Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
Жоспар
1 Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
2 Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
3 Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру
1 Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі
Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық - адамның негізгі әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бірі. Бұл құқық 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпы декларациясының 26-бабында, 1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11-бабында және өзге де халықаралық актілерде бекітілген.
Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында бекітілген, бұл бапқа сәйкес: Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
Әлеуметтік қамсыздандыру түсінігін әртүрлі мағынада қолдануға болады.
Біріншіден, әлеуметтік қамсыздандыру ретінде әкімшілік-биліктік қатынастардың ерекше нысаны түсініледі.
Екіншіден - бұл мемлекеттің функциясы.
Ұшіншіден, азаматтарды қартаюына, асыраушысынан айырылуына, еңбекке қабілетінен айырылуына және т.б. жағдайларға байланысты материалдық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және нысаны ретінде.
Төртіншіден, құқық саласы ретінде.
Бесіншіден, азаматтардың құқығы ретінде.
Біздің ойымызша, әлеуметтік қамсыздандыру - бұл материалдық игіліктерді еңбектің қатысуынсыз бөлудің нысаны. Әлеуметтік қамсыздандыруда материалдық игіліктер қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелеріне мемлекеттің және арнайы қорлардың есебінен әлеуметтік нормаларда белгіленген кездерде және жағдайларда бөлінеді. Соған қоса, әлеуметтік қамсыздандыруды мемлекет әлеуметтік мәнге ие деп таныған жағдайлардың туындауы салдарынан тіршілік етудің қайнар көзі ретіндегі жоғалған жалақыны өтеуге бағытталған, мемлекет қалыптастыратын құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі ретінде де анықтауға болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру осы мақсаттар үшін арналған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Ақша құралдарының қайнар көзіне қарай әлеуметтік қамсыздандырудың екі түрін ажыратуға болады:
- мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру;
- зейнетақы қорларының салымшыларының - заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік емес әлеуметтік қамсыздандыру.
2 Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері
Ақша құралдарының қайнар көзіне қарамастан, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру келесі түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін:
- ақша төлемдері (зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылар, материалдық көмек және т.б.);
- заттай көмек (дәрі-дәрмек, азық-түлік, мүгедектер үшін техникалық көмек құралдары);
- қызмет көрсету және жеңілдіктер (қарттар және мүгедектердің үйинтернаттарына, балалар үйлеріне орналастыру, үйде әлеуметтік қызмет көрсету және т.б.);
- мүгедектердің емделуімен, сауығуымен және денсаулығын жақсартуымен (стационарда, үйден қатынап емдеу санаторийларда, қарттар және мүгедектер үшін арналған үй-интернаттарда), емдеу орнына баруымен және қайтуымен байланысты қосымша шығындарын өтеу, жұмыссыздарды қайта оқыту (қайта дайындықтан өткізу);
- азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсетудің бір жолғы ақшалай және ақшалай емес түрлері.
Әлеуметтік қамсыздандырудың субъектілеріне келесідей түрлерге бөлуге болады:
1) еңбекке қабілеттігі жоқ жастағы азаматтар:
- зейнеткерлер, солардың ішінде мүгедектер және жалғызбасты тұлғалар;
- балалар, солардың ішінде жасөспірімдер.
2) еңбекке қабілетті жастағы азаматтар:
- жұмыссыздар;
- уақытша жұмыссыздар;
- мүгедектер;
- көпбалалы отбасылар;
- тұрмыстық жағдайы төмен тұлғалар.
Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
Әлеуметтік қамсыздандырудың мәні келесі функциялардан көрініс табады:
- саяси;
- экономикалық;
- әлеуметтік;
- еңбек;
- демографиялық;
- сауықтыру.
Әлеуметтік қамсыздандырудың саяси функциясы әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудан және халықтың әртүрлі тобының өмір деңгейінің ерекшеліктеріне толы қоғамдағы әлеуметтік шиеліністі әлсіретуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың экономикалық функциясы жасына, еңбекке қабілеттігінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жалақыны немесе өзге де табыстың орнын толтырудан және тұрмыс жағдайы нашар тұлғаларға көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік функциясы әлеуметтік қорғалмаған, өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж азаматтар санаттарына оларға қосымша қаржы бөлу жолымен көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың еңбек функциясы әлеуметтік қамсыздандырудың барлық түрлері үшін қаржының қайнар көзі болып осы қоғамдағы еңбек қатынастарының табылуынан көрініс табады. Олардың даму деңгейіне әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің барлық буындары тәуелді болады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың сауықтыру функциясы мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қоғамдық мәртебесін қалпына келтіру үшін қалыпты жағдайлар жасаудан көрініс табады. Бұл аталған тұлғалардың өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қамсыздандырудың демографиялық функциясы елдің халық санының көбеюін көтермелеуге бағытталған. Бұл мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажет.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні болып азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен, өтемақылармен қамтамасыз етумен, сонымен қатар процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қызметтер көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар табылады. Олар мыналарды қамтиды:
:: азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және өтемақылармен қамтамасыз етумен байланысты қоғамдық қатынастарды;
:: заттай нысанда көмек көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар, яғни тегін немесе жеңілдікті бағамен берілетін нақты тауарлармен, қызметтермен қамтамасыз ету;
:: процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қоғамдық қатынастар.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастар өз мәні бойынша әкімшілік-биліктік қатынастар болып табылады. Олардың 5 тәсілін бөліп қарастыруға болады:
- тегін, әрбір азаматтың бөлінетін, алайда мемлекет белгілеген әлеуметтік нормативтің (стандарттың) шегінде қоғамның саналы (ұтымды) қажеттіктеріне және экономикалық мүмкіндіктеріне сай игіліктерге қатысты теңдей құқықтарына негізделеді. Мысалы, отбасының жан басына шаққан табысына сәйкес медициналық қызмет көрсету, өтемақылар төлеу кезінде, бірақ кез келген жағдайда мұндай көмек еңбек қызметімен немесе зейнетақы жарналарын төлеумен байланысты болмайды;
- бұрынғы немесе ағымдағы еңбектің шығындарын, өндірістің, материалдық қамсыздандырудың қажеттіктерін ескере отырып теңестірілмейтін, бірақ нормаланған сипаттағы;
- құнды ішінара төлеумен байланысты жеңілдетілген жағдайдағы.
Мысалы, дәрі-дәрмектерді, санаторийларға жолдамаларды жеңілдетілген бағамен сату;
- ақы үшін;
- еңбектің саны мен сапасына қарай.
Байқағанымыздай, бұл қатынастар әртекті және құқықтық реттеудің әртүрлі әдістерін талап етеді. Қызметті ақылы түрде көрсету қағидасына негізделген қатынастар азаматтық құқықтың реттеу саласын қамтиды. Оларға үшінші тәсілдің ақылылыққа негізделетін қатынастары да жатады. Қатынастардың бесінші түрі еңбек құқығы саласына жатады.
Алғашқы үш тәсілдегі қатынастар негізінен әлеуметтік қамсыздандыру құқығына жатады.
Ұзақ уақыт бойы бұл қатынастар еңбек, әкімшілік және қаржылық құқықтар шеңберінде дамыды. Алайда, уақыт ағымымен заңшығарушылық материалдың дамуымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының және оның ерекшеліктерінің дамуымен әлеуметтік қамсыздандыру құқығы дербес құқық саласы болып бөлініп шықты.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың негізгі түрі болып, жоғарыда атап өткеніміздей, зейнетақылық қатынастар табылады. Зейнетақылық құқықтық қатынастар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz