Есім ханның өмірі, отбасы



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Есім ханның өмірі, отбасы
2. Есім ханның әкесі Шығай хан
3. Есім хан туралы жазба деректерде
4. Есім сұлтанның таққа келуі
5. Есім хан тұсындағы елдің сыртқы және ішкі саяси жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы хандық дәуір деп аталатын тарихи кезеңде, яғни Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардан бастап Тәуке ханға дейінгі екі жарым ғасырдай созылған уақыт ішінде қазақ мемлекетін 20-ға жуық хандар басқарған екен. Осы кезеңде Қазақ хандығына көршілес болған көптеген мемлекеттер өз дамуының ішкі және сыртқы жағдайларына байланысты саяси тізгінінен айырылып, басқа біреудің жетегінде кетсе, ал кейбіреулері бірнеше рет өздерінің билеуші әулеттерін өзгертеді. Ал қазақ мемлекеті болса, XV-XVIII ғасырлар аралығындағы тарихтың әр түрлі сыны мен тезіне төтеп беріп, жаңа заманның табалдырығына аяқ басады. Ұлттық сипаттағы ортағасырлық феодалдық мемлекеттің жаңа заманға дейін жетуі көп жағдайда оның саяси тізгінін қолында ұстаған билеушілердің жеке басындағы ерекше қасиеттерге, сондай-ақ олардың уақыт талабына сай жүргізген ішкі және сыртқы саясатына байланысты болатыны баршаға аян. Осы тұрғыдан алып қарасақ, XV-XVIII ғасырларда билікте болған қазақ хандарын шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа - қазақ мемлекетін құруда, нығайтуда, сыртқы жауларға қарсы күресте жетекші рольдер атқарған, ішкі бірлік пен тұтастықты сақтауда көп еңбек сіңірген хандарды жатқызсақ, екінші топқа - өздерінің билігі тұсында қазақ мемлекетінің саяси, әскери, экономикалық қуатын әлсіретіп алған хандарды енгіземіз. Керей мен Жәнібек, Бұрындық пен Қасым, Хақназар, Тәуекел, Жәңгір, Тәуке хандармен бірге осы топтың ішінде Есім хан да өз орнын ойып алады. Мамаш, Тахир, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым хандар хандар екінші топқа енеді. Есім ханның хан ретіндегі тарихи тұлғасын терең зерделей келе, одан бірнеше ерекшеліктерді байқауға болады. Біріншісіне - 20-ға жуық хан ішінде Қасым хан мен Тәуке хан секілді оның Есім ханның ескі жолы атты заңдар жинағын енгізуі жатады. Ал екінші ерекшелікке - оның хандық билікте екі рет болуын жатқызамыз. Басқа елдерде хандық билікте бір тұлғаның екі немесе одан да көп болғаны белгілі, ал қазақ мемлекеті үшін бұл жағдай ерекше болып саналады. Үшінші ерекшелікке - Есім ханнан бастап Йасы қаласы жаңа атауға - Түркістан атауына ие болып, Қазақ хандығының астанасына айналады да, қазақ хандары Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің жанына жерлене бастайды. Сөйтіп Есім ханнан бастап Түркістан қаласының киелілік маңызымен қатар саяси-әкімшілік және рухани орталық ретіндегі маңызы артады да, бірнеше ғасыр бойы қазақ еліне қызмет етеді. Олай болса, төменде Есім ханның тарихи тұлғасы туралы өз ойларымыз бен пікірлерімізді ортаға салып, оның қазақ тарихындағы ролін ашып көрсетуге тырысалық.

Есім ханның өмірі, отбасы

Есім хан - XIII ғасырдың 20-шы жылдарынан бері Дешті Қыпшақ аумағында үздіксіз билікте болған шыңғыс әулетінің өкілі. Шыңғыс ханнан Есім ханға дейін он алты ата болған. Оны былайша беруге болады: Шыңғыс хан --Жошы хан --Орда Ежен --Сартақтай --Қоныша -- Баян -- Сасыбұқа --Ерзен -- Шымтай -- Орыс хан -- Қойыршақ -- Барақ хан -- Жәнібек хан -- Жәдік --Шығай хан --Есім хан. Оның ата-бабаларының бәрі дерлік билікте болып, Алтын Орда, Ақ Орда секілді мемлекеттердің тарихында ерекше роль атқарған. Ал үшінші атасы Жәнібек хан болса, Қазақ хандығының іргетасын қалаушы тұлға екені баршаға мәлім. Оның тоғыз ұлының бірі - Жәдік сұлтан. XVI ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қазақ хандығының билігі Жәдік ұлдарына көшеді де, осы әулеттің өкілдері XIX ғасырдың ортасына дейін қазақ елінің саяси өмірінде жетекші рольдер атқарып, ерекше орындарға ие болады. Біз төменде Есім ханның шығу тегі мен ата-бабалары мәселесін қарастырғанымызда, тек атасы мен әкесіне ғана тоқталамыз. Өйткені Шыңғыс ханнан Жәнібек ханға дейінгі хандар тарихы тарихи әдебиеттерде көп айтылған. Ал Жәдік пен Шығай туралы, әсіресе Жәдік сұлтан туралы онша көп айтылмайтындықтан, оған тоқтала кетелік.
Ортағасырлық жазба деректерде Есім ханның атасы Жәдік сұлтан туралы мәліметтер мүлде аз кездеседі. Оның есімі көбінесе шежірелік сипаттағы мәліметтерде ғана айтылып қалады. Қадырғали Жалайыр ол жөнінде мынадай мәліметтер жазып қалдырған: Жәдік хан. Қасым хан заманында белгілі еді. Шағым мырзамен соғысып, Жыланды төбеде бір ұлымен бірге шахит болды. Оның қабірі Үргеніштегі Бақырған атада жатыр. Сонда жерленген еді. Жәдік ханның көптеген әйелдері мен күңдері болды, оның балалары да көп еді. Оның аса даңқты ұлдары: Тоғұм хан, Бөкей сұлтан, Шығай хан, Мәлік сұлтан. Соңғы екеуінің шешесі Абайхан бегім еді. Тоғұм хан, оның ұлдары тоғыз сары деп аталды. Мәлік сұлтанның баласы Башыбек сұлтан тоғыз сарымен бірге Жағат уалаятының жанында шахит болды, [сол ұрыста] әйгілі әрі даңқты отыз жеті сұлтан шәйіт болды.... Одан әрі автор Жәдіктің ұлдарының бірі - Бөкей сұлтанда ұрпақ болмағандығын айтып өтеді. Осы деректегі Есім ханның атасы жөніндегі бірнеше мәлімет оған ерекше назар аударуды қажет етеді. Біріншіден, автор Жәдікті бірнеше рет хан титулымен айтып өтеді. Соған қарағанда ол Қасым хан, Бұрындық хан секілді ұлы хан болмаса да, жеке ұлыс басқарып, өз ұлысында хан лауазымын иеленген деуге болады. Екіншіден, Жәдіктің Шағым мырзадан жеңіліс тауып, бір ұлымен бірге қаза табуы XVI ғасырдың 30-шы жылдары болған. Осы жылдарда Жәдіктің ұлы Тоғым хан шағатайлық Абд ар-Рашид ханмен болған 153738 жылғы бір ұрыста 37 сұлтанмен, Жәдіктің ағасы, Әдік сұлтанның ұлы - Бұйдаш хан осы жылдары Ташкент билеушісі Дервиш ханмен (Сүйініш қожа ханның немересі, Барақ ханның ұлы) болған ұрыстардың бірінде 24 қазақ сұлтанымен бірге қаза табады. Дәл осы жылдары Жәнібек ханның тағы бір немересі Ахмет хан (кей деректе - Қожа Ахмет хан) ноғай мырзасы Сейдақтан жеңіліп,15 қазақ сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Көп ұзамай Ахмет ханды Алшағыр бидің ұлы Орақ батыр өлтіреді. Отандық тарихнамада Қазақ хандығының уақытша әлсіреуі деп аталып жүрген осы кезеңді, яғни 1520-1530 жылдарды Мұхаммед Хайдар Дулатидың сөзімен айтсақ, ... тағдырдың қырсығынан соншама халықтан міне бүгін төртінші жыл болып барады, ешбір жерде із қалмапты. Отызыншы жылдары (9301524 жыл) қазақ саны мың-мың (миллион) болатын. Қырық төртінші жылы (9441537 жыл) сонша халықтан бұл жерде еш белгі қалмаған.... Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы осы бір ауыр да қайғылы кезең оқиғаларының Жәдік сұлтанның әулетіне қатты тигенін көреміз. Ал үшіншіден, қазақ тарихының осы бір қысылтаяң кезеңінде Жәнібек хан ұрпақтары арасында Жәдік сұлтан әулетінің өкілдері ерекше көзге түсіп, зор беделге ие болады. Ауыр кезең жылдары қаншама ұрпақтары қаза тапса да, Жәдіктің ұлдарының бірі - Шығай хан мен оның ұлдары аман қалады. Уақытша әлсіреуден кейінгі тарихымыздың келесі кезеңдерінде аман қалған Шығай хан ұрпақтары қазақ елінің саяси тізгінін қолдарына алып, қазақ тарихының беттерінде небір жарқын іздер қалдырады.
Жоғарыда талдап отырған Қадырғали Жалайыр дерегіндегі назар аударатын ерекше бір мәліметке - Жәдік ханның Үргеніштегі Бақырған ата жанында жерленгендігі туралы мәліметі жатады. Бізге белгілі ортағасырлық дерек мәліметтері кейбір Ақ Орда хандары мен алғашқы қазақ хандарының Қазақстан мен Орта Азияның әртүрлі қалаларында немесе өздерінің билік құрған жылдарындағы саяси-әкімшілік орталықтарда жерленгендігін айтады. Мысалы, Сасыбұқа хан(13201321 жылы қайтыс болған) - Сауран қаласында, Ерзен хан(13441345 жылы қайтыс болған) - Сығанақ қаласында, ал Қасым хан(1521 жылы қайтыс болған) - Сарайшықта жерленген. Ал Жәдіктің жерленген жері Үргеніштегі Бақырған атаның жаны екендігіне қарап, оның себебін Есім хан атасының мұсылманшылдығы мен діни ұстанымымен түсіндіруге болады. Кейіннен бұл жолды Есім ханның әкесі Шығай хан да жалғастырып, қайтыс болғаннан кейін Бұхара түбіндегі Күміскент қалашығындағы Әли-ата жанына жерленеді. Атасы мен әкесінен қалған дәстүрді Есім хан да жалғастырып, о дүниелік болғаннан кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жанына жерленеді. Біз бұл туралы осы жұмыстың келесі беттерінің бірінде арнайы тоқталамыз.

Есім ханның әкесі Шығай хан

Ал енді Есім ханның әкесі Шығай ханға келсек, оның 1580-1582 жылдары хан болғаны баршаға мәлім. В.В.Вельяминов-Зерновтың көрсетуі бойынша Шығай хан ұзақ өмір сүріп, 80-нің о жақ, бұ жағында қайтыс болған. Осыны негізге ала отыра, XVI ғасырдың алғашқы жылдары дүниеге келген Есім ханның әкесі шамамен 20 жасқа келгенде Қазақ хандығындағы уақытша әлсіреу кезеңі басталады да, небір аса ауыр күндер мен жылдарды басынан өткереді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Жәдік сұлтан бір ұлымен ноғай мырзасының қолынан қаза тапса, оның туған бауыры Тоғым хан өз ұлдары және ең жақын туыстарымен, барлығы 37 сұлтанмен бірге моғол ханымен өткен шайқастардың бірінде шахит болады. Әдік сұлтан әулетінен 24 қазақ сұлтаны шайбанилықтардан жеңіліп, мерт болғанын айтып өттік. Міне, осындай қиын-қыстау жылдары Есімнің әкесі Шығай сұлтан ел басына түскен қиыншылықты басқалармен бірге бөлісіп, ат үстінен түспей, қаруын қолынан тастамай қазақ елінің тұтастығы мен бірлігі жолында үнемі жорықтарда болады, талай шайқастарға қатысады. Ол туралы Қадырғали Жалайыр: Шығай ханның хикаясы әрқашан оның батырлығымен мәлім, мәшхүр болды,- деп жазады. Қадырғали Жалайырдың Шығай хан туралы бір-ақ сөйлемдік дерегінен оның бүкіл ғұмыры күреске толы болды, ол жауларымен алысты-арпалысты, айбатымен жауларын қашырды, ерлігімен жақынының мерейін тасытты, сөйтіп бүкіл елге батырлығымен танымал болды деген ойларды оқуға болады. XVI ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап Шығай сұлтан Хакназар ханның жанынан табылып, шашырап кеткен елдің басын қосуға, талапайға түскен жердің тұтастығын қалпына келтіруге бар күшін салып, күрестер жүргізеді. Сондай күрестердің бірін 1569 жылы Ноғай Ордасына келген орыс елшісі Семен Мальцев жазып өтеді. Оның айтуы бойынша Қазақ Ордасынан Хақназар хан, Шығай сұлтан, Жалым сұлтан және тағы 20 сұлтан келіп ноғайлармен соғыс жүргізген. Ал Хафиз Таныш болса Шараф наме-йи шахи атты еңбегінде шайбанилық II Абдулламен одақ құрған қазақ билеушілерінің арасында Хакназар ханның, Шығай сұлтанның, Жалым сұлтанның, Достай сұлтанның есімдері аталады. Шығарма авторы Шығай сұлтанның қатысуымен болған оқиғаларды баяндай келе, Есім ханның әкесіне мынадай баға береді: Шығай хан далада өсіп, небір қиыншылықтарды басынан өткерген адам, ол көп жылдар бойы өмірдің ащысы мен тұщысын қатар татты. 1580 жылы Хақназар хан кенеттен қаза тапқаннан кейін қазақ қоғамындағы сұлтандар арасындағы ең беделді, жас шағынан алғанда ең жасы үлкен тұлға Шығай болып, ол хандық билікті өз қолына алады. Бірақ оның билігі ұзақ болмайды. 1582 жылдан бастап оның есімі деректерде кездеспейді.
Шығай ханның денесі Бұхара қаласы маңындағы Күміскент қалашығындағы Әли ата жанында жерленгенін жоғарыда атап өттік. Бұл да Есім хан әкесінің мұсылманшылдығы мен діни ұстанымынан туындаса керек.

Есім хан туралы жазба деректерде

Қадырғали Жалайыр оның үш әйелінен тоғыз ұлы болғанын жазса, тарихшы Т.И.Сұлтанов әртүрлі шығыс деректеріндегі мәліметтерді салыстыра, толықтыра келе, Шығай ханның он екі ұлы болғанын айтып, олардың есімдерін атап көрсетеді. Олар мыналар: Сейітқұл сұлтан, Ондан сұлтан, Тәуекел, Есім, Шахмұхаммед, Әли, Сұлұм, Ибрагим, Шахим, Кучук, Абулай және Бусайд.
Шығай хан ұлдары ішінде танымал болып, жазба деректерде кездесетіндері бірнешеу. Сейітқұл сұлтан, Ондан сұлтан, Кучук сұлтан және Абулай сұлтан секілді Шығай хан ұлдарының есімдері XVI ғасырдың соңы мен - XVII ғасырдың басындағы қазақ тарихындағы әртүрлі оқиғаларда жиі болмаса да кездесіп отырады. Ал хан тағына келіп, қазақ елінің саяси тізгінін қолдарына ұстағаны екеу, олар - Тәуекел хан мен Есім хан.
Есім ханның туған ағасы Ондан сұлтан шамамен 1555 жылы дүниеге келген. Ол ержүрек батыр, садақ атудың шебері, жауларына қарсы күрестерде көп ерлік жасаған, сондай-ақ Шығай хан тұсында қазақ әскерінің бас қолбасшысы болған екен. 30 жасында қалмақтармен болған шайқастардың бірінде қаза тауып, Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жанына жерленген. Шежірелер жинағының авторы Ондан сұлтан туралы мынадай мәліметтер береді: Ондан сұлтанның бірінші әйелі - Алтын ханым - Үсек ханның баласы Болат сұлтанның қызы. Одан Оразмұхаммед - хан мен Тәтті ханым дүниеге келеді. Ал екінші әйелі - Чүйім ханым - Бұрындық ханның ұлы Кемсін сұлтанның қызы екен.Одан Көжек сұлтан туылып, Тәуекел әскер басыларының бірі болып жүр. Көріп отырғанымыздай, біз қарастырып отырған Есім ханның ата-бабалары, бауырлары, оның ішінде әкесі - Шығай хан мен атасы - Жәдік сұлтан XV-XVI ғасырлардағы Дешті Қыпшақтың саяси тарихында белгілі бір дәрежеде роль атқарған саяси тұлғалар және жерленген жерлеріне қарағанда исламды ту етіп ұстаған иманды жандар болған екен.
Ал енді Есім ханға келсек, ол - Шығай ханның он екі ұлының бірі, Сейітқұл сұлтаннан, Ондан сұлтаннан және Тәуекел ханнан кейінгі төртінші ұлы. Анасы шағатайлық Яқшым бике(Жақсы бике болуы да мүмкін). Тәуекел хан екеуі бір анадан туған. Оның толық есімі - Есмұхаммед (Ишмұхаммед), бірақ жазба дерек мәліметтері мен ауыз әдебиетіндегі материалдарда, сондай-ақ тарихи әдебиеттерде Ишим, Ашим, Есим, Есім түрінде кездеседі. Т.И.Сұлтановтың дәлелдеп көрсетуі бойынша ортаазиялық халықтар мұндай қоссөзден тұратын ұзақ атауларды өз тілдерінің ерекшеліктеріне сай икемдеп алып отырған. Мысалы, Досмұхаммед деген есімді - Достымға, Хажымұхаммедті - Қажымға, Шахмұхаммедті - Шағымға, Жолмұхаммедті - Жолымға өзгерткен. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде, қазақ тілді қазіргі тарихи әдебиеттерде бұл есім - Есім хан түрінде кездесетіндіктен, біз де осы нұсқаны одан әрі қолданамыз.
Есім ханның нақты қай жылы дүниеге келгені белгісіз, бірақ оны шамалап айтуға болады. Қадырғали Жалайыр дерегіндегі Оразмұхаммедке қатысты Сегіз жасында атасы Шығай ханнан айырылды. ...Он үш жасында өз әкесі Ондан сұлтан шахит болды. ...Он алты жасында бүкіл христиан падишахы Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын болды деген мәліметтерден Есім ханның ағасы Ондан сұлтанның 1555 жылы туып, 1585 жылы қаза тапқанын білгеннен кейін, інісі Есім ханды шамамен 1560 жылдың о жағы мен бұ жағында дүниеге келген деп есептейміз.
Есім ханның есімі жазба деректерде 1598 жылдан бастап кездесе бастайды. Ал оған дейін ол Дешті Қыпшақтың көптеген сұлтандарының қатарында айтылады. Шараф наме-йи шахи еңбегінің авторы Хафиз Таныш 1579-80 жылдары Дешті Қыпшақ пен Мауереннахрдағы оқиғаларды баяндай отыра, қазақ билеушілерінен Хақназар ханды, Жолым сұлтанды, Шығай сұлтанды, Достай сұлтанды нақты атап өтіп, олардың жанындағы басқа сұлтандарды олардың ұлдары мен інілері деп жалпылама атап өтеді. Осы жылдары жасы 40-қа келіп қалған Есім де сол тұстағы оқиғаларға белсене араласқан, бірақ Хақназар хан, әкесі Шығай сұлтанның ұлдары мен інілері қатарына жатқызылып, жалпылама көптің ішінде аталған дейміз.

Есім сұлтанның таққа келуі

1598 жылғы Орта Азиядағы оқиғаларды және соған байланысты Қазақ хандығының жүргізген саясатын баяндайтын деректерде Есім сұлтанның есімі алғаш рет нақты кездесе бастайды. Бұл кезде Есім сұлтан ағасы Тәуекел ханнан кейінгі ең беделді,ең атақты сұлтандардың бірі болатын. Оны жазба деректер де дәлелдейді. Есім сұлтанның осы кезеңдегі тұлғалық бейнесін ашып көрсету үшін сол жылдардағы оқиғаларға тереңірек үңіліп көрелік.
1598 жылы Орта Азияда шайбанилық II Абдулла, көп ұзамай сол жылдың жаз айларының бірінде оның ұлы, әрі мұрагері Абд ал-Мумин хан өлтіріліп, билікке үміткерлер арасында күрес басталып кетеді. II Абдулланың белгілі әмірлерінің бірі, әрі оның жақтасы, Абд ал-Муминді өлтіруге қатысқан Абд ул - Уаси би деген әмір Тәуекел ханға хабар жіберткізіп, оны қолдайтынын білдіреді де, Орта Азияны бағындыруды үгіттейді. Осыған байланысты Тәуекел хан тез арада 100 мыңдық әскер жиып, аумақты жаулауға аттанып кетеді. В.В.Вельяминов-Зернов Тәуекел ханның Орта Азияға жорығын Искандер Муншидың деректеріне сүйеніп баяндайды. Біз бұл жерде бүкіл баяндауды қарастырмай, тек қана Есім сұлтанға қатысты жерлерге тоқталып өтеміз.
Тәуекел хан көп қиындықсыз аз уақыт ішінде Орта Азияның Ташкент, Түркістан, Ахси, Андижан, Самарқан сияқты ірі қалалары мен өңірлерін басып алады. Самарқанда 20 мыңдық әскермен інісі Есім сұлтанды қалдырады да, өзі 70-80 мың әскерді басқарып шайбанилар әулетінің астанасы Бұхараға бет алады. Тәуекел хан қаланы қоршап алады, бұхарлықтар қала бекінісін нығайтып, жан аямай соғысуға бел буады. Он бір күн бойы алма-кезек ұрыстар болып тұрады да, он екінші күні Бұхара әскері қаладан шығып қазақтарға шабуыл жасайды. Таң атқаннан күн батқанға дейін шайқас болып, нәтижесінде қазақ әскерлері шегінуге мәжбүр болады. Мұндай хабарды естіген Есім сұлтан ашуланып ағасына мынадай сипатта хабар жібереді: Соншама әскермен азғантай ғана Бұхара әскерінен жеңіліп, шегіну деген ұят және өте қатты ұят нәрсе, егер хан Самарқанға келсе, бұл жақта да Бұхара жақтағыдай самарқандықтардың бізге бағынбауы мүмкін. Хан шегінісін тоқтатып, кері оралсын, мен оған өз әскеріммен қосыламын. Тәуекел хан інісінің кеңесін құп алады да, қайтадан Бұхараға бет алады. Көп ұзамай оған Есім сұлтан келіп қосылады. Бұхараға да Балхтан көмекке күш келіп жетеді. Екі жақ арасындағы шайқастар қайта жалғасып, бір айдай уақытқа созылады. Соғысушы екі жақ түпкілікті жеңіске жете алмайды. Осындай бір сәтте Тәуекел хан әскерді өзі бастап ұрысқа түседі. Қарсыластар жағынан көп әскер шығынға ұшырап, бұхарлықтардың ең беделді және танымал адамдары қаза табады. Осы шайқаста Тәуекел ханның өзі де ауыр жарақат алады. Хан жараланғаннан кейін қазақ әскерлері Ташкентке оралады. Ал көп ұзамай Тәуекел хан қайтыс болады. Міне, осы келтірілген дерек мәліметінен Есім сұлтан туралы бірнеше пікір айтуға болады. Біріншіден, ол Тәуекел ханнан кейінгі билеуші әулет ішіндегі ең көрнекті тұлғаның және әскер басылардың бірегейі болса керек. Екіншіден, көп әскермен Бұхара түбінен шегінген Тәуекел ханға айтқан сөзі және сөзін ханға тыңдата білуі оның қайсарлығын, өжеттілігін, намысшылдығын, табандылығын білдірсе керек.
Т.И.Сұлтанов Есім ханды 1598 жылдың күзінде хан тағына отырды дей келе, Тәуекел ханнан кейінгі қазақ сұлтандары ішінде ең лайықтысы Есім сұлтан болатын деген пікір айтады.

Есім хан тұсындағы елдің сыртқы және ішкі саяси жағдайы

Тәуекел хан қайтыс болып, Есім хан таққа келгеннен кейінгі ең алғашқы жүзеге асырған шарасы Мауереннахрға қатысты түйінді мәселені шешіп, оны ретке келтіру болатын. Искандер Мунши ол жөнінде былай деп жазады: Біршама уақыт өткеннен кейін Нахшбендилік шейхтердің араласуымен Ташкенттегі қазақ билеушісі мен ортаазиялық билеушілер арасында бейбітшілік орнатылып, Самарқан әскерлері Ташкентке қарсы ешқандай әрекет жасамайды деген келісімге келеді. Бұл дегеніміз - Қазақ хандығының аумағына Түркістан мен Ташкент аймақтарының қосылуын Мауереннахр билеушілерінің заңды түрде мойындағанын білдіреді. М.Қ.Әбусейітованың пікірінше, бұл келісім-шарт Түркістанды түпкілікті түрде, Ташкентті 200 жылға және Ферғананы уақытша Қазақ хандығының құрамына қосады.
Біздің ойымызша, Есім ханның билікке келуі осындай аса маңызды шараны жүзеге асырумен басталады. Жалпы алғанда Шығай ханның ұлдары Тәуекел ханның қайтыс болуы мен Есім ханның саяси билікті қолына алуы - қазақ елі тарихында бір дәуірдің аяқталып келесі дәуірдің басталғандығын көрсетеді.
XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап тарих төріне көтерілген ұлттық сипаттағы Қазақ хандығы өзінің сыртқы саясатындағы басты бағыттардың бірі етіп қазақ ру-тайпаларының жерлерін біріктіруді мақсат еткен болатын. Бір жарым ғасырға созылған күрес барысында Қазақ билеушілері жеңісті де, жеңілісті де көрген болатын. Қасым хан тұсында қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасқан болса, одан кейінгі уақытша әлсіреу кезеңінде ішкі бірліктің болмауы жарты ғасырлық күрес нәтижесін жоқ етеді. Хақназар ханның тұсында қайта басталған біріктіру процесі Шығай, Тәуекел хандар тұсында өз мәресіне жетеді. Ал оны заңдастыру, Қазақ хандығының басты қарсыласы - Мауереннахр билеушілеріне мойындату Есім ханның үлесіне тиеді. Есім хан үшін XVI ғасырдың соңғы жылдары көршілес елдермен қарым-қатынаста, қазақ халқының қалыптасқан этникалық территориясын мойындатуда өте қолайлы болды. Батыстағы ноғайлар XVI ғасырдағы үшінші саяси дүрбелеңді бастарынан өткеріп, Оразмұхаммед бидің (Ормамбет би) 1598 жылғы өлтірілуінен кейін мемлекет ретінде күйреудің соңғы сатысына көшеді де, ноғай ру-тайпалары жан-жаққа тарыдай шашылады. Олардың бір бөлігі Қазақ халқының құрамына қосылып, олардың көшіп-қонатын аумақтары қазақ халқының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ежелгі заңдары. Қасым ханның касқа жолы
Қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының бастаулары
Қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазыналар
Құқықтық әдет, оның құқықтың бастау көзі ретіндегі орны
«Қасымханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Үндістандағы «Ману заңы»
XV—XVIII ғасырлардағы Қазақ мемлекеттігі
Салықтар мен міндеткерліктер
Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің қалыптасуындағы әдет-ғұрып нормаларының ролі
Әдеттегі құқықтың көздері
XV-XVІІІ ғасырлардағы әдет-ғұрып құқығы
Пәндер