Әлемдегі ең үздік білім беру жүйелері
Әлемдегі ең үздік білім беру жүйелері
Таяуда британдық The Times газеті әлемдік білім беру жүйесінің сараптама нәтижесін жариялады. Жобаға тапсырыс беруші ретінде білім және ғылым саласын зерттеумен айналысатын Pearson компаниясы аталып отыр.
Мемлекеттердің білім беру жүйесін зерттеу бітірушілер тапсырған халықаралық емтихандардың нәтижесі және басқа да ақпараттарға сүйене отырып жүргізілген.
Сонымен, үздік жиырмалық мынадай:
Финляндия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Жапония, Сингапур, Ұлыбритания, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Швейцария, Канада, Ирландия, Дания, Австралия, Польша, Германия, Бельгия, АҚШ, Венгрия, Словакия, Ресей.
Зерттеу тобын басқарушы Майкл Бербердуң айтуынша, тізімдегі елдердің оқытушылар дәрежесі де жоғары екен.
Ал төменде осы тізімдегі таңдаулы елдердің білім беру жүйелеріне тоқталып көрейік:
Германия
Германияның білім беру жүйесі демократиялық деп айта аламыз. Ата-ана мен оқушы төменгі сыныпта өзіне керекті мектепті таңдайды. Төменгі сыныптарда, яғни 6-10 жас аралығында балалар оқуды, санауды, жазуды, табиғатты тануды үйренеді. 10-19 жас аралығында жоғары сатыда оқып, оқушы мамандана бастайды.Германияда мектептің мынадай түрлері бар:негізгі мектеп (Hauptschule ) - 5-6 жыл оқытылады, шынайы мектеп Realschule) - 6 жылды қамтиды. Осының қорытындысы бойынша жоғары мектепке (Gymnasium), кейін унверситетке түседі. Гимназияда 8-9 жыл оқытылады. Гимназияда гуманитарлық, қоғамдық, техникалық және жалпы (үшеуін де қамтитын) бағытта білім беріледі. Нәтижесінде орта білім туралы диплом беріледі. Жекеменшік мектептердің басым бөлігі діни, зайырлы бағытта жұмыс істейді, азаматтығы жоқ адамдар тек осы мектептерде білім ала алады.
Ұлыбритания
Британия мектептері әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқушыларды магнит секілді тартуда. Британдық мектептер Барлық жерде оқытады, бірақ біз нағыз серілерді тәрбиелеп шығарамыз деп ұрандайды. Британ білім беру жүйесінің бренді де осы тіркеспен байланысты. Біріккен Корольдікке тән ерекшеліктің бірі - Орта ғасырдан бері келе жатқан ақылы интернаттар(Boarding School). Қазір бұл ордаларда ақсүйектер ұрпағы білім алады, себебі жетістікке жеткен адамдардың көпшілігі интернатта оқыған. Британияда, әсіресе, осы оқу орнында қыздар мен ұлдарды бөліп оқыту дәстүрі жақсы қалыптасқан.
Қалыптасқан негізгі жүйелер:рreparatory schools - 2-7 жастағы балаларды оқуға, жазуға үйретеді;
junior schools - 7-13 жас аралығындағы бастауыш сыныпты бітірген оқушы Common Entrance Examination аталатын емтихан тапсырады, керекті бал жинай алмаған балаға болашақ жабық.
Senior School - 13-18 жас аралығындағы балалар білім алып, GCSE емтиханын тапсыру арқылы A-Level немесе International Baccalaureate бағдарламасына өтеді. Университет бітірген студент 21 мың фунт айлық алатын жұмысқа тұрмаса, кредитін төлемеуге болады.
Primary School - 4-11 жас аралығындағы балалар оқитын жүйе.
Оңтүстік Корея
Балалар 8-14 жас аралығында бастауыш мектепте оқиды. Онда оқытылатын пәндер: корей тілі, математика, нақты ғылымдар, тіл, бейнелеу өнері. Әдетте барлық пәнді бір ғана мұғалім жүргізеді. Білім беру жүйесінің сатыларына өту емтихан балымен емес, оқушының жасына байланысты анықталады. Қазіргі таңда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады. Корей тілінің грамматикасында өзгерістер өте көп болғандықтан, ағылшын тілін меңгеру өте қиын. Бұл ата-ана үшін күрделі мәселе десе де болады. Балаларын Хагвон аталатын арнайы орталықтарға жібереді. Мұнда ағылшын тілі ана тілі саналатын мамандарға сұраныс көп.
Қоғамдық мектептерден басқа, жекеменшік мектептер жұмыс істейді. Мұндағы білім беру деңгейі өте жоғары, аз ғана оқушы үшін өте көп мұғалім жұмыс істейді. Ата-ана бір айға 130 доллар төлейді. Берілетін білім ақыға сай.
Орта мектепті 12-15 жас аралығындағы балалар оқиды. Басқаларына қарағанда орта мектептердің қоятын талабы көп. Мектеп формасы, шаш үлгісі қатаң қадағаланады. Күніне 6 негіз пән және жетінші мамандандыруға арналған пән жүреді.Пәндер жыл сайын өзгеріп тұрады. Аптаның бес күнінде сабақ жүреді, айдың кейбір сенбілерінде қосымша сабақтармен айналысады.Осы ғасырдың басына дейін қыздар мен ұлдарды бөліп оқыту дәстүрі кең етек алағанымен, қазір жалпы мектептер көбейіп келеді. Баға оқушыға тек орта мектепті бітірер сәтте, онда да ғылыммен айналысқысы келетіндерге ғана керек. Басқа жағдайда ата-ананы қуанту үшін ғана маңызды. Корея білім беру жүйесінде математика мен ағылшынға баса көңіл бөлінеді.
Франция
Францияның білім беру жүйесі еуропалық жүйемен байланысты: үш сатыдан тұрады - бастапқы (ecole primaire, 6-11 жас - мұнда сабақтар ойын түрінде өткізіліп, баға қойылмайды) және жоғарғы (college, 11-15 жас, одан кейін lycee, 16-18 жас - соңғы жылда кейбір мамандықтарды меңгеріп шығуға болады). Бұл дәстүр бір ғасыр бойы жалғасып келеді. Мемлекеттік мектептерде оқу тегін, жекеменшіктер ақылы болғанымен, мемлекеттің дипломын береді. Айта кетейік, Франциядағы мемлекеттік мектептер 80 пайызды құрайды. Жекеменшік мектептердің көпшілігі діни бағытта оқытады. Мектептер өзара sous contrat және hors contrat болып екіге бөлінеді. Алғашқысының мұғалімдеріне мемлекет айлық төлейді, мектептер ұлттық бағдарлама және қалыпты сабақ кестесі бойынша оқиды, екіншісіне мемлекеттен субсидия түспейді, есесіне стандартты бағдарламаға сүйенбеуге болады. Лицейдегі емтихан бойынша жоғарғы оқу орнына қабылданады. Француз тіліне ерекше көңіл бөлінеді. Бірінші сыныптан бастап мемлекеттік тілде емтихандар алынады.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ
ПЕДАГОГИКА ВЫСШЕЙ ШКОЛЫ
Г.Қ. АЙҚЫНБАЕВА
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ШЕТЕЛДІК МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ
ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
This article discusses the features of the transition for the 12-year's study in the United States of
America, Germany, France and China, as this system is carried out in 136 countries worldwide. A
description of 12 years of education abroad.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман
талабынан туындап отырған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі
өзгерістерге икемделе отырып, еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана
қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселен, (Финляндия, Сингапур, АҚШ)
алдыңғы қатарлы дамыған елдердің 12 жылдық білім беруге көшуіндегі нақты қадамдары
еліміздің білім беру жүйесіне едәуір өзгеріс енгізу қажеттілігін дәйектейді.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері: қоғам
дамуының қарқындылығы; ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қатынас ауқымының
кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың
туындауы; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
адам капиталы мәнінің артуы.
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып
отыр:
- білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы;
- білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі;
- білім беру жүйесінде жетілдірілген моделдердің жасалуы;
- білім берудің басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы;
- жаңа білім технологияларының енгізілуі;
- оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен
өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;
- терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
- оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық
сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;
- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.
Қазіргі кезде 12 жылдық мектепке есептелінген белгілі бір халықтардың білім беру стандарты
қалыптасқан. Осыған байланысты, Европалық кеңестіктің 1992 жылғы декларациясына сәйкес
12 жылдық білім беру кеңістігіндегі 136 елде жүзеге асырылған. Олардың ішінде ТМД елдерінен:
Украина, Белоруссия, Өзбекстан және Балтық елдері, ал дамыған елдерден АҚШ, Жапония,
Германия, Франция, Англия және тағы басқа мемлекеттер бар [1].
Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық - физиологиялық тұлғалық
ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс. ТМД және Шетелдік ғалымдардың пікірінше физиологтар,
психологтар, педагогтар 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту және жасерекшелігінің
дамуына сәйкестігін ескеру қажеттігін айтады. Жалпы алғанда, дүниежүзі елдерінде орта мектеп
3 сатыдан тұрады: бастауыш оқу 3-6 жылдық, негізгі (немесе кіші) орта мектеп 3-6 жыл және
жоғарғы орта мектеп 2-4 жыл.
12 жылдық мектепке ауысуға байланысты туындаған бірқатар мәселелер:
1. Бұл өзгерістің экономикалық негізделуі;
2. Бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуі (мемлекеттік стандарт, жаңа кітаптар);
3. Жаңа жүйеге лайық мұғалімдер даярлау, мұғалімдерді қайта даярлау;
4. Жалпы және орта білім беру мектебінде нормативті-құқықтық базаның жетілуі;9
№ 5 (78) 2010
5. Санитарлық-гигиеналық норма және негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу;
6. Мектепке дейінгі бастауыш, орта жалпы және жоғары бейіндік білім беруде
сабақтастықтың болуы.
Жалпы білім беретін орта мектептегі оқу мерзімін неліктен 1 жылға ұзартуымыз керек?
Әлем елдері тәжірибесінде әр елдің, әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп
үлгісі, орта мектептердің, әр қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Бүгіндер
ел алдына, оқу - білім қызметкерлері алдына 12 жылдық оқуға тиімді көшу мәслесі қойылып
отыр. Дүниежүзі елдері, атап айтсақ, барлық елдердің (жоғарыда атап өткеніміздей 80%) аса
дамыған елдерінде АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру
ұзақтығы 12 не 13 жыл, ал Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда - 12 жыл екен [2]. Тек
экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық. Дүниежүзіндегі
елдің 75 % осы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіп үлгерген. Ал енді шет елдердің жалпы орта
білім беру жүйесіне толығырақ жеке тоқталып өтейік.
Әлемнің ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының білім мекемелерінде ХХ ғасырдың
60 жылдарында прагматикалық көзқарасқа негізделген білім үлгісі енгізілген болатын.
Нәтижесінде америкалық прагматикалық педагогика экземплярлық, кафетериялық
деп аталып кеткен білім жүйелері орнығып, білімнің іргелілігін төмендетіп, орта мектеп
оқушыларының білімінің таяз, үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты. Осыған байланысты
1983 жылы АҚШ Үкіметінің Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет атты
баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта қарауға орасан зор қаржы бөлінді, 2000
жылдың мақсаттары атты федералдық бағдарлама және Әлемдік деңгейдегі білім
жобасы қабылданып, орта білім жүйесінің жүйелілігі және жеделдігі артылып, математика,
жаратылыстану сияқты іргелі білім түрлерін игеру сапасы бойынша әлемдегі ең биік деңгейге
көтерілу мақсаттары қойылды [3]. Соңғы уақытта, АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды
балаларды дайындауға көп назар аударылған. Әсіресе ауылды мектептерде 5 жасар балаларды
мектепке дайындауда жаппай жұмыс жасалып келеді. Жалпы орта білімнің құрылымы 6+3+3,
оқу мерзімі 6 жастан 18 жас аралығында. мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде
ақылы болып келеді. АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші және жоғары мектеп. Кіші
орта мектеп 7-9 сыныптарда жалпыға бірдей бағдарлама, қалған сабақтары таңдау бойынша
(элективті) жоғары орта мектеп 10 - 12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пәндері және практикалық,
академиялық бағыттағы профильдік пәндер берілген. Сондай-ақ АҚШ-та 1 сыныпқа балалар 6
жастан, тіпті кейбір жергілікті мектептерде 5 жастан қабылданады екен. Мектептегі сабақ 9 айға
созылады, қалған үш ай демалыс болып табылады. Күнтізбелік жоспар жазу міндетті болып
табылады. Журнал айына 1 рет тексерілуге беріледі. Мектептегі оқушы білімін бағалаудағы
басты әдіс-тест. Қазіргі таңда көбіне тестердің дұрыс жауаптары көрсетілмейтін әдісті көп
қолданады.
Білім деңгейін бағалау мен бақылау барысында көбінекей кредитті көп қолданады. Мектепті
бітіргендігі туралы аттестат алу үшін небәрі 16 кредит жинауы қажет. Орта мектепте оқу
жылы 2-3 кезеңге бөлінеді, әрқайсысының аяғы 5 немесе 100 ұпайлық жүйемен бағаланады.
Мысалы, А (93-100) - өте жақсы; В (85-92) - орташадан жоғары; С (75-84) - қанағаттанарлық;
Д (65-74) - нашар; Е (0-64) - ешқайда көшірілмейді, ең төменгі баға.
Германияда басқа да Еуропа елдері секілді бастауыш сыныпқа 6 жастан қабылдайды, жалпы
орта білім алу үшін 12 жылдық мектепті негізделген, барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу
ғана міндетті, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары және қаблеттеріне оқуларын кәсіптік
мектептерде жалғастыра алады. Герман Федеративтік Мемлекетінің заңының 6 бабына сәйкес
барлық мектептік білім беруді мемлекет қадағалайды [4]. Мемлекет міндетті тегін білім алу
9 жылдық оқыту болып табылады деп шешкен. Бірақ оқушының орта мектепті бітіргеннен
кейін өз оқуын жалғастыруы өз еркінде 1 мен 3 жыл арасындағы оқумен тәмамдай алады.
Білім алу 3 баспалдақты құрылымда болып табылады: негізгі мектеп, нақты училище,
гимназия. Оқу 6 жастан жалпыға бірдей мектепте (1-4 сыныптар) басталады, содан кейін
басқа көрсетілген типтегі мектептерде жалғастырылады. Негізгі мектепте (5-10 сыныптарда)
50%-ға жуығы жасөспірім оқушылар құрайды, олар әрі қарай өз білімдерін толық емес жалпы
білімді меңгергеннен кейін, кәсіби білім алуға жолдама алады. Ал нақты училищеде (5 - 10
немесе 7 - 10 сыныптар) кәсіби-практикалық бағыттағы жалпы толық емес білім беріледі, онда
физика, химия, биология, шет тілдер мен басқа да академиялық пәндер оқытылады. Нақты
училищені бітірген оқушы орта және содан кейін арнайы жоғары кәсіби-техникалық оқу
орындарына түсе алады. Гимназия (5 - 13 немесе 7 - 13 сыныптар) толық орта білімді береді
және университеттік үлгідегі ЖОО түсу құқына ие болады. Гимназиядағы міндетті пәндер 10
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
болып: неміс тілі мен әдебиеті, тарих, география, математика, биология, дене тәрбиесі,
музыка, дінтану болып табылады. Гимназияның бейіндік білім беруіне байланысты әр түрлі
нұсқада оқу бағдарламалары беріледі. Германиядағы мектептерде бейіндік оқыту барысында
пәндер блоктарға сәйкес біріктіріледі, мысалы: тіл-әдебиет-өнер, әлеуметтік білімдер,
әлеуметтік-экономикалық т.с.с. Неміс тілді оқушылардың жоғары сыныпта оқудағы
мүмкіншілігі зор, олар міндетті пәндерден басқа да пәндерді қосымша оқи алады, соның
негізінде олардың жеке-дара ерекшеліктері жақсы дамиды. Бейіндік бағыттағы пәндерден
басқа тілдік, әдеби-көркем, қоғамдық-ғылыми, математикалық немесе жаратылыстану-
ғылыми пәндерін меңгере алады. Негізгі мектепті аяқтау 4 пән бойынша емтихан тапсыру
арқылы аяқталады. 12 және 13 жылдық мектепті сәтті аяқтаған балалар үшінші деңгейді
аяқтағандары туралы аттестатқа ие болады. Бұл аттестат кез-келген бейінде оқуға жолдама
болып табылады. ЖОО-ға түсуде оқушының аттестаты, ондағы орта ұпай негізгі рөл атқарады.
Германияда элитарлы орта мектептермен қатар училищелер жұмыс істейді. Орта білім беретін
оқу орындарында алты деңгейлі білімді бағалау шкаласы негізге алынған, ол: өте жақсы
(1)=15-14-13 ұпай; жақсы (2)=12-11-10 ұпай; қанағаттанарлық (3)=9-8-7 ұпай; қанағат-
танарлықтан төмен (4)=6-5-4; нашар(5)=3-2-1 ұпай; қанағаттанарлық-сыз (0) = 0 ұпай
Германияда мектепте оқу біріктірілген мектеп деңгейінде әр түрлі атқа ие болып табылады,
атап айтар болсақ, олар: Тюригте жиі, Саксонияда орта, Саксония мен Ангальтеда екінші
деңгейдегі мектеп, Гамбургте негізгі және нақты мектептердің сабақтастырылуы, Гесседе,
Макленбург-Померанида негізгі және орта мектептің біріктірілуі, ал Рейнланд-Пфальцеда
аймақтық мектеп болып табылады. Германияда оқушыларға білім беру барысында олардың
кәсіби біліктілігін жоғарлауға басты назар аударылған. Бұл үшін мелекет саяси және әлеуметтік
тұрғыда жауапты болып табылады. Егер нарықтық жағдайда өз біліктілігін көтеруге жағдайы
болмаған жандарға мемлекет субсидия (көмек) бөледі.
Германияда оқушылардың біліміне, қабілетіне және талабына сай білім беруге бағытталған
мектептердің әр түрлі типтері қызмет істейді.
Франция мектепке дейінгі балалар тәрбиесімен айналысатын ең алдыңғы қатарлы мемлекет
болып табылады. Онда Аналық мектебі және Бүлдіршіндер сыныбы балабақшалары бар.
Білім беру Тұжырымдама-сында 12 жылдық білім беру бекітілген. Онда орта білім беру 10
жылдық (6-16 жасқа дейін) мектеп ақызыз, ал 12 жылдық мектеп міндетті емес. Францияда 5
жылдық элементар мектепті бітірген балалар оқуын жалпы білім бертін 4-5 жылдық колледждерде
жалғастыра алады. Толық емес орта мектеп біртекті жалпыға міндетті колледж-бастауыш
сынып негізінде құралады және барлық жастағы балаларды қамтиды. Бітірушінің кәсіби
мамандығына сәйкес (бакалавр) дипломды иемденуде олар бірнеше секцияға ие.
Бастауыш және орта мектеп деңгейінде оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын бағалауда
арнайы екі шкаланы қолданады. Бірінші жағдайда - 0-ден 10 ұпай аралығында, екінші ретте -
0-ден 20-ма ұпай аралығы. 1-ші шкала бойынша білімді бағалау келесідей ретте сипатталады:
өте жақсы - 8 және одан жоғары ұпай, жақсы - 7 ұпай, жеткілікті деңгейде жақсы - 6 ұпай,
қанағаттанарлық - 5 ұпай, орташа - 4 ұпай, нашар - 3 ұпай, өте нашар - 2 ұпай және
одан да төмен. Ал екінші шкалаға сәйкес бағалау реті келесідей: өте жақсы-16 және одан
жоғары ұпай, жақсы - 14-16 ұпай аралығы, қанағаттанарлық - 10-11 ұпай, орташа - 8-10
ұпай, нашар - 6-8 ұпай, өте нашар - 5 ұпай және одан да төмен. Мектепті тәмамдағаннан
кейін оқушылардың барлығы бакалавр курсына сәйкес емтихан тапсырады.
Англия және ағылшын тілдерді елдерде грамматикалық, техникалық, кешенді, қазіргі секілді
4 түрлі мектептер қызмет етеді. Германияда элитарлы орта мектептермен қатар училищелер
жұмыс істейді. Англияда орта білімді бітіріп, 16 жастан кейін балалар оқуын әрі қарай немесе
мектеп берген сертификатпен жұмысқа орналасуына мүміндік бар.
Шетел мектептерінде жоғары мектепке оқушылар оқу үлгіріміне қарай және мектеп берген
мінездеме негізінде арнайы мемлекеттік комиссияның шешімімен қабылданады. Осылайша
оқушы жастарды үлгіріміне қарай сұрыптап оқыту мәселесі Германияда, Францияда, Жапонияда
нақты жолға қойылған [5].
Жапонияда мектептің жоғары сатысы (10-12 сыныптар) 5 түрлі техникалық, сауда, ауыл
шаруашылық, флоттық, қосымша мектептер болып құрылған. Жапон елінің бір ерекшелігі
балабақшалар білім берудің маңызды қадамы емес. Балалар балабақшаға ата-аналарының
қалауымен тіпті 4 жаста баруы мүмкін. Жапон білім беру заңында 9 жылдық білім беру ақысыз,
білім беру құрылымы 6+3+3 (6 жылдық басатауыш мектеп - чугакко, 3 жылдық кіші орта мектеп -
чугако, 3 - жылдық жоғары орта мектеп - като-гакко). Бастауыш мектепте негізгі сабақтар жапон
тіл, арифметика, қалған сабақтар - жаратылыстану, қоғамтану, музыка, этика, дене тәрбиесі, 11
№ 5 (78) 2010
искусство, қолөнер өтіледі. Кіші орта мектепке - емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан
тапсырып түсе алады. Білімді тексеру тәсілі - жазбаша тест. Бастауыш және орта мектепте 5
дәрежелі шкала бағасы қолданылады: S (өте жақсы), А (жақсы), В (қанағаттанарлық), С (нашар),
D (өте нашар). Сонымен қатар орта мектепте білімді бағалау американың кейбір мектептері
секілді кредиттік жүйе де қолданылады. Жапонияда жоғары мықты білім алу үшін дзюку
депаталатын міндетті емес, ақылы мектептер қызмет етеді. Егер балалары оқығысы келіп тұрған
ата-аналар, ақшасын аямай барын оқуға жұмсайды. Жапондықтар орта мектептің бастауыш және
орта буындарында білім беру мен тәрбиелеу ісінде Кокоро идеясын басшылыққа алады екен.
Кокоро дегеніміз жүрек, ақыл-ой, діл, ізгілік деген ұғымдардың жиынтығы. Ұзақтығы 6
жылға созылатын бастауыш мектептің басты міндеті білім жиынтығын беру мен қабілеттерін
қалыптастыру емес, ең алдымен Кокоро идеясын іске асыру, яғнижастардың биік адамгершілік
қасиеттерін, ұлтжандылық менталитетін орнықтыру болып есептелінеді. Шетел тілі негізінен
7-сыныптан бастап қана оқытылады.
Қытай елінде 1990 жылдардың аяғында барлығына білім беруге байланысты 9 жылдық
білім беру енгізілді. Ал жалпы орта білім беру 12 жылдықты құрайды, бірақ бұл барлығына
міндетті емес болып табылады Қытай елінде мектепке дейінгі білім беру 3-6 жас аралығын
қамтиды. Бұл елдің базалық білім беру жүйесіне мектепалды, бастауыш, орта толық емес, толық
орта білім беру кіреді. Қытай білім беру конституциясында жалпы білім беру ұзақтығы 9 жылдық
мерзім бекітілген. Оқу бағдарламасының 9 жылдық жаңа реформасы тұтас білім беру жүйесі
ретінде қарасырылып, бастапқы 1-2 сынып, негзгі бастауыш 4 жыл (3-сыныптар), бастауыш орта
3 жыл (7-9 сыныптар). Бастауыш сыныпта енгізілген жаңа пән адамгершілік және өмір. Бұл пән
орта бастауыш сыныпта (3-6 сынапта) адамгершілік және қоғам болып күрделене келе, ғылым
пәні де оқытыла бастайды. Бұл пән балаларды ғылыми жұмыстың негізгі әдістерімен таныстыра
отырып, жасерекшелігіне байланысты балаларға ғылым негізіне дайындық беріледі. Әлі де болса
білім беруге өзгерістер мен жаңалық енгізу ҚХР-да 2010 жылға дейін жоспарланған.
Ұлыбритания білім беру жүйесі мектепке дейінгі білім беру және тәрбиеден басталады. 3-5 жас
аралығы және бастауыш мектеп 1-6 сыныптарда 5-11 жас аралығы. Орта білім беру 2 бөлімнен:
кіші орта мектеп және жоғары мектеп, кіші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz