ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ӨЗІНДІК ӨРНЕГІ


Әбіров Дәурен Тастанбайұлы (6. 10. 1923 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылы) - биші, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988), Қазақстанның халық артісі (1984) .
Алматы хорегр. уч-щесін, Мәскеудің Луначарский атындағы ГИТИС-нің балетмейстерлік бөлімін бітірген (1952) . Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1952 - 1977 ж. Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының балетмейстері, бас балетмейстері қызметінде Великановтың “Қамбыр-Назым”, Е. Брусиловскийдің“Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, Жұбанованың “Аққанат” балеттерін қойған. Биші ретінде “Жизель”, “Аққу көлі”, “Бақшасарай фонтаны”, “Баядерка”, “Шопениана” т. б. балеттерде жетекші партияларды билеген. Пуни мен Глиэрдің “Эсмеральда”, Глазуновтың “Раймонда”, Меликовтың “Фархад-Шырын”, Яруллиннің “Шурале” балеттерін сахнаға бейімдеген. Сондай-ақ “Біржан-Сара”, “Қамар сұлу”, “Айсұлу” операларына, көптеген концерттік билер қойған. 1984 - 89 ж. Жүргенов атынд. Мемл. театр және кино инст. кафедра меңгерушісі, 1989 - 97 ж. хореогр. бөлімінің жетекшісі болды. 1997 жылдан бері театр және кино ин-тың Жоғарғы хореогр. мектебінде ұстаз. Зерттеуші ретінде “Қазақтың халық билері” (Ә. Исмаиловпен бірге, 1961, 1984), “Қазақ биінің кәсіби сахнада қалыптасуы мен дамуы” деген тақырыпта кандидаттық диссертацияқорғаған (1979) . [1]
Дәурен Тастанбекұлы Қазақ ұлттық өнер академиясында 1978-2001 жылдар аралығында қызмет еткен ұлағатты ұстаз. ГИТИС - Ресей театр өнері академиясын 1949 жылы бітірген ол еліміздің тұңғыш балетмейстері болды. Көп жылдар бойы Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында қызмет етіп, көптеген балеттердің қоюшысы болды. 1994 жылы осы оқу орнында, онан кейін Қыздар педагогикалық институтында (қазір университет) хореография кафедрасын ашты. Эдуард Мальбеков, Инэсса Манская сынды ҚР еңбек сіңірген әртістері оның тәрбиесін көрген. Қазақтың тұңғыш балетмейстері 2001 жылдың 5-ші мамырында дүниеден озды
Мінтай Тілеубаев академияның 1975 жылдан бергі ұстазы. Ресейдегі Н. Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясының түлегі. 1994 жылғы хореография кафедрасының ашылуына атсалысқан. 1998 жылғы жаңа елорданың ашылу салтанатының Бас қоюшысы болған.
«Ол студент кезінен қойылымдар сахналап, оқу бітірген соң бірнеше жыл сол Консерваторияда қызмет етті. Кейіннен Алматыға келіп, еліміздегі хореография өнерінің дамуына көп еңбек сіңірген еді», дейді өнер қайраткерінің жұбайы Светлана Тищенко. Оның айтуынша, алдағы желтоқсан айында М. Тілеубаевты еске түсіру концерті өткізілгелі отыр.
Ұстаздың үлкен ұлы Марат қазір музыкант, «Улыбка» балалар қуыршақ театрының дыбыс режиссеры. Ал әкесінің жолын қуған кейінгі ұлы Майлен бүгінде Жапониядағы Токио балет театрының жетекші солисі.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ӨЗІНДІК ӨРНЕГІ
Ұлттық би республикамыздың шартарабында қаулап өскен көптеген кәсіби, әуесқой халық ансамбльдерінің, жүздеген көркемөнерпаздар үйірмелерінің репертуарына берік еніп отыр. Мұның өзі тәуелсіздік ел болған заманымызда шырқау биікке көтерілген өнеріміздің өскелең түрі - ұлттық биіміздің де белгілі дәрежеде әсерлі қызмет атқарып отырғанын дәлелдейді. Ал, осы өнердің сарқылмас мұрасын әлі де зерттеу зәру тақырыптардың бірі.
Қазақ биі өзінің дамуында ұзақ та күрделі жолдан өтті. Бишілердің, хореографтардың бірнеше ұрпағының ізденімпаздық күшімен, қажырлы еңбегімен, талантты талпынысымен пайда болып, қалыптасқан қазақ биі қазір өзіндік өрнегімен, ұлттық ерекшелігімен, қайталанбас бет-бейнесімен көрермен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.
Қазақ биінің жұлдызы, Қазақ КСР Халық артисі, қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шара (Гүлшара) Жиенқұлованың шығармашылығы халықтық өнердің кең қанат жайып, тамаша дамуына үлкен үлес қосып, ұлттық хореографияны әлемдік деңгейге шығарды. Өткен жылы Шара апаның туғанына 100 жыл толған еді. Өзінің бишілік өнерін Тәттімбеттің «Былқылдағы» мен Құрманғазының «Айжан қызынан» бастаған Шара апай қазақтың сан түрлі ән-күйлерінің мазмұнын би тіліне аударып, сол арқылы белгілі бір ойды шеберлікпен сөз етсе, басқа да халықтардың билерін орындай отырып, сол Кеңес Одағы халықтарының достығын талмай жырлайтын тұлға еді. Шара апа репертуарынан бейбіт өмірге ұмтылған түрлі ел халықтарының билері де орын алды. Алғаш рет 1965 жылы «Қазақ биін» дербес пән ретінде оқу бағдарламасына енгізді. Ол өз тәжірибесіне сүйене отырып, көптеген қимылдарды, билерді, теориялық еңбектерді дүниеге әкеліп, шәкірттерін кәсіби тұрғыдан оқытты.
Қазақстанның халық артисі, өнертану ғылымдарының кандидаты, хореография профессоры Дәурен Тастанбекұлы Әбіровтің туғанына биыл 90 жыл.
Дәурен Әбіров - қазақ хореографиясының жарқын құбылысы. Ол орыс және кеңес хореография өнерінің дәстүрлеріне сүйеніп қоймай, өз халқының мәдениетімен, тарихымен және бүгінгі тыныс тіршілігімен тығыз байланыста болды. Оның туындылары қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін жетік білуімен ерекшеленіп тұрды.
Дәурен Әбіров - қазақ биін жаңа тақырыптармен, бейнелермен байытып, қазақ биінің шеңберін кеңейтті, әрі қазіргі ұлттық-сахналық бидің негіздерін дамытып, шығармашылық ізденісте болып, ұлттық хореографиялық өнердің кәсіби жанрларына көп жаңалық енгізді. Оның бишілік, балетмейстерлік, зерттеушілік мәнері бүкіл хореографтарға сабақ. Қазақтың-сахналық би өнерін жүйелеп, негізін қалап, іс-тәжірибе жөнінде насихаттау арқылы оларға қазіргі өзіндік орындаушылық дәстүрді енгізген, халқымыздың ежелден болған би өнеріне тың леп қосып, кейінгі ұрпаққа кемелдендіре жеткізуші хас шебер тұлға.
Ш. Жиенқұлованың ісін әрі қарай жалғастырып келе жатқан шәкірті Ғ. Бейсенова көп жыл Алматы А. Селезнев атындағы хореографиялық училищесінде «Қазақ биінен» дәріс беріп келеді. Өз әдістемелік бағдарламасы да бар. Қазіргі өнер оқу орындарындағы қазақ халық биін оқытуда бұл бағдарлама өте құнды болып келгені анық. Ғ. Бейсенованың құрастырған бағдарламасы арқылы қазіргі қазақ биін оқыту қарқынды дамып отырғанын мойындауымыз керек.
Қазіргі таңда Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетіндегі Хореография факультетінде қазақ биінен сабақ беріп жүрген ҚР еңбек сіңірген артисі, өнертану кандидаты, профессор Тойған Оспанқызы Ізімнің қолтаңбасы өте ерекше. Тойған Оспанқызы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің қатысушыларына «Қазақ биін оқыту теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың бағдарламасы мазмұнды болды, студенттер үлкен кәсіби шеберлік көрсетті. Станок жанында, зал ортасында үйлесімді құрастырылған жаттығулар өте әсерлі, студенттердің сабаққа деген белсенді қызығушылығы байқалды. Профессордың педагог-хореографтар көп біле бермейтін ұмытылып бара жатқан сирек кездесетін қимылдарды және алтын қордағы, соның ішінде Б. Аюхановтың «Балбырауын», Ш. Жиенқұлованың «Былқылдақ» билерін үйретуі жас ұрпаққа таныту, жеткізу деп білеміз. Ұтымды жері сабақтың қазақ тілінде өтуі. Ашық сабақ оқытушыларға, жетекшілерге, студенттерге маңызды практикалық сабақ болды, олар білімдерін жетілдіріп, қомақты қажетті мағлұмат алды деуге болады.
Қазіргі қазақ биін оқыту барысында халық биі мәдениетінің қалыптасуы мен тарихи дамуын, қазақ биінің терминологиясын, пластикалық ерекшелігін жете түсініп білу, билеу техникасын терең меңгеруін мейлінше айқын мәнерлілікті және саздың мазмұнын терең түсіну міндеті қойылады.
Сонымен қатар, қазақ биінің негізін салушылардың, олардың халық мұрасына айналған би шығармаларын білу. Ә. Ысмайлов, Ш. Жиенқұлова, Д. Әбіров, З. Райбаев, Б. Аюханов, О. Всеволодская-Голушкевич, М. Тілеубаевтардың қазақ би мұрасына айналған әсем билерін келесі ұрпаққа жеткізу бүгінгі күннің міндеті. Сондықтан да, шәкірттерге олардың билерінің орындалу сипатын, нақышы мен мәнерін көрермен көпшілікке әсерлі жеткізе білу міндеті жүктеледі.
«Алтын қор» билері қазақ биінің қимылдарының орындалу әдістемесін білуде, қазақ биінің орындау техникасын арттыруда, өз бетінше жұмыс істеуге машықтануда, қазақ биінен нұсқа түрлерін құрастырып, көрсете білуде, өз орындаушылық деңгейін көтеруде көп септігін тигізеді. Бүгінгі күні Ш. Жиенқұлованың «Айжан қыз», «Қазақ вальсі», Ә. Ысмайловтың «Құсбегі-дауылпаз», Д. Әбіровтың «Қоштасу», «Алтынай», «Балбырауын», З. Райбаевтың «Мерекелік сюита», «Шолпы», «Ата толғауы», «Биші қайың», Б. Аюхановтың «Аққу», О. Всеволодская-Голушкевичтің «Кербез би», «Киіз басу» т. б. билері қазақ биін оқыту оқу бағдарламаларына енгізіліп жүргені белгілі.
Ш. Жиенқұлованың Құрманғазының күйіне қойылған «Айжан қыз» биінде қазақтың өрнек тоқу өнері бейнеленген. Онда ұршық иіру, жіп орау, кілем тоқу процестері ерекше әсем қимылдар арқылы көрсетіледі. Л. Хамидидің «Қазақ вальсі» биінде қыздар жігіттермен жұптаса билейді. Осы шығарманы біз әншілеріміздің орындауында сан рет естіп жүрміз. Ал Шара апай «Қазақ вальсін» би тілінде өзінше баяндайды, музыкаға сай толқыған би кестелерін тоқиды, әдемі, қызғылықты би қимыл композициясын жасады. Кейде кербез, кейде ұршықша үйірілген әсем дене қимылдары, бет мимикасы арқылы әртіс жастардың шаттық, көңіл күйін, бақытты өмірін бейнелейді. Шара өзі орындаған хореографиялық қойылымдарда бүгінгі күннің рухын беруге көп көңіл бөлді.
Ә. Ысмайыловтың 1957 жылы Қазақтың ән-би ансамбіліне қойған «Құсбегі-дауылпаз» қазақтың халық биі. Би саятшылардың бала бүркітті баулуын бейнелейді. Биге екі орындаушы қатысады. Біреуі құсбегі, сол қолына бүркіт ұстаған, ал оң қолында етке ұқсас қызыл мата. Екінші орындаушы дауылпаз, биді барабанмен сүйемелдейді. Ол аңшының қимылдарын ықыласпен қадағалап жүріп, оның біресе оң жағына, біресе сол жағына өтіп отырады.
Д. Әбіровтің мейлінше қарапайым халық өмірінің халық ортасынан шыққан, шынайылығымен әркімнің жүрегіне жақын, жанына жайлы терең түсінікті билерінің бірі «Қоштасу» (немесе «Бес қыз») . Балетмейстердің бұл туындысы өзге билерге ұқсамайтын өзіндік өрнектерімен дараланған. Өйткені, би халқымыздың әдет-ғұрпына негізделеген. «Қоштасу» - қазақ биінде маңызды орын алды. Әрбір жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде бұл би үлкен роль атқарып келеді.
Д. Әбіровтің қазақ қыздарының әсем, екпінді қимылдарын көрсеткен қойылым «Алтынай» күй ырғағына негізделген «Алтынай» биі. «Алтынай» биінің бірінші бөлімінде жігерлі, қажырлы, жылдам әуенге би тілімен сымбатты, нәзік қыздардың бейнелері, екінші бөлімінде ырғақ жәй, сабырлы орындалып, нәзік, биязы қыздардың тал бойындағы ерекше әсем қимылдар көрінісі әдемі «иілу», «толқын» қимылдары жеке, топтық түрде орын алған, ал, үшінші бөлімде қайта жігерлі, жылдам би қимылдары «айналма» түрлері, еңбек процестеріндегі әйелдер қимылы «ұршық иіру» енгізілген. Мысалы, Құрманғазының «Балбырауын» күйінің желісінде қойылған «Балбырауын» биінің техникасы күрделі. Ол классикалық элементтерді үйлестіру арқылы би әрекетін шебер құрастырып, бай сахналық қимылдармен әрлендірген. Классикалық секірулер, ырғақпен жалғыз аяқтап нық ырғулар, денелерін бүге кең секірістер, иық, буын, «теңселу», «молдас», «тепең жорға» қимылдары жігіттердің батыл бейнелерімен бір тұтастықта қабылданады.
З. Райбаевтың «Мерекелік сюита» композициясы қазақтың сахналық биінің шын мәніндегі биік мектебі деуге болады. Қайсарлыққа, қажырлыққа, әр түрлі ырғақты сұлуда мәнді мәнерге толы бұл биді қазақ биінің биік шыңы десек артығы жоқ. Бұдан басқа да үлкен шеберлікпен қойылған билері бір төбе. «Ата толғауы» биі Н. Тілендиевтың «Ата толғау» күйіне негізделген. Лирикалық қыздар биі. Би - халықтың тұрмыс тіршілігін бейнелейді. Бишілердің қолдарында Аса таяқ аспабы. Музыка ырғағымен соғып әсем қимыл қозғалыстар жасайды. «Шолпы» биі зергерлік бұйымға қойылған. «Биші қайың» биінің ерекше қойылған би суреті шыныменен табиғат көрінісін суреттейді. З. Райбаевтың осы аталған қойылымдары мемлекеттік «Салтанат» ән-би ансамблінде қойылып, қазақ би мұрасына айналды.
Б. Аюхановтың терең мазмұнды образымен, адам жанын тебірентерлік күшті әсерімен баурап алған «Аққу» биі аққу қыздардың ғажайып бейнесін тамаша сомдаған қойлымы екенін мақтанышпен айтуға болады.
О. Всеволодская-Голушкевичтің «Кербез би» қойылымы қазақ қыздарының кербезденген болмысын ашып көрсетеді. «Киіз басу» биінде тек қана қыздар қатыспайды сонымен қатар ерлерде қатысып, киізді қарпу кезінде әлі де жүнді бостау киізді ширатып қатайту үшін, оны қоршаулап, шеңберлеп тігеді де жан-жағынан ұстап алып жігіттер лақтырады. Биде қыздар, ерлер қимылдары үндесіп, би тактысына сай музыкалық үн береді. Бұл қойылымдар «Алтынай» мемлекеттік этнографиялық ансамбльде қойылған болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz