Ехоба (Иегова) куәгерлері



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ехоба (Иегова) куәгерлері
Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан кейін,халық арасында дінге деген қызығушылық пайда болды. Сол жылдары елімізге дүниенің түпкір-түпкірінен әр-түрлі бағыттағы діни ағымдар келе бастайды.Олардың ілімдері мен іс-әрекеттері біздің халқымыздың дәстүріне қайшы болып келеді.Енді солардың біреуіне тоқталсақ - Ехоба (Иегова) куәгерлері.
Соңғы жылдары "Иегова куәгерлері" атты діни жалған ағымның қатерлі әрекеті күшейіп кетті. Өздеріне қатысты қатаң бақылау мен тыйымның болмауын пайдаланып, аталған ұйым қатарына қандастарымызды кеңінен тартып, оларды мемлекетке, қоғамға және отбасына қарсы қоюға тырысуда.Иегова куәгерлері - еліміздегі аса қатерлі секталардың бірі. Ол 1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған діни ағым. Иегова куәгерлері әскерде қызмет етуге,әнұрандардың орындалуына, туларға құрмет көрсетуге қарсы. Рождествоны, туған күндер мен басқа да мерекелерді атап өтпейді.Сонымен қатар, Иегова куәгерлеріне қойылатын талаптардың тағы бір қатары мынадай: қауым бастығы берген бұйрықтар мен жарлықтарды талқыға салмау, қауымның бір мүшесі жасаған күнәні қауым бастығына жеткізіп отыру (өйткені, айтпаса ол күнә өзінің мойнына артылады деп санайды), Иегова іліміне күмән туғызбау (күмәнді сұрақ қойған адам ұйымнан шығарылады), ақырзаман орнағанда осы ұйым ғана аман қалатынына имандай сену, ұйым ішінде жүргізіліп жатқан әрекеттердің бәріне көңіл толу, сол жұмыстарды құлшыныспен әрі қарай жалғастыру және де осы ұйымнан тыс жерде ақиқат өмір жоқ екеніне, ұйым тарапынан айтылмаған кез келген ақпараттың жалған әрі өтірік, тек қауым бастығы айтқан сөздердің ғана шын екеніне, егер тәжірибе оқыған ілімдеріне сәйкес келмей қалған жағдайда, мұны шайтан адастырды деп сену - иеговистердің адамды алжастыру әрекетінің түпқазығы.
Иегова куәгерлері өздерін христианбыз деп есептейді. Алайда, Ресейдің көптеген шіркеу басылары бұл пікірді жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, Иегова куәгерлері ілімінде жүргендерге өз ұйымына қатысты айтылған сынды қабылдауға, басқа христиан храмдарына кіруге тыйым салынған. Ендеше, олардың қай жері христиан? Інжілді өзгертіп, өздерінің мақсат-мүдделеріне сай тәржімелеп алған Иегова куәгерлерін АҚШ-та рухани қарақшылар деп атайды екен. Жоғарыда айтылғандай борышты өтеу, ант қабылдау, Отанға қауіп төнгенде, қолға қару алу, мемлекеттік мерекелерді тойлау, туды және мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, сайлауда дауыс беру - олар үшін тыйым салынған, яғни харам. Бір сөзбен айтқанда, Иеговашыл жандардың маңдайына патриот болу жазылмаған. Сонда, жас жігіттер әскерге бармаса, елді кенеттен төнген қауіптен кім қорғайды? Иегова куәгерлері қауымының жетекшілері өз қатарындағы жас иеговашыларға жоғары білім алу мен ата-ананы тыңдауды да харам нәрсе деп түсіндіреді. Жоғарғы оқу орындарында білім алу көп уақытты алады, сондықтан Иегова құдайына құлшылық етуге уақыт болмайды дейді олар. Бұл аталған мәселенің жалған себебі. Ал шын себебі - жоғары білім алу адамның санасын оятады, дүниетанымын кеңейтеді. Білім қуған жастың аяғының астына періштелер қанатын жайып, ол рухани жоғары өрлейді. Осыны жақсы түсінген Иегова куәгерлері ағымының жетекшілері өздерінің теріс әрекеттері ашылып қалмауы үшін, құрамындағы адамдарды үлкеннің ақылын тыңдамауға, білім нәрінен сусындамауға үндеп, рухани құлдықта ұстайды. Оның үстіне, соңғы кездері Иегова куәгерлері қауымының мүшелері таратып жүрген кітапшалардан экстремизм белгілері табылып жатыр. Біздің еліміздегі иеговашылар өзінің туған отанында жүргендей, асып-саспастан әдебиеттерін таратып, халықтың санасын улауға әрекет етіп жатыр. Егер жоғары жақтан ескерту бола қалған жағдайда, кришнаиттер тәрізді, бұлар да өздерінің сыртқы күштерінің қолдауымен және көптеген халықаралық құқық қорғау ұйымдарына сілтеме жасай отырып, Қазақстанда демократия, діни сенім бостандығы тапталып жатыр деп дабыл қағары хақ. Қазақстан көлеміндегі басшылық орны - Алматыда. Куәгерлер өздерінің басқосуларын жиі-жиі өткізіп тұрады. Ай сайын ұйымның әрбір мүшесі өздерін жоғарыдан қарайтындарға табысының 10 пайызын, яғни ондық (десятина) деп аталатын садақасын ерікті түрде төлейді екен.
Ал, мұндай құлдыққа түссең, одан кері шығу жеңіл шаруа емес. Көп жандар үшін секта құлдығына апарар жол - бір бағытта ғана: кейін қайтар жол болмайды. Өйткені, санасы әбден уланып, жүрегі секта деп соққан адамды бұрынғы ортасына, қалыпты дүниетаным үрдісіне қайтару - қиынның қиыны. Ол жандар біз ғана дұрыспыз, қалғандарыңның бәрің - адасқансыңдар деген сөзінен танбайды. Ол өзінің таным мүмкіндігінен айырылып, кірген сектасына психологиялық тәуелді болып қалады. Алдымен өзі, сосын отбасы бұзылады. Осы тізбекті әрі жалғай берсек, отбасынан кейін қоғам, одан әрі мемлекеттің тұтастығына сызат түсері айдан анық. Сондықтан да, жастар өз бас бостандығымызды қадірлеп, сақтай білейік!
Америка Құрама Штаттарында Чарльз Тэйз Рассел тарапынан 1872 ж құрылған және 1931 жылдан кейін өздерін осы атпен таныта бастаған миссионерлер ұйымына берілген атау.
Көріністе хазреті Иса туралы киелі кітаптар туралы айтатын Иегова куәгерлері, шындығында "Дүние жаннаты" сенімін тарату үшін сионизм әмірінде жұмыс істейтін ағым. Инжил - Иегова атты тәңірлерінің сөздері екендігін, өздерінің хазреті Адамның баласы Әбілден хазреті Исаға дейін жалғасып келген ұзын кезеңдегі куәгерлердің соңғы өкілдері екендіктеріне сенеді. Иегова тәңірі хазреті Исаға жер бетіне Иса хандығы деп аталатын бір діни мемлекет құруын міндеттегенін және күнәхарлардың хазреті Иса арқылы Тәңір Иеговаға қайтадан байлана алатындығына сенеді. Құрылатын Иса хандығының 114 000 таңдалған еврей тарапынан басқарылатынына және Иегова куәгерлерінің осы хандықта өмір сүріп еш өлмейтіндеріне сенеді. Жаннатқа, Жаһаннамға және өлгеннен кейінгі тірілуге, періштелерге, тағдырға, қияметке және рухтың бар екендігіне сенбейді. "Өлім - адамның толығымен жоқ болуы" деп айтады.
Ұлттық және рухани құндылықтарды жоққа шығару және "Дүние Жаннаты" сенімін уағыздау жағынан коммунисттермен ұқсастықтары бар. Иегова куәгерлеры өз сенімдері және құрмақшы болған жүйелерінен басқа бүкіл діндерге, заңдарға, ұлттарға, байраққа, мемлекетке және әскерге дұшпан.
Кейбір христиандар "Иса - үш тәңірдің біреуі" деп сенеді. Иеговашылар жалғыз тәңір Иегова деп айтқанымен "Иса Иегованың ұлы, үстем жаратылыс" деп сенеді. Хазреті Исаны тәңірліктен шығаруы және рухты қабыл етпеулері католик, православ протестан христиандарының ызасын келтіреді. Иеговашылардың сенімі бойынша басқа христиандардың сеніміндегідей барлық бала күнәхар болып туылады.
Сенімдерін үйрету үшін христиандықтарын жасырады. Иегованың орнына "Аллаһ" және басқа да мұсылмандық терминдерін қолданады. Жылы, жағымды сөздермен әсіресе мұсылман балаларын алдауға, өз мақсаттарына қызмет еттіруге талпынады. Тапқан-білген адрестеріне кітапшалармен (брошюра), хаттар жібереді. Көркем, сәнді киінген әдемі қыздарды әрбір есіктерді аралатып үйлерге, жұмыс орындарына осындай хаттарын таратады.
Мұсылмандар дінінің негізін өте жақсы білгендіктен бұлардың сандырақтарына өтіріктеріне айлаларына түспеуде.
Аллаһу та'ала бәрімізді, осы және осыған ұқсас азғындардың қате пікірлеріне және пропагандаларына алданудан сақтасын!
Иегова куәгерлері діни бірлестігін Қазақстанда екінің бірі біледі. Өйткені, ағым мүшелері елімізде өздерінің діни насихат іс-әрекеттерін белсенді жүргізіп жатыр. Дәл осылар секілді, көшеде кетіп бара жатқан адамды тоқтатып алып немесе әрбір үйдің есігін қағып, көрінген адамның іші-бауырына кіре түрлі-түсті көз тартар кітапшаларын таратып, онымен қоймай өздерінің Інжілді оқыту жиналыстарына шақырып, жатпай-тұрмай еңбектеніп жатқан өзге діни ағымдар өкілі некен-саяқ. Әлем бойынша жеті миллиондай мүшесі бар Иегова куәгерлері бірлестігінің насихат таратушылары Қазақстанның әрбір қаласында қаптап жүр. Әсіресе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарында ірі ұйымдары орналасқан. Иегова куәгерлері кезінде фашистік Германияда көрген қуғындары жөнінде әңгімелегенді жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни бірлестіктер
Христиан діні әлемдік дін
Дәстүрлі діннің белгілері
Иегова куәгерлері
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Иегова
Қазақстандағы неопротестанттық ағымдардың миссионерлік қызметі
Қазақстандағы миссионерлік әрекет
Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
Қазақстан және келімсек діндер
Пәндер