Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасуы



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.1 Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
1.2 Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы

1.3 Кеңестік әлеуметтік психологияның даму тарихы

1.4 Әлеуметтік-психологиялық зерттеу процедурасы мен әдіснамасы

1.1 Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
Әлеуметтік психология әлеуметтануды және психологияны біріктірген ғылым. Сондықтан ол ғылымдар жүйесінде ерекше орын алады. Әлеуметтік психологиялық зерттеулерді қоғамдық өмірдің барлық салалары керек етеді (өнеркәсіп өндірістер, тәрбиелеу мекемелері, теледидар және радио хабарлары, демографиялық саясат, спорт, тұтынушыға қызмет көрсету салалары және т.б.). Өз тарапынан бұның барлығы әлеуметтік психологияның интенсивтік дамуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік психологияның маңызды ерекшелігі - бұл оның қоғамдағы саясат мәселелерімен байланыстылығы.
Әлеуметтік психологияда екі әлемдік дәрежеге жеткен мектепті (бағытты) бөледі:
- психологиялық әлеуметтік психология
- социологиялық әлеуметтік психология
Әр ғалым осы бағыттарды әр түрлі түсіндіреді, (және әрқайсысымен келіспеуге болады). Мысалы, Е.В. Руденскийдің оқулығында бұл бағыттар былай сипаталады:
· Психологиялық әлеуметтік психологияның зерттеу пәні-тұлға психикасының әлеуметтік ортаға байланысты дамуы. Бұл бағыт жалпы психологияға негізделен .
· Социологиялық әлеуметтік психологиягың зерттеу пәні-әлуметтік және оның негізгі құрастырушы компоненті, автономды және басқалармен байланыста болатын-бұл тұлға. Бұл бағыт социологиялық ұғымдарға негізделген.
Дэвид Майерс әлеуметтік психологияны былай сипатайды-бұл әр түрлі жағдайлардың әсерін оның ішіндегі адамдардың бір-бірін қалай қабылдайтынын және бір-біріне қалай әсер ететінін зерттейтін ғылым. Яғни Майерс әлеуметтік психологияның өкілі. Оның мысалы Золушка туралы еңбегі белгілі. Бұны француз философы, жазушысы Жан Поль Сартр Золушка эффектсі атады да, былай түсіндірді: адамның өзі туралы нені елестейтіні дағдайға байланысты. Бізді нақ сол сәтте болатын жағдайдан бөлуге болмайды, олар бізді қалыптастырады да біздің мүмкіндіктерімізді белгілейді.
Адамның мінез-құлқының өзгеруі объективті (сыртқы) жағдайға ғана байланысты елес, өзіміздің көзқарастарымызға да байланысты өзгереді. Мысалы, өз-өзіне сенген адам жолдасы, және бөтен адамға ескерту жасаған кезде бұл оны объективті жағдайлармен түсіндіреді (мысалы, жұмысында қиындықтар болған шығар). Өзіне сенбеген адам керісінше жолдасының жаман мінезімен түсіндіреді. Осындай адам басқалардан жамандықты күте отырып, өзінің реніш сезімімен басқалардан күткен жамандықты тудырады. Адамның ойлағаны: мысалы, профессордың баласы-ақылды болу керек, сүйкімді адамның адамгершілігі мол, және т.б. рас болатыны жиі. Қандай жағдайларда агрессивті сезім, ал қай жағдайларда көмек көрсету және т.б. сезімдері туындайды. Адамның көмек көрсеткісі келуі әлеуметтік жағдайларға байланысты ма, мысалы, оның ауыл немесе кішкене қалада тұруы. Осы сұрақтарға әлеуметтік психология жауаптарды іздейді. Оны қарапайым сөзбен айтқанда әлеуметтік психология-бұл адамның бір-бірімен қалай әсер етеді , бір-біріне қалай қарайтыны туралы ғылым .
Бұл жас ғылым. Оның саласындағы алғашқы эксперименттер 1898 жылы жүргізілді де, ал әлеуметтік психологияның алғашқы оқулығы 1924 жылы шықты.
Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі зерттеулері осындай мәселелер бойынша:
· Жағдайдың үстемділігі.
· Тұлғаның билігі. Мысалы,түрмеден шыққан адамдардың біреуі ары қарай қылмыс жасайды, ал екіншісі алға барып, жұмыс тауып көтеріле бастайы.
· әлеуметтік танудың маңыздылығы . Адамдар әр-түрлі ойлағаннан өздерін әртүрлі ұстайды.
Әлеуметтік психология басқа пәндермен тыз байланыста.
Әлеуметтік психология және социология - екеуі де адамдар топ ішінде өздерін қалай ұстайтынын зерттейді. Бірақ, социолог әртүрлі топтарда зерттейді-үлкеннен бастап кішкентайға дейін (саны бойынша), және оларға тән жалпы ерекшеліктерін, ал психолог-орташа статистикалық адамдарды зерттейді мысалы, жақындық қарым-қатынасты зерттей отырып, социолог азаматтық некенің және некені бұзу санына назар аударады, ал әлеуметтік психология -адамдар бір-бірін қалай ұнататынына.
Социолог және әлеуметтік психологтар бірдей зерттеушілік әдістерді қолданады, бірақ әлеуметтік психологтар көбінесе тәжірибеге негізделеді.
Әлеуметтік психология және тұлға психологиясы - екеуі де индивидке назар аударады. Бірақ тұлға психологиясы индивидтің ішкі жан дүниесіне, олардың жеке айырмашылықтарына назар аударады. Ал, әлеуметтік психологтар жалпы адамдарға не тән, адамдар қалай бір-бірін қабылдайды және әсер етуінің; әлеуметтік жағдайлардың адамға әсер ету механизмдерін зерттейді. Әлеуметтік психология жас ғылым, ал тұлға психологиясы өкілдері (З.Фрейд, К.Юнг, А.Маслоу, К.Роджерс, К.Хорни) өткен ғасырдың бірінші жартысында еңбек еткен.
Әлеуметтік психология және биология бойынша әрбір психологиялық құбылыс (ой, эмоция)әлеуметтік әсерімен қатар биологиялық әсерінен де туады, сол сияқты әлеуметтік мінез-құлыққа да биология әсер етеді, әсіресе оны түсіндіретіні нейробиология.
Қоғамдық құндылықтар психологиялық зерттеулерге үлкен әсер еткен.
1940 жылы Еуропада фашизм билеген кезде психологтар ырымдарды зерттеген.
1950 жылы бәрі бір-біріне ұқсас болғысы келу кезеңінде психологтар конформизмді зерттеген .
1960 жылы-қылмыстық өсу кезеңінде агрессияны зерттеген.
1970 жылы феминистік қозғалыстардың басталуы гендер және сексизм туралы зерттеулердің пайда болуына әкелді .
1980 жылы-қарудың дамуына көңіл бөлу кезеңі, психологтар оның психологиялық аспектілерні зерттейді.
1990 жылы психологтар адамдардың мәдени және ұлттық ерекшеліктерін, жыныстық бағыттардың ауытқуын зерттейді.
Әлеуметтік психологтар осы құндылықтардың қалыптасуын, өзгері себептерін және адамдардың мінез-құлықтарына әсер ету механизмдерін зерттеген.

1.2 Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы
Әлеуметтік психологиялық көзқарастар ерте заманда пайда болды. Бұл кезден бастап шешендердің, діни қызметшілердің сендіру, психологиялық жұқтыру қолданатыны белгілі. Бірақ әлеуметтік психология ғылым ретінде 19 ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Алғашқы әлеуметтік психологиялық ілімдерге халықтар психологиясын, бұқаралық психологиясын, әлеуметтік мінез-құлық инстинктер теориясын жатқызады.
Халықтар психологиясы Германия жерінде пайда болған, оны негіздеген М.Лацарус пен Г.Штейнталь. оның негізгі ойы - тарихтың қозғаушы күші - халық. Халық психологиясын өнерінен, дінінен, тілінен,дәстурінен, аңыздарынан көре аламыз. Жеке адамның психологиясы халық психологиясының туындысы болып есептеледі.
Көпшілік психологиясы Франция елінде пайда болды. Негіздеушілері С.Сигеле мен Г.Лебон. Көпшілік жағдайында адамның жеке ерекшеліктері жоғалады, мұндай жағдайда адам ақыл-ойына қарағанда көбінесе сезімдеріне сүйенеді. Көпшілік былыққан, тәртіпсіз, сондықтан оған басқарушы керек.
Әлеуметтік мінез-құлық инстинктер теориясы АҚШ-да пайда болды. Негіздеушісі В.Макдугалл. осы теория бойынша әлеуметтік мінез-құлық себептері - туа біткен инстинкттер. Олар санасыздық деңгейінде пайда болады да эмоцияларда көрініс береді. Инстинкттердің негізгі типтері: күрес; қашу; ұрпақты жалғастыру; иелікке алу; құрылыс; қауым инстиктілері.
20 ғасырдың әлеуметтік психологиясының теориялық бағыттары
- бихевиоризм (К.Халл, Д.Доллард, Б.Скиннер, Н.Миллер, т.б.). Екі адамнан туратын топтарда S - R - типті қарым-қатынастар қалыптасады).
- психоанализ - (Э.Фромм, Дж.Салливен, В,Шутц, т.б.) тренинг топтарды ұйымдастырды (Т-топтар).
- когнитивизм (К.Левин, Ф,Хайдер, т.б.) бойынша әлеуметтік мінез-құлық адамның таным, когнитивтік процестерімен байланысты.
- интеракционизм (Г.Мид, М.Кун, Г.Блумер, т.б.) бойынша жеке адамдардың дамуы өзара әрекеттесу процестеріне байланысты.

1.3 Кеңестік әлеуметтік психологияның даму тарихы
Совет өкіметі әлеуметтік психология тарихында екі кезеңді бөледі.
Бірінші кезең 20 ғасырдың 20 жылдарынан басталыды. Бұл кезде айтылған ойлар
- идеалисттік психологияның өкілі Г.И.Челпанов психологияны екіге бөлу керек деп қарастырды: әлеуметтік психология жәнепсихология.
- В.А.Артемов айтуынша психология ғылымы - бұл әлеуметтік психология. Бөлек, ерекше әлеуметтік психологияның керегі жоқ, тек қана психологияны индивид психологиясына және ұжым психологиясына бөлу қажет.
- К.Н.Корнилов бойынша психология ұжым психологиясын зерттейді, ал ұжым дегеніміз бұл қоршаған ортаның тітіркендіргіштеріне ұжым мџшелерінің біртұтас реакциясы. Сондықтан психология ұжым реакциясының жылдамдығын, кџшін, динамикасын зерттеуге бағытталады.
- П.П.Блонский айтуынша әлеуметтік құбылыстарға адамдардың және жануарлардың өзара әрекеті кіреді. Сондықтан әлеуметтік психология адамдарды және жануарларды зерттеу қажет.
- В.М.Бехтерев ұжымдық рефлексология ғылымды ұйыдастыруды ұсынды. Осы ғылымның зерттеу пәні - әр-тџрлі ұжымдырдың мінез-құлықтары, ұжым жағдайындағы жеке адамның мінез-құлығы, әлеуметтік қауымдардың қалыптасу жағдайлары, іс-әрекет ерекшеліктері, қоғам мџшелерінің өзара қатынастары.
Сонымен әлеуметтік психология пәні туралы екі бөлек көзқарас қалыптасты: 1) әлеуметтік психология - бұл барлық психикалық құбылыстардың әлеуметтік құбылыстармен себептік байланысы туралы ілім; 2) әлеуметтік психология ұжымдық психикалық құбылыстарды зерттейді. Осы екі көзқарастардың біріншісі әлеуметтік психологияның пәнің ұзақ уақыт бойы іздестірген. Сондықтан әлеуметтік психология психология ғылымының құрылымында біртұтас болып, бөлінбей көп уақыт бойы өмір сџрген. Сондықтан осы кезеңді (50-60 жылдарға дейін) әлеуметтік психология дамуындағы џзілісі деп атайды. Демек, әлеуметтік психологиялық зерттеулер осы кезде жалпы әлеуметтік психологиялық зерттеулер аймағында жџргізілген.
Екінші кезең - 20 ғасырдың 50-60 жылдары аралығында. Осы кезде қоғамдық құбылыстарды реттеу, басқару қажеттіліктері өсе бастады да сонымен қатар психология дамып жетілген ғылым деңгейіне жетті.
1959 жылы А.Г.Ковалев әлеуметтік психологиялық мәселелерге арналған мақаласын шығарды. Бұл мақалада екі сұраққа жауап берілген: 1) әлеуметтік психологияның пәні, мақсаттары; 2) әлеуметтік психологияның психология және социологияға қатысы.
Әлеуметтік психологияның пәні туралы џш тџрлі көзқарас қалыптасқан
- әлеуметтік психологияның пәні - бұқаралық психологиялық құбылыстар (џлкен әлеуметтік қауымдардың психологиясы, дәстџрлері, модасы, қоғам психологиясы).
- әлеуметтік психологияның пәні - жеке адам, оның психологиялық ерекшеліктері, ұжымдағы орны, типтері, өзара қарым-қатынастары.
- әлеуметтік психологияның пәні - бұқаралық психикалық құбылыстар мен жеке адам. Осы көзқарастын өкілдері: Б.Д.Парыгин, В.Н.Мясищев.
Әлеуметтік психологияның психология және социологияға қатысы туралы төрт тџрлі көзқарас бар:
- әлеуметтік психология социологияның бөлшегі.
- әлеуметтік психология психологияның бөлшегі
- әлеуметтік психология психология мен социологияның бөлшектері
- әлеуметтік психология ерекше, психология мен социологияға жатпайтын ілім.
Америкалық психологтары Макдәвид пен Харрари осы төрт тџрлі көзқарасты екіге біріктірген: 1) интрадисциплинарлық (бір пәнге жататын) - бұл бірінші мен екінші көзқарас, 2) интердисциплинарлық (пәндердің шеттеріндегі) - бұл џшінші мен төртінші көзқарастар.
Әлеуметтік психологияның социологиядағы орны: социология џш бөлімнен турады - жалпы социологиялық теория, арнайы социологиялық теория, нақты социологиялық теория. Жалпы мен арнайы социологиялық теория әлеуметтік психологиямен тікелей қатынаста. Жалпы социологиялық теория жалпы психологиямен қатар қоғам санасының ерекшеліктерін зерттейді. Ал арнайы социологиялық теория да әлеуметтік психология сияқты қоғам көзқарасын, жеке адамды зерттейді.
Әлеуметтік психологияның психологиядағы орны: бір жағынан психикалық құбылыстардың барлығы әлеуметтік себептің нәтижесі, екінші жағынан әлеуметтік психология мен психологияда жеке адам мәселесі маңызды орын алады.
Психология жеке адамдарды жалпылап зерттейді, ал әлеуметтік психолгия жеке адамның және әлеуметтік топтардың қатар қалыптасып дамуын қарастырады, осыған орай жеке қатынастарды, біріккен іс-әрекеттерді зерттейді.

1.4 Әлеуметтік-психологиялық зерттеу процедурасы мен әдіснамасы
Әлеуметтік психологтар бізге көптеген теорияларды ұсынады. Теориялар жүргізілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси психологияның дамуы
Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми - педагогикалық негіздері
Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу
XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруын анықтау
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Қазіргі заманның классикалық философиясы
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім - тәрбие
Дүниетаным мен ғылыми дүниетаным
Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы
Пәндер