Орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 тарау. Жалпы білім беретін орта мектеп информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді жүзеге асырудың психологиялық-педагогика-лық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1. Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудың ғылыми-теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Дидактика принциптері - мұғалімнің басты құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..11
1.3. Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асыру психологиялық-педагогикалық негіздемесі ... 22

2 тарау. Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.1. Информатика сабағында көрнекілікті жүзеге асырудағы - ақпарат ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.2. 8-сынып информатика курсында Paint-графикалық редакторы тақырыбын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70

Кіріспе
Қазіргі кезде білім беру ісін ақпараттандыру Қазақстан Республикасы Президентінің Білім Мемлекеттік программасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде жалпы білім беру мен мамандар дайындау салаларын ақпараттандыруға байланысты оқу - әдістемелік бірлестік, ғылыми-әдістемелік нұқаулар, информатиканы оқытуға қойылатын дидактикалық принциптердің мемлекеттік стандарты дайындалды. Информатиканы оқыту әдістемесі курсы информатика пәнін оқытудң мазмұны, мақсаты, әдісі, құралдары мен ұйымдастыру түрлерін зерттейтін бір жүйе ретінде қарастырылады. Яғни, болашақ информатика пәнінің мұғалімі дидактикалық принциптерді игеру нәтижесінде компьютерленген сынып жағдайындағы мектептің жұмысына дайын болып шығу тиіс.
Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.
Информатика пәні мұғалімі әрбір сабақта дидактикалық принциптерді назардан тыс қалдырмауы тиіс. Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізуіне байланысты.
Оқыту - бiлiм алудың, бiлiктiлiкке үйретудiң, iс-әрекет дағдыларын қалыптастырудың және адамды еңбекке бейiмдi даярлаудың негiзгi құралы. Оқыту процесiнiң нәтижесiнде бiлiм алу, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары жүзеге асырылады.
Оқытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлерi және әдiстерi, адамзаттың жалпы бiлiм алу даярлығына қойылатын талаптар өркениеттi педагогикалық идеяларға сәйкес өзгерiп отырады. Педагогикадағы дәстүрлi "ненi оқыту керек?", "не үшiн оқыту керек?", "қалай оқыту керек?" деген сұрақтарына жауап iздеумен қатар "қалай нәтижелi оқыту керек?" деген сұраққа жауап iздеу оқыту процесiн технологияландыру мәселесiне алып келдi. Бұл компьютерлiк технология негiзiндегi оқыту әдiстерiн жетiлдiрiп, оқыту құралдарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Информатика сабағында дидактикалық принциптерді пайдалану мәселесiне Е.И. Машбиц сынды психологтардың, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың еңбектерi арналған. Қазiргi уақытта бiлiм берудi ақпараттандыру мәселелерi К.Маклин, Б.Хантер, И.В.Роберт тәрiздi ғалымдардың жұмыстарында баяндалады.
Ал А.В.Иващенко, В.П.Пустовойтов зерттеулерiнде дидактикалық принциптерді пайдаланудың жалпы педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. Ақпараттық технологияларды оқыту процесiнде дидактикалық принциптердің тигiзер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi Н.Ф.Талызина, В.М.Монаховтың, А.Я.Савельевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе, көрнекілік принципті жүзеге асыру әдiстемесi - Ю.А.Первин, А.А.Кузнецов, Ю.А.Шафрин, Я.Ваграменский, С.Гримм, В.М.Заворыкин, А.П.Ершов, Ә.Бүркіт және т.б. әдіскерлердің оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген. Бұл жағдай елiмiзде бiлiмнiң жаңа ақпараттық парадигмасының қалыптасқанын көрсетсе керек.
Келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді жүзеге асыру әдiстемесi бойынша бiршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi талдау нәтижесiнде орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдалана отырып, оқушылардың потенциальды мүмкiндiгiн ескерiп оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатын оқып-үйрену процестерi толық қарастырылмаған. Информатика сабағында дидактикалық принциптерді пайдалану, оның ішінде көрнекілік принципті жүзеге асыру әлi күнге бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi байқалып отыр. Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын бірізділік принципі негізінде ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай әдістемені ұсынамыз. Бұл мәселенің техникалық тұрғыдағы шешімі - елiмiздің барлық мектептерiнің компьютермен толық жабдықталынып, компьютерлік технология көмегімен көрнекілік принципті толығымен жүзеге асыру болып табылады. Алайда, бұл мүмкiндiктiң бар болуы, бiрақ дидактикалық принциптерді пайдаланудың жеткiлiктi дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы, оның дидактикалық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiлмеуi арасында қарама-қайшылық пайда болуда. Орта мектептерде информатика курсын оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптерді пайдалану осы қарама-қайшылықты жою қажеттігін, әрі дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестiлiгiн анықтайды.
Зерттеудің мақсаты: орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны: орта мектептердегі информатика курсын оқыту процесi.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

1. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
1.1. Информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудың ғылыми-теориялық мәселелері

Дидактика принциптері - мұғалім құралы. Информатика пәні жаңалығы, оның үнемі өзгерісте болып, техникалық құралдарының әртүрлілігімен бағдарламалық құралдарының үздіксіз жаңарып отыруында. Сондай-ақ, жаңа бағдарламаны информатиканы оқыту әдістемесінің жеткіліксіз дәрежеде қарастырылуы тәжірибелі мұғалімнің курсты оқыту әдістері мен мазмұнына тереңірек назар аударуды қажет етеді. Дәл осы кезде оған дидактикалық жалпы бірінсіптері жәрдем береді [1].
Педагогиканың дидактика деп аталатын тарауында кез келген оқу пәнін оқытуға қойылатын жалпы, бірыңғай талаптар жиыны -дидактикалық бірінсіптер тағайындалған. Информатиканы оқытуда басшылыққа алынатын негізгі принциптердің әрқайсысына қысқаша тоқталайық:
1. Ғылымилық принципі. Білімнің ғылымилығының мынадай үш белгіні қанағаттандыруы, оның сапалық көрсеткіші болып табылады:
а) білімнің мазмұны қазіргі ғылымның деңгейіне сәйкес келуі;
э) танымның жалпы әдісінің дұрыс екеніне оқушылар сенімін қамтамасыз ету;
б) таным үрдісінің маңызды заңдылықтарын көрсету;
Бұл айтылғандар бір-бірімен тығыз байланыста болып, әрқайсысының алдыңғысы келесілерінің қажетті шарты болып есептелінеді.
Бірінші шарт бойынша информатика материалдарын ғылыми тұрғыдан баяндау талап етіледі.
Екінші шарт бойынша оқытудың ғылымилық принципті ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі.
Үшінші шарт бойынша оқушыларда таным үрдісі және оның зандылықтары жөніндегі ұғымдарының қалыптасуын талап етеді.
Бұл шарттардың барлығы да информатикада қысқаша түрде қарастырылады, өйткені мұнда әзірге жоғары және төменге бөлу жоқ, пәнішілік байланысы мықты, кез келген үлкен информатика ұғымы мектеп курсынан бастау алады (мектеп курсында қарастырылып, сол ұғыммен алынады). Мысалы, ақпарат, алгоритм, орындаушы ұғымдары фундамент ұғымдар болып табылады. Осындағы орындаушы ұғымының атқаратын бірнеше функциялары бар:
алгоритмнің көрнекі түрде орындалуы үшін дидактикалық құрал (роботтар, сызбагерлер және т.б.);
редактор - мәтінмен жұмыс істеуші (орындаушы), операциялық жүйе - файлдармен жұмыс істеуші, принтер - қағазбен жұмыс істеуші т.с.с. ұғымдар;
компьютерлік білімділікті қалыптастыру мақсатында жасалынған, компьютер құрылғысы моделінің кез келген орындаушысы;
Оқытудың ғылымилығы ниформатиканы оқытуды жетілдіру, жаңа тәсілдер қолдану және де оқушылар, студенттердің зерттеушілік қызметінде көрініс табады. Соңғы айтылған, оқушылардың, студенттердің ғылыми ойлау қабілетін оятып, зерттеушілік қызметін іске асыру үшін оқыту үрдісінде проблемалық оқыту және әртүрлі зерттеу жолдары кеңінен қолдануы тиіс. Түсінікті болу үшін мынадай мысалдар келтірейік:
Компьютерді келешек қоғамда кім қалай елестете алады?
Компьютердің мүмкіндіктері қандай?
Адам өз қызметінде компьютерді қаншалықты дәрежеде қолдануда?
Компьютерлік ақауды болдырмау жолдары немесе оларды жөндеу және т.б.
Бірізділік және қайталау принципі. Бірізділік - оқу материалы белгілі бір логикалық тізбек ретінде баяндалып, оны бекіту үшін кейбір материалдарын қайталау. Ал информатикада басқаша, мысалы қайталау нұсқаларын (командасын) бірден оқып-үйрену мүмкін емес, оның мағынасы мен оны қабылдау берілгендер түріне байланысты.
Саналылық және қызмет. Саналылык мағынасы - оқушының өз қызметі мазмұнын толық түсіну. Мұнда мұғалімнің білім деңгейі менқажетті материалды дұрыс таңдап айта білуі маңызды роль атқарады, яғни ол ең басты мәселелерге тоқталуы тиіс.
Информатиканы оқытудағы көрнекілік принципі. Ол оқушылардың оқу материалын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу барысының әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. Сонымен көрнекілік - ақпарат ұғымы мазмұнын түсіндіруге бағытталады, бір ақпаратты бірнеше графикалық бейнелер түрінде қарастыруға болады. Блок-сүлбелер де кейбір алгоритмнің құрылымын көрнекті етіп көрсетеді. Сондай-ақ диаграммалар т.б. Әрбір компьютерге енгізілген мәтінді, ақпаратты көркемдеп, оның көрнекілігін барынша арттыруға болады. Бейнелеу динамикасы, оған түр түс пен дыбысты қоссақ көрнекілік ұғымын кеңейтіп, адам ағзаларына, түйсігіне жақсы әсер етеді. Демек, оқушы оқып отырған объекті жөнінде мақсатты түрде, көрнекі түрде түсінік ала алады. Мұндай графикалық бейнелерді көрнекі-модельдеуді оқу киносы да көрсете алмайды.
ІІІамаға лайықтылық принципі. Бұл принцип компьютерді оқыту мен онымен жұмыс істеу деңгейлерін анықтап алу болып табылады. Атап айтқанда, ең алғаш үйренушілерге MS DOS - ты үйрету қажет, бірақ оның алдын сабақты көрнекі түрде оқыту үшін NС бастаған жөн деп ойлаймыз, өйткені мұнда экран мүмкіндігін толық пайдалануға болады [2].
Белсенділік, өз бетінше мақсатты жұмыс істеу. Белсенділік. Басқа пәндерді оқыту барысында педагог оқушылармен тікелей қарым-қатынаста болады, ал информатикада оқушы тікелей компьютерде жеке жұмыс істеуіне тура келеді, міне осындай жағдайда ол белсенділік танытуы қажет. Мысалы, оқышу бір сабақ бойына компьютер алдында отырып, бірде-бір түймені баспауы немесе оған экранда болып жататын операцияларға мән бермеуі мүмкін. Сондықтан да информатика сабағы сәтті өтуі үшін оқушы белсенділігі, тек мақсатты емес, әрі қажеттілік шарты болып табылады. Е.И.Машбиц: Білім - оқушыға (үйренушіге) бере салатын қандай да бір зат емес, жеке тұлғаның мақсатты белсенділік танытқанында ғана жүзеге асады. Әсіресе, бұл информатикаға қатысты деген еді. Белсенділік танытудың әр түрлі формалары бар. Мысалы, өз қызметіне бақылау жасау, қатарының жұмысын бақылау жасаут.б.
Әрине белсенділік оқуға деген қызығушылықтан пайда болады. Мұғалім сабақ өту формаларын дұрыс таңдап, дер кезінде оқыту нәтижелерін бақылап қорытынды жасап отыруы тиіс. Оның үстіне алғашқы уақытта компьютерге оқушыларды екі - екіден отырғызған жөн. Бұл кезде оқушылар қай түймені басу керектігін бір-бірінен сұрап, күдіктері бірте-бірте сейіле түседі.
Оқушылардың өзіндік жумысы. Сабақтың сәтті өтуінің мақсатты түрі және шарты өзіндік жұмыс болып табылады. Оқушы проблемалақ лекцияны белсенді қабылдай алады, бірақ бұл өзіндік жұмыс емес. Компьютермен жұмыс кезінде көмек сұрауы - бұл белсенділік, бірақ өзіндік жұмыс емес.
Өзіндік жұмыс оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің формаларының бірі. Сондықтан, бұл жұмыстардың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктігіне байланысты. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың ой еңбегі мен практикалық әрекетінің қызметін болжайды. Яғни компьютерлік білім мен біліктілік тек белгілі бір оқу әрекеттерін орындаған кезде ғана толық әрі саналы меңгеріледі және де әрекеттерді оқушының өз бетінше орындағаны жөн.
Сонымен, өзіндік жұмыс оқу сапасын арттырүға септігін тигізеді, әрі әрбір оқушы кездескен қиындықтан шығуы, яғни басты проблемаларды өз бетінше шешуі болып табылады.
Оқушы белгілі бір бағдарламаларды пайдаланғанда, өзіне түсініксіз жәйттер кездескенде, қажетті әдебиеттер мен компьютерлік көмекші құралдарды (Ғ1 - Не1р - көмек алу) қолдана алады. Өз бетінше жұмыс істеуге үйрету әрбір маман иелерінің компьютер мүмкіндіктерін өз қажеттеріне толық жарата алуына септігін тигізері сөзсіз. Әсіресе, әр пән мұғалімі компьютерді сабақтарында көрнекі құрал ретінде пайдалана алса, сабақ тиімді өтер еді.
Информатиканы оқытудағы білімнің берік болу және жүйелілік принципі. Білімнің берік болуы пән ішілік және пәнаралық байланысқа, жүйелілікке тығыз байланысты. Информатиканы үйретуде оқушылардың алған білімдерін, дағдылары берік болуы үшін еткен материалды қайталап, компьютерде минитест, тест, практикалық, зертханалық жұмыстарды әрбіп оқушының жеке-жеке тапсыруын қамтамасыз ету керек.
Жеке және ұжымдық оқыту. Бұл оқыту түрлері бірін-бірі толықтыра түседі. Тек тұрақты ұжымдық жұмыс жасау арқылы ғана сабақты өте күштілер мен үлгермеушілерге уақыт табуға болады. Мұнда компьютер екі жақтылық роль атқарады, яғни оқытушы бағдарламаларды жаттығу жасағанда: 1) ұжымдық жұмыс жүргізіледі; 2) әрбір оқушы компьютерде жеке - жеке жұмыс істейді. Оқушылардың жеке қабілетін арттыруға бағытталған Автор - ЭЕМ - Орындаушы, Супер ЭЕМ тәрізді рольдік ойындардың маңызы зор. Компьютерде жұмыс істеп отырған оқушы ұғымында тек бұйрық беруші не орындаушы ұғым (түсінік) қалыптаспауы үшін олардың рольдерін ауыстырып отыру керек.
Оқү қызметінің тиімділігі. Бұл оқушы мен мұғалім қызметінің тиімділігін арттыру деген сөз. Әрбір есептеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті тілдерді, бағдарламаларды, құралдарды орын- орнымен тиімді пайдалану. Оқушылар компютерде жұмыс істеу үшін қажетті нұсқауларды жазғызып, оқытып, алдын - ала дайындаған дұрыс. Сондай-ақ оларға зертханалақ жұмыстардың нұсқауларың орындалу жолдарын, тапсырмаларды үйде орындап (жазып), компьютерде практикалық жұмыс жүргізгені жөн. Сонда компьютерлік уақытта үнемделеді.

1.2. Дидактика принциптері - мұғалімнің басты құралы

Дидактикада оқу пәнін оқытуға қойылатын біріңғай талаптар жиынтығы дидактикалық принциптер тағайындалған. Бұл принциптер оқыту заңдылықтарына негізделген.
Оқыту заңдылықтары оқыту теориясына және практикалық, педагогикалық іс - тәжірибелерге теориялық негіз болады. Принциптерді тағайындауға білім және тәрбие беру мақсаттары, қоршаған орта жағдайы, ғылымның даму деңгейі, қоғамда қалыптасқан оқыту түрлері мен құралдарының сипаты, оқыту тәжірибесі негіз болады.
Дидактикалық принцип оқыту мақсаты мен оқушының танымдық іс - әрекетін тығыз байланыста қарастырады. Оқушының танымдық іс - әрекеті қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталады.
Информатика пәні мазмұнының құбылмалы, программалық және техникалық құралдарының әртүрлілігі, оқытудың программалық құралдары мен нұсқауларының жеткіліксіздігі мұғалімдерге информатика курсының мазмұнын, әдістері мен құралдарын талдап, оларды жетілдіруді жүктейді. Сондықтан, пәнді жүргізу барысында информатика пәнінің мұғалімі дидактикалық принциптердің әрқайсысын басшылыққа алып отыруы тиіс.
Ғылымилық принципі
Білімнің ғылымилық принципінің сапалық көрсеткіштеріне : а) білім мазмұны қазіргі ғылымның даму деңгейіне сәйкес болуы; ә) таным әдістерінің дұрыс екеніне оқушылардың сенімді болуы; б) таным процесінің маңызды заңдылықтарын оқушылардың ұғынуы жатады. Бұл мәселелер бір - бірімен тығыз байланыста болып, әрқайсысы алдыңғысының қажетті шарты болып есептеледі.
Бірінші шарт бойынша информатика пәнінің мазмұнына сәйкес материалдарды ғылыми тұрғыда баяндау талап етеді.
Екінші шарт бойынша ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі. Үшінші шарт бойынша оқушыларда таным және оның заңдылықтары жөнінде білім қалыптастыру мақсат етіледі.
Информатика пәнінде пәнішілік байланыс тығыз болғандықтан оның кез - келген ұғымы мектеп курсынан бастау алады. Мысалы, Информация, Алгоритм, т.б.
Оқытудың ғылымилық принципі информатиканы оқытуды жетілдіру, оқытудың жаңа әдістерін қолдану кезіндегі оқушылардың зерттеушілік қызметінен көрінііс табады. Оқушылардың ғылыми тұрғыда ойлауын дамыту үшін оқыту процесінде түрлі жаңа информациялық, инновациялық технологияға негізделген әдістерді кеңінен қолдануы тиіс.
Ғылымилық принципі информатика ғылымының жетістіктерін оқушының танымдық мүмкіндіктерін ескеріп, енгізуді талап етеді. Мұнда оқушыларға берілетін білім ғылыми тұрғыда негізделген, бұрмалаусыз шындық арқылы беріледі. Олар мұғалімнің түсіндіруінде қарапаййым, өңделген нұсқада берілсе де, ғылымның негіздері болып табылатын шын мәніндегі ақиқат түсінікті қалыптастырады.
Ғылымилық принципі бойынша мектеп информатика курсында талас тұғызатын, әлі ғылымда орнықпаған, іс жүзінде тексерілмеген мәселелер енгізілмейді.
Бұл принцип білім мазмұнын оңайлатып жіберуден, кейбір ғылыми заңдылықтарды бұрмалаудан, ұғымдарды ретсіз қолданудан сақтандырады.
Тізбектілік және қайталау принципі
Информатика пәнінде берілетін білім мазмұны түсінікті болуы және бұрын игерілген білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тиіс. Таным қызметінің бұл түрі тізбектілік принципінен көрініс табады. Тізбектілік принципі белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, білімнен іскерлікке бағытында жүзеге асады. Мұнда оқу материалының мазмұнын логикалық тізбек түрінде құрастырып, онда қайталаулар мен кері оралудың болмауы ескеріледі. Егер қайталаулар кездессе, онда ол тек оқу материалын бекіту мақсатын көздейді деп түсініледі.
Оқу материалының мазмұны мен оны оқушының қабылдауын тізбектілік принципінің қайталануының түрінде іске асыруға болады.
Информатикадағы пәнішілік байланыстық күштілігі пән мазмұнын қайталау принципіне негізделген. Себебі, әрбір ұғым қайталанған сайын жаңа қасиеттерімен байытылып игеріледі.
Білімді меңгеру мен іс - әрекеттің саналылығы принципі
Дәстүрлі мағынада іс - әрекеттің саналылығы оқушының өз әрекеті мен орындаған жұмысын толық түсінуі. Яғни, оқушының білімді меңгеріп, оны шығармашылықпен қайта өңдеуі, біліміін практикада қолдануы негізінде жүзеге асырылады.
Саналы көзқарас оқушылардың оқуға деген жалпы мақсаты мен міндетіне жауапкершілікпен қараудан басталып, тек білімді меңгеруде емес, іскерлікпен дағды қалыптастыруда маңызды орынға ие болады. Оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыру үшін, оларда ең алдымен оқуға деген саналы көзқарас қалыптастыру қажет. Сонда ғана оқушы әрекетінде ерекше мәнге ие өзін - өзі бақылау түрі қалыптасады.
Саналылық принципі меңгерген білімді практикада қолдану кезінде ерекше көрініс табады. Сол, себепті оқушылар білім мазмұнын ғана емес оның мағынасын терең ұғынуы тиіс. Мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қажетті материалды таңдағанда негізгі мәселелердің қамтылуын ескергені жөн.
Компьютерлік оқыту мақсаты байланысты саналық принципі кейбір шектеулер жасауға мәжбүр етеді. Себебі, мұғалімнің аз уақыт аралығында оқушыларға компьютер құрылғыларында болып жатқан процестерді толық және түсінікті баяндап шығуы мүмкін емес. Мысалы, Enter пернесін басқанда байланыстың тұйықталуы немесе сыйымдылықтың өзгеруі, операциялық жүйедегі үздіксіз өңдеулер, қолданбалы программалар деңгейіндегі әсерлер мен байланыстар т.б. Ең бастысы, оқушылар меңгерген білімдерін жұмыс барысында дұрыс қолдана білуі керек. Бұл кезде мұғалімнің материалды білуі, ондағы негізгі мәселені таңдай алуы, тиімсіз әрекеттерді шектей білуі маңызды орынға ие болады. Компьютерде программистің, жүйелеуші - конструктордың, оператордың, қолданушының қызметтері әртүрлі. Сондықтан, мұғалім олардың қызметтерін толықтырып отыратын тиімді көзқарас қалыптастыру арқылы оқушылардың жан - жақты білім беруді қамтамасыз етуі тиіс.
Білімді меңгеруді деген саналылық есте сақтаудың ең маңызды шарты болып табылады. Саналы көзқарас тек білімді меңгеруде ғана емес іскерлік пен дағды қалыптастыруда да айрықша роль атқарады.
Белсенділік және дербестік принципі
Информатика пәнінде оқушы белсенділігі білімді нәтижелі игерудің қажетті шарты болып есептеледі. Осы орайда, Е.И. Машбицтің ... білім - оқушының қолына бере салатын зат емес, ол оның тұлға ретінде өзгеруі және жеке басының мақсатына сай белсенділігі арқылы жететін нәтижесі - деген пікірі орынды айтылған.
Белсенділік принципі оқушылардың әрекетінде әртүрлі көрініс табады. Мысалы, оқушылардың өз әрекетін бақылауы, дос-құрбыларының жұмысын бақылауы, алгоритмге өзгеріс енгізуі, өз алгоритмін құру әрекеті белсенділік принципіне негізделген. Мұғалім оқушыларға тапсырма беріп компьютерге отырғызғанда, олардың белсенділігін арттыруды көздейді. Бұл жағдайда оқушылардың өздеріне сенімі артып, бір - бірімін сұхбаттасу арқылы өзара оқыту орын алады.
Оқу дербестігі көп жағдайда белсенділікке байланысты болады. Оқушы теориялық материалды белсенді қабылдағанымен, оны дербестік деп толық айтуға болмайды. Ал, оқушының мұғалімне көмек сұрауы белсенділіктің көрінісі болғанымен, дербестікке жатпайды. Дербестік мұғалімнің оқушыларға тапсырмалар беріп, олардың өз бетіінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуі арқылы жұзеге асырылуы мүмкін. Оқу дербестігіне оқушылардың кез - келген жағдайдан өздігіден шыға білуі, ғылыми - көпшілік әдебиеттерді, баспасөз материалдарын пайдалануы білуі жатады. Оқушының компьютерде зерттеу жүргізуі, нәтижеге жетуді өзіне мақсат ете білуі, ЭЕМ - ді қолданатын болашақ кәсіби қызметінде программалаушыдан барынша тәуелсіз болуы дербес дамуының белгісі. Оқушы шығармашылық әрекетке көшкенде дербестік толық орын алады.
Мазмұнның түсініктілігі мен шамаға лайықтылық принципі
Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу жоспарын жасауда кеңінен қолданылады. Информатика сабағында оқыту деңгейлеріне байланысты компьютермен үздіксіз жұмыс істеу кезінде көрініс табады.Мысалы, дайын программалық құралдармен практикалық жұмыстар жүргізу кезінде пайдаланушы деңгейі қамтамасыз етілсе, жеке оқушылармен жұмыс жүргізу оны тереңдетеді.
Түсініктілік және шамаға лайықтылық принципі көбінесе оқытудың мазмұнына емес, оқытудың мазмұнына емес, оқытудың әдісіне қолданылады. Мысалы, информацияның графиктік түрде берілуі түсініктілік принципін қамтамасыз етеді.
Шамаға лайықтылық принципі - білім мазмұнының оқушының шамасына сай болуын қамтамасыз етеді. Бұл принцип оқушылардың танымдық белсенділігн арттыруға ықпал жасап қана қоймай, олардың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Мысалы, пән мазмұнының жеңіл болуы оқушылардың ойлау белсенділігін төмендетеді, оқуға деген ынтасын кемітеді. Оқу мазмұнының шамадан тыс қиын болуы оқушыны табысқа жеткізбейді. Табыстың болмауы оқуушының өзіне деген сенімін жояды. Мұнда мұғалімнің оқытуы мен оқушы дамуының арасында тәуелділік пайда болады. Сондықтан, мұғалім оқушының танымдық мүмкіндігін ескере отырып, оқу процесін жоспарлы жүргізуде түсініктілік және шамаға лайықтылық принципін негізге алуы тиіс.
Мазмұн мен іс - әрекеттің көрнекілігі принципі
Бұл принцип мұғалімнің оқыту процесіне есту-көру (аудио-визуалды) техникалық құралдарды, кітаптар, кестелер секілді әртүрлі көрнекіліктерді, оқу құралдарын пайдалануынан көрініс табады.
Мектепте көрнекіліктің бірнеше түрі қолданылады. Мысалы, жаратылыс көрнекілігі оқушыларды өмірде бар объектілермен таныстыруды көздейді. Көлемдік көрнекілік ақиқат дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсатында қолданылады. Оған фотосуреттер, картиналар, диафильмдер, диапозитив, дыбыыссыз кино, т.б. жатады. Дыбыстық көрнекіліктер дыбыстық бейнелер, шығармалардан үзінді оқу, дауысты таспаға жазу, шет тілін үйретуге магнитафонды пайдалану, т.б. қамтамасыз етеді. Символдық және графикалық көрнекіліктер абстрактылы ойлауды дамытуды мақсат етеді. Мұндай көрнекіліктер болмысты символ түрінде сипаттайды. Мысалы жоспарлар, карталар, схемалар, диаграммалар, т.б.
Информатика пәнінде бір информацияны бірнеше әдіспен бейнелеп көрсету мүмкіндігі көрнекілік принципіне негізделген. Мысалы, блок - схемалар алгоритмдердің құрылымы мен орындалу бағытын көрнекі көрсетеді. Программалау тілдерінің синтаксистік құрылымы мен олардың орындалу жағдайы алгоритм текстерін жазу кезінде көрнекі түрде беріледі. Суреттерді анимациялау, түр - түсін өзгерту, оған дыбыстар қосу мүмкіндігі көрнекілік принципінің жүзеге асырылуы болып табылады.
Көрнекілік принципінің жаңаны табуды, бейнені елестетуді, материалды ұзақ есте сақтауда тиімділігі жоғары. Компьютерде оқушылар графикалық бейнелерді түрлендіріп ондағы объектілерді өзгерте алады, ал оқу киносы мен теледидарда мұндай мүмкіндік жоқ.
Сонымен, көрнекіліктерді тиімді қолдану оқушылардың танымын кеңейтуге оң әсер ететіндіктен, оны оқу процесінің барлық кезеңінде қолдануға болады.
Білімнің беріктігі және жүйелілігі принципі
Бұл принцип білімді берік, әрі жүйелі меңгеруді көздейді. Беріктілік принципін жүзеге асыруда, ең алдымен, білім мазмұнындағы негізгі мәселелерді даралап алу айрықша мәнге ие. Оған қол жеткізу үшін жаңа сабақты талдау мен оны алғашқы бекіту кезінде басты мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет. Үй тапсырмасы мен сыныпта орындалатын жұмыстардың барлығы осы мақсатқа жұмылдырылуы тиіс.
Білімнің беріктігі және жүйелілігі принципі оқыту мақсатынан оқу материалының логикалық құрылымынан оқушының ойлауы мен дамуынан көрініс табады. Сондай - ақ, пән мазмұнының жеке бөлімдері мен тақырыптары арасындағы және басқа пәндер арасындағы байланыстарды орнатуда бой көрсетеді.
Оқушылардың негізгі ұғымдардың анықтамаларын, қасиеттерін жаттап алу немесе есте сақтауы білімнің беріктігіне тікелей байланысты. Сондықтан оқушыларға жаттап алудың емес, түсініп алудың, есте сақтаудың әдістерін үйреткен жөн.
Білімнің беріктігі пәнішілік және пәнаралық байланыстарды құруға негізделген жүйелілікпен тығыз байланысты. Жүйелілік принципі информатика курсының жеке тақырыптары мен тараулары, бөлімдері арасындағы және басқа да жеке пәндер арасындағы байланыстарды орнатуда көрінеді. Басқаша айтқанда, адамның есінде өзара баййланысты ұғымдар берік сақталады, ал жеке байланысқа тәуелді ұғымдар мидың қызмет өрісінен шығып қалып, ұмыт болуына себеп болады.
Информатика пәніндегі оқу материалын салыстырмалы түрде бейнелеп ағаш десек, ағаштың жапырақтары - ұғымдар өзара шырмауықтай байланысуы қажет. Сондықтан алғашқы ұғымдарды байытатын көп салалы қолданбалы есептерді шешудің маңызы ерекше.
Информатика пәнінің мазмұнын бір ағаш емес, информация, алгоритм, орындаушы т.с.с. тамырлары арқылы өріліп кеткен орман деуге болады. Бұл информатикалық білімнің беріктігіне қаланған негіз болып табылады.
Информатиканы оқытуда жеке және ұжымдық оқыту бірін - бірі толықтырып тұрады. Ұжымдық жұмысты тұрақты, дұрыс ұйымдастырғанда оқушылармен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Бұл кезде компьютер екі жақты құрал ретінде жұмыс атқарады. Ал оқыту программаларының дайын түрлерін кеңінен таратуға, біркелкі топтық, ұжымдық оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі. Әрбір оқушы мұндай программалармен жұмыс істегенде өз әдіс - тәсілдерін, жұмыс қарқынын, қиындықтардан шығу жолдарын жеке таңдайды.
Оқыту программалары арқылы, мұғалім жұмыстың кейбір бөлігін автоматты басқаруға жібергенде оқушылармен жұмыс жүргізуге бөлінген уақыт үнемделіп, жеке оқытуға мүмкіндік пайда болады. Оқушылардың дара қасиеттерін байқауда жеке оқыту тиімді нәтиже береді.
Оқу әрекетінің қарқындылығы мұғалім мен оқушының бірлескен іс- әрекетінің пайдалы коэффициенті ең үлкен мәнге ие болуына байланысты қарастырылады.Мұндағы нәтиже күш салу қатынасымен анықталады. Бұл ең алдымен, олардың бірлескен жұмысында басқа әрекеттердің болмауына негізделеді.Мысалы, қарапайым алгоритмдер үшін қолайлы блок- схемаларды күрделі алгоритмдерге пайдаланғанда информатика сабағы сызу сабағына айналып кетуі мүмкін. Алгоритмдеуді жүйелі үйренуде программалау тілдерін қолдануды тиімді, ал есептеулерге қарапайым калькуляторды пайдалану қажет. Компьютерлік уақыт шектеулі болған жағдайда оқушыларға компьютермен жұмыс істеуге қажетті нұсқауларды алдын ала үйретіп, онан соң дисплей алдына отырғызу оқытудың қарқындылығын арттырады. Компьютермен жұмыс істегенде программалардың орындалуына сәйкес шығатын мәліметтердің түсініктілігі оқушы әрекетінің қарқындылығын арттырады. Оқу қарқындылығы оқыту мақсатына тәуелді. Бұл кезде есептеу жұмыстары калькулятор көмегімен және программалау тілінде қатар меңгеріледі [3].
Теория мен практиканың байланысы тек принцип қана емес, оқытумен тәрбиелеудің негізгі заңы болып табылады. Теория мен практиканы ғылымның барлық саласында үйлестіре дамыту аса қажетті іс.
Теорияны практика жүзінде тексеруде, ғылым мен техниканың жетістіктерін практикаға енгізуде меңгерген білімді өмірде қолдануда информатика пәні еңбек сабағынан асып түседі. Себебі, оқушылар ешқандай материалдық шығынсыз мектепке, мұғалімге, сыныпқа, өзіне қажетті пайдалы еңбек етеді. Мысалы, дидактикалық үлестірмелі материалдар дайындау, кітапхана, мектеп құжаттары, оқушылар үлгерімі қорын жасауда теория мен практиканың айырмашылығы аз болуы мүмкін.
Информатика пәнін оқып - үйренуде теорияның ғылыми категорияларымен практикалық байланысына мәні өте үлкен. Жалпы жағдайда теория практика нәтижесін болжайды, ал практика теорияның тексеру құралы қызметін атқарады. Информатика сабағында қандай да бір бағдарламаны компьютерге енгізіп нәтиже алу кезінде теория мен практика тығыз бірлікте болады. Компьютерлік ортада жұмыс істеу тек практикада жүзеге асырылады, өйткені теориялық сабақта оны алдын - ала болжау қиын. Практикадан қолданыс таппаған, өмірмен байланысы жоқ білімді оқушылар нашар меңгереді.
Сонымен, информатиканы оқыту әдістемесі дидактиканың принциптерін нақтылайды және толықтырады. Өзінің негізгі категорияларының жан - жақтылығына сәйкес басқа дербес әдістемелерімен өзара тығыз байланыста болып, осы байланыстар арқылы мектептегі басқа пәндермен біртұтас даму бағытын ұстанады.
Адам баласының өмірде, тұрмыста тұтынатын заттарын қажеттілік деп түсінуге болады. Қажеттілік барлық уақытта адамның белсенділігін туғызады және оны іс - әрекетке итермелейтін түрткі болып табылады. Қажеттіліктіің қызығушылыққа байланысты туындалуы да мүмкін.
Қызығушылық - адамның бір затты немесе бір құбылысты білейін, көрейін деп айрықша ықылас қою. Информатика пәнінде оқушылар оқушылар оқуды ынталана бастағанымен уақыт өте келе қызығушылықтары төмендігі байқалады. Мектеп мұғалімдері мұның себебін оқушы қажеттілігімен байланыстырады. Олардың пікірінше, егер қажеттілік болса, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Егер қажеттілік жоқ болса, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы төмендейді.
Қажеттілік оқушының іс - әрекетіне байланысты емес. Қажеттілік түрлері:
1. биогендік;
2. психофизиологиялық;
3. әлеуметтік;
4. жеке тұлға болуға ұмтылу немесе жоғары қажеттілік.
Есептеу техникасы кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтаумен бірге, жауапкершілігі одан кем емес басқа да қауіпсіздік жұмыстары орындалады. Бұл қауіпсіздік оқушының өзін - өзі және өзінің информациясын сақтауы кезіндегі әрекетінен көрінеді. Мысалы, компьютерде жұмыс істеп отырған оқушы, күнделікті өзіне таныс тұрмыстың ойындық - бейнелік моделін жасайды. Өз информациясын сақтайтын жеке дискетасында немесе сыныптық дискетада бөлінген орын ол үшін баспана ролін атқарады. Оқушылар өз файлдарына басқаларға ұқсамайтын, бірегей ат (көбінесе өзінің аты - жөні) беріп, оларды вирустардан қорғауға, кездейсоқ жойылып кетуден сақтауға әрекет жасайды. Бұл мәселе жеке бума құрудан да көрінеді.
Сынып оқушыларын белгілі бір орынға тіркеп қою журналын жүргізу, олардың техниканы күтіп ұстауға деген сезімін оятады. Бұл оқушының жеке файлын жоюдан сақтайтындығы секілді, өз жұмыс орын (ОЖО) қорғаштап, ұқыппен қарауына әсер етеді.
Компьютерлік ойындар жалған қауіпсіздікпен бірге жүреді. Себебі, бұл кезде психологиялық тұрақтылықпен бірге, еріктен тыс жауапкершілік болуы мүмкін. Оны өмірдің нағыз тығырықты жағдайында немесе секунндтардың санаулы сәтінде адам баласында қандай мінездің басым болатынын алдын - ала болжап айту қиындығымен салыстыруға болады. Бұл жағдайда компьютерлік ойындар қалыптастырған стереотиптің іске қосылуыда ғажап емес.
Биогендік қажеттілік сезімдік көңіл -күйге байланысты туындауы мүмкін. Мысалы, оқушыда кейде ата - анасымен, құрбы - құрдастарымен, т.б. қарым - қатынаста жеткіліксіз болған сезімдік көңіл - күй компьютермен жұмыс істегенде пайда болады. Кейбір оқушылардың компьютерге байланып қалуы өз көңіл - күйін көтеру қажеттігінен туады.
Биогендік қажеттіліік іздеу және бағыт алу қажеттілігіне байланысты болады. Іздеу қажеттілігі қауіпсіз және еркін түрде қоршаған ортаны танып - білуге деген оқушы әрекетінен көрінеді. Мысалы, жас нәрестенің айналадағы заттарды ұстап, көріп, танитынына ұқсас, оқушының да компьютер құрылғыларының, клавиштердің қызметімен еркін отырып танысқаны дұрыс. Сондықтан, мұғалім бұл клавишті баспа, мұндағы құрылғыға тиме - деген секілді жөнсіз шектеулер жасамай, алдын - ала маңызды бағдарламалар мен берілгендерді жойып жіберуден қорғап қоюды ескергені жөн.
Оқушыға іздеу белсенділігі кезінде жасалған әрекеттердің әсерін зерттеу, сол арқылы дұрыс бағдар алуын қамтамасыз ету қажеттілігін қанағаттандыруы және ортаны басқару командаларын өздері табуы ұнайды.
Қажеттіліктің мұндай іздеу түрі оқушыға қызықты болып көрінеді. Мысалы, ол жаңа бір текстік редакторға енген соң ешкімнің көмегінсіз өз бетінше іздей отырып, оны басқаруға ұмтылады.
Бағыт алу қажеттілігі оқушының кейбір бағдарламада жұмыс істеп отырғанында онша модель құруы, есептерді шешуде, сурет салуда, т.с.с. мақсатты жұмстарындарында белгілі бір бағыт алуынан, тосын немесе кездейсоқ жағдайларда жол табуынан көрініс табады. Мысалы, таныс емес бағдарламада жұмыс істеп отырғанда техникалық ақаудың немесе басқа жағдайлардан пайда болса, олар обалжып немесе дағдарып қалмай, тиімді шешімдер қабылдап, мақсатқа жетуге бағыт алуы тиіс.

1.3. Информатика курсын оқытуда көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асыру психологиялық-педагогикалық негіздемесі

Көрнекілік адамзат баласымен бірге сол сәттегі зат немесе құбылысты бейнелеуден, яғни ақпаратты беру қажеттілігінен пайда болған болуы мүмкін. Бұл туралы бізге дейін келіп жеткен тас үрдігірлердегі, жартастардағы суреттер куә. Көрнекілікпен оқыту алғашқы мектептер пайда болғаннан бері басталды. Мектеп тәжірибесінде көрнекілікпен оқыту элементтерін ең алғаш пайдаланған адам есімі тарихта сақталмаған.
Адамдар көрнекілікпен оқытуды жазу пайда болғаннан бұрын бастаған. Ежелгі Египет, Ежелгі Рим, Ежелгі Греция мектептерінде көрнекілікпен оқыту кең қолданысқа ие болған.Ауызша және жазбаша сөздің дамуы, сонымен бірге абстрактылы ойлаудың дамуы, көрнекілікпен оқыту әдісінің таралуының бастамасына негіз болды. Кітапты жазу стилі де өзгерді, ол мағаналы және қол жазба және баспа кітаптарда суреттер пайда болды. Мысалы, Томас Мордың Утопия атты кітабында Утопия аралында балаларды суретті кітаппен оқыту жайы баяндалған [4].
Бірақ, бұл кезде көрнекі оқыту деген термин әлі пайда болмаған, сондай-ақ көрнекілікпен оқытудың қатаң теориялық негіздемесі жасалынбаған болатын. Көрнекі құралдарды қолдану интуитивті таза көру түсініктерінен құралды. Көрнекілік принципінің негізін қалаушы, оны негіздеген чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) көрнекілікке анықтама берді, оны біз Дидактиканың алтын ережесі дейіміз. Дәл осы ереже мектепті дамытудың ең маңызды жолдарының бірі болды, сөйтіп көптеген педагогикалық зерттеулердің баспалдағы болды. Я.А.Коменский адам баласы, әртүрлі сезім мүшелері арқылы қоршаған орта туралы, көрген білгені жайлы қабылдағаны жөнінде толық, дәл ақпарат алады.
... көз арқылы көреді, құлақ арқылы естиді, иіс сезу мүшелері арқылы иіс қабылдайды, дәм сезу мүшелері арқылы дәм сезді, сипап сезу мүшелері арқылы сипап сезеді. Мұның барлығы да мида жүзеге асады. Өйткені мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т.б. анализаторлардың жүйке орталықтары бар.
Сезім мүшелерінің мимен байланыстығы жайлы Шәкәрім: Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын-исі, тіл-дәмнен хабар бермек. Чех педагогы Я.А. Коменский оқытуда табиғи заттарды қолдана отырып қабылдау керек деп есептеген, егер де табиғи заттар болмаса, онда оны сурет не бейне көшірмесімен алмастыру қажет деген. Бұл жоғарыда аталған мәселені құбылысты тануға қатысты дей келе педагог Я.А. Коменский адам баласы білімді басқа бір адамның сөзімен емес, тікелей өз көзімен кхөре отырып, тікелей қабалдаудан алғаны жөн екндігі айтқан.
Я.А. Коменский көрнекілік мәселесін айта келе мұнда көруге басты назар аудару керектігіне тоқталған. Оның көрнекілігі принципін есепке ала отырып жазған Суреттегі сезімтал заттар әлемі атты алғашқы кітабы тілді оқытуда көп әрі ұзақ қолданылған болатын. Бұдан, Я.А.Коменский көрнекілікті сезімдік таныммен ұштастырғандығын байқаймыз. Барлық білімді алудың негізгі бақылау болып табылады деген болатын.
Г.Песталлоцци (1746-1827) бақылау абстрактілі ойлауды дамытудың алғашқы қадамы дей келе, көрнекілік тереңірек негіздеме жасап, осы мәселері одан әрі қарай зерттеген. Мен қазіргі уақытта өткеніме қарап, адамзат болсын оқыту үшін не істедім? Деген сұрақты өзіме, барлық танымның абсалютті негізгі принципін берік орнаттым деп жауап беремін?
Қоршаған ортаның сезім мүшелеріне әсерін баяндай отырып, Г.Песталоцци былай деп жазды: Адамның табиғатты тануы, оны сезім мүшелері арқылы қабылдауы адам танымының негізі болып табылады.
Швецариялық педагог Г.Песталоцци балалардың ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілетін көрнекілік арқылы жүзеге асыруға болады деді.
Бақылаудың үш негізгі кезеңін атап көрсеткен:
* баланың алдында әртүрлі заттардан неше зат бар;
* олардың пішіні қандай;
* ол заттар қалай аталады.
Г.Песталоцци, көрнекілікпен оқытудың маңыздылығы ойлау мен сөйлеуді дамытады, жекеден бүтінге біртіндеп өтуге мүмкіндік береді, оқытудың мәні осында деген еді. Жалпы білім беретін орта мектеп информатика пәнін оқытуда компьютерлік принципті жүзеге асырудың дидактикалық негізі. Я.А. Коменский ілімін германдық педагогтар И.Ф.Гербарт (1776-1841) және Ф.Дистерверг (1790-1886) одан әрі дамытты. Олар көрнкілікпен оқытудың әдістемесін жасады. Мұғалім сабақта көрнекі материалдарды пайдалануда орындауы тиіс [5]:
- қандайда бір затты ұзақ уақыт демонстрациялап көрсетуге болмайды, яғни әрбір пән мұғалімі көрнекі материалды қалай, қанша уақыт пайдалану туралы әбден ойлануы тиіс;
- қандайда бір затты қайталап пайдалану, көрсету, оқушыны жалықтырады, оның сабаққа деген қызығышулығын төмендетеді, яғни сабақта әртүрлі көрнекіліктерді қолдануы тиіс;
- мезгілсіз үлестер, басқа заттар апперцептивтік механизмнің еркін ағымына кедергі жасап, бір қатар қабылдауларды дұрыс қабылдауға нұқсан келтірген ғалым А.Гербарт, яғни көрнекі материалды қолданғанда қабылдау механизмін оның бүтіндігін, мақстылығын және көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін білуі тиіс;
- Жақыннан алысқа, жеңілден ауырға біртіндеп өту керек деп есептейді Ф.Дистерверг, яғни қарапайымнан күрделіге біртіндеп өту, көрнекі оқытуға шығармашылықпен қарау керек, Дидактиканың алтын ережесіне формальді түрде қарауға болмайды. И.Гербарт қандайда бір нысанды немесе құбылысты жанама түрде оқыған кезде, жанама түрде бақылаған кезде оқушыларды бақыланатын затпен таныстыру қажет. Апперцепцияны анықтап көрсету қажет деп есептейді. Бұдан біз, көрнекті оқытуды жүзеге асыруда анықталған түс құруда мақсат еткендігін көреміз. Ф.Фребель (1782-1852) көрнекілікті белсенділік түрінде қарастырады. Көрнекі құралдарды ұстап көру арқылы елестету мен түсінік құралдары. Бұдан белсенділік арқылы, белгілі бір іс-әрекет арқылы көрнекілік қалыптасады. Бала затты өз қолымен жасап, құрастырады. Ф. Фребель мектепке дейінгі тәрбие мәселесімен айналысып, белсенділік компонентін бөліп, атап көрсетті. Бұл көрнекілікпен оқытудағы шығармашылық компоненті.
Көрнекілікпен оқыту жайлы, сол заманғы педагогтар қоршаған орта жайлы сезім ағзалары арқылы жанама қабылдауды айтқан болатын. Көрнекілікпен оқытудың анықтамасы, мақсат категориялары мен іс-әрекет тікелей мәселеге ретінде қойылмады.
Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский (1824-1870) көрнекілік принципі туралы материалистік тұрғыдан негіздеме жасады. Өз кезегінде бұл көрнекілік мәселесінің өзектілігін шешуге үлкен қадам болды. Ол көрнекілікті тек көру сезімімен ғана байланыстыруға болмайды. Балалар форма, бояу, дыбыс, сипап сезу арқылы ойлайды-деген болатын. К.Д. Ушинский көрнекі оқытудың анықтамасын баланың жанама түрде қабылдаған, ол мұғалімнің басшылығымен оқыту үрдісінде кезінде немесе баланың өз бетінше бақылау нәтижелеріне тәуелсіз түрде жүзеге асырылатын ілім деген болатын. Бейнелік сөйлеуді ол көрнекіліктің ерекше әрі маңызды түрі деп есептеді. Оқу үрдісі кезінде мұғалім өзінің әңгімесін тірілте алады. Біріншіден балаларға сол заттың өзін көрнекті етіп көрсетеді. Балалар көрген затқа қарай отырып, оқыған материалдарын еске түсіріп қана қоймай, жанама созерцанияны толықтырады. Екіншіден, сұрақты тірілтіп әртүрлі етеді. К.Д.Ушинский үшін көрнекілік - дидактикалық принциптің ішіндегі ең маңыздысы, өйткені оқыту әдістері мен тәсілдерінде, оқыту осы көрнекілік принципіне сүйенеді. Константин Дмитриевич көрнекілік ойлауды тәрбиелейді деп оған үлкен маңыз берді. Ол, баланы логикалық материалға тек көрнекі нақты материал арқылы ғана жаттықтыруға болады деп есептейді. Зат ең адымен баланың санасында көрініс табуы тиіс, ал содан кейін көрініс табуы тиіс, ал содан кейін мұғалімнің жетекшілігімен алған әсері түсінік ой пайда болады, осыдан келіп сөз өрнекітеледі. Көрнекі оқыту бақылампаздықты дамытады, бұл дегеніміз ақылдың дамуына септігін тигізеді. Орыс педагогы К.Д.Ушинский көрнекі оқытудың рөлі мен орнын дұрыс түсінді, ішкі тірек идеясын ұсынды. Балаға қандай да бір бес таныс емес сөзді үйретіңіз, ол ұзақ уақыт бойы, нәтижесіз тер төгеді, егерде оны дәл осындай 20 сөз бен суретпен байланыстырып үйретсеңіз, онда бала бұл сөздерді бірден-ақ үйреніп алады. Сіз балаға өте қарапайым ойды айтсаңыз ол бәрібір сізді түсінбейді, егер де сіз осы балаға күрделі суретті көрсетіп түсіндірсеңіз, онда ол бала сізді жылдам, тез арада түсінеді. К.Д.Ушинский көрнекі оқытуда іс-әрекеттің элементті де айтқанын кездестіреміз. Ол былай деп жазады: Біз өзіміз тікелей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика курсын оқыту
Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Орта мектептегі жаратылыстану пәндерін оқытудағы мултимедиялық кабинет мүмкіндіктері
Информатиканы оқыту әдістемесі
Биология курсын оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
Пәндер