Әдебиеттанудың философиялық әдістемелік мәселелері жайлы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Әдебиеттанудың философиялық әдістемелік мәселелері

21. Абайдың толық адам туралы филос-лық қорытысындағы Әль Фарабимен сабақтастығын, лирикалық шығармаларындағы ислам философиясының көріністерін түсіндіріңіз

Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтық»немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі көзге түседі. Жалпы «жан ұуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қаз. топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абай ғана терең барлап барған. Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылған ойларын «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны»деп жүйелейді. Адам жанына оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне(хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»-деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «сен үшеуіңнің басыңдағы қоспақ менің ісім депті. Бэірақ сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ойшыл ақын көп көңіл бөлген мораль фил-сы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үщ сүю»(имани гүл), «әділет» «шафағат» жайлы ой-толғаныстарыныңжелісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың «толық адам»жөніндегі ой пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз боллатын «толық адам» «жарым адам», «адам болу», «инсанияттың кәмаләттығы», «адамшылық»т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Абайдың «жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды жаратыпты»деген тұжырымы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, өсімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымның негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес»деген ой желісімен өзектес келеді. Абайдың адам бойындағы жан-қуаты жөніндегі танымы Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады.

22. Шәкәрім шығармаларындағы философиялық дүниетаным. Лирикалық шығармаларындағы ислам философиясының әсерін және оның негізгі желісі болғандығын түсіндіріңіз.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX гасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухаии, мәдени, әдеби өміріне кейде айтарлықтай белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтык, ағартушылық идеяларды уағыздаған, мол көркем мұра калдырған Шәкәрім Кұдайбердиев еді. Ол - әрі ақын, әрі прозалық, әрі аудармашы, философ, тарихшы, біршама журиалистикаға да араласты. Шәкәрімнің асқан жоғары білімдарлығына, Батыс пен Шығыстың мәжениетін жетік білгендігіне оның өзінен кейін қалдырған рухани мұрасы куә. Ол қазақтың тұңғыш кәсіби философы ретінде саналады, қазақ философиясының деңгейін кәсіби деңгейге көтере алды. Шәкәрімнің өлеңдерінде, поэмаларында, тарихи-философиялық трактаттарында Шығыс пен Батыс елдерінің талай ойшылдарының тек еңбектерінің аттары жазылмай, мазмұнын да аша білген. Соның нәтижесінде, Шәкәрімнің басқасына ұқсамайтын дүниетанымы қалыптасады. Себебі, Шәкәрімнің көп шығармалары терең философиялық, тарихи сипатта жазылған. Шәкәрім дүниетанымындағы маңызды да мәнді тағы бір аспектісі, оның динамиканы, яғни қозғалысты түсінуі. Оның ойы бойынша, қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі. Құран сөзі бойынша әлемнің пайда болуы - Құдайдың ықылас, еркіне байланысты кенеттен жасалына салған, сондықтан кез келген уақытта өзгеруі немесе жоғалуы мүмкін. Ал Шәкәрім философиясы бойынша, біртіндеп туатын қажеттілігіне қарай, белгілі бір тәртіп пен себеп - салдар қатынасы бойынша дамып отыратын мақсатты процесс. Шәкәрім дүниетанымдық көзқарасындағы жоғарғы қабатында сөз болатын мәселе түпие мен соған балама ретінде қолданылатын жан сөзі жайында ой толғайтыны бар:

Жаралыс басы - қозғалыс,

Қозғауға керек қолқабыс.

Жан де мейлі бір Мән де,

Сол қуатпен бол таныс,

Әлемді сол Мән жаратқан, - [5]

деп түп ие сөзінің синонимі немесе балама ұғымы ретінде «Жан» сөзі мен «Мән» сөзін тең дәрежедегі мағынасы жағынан бір ұғым ретінде қолданады. Бүкіл әлем немесе сол әлемнің ішіндегі жанды-жансыз нәрселердің бәрін де жаратушы қуат иесі - түп ие (арабша - Алла, парсыша - Құдай, қазақша -Тәңірі немесе Жаратушы) . Ал «Жаралыс басы - қозғалыс» болса, сол қозғалысты «қозғаған қуат - жан дейміз» деп, басты себепкер күш ретінде жанды ерекше даралап, атап өтетіні бар. Ақын «қозғаған қуат - жан дейміз» деп, «Жаралыс басы - қозғалыста» қозғаушы қуат күші жан болып саналатынын алдымызға жайып салады

23. Алашәдебиеттану ғылымының ұлттық дүниетаным негізінде дамуы және әд-ке оң әсерін, көркем әд-тің бір тапқа емес, тұтас халыққа қызмет ететінін дәлелдеген қорытындыларға талдау жасаңыз.

Кеңес үкіметі қоғамдық әлеу - к өмірмен бірге мәдени-әдеби өмірге де ұлкен өзгерістер әкелді. Өмірдің барлық саласында таптық принціп күшейе түсіп, ұлтжанды қазақ зиялылары түгелдей қуғын көрді. Алаш ордашыларға кешірім жасағанымен де (1919) олар саяси өмірден күшпен шеттетілді. Соған қарамастан 20-жыл-ң алғашқы жартысында әд. Ой-пікірлердің негізгі қозғаушы күші бұрынғышы алашшылдық идеялар болды. А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтар тек ағарту ісімен ғана айналысты. Қаз. Қаламгерлерінің басын қосып, құрылтай өткізуді ойластырған А. Байтұрсынов «Қалам қайраткерлері»жайында мақала жазып, сол кездің біраз мәселесін ашықта қатты айтты. Қаз. қаламгерлерінің арасына жік түсіп, төнкерісшілер шыға бастады. Заман ыңғайын тез аңғарып, кеңестік идеалогия жағына алғаш шыққандардың бірі С. Сейфуллин болды. Бірден револ-ны жырлауға кірісіп кеткен Сәкен бір ғана жылдың өзінде(1922) үш кітап шығарды. Бұл туындыларды пролеткультшылдар жаңа әдеб-ң үлкен табысына сынады. 1923ж. А. Байтұрсыновтың 50-жылдығы Орынборда өткізуге мәжбүр болды. С. Садуақасов баяндамасында Ахметті қаз. халқы үшін тарихи еңбек сіңірген Кенесары, Шоқан, Ыбырай, Абай істерін жалғастырушы қайраткер ретінде бағалады. С. Сейфуллин, М. Әуезов «Ахаңның 50-жылдығы»атты мақала жазды. Төнкерісшілір бұл оқиғадан кеңес өкіметіне арандатушылық нышандарын көрген болды. С. Мұқанов «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!». Мұнда Ахмет қызметі теріс бағаланды. «Еңбекшіл қазақтар арасынан Ахметке орын жоқ. Ахмет байдың ахаңы, «күле кіріп күңірене шығып жүрген арамзалардың тірегі» деп жазды. 1925жылы маусымның 18 күні РКП (б) орталық комитетінің «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты туралы»қаулысы шықты. 1926 жылы КазАПП ұйымы құрылды. Осындай қиын жағдайда ұлтжанды жазушылар да қамсыз қарап жатпады. Олар да ортақ мақсат үшін бас біріктіріп «Алқа»атты жазушылар ұйымын құруға кірісті. «Алқа»бағдарламасын М. Жұмабаев жасап пікір алысу үшін қолжазба куйінде тараған. «Алқа»бағдарламасы «Табалдырық», «Әдебиетіміз», «Бұл күнге дейігі төнкеріс хәм әдебиетіміз», «Әдебиет не нәрсе», «Әдебиеттің жалпы заңы», «Марксшылдық хәм әдебиет. Не жазуға?» атты тараулардан тұрады. Мағжан әдебиеттің даму деңгейі қоғамының дамуымен тікелей байланысты деген сыңаржақ теорияны жоққа шығарып, қаз. әдебиетін бай әд-ке жатқызған. Бар гәп оның зерттелінбей жатқанында. «Алқаның»маңызды жағы-мұнда көркем әд-ке түсініктеме берілуі. Құрғақ ақыл жалаң пәлсафа сөзге жат. Поэзияда сиқырлы сурет, жанды бейне болуы шарт. Уағыз айту әд-т емес, ол жігерді оятып жүректі қозғай білу керек. Ақынның міндеті-білім беру емес, терең сезім асқақ армандар ояту. Бағдарлама әд-ті тап куресінің құрамына айналдыруға қарсы.

24. Алаш әдебиеттану ғылымының көркем әдебиетті оның көркемдік заңдылықтары негізінде бағалауды талап етуін «Алқа»бағдарламасының ұстанымдары арқылы дәлелдеңіз

«Алқа»-ұлтжанды қазақ жазушыларының шығар-лық ұйымы. Қазан төнкерісінен кейін көркем әд-тен де таптықпринципті талап ете бастаған кезде қазақ қаламгерлерінің оған қарсылық, балама бағыт ретінде құрмақшы болған щығар-лық ұйымының бағдарламасын М. Жұмабаев бастаған алашшыл ақын-жазушылар 1924ж дайындап, сол кездегі көрнекті қаламгерлерге қолдан көшіріп 16 данасын пікір білу максатымен таратқан. «А-ның»бағдарламасын Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Садуақасов, С. Дөнентаев, Ж. Тілеуұлы т. б сияқты қаз. зиялылары, мәдениет-әдебиет қайраткерлері қолдаған. С. Садуақасұлы бағдарламаны «Еңбекші қазақ» газетіне жарияламақшы да болды. Бірақ РКП(б) Орталық комитетінің 1925ж 18 маусымдағы «Партияның көркем әд-т саласындағы саясаты туралы»қаулысы негізінде Ресей пролетариат жазушыларының ассоцияциясы (КазАПП) жұмыс істей бастады да Алқаға қатысы бар ақын-жазушылар «ұлтшыл»ретінде құғынға ұшырады. Сөйтіп Алқаның шығармашылық ұйым ретінде құрылып, жұмыс жазуына мүмкіндіктер берілмеді. Қолжазба күйінде сақталып қалған Алқаның бағдарламасы «Әдебиетіміз», «Бұл күнге шейін төнкеріс һем әдебиетіміз», «Әдебиет не нәрсе?Әд-тің жалпы заңы», «Марксшілдік һәм әд-т. Не жазуға» деген негізгі бес бөлімінен тұрады. «Табалдырық» аталған кіріспесі «Қаз. әд-ті тоғыз жолдың торабында тұр. Артында бір жол, алдында мың жол»-деген жолдармен басталады да қаз. әдебиеті қандай жолмен дамуы керек деген сауалға жауап іздейді. Көркем әд-ті қоғамның, техниканың дамуымен байланыстыра баға беретін Маркстік ілімнен өзгеше түсінік берілген. Қоғамдық, өндірістік қатынастар кен-желеу қалған қазақтың әд-ті де дамымаған деген таптық теорияны жоққа шығарып «Шынында қазақтың өзгеше терең әд-ті болған һәм бар»-деп мәлімдейді. Төнкерістің қазақ даласына сырттан әкелінгендігі, сол себепті де қазақ әд-нің рев-ны жырлауына негіздің жоқтығы «ұлттық әд-т өз соқпағымен жүру керектігі»айқын айтылды. Алқаның бағдарламасында искусствоның негізі -сезім, құралы-сезімінен туған сурет, мақсұты-білім бнру емес, сезім ояту-деп көрсетілді. Алқаның алған бағытының өміршең болғандығы ұлттық әд-дің даму тәжірибелерінен көрініп отыр.

25. Материалистік дүниетанымға негізделген марксизм эстетикасы және әдебиет. Кеңестік дәуір әде-гі материалистік дүниетанымның әсерінен пайда болған социалистік реализм әдісінің әд-ке әсері Соц-к реализм - кеңес дәуіріндегі көркемдік әдісі. Соц. р. әдісі өмірді таптық, парт-лық тұрғыдан бейнелеуді талап етті, еңбекші халықты коммунистік, социалистік идеялар рухында тәрбиелеу мақсатын алға жүргізіп отырған жаңа қоғамның әлеуметтік саяси, филос-лық, эстетикалық идеяларын уағыздап, өмір шындығын осы идеялар тұрғысынан бейнелеуді қажет деп санады. Соц. р. өмір құбылыстарын суреттеуде реализм әдісі қалыптастырған дәстүрлерге сүйеніп, оны жаңа кезеңдегі идеялық-эстетикалық принциптермен ұштастыра пайдаланды. Кеңес әд-ті күрескер, арманшыл адамдардың бейнесін жасауға ұмтылып, романтизм әдісінде әсіресе айқын бой кқрсететін қиялшылдық, өмірді көтеріңкі леппен бейнелеу секілді ерекшеліктерді де қолданды. Соц. р. әд-де асқақ қиял қоғамдық өзгерістер, рев-лық күрес туғызған өмірге сеніммен қараудың тарихи көрінісі болды. Кеңес әд-гі тарихи оптимизмнің осалдағы да міне осында еді. Соц. р. әд-нің алғашқы туындылары 20ғ-дың басында, пролетариаттың рев-лық күресі өріс алып, соц-тік рев-ның жеңуіне дайындық жүріп жатқан жағдайда жарық көрді. Мысалы, М. Горькийдің «Ана»романы, «Жаулар»пьесасы. Кеңес әд-гі көркем форма мен стиль саласындағы ізденістер жазушылардың творчестволық жаңашылдығының нәтижесі болды, өмірді жан-жақты бейнелеу мақсатынан туды. Алайда әд-т пен көркем өнерді ресми идеологияға бағындыру, әдеби процеске жоғарыдан нұсқау беріп, тікелей басшылық жасап отыру белең алған кездерде соц. р. әдісі, оған тән идеялық, таптық принциптер бұлжымас қағидаға айналып, іс жүзінде әд-ң саясатқа тәуелді болуына жол берілді. Бұл әдеби шығармалардың құндылығын саяси өмірге, қоғамдық, идеологиялық күреске жақындығы жағынан айқындауға, сөз өнерінің көркемдік мүмкіндіктерін толық ескермеуге әкеліп соқты.

26. ХХғ. 30-90 жылда-ғы қаз. әд-нің таптық ұстанымға негізделіп, ұлттық құндылықтардың терістелуін нақты көркем шығарма арқылы дәлелдеңіз

27. Тартыссыздық теориясының көркем әд-ке тигізген кері әсерін түсіндіріңіз

Қай жазушыға болмасын өмірді өзінің бар болмысымен, шындығымен көрсету үшін бір мәселені бір тұрғыдан шешіп алуы қажет. Ол-конфликті мәселесі. Тартыссыздық теориясының әдебиет шаруашылығына тигізген зиянының аз болмағаны белгілі. Алайда тартыссыздықтың да көрінісі әр қилы екенін көбіміз осы күнге дейін аңғара алмай жүрміз. Мәселен, ұнамды кейіпкердің бейнесін жасау үшін не қажет? Ең бірінші қажеттілік-ұнамсыз геройдың да, ұнамды геройдың өзі секілді, ірі, ақылды, оның үстіне жырынды болып көрінуінде. Екі жақтың іс-әрекетін шынайы дамытып, шын тартыстаррды нанымды суреттеу үстінде ғана ұнамды кейіпкер образын жасай аламыз. Ал біз болсақ осы қағиданы осы күнге дейін ескермей келе жатырмыз. Біз ұнамсыз кейіпкерді көбіне жанды қуыршақ есебінде ғана алып келдік. Қарғашаны жығу екінің бірінің қолынан келеді. Онда тұрған не ерлік бар?Нақтылап айтсақ, тартыссыздық теориясының бр көрінісі, міне, осында жатыр. Тартыссыздық теориясы бүкіл әдебиетімізге, жазушыларымызға қатты әсер етті. Мәселен Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» повесінде Жомарт пен Жақыптың, яғни ескі мен жаңаның арасындағы тартысты ширықтырып қатты бастағанымен аяғын тым жіңішкертіп, өте жеңілдетіп тастаған. Колхозшылар өміін көп әсірелеп, жылтыратып емес, рынсыз жалтыратып көрсетті. Біздіңше, автор бұл шығармасын қайта қарап, көп жөндеуі керек сияқты.

28. Әлем әд-гі модернистік ағымның етек алуына әсер еткен филос-лық көзқарастар. Материалистік эстетиканың түрлі ағымдармен таралуынан туындаған модернистік суреттеулерді түсіндіріңіз.

Модернистік әдебиет түрлері отандық және әлем әдебиетінде көптеп кездеседі. Қазақ әдебиетіндее де модернистік үлгіде жазылған шығармалар аз емес. Соның бірі О. Бөкейдің «Қар қызы» повесі. Қандай жағдайда болсын әуелі мазмұн туадыда өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Модернистік өнер түрлеріне символизм, экспрессионизм, акмеизм жатса, авангардтық өнер түрлеріне футуризм, сюрреализм, дадаизм кіреді. Символизм эстетикасының негізі 19 ғасырдың6070-жылдарында П. Верлен, С. Малларме, А. Рембо, т. б. шығармаларында көрініс тапты. Символистер теориялық түп қазығын немістің идеалист философтары А. Шопенгауэр, Э. Гартман, Ф. Ницше еңбектерінен алды. Ресей символистері батыстық символистердің ұстанған бағытын қабылдап, идеалистік философия тұрғысында шығармалар жазды (Д. Мережковский, Ф. Сологуб, З. Гиппиус, К. Бальмонт, т. б. ) . Орыс символистері сөз өнерін тереңдете мәнерлей түсті. Алғаш символизм ауқымында біраз шығармалар жазған орыстың көрнекті ақын-жазушылары А. Блок, В. Брюсев, т. б. кейінірек бұл бағыттан мүлдем бас тартты. Қазақ әдебиетінде символизм кең өріс алмағанымен, оның әсері 20 ғасырдың алғашқы ширегінде М. Жұмабаев, Б. Күлеев, С. Дөнентаев, т. б. қаламгерлер шығармаларында бой көрсетті. Экспрессионизм (фр. expressіo - бейнелеу) - еуропа өнері мен әдебиеттіндегі бағыт. Еуропадағы 20 ғасырдың 1-ширегінде болған әлеуметтік дағдарысқа жауап ретінде көрініс тапты. Экспрессионизм сол кезеңде өз заманындағы өркениет жұтаңдығына қарсылық көрсету ретінде пайда болды. Өнерде экспрессионизм принциптері 20 ғасырдағы кескіндемешілер П. Гоген (Франция), В. Ван-Гог (Голландия), Э. Мунк (Норвегия), Дж. Энсор (Бельгия) шығарм-нан көрініс тапты. Акмеизм - модернизм, импрессионизм, экспрессионизм, футуризм сияқты өткен ғасырдың басындағы жылдарға тиесілі көркем әдебиеттің көптеген ағымдарының бірі. Акмеизм - ХХ ғасырдың басында, революция қарсаңындағы халық мәдениетінің құлдырау, күйреу шағында туған орыс поэзиясындағы модернистік ағым.
Модернизм ықпалы қазақ әдебиетінде де байқалды. Онда адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы, қатыгездігі жайлы ойлар айтылды. М. Әуезов, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Аймауытов шығармаларында трагедиялық бейнелер бой көрсетті. Адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты жатсынуын бейнелейтін шығармалар 1960 - 1980 жылдары қазақ әдебиетінде көбіреккездесті. Мысалы, Ә. Кекілбаевтың “Шыңырау”, “Аңыздың ақыры”, Д. Исабековтың “Сүйекші”, “Тіршілік”, О. Бөкейдің “Мұзтау”, “Жетім ботасы”, т. б. шығармалар. Өмірдін соншалыкты дәрменсіз, қарсы түрар каукары жок бейшаралығын жазу ісін әдебиет өнерінде символизм яки модернизм деп атайды. М. Әуезов шығармалары, атап айтсак, “Жетім”, “Қорғансыздын күні”, “Қараш - Қараш оқиғасы” т. б. шығармаларының негізгі лейтмотиві, концептуалдық түйіні - қорғансыздар жайы. . «Қараш-Қараш оқиғасының» бас кейіпкері Бақтығұл көп уақыт барымтамен айналысады. Ұсталып қалып, соққыға жығылады. Бұдан кейін ол адал еңбектенгісі келіп Жарасбайға жалданады. Болыс бұны тағы барымтаға аттандырады. Жарасбай өзін ақтау үшін бар пәлені «қарақшы» - деп Бақтұғылға жабады. Бақтұғыл қашқын, кезбеге айналды. Бұл қорлыққа шыдай алмаған ол ақыры Жарасбайдан кегін алады. Қараш-Қараш асуында оны аңдып жүріп атып өлтіреді. Бақтығұл өзін қатал, аяқ жетпес асулардың, құздардың баласындай сезінеді. Солардан пана табады. Тумысында батыр, ержүрек, әділ адам өстіп арамдық, жауыздық тәлкегіне түседі. Ол бір уақ таулардың шыңына телміріп, шындықты сол биіктерден іздейтін тәрізді. Бақтұғұлдың прототипі алаш арысы Тұрар Рысқұлбекотің әкесі Рысқұл екендігі белгілі. Осы әңгімесінің тарихи негізіне де Рысқұлдың басынан кешкендері өзек етіп алынған.

29. Нисще негіздеген «ерекше ұлт»идеясының етек алуының еуропа әд-не әсері

«Заратуштра солай айтқан» кітабын фридрих Ницше 1883-1885 жылдар аралығында жазды. Толық тақырыбы: « Заратуштра солай айтқан: барлық адамға арналған, бірақ ешбіреуге арналмаған кітап »(Also Sprach Zarathustra, Ein Buch für Alle und Keinen). Әлемді сілкіндірген, сансыз жүректерді тебіренткен бұл ғажайып кітап оның шығамашылық шабыты ең тасыған кезде жазылған және оның бүкіл идеясының топтастырылуы, даналығының шарықтау шыңы болды. [26] Ол туралы Ницшенің өзі "жастық жалын мен жастық мұңға толы жастардың кітабы" деген болатын. Немістің әйгілі композиторы Рихард Штраус 1896 жылы Ницшенің осы кітабының құрметіне "Заратуштра солай айтқан" деген 9 бөлімді симфония жазып қалтырды.

"Заратуштра солай айтқан" кітабы "шарап тәңірі Дионистік шабытпен" жазылып, ғалам мен өмірдің арғы болмыстық құпиясынан сыр шертетін поэтикалығы мен философиялығы қатар жарысқан көркем кітап. Ол кейінгі философия, әдебиет, көркемөнер салаларына түгелдей әсер етті. Онда дәуір мен дәстүрге үндесе бермейтін өзгешелік те, сырлылық та, тағылық та бар. Оны кейде "Бесінші Інжіл" деп ұлықтайтындар да бар.

Күллі тіршілік иелері түгел өз-өзінен асып түсуде. Адамзат баласы, сендер не істей аласыңдар?!

Адамзаттың ұлылығы оның мақсат болғанында емес, көпір болғанында. Адам өзінің кесіп өтуімен, төменге түсуімен қадірлі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Дандай Ысқақұлының әдеби сын тарихы
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Семиотикалық сын туралы түсінік
Әдебиет танытқыштың әлемдік әдебиеттану ғылым контексіндегі көрінісі
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Әдебиеттанудағы дәстүрлі және жаңа ізденістер мәселелері
Әдеби үдеріс сипаты
Әдебиеттік оқу әдістемесінің даму тарихын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz