Әскери бекіністер мен шептердің салынуы
Әскери бекіністер мен шептердің салынуы
XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери - отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді.
Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнатып, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді.
Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда Святая Наталья галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды. 1715 жылдың шілдесінде, өз құрамында 2797 адамнан тұратын И.Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты.
1715 жылғы бірінші қазанда И.Д. Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды.
Жоңғарлар қоршау кезінде (3-ай) қиратып тастаған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухцольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.
Бухгольц Петербурге кеткеннен кейін толық қожайын болып алып, енді өз қалауы бойынша әрекет етуге уәкілдік алған Сібірдің бірінші губернаторы М.П. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жібереді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды - Қолбасин бекіністерін салды. В.Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс- Семипалатинск (Семей) бекінісін 1718 жылы салды.
Көп кешікпей патшаның өз өкімімен майор И.М.Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда дайындалды, оған көлді (Зайсан) толығырақ зерттеу, сондай-ақ оған И.Д.Бухгольңтің экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егыжей-тегжейін білу тапсырылды.
Экспедицияның келе жатқан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғарлар И.М.Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге, мәжбүр етті, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған И.М.Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды. Нақты сол жылы тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, 3 әскери- саяси шеп-Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз қалады.
Абакан Острогімен (1707 ж.), Бикатун бекінісімен (1709 ж.) қатар, жақсы машықтандырылған гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ертіс өзендерінің аралығын Россия иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті.
XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын жақсартуға және жаңа шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Жайық казактарының күшімен 14 қамал: Переволоцк, Чернорегенск, Татищев, Нижнеозерная, Расыпная, Елек қалашығы, Жайық, Сахарная, Калмыкова, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса қазақтар мен қоныс аударған шаруалар бар 15000-ға жуық адам тұрды.
1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды. XVIII ғ. 30-40-шы жылдары Жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған үй шебін құру аяқталды.
1752 жылы 9 қамал мен 53 редуттан тұратын әскери бекіністердің Ново-Ишим шебін салу аяқталды. Бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск шебін Ертіс шебімен жалғастырды. Ново-Ишим шебінде 2518 башқұрт, 2 драгун полкі, 800 казак, тұрақты әскерлердің, эскадроны болды.
XVIII ғ. 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Семей, Омбы, Железинск, Петропавл, Өскемен, Ямышев қалалары) салу аяқталды.
Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез көбейді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.
1756 жылы қазақтардың қысқы уақыттарында малдарын Жайықтың оң жағалауына өткізуіне тыйым салған патша (Елизавета Петровна) жарлығы шықты. Жайық қазақтарының мүддесі үшін қабылданған үкімет шешімі оған қарсы көңіл-күйді күшейте түсті. Орыс селендерін көшпелілер шапқыншылығынан қорғауға бағыштап, патша үкіметі әсіресе Жаық өзені бойымен жылдамдата салған бекіністер мен басқада әскери құрылыстар қазақ жерлерін отарлау орталықтарына айналды.
Орта жүзде әскери желілер салу қазақ жерлерін күрделі саяси жағдайда отарлаудың тірек базасына айналды. Шекаралық желі үш бөлімнен тұрды: Оңтүстік - батыс жағынан - Сібір далалық бекінісінен Омск бекінісіне дейін ұзындығы 553 шақырым Горькая желісі, Омск бекінісінен Ертістің оң жағалауымен Малонарымск дала бекінісіне дейін, жалпы ұзындығы 1684 шақырым Өскемен бекінісінен Алтай тауларының батыс беткейімен Колывандық тау-кен заводтарының арасы арқылы Кузнецк бекінісі бағытында (Колыванск желісі), ұзындығы 723 шақырым. Бекіністердің құрылымы қазақтардың дәстүрлі қоныстарын тарылтты. Сібір әкімшілігі мен қазақ султандары арасында шиелініс тудырды. Аймақта патша өкіметі әскери әрекеттерінің күшеюі, циндік әскерлердің Қазақстан жеріне басып кіру қаупі Абылай бастаған ықпалды султандардың Россия бодандығын сақтай отырып, Цин богдыханның сюзерендік жоғарғы өкімет билігін қабылдауына түркі болды
Ел ауызындағы әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысы, Қызылқожа ауданы, Жанкелдин совхозы Тайман жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген. Истайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына, жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген. Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап, батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды.Исатайдың ең жақын серігі - ақын, Беріш руының старшины Махамбет Өтемісұлы (1804- 1846 жж.). 1829 жылы 15 шілде - 1830 жылы қыркүйек аралығында Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды. Оған халық арасында хан иелігінен кетуге және жайықтын сол жағасына өтуге үгіт жүргізді деген айып тағылды. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф Р.И.Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тызыз қарым-қатынаста болды. Оның өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады. Көтерілістің басты мақсаты: 1. Хан озбырлығына шек қою. 2. Шаруалар жағдайын жақсарту. 3. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту. 4. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату
1838 жылы қаңтарда қатары 100 ге жеткен Исатай жасағы Терек бекінісіне жақындап, Орал әскери шебіне қауіп төңдірді
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады. 1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды. Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті.
Көтерілістің мақсаты
1. Россияның отарлау саясатына шек қою.
2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау.
3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату.
4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.
1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіулы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз оңөріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады. 1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жөрық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынып, бірақ батыр оны қабылдамайды.
1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды
Кенесарының қөйған екінші талаптары. Әскери бекіністер салынбаған Актау, Есіл және Нұра - Жайық өзеніне дейінгі өңірді Россия билігінен босату. 1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі жүргізу болды. Патша әкімшілігінің қойған талаптары: 1. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу. 2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға руқсат ету. 3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Россия империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру. Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілір талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғай өзендері бойында салынды).
1845 жылы қарашада Кенесары Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін басып алып, Ташкент пен Түркістанға қарай бағыт алды. Бұл Қоқан билеушілерінің үрейін туғызды. Кенесарыға қарсы Бухар мен Қоқан одағы құрылды. Оңтустікке қоныс аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік, Қунанбай, Өскенбайұлы, Барақ Султанбайұлы сияқты белгілі адамдар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін тездетті.
Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Россия мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Россия империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Россия билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қантардаЖетісудағы қазақтарды билеу үшін Россия патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы қапалда (1847 жылы салынды) болды.
1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады. 1853 жылы - Ақмешіт қаласының Россияның қоластына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды. 1854 жылы көктемде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz