Есептерді шешуде алгебралық әдісті қолдану



Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Б.Даулетбекова - аға оқытушы
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ (Түркістан)

Есептерді шешуде алгебралық әдісті қолдану
Применение алгебраического метода при решении задач

Мәтінді есептерді шығарғанда оқушылардың назарын есепті шығарудың тиімді арифметикалық және алгебралық әдістеріне аударып отырып, алгебралық тәсілдің артықшылығын жүйелі түрде ашып беріп отыру қажет.


Білімнің нәтижеге айналуы - қазіргі таңда бүкіл өркениетті елдер ұмтылып жатқан меже, сондықтан нәтижеге бағдарланған білім моделін қалыптастыру бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Оқушының өмірдегі қажеттігін өтеуі жаңа модель бойынша білімнің мәні болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда да бастауыш мектеп оқушысының есепті шығара білуі міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мен біліктің түпкі нәтижесі болып саналады. Өйткені, мектепте оқушының математикадан меңгеретін білімдері есеп шығара білу мен логикалық ойлау дағдыларын қалыптастырудың базасы қызметін атқарғанда ғана бұл пән оның өміріне қажетті дағдыларды дамытудың құралына айналады. Бұл дара тұлғаның есептерді шығара білуі- білім нәтижесі ретінде зерделеп, алған білімінің жемісі екендігін көрсете түседі [1].
Білім беруді жетілдірудің басты факторларының бірі - пән мазмұнының өзімен сәйкес келетін оқыту әдістерінің үйлесімділігі. Осындай бағыттарды оқыту үрдісінде жүргізу тұрғысынан қарағанда алгебралық әдісті мәтіндік есептерді шығаруды білімнің тұтқасы ретінде ұстануы, оны білім мазмұнында қамту математиканы оқыту әдістемесінің жаңа талаптарымен толық сай келеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына алгебралық әдісті (мәтіндік) есептерді шығару негізінде дамыта меңгерту бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Есеп шығаруда алгебралық әдісті қолдануды оқушыны мектеп қабырғасынан бастау алуы - бүгінгі уақыт сұранысы.
Есептің анықтамалары, мәнді белгілеріне қарай есепке әр ғалым түрлі анықтамалар берген. Сол ғалымдардың ішінен К.Лейбництің айтқан сөзіне тоқталсақ, Есептерді әртүрлі амалдар мен әдіс-тәсілдер арқылы шығару есептің нақты, дәл, дұрыс және дәлелдеулерін тереңдету барысында әрбір есептің шешімдерін тауып, мақсатымызға жетуге болады-делінген. Сондықтан есептерді шешуде алгбралық әдісті қолдану заман талабы [2].
Бастауыш сыныптарда есептер негізінен арифметикалық тәсілмен шығарылады. Бірақ амалдардың орындалу реті және келтірілетін түсіндірмелер бір-бірінен өзгеше болса, онда есеп түрліше тәсілдермен шығарылады. Ал кейбір есептердің теңдеу құру арқылы да шығарылуы мүмкін. Сонда қарапайым немесе құрамында санды өрнек болатын теңдеулер шығады. Оларды шешудің жолдарымен оқушылар алдын ала таныстырылады.
Жалпы, мәтінді есептерді бастауыш мектепте арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады. Арифметикалық тәсіл - бұл жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдарды қолдана алу білімін пайдаланылып негізгі тұжырымға сүйенеді.
Алгебралық тәсіл - мұнда есепті теңдеу құру арқылы шығарылады.
Бастауыш сыныптарда оқушылар алғаш рет 1-сыныптағы Нөмірлеу такырыбында есеп терминімен және оның құрама бөліктерімен, сондай-ақ есепті шешудің негізгі кезеңдерімен таныстырылады [3].
Бастауыш мектеп математикасында есеп ұғымы арифметикалық есеп болған жағдайда ғана сөз болады. Есеп нақты нысандар арасындағы сандық қатынаспен анықталатын мәтін арқылы беріледі. Сондықтан ондай есептерді мәтінді, мазмұнды есеп деп те атайды, оларды шығартуға үлкен көңіл бөлінеді. Математикалық есептер оқушылардың ұғымдарын, теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де, айырбасталмайтын құралы болып табылады.
Баланың ойлау қабілетін дамытуда, оларды тәрбиелеуде, біліктіліктері мен дағдыларының қалыптасуында, математиканың өмірмен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор. Математиканы оқытудағы басты мақсаттарға жетуге есеп - басты қызметші болып табылады. Сондықтан математика сабақтарының жарты уақыты есеп шығаруға арналады. Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау. Кез келген есепті шығарғанда оқушы математикалық білім алады, шығару біліктілігі қалыптасады, дағдыға ие болады, яғни математикалық білім деңгейі жоғарылайды. Әр есеп өзінің мазмұны арқылы тәрбиелік міндетін атқарады. Қоғам дамуының әр кезеңдеріне байланысты, есеп мазмұны да өзгеріп отырады. Қазіргі оқулықтарда есеп мазмұны оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, дүниетанымдарын және ғылыми көзқарастарын дамытуға негізделген. Есеп шығару оқушылардың сөйлеу мәдениетіне, мінез-құлқының қалыптасуына, табандылыққа, шыншылдыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, қиындықты жеңе білу сияқты қасиеттерінің тәрбиеленуіне ықпалын тигізеді. Есептерді шешу математикалық әрекеттерді дамытудың ең тиімді жолы болып табылады. Есеп шығару ой жұмысы. Кез келген жұмысты дұрыс атқару үшін, оның неден тұратынын және оны орындау үшін қандай құрал, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есепті шешудің арифметикалық және алгебралық тәсілдер әдістемесі
Есептерді арифметикалық әдіспен шешуге жалпы ескертулер
Есепті шешудің арифметикалық тәсілдері
Геометриялық есептерді шешуде векторлық әдісті қолдану әдістемесі
Сүт өнімі туралы мәлімет
ОРТА МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДІҢ КЕЙБІР ӘДІСТЕРІ
Векторлық әдісті есептерді шығаруға қолдану
Координаталар әдісін қарапайым есептерді шешуде қолдану
Геометриялық есептерді шешу
Анықтауыш
Пәндер