Әкімшілік- құқықтық нормалар мен қатынастар


Әкімшілік- құқықтық нормалар мен қатынастар
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Әкімшілік - құқықтық нормар ұғымы.
- Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.
- Әкімшілік-құқықтық қатынастар ұғымы мен мазмұны.
- Әкімшілік- құқықтық қатынастардың құрылымы мен түрлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әкімшілік-құқықтық нормалар-бұл мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлықтың мемлекет белгілеген жалпыға міндетті ережелері. Әкімшілік құқықтық нормалармен тиісті мінез-құлықтың белгілі бір нұсқасы беріледі, яғни нормаларда көзделінген
шарттарды сақтау кезінде ерік беріледі (рұқсат етіледі), яғни
белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салынады. Әкімшілік-құқықтық нормалар, негізінен, атқарушы өкімет органдарының ұйымдастырылуын және қызметін реттеуге есептелінген. Олар осы органдардың құрылымын, олардың билігінің өкілетті көлемін, қызмет тәртібін т. б. белгілейді.
Әкімшілік-құқықтық нормалары, сондай-ақ әкімшілік құқықтық қатынастардың басқа да субъектілеріне бағытталған (азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге басқаларға) тәртіп ережелерінен тұрады. Әкімшілік-құқықтық нормалардың көп түрлілігіне бөліп қарайды. Материалдық және іс жүргізушілік әкімшлік-құқықтың нормаларды мазмұны бойынша айырады. Материалдық нормалар азаматтардың, атқарушы өкімет органдарының басқалардың әкімшілік құқықтық жағдайын бекітеді (құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, мемлекет органдарының мәртебесі) . Іс жүргізушілік нормалары әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық міндеттемелерді іске асыру тәртібін, сондай-ақ үкіметтің атқарушы органдарының нормативтік актілерді шығару рәсімін белгілейді. Құқық субъектілерінің тәртібіне ықпал ету әдістемелері бойынша міндеттейтін, тыйым салатын және уәкілдендіретін әкімшілік құқықтық нормаларға бөледі. Міндеттеуші нормалар субъектіге белгілі бір әрекет жасау міндетін қояды.
Мысалы, қызметкерді жұмыска қабылдау кезінде мемлекеттік органның басшысы бұйрық шығаруға міндетті. Тыйым салушы нормалар құқық субъектісіне не ана, не мына әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұрады. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне жататын әрекеттер жасауға тыйым салулардан құралған.
- Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы.
Басқа құқық салалары сияқты, әкімшілік құқық та заңды нормалардан тұрады. Жалпы пән мен әдістерді біріктіру нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормалар институты құрылып, осы негізде толық бекітілген салааралық жүйе калыптасады. «Әкімшілік норма» түсінігі негізінен мынадай мағынада қолданылады:
1) заңды ережелермен басқару.
2) жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылы басқару-
Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық, халық билікті тікелей республикалык референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді». (ҚР Конституциясы 3-бап, 1, 2 - тармақ) . Әдебиетте «билік» түсінігініц мәні - құқық негізінде өз еркін басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімшілік құқықтық нормалар жалпы міндеттеуші сипатта болып, билікті белгілі бір орталықтан басқару керек деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас жүйе деп саналды. Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін әкімшілік құқықтық нормалар көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:
- субъектілердің құқықтары мен кепілдіктерін құқық көмегімен бекіту мен дамытуды талап ету;
- өркенниетті нысанда даулы конфликтілерді шешу негізінде билік құрылымын күшейту (мысалы, соттық реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын күшейту) .
Әкімшілік құқық нормалары атқарушылық билікті жүзеге асырудың күрделі процесстерімен байланыста болады. Биліктің шоғырланған сипаты билік пен бағыныштылық арасындағы қатынастан көрініс табады. ҚР Конституциясын сәйкес биліктің бірден бір көзі халық болып табылады, ол билікті тікелей өз өкілдері немесе арнайы құрылған органдар арқылы жүзеге асырады.
Әкімшілік құқықтық нормасы - мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда болатын басқару сипаты бар қатынастарды реттейтін Қазақстан құқығының нормасы. Әкімшілік құқық нормасының белгілері:
- Заңдық нормалардың бір түрі;
- Мемлекеттік - билік сипаты бар;
- өкілетті субъектілер қабылдайды;
- формалды белгіленгендігі;
- құрылымдық құрылуы;
- жалпы міндетті болуы;
- мемлекеттік басқару аясындағы (атқарушы билік механизмінің қызмет атқару аясындағы) қатынастарды және өзге де аялардағы басқару сипаты бар қатынастарды реттейді;
- мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымы мыналар:
- Диспозиция - тиісті мінез- құлықтың ережесі бар норманың бөлігі, әкімшілік құқық субъектілері соны қолдануы керек.
- Гипотеза - нақты шарттарды көрсететін норманың бөлігі, солар болғанда норма әрекет етеді.
- Санкция - диспозицияны бұзғанның нәтижесінде пайда болатын жағымсыз салдарларды көрсететін нормалардың бөлігі.
Әкімшілік құқық нормаларының түрлері:
- Реттейтін пәні бойынша-материялдық, процессуалдық болып бөлінеді;
- Құқықтық функциялары бойынша - реттейтін, қорғайтын болып бөлінеді;
- Нұсқаманың мазмұны бойынша - міндеттейтін, тиым салатын, уәкілдік ететін болып бөлінеді.
- Кеңістікте қолданылуы бойынша - республикалық, аймақтық, әкімшілік аумақтық бөліністік болып бөлінеді.
- Тұлғалар тобы бойынша - жалпы күші бар, арнайы болып бөлінеді.
Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз - міндетті немесе кейде ерікті түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданган, ( яғни. атқарушы және заңды) атқарушы билік саласында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.
- Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.
Әкімшілік құқық нормалары белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше түрлерге бөлінеді.
Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негізгі критерилер мыналар:
а) мазмұны;
б) субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер;
в) белгілі бір мақсатты тағайындау;
г) белгілі бір ортада қолданылуы;
д) заңды күші;
г) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер тобына қолданылуы) .
Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:
1. материалдық (қаржылық) нормалар
2. процессуалды болып екіге бөлінеді.
Материалдық нормалар - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті.
Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекепік басқару органдарының жаңа императивті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:
а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік-кұқықтық мәртебесін тағайындаса, ал проссуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;
б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;
в) іске асыру, ягни әкімшілік-құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.
Процсссуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы:
заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортаға, яғни салаға байланысты және т. б.
Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістер:
1. міндеттеуші;
2. тыйым салушы ;
3. өкілдік беруші әкімшілік-құқықтық нормалар болып бөлінеді.
1. Міндеттеуші әкімшілік-кұқықтық нормалар - тұлғаның белгілі бір ережелердің орындалуын міндеттеп, талап етуі. Мысалы, заңды тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі, азаматтардың шағымдарын белгілі бір мерзімде басқару органдарының қарастыру міндеттілігі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық жүйесі мен бюджеті» атты Президент Жарлығының 171-бабында салық жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады.
2. Тыйым салушы әкімшілік-кұқықтық нормалар - норма көздеген мақсаттан тыс белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуына тыйым салып, шектейді.
Тыйым салудың екі түрі бар:
а) жай тыйым салу;
б) арнайы тыйым салу.
Жай тыйым салу дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.
Арнайы шектеу дегеніміз - Қазақстан Республикасы Президенті заңының 174-бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілермен каржылық мәселелерді шешуге шектеу қоюы.
3. Өкілдік беруіші нормалар - субъектілердің әкімшілік-құқықтық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды жүзеге асыру, бірақ нормалардың сақталуын бұзбауы керек. Мысалы: «Қазақстан Республикасының банктері мен банк жүйесі» туралы Президент жарлығының 46-бабында былай делінген: « егер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі II дәрежедегі экономикалық нормаларды бұзған жағдайда мынадай шаралар колданылады:
а) міндеттеуші хатты талап етеді;
б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;
в) ескерту, сөгіс береді;
г ) жазбаша түрде береді;
Қолданылу шегіне байланысты:
а) жалпы міндетті;
б) ішкі жүйелік.
а) жалпы міндетті нормалар әкімшілік-құқықтық қатынасқа түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.
б) ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы биліктің талап етуіне байланысты қолданылуы.
Мекен-жайға байланысты: белгілі бір ұйым мен атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеу арқылы бөлу, яғни қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік бірлестіктерге және азаматтарға байланысты қолданылуы.
Сонымен корытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалалар - бұл конституцияда бекітілген белгілі бір қағидалар мен ережслердің жиынтығы. Ал әкімшілік-құқықтық қатынастар бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы коғамдық қатынастар. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар мен ереэжелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды реттеп басқарып отырады.
- Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы мен мазмұны.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар - әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелгген, мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Атқарушы билік органдары өз қызметі барысында түрлі субъектілермен өзара әрекет жасайды. Көп жағдайда олардың мүддесі бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл сәйкесіздік азаматтар, ұйымдар, органдар тарапынан ортақ қатынастарды реттеуге, жүйелеуге ұмтылдырады. Осы тұрғыдан әкімшілік құқықтың субъектілері заң алдында тең. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мақсаты тұрақты заңмен қарастырылған қатынастар жүйесін қамтамасыз ету және қатынастыр барысында субъектілердің әр түрлі мүдделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін ерікті түрде орындауға бағьтталған. Басқару органы өзінің биліктік өкілеттіліктеріне қарамастан өздерінің қызметтерінде мемлекет және оның мүддесін көздейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушыларының бірі құқық бұзушылық жасаса, нормаларды бұзса, мемлекет алдында жауапқа тартылады. Ал, бұл жағдайды әкімшілік тәртіп реттейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастар түрлі тараптардың өз құкықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайды жэне ол нақты ережелермен процедураларға негізделген. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін өзінше өзгерту мүмкіндігі шектелген.
- Әкімшілік құқықтық қатынастардың құрылымы мен түрлері. Қатынастардың құрылымы және түрлері.
Әкімшілік-құқықтық қатьнастардың өзіндік құрылымы бар, ол субъект (қатысушы) - құқықтық қатынасқа қатысушы нормаға сай құқықтармен міндеттерге ие тұлға. Құқықтық қатынастардың бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz