Әскери психология


Єскери психология.
§1. Әскери психологияның жалпы сұрақтары.
- Әскери психология пәні.
Әскери психология - бұл оқу, қызмет ету және ұрыс жағдайындағы жауынгердің және әскери ұжымның психологиясын қалыптастырудың, психикасын жетілдірудің заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін психологиялық ғылымның бір саласы.
Әскери психология адамның ұрыс уақытысындағы жүріс-тұрысын, басшылар мен бағыныштылар қарым-қатынасының психологиялық насихат және қарсы насихат жүргізу әдістерін, әскери ұжымды, соғыс техникасын, ұрыс қимылдарын басқарудың психологиялық мәселелерін зерттейді.
Жалпы орта білім беретін және кәсіби мектептердегі алғашқы әскери дайындық негіздерін үйрету процесінде АӘД оқытушысы жастарды Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге жан-жақты дайындайды. Мұнда моральдық-психологиялық дайындыққа баса назар аударылады.
“Психологиялық дайындық” түсінігіне нелер кіреді? Оны түсіну үшін ең алдымен тікелей бақыланбайтын ішкі сезімдер (сезу, ой, түйсік) деп аталатын психикалық құбылыстардың мәнін ашу керек, Сондай-ақ адамзат тарихындағы олар туралы ілімнің қалай қалыптасқанын білген жөн.
Психика адамның іс-әрекеттерінде, айтылған ойының мазмұнында, қимылдарында сырттай көрініс табатын немесе ойының, ниетінің, мазасыздануының қозғалысы ретінде іштей жүретін рухани әлемін құрайды.
Әскери қызметкерлерге психикасының пайда болуының сыртқы және ішкі формаларын зертеуде әскери-психологиялық дайындық көзделген. Сыртқы көрініс арқылы да, және басқа белгілері бойынша да қамқорлығыңдағы адамның ішкі әлеміне тереңдей жете алу керек. Сонымен қатар олардың болашақтағы дамуын болжау, жауынгердің жеке басын қалыптастыру процесін жобалау, олармен жұмыс жасаудың ең тиімді жолдары мен әдістерін табу аса маңызды.
Психика адамның қызметінің және мінез-құлқының маңызды реттеушісі болып табылады. Оның мәні нақты әлемді бейнелеуімен сипатталады. Қарамағындағылардың ішкі әлемін білу басшылықтың жетістікке жетуін көрсетеді.
Адамның психикасы қоғамдық-тарихи дамуының нәтижесі бола отырып, әлеуметтік жағдайдың әсерінен қалыптасып, дамиды. Бұл әдістемелік жайт АӘД оқытушысының кәсіби қызметінің негізі болуы тиіс.
Әскер қатарында қызмет етушілер мен әскерге шақырылушылардыњ психикасы олардың қызметінің барлық сфераларында көрініс табады:
-АӘД негіздерін оқу процесінде;
-әскери шеберлікті үйрену процесінде;
-әскери кезекшілікті атқару уақытында;
-ұрыс қимылдарын жүргізу барысында.
Адам психикасының негізі болып психикалық процестер-танымдық (түйсік, қабылдау, елес, қиял, ойлау және т. б. ) эмоциялық және ерікті болып табылады. Олардың негізінде әртүрлі процестер туындап, меңгеріледі, ғылымдар табылады, дағдылар мен іскерлік қалыптасады, өмірлік тәжірбие қалыптасады. Психикалық процестер адамның мінез-құлқының алғашқы реттеушісі болып саналады.
Психикалық жағдай психикалық уақытша функционалды әрекет болғандықтан, оның негізінде психикалық процестер жүріп, жеке тұлғаның қасиеттері бейнеленеді. Психикалық жағдай психикалық процестерден көпжақтылығымен, күрделілігімен, өзіндік динамикалығымен ерекшеленеді. Бір жағынан, ол әлеуметтік жағдайлардың, қызмет нәтижесінің, физиологиялық факторлардың ықпалынан туындайды, ал екінші жағынан жауынгердің, жастардың қызметіне және мінез-құлқына үлкен ықпал жасайды. Психикалық қасиеттер психикалық процестерден тұрақтылығымен және жоғарылығымен ерекшеленеді. Оларға келесілер жатқызылады;
-беталыс;
-темперамент (қажырлылық) ;
-мінез-құлық;
-адамның қабілеттері.
Олар психикалық процестердің, психикалық жағдайлардың және психикалық құрылым негізінде қалыптасады және өз кезегінде оларға маңызды ықпал етеді. Психикалық қасиеттер психиканың сапалы деңгейін, оның ішкі және сыртқы көрінісін анықтайды.
Психикалық құрылымѓа білім, дағдылар, икем, пікір, сенім, әдет жатады. Олар тұлғаның жағдайы мен қасиеттерінің және психикалық процестердің негізінде қалыптасады.
АӘД сабағында қалыптасатын психикалық құрылымның деңгейі сабаққа қатысушылардың әскер қатарында қызмет етуіне моральді-психологиялық және әскери арнайы дайындығын сипаттайды. Психикалық процестер, жағдайлар, қасиеттер және құрылымдар өзара негізделген, сондай-ақ диалектикалық бірлікте болады. Олардың арасындағы шек жақын болғандықтан, ауысулар аз білінеді.
Жалпы орта білім беретін мектептердегі АӘД оқытушысы үшін тұлғаның жеке психологиясын, олардың даму заңдылықтарын білу қатысушылармен табысты жұмыс жасаудың, олардың танымдық біліктілігін белсенді етудің, әскери - отаншыл тәрбие берудің, дене дамуының ең маңызды алғышарты болып табылады.
Әскери психология ғылым ретінде әскери ұжымның да психологиясын, олардың даму және көріну заңдылықтарын зерттейді. Бұл заңдылықтар белгілі бір деңгейде мектептің оқу ұжымына тән. Ұжымның психологиясы - бұл ұжымның мінез-құлқы мен әрекетіне толығымен немесе жекелей әсер
ететін жалпы уайымдар, реакциялар, пікірлер, көңіл-күй мен арақатынастар. Ол жеке тұлғалар психикасы көрінісінің қарапайым арифметикалық топтастыѓы емес. Сонымен қатар ұжымның психологиясын тұлғаның психологиясына қарсы қоюға болмайды. Ұжымның психологиясы ұжым мүшелерінің жеке психологиясының өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Ол келесі компоненттерден құралады:
-ынталандырушы компоненттер - ұжымдық қажеттіліктер, мүдделер, сұраныстар, мақсаттар, тілектер, дәстүрлер;
-парасаттылық компоненттері - ұжымдық сезімдер мен көңіл-күйлер;
-ерікті компоненттер - жігер, қайсарлық, тәртіптілік және т. б. ;
-әлеуметтік компоненттер - ұжым мүшелерінің арасындағы арақатынасты сипаттайды (өзара тартыс, бєсекелестік, баға беру, мейірім, жақтырмау және т. б. )
Ұжымды ұйымдастыру заңдылықтарын ашу, психологиялық ортаны, достық арақатынасты басқару, оқушыларды рух беру арқылы тәрбиелеуге көмектеседі.
Әскери психологияның зерттеу пәні болып әскери қызмет те табылады. Әскери қызмет-бұл ҚР Конституциясында көрсетілген, терең ойлы және өнегелі себептерден шығатын, қауіп-қатер мен жоғары дене к‰шіне ќысым және психологиялық жүктеме кезінде, сондай-ақ бейбіт уақытта да тапсырманы орындауға бағытталған жауынгерлердің қару мен ұрыс техникаларын саналы түрде қолдануы.
Жауынгердің жеке басы, әскери ұжым, әскери қызмет бірге оқытылады, өйткені жауынгер, экипаждыњ, бµлімшеніњ оқу, жаттығу мен ұрыс тапсырмаларын орындауға бағытталған әрекеттері өзара тығыз байланысқан.
1. 2 Әскери психологияның міндеттері.
Әскери психология келесі мәселелерді шешеді:
- Жауынгер мен әскери ұжым қызметінің психологиялық аспектілерін анықтайды. Осы мақсатта бейбіт заманға тән қызмет, оқу, демалыс, қоғамдық қызмет, арақатынас, ұжымдық әрекеттер мен амалдар, сондай-ақ ұрыс кезіндегі жауынгерлер мен әскери ұжымның әрекеттері оқытылады;
- Жеке құрманың соғысқа жан-жақты дайындалуы, ұрысқа психологиялық түрде жиналуы сияқты мәселелерді шешу мақсататында жауынгердің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды;
- Әскери ұжымның ұрысқа белсенділігін ұйымдастыру және басқару жолдарын табу мақсатымен оның психологиясын зерттейді; сонымен қатар әскери қызмет ұжымның психологиясына әсер етуін зерттейді;
- Жауынгерлерді оқыту мен тәрбилеудің психологиялық негіздерін жасайды. Бұл мақсатта есепке алу жолдары мен құралдары анықталады, жеке құраммен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізудің психологиялық заңдылықтары пайдаланылады;
- Қазіргі заманғы ұрыс әдістері жеке құрамды психологиялық дайындаудың заңдылықтарын зерттейді. Бұл мақсатта ұрыс кезіндегі психиканың функционалды көрініс табуының заңдылықтары қарастырылады және ұрыс техникалары мен қарулар қолдануда адамның психикасын, қауіпті және басқа жағдайларда туындайтын психикалық жағдайларын тұрақтандыру шаралары жасалады; қауіп және дүрбелеңмен күрестің, басқа да теріс психикалық жағдайлардың алдын алу мен жеңудің шарттары мен құралдары анықталады;
- Әскердің ұрысқа дайындығының психологиялық аспектілері анықталады, оныњ т±лѓалыќ және жеке мен әлеуметтік-психологиялық сипатын береді;
- Жеке құраманың жоғары сақтылығы мен жұмысқа қабілеттілігін ұзақ уақыт сақтаудың психологиялық, психофизиологиялық қиындықтарын айқындайды;
- Соғыс жағдайы кенеттен туындағанда психологиялық қиындықтарды талдайды және жағымсыз психологиялық құбылыстардың (абыржу, ұйымшылсыздық) алдын алу жолдарын анықтайды;
- Кезекшілікті ұйымдастыру және жүргізудің, жиналу мен ұрыс дайындықтарын қолдау бойынша шараларды жүргізудің психологиялық сұрақтарын шешеді;
- Ұрыс техникалары мен қаруларын пайдалануға қатысты жауынгердің психологиялық мүмкіндіктерінің сипатын береді. Бұл үшін психологиялық процестердің, жағдайлардың, қасиеттердің сапасы зерттеледі және ұрыс техникалары мен қаруларын асау кезінде оларды пайдалану процесін оңтайлы ету мақсатымен сәйкес техникалық шешімдер табылады.
1. 2 Әскери психологиясының әдістері.
Әскери психологияның негізгі әдістері болып бақылау және тәжірбие әдістері табылады. Олардың әрқайсысы әртүрлі арнайы формаларда көрініс табады.
А. Бақылау әдісі-адамның психикалық ерекшеліктері туралы деректерді жүйелі, мақсатты жинақтау.
Бұл әдіске жауынгердің әртүрлі жағдайдағы әрекеттері мен амалдардың объективті сыртқы бақылау жатады, бұл жағдайда олардың әсер ету күшін, яғни зерттеліп отырған тұлғаның психикасын, ойларын, дәлелдерін, есте сақтауын білген жөн. Дұрыс түсінілген амал адамның психикалық рухани әлеміне енуге көмектеседі. Адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу процесінде олардың өздері туралы, ойлары, уайымдары, әрекеттері туралы айтқан мәліметтерді пайдаланылады. Психологияда бұл мәліметтер өзіндік есеп делінеді. Бұл жағдайда өзіндік есеп берудің материалдарды адамның анықталған ерекшеліктерінің түсініктесі ретінде емес, біздің бақылауымыз кезіндегі олардың жағдайының дәлелі ретінде пайдаланылады.
Өзіндік есеп-адамның жеке ерекшеліктерін зерттеудің маңызды құралы. Адамның жүріс-тұрысына қарап, олар туралы нақты және жан-жақты пікір айту жеткіліксіз (алайда дәл осы жағдай адамның ерекшеліктерінің басты көрсеткіші болып табылады), сондықтан бұл мәліметтерді адамның әрекеттері, мүддесі, уайым-қайғысы туралы деректермен толықтыру қажет. Сонымен бірге өзіндік есептің мәліметтеріне сын көзбен қараған дұрыс.
Нақты бір тұлғаның нақты ойлары мен сезімдерін қандай белгілері бойынша сынаған дұрыс?
Мұндай белгі біреу ғана бола алады-бұл осы тұлғалардың әрекеттері. Объективті сыртқы бақылау мен өзіндік есепке бірге қарастырылғанда ғана бұл әдіс толыққұнды нәтиже береді. Оқытушы ұзақ уақыт бойы белгілі бір адамдармен кездескенмен, олардың әрқайсысының ерекшеліктерін біле бермейді. Алайда оқытушыда “білемін” деген түсінік қалыптасуы мүмкін. Мұндай қателесу әдетте осы адамдардың әрекеттерінің ол үшін күтпеген жағдайға айналуына әкеледі.
Жұмыс барысында осындай жағдайлар орын алмас үшін оқытушы пассивті мәліметтер жинағымен шектелмеуі тиіс тек өзіне белгілі деректерді ескеру жеткіліксіз. Оқытушы өзіне мақсат қоюы қажет: оқушы өз міндеттерін қалай орындайтынын білу; оның жауапкершілігі қандай, өзінің жұмысын қаншалықты атқарады деген сұрақтарға жауап табу және т. с. с. Қойылған мақсатқа сәйкес бақылау жоспары жасалады. Жоспарда оқушының сабақта, кезекшілік кезінде, мектептен тыс жерде өзін қалай ұстағандығы жолдастарының іс-әрекеттерін қалай қабылдайтындығы, өз қателеріне қалай қарайтындығы қиындықтарды қаншалықты жәње алатындығы қарастырылады.
Бақылау - алынған мәліметтерді үнемі талдау, салыстыру, бақылау, тексеру. Тек осындай бақылау ғана сенімді болып табылады.
Б. Тәжірбие жасау әдісі.
Оның мақсаты күнделікті қызмет кезінде тұлғаның байқалмаған қасиеттерін, психикалық процестерді бақылау үшін жағдай жасау. Психологиялық тәжірбиенің 2 түрі бар:
1) . Зертханалық жасанды тәжірбиеде тәжірбие
жүргізуші бақылау орны мен шарттарын толық құрады. Мысалы, радиотелеграфшының реакция беру жылдамдығын анықтау. Тәжірбие кезінде әртүрлі аспаптар қолданылады. Бұл әдіс тұлғаның қажырлығы, қабілеттері туралы кейбір тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді.
2) . Табиғи тәжірбие кезінде бақылауға алынушының қызмет мазмұны психиканың көрінісін анықтауға мүмкіндік беретін шарттарда ғана сақталып, өзгереді.
Мысалы, АӘД дәрістерінде жаңа элементтерді енгізу арқылы оқушының реакциясын бақылауға, білімі, есте сақтауы, зеріктілігі, бастамалары, өжеттілігі туралы қорытынды шығаруға болады.
В. Адамның қызметінің нәтижелерін талдау жолымен оның жеке ерекшеліктерінің зерттеу әдісі. Мысалы, әскерде сарбаздың єскери жатаќханадаѓы өзініњ заттарын жинауы кезінде командирі оның атқарушылық, ұқыптылық, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттері туралы сын айта алады. Атыс қаруын ұстай білу, техникамен жұмыс жасау нәтижелері тәрбиешіге жауынгердің шеберлігінің қабілеттерін, мүддесін бағалауға арналған материалдар береді.
Г. Әңгімелесу әдісі бақыланушымен тікелей байланыс жасау негізінде оның ішкі әлемін, жеке қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Адамның ойын, сезімін, сұранысын білу үшін әңгімені өзара сенім жағдайында жүргізу қажет. Сондай-ақ әңгіме кездейсоқ емес, мақсатты сипатта болуы керек және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Д. Сауалнама әдісі-бұл алдын-ала белгіленген сұраққа жауап беруші мен сұрақ қоюшы арасындағы жүргізілетін сұрақ - жауап. Сауалнаманың нәтижелерін статистикалық түрде өңделеді және топқа қатысты қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сауалнамаға 5-7 сұрақ енгізіледі. Ең басты сұрақтар түсінікті болуы керек. Сұрақ-жауапты ауызша түрде немесе викторина формасында өткізуге болады.
Е. Тестілеу әдісі- бақыланушымен тапсырмаларды шешу - әскери - кәсіби таңдауы жүзеге асыруда қолданады.
Әлеуметтік әдістеме ұжымдағы арақатынасты зерттеу үшін пайдаланылады.
§2. Әскери психологияның негіздері.
2. 1. Әскери психологияның әдістемелік негіздері.
Ғылымның әдістемесі - бұл, ең алдымен, зерттелетін құбылыстың стратегиясын анықтайтын дүниетанымдық ұстанымы, әдістерді таңдау, зерттеуді ұйымдастыру, алынған деректерді талдау, теорияны қалыптастыру. Әскери психологияның әдістемелік негізін философиялық, экономикалық, әлеуметтік-саяси ілімдердің бірлігі құрайды.
Әскери психология үшін маңызды әдістемелік орынға материя алғашқы, ой сана, психика екінші, яғни материядан туындаған деген философияның негізгі сұрағын материалистік тұрғыдан шешу ие болады.
Философияның негізгі сұрағының екінші жағы болып біздің санамыздың қоршаған әлемге қатынасы туралы сұрақ табылады. Диалектикалық материализм материалдық әлемнің танымын ғылыми негіздейді; адамзат санасы объективті шындықты дұрыс тануға және қайта қалыптастыруға қабілетті. Онда адамның өзін де, санасы мен психикасын да тануға болады.
Тұлғаның және ұжымның психологиясын зерттеудің негізінде табиғаттағы және қоғамдағы қозғалыстар мен дамулар туралы материалисттік диалектиканың жағдайы жатыр. Басқа құбылыстар сияқты психикада да үнемі дамиды. Дамуды филогенез (яғни адам мен адамзаттың тарихи дамуы) және онтогенез (жеке адамның немесе нақты ұжымның дамуы) жоспарында қарастыруға болады. Бұл жағдай оқытушыны педагогикалық сенімге, адамды тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу мүмкіндігіне сенуге, оң қасиеттерін қалыптастырып, терістерін жеңуге шақырады.
Әскери психология, сандық өзгерістердің сапалыға ауысу заңына сүйене отырып, жауынгердің жеке дамуы жеке психикалық процестер мен қасиеттердің толығымен сапалы өзгерістерге ауысу арқылы жүзеге асырылуын білдіреді. Бұл төменгі және жоғарғы сынып оқушылардың білімін, дағдыларын, икемдерін, шеберліктерін, моральді-саяси, ерікті және басқа қасиеттерін, сондай-ақ жаңадан әскерге шақырылған және єскерден босатылған жауынгерлердің қасиеттерін салыстыру кезінде көрініс алады.
Бірлікпен қарама-қарсы күрестер зањы оқытушыға оқушының жеке басының даму себептері мен өздерін дұрыс түсінуге көмектеседі. Ол күрес пен қарама-қайшылықты шешу арқылы жүзеге асырылады: оқу қиындықтары, әскери қызметтің ауыртпалықтары.
Жастардың психологиясын зерттей отырып, оқытушылар терістеу заңының әрекеттерін ескереді. Тұлғаның дамуы-күрделі, көпжақты процес, оның негізінде адамның жаңа сапалары қалыптасады.
Әскери психология тарихи материализмге де сүйенеді және ең алдымен барлық қоғамдақ қатынастардың жиынтығы ретінде адамның жаратылысын түсінуге негізделеді.
Әлеуметтік орта - бұл қоғам, ұжым-ол тұлғаны, оның рухани, ішкі әлемін қалыптастырады. Яғни оқытушы жауынгер мен оқушыныњ өмір сүріп, дамитын әлеуметтік жағдайларды, олардың басқа адамдармен байланысын ескерту қажет. Диалектикалық және тарихи материализмге сүйене отырып, әскери психология өзінің әдістемелік принциптерін қалыптастырады:
-детерминизм принципі (психологиялық құбылыстардың себепті байланысы) ;
-психиканың даму принципі (тұлғаның) ;
-сана мен қызметтің бірлігі принципі;
-психикалық тұтастылық және тұлғанаң жанасу принципі;
-сыртқы әсер мен іщкі жағдай бірлігінің принципі.
Бұл принциптердің бірлігі әскери психологияда тұлғаны, ұжым мен қызметті зерттеуге тұрғылық әлеуметтік-қызметтік жанасуда көрініс табады.
2. 2. Әскери психологияның әскери-теориялық негіздері.
Әскери психологияның әскери-теориялық негіздерін қазіргі заманға тән соғыстың сипаты мен ерекшеліктері туралы, ұрыс алаңындағы адамның жеңіске жетудегі ролі туралы әскери ғылым мен әскери докторинаның жағдайы құрайды. Жауынгерлердің моральді- жігерлік қасиеттері мен ұрысқа дайындық деңгейінен ұрыстың нәтижесі, күшті техника мен қаруды пайдалану тиімділігі, соғыстың барысы тәуелді болады. Адамның соғыстағы ролін мойындау Қарулы Күштердің моральді-соғыстық әлеуетін нығайтудың көптеген мәселелерін шешудегі әскери психологияның маңыздылығын
анықтайды.
Жаңа техника өз күш-қуаттылығымен моральді басымдылық-психологиялық факторын тудырады. Ол жауынгердің әрекеттерінің ерекшеліктеріне, психикасына әсер етеді. Мұның бәрі әскери-психологиялық ғылымның маңыздылығын күшейтеді.
Қазіргі заманға тән ұрыс жағдайында болашақ жауынгерлерді белсенді әрекеттерге психологиялық дайындау мектептегі АӘД дәрісін беру процесінде басталуы керек осыған байланысты әскери психология әскери шеберлікті қалыптастырудың, қазіргі заманға тән ұрыс пен ұрыс техникалары туралы жауынгерлерде дұрыс көзқарас туғызудың, шыдамдылыќ, беріктілік, төзімділік, эмоциялық табандылық, өзін құрбан етуге дайын болу сияқты моральді-жігерлік қасиеттерді жетілдірудің жолдары мен тәсілдерін жасайды.
Бұл жағдай әскери қызметке жастарды дайындаушы АӘД оқытушысы үшін белгіленген ұстаныш болып табылады.
2. 3. Әскери психологияның табиғи-ғылыми негіздері.
Әскери психологияның табиғи-ғылыми негіздері жоғарғы жүйке қызметі туралы ілім болып табылады. Әскери психология объектілері адамның, тұлғаның және ұжымның психикасы болып табылатын білімнің басқа да шектес облыстарының жетістіктеріне сүйенеді. Адамның психикасы мидың функциясы болып табылады. Ми - бұл адамның барлық органдарының өзара және сыртқы ортамен толық байланысын қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің бір бөлігі. Мұндай байланыс жүйке жүйесімен оған тән қоздырғыш (қоздырғыштың әсерінен қозу жағдайына ұшырау қабілеті), өткізгіштік (қозуды өткізуді қабілеті) және жүйке жүйесі тұйықталатын органдардың қызметін ынталандыру мүмкіндігі сияқты қасиеттердің негізінде жүзеге асырылады.
Адамның жүйке жүйесінің құрылысы қандай?
Жүйке жүйесінің элементі жасуша болып табылады. Адамның жүйке жүйесі құрылыстары бірдей және бірдей қызмет атқаратын миллиардтаған (18-ге дейін) жүйке жасушыларынан тұрады.
Әрбір жүйке жасушасы ұзын өскін тәріздес денеден және айналасында шашырап тұратын бір немесе бірнеше қысқа өскіндерден тұрады. Ең үлкен жасушадағы өскіндер 1, 5 метрге дейін созыла алады.
Жүйке жасушасының жұмысы қозуды тасымалдаумен қорытындыланады (120м/с жылдамдықпен тасымалдайды) . Бұл тасымал қысқа өскіндерден дене арқылы ұзын өскінге қарай бағытталған. Бұл қатынаста жүйке жасушасы жартылай жолсерік құралын еске түсіреді. Ағзаның барлық бөліктерінің жұмысын үйлестіруді төменгі жүйке қызметі, ал ағзаның қоршаған ортамен байланысын, оның сыртқы жағдайлармен теңдесуін жоғарғы жүйке қызметі қамтамасыз етеді. Жоғарғы жүйке қызметінің заңдылықтары туралы ілім психологияның табиғи ғылыми негізін құрайды.
Ағзаның қоршаған ортаға реакциясын қамтамасыз ететін осы негізгі жүйке процесі рефлекс болып табылады. Ол сыртқы немесе ішкі ортадағы қоздырғыштардың әсеріне ағзаның немесе органның орталық жүйке жүйесі арқылы жауапты реакциясын білдіреді. Рефлекстер шартты және шартсыз болып бөлінеді.
Шартсыз рефлекстер адамның өмір сүруі мен қызметінің нақты шарттарыннан тәуелді болады. Олар мұрагерлікпен беріледі. Олардың жиынтығы туылысынан бағдарланған реакциялардың белгілі жүйесін құрайды. Шартсыз рефлекстер дем алу және жүректің соғысын, дене температурасының қалыптылығын көздің қарашығының тартылуы мен кеңеюін қамтамасыз етеді. Олардың сыртқы көрінісі бойынша жауынгердің жағдайы туралы (шошу, терең уайымдау, құштарлық немесе қинаушылық және т. б. ) айтуға болады.
Қоршаған әлеуметтік және табиғи орта күрделі және жиі өзгеретін болса, онда шартсыз рефлекстер мақсатты реакциялар мен мінез-құлықты қамтамасыз етпейді. Сондықтан өмір сүру барысында шартты рефлекстер қалыптасады жєне олар белгілі бір шарттарѓа тәуелді болады. Олар дағдылар мен әдеттердің негізінде жатыр, мысалы: күн тәртібін нақты орындау, белгілі бір киім үлгісін киіп жүру ережесін қатаң сақтау, әскери ант беру, дұрыс жүріп-тұру және т. б.
Шартты-рефлекторлы байланыстар ми қабығында заңды түрде, қозу және тозу процестерінің, шартсыз рефлекстердің негізінде қалыптасады. Қозу уақытша жүйке байланыстарының құрылуына, ал тежеу олардың бұзылуына, басылуына әкеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz