5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1-тарау. Жалпы Білім Беретін Орта мектеп информатика курсын оқытудың ғылыми-теориялық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. 5-8 сынып информатика курсын оқытудың мазмұны ... ... ... ... ... ... ...4

2-тарау. 7-сынып информатика курсын оқуытуда жаңа технологияларды пайдалану әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .18

2.1. 7 сынып информатика курсында Windows операциялық жүйесі тақырыбын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану әдісі ... ... ... ... ..18
2.2. 7-сынып информатика курсының Графикалық редактор Paint: Үзінділерге амалдар қолдану тақырыбын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе

5-8-сыныптарда информатиканы оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Өйткені, информацияның қарқындап өсуі мен техниканың соңғы жетістіктері, информатика ғылымның үздіксіз дамуы мен оның жаңа салаларының пайда болуы 5-8-сыныптарда информатиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдаланып, сабақ өту әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Мұнда оқытудың жаңа технологилары мен әдістері, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді сабақта тиімді қолдана білу тәсілдері қарастырылады және ол үнемі жаңару, жетілдіру жағдайында жүзеге асырылады. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану мәселесiне Е.Сарманов, Н.Ермеков сынды әдіскерлердің, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың еңбектерi арналған.
Ал А.Жанпейісова, Д.Давыдов және т.б. зерттеулерiнде 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланудың жаңа педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланудың тигізер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi В.М.Монахов, А.Бұзаубақованың және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе, 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әдiстемесi А.Әмірбеков, А.Ибашова және т.б. әдіскерлердің оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген. Бұл жағдай елiмiзде бiлiмнiң жаңа ақпараттық парадигмасының қалыптасқанын көрсетсе керек.
Келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әдiстемесi бойынша бiршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi
талдау нәтижесiнде 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану - оқушылардың оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатын оқып-үйрену процестерi толық қарастырылмаған. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әлi күнге бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi байқалып отыр. Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әдістемесін ұсынамыз. Алайда, бұл мүмкiндiктiң бар болуы, бiрақ 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланудың жеткiлiктi дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы, оның дидактикалық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiлмеуi арасында қарама-қайшылық пайда болуда. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану осы қарама-қайшылықты жою қажеттігін, әрі дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестiлiгiн анықтайды.
Зерттеудің мақсаты: 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу нысаны: орта мектептердегі информатика курсын оқыту процесi.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

І-тарау. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

1.1 5-8-сынып информатика курсын оқытудың мазмұны
Жалпы білім беретін орта мектептерде 5-8-сынып информатика курсын оқытудың негізгі түрі - сабақ. Мектепте сабақ сынып - сабақ жүйесі бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе чех педагогы Я.А. Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінен бастау алады. Оның белгілеріне: 1) оқу топтарының тұрақты құрылымы; 2) әр сыныптың оқу мазмұны; 3) оқу сабақтарының бекітілген кестесі; 4) жеке немесе ұжымдық оқыту; 5) мұғалімнің жетекшілік және ұйымдастырушылық ролі; 6) оқушы білімін жүйелі тексеру және бағалау жатады [1].
Бүгінгі күні сабақ - білім беру мен оқушы іс - әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың бірі - сабақтың құндылығы. Сабақтың құндылығы оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық формасы болуымен қатар, мұғалім мен оқушы іс - әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді.
Кез - келген сабақ оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуіне, оқыту әдістеріне, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың іс - әрекетін басқару түрлеріне қарай ұйымдастырылады. Мысалы, бастауыш сыныптарда оқушылардың іс - әрекетін түрлендірііп, ауыстырып отырған тиімді болса, жоғары сыныптарда керісінше, іс - әрекеттің жүйелілігі, олардың қайталау мақсатында ұйымдастырылғаны дұрыс. Бұл оқу сапасына әсер етеді.
Оқу сапасы оқытудың түрлі әдістерін байланыстырып, оларды сабақта тиімді қолдануда көрінеді. Сабақта тиімді әдістерді дұрыс қолдану оқушылардың ақыл - ойының дамуына, шығармашылық ойлауына бағыт береді.
5-8-сынып информатика курсын оқыту әдістерін қолдануда, а) оқу материалының мазмұны; ә) оқытудың дидактикалық мақсаты; б) оқушылардың білім деңгейі; в) мұғалімнің шеберлігі сияқты психологиялық-педагогикалық факторлар ескеріледі. Аталған факторлар оқыту әдістерін тиімділігіне таңдап алу мен оны іс жүзінде қолданудың ғылыми - теориялық негізін қалайды.
Осы орайда Л.Н. Толстойдың ... мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақта жан - жақты ойластырса және оны оқушының шама - шарқымен салыстыратын болса, оқушының ой - өрісін көбірек қадағалайтын болса, жауаптар мен сұрақтар беруге көбірек шақыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл соғады - деген пікірі әлі де мәнін жоймағаны байқалы.
Сабақтың басты белгісі - мұғалімнің анықталған мақсаты. Осы бағыттағы зерттеулер сүйене отырып, қазіргі сабақтың кезеңдерін:
* жаңа материалды оқып үйрену (әңгіме - сабақ, дәріс - сабақ, компьютерлік - сабақ, кино - сабақ);
* Біліммен іскерлікті жетілдіру сабағы (практикалық - сабақ, лабораториялық - сабақ, семинар - сабақ, өзіндік жұмыстар);
* Білімді қорыту және жүйелеу сабағы (әңгіме - сабақ, семинар - сабақ);
* Аралас сабақ (барлық сабақтардың функциялары қолданылатын сабақ);
* Бақылау сабағы (бақылау жұмысы, сынақ, емтихан, өзара бақылау, өзін -өзі бақылау), т.б.
Мұғалім оқушының оқу танымдық іс-әрекетін басқаратынына белгілі. Сондықтан 5-8-сынып информатика курсын оқытуда сабақты жоспарлаған кезде оқу материалының мазмұнын толық қамту, мақсатқа жету мүмкіндіктерін есепке алу ескерілу керек. Осы орайда, белгілі педагог К. Д. Ушинскийдің ...сабақ әдеттегідей басталады: үш, төрт оқушыдан сабақ сұраймыз, оған сабақ уақытының жартысынан көбі кетеді... . Бір оқушы есеп шығарады, басқа отыз немесе қырық оқушы уақытын босқа өткізеді. Мұндай әдіс кейбір бақытты оқушының уақытты ойсыз, шұғылданыссыз, тек мектеп тәртібі талап ететін санасыз бос қараспен өткізуіне тура келеді деген пікірі ойға оралады.
Бұдан кейін 5-8-сынып информатика курсын оқытуда сабақ жоспарын жасау кезінде сабақтың кезеңдерімен оның дидактикалық құрылымының және сабақтың мақсаты мен оқыту әдістерінің арасындағы байланыстар міндетті түрде ескеріледі.
5-8-сынып информатика курсын оқытуда сабақ жоспары - мұғалім үшін міндеті құжаттардың бірі. Оны жасап, сабақ өтуге даярлану мұғалімнен шығармашылық жұмысты талап етеді. Себебі, шығармашылықсыз мұғалімнің шеберлігі де болмайды. Олай болса мұғалім сабақты жоспарлағанда, оны жоғарыда аталған дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді ұйымдастыруды ойластыруы қажет. Қазіргі кезде 5-8-сынып информатика курсын оқытуда сабақ дәстүрлі сабақ ретінде түсіндіру, көрсету, баяндау әдістерімен танылады. Сонымен бірге, 5-8-сынып информатика курсын оқытуда жаңа технологиялар қолданылады.
5-8-сыныптарда информатика пәнін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалануда мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілдері әдіс ретінде анықталады. Информатиканы оқыту әдістерін мұғалім мен оқушының оқып - үйрену кезіндегі әрекет айырмашылығына қарай екі түрге бөлуге болады: 1) оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) - оқушының әрекеті мен информацияны басқару әдістері; 2) оқу әдістері (оқушы әрекеті) - оқушының оқу материалын танып білу әдістері. Көбінесе екінші топтағы әдістерге баса көңіл бөлінеді. Себебі, бұл әдістер арқылы оқу процесінің мақсаты болып табылатын оқу материалын игеру қамтамасыз етіледі [2].
5-8-сыныптарда информатика пәнін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану әдістері оқушылардың өздерінің информатика жөнінде белсенді, дербес тану әрекетін іске асыруына бағытталған. Олар ғылыми әдістер және оқу әдістері болып екіге бөлінеді. Біріншісі, информатиканы ғылым ретінде зерттеп білу құралы. Екіншісі, орта мектеп информатикасын оқытуды жетілдіру үшін арнайы жасалған әдістер. Мысалы, эвристикалық әдісі, модельдеу арқылы үйрену әдісі, программалық оқыту әдісі.
Оқушының компьютерде жұмыс істеу барысында мұғаліммен тәуелсіз болуы, өз бетінше білім алуы ешқашан аяқталмайтын құбылыс және ол информатика курсының мақсаттары енеді. Информатикада оқушының танымдық басқару функциясы айқын көрінеді. Копмьютерде жұмыс істеп отырған оқушы өзіне жеке мақсат қойып, өзбетінше жұмыс істейді. Мұғалім оқушыға жағдай жасап, оның әрекетін басқару мақсатында жұмыс жүргізіледі.
5-8-сыныптарда информатика пәнін оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану әдістері мен осы белгілерінің оқыту мазмұнына үйлесімділігі әлі де зерттелуде. Шындығында, барлық оқыту әдістерін үйлесімді қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, оқытудың әрбір әдістеріне тән белгілер мен олардың информатиканы оқытудағы маңызды түрлері қарастырылады.
Көп жылғы 5-8-сынып информатика сабағын өту тәжірибесінен оқушылардың білім сапасы ескі, әдеттегі тәсілдермен артпайтындығы белгілі болды. Білм беруде неғұрлым жоғары нәтижелерге жету үшін оқытудың пайдалы әсер коэффиценті төмен ескі әдіс тәсілдерін тиймділігі жоғары жаңа технологиялармен алмастыру қажеттігі туып отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жыл-дар аралығында дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасының Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері атты бесінші тарауда білім беру мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағытталған біліктілік деңгейіне көтерудің маңыздылығына ерекше назар аударылады [3].
Нәтижеге бағытталған оқыту - бұл аяқтаушы нәтижелер (біліктіліктер). Аяқтаушы немесе соңғы нәтижелер мектептен және жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі өмір үшін маңызды білім, шеберліктер және бағдарларды білдіреді. Олардың шартты түрде жүйелеп көрсек, төмендегідей біліктіліктер тізімін құра аламыз:
- қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттіліктері (оқу, жазу, сөйлей алу, тыңдай алу - және санай алу дағдылары);
- әлеуметтік қарым-қатынастарға бейімділік;
- талдау жасай алу қабілеттері;
- проблемаларды шеше алу;
- кұндылықтар туралы өзіндік пікір білдіріп шешім шығара білу дағдылары;
- шығармашылық шеберліктерді игеру және өзгелердің шығармашылығын қабылдай білу дағдылары;
- азаматтық жауапкершілік;
- қоршаған әлем өміріне жауапкершілікпен араласу;
- рухани, заттық құндылықтарды жасай алу және сақтай білу дағдылары;
- ілімнің құралы ретіндегі технологияларды қолдана алу дағдылары;
- өмірі мен карьерасын жоспарлай алу дағдылары.
Нәтижеге бағытталған білім беру моделі тұлғаның әлеуметтену процесіне қоғамды, түрлі қауымдастыктарды тартуды қарастырады. Осы мақсатта аталған проблемамен айналысатын кәсіби қауымдастықгар арасында өзара күш біріктіру үшін қарым-қатынастар орнатып, білім берудің мақсаттары мен нәтижелері турасындағы талқыға бүкіл қоғамды қатыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері, сондай-ақ, дүниежүзілік практикадағы білім беру дамуының бағыттарынталдау - білім оеру саласьшың ашық жүйе ретіндегі дамуының қажеттілігін айқындайтын бірнеше әдістемелік бағдарларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:
:: өзін-өзі танып білу мен өз мүмкіндіктерін іске асыру жолындағы білім алудың жеке тұлғалық мәнін күшейту (үзбей білім алу);
:: білім берудің құндылық мәнін, оның рухани-адамгершілік маңызын көтеру (білім берудщ бейбітшілік пен келі-сім үшін қызмет етуі);
:: білім беру ісінің оқушының тұлғасын ұлттық құндылықтарды игеруші және тасымалдаушы ретінде қалыптастыру тұрғысындағы ролін күшейту (білім беру прогресстің факторы ретінде);
:: білім беру мазмұнында әлемнің тұтастығы мен адамның оның бір бөлігі екендігі туралы туралы ұғымды қалпына келтіру (өмір мен еңбек үшін білім алу);
:: оқушыларды табиғи әлемді сақтауға және аймақтық және жаһандық көлемдегі экологиялық проблемаларды болдырмауға күш салуға бағыттау (білім беру - ғаламдық ойлауды қалыптастырудың құралы және шарты ретінде);
:: барлық адамдар үшін сапалы білім алуға және оган жету жолында тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге жағдайлар жасау (барлық адамдардың тең білім алуы);
:: білім беру үрдісіне бүкіл қоғамды тарту және білім берудің сапасын жақсартуда әлеуметтік тең қарым-қатынастар орнату (білім беру ісі ашық жүйе ретінде) [4].
Осы тұрғыдан алғанда, білім беру ісіне ашық жүйе түріне көшуге мүмкіндік беретін алдын-алу шаралары қажет. Бұл мәселе екі жақты қарастырылуы тиіс. Бірінші міндет білім берудің тактикалық және стратегиялық міндеттерін шешу ісіне бүкіл қоғамды жұмылдыру, екіншісі білім беру ісіне қатысушы жақтардың бір-бірі алдындағы өзара міндеттерін айқындауы.
Бірінші міндетке сәйкес, нәтижеге бағытталған мектептік білім беруді дамыту аясында бүкіл қоғам білім берудің ұлттық деңгейдегі мақсаттары тәрізді стратегиялық міндеттерді айқындау ісіне тартылуы тиіс. Білім берудің аталған жаңа моделін енгізу жағдайында ұлттық деңгейдегі мақсаттар болашақ нәтижелер, яғни, түлектердің өзінің азамат, тұлға ретіндегі әлеуметтік ролдерін орындауға деген дайындығын сипаттайтын базалық біліктіліктер түрінде қалыптасуы тиіс. Бұл мәселені шешуде бүкілхалықтық кеңінен талқылау жұмысы қажет. Сонымен бірге, күтілетін нәтижелердің көпдеңгейлік жүйесін жасақтауда білім беру саласының барлық сатыларын (мектепке дейінгі, бастауыш және орта кәсіби, жоғары білім беру) қамту өте маңызды. Мәселенің бұл тұрғыдан шешілуінің мәні - кәсіби қауымның өзара келісуі қорытындысында қабылданған болашақ нәтижелердің көпдеңгейлі жүйесі бүкіл білім беру процесіне қатысушыларға белгіленген мақсаттарға жетуде бағыт-бағдар ретінде қызмет ететіндігінде.
Білім беру саласы, ашық жүйе ретінде қатысушы жақтардың мақсат-міндеттерді жауапкершіліктерді өзара бөлісу негізінде құруын қарастырады. Нәтижеге бағытталған білім беру моделін іске асыру жұмысын ертерек бастап кеткен шет елдердің тәжірибесіне талдау жасау - бұл жауапкершіліктерді төмендегіше бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
:: оқушы өмірде және қоғамда конструктивті роль атқару үшін болашақ нәтижелерге ұмтылуға міндетті;
:: оқытушы оқу ісін ұйымдастыру шарты ретінде оқу процесін шығармашылқ тұрғыда ұйымдастыруға міндетті;
:: ата-ана өз баласның қажетті дәрежеде білім алуына жағдай жасауға міндетті;
:: мектеп әрбір оқушының өз даму траекториясын құруына жағдай жасауға міндетті.
:: мемлекеттік органдар әлемдік білім беру кеңістігіндегі ағымдарды ескере отырып білім беру жүйесінің сапасы мен оқушылардың жетістіктеріне ұлттық мониторинг жасаудың негіздерін айқындауға міндетті;
:: қоғам күтілетін нәтижелердің жетілдірілуіне, білім беру жүйесі жетістіктерінің ашық түрде жарияланып отыруына жауапты.
Демек, болашақ педагогтар болсын, информатика мұғалімдері болсын қазіргі заман педагогикалық технологияларының пайдалану принциптерін, әдіс-тәсілдерін жетік білулері тиіс.
Технология ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор технология дегеніміз не? - деген сұраққа немесе тех-нологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.
Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез - келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, білім беру технологиясы деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі [5].
Технология ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: техно - өнер, шеберлік және логос - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, технология терминін қазақ тіліне өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез - келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
1. Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
2. Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс - тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.
Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырыл ады.
Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияга берілген бірнеше анықгамаларды карастырып көрелік:
Технология дегеніміз - белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз-оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз - оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.
Технология дегеніміз - білім алудың жоспарланған нәтиже-лерге жету процесінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз - тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.
ЮНЕСКО-ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықгама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз -бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастыты.
Соңғы жылдары біздер отандық білім беру кеңістігінің барған сайын жаһандана түсу процесінің куәгері болып отырмыз. Ал бұл процестің, шын мәнісінде, оны орындаушыларды күтпеген тосын жағдайларға тап қылатын өте күрделі процесс екендігі дау тудырмаса керек. Оку орындарының білім беру стандарттары жағдайына көшуі, яғни стандарттау процесі өкінішке орай, қажетті әдістемелік дайындықсыз, педагогикалық технологияның рөлі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталды.
Орын алған дәл осындай келеңсіз жағдайдың нәтижесінде кейбір оқытушылар педагогикалық білімдердің дәл осы саласындағы өзгерістерге дайын болмай шықты, сөйтіп олар әдістеме мен технология арасындағы айырмашылықтарды сезіне де алмай қалды. Егер әдістемені көп жағдайларда оқу процесін ұйымдастырып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсак, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиальдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология - ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология - ол болашақ оқу процесінің жобасы. Демек, педагогикалық технология - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Информатика курсын оқыту
Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)
Компьютерлік модель түсінігі және модельдердің жіктелуі
Орта мектептерде информатика курсын оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
Информатика сабақтарында АКТ қолдану мүмкіндіктері
Модель және модельдеу ұғымдары
Мектеп журналының электрондык түрі
Пәндер