Әлеуметтік құбылыстағы музыкалық өнер. Дәріс және тәжірбиелік сабақтар



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс және тәжірбиелік сабақтардың мазмұны

2- Тақырыбы: Әлеуметтік құбылыстағы музыкалық өнер. Өнер жүйесінде музыканың алатын орны. Қоғамдағы музыкалық өнердің атқаратын қызметі

Жоспары:
1. Қоғамдағы музыканың алатын орны
2. Олардың атқаратын қызметтері
3. Әлеуметтік құбылыстағы музыкалық өнер

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңғырулар тұсында тұр. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі әлеуметтік өзгерістермен айқындалады. Тәуелсіздікке ие болған 15 жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өзгермелі әлеуметтік-жағдайда жаңа Қазақстандық қоғам дүниеге келді. Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған Қазақстан оның бүкіл халқы экономикасы мен әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, ғылымы, білімі қоғамның жаңа даму белесінде. 20 жылдық тарихымызға көз жіберсек, қоғам мен экономиканың дамуы ашық сипатқа ие болды. Демократиялық бағыт кең өріс алып, адамға жан-жақты экономикалық, саяси, діни таңдау еркіндігі, құқығы, еркін ойлау, еркін сөйлеу құқығы жүзеге асырылды, десек те қабылданған қаулылар, ұсынылған әдістемелік немесе теориялық тағылымдық талаптар дәл қазіргі таңда, толыққанды қызмет көрсетіп отырған жоқ деп тұжырымдасақ қателелесе қоймаспыз. Өйткені қаншалықты мемлекттік ведомствалық деңгейлерде, теориялық жүзінде нақтылы ережелер тобы қабылдағанымен де іс жүзінде олар тек игілікті ынталандыру деңгейінде ғана қалып отыр. Оның себептері көп жағдайларда кейбір қалыптасып қалған ұйымдарға: экономиканың төмендеуі, өндірістің аздығы, жұмыссыздықтың қолданылып отырған мемлекеттік шараларға қарамастан өсе түсуі, жаңа әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықтың арта түсуі, осындай жалпыға ортақ әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани тоқыраушылықтарға байланысты болып отыр. Әлеуметтік жағдайды күшейту ең алдымен еңбек пен тұрмыс, білім мен мәдениет, кәсіби өсумен қызмет бабында өсу, бос уақытты дұрыс пайдалану тағы басқа қоғамдық мәнді мүдделерді дамытып, неғұрлым толық қанағаттандыру керек.
Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті эконмика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін атты Президентіміздің жолдауында әлеуметтік қамту туралы: Әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келеді және болып қала береді. 2005 жылдан бастап Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң қабылдануы, енгізілуі тиіс.
Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешуші ұзақ мерзімді басымдық болып табылады деп айрықша баға берді.
Әлеуметтік ұғым, психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңінен қолданылады. Әлеуметтендіру ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлерінде интеграциялау, одақтық қауымдастыру. Әлеуметтіндіру - мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Әлеуметтіндіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Ғылымға адамды Әлеуметтендіру термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерлі, өндіріс құралдарын қоғамдастырудан басталды. Әлеуметтендіруді адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддин (1887ж) өзінің Әлеуметтендіру теориясы кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау деп түсіндірді. Әлеуметтендіру - тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. П.Наторп өз еңбегінде Адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан деп түйеді.
Аристотельдің пікірінше этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Ол қоғамдық тәрбие мен отбасы тәрбиесінің өзара байланысты болуын жақтады. Адамның туғаннан даму және өсу мүмкіндігі болады, ол даму тәрбие арқылы жүзеге асады - деген тоқтам айтты.
Демокрит әлеуметтік қайшылық адамдардың дөрекі мінезінен туады деп білді, сөйтіп, ол бүкіл пікірі арқылы мінез-құлықтың педагогика-психология негізін салды. Аристотель ілімін дамытып, дүниеге танытқан ұлы шәкірттерінің бірі Сократ Саясаттануда былай деп жазды: Мейірбандылық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік т.б. отбасы мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдары сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді, - деп көрсетті. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенділік пен жасампаздыққа деп дұрыс түсінгендігін байқатады.
Адамды жетіле түсуге, бақытқа, молшылыққа жетелеуді көздеген Әл-Фараби әділеттілікті халықтар достығын насихаттауда, мәдениетті, ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеялары, оның өз заманындағы Шығыс елдерінің, әрі дүние жүзі халықтарының көкейкесті жағдайларымен үндесіп жатады. Сондықтан да оның энциклопедиялық мол мұрасы біздің қазіргі ХХІ ғасырдың басындағы әлеуметтік өмір мен мәдениеттің ішіне кіріп, ұласып кетеді. Әл-Фарабидің: бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады, - деген сөзі тап бүгін де өте мәнді. (Әл-Фараби. Философиялық трактаттар, Алматы, 1972, Б: 5). Ал Баласағұн үлкен демократ ретінде танылды. Қоғамдық құрылымның парасаттылығын бостандық, тәуелсіздік анықтайды, әрбір адамның өз пікірін, еркін білдіретін мүмкіндігі болуы керек, осыдан келіп, бурықана сыртқа шыққан шығармашылық, яғни жеке адамның бостандығы шығады, - дейді.
Ұлы Абайдың да тәрбие мен еңбек тағлымдарының Ибн-Синамен сабақтас жерінің бар екенін аңғаруға болады. Мысалы, Абай Құнанбаев өмір сүрген тұста қазақ елінің өндіргіш күштері тым мешеу еді. Қазақтың ол кездегі кәсібі мал бағу ғана болды. Сол кезде малы аз кедей мен малы жоқ жалшыда көп болатын. Олардың бәріне бірдей еңбек кәсібі жетіспейтін. Бұлардың жалақысы тапқан тағамынан артылмайтын. Бұлардың өте ауыр халін Абай Құнанбаев қараша желтоқсан мен сол бір екі ай - деп басталатын өлеңінде реалистік тұрғыда сипаттайды. Ауылда атқаратын еңбек жоқ жалшыларға Абай құнанбаев жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, малың болса сыйламай тұра алмас ел - деп ақыл берді. Абай Құнанбаевтың еңбектің маңызы мен мәнін көрсетуде әл-Фараби кейінгі ғұлама ғалым Ибн-Синада жалшылық пен кедейлік Орта Азия мекендейтін барлық мұсылман еліне тән құбылыс деп одан құтылудың бірден - бір жолы еңбек етуде деп білді. Еңбек пен әділеттіліктің жалынды жаршысы болған Ибн Сина өз заманында осындай батыл да, дұрыс пікірлер айтқан. Тіпті ол әділетсіз үкіметке қарсы халық өкіметінің болуын қажет және заңды деп тапқан. Орта ғасырдың ұлы ғалымы табиғат пен қоғам құбылыстарының өз замандастарына белгісіз көптеген құпияларын ашты, адамның ақыл ойы фанатизм мен жоққа сенушіліктен құтқаруға тырысты, табиғатты танып оны адамзатқа қызмет еттіруге ұмтылды.
Низами Гәнжау дастандары композициялық құрылысы, сюжет тартымдылығы көркем тілі, биік гуманистік идеясымен ерекшеленеді. Құпия қазына атты философиялық поэмада өкімет басшыларын әділ болуға, қармағындағы халқына қамқорлық жасауға шақырады. Поэма діни сарынмен жазылғанмен негізінен гуманистік мақсатты көздейді. Жеті ару - автор халықтың ауыр тұрмысын, қайғылы халын көрсетумен бірге сарай маңындағылардың қорқаулығы мен зұлымдығын әшкерлейді.
Данышпан Абай Құнанбаев айтқандай Адам бол атты гуманистік идеясы, сонау Қожа Ахмет Иассауиден халқымыздың бойына сіңген өзінідік философиясына тән. Иассаудің басты еңбегі Диуани хикмет (Ақыл кітабы) рухани және гуманистік бағытта жазылған.біздер тарихи сабақтастық тұрғыдан қарасақ, Абай шығармашылығына Қожа Ахмет Иассаудің сопылық және этикалық идеялары әсер еткен. Қожа Ахмет Иассауға Әл-Фарабидің шығармашылығы негіз болған. Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов кезінде көптеген Шығыс халқының кемеңгер ойшылдарының (Физули, Шамси, Сейхали, Науаи, Саади, Фирдоуси, Қожа, Хафиз) шығармашылықтарымен жақсы таныс болған. Олар үш ұлы тұлғаға ғұлама, ойшыл болуға көмектесті. Қожа Ахмет Иассауи рухани мұрасының әсері Абай Құнанбаев еңбектерінен анық сезіледі. Ендеше Қожа Ахмет Иассаудің Абай әлеміне қосқан өзіндік үлесі бар. Оны ақынның 38-ші қара сөзінен байқаймыз.Балаларды оқытып-үйретуде зорлық-зомбылықты негізгі қару ететін дүмше молдаларды сынай отырып, ол былай деген: олардың адамшылығының кәмелет таппағаны - қиынның қиыны. Себебі, Алла тағала өзі - ақиқат жолы. Ақиқат пен растық - қиянаттың дұшпаны. Әркім өзінің сенімінде құтқарушыны көруі тиіс, Біздің ата-бабаларымыз айтып өткен - Алла тағала біреу және ол барлық жерде деген сөз дұрыс деуге болады. дінге деген сенім адамды Аллаға жақындата түседі, сондықтан ол адалдыққа, әділдікке, мейірімділікке ұмтылады, Сопы Алаяр айтқандай, бәрінен де ең жоғары тұратын бір ерекше Ақиқат болады.
Омар Хайям әлемге әйгілі төрт тағандардың авторы - ол Өмір мен өлім, Жақсы мен жаман, Жастық пен кәрілік, Құштарлық пен тақуалық, Махаббат пен зұлымдық, Қанағат пен озбырлық парқын төрт жолдан тұратын бір шумақ өлеңге сиғызды. Онда адам өмірінің әр қырын, кезеңдерін қамтитын тапқыр да өткір адамгершілік пікірлерге құрылған өрнекті өлең шумақтары мұнда ақынның өмір-тіршілік құбылыстарына қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға көзқарастары айқын көрінді. Ол жеке бастың азаттылығын жырлады, дүниедегі әділетсіздікке қарсылық білдірді, адамды теңдікке, бостандыққа шақырды.
Ал, Жан Жак Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді. Ол адамда- адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық, теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық құрылысты арман етті.
Я.А.Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие) десе, Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты (азаматты қалыптастыру) деп ойлады.
К.Д.Ушинский Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші бақыт дегенде нені түсінеді, өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ, біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық - деп түсінеді.
ХІХ ғасырдың 40-жылдарында В.Г.Белинский крепостнойлық право мен патшалық саясатқа қарсы күрескерді тәрбиелеу деп жазды. А.И. Герцен тәрбие мақсаты - қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау деп санады. Біз ақыл-ойдың дамуына таныммен қатар адамгершілік тәрбиенің міндеті анағұрлым маңызды - деп, К.Д.Ушинский жазды .
І.Р.Халитова Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері атты әдістемелік құралында жалпы әлеуметтік-педагогтарды даярлау мәселесі, ауылды жердегі әлеуметтік мәселелер, ата-ананың баланы әлеуметтендірудегі орны, қазіргі кездегі әлеуметтік педагогиканы зерттеу әдістеріне байланысты мәселелерін қарастырды .
Қазақстанда жүріп жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесіндегі реформаның жүзеге асырылуын талап етуде. Осы реформаға сәйкес білім беру жүйесін демократияландыру, ақпараттандыру бағыттарындағы өзгерістер орын алуда. Білім беру жүйесінің аталмыш өзгерістерге сай жүргізіліп жатқан жұмыстарының бағытына жасалған талдаулар, қазіргі өмірдің талабына сай жек тұлға тәрбиелеуде, соңғы уақытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы пәнінің мақсаты
Көркемдік және эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі музыкалық өнер. Дәрістер
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Жоғарғы оқу орнындағы лекция. Ағымдағы лекция
Шығармашылықты дамыту мақсатында бағдарламада
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Жоғарғы оқу орнындағы лекция және оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формалары мен әдістері
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
Пәндер