Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдалану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі
1. Бастауыш мектеп оқушыларын компьютерлік сауаттылыққа үйретуге қойылатын негiзгi педагогикалық-психологиялық талаптар
2. Информатика курсында оқу құрал-жабдықтар жүйесін пайдалану арқылы көрнекілік принципті асырудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бастауыш информатика курсының білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.
Бастауыш информатика пәні мұғалімі әрбір сабақта оқу құрал-жабдықтар жүйесін орнымен, әрі тиімді қолданып, оны ешуақытта да назардан тыс қалдырмауы тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, оқу құрал-жабдықтар жүйесін орнымен. Көрнекі түрде қолдана білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізуіне байланысты.
Бастауыш информатика сабағында оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік пайдалану мәселесiне Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың еңбектерi арналған. Бiлiм берудi ақпараттандыру мәселелерi К.Маклин, Б.Хантер тәрiздi әдіскерлердің ғылыми жұмыстарында баяндалады.
Ал, бастауыш информатика сабағында оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негiзi Н.Ф.Талызина, В.М.Монаховтың, А.Я.Савельевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе, көрнекілік принципті жүзеге асыру әдiстемесi - Ю.А.Первин, А.А.Кузнецов, Ю.А.Шафрин, А.П.Ершов, Ә.Бүркіт және т.б. әдіскерлердің оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген.
Жоғарыда келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде бастауыш информатика сабағында оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік пайдалану әдістемесi бойынша көптеген жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы диссертацияларды, ғылыми еңбектердi талдау нәтижесiнде орта мектептерде бастауыш информатика сабағында оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік пайдалана отырып, оқушылардың оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатындығын, олардың пәнге деген қызығушылығы артатындығын байқадық.

1. Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі

1. Бастауыш мектеп оқушыларын компьютерлік сауаттылыққа үйретуге қойылатын негiзгi педагогикалық-психологиялық талаптар

Компьютерлiк техниканың барлық салаға екпiндi енуi, соның iшiнде бiлiм беру саласына енуi компьютерлiк оқыту технологиясын және компьютердi бiлiм беру саласында колданудың психологиялық-педагогикалық негiзiн iргелi зерттеудi талап етедi. Компьютермен сұхбаттасудың интерактивтiк процессiн жєне компьютердiң көрнекiлiк мүмкiндiктерiн жоғары деңгейге көтеретiн жаңа ақпараттық технологиялардың бiрi мультимедиа (multimedia) құралы екеңдiгi белгiлi.
Оқытушы программалардың iшiнде имитациалық-моделдеушi программалары өмiрде, табиғатта болатын кұбылыстар мен процестердi көрнектi бейнелей алатындығы белгiлi. Оқыту процесiнде компьютерлiк оқыту программалары, ақпаратты iздеу және ақпаратты анықтамалық, оку процесiне арналған оқытушы орта-экспертгiк жүйелерi колданылады.
Осы күнде белгiлi компьютерлiк программаларды зерттей келе компьютерлiк окыту жүйесi оқытушы программалардың жеке дара түрiнен ғана емес, комплекстi, көп функционалды болу қажеттiгi, сонымен катар, компьютерлiк оқытушы жүйеге қойылатын негiзгi талаптар анықтайды.
Психология көзқарасы түрғысынан қарағанда компьютерлiк оқытушы жүйелерге қойылатын ең негiзгi талаптарға:
:: кері байланысты ұйымдастыру;
:: оқудың мотивациясын қалыптастыру;
:: компьютерлiк оқыту жуйесi негiзiнде жеке оқыту;
:: сұхбаттасуды жүргiзу жатады.
Оқушының компьютермен сұхбаттасуын ұйымдастыруға койылатын талаптарды қарастырайық.
Оқушы мен компьютер арасындағы оқыту сұхбаттасуын проектiлеуде оны симметрия параметрi бойынша бағалау маңызды. Компьютердiң функциясына оқу бағыты мен тақырыпты анықтау, сұхбаттасуды кұрастыруды жатқызсақ, сұхбаттасу ассиметриясы компьютердiң пайдасына шешiледi. Оќушыдан тек қана пассивтiк жауап қайтару талап етiледi. Мұны педагогикалық тұрғыдан дұрыс деп санауға болмайды. Сұхбаттасу қадамдарын бастауда оқушы мен компьютерге тең мүмкiндiк берiлуi керек. Оқушының сұхбаттасуды кез-келген уақытта бастауға мүмкiндiгi бар, ал компьютердiң кез-келген уақытта сұхбаттасуды бастауға мүмкiндiгi жоқ. Бұл жерде оқушының сұхбаттасуға дайындығы, оның сұхбаттасуға мұқтаждығы, сонымен бiрге компьютердiң сол сәтте сұхбаттасуды жүргiзу мүмкiншiлiгi сияқты факторлар iске қосылады.
Сұхбаттасуды құрастыруда оқушы өзiнiң iс-әрекеттерiнiң толық жарамдылығын түсiнiп, өз iс-әрекеттерiнiң субъектiсi ретiнде сезiнетiндей, орындайтын iс-әрекеттерiн кеңiнен жоспарлап, қажет болғанда оны логикалық соңына жеткiзе алатындай, немесе, ойын қандайда бiр критикалық нүктеге жеткiзiп, үйреншiктi деңгейде өзiн бағалай алатындай болуы керек.
Оқушыны сұхбаттасуға тарту мәселесiн шешуде мiндеттi түрде окушыда сол сәтте сұхбаттасу қажеттiлiгi бар ма екендiгiн анық-тап, сұхбаттасу оның ойын бұзбайтындығын ескеру қажет. Сұхбаттасудың бағытын анықтауда оқушының дайындық деңгейi ескерiлуi керек. Оқушының дайындық деңгейi тапсырманы орындаудың қандай кезеңiнде болғандығымен аныќталады. Оқушының сұхбаттасуы өзiндiк максат емес, оның шектен тыс жиiлiгi өзiн-өзi ақтамайтындығын ескеру керек.
Оқытушы жүйелерде сұхбаттасудағы өзара байланысты ұйымдастыруда келесi ескерiлмеген жағдайлар кездеседi:
- компъютердің шектен тыс көмек беруi, яғни оқушыға қате жiбергенде шешу жолын толық көрсету;
- жеткiлiксiз көмек, яғни тусiнiктеменiң және көмектiң оқушыға тусiнiксiз болуы.
Сондықтан, сұхбаттасуды ұйымдастыруда төмендегi жағдайларды ескеру керек:
- кездесетiн қиыншылықтың ерекшелiгiн анықтап, оушыны ескерту;
- оқытушы программаны көмек беру мумкiндiгiмен оқушыны таныстыруды iске асыру қажет.
Оқушы мен компьютер арасындағы сұхбаттасу байланысын бұзатын негiзгi себептердiн бiрi - бағалау пiкiрлерде адекваттықтың болмауы. Адекваттықтың жоқтығы оқытушы программаларда оқушыны шектен тыс мақтау элементтерi. Егер оқушы еш қиындықсыз тапсырманы орындағанда компьютер оны мақтаса, оқушының жұмысқа жауапкершiлiгi төмендейдi.

2. Информатика курсында оқу құрал-жабдықтар жүйесін пайдалану арқылы көрнекілік принципті асырудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі

Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы экономикадағы және әлеуметтік жағдайлардағы оң өзгерістермен едәуір жетістіктер елімздің білім беру жүйесін жетілдіруді, информатика пәнін оқытуда компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін толық, әрі тиімді пайдаланып, сабақтың сапасын көтеруді талап етуде. Қазіргі нарықтық экономика, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену адамзат баласының білімді тереңірек меңгеруіне, алған теориялық білімдерін күнделікті тұрмыста, қызметте, өмірде дұрыс қолдана алуына ерекше назар аудару керек екендігін мойындатып отыр. Ғылым мен білімге айрықша маңыз берілуде, өйткені елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің дәстүрлі халыққа Жолдауында XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық деген болатын. Білім негізі мектепте қаланатындығы белгілі. Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев: Білім мен ғылымға қолдау білдіруіміз қажет деді. Қазіргі қоғамға қажетті жан-жақты дамыған, жоғары дәрежедегі мәдениетті, білімді ұрпақ тек мектептен шығады. Себебі, Мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың деп бекерден - бекер айтпаған болар қазақ халқы. Сондықтан, мектеп мұғалімдері, әсіресе, информатика пәні мұғалімдері оқушылардың информатикалық ойлау қабілеттерін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі жас шәкірттер Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы мен техникасының даму деңгейі тікелей Информатика пәніне байланысты, әрі қатысты екендігін әсте ұмытпағаны абзал. Әрбір мектеп оқушысы келешек мамандық таңдаған кезде де ғылымдағы информатиканың орнын, оның ролін айқын түсініп, мектепте оқып жүріп, информатикалық біліммен қарулануы тиіс. Қазіргі уақытта оқу орындарының түр-түрі өте көп. Атап айтқанда, колледж, лицей, гимназия, жеке меншік мектептер және т.б. Бұл білім ордаларында информатикаға, оны оқыту әдістемесіне де ерекше мән берілуде. Бар мәселе Халықаралық стандарттар деңгейінде, әлемдік деңгейде білім беруге қол жеткізу үшін информатика пәнін оқытуда қолданылатын дәстүрлі әдістермен қатар, жаңа ақпараттық технологияларды, оның ішінде компьютердің пайдаланудың ролі ерекше. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып қана қоймай, оны сабақта қолдану әдіс-тәсілдерін күнделікті жетілдіре түсуіміз өте қажет. Ит үреді, керуен көшеді деп қарап отыра беруге болмайтындығын түсінген әдіскерлеріміз, ғалымдарымыз осы салада, осы бағытта аянбай еңбек етуде. Дегенмен, біз озық елдердің озық іс-тәжірибелерін де еліміздің мектептеріне дер кезінде енгізсек, заман ағымынан көш ілгері қалып қоймайтындығымыз ақиқат. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: Біз озық елдердің шаңын жұтуға тиіс емеспіз, біз солармен терезесі тең ел болуымыз қажет деп тегіннен - тегін айтпаса керек. Біріккен Ұлттар Ұйымы XXI ғасырды - Ақпараттандыру ғасыры деп атағандығы баршамызға белгілі. Осыған орай жедел түрде 2003 жылдың қараша айында елордамыз Астана қаласында Қазақстанды ақпараттандыру XXI ғасырға жасалған қадам деген тақырыпта үлкен ғылыми форум болып өтті. Мұнда, әрбір пән мұғалімі сабақта компьютерді, электрондық оқулықтармен интернетті тиімді пайдалану керектігі айтылды.
Оның үстіне, қазақстандағы барлық мектеп оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлендіріліп, интернет жүйесін пайдалануға жағдай жасалуда.
Ендеше, неге бастауыш мектеп информатика пәнін оқытуда компьютердің көрнекілік мүмкіндігін тиімді, әрі орынды паидаланбасқа! Әрине ол үшін, ұлы дидактиканың принцыптерін, оның ішінде көрнекілік принципті жүзеге асыруда компьютерлік техналогияны қолдану қажет. Бұл мақаламызда көрнекілік мәселесіне, көрнекілік туралы айналысқан ғалымдар, педогоктар еңбектеріне тоқтала отырып, жалпы білім беретін орта мектеп пәнін оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асырудың дидактикалық негіздері туралы ойымызды баян еттік.
Еліміздің ғалымдары, әдіскер-мұғалімдерінің үздіксіз еңбек етуінің арқасында мектептегі білім беру жүйесіне елеулі өзгерістермен жаңалықтар енді. Информатика бағдарламасында қолданбалы информатика, ықтималдықтар теориясы және т.с.с жаңа бөлімдері пайда болды.
Жалпы білім беретін орта мектеп информатика пәнінің жаңа бөлімдерімен байытылуы бұл пән мұғалімдеріне де ерекше дайындықты қажет етеді. Оның үстіне 45 минутта оушыларға берілетін ақпарат көлемінің ұлғаюы, оның жоғарғы деңгейде абстракталынуы, уақыттың шектеулілігі, компьютерлік технологияны тиімді, әрі орнымен қолданып уақыт үнемдеуді керек етіп отыр. Оқытуды ұйымдастыруда пән мұғалімі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуы, қажетті біліммен қамтамасыз етуі, олардың есеп шығаруы ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыруы айтпаса түсінікті. Осындай аз уақыт ішінде (45 минут) өлшемі көп ақпарат беру үшін оның тиімді (оптимальды) әдістерін табу - бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Оқыту күрделі болғанымен, ол шамаға лайық болу тиіс. Оқыту сапасын арттыру, өмірмен практиканы байланыстыру да күн тәртібінен түскен емес. Оны шешудің бірден-бір жолы, айналып келгенде көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асырудың дидактикалық негіздемесін жасауға келіп тіреледі. Өйткені көрнекі оқыта отырып, материалды игеруге ғылымилық және шамаға лайықтылық принциптерімен қамтамасыз етіп, оқушылардың логикалық ойлауын, эстетикалық қабылдауын, қандай да бір жұмысқа шығармашылықпен қарау деңгейін дамытып, жоғарылата түседі.
Көрнекілік термині негізінен үш мағынада: объект (нысан) ретінде, қандайда бір заттың қасиеті ретінде, адам баласының қандай да бір іс-әрекеті, қызметі ретінде қолданылады. Көрнекілік түсінігі соңғы онжылдықта айтарлықтай тереңдеп өзгерістерге ұшырады. Кезінде көрнекілікпен айналысқан В.Т.Болтянский (1970 ж.) Изоморфизм плюс қарапайымдылық деген болатын. Ал А.Н.Леоньтевтің (1975 ж.) еңбегінде ішкі тірек қызметін атқаруы тиіс делінген. Н.А.Менчинская, Л.Л.Гурова, П.Я.Гальперин, Т.В.Кудрявцев және т.б. зерттеулерінде практикалық қызмет процесінде абстрактылы деңгейлі ретінде қарастырылады. В.Г.Болтянский, Э.Г.Мингаузев, В.П.Стрекозин, В.В.Давидов және т.б. бірқатар ғалымдар оқушылардың меңгеретін біліміндегі көрнекілік принциптің маңызын атап көрсеткен. Оқытуда қолданылатын көрнекі құралдар түрлерінің де едәуір классификациясы жасалынған.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның Великая дидактика кітабында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
ДЭЕМ оқыту әдістемесі
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Интернет желісінің ақпараттық қорларын білім беруде қолдану ерекшеліктері
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы оқу пәні ретінде
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Информация, информатика
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Пәндер