Әдеп жайлы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Әдеп
Әдеп (араб.: أدب‎ адаб) - қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы
Әдеп - 1. Моральдық категория, адамдар қарым-қатынасында ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауды білдіретін ұғым. Белгілі бір халықтың әдет-ғұрпында тұрақтанып қалыптасқан этикалық тәртіп, тәрбие, ізеттілік, сыпайылық, ибалылық. Қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіреді. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты.
2. Халықтың әдет-ғұрпында қалыптасқан этикалық тәртіп. Игі әдетпен, өміршең әдет-ғұрыпппен қалыптасқан ұлттық мәдениеттің көрінісі, мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек негізі.
Әдептің қоғамдағы басты қызмет
Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта Әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілеріәдептілік талаптарына айналып отырған.Әдеп өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Әдеп ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған
Әдептің қалыптасуына әсер еткен факторлар
Қазіргі заманғы ғылым әдептің қалыптасуына әсер еткен 3 басты факторды атап өтеді.
Олар : жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы; тайпа мүшелерін өлтіруге тиым салу; қариялар мен балаларға қамқорлық ету (альтруизм). Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр, Әдеп құрастырады. Егер соқыр сезім (инстинкт) жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер етті. Алғашқы рулық қоғамдағы Әдеп көріністері: "қанға қан, жанға жан" (талион) принципі, сезімнің ақылдан басым болуы, жеке бас бостандығының қауымдық мүдделермен тежелуі т.б. осындай жайттардан байқалады. Дәстүрлі қоғамдағы Әдептің қарапайым түрін кейін рационалды имандылық қағидалары алмастырды. Алайда бұдан көне Әдеп жүйесі жоғалып кетті деген ой тумайды. Себебі көне мәдениет қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипі қызметін атқарады. Қазақ халқының ұлттық Әдеп жүйесі сонау көшпенділер мәдениетінен нәр алады. Ол қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап келеді.

Әдептіліктің жеке адам өмірінде алатын орны
Әдептілік қағидалары -- мінез-құлык нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек.
Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дүрыс түсінік пен білімге канық болғанда ғана оның нормаларына бой үсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді.
Жеке адам өмірін әдептілік қағидаларына сай калыптастыру керек-ақ. Алайда мұны дүрыс түсінбейтін адамдар да кезігіп калады. Олар: "Жеке адамның өміріне ешкім араласпауы керек, әркім өз өмірін өзі біледі" деген пікірге жүгінеді. Яғни жеке өмірлерінде қандай да бір күқықтарының шектелгендіктерін алға тартады.
Бар түсініспеушілік осында жатыр. Ал, оны түсіне алу үшін мынаған ерекше назар аударған жөн сиякты. Бір адамның екінші бір адам өміріне араласпау керектігі - орынды нәрсе. Ал, басканың жеке өміріне араласпау үшін өзіңнің жеке өмірінді соған орай бейімдеуің керек емес пе? Бүл дегеніміз - өзіңнің еркінді шектеу. Ендеше, адамның жеке өмірінде әдептілік қағидаларын қалыптастыру шектеудің осындай бір түрі болып табылады.
Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мүндай әдепті адам істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін жүзеге асырар кезінде оның елге үнау-үнамау жагына баса назар аударады. Ал, ел мен жұртты ойламай, тек жеке басының камын ғана ойлап іс қылған адам халық алдында сүйкімсіз болады. Олай болса, әркім әдептілікке осы түрғыдан карағаны абзал. Яғни, халық үшін жан пида дей алу үшін әуелі әдептілікке бой ұру керек. Олай болса, әдеп ең бірінші кезекте кісінің жеке басында орнауға тиіс.
Адам қоғамда қылығымен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез-күлқынан білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде әдептілік кағидаларын калыптастыра алуы кажет. Әлбетте, әдептілік-инабаттылык үрдістерін бойға жақсылап сіңірген адам нағыз адам болмак, Әдептілік атадан балаға кан арқылы берілетін нәсілдік жайт емес. Яғни адам атасына тартканы үшін өздігінен әдепті кісі болып шыға келмейді. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп-өнеді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогтық әдеп, шеберлік туралы жалпы түсінік
Үмбетбай Уайдин – публицист, сатирик
Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер
Ежелгі грек этикада жаратылыстанушылар
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясын негіздеп, әдістемесін ұсыну
Іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар
Іскерлік қарым-қатынас
Этнопедагогика пәні.
Пәндер