырмалы мөлшері. Концентрация ұғымы ерітінділердегі еріген зат молекулаларының салыстырмалы мөлшерлерін сипаттау үшін қолданылады.

Ерітінді деп екі немесе бірнеше компоненттен тұратын гомогенді системаларды айтады. Әдетте ерітінділердің тығыздығы, қайнау және қату температурасы, тұткырлығы сияқты касиеттері өзгеріп отырады. Ерітінділерді жай механикалық қоспа деп те, химиялық косылыс деп те қарастыруға болады. Ерітіндінің механикалық қоспадан басты айырмашылығы ондағы әрбір микроскопиялық (өте кіші, ұсақ) бөлшектерді химиялық кұрамы мен физи-калық қасиеттерінің көлемде бірдей болуында. Ал химиялық қосылыстардан негізгі өзгешелігі оның құрамыньвд еритін зат көп еріткіштід мөлшеріне тәуелділігінде және еселік катынас заңына бағынбауында. Мысалы, ас тұзы суда тек белгілі мөлшерде ғана ериді. Айталық, 20°С (293Қ)-та алынған 100 мл суда ас тұзының 36,8 граммы ғана ериді де, одан әрі оның мөлшерін қанша көбейсек те ол ерімейді. Бұл қалыпты жағдайда кездесетін құбылыс. Ерітіндінің химиялық қосылыстан тағы бір өзгешелігі -- химиялық байланыс табиғатында. Егер химиялық қосылыстар негізінен ионды, ковалентті байланыстармен сипатталса, ерітіндідегі байланыс, газдарда кездесетін аса әлсіз вандер-ваальстік, ал кейбір жағдайларда косымша сутектік байланыстармен түсіндіріледі.
Жай қоспалардағы заттар өзара ешбір байланыссыз-ақ араласса, ерітіндідегі еріткіш пен еритін заттар арасында әлсіз болса да химиялық байланыс болады. Мысалы, бірдей өлшемдегі кұм мен ағаш немесе темір үгіндісін араластырса, қоспа пайда болады және оларды бір-бірінен бөлуге болады. Ал, ас тұзын немесе қантты су да ерітсе, олар оңайлықпен әуелгі жеке заттарға бөлінбейді.
Көбінесе, екі зат, бір-бірінде ерігенде, олардьщ арасында өзінін, агрегаттык күйін өзгертпейтін немесе ерітінді кұрамындағы мөлшері басым болатын бөлікті еріткіш дейді. Демек, "еріткіш", "еритін зат" ұғымдары салыстырмалы екенін ескеру керек. Мысалы, спирт пен судың тең бөлігін бір-бірінде ерітсе, олардың қайсысының еритін зат, қайсысының еріткіш екенін ажыратуқиын, өйткені екеуі де сұйық және бір-бірінде ерігіштіктері бірдей. Мұндайда ерітінді кұрамындағы компоненттер туралы айткаі д\рыс. Сондықтан компоненттердің агрегаттык ю,иш сскеріп, ерітінділерді үш топқа белуге болады. газдың газдардағы ерітіндісі (газ коспасы); сұйық ерітінділер; қатты ерітінділер. Газ ерітінділеріне ауа, ал қатты ерітінділерге түрлі металдардың қорытпалары мысал болады. Ал, сүйық ерітінділер газдардың сұйықтағы ерітінділері; сұйықтың сұйықтағы ерітінділері, қатты заттардың сүйықтағы ерітшділері болып бөлінеді.
Еріткіші су болатын ерітінділер табиғатта кең тараған. Жер қыртысындағы, өсшдіктер мен тірі организмдердегі процестер сусыз жрмейді. Осыдан ерітінді дегешміз жай ғана құбылыс емес, ол өте күрделі физикалық және ХИМИЯЛЫҚ касиеттері бар күрделі құбылыс екенін көреміз. Еру процестері кейде жылу бөліну арқылы жүрсе, енді бірде жылу сіңіру арқылы да жүреді, яғни зат қыздырганда ғана ериді. Сондай-ак, кей заттарды еріткенде ерітіндінің көлемі кемуі неме-се артуы мүмкін. Мысалы, күкірт қышкылын не натрий гидрокси-дін суда еріткенде едәуір жылу бөлінеді. Бұл еріген зат пен еріт-кіш арасында химиялық реакцияның жүргендігін көрсетеді. Бұл процестІ сольватация, ал пайда болған қосылысты сольват дейді. Зат суда еритін болса, процесс, гидратация, қосылыс гидрат делінеді.
Ерітінді жайлы ілім өз алдына жеке бөлім болып, жалпы табиғаттану ғылымынан бөліне бастағаннан оның табиғатына қата-рынан екі көзқарас қалыптаса бастайды. Олардың бірін -- ерітінділердін, физикалық, ал екіншісін -- химиялық теориясы дейді. Ерітінділердің физикалық теориясы XIX ғасырдың екінші жарты-сында қалыптасты. Ол теорияның негізін салушылар С. Аррениус пен Я- Вант-Гофф болды. Бұл теория еру процесі жай физикалық қоспа ретінде, еритін заттардың ұсақ бөлшектері еріткіш көлемін-де біркелкі таралған, олардың араларында ешбір әрекет бол-майтын орта сияқты ұғымда қарастырылады. Олай болса, бұл теория еритін зат пен еріткіш араларында ешбір химиялық әрекет жүрмейді деген пікірді теріске шығармайды. Жалпы физикалық теория ерітінділердін, қайнау температураларының жоғары-лауы, қату температураларының төмендеуі, будың қысымы, ос-мостық қысым сияқты касиеттеріне сүйенді. Бұл шамалар ерітін-ділердің концентрациясына тәуелді де, еріген заттың табиғатына тәуелсіз. Сондықтан да бұл теория бойынша ерітінділер еріген заттардың күйі газ күйіндегі ерітінділер секілді болып келетін молекулалардың бірыңғай қоспасы іспеттес. Ерітінділердің химиялық теориясының негізін калаушы Д. И. Менделеев болды. Бертін келе, бүл теорияға И. А. Каблу-ков, Н. С. Курнаков сияқты әйгілі совет ғалымдары елеулі үлес қосып, оны жаңа деңгейге көтерді. Бұл теорияны бірінші тұжы-рымдаған Д. И. Менделеев күкірт кышқылыньщ, этил спиртінің және басқа да қосылыстардың судағы ерітінділерін нақты, жан-жақты зерттеді. Мұның нәтижесінде ол, ерітіндідегі компоненттер арасында, яғни еріген зат пен еріткіш арасында химиялық әрекет-тер жүреді деген қорытынды шығарды. Мысалы, Менделеев күкірт қышқылының ерітінділерінде бірнеше гидраттардың түзілетінін анықтады. Ол сондай-ақ, еріткіш пен еритін зат молекулалары-ның арасындағы байланыс негізінен сутектік байланыс арқылы немесе ондағы қосылыстар құрамына енетін полюсті молекулалар араларындағы өзара электростатистикалық әрекеттесу салдары-нан болатынын анықтады.
Заттардың агрегаттық күйлеріне байланысты ерітінділер былай бөлінеді:
Газ күйіндегі ерітінділер қатарына газдар қоспасы - ауа, тұман, мұнай бетіндегі газ күйіндегі көмірсутектер қоспасын жатқызуға болады.
Сұйық ерітінділер - сұйық бойында еріген қатты, сұйық, газ заттары, теңіз, мұхит сулары, бензин, керосин, бояулар және т.б. дүниеліктер.
Қатты ерітінділер түрі - құймалар (болат, шойын) түрлі минералдар.
Табиғатта таза зат өте сирек кездеседі, көбісі қоспа, ерітінді түрінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оптикалық әдістер
Ерітінділердің физикалық теориясы
Термодинамика заңдары сұрақ-жауап түрінде (20 сұрақ)
Коллоидты дисперсті жүйелерді алу
Ерітінділердің құрамын сипаттау әдістері (массовая доля, объемная доля, молярная доля, молярная концентрация, молярная концентрация эквивалента, моляльная концентрация, титр)
ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ерітіндінің концентрациясы еріген зат шамасының ерітінді шамасына қатынасы
ХИМИЯЛЫҚ ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ НЕГІЗІ
Электролит ерітінділердегі ионды ассоциация
Дисперсті жүйелердің классификациясы жəне табиғаты
Пәндер