Әлеуметтік саланың менеджмент жүйесіндегі мемлекеттік кепілдемелері


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ӨӘЖ - 316. 342

әлеуметтік саланың менеджмент жүйесіндегі мемлекеттік кепілдемелер мен ең төменгі әлеуметтік стандарттардың ролі

Г. К. Рахимжанова

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Нарықтық механизмде әлеуметтік қорғау қызметін мемлекет жүзеге асырады. Сондықтан ол тұрғындар жағдайының кепілі болып табылады. Әлеуметтік кепілдемелер бере отырып мемлекет өзінің тұрғындары алдындағы басты міндетін орындайды, және басқарушылық қызмет орындайды. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының өзінде көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасы келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік кепілдік беріледі».

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылғы «Бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену» стратегиясына сәйкес анықталған бағыттардың бірі - барлық тұрғындарға алдыңғы қатарлы және сапалы әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ететін әлеуметтік бағытталған қоғам құру болып табылады. Сонымен бірге 2011 жылғы 28 қаңтарындағы «» жолдауында ел президенті жүргізіліп жатқан бағдарламалардың басты мақсаты ел халқының әл ауқатын нығайту екені, осы тұрғыда әлеуметтік модернизация мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетіні атап өтіледі.

1952 жылғы Халықаралық Еңбек Ұйымының әлеуметтік қамтамасыз етудің (ең төменгі) минималды нормалары туралы (102) конвенциясы әлеуметтік қамтамасыз етудегі міндетті әлеуметтік жәрдемдер тізімін анықтайды. Оның құрамына енгендері: медициналық көмек; уақытша жұмыссыздық бойынша жәрдемақы; жұмыссыздық бойынша жәрдемақы; қарттық бойынша зейнетақы; жұмыста алған зияны мен жарақаты бойынша зейнетақы; отбасылық жәрдемақы; мүгедектік бойынша зейнетақы; асыраушысын жоғалту бойынша жәрдемақы.

Жоғарыда көрсетілгеннің біріншісінен басқасы ақшалай формада жүзеге асырылады. Берілген конвенцияны қабылдай отырып мемлекет жәрдемақының ең аз дегенде үш түрін қолдануы қажет, сонымен бірге оған ең төменгі қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Және де берілген конвенция шетел азаматтарының теңдігін қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік кепілдемелер - бұл азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған заңмен көрсетілген мемлекет міндеттемелерінің ұзақ мерзімді әрекет ету механизмі. Әлеуметтік кепілдемелердің негізі ең төменгі әлеуметтік стандарттар болып табылады.

Ең төменгі (минималды) әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қорғаудың ең төменгі деңгейін бекітетін Қазақстан Республикасының заңдарымен орнатылған нормалар мен нормативтер жиынтығы.

Мемлекеттік ең төменгі стандарттар жүйесін келесі салалардағы өзара байланысты мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар құрастырады: еңбек ақы орнату; зейнетақылық қамтамасыз ету; білім беру; денсаулық сақтау; мәдениет; әлеуметтік қызмет көрсету; тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсету.

Еңбек ақы саласындағы орнатылатын ең төменгі стандарттар келесідей болады: біріншіден, жалақының ең төменгі деңгейі; екіншіден, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбек ақысын өтеудің ортақ тарифті торы. Ең төменгі (минималды) жалақы - ұдайы өндірістің қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуге арналған жұмысшының жалақы деңгейі. Жалақының ең төменгі деңгейі кепілді сипатқа ие. Оның көлеміне премиялар, сыйлықтар, қосымша ақы енбейді. Ең төменгі жалақының деңгейін анықтау әдетте өмір сүрудің ең төменгі деңгейін есептеумен анықталады. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі - баға деңгейін ескергендегі тауар мен қызметтерге минималды қажеттіліктерді қанағаттандырудың нормативтері бойынша есептеледі. Ең төменгі жалақы көлемінің тұтынудағы минимумға сәйкес келуі экономиканың тұрақтылығын және өндірістің жоғары деңгейін сипаттайды. Дағдарыс жағдайында минималды жалақы деңгейі экономикалық жағдайға байланысты бекітіледі.

Көптеген дамыған елдерде қазіргі кезде ең төменгі жалақы туралы нормативтік актілер әрекет етеді. Заңдық бекітілген минималды жалақы АҚШ-та, Францияда, Испанияда, Португалияда, Нидерландыда бар. Бельгия мен Грецияда минималды жалақы Ұлттық Ұжымдық келісіммен, ал Италия, Германия, Данияда салалық келісіммен анықталады. Ұлыбритания мен Ирландияда минималды жалақы деңгейін жалақы бойынша арнайы кеңестер реттейді. Олар үш жақты негізде (мемлекет, кәсіпкерлер, кәсіподақ) әрекет етеді. Қазақстанда минималды жалақы заңдық негізде бекітіледі. Егер минималды жалақы 2004 жылы 6600 теңгені құраса, 2011 жылы ол 15999 теңге деңгейіне дейін өсті. (Кесте 1) арқылы біз минималды жалақы деңгейі динамикасының өзгеруін көре аламыз, яғни сонғы 8 жылда өсу 2, 4 есені құрады.

Кесте 1

Қазақстан Республикасындағы ең төменгі жалақы динамикасы

жылдар
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
жылдар: 1
2004: 2
2005: 3
2006: 4
2007: 5
2008: 6
2009: 7
2010: 8
2011: 9
жылдар: Ең төменгі жалақы
2004: 6600
2005: 7000
2006: 9200
2007: 9752
2008: 10515
2009: 13470
2010: 14952
2011: 15999

Зейнетақылық қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік стандарттар ретінде ең төменгі мемлекеттік зейнетақы мөлшері қарастырылады. 2005 жылы оның деңгейі 6200 теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6, 9 %-ға өсті. Ал 2006 жылы ең төменгі зейнетақы деңгейі 6700 теңге деңгейінде орнатылды. Келесі кестеден біз 2004-20011 жылдардағы республика бойынша зейнетақының төменгі, орташа және жоғарғы мөлшерінің өзгерісін айқын көре аламыз (Кесте 2) . Сонғы 8 жылда ең төменгі зейнетақының өсімі 2, 8 есені құрады.

Кесте 2

2004-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасы бойынша зейнетақының төменгі, орташа және жоғарғы мөлшері

Жылдар
Зейнетақы мөлшері.
Жылдар: Төменгі мөлшері
Зейнетақы мөлшері.: Орташа мөлшері
: Жоғарғы мөлшері
Жылдар: 2004
Зейнетақы мөлшері.: 5800
: 9252
Жылдар: 2005
Зейнетақы мөлшері.: 6200
: 12252
Жылдар: 2006
Зейнетақы мөлшері.: 6700
: 12752
Жылдар: 2007
Зейнетақы мөлшері.: 7236
:
Жылдар: 2008
Зейнетақы мөлшері.: 7900
:
Жылдар: 2009
Зейнетақы мөлшері.: 9875
:
Жылдар: 2010
Зейнетақы мөлшері.: 12344
:
Жылдар: 2011
Зейнетақы мөлшері.: 16047
: 35950

Білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттар келесідей: бюджет деңгейлері тарапынан қаржыландырылатын білім беру мекемелеріндегі ақысыз қызметтер жиынтығы; мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі топтар мен кластардың шекті толтырылу нормалары мен нормативтері; оқушыларды әлеуметтік-экономикалық қолдаудың нормалары мен нормативтері; мемлекеттік білім беру мекемелерінде ақысыз білім алушы студенттер санының нормативі мен стипендия көлемі. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Өткен он жыл ішінде білім беруге бөлінетін қаржы он есеге көбейді. Осы жылдар ішінде 750 жаңа мектеп, 5302 мектепке дейінгі мекемелер, 1117 балабақша және 4185 орталық ашылды.

Денсаулық сақтау саласындағы ең төменгі кепілдемелерді анықтау дегеніміз ол аймақтағы 1000 тұрғынның дәрігерлермен, аурухана орындарымен, амбулаторлы мекемелермен қамтамасыз етілу көрсеткіші қолданылады. Қазақстан бойынша барлығы 55509 мамандандырылған дәрігерлер, 119 581 орта медициналық қызметкер өз жұмысын жүргізеді. 10 000 адамға шаққанда мамандандырылған дәрігерлер 36, 5 адам, ал орта медициналық қызметкерлер 78, 6 адамды құрайды.

Барлық мемлекеттік ең төменгі кепілдемелер тұрғындардың өмір деңгейінің мемлекеттік стандарттарымен анықталуы қажет. «Өмір деңгейі» ұғымы адамдардың рихани және материалдық қажеттіліктерінің қанағаттандыру процесін көрсетеді. Өмір деңгейін анықтау үшін өмір сүрудің ең төменгі деңгейі деген ұғым пайдаланылады. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі - тұлға дамуы мен ұдайы өндірістің қалыпты қызметі үшін қажетті өмір сүру қаражаттарының минимумын сипаттайды. Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 16 қарашасындағы «Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі туралы» заңына сәйкес «Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі - көлемі бойынша минималды тұтыну қоржынына сәйкес келетін бір адамға қажетті минималды ақшалай табыс». Оның көлемі Тұрғындарды әлеуметтік қорғау және еңбек бойынша құзыретті органмен ең төменгі тұтыну қоржынынан сай орнатылады. Ол республика мен оның аймақтары бойынша квартал сайын есептеледі. 2011 жылдың бірінші қаңтарынан бастап осы көрсеткіш елімізде 15999 тенгені құрады.

Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі келесі жас-жыныстық топтар бойынша есептеледі:

1. Балалар: 1 жасқа дейінгі, 1-3 жас, 4-6 жас, 7-10 жас, 11-13 жас;

2. Жас өспірімдер мен ерлер: 14-17 жас, 18-29 жас, 30-62 жас, 63-тен жоғары;

3. Жас өспірім қыздар мен әйелдер: 14-17 жас, 18-29 жас, 30-57 жас, 58-жен жоғары.

Ең төменгі тұтыну қоржыны - бұл заттай және құндық формадағы тауарлар мен қызметтердің минималды жиынтығы. Тұтыну қоржынын арнайы өкілетті статистикалық орган азық-түліктерді тұтынудың нормаларына сәйкес есептейді. 2006 жылдан бастап тұтыну қоржыны өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің 60 % құрайды. Егер тұтыну қоржынын анықтауда аймақ бойынша тауар бағасы туралы ақпарат болмаса, республика бойынша сол тауардың орташа деңгейі есептеледі.

Өндірістік емес тауарлар мен қызметтерге деген өзге шығындар үлесі Қазақстан Республикасының Үкіметімен орнатылады. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі жыл сайын келесі көрсеткіштерді есепке алу үшін пайдаланылады: кедешілік деңгейі мен өмір сүру деңгейін анықтау үшін; әлеуметтік саясаттың бағыттарын және тұрғындарды әлеуметтік қолдау шараларын анықтау үшін; ең төменгі өлшемдерді, яғни ең төменгі жалақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдерді анықтау үшін.

Кедейшілік табалдырығы - адамның ең төменгі қажеттіліктерін өтеуге қажетті табыс деңгейі, ол республикадағы экономикалық мүмкіндіктерге байланысты орнатылады. Бұл көрсеткіш республика бойынша квартал сайын есептеліп отырады, және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетудің критериі болып табылады. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейі ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы мөлшерін анықтауда пайдаланылады.

Қазіргі уақытта негізгі шиеленіскен мәселе қоғамның әлеуметтік-экономикалық теңсіздігі болып табылады.

Дамыған елдерде теңсіздіктің өзгеруіне үлкен мән беріледі. Тұрғындарды жалпы әлеуметтік қорғаумен сипатталатын әлеуметтік дамудың патерналистік үлгісінен мекен-жайлық әлеуметтік жүйеге өту тұрғындар табысының терең дифференциациясына әкелді.

Әлемде теңсіздікті өлшеудің бірнеше әдістері қолданылады. Олардың ішіндегі ең жиі қолданылатыны Джини коэффициенті.

Бұл көрсеткіш 100%-ға жақындаған сайын табыс бөлудегі теңсіздік деңгейінің дәрежесі өседі, ал нольге жақындаған сайын төмендейді. Халықаралық есеп бойынша 1997 жылы Джини коэффициенті АҚШ-та 40, 8 %, Батыс Еуропа елдерінде шамамен 30%, Ресейде 49, 7% құрады. Қазақстанда Джини коэффициенті 2001 жылы 36, 6 % құрап, 2010 жылы бұл көрсеткіш 27, 8 %-ға дейін төмендеді.

Қазақстан тұрғындарының жалпы табысының құрылымын қарастырсақ, ондағы жалақы үлесі Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2008-2011 (1-2 квартал) жылдар аралығында 2, 1 пайызға азайды да 79, 4 пайыз құрады. Алайда бұл әлі жоғары көрсеткіш болып табылады (Кесте 3) .

Кесте 3

Қазақстан тұрғындарының ақшалай табыстарының құрылымы

2008
2009
2010
2011 (1-2 кварталда )
: 1
2008: 3
2009: 4
2010: 5
2011 (1-2 кварталда ): 6
: Барлық табыс оның ішінде:%
2008: 100
2009: 100
2010: 100
2011 (1-2 кварталда ): 100
: Еңбек табыстары
2008: 81, 5
2009: 80, 4
2010: 80, 9
2011 (1-2 кварталда ): 79, 4
: Әлеуметтік трансферттер
2008: 14, 6
2009: 15, 5
2010: 15, 2
2011 (1-2 кварталда ): 15, 7
: Басқа да табыстар
2008: 3, 9
2009: 4, 1
2010: 3, 9
2011 (1-2 кварталда ): 4, 9

2007 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауында ана мен баланы әлеуметтік қорғауға шынайы көңіл бөліп отырғандығын көруге болады. Осы үшін де 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бала туғанда берілетін жәрдемақы көлемі 34740 теңгеге немесе 2 есеге көбейді. Бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін төленетін айлық жәрдемақы көлем ұлғайды. Тұңғыш бала туғанға ол 5800 теңгеге немесе 177 пайызға, екінші бала туғанда 6400 теңгеге немесе 167 пайызға, үшінші бала туғанда 6900 теңге немесе 159 пайызға, одан кейінгі бала туғанда 7500 теңге немесе 153 пайызға артты. Балалы отбасыларды қолдау шығындары 9, 5 млрд. теңгені құрады. Жұмыс істейтін әйелдердің жүктілік немесе аналық міндетін орындау кездерінде міндетті әлеуметтік сақтандыруды еңгізу қарастырылған. Мұның үстіне декреттік демалыстағы және бір жылға дейінгі баланы күту демалысы кезінде зейнетақылық жинағы үзіліссіз жүріп тұратын болады. Бұл шараларға қосымша 9, 2 млрд. теңге қарастырылған. Зейнетақылық қамтамасыз ету жөнінде де бірқатар оң қадамдар жасалмақ. Тіпті бұл істе халықаралық стандарттарға шығамыз десек те болады. Ол үшін базалық зейнетақыны көбейтіп, оны өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің 40 пайыз көлемінде қамтамасыз ету көрсетілген. Тұтастай алғанда алдағы 2008 жылы ең төменгі зейнетақы 1, 5 мың теңгеге өсті. Жоғары зейнетақының көлемі 21700 теңгеге дейін өсті. Орташа зейнетақы 13600 теңгені құрастырды. Инфляция зейнетақыны «жеп қоймас» үшін зейнетақылық төлем индексациясы болжамды тұтынушылық баға өсімі индексінен 2 пайызға артық ескеріліп жасалған. Ел президентінің зиянды және ауыр жағдайларда қызмет ететін адамдарды әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған шешімде болып отыр. Өз жолдауында президент осы категорияға 8 айлық есепті көрсеткіш көлемінде арнайы жәрдемақы төлеуді ұсынды. Осының нәтижесінде жыл сайынғы айлық есептік көрсеткіштің өсуімен қатар жәрдемақы көлемі де өсіп отырады. Барлық қосымша әлеуметтік төлемдерді есептегенде әлеуметтік саладағы шығындарды өтеу үшін 2008 жылы 108 млрд. теңге қажет болды. Жолдауда медициналық қызмет көрсету түрінің сапасын жақсарту, денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жоғарғы технологияларды әрі қарай енгізе беру міндеттері қойылған. Бүгінгі күні мемлекет халықты қол жетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге толықтай қабылетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы субъектісі
Банк Центркредит АҚ-ы мысалының негізінде проблемалық несиелерді талдау және оларды ҚР-да шешу жолдары
Қарыз алушыны оның ссудалық карыздарының жағдайымен ақпараттандыру
Шетел инвесторының толық иелігіндегі кәсіпорынды құру
Аймақтық басқарудың концепциялық негіздері
Тұтыну Жеке тұтыну
Туристік кәсіпорындағы басқару мен бақылау негізі
ҚР –ның банктік жүйесіндегі банктік қызметтерді жүзеге асыру және жаңа банктік өнімдерді енгізу
Батыс Қазақстан өңірлернің инновациялық қызметін талдау
ТЕАТР ӨНЕРІ АРТ - МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz