Ежелгі Шығыс және Антикалық философия



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Ертедегі Шығыс философиясы
2. Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
3. Ежелгі Қытай философиясы
4. Ежелгі грек философтажаратылыстанушылар.
5. Ежелгі Үнді философиясы
6. Пайдаланылған әдебиеттер

Ертедегі Шығыс философиясы
Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде - Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады.Ертедегі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы табиғаттан тыс күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды.
Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі. Осыдан кейін дао - аспан мен жердің түп тамыры, барлық заттардың анасы деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың (инь мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтарға бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады.
Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы мәселе - адам табиғаты жағынан қандай - қайырымды ма әлде мейірімсіз бе? - деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.
Қытай ойшылдарының алдында философияның негізгі мәселелері мен даму мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді, Лао- Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь- Цзы, Хан Фэй, Ван-Чундыт.б. материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементтері байқалады.
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.
1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі байланысы.
2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым - қатынас.
Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі - материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол -- өз алдына жеке проблема.
Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 - 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 - кастаға бөлінді.
1. Әскери (кшатрий)
2. Абыздар. (брахмандар)
3. Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)
4. Төменгі каста (шудралар)
Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.
Джайнизм - этикалық ілім. Оның негізгі - адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм - материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша - сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң.
Буддизм - біздің заманымызға дейінгі 4 - 5 ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д. 623 - 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:
1.Өмір азапқа толы;
2.Ол азаптардың себебі бар ;
3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;
4.Азаптан құтылудың кезі бар.

Ежелгі Қытай философиясы
Ежелгі Қытай философиясы біздің заманымыздан бұрын пайда болды, ол идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық және прогресшілдік, бірі - мистикалы, екіншісі - атеистік бағыттар. Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам - Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір - тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:
1. Бос қиялға салынбау.
2. Мен білемін дегендіктен аулақ болу.
3. Қасарыстық көрсетпеу
4. Өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Ол бірнеше кітаптар құрастырды (Өлендер кітабы, Көктем және күз жылнамасы, Сұқбат және пікір айту, т.б.). Конфуцийдің Ұлы ұғынуы кітабы 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған.
Мақсат - императордың билігін заңдастыру еді. Оның ұстаған жолы:
1. әділеттік
2. табиғатты сүю
3. әдет - ғұрыпты сақтап, сыйлау
Мо - Цзы (б.з.б. 479-400ж) философиясы пайда болды. Ол күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс -- әрекетінен, жаппай сүйіспеншілігінен туындайды, деді. Біздің барлық біліміміз екі нәрсеге - сезімге (у - лу) және ойлауға (син) байланысты дейді.
Идеализм мен мистикаға қарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Дао - Цзы (4 - 5ғ.) ілімі дүниеге келді. Дао - мәнінде, мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын - Көк Аспан емес, Дао. Дао - заттардың табиғи өну, өсу, өшу, ол цзы субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, -- деді - Бүкіл әлем сол заңға бағынады". Лао - Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет.
Лао Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері ж.руді жақтайды, дамуды қолдайды
Сөйтіп, Шығыс философиясы жағында қорытып айтқанда мына мәселелерге тоқталған жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао, данышпан бастаушысы Лао - Цзы төңірегінде топталды.
Европалық философияның дамуы ежелгі Грециямен байланысты. Антикалық философия б.з.д. 5 - 6 ғасырларда қалыптасты. Алғашқы ойшылдардың көтерген проблемалары қоршаған ортаны, өсімдік, жер, күн, жұлдыз.

Ежелгі грек философтажаратылыстанушылар.
Грек философиясының ерекшелігі табиғат, әлем, космос мәнін бірлігін түсіну. Алғашқы грек философтарын физиктер деп атаған. Грек философиясының негізгі сұрағы. Дүниенің бастауы неде? Егер мифологияда бұл сұрақ шешілсе (дүниені құдай жаратты) ал философтар супстанционалдық бастауы яғни дүние неден пайда болды, неге пайда болды? Деген сұраққа жауап іздеді. Грек философиясының негізін қалаушы Фалес әр түрлі заттар мен табиғат құбылыстарының мәңгі бастауы - су, сол сияқты Анаксимет дүниенің алғашқ кірпіш ауа деді. Анаксимандр апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келеді. Апейрон шексіз деген сөз.
Грек философы Гераклит өз шығармасының Табиғат" туралы, дүниенің генетикалық бастауы от деп қарастырды, ал әлем космос деп түсінді. Ерте грек философиясының дамуында өзіндік үлес қосты Элей мектебінің философтары (Парменид, Зенон, Ксенофон )
Бұл табиғаттың басты тақырыбы - болмыс. Ежелгі грек философиясының дамуына антологиялық бағыт Демокрит ілімі өзіндік із қалдырды, яғни дүниенің бастауы - атом. Грек философиясында адамға бетбүрыс бағыты Сократ есімімен байланысты. Адам проблемасы алғашқы көтерген софистер.
Қытай философиясы б.д.д. 6-3 ғ.ғ. мифология кейпінде пайда болды. Мифтердің өзінде кейін философиялық ұғымдарға айналған түсініктер қалыптаса бастады. Атап айтар болсақ, Дао туралы, яғни космостық заңдылықтар турасында немесе барлық әлемнің жүріп өту жолы жөніндегі көзқарастар, барлық тіршіліктің бастауы болған бес стихия (от, жер, су, металл, ағаш) және бір-біріне қарама-қарсы екі күш - Инь мен Ян туралы философиялық пікірлер дүниеге келді.
Қытай философиясының пайда болуымен дамуына қытайдағы көне классикалық кітаптар айтарлықтай әсер етті:
1. Өзгерістер кітабы (И цзин-балгерлік кітап);
2. Өлеңдер кітабы (Ши цзин-көне поэзиялар);
3. Тарих кітабы (Шу цзин-тарихи оқиғалардың, құнды құжаттардың жазбасы);
4. Рәсімдер кітабы (Ли цзи-саяси және діни мереке, рәсімдер кітабы);
5. Әндер кітабы (Юэ цзин-бұл кітапе сақталмаған);
6. Көктем және күз (Чунь цу-этикалық және әдеби сұрақтарды шешудің үлгілері, Лу патшалығының хроникасы).
Ежелгі Қытайдағы ұлттық философиялық ілімдер қатарына-даосизм, Конфуцийшілдік және легизм ілімдерін жатқызуға болады.
Конфуцийшілдік-бұл философиялық ілімнің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы - осы ағымның негізгі салушы Кун - фу - цзыға тікелей байланысты. Кун - фу - цзы (б.д.д. 551 - 479 ж.ж.) кедейленген ақсүйектер әскербасының отбасында дүниеге келген. Ата -- анасынан ерте айрылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құмарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Негізгі философиялық еңбегі Лунь юй (әнгімелер мен пікірлер) деп аталады.
Конфуций дүниетанымы философиялық - этикалық мәселелерге негізделген. Орталық мәселесі Конфуций тұжырымдаған Қайырымды еркек. Қайырымды адам болу үшін байлық емес, тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез-құлық.
Қайырымды адамның негізгі сипаттары деп мына қағидалады көрсетеді:
Жэнь (адамгершілік)-адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау: Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама.
Сяо (баланың құметі)-үлкен және кішінің арасындағы қарым-қатынас: ата-анаға және үлкенге құрмет.
Конфуцийдің ойынша, халықты қорқытып, зорлықпен бағындыруға болмайды. Мемлекетті басқару ісін жақсы меңгеріп, қарапайым адамдардың қиын мәселелерін түсіне білетін басқарушыны халық өздері-ақ құрметтеп, бағынатын болады дейді. Халықта басқарушыға қоғамды қалай басқару керектігі жөнінде өз ұсыныстарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сократ философиясы
Грек философиясының негізгі сұрағы
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Будда философиясы
Сократ пен Платонның этикалық ілімдері
Антикалық философия
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер