Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы жаратылыстану пәндерінің мәселелері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
ССАРИЙ
Атом - элементар бөлшектерден тұратын қарапайым электрлі бейтарап жүйе.

Молекула - бірнеше атомдардан тұратын неғұрлым күрделі жүйе.

Аспект - заттың, құбылыстың, ұғымның белгілі бір жағы; белгілі бір көзқарас тұрғысынан кейбір мәселе мен құбылыстың қарастырылуы.
Білім беру - ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын мәдени мұраны жүзеге асыратын әлеуметтік институт, мектеп - өзіндік ерекшелігі бар соның бір бөлшегі. Білім беру процесі тек қана білім таратумен шектеліп қалмай, қоғамдық-тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге бағытталған процесс.
Білім беру жүйесі - білім беру мекемелері мен білім беруді басқару ұйымдары арқылы жүзеге асатын, білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттардың өзара байланысының жиынтығы.
Бейіндендіре оқыту - оқытудың дербестендірлуі мен әр тектенділендіруі , білімін жалғастыруға тілек еткен жас өсірімнің қабілеті мен бейіміне орай оқу үдерісінің мазмұнын , сипатын құрылымын өзгерту арқылы жаңа тұрпаттағы білім беру жолы.
Базистік оқу жоспары - бұл негізгі мемлекеттік нормативтік құжат, білім берудің осы саласындағы мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі болыптабылады.
Педагогикалық жүйе - ересектер мен өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, білім беру мақсатына бағытталған құрылымдық, функциялық байланыстардың өзара бірігуі.
Мемлекеттік білім беру стандарты - білім беруде толық қанды мақсатқа жету үшін қажетті білімнің, дағды мен машықтардың тиімді жиынтығының ықшамдалған мазмұны.
Менеджмент - адамдармен қарым-қатынас жасау барысындағы билік жасау мен басқару өнерінің әдісі мен тәсілдері.
Гуманизацияланған білім беру - философиялық, әлеуметтік-саяси үстемдік, онда тұлғаның білім алуын, қоғамдық өмірге дербес араласуын қамтамасыз етудің барысы жан-жақты және еркін болуы шарт. Гумандандыру идеясы оқыту формасы мен әдістеріне сіңіп, өз шарттарын алға тартып отырады.
Даму - қажетті және бағыттық сипаттағы материалдық және идеалды нысандардың заңдылықты сапалық өзгерісі.
Дедукция - жалпыдан жалқыны бөліп алып ой қорыту әдісі.
Демократияландыру - оқыту процесіне демократия принциптерін енгізу.
2 Дәрістер
1 МИКРОМОДУЛЬ Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы
жаратылыстану пәндерінің мәселелері

1-тақырып. Жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы
жаратылыстану пәндерінің мәселелері.

Дәріс мақсаты: Молекуланың кванттық-механикалық моделі, молекула құрылысы теориясындағы валенттік байланыс және молекулалық орбитальдар әдісі туралы мағлұмат беру. Ауыспалы емес элементтер химиясының стереохимиясын түсіндіру.

Жоспары:
1. 12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы шарттары.
2. Бағдарлы оқытудың мақсаттары, міндеттері, ұстанымдары.
3. Бағдарлы оқытуда таңдау курстарының орны
4. Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру және түрлері
5. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің жолдары
6. Жаратылыстық - математика бағытындағы химия оқулығының мазмұны, ерекшеліктері.
7. Гуманитарлық бағытындағы химия оқулығының мазмұны, ерекшеліктері

Дәріс мазмұны:
1. 12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы шарттары.
Ертеңгі келер күннің білім беруді адам қызметінің ең бір көлемді саларының бірі ретінде әлемге танытты, өйткені оғанмиллиардтан астам оқушылар мен елу миллиондай мұғалімдер тартылған. XXI ғасырда білім берудің әлеуметтік рөлін көтеру болашақ қоғамның жаңа парадигмаларын айқындаумен өзара тығыз байланысты.
12 жылдық жалпы білім беретін мектептке көшудің болашағы.
Қазіргі кезде ҚР - ның мектептеріндегі білім беру мазмұнының көлемін дамыған Европа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы орта білім берудің бағдарламасын біздің оқушыларымыз 11 жыл ішінде меңгереді. Республиканың 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектебінде қай кезде де оқушылардың артық оқу жүктемесі байқалып келеді. Оқушылардың оқу жүктемесі оларды оқуға бөлінген міндетті пәндер мен апталық сағаттардыңсанына, сондай - ақ оқу материалын сыныптар мен білім деңгейлерінің арасында тиімді бөлуге байланысты. Жалпы орта білім берудің мазмұнын экстентивті дамытудың нәтижесінде міндетті оқу пәндерінің саны 11 жылдық мектепте 25 - ке өсті.
Білім реформасы қазір әлемнің көптеген дамыған елдірінде жүріп жатыр. Оларда бейіндік оқыту проблемасына көп көңіл бөлінеді. 12 жылдық мектеп жаңдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешудің мүмкіндігі бар.
Бейіндікоқу бағдарламалары шығармашылық (тереңдетіп оқыту) және қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін.
Жалпы орта білім берудің басты - мақсаты - әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы саласын қамтамасыз ету, өзін - өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін - өзі тануға, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан - жақты мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
Жалпы орта білім берудің міндеттері:
oo негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге және білім алуды жалғастыруға қажетті жағдайлар жасау;
oo даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы жеке тұлғаның иетеллектін байыту;
oo азаматтық пен патриотизмге, өз отанын сүюге, халықтық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу;
oo оқыту, білімді ақпараттандыру технологияларын және халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуды қамтамасыз ету.
12 жылдық мектептің құрылымы.
12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы туралы, мектепке білім берудің кезеңдері туралы мәселе туындайды.
Қазақстан жағдайында жалпыорта білім берудің ең қолайлы және оңтайлы құрылымы 4+6+2 болып табылады.
Ұсынылып отырған жалпы орта білім берудің 4+6+2 құрылымы көрсетілген жастық даму кезеңдеріне толығымен сәйкес келеді.
12 жылдық орта білім беру үш сатыдан тұрады:
1 саты - жалпы бастауыш білім беру (1-4 сынып)
2 саты - негізгі орта білім беру (5-10 сынып)
3 - саты жалпы орта білім беру (11-12 сынып).
12 жылдық орта білім берудің мазмұны.
Білім беру мазмұны мен құрылымы тұжырымдамасының негізінде 12 жылдық мектепте базистік оқу жоспары, жекелеген білім салаларының тұжымрымдамалары, оқу бағдарламалары және пән оқулықтары жасалды.
Білім беру мазмұнын қылыптастырудың негізгі үш деңгейін бөліп айтуға болады, олар: жалпы теориялық түсінік деңгейі, оқу материалының деңгейі.
Жалпы орта білім беру практикасында оқу жоспарының бірнеше түрі: базистік, типтік және мектептің оқу жоспары орындалады.
Базистік оқу жоспары - бұл негізгі мемлекеттік нормативтік құжат, білім берудің осы саласындағы мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі болыптабылады. Ол типтік және жұмыстық оқу жоспарларының негізгі және мектепті қаржыландырудың басты құжаты ретінде қызмет етеді.
Типтік оқу жоспарлары ұсынымдық сипатқа ие. Олар мемлекеттік базистік оқу жоспарының негізінде жасалады.
Жалпы білім беретін орта мектептің оқу жоспары базистік оқу жоспарының нормативтерін сақтай отырып жасалады. Мектептің оқу жоспарының екі түрі болады:
1) мектептің өз оқу жоспары, ол мемлекеттік базистік оқу жоспарының негізінде ұзақ мерзімге жасалады да, нақты бір мектептің ерекшеліктерін көрсетеді.
2) Жұмыстық оқу жоспары, ағымдағы жайларды ескере отырып жасалады да, жыл сайын мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Жалпы білім беретін орта мектептің базистік оқу жоспары негізгі
сабақтастық принциптерін жүзеге асыру болып табылады.
12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар.
1 - фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі.
Қазіргі мектеп білім берудің тұлғалық - бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы - оқушыларға техникалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңістігін құру.
Оқушыларды жоғарғы мектеп жүйесінде білім алуға даярлау арқылы, не белгілі бір кәсіпті анықтау арқылы, жалпы орта білім алу формаларын таңдау мақсатында доғарғы буынды оқытуды бағдарландыру мен бүкіләлемдік беталыстарды ескере отырып, арнайы ұйымдастырушылық, әдістемелік жағынан жағдай туғызылуы қажет.
2 фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау.
Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғарғы сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін орындайды.
ҚР денсаулық сақтау агенттігінің деректері бойынша, республткада 2 миллион астам бала (66%) әртүрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүшелерінің, көз (алыстан жақсы көрмеу), ас қорыту, жүйке - психикалық, тірек - қозғалыс аппаратттарының зақымдануы сияқты т.б. аурулары ондаған есеге дейін артып отыр.
12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесінің нормаларын қатаң сақтау және оқу жоспары жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларыны, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріәне мүмкіндік жасайды.
3 фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.
Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру еңбек рыногының қажеттіліктеріне, оқытудың практикалық бағытына, еңбек етуге бағдыландыруына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды.
Тек, 2000 - 2001 оқу жылының басына дейін ғана жалпы білім беретін мектептердің 58182 түлектері еңбекпен қамтамасыз етілмей отыр.
12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мектептен кейін көпшілік оқушылар кәсіптік мектептерінде (лицейлер) немесе кәсіптік колледждерде оқиды. Кәсіптік мектеп (11-12 сыныптар) оқушылардың еңбек рыногына, өз кәпістеріне бейімделулеріне жағдай туғызады. Жоғары сынып оқушыларын пәндерді кәсіби тұрғыда тереңдете оқыту олардың жоғары оқу орындарына түсіп, оқуларына сапалы даярлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жасайды.
Сонымен 12 жылдық мектеп оқушылардың әлеуметтік дамуына, болашақ мамандықтары бойынша қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбек рыногына бейімделулеріне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына септеседі.
4 фактор. Оқу сапасын арттыру.
12 жылдық білім беруге көшу ең алдымен оқушылардыңкүнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарыныңталаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей кепілдік беретін тиімді тепе - теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асады. Деңгейлеп, саралап оқытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың қызығушықтарын, қажеттіліктерін, жеке ерекшеліктерін ескеру негізде қалыптасатын дәлелді оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады.
5 фактор.Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс - тәжірибелер.
Европа кеңесі декларациясында (1992ж) сәйкес 12 жылдық оқу мерзімінде білім беру халықаралық іс - тәжірибе ретінде әлемнің 216 мемлекетінде жүргізілуде. 12 жылдық білім жүйесі ҚР - ның өтуі бәсекелесе алатындай түлектерді дайындауды, шетелдерде біздің аттестаттарымыздың танылуы қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюіне, Қазақстандық мектеп түлектерінің мемлекетаралық білім жобаларына белсенді қатысуларына мүмкіндік туғызады.
12 жыддық мектепке көщу жағдайында оның құрылымы туралы, мектепте білім берудің кезеңдері туралы мәселе туындайды.
Қазақстанның жағдайында жалпы орта білім берудің ең қолайлы және оңтайлы құрылымы 4+6+2 болып табылады.
Бізідің елімізде және басқа да көптеген елдердегі дәстүрлі жалпы орта білім беретін мектен үш сатылы негізде құрылған: бастауыш, негізгі және толық. Жалпы білім беретін орта мектептің әрбір сатысының ортақ міндеттерді шешуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзіндік функциялары бар. Олар ең алдымен базалық оқу курстарының жиынынан және базалық негіз бен оқушылар тңдаған сабақтардың арақатынасынан көрініс табады.

1. Бейімді - бағдарлы оқытудың ұстанымдары.
Қазақстан Республикасының қабылдап отырған өндірістік - инновациялық дамуыдағы мемлекеттік бағдарламасы 2003 - 2015 жылдар аралығында шикізаттан кластерлік экономикаға өтудің ең маңызды бағыттары : туризм , мұнайгаз машинақұрастыру , тамақ және тоқыма өндірісі , көлік және тұрмыстық қызмет көрсету , металлургия мен құрылыс материалдары. Міне , осылар еліміздің шикізаттық емес экономикасын ұзақ мерезімге мамандандыруды айқындап береді.
Қазақстанның білім беру жүйесін жеделдете модернизациялаудың қажеттілігі болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми өндіріске қажет мамандарды даярлауға қатысты, жалпы алғанда орта буынның жоғарғы білікті аса қат қызметкерлерін , ең керекті мамандарды даярлауға қатысты. ( 2005 жылғы елбасы жолдауында: Қазақстан дамудың жеделдетілген экономикалық , әлкуметтік және саяси модернизациясының жолында тұр). Қазақстанның алдына әлемнің дамыған елу елінің қатарына ену мақсаты қойылып отыр ( Н.Назарбаев , 2006)
Осылайша , Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі Қазақстан дамуы қалап отырған маман дайындаудың сұранысына жауап беруі шарт. Өйткені , нарықтық экономикалық қатынас маман дайындауды мектеп қабырғасынан бастауды талап етеді.
Міне тап осындай Қазақстандағы білім беруді модернизациялаудың бір бағыты - мектепті бейімдендіру болып табылады. Жалпы білім берудің жоғарғы сатысындағы бейімдендіре оқытудың ғылыми - теориялық , ғылыми - әдістемелік жоблауын жасау оқушы тұлғасының қалауы мен бейіміне орай өмір салтымен , кәсіп түрін таңдай алуына жағдай жасайды.
Бейіндендіру - бастауыш , орта және жоғарғы кәсіби білім берудің жалғастылығын қамтамасыз етіп , бітіруші түлектің өзінің кәсібіне орай жоғарғы оқу орнына түсуін қамтамасыз етеді.
Бейіндендіру міндеті - мектептегі әрбір оқушының назардан қалыс қалмай өзінің неге қабілеті , шамасы бар екенін аңдату. Бейінділік жас өсірімнің өзіне лайық дербес қабілетін ашуға көмектеседі.( 23.01.2004 ж. №4 ПИЭР семинарының материалдарынан)
Бейіндендіре оқыту - оқытудың дербестендірлуі мен әр тектенділендіруі , білімін жалғастыруға тілек еткен жас өсірімнің қабілеті мен бейіміне орай оқу үдерісінің мазмұнын , сипатын құрылымын өзгерту арқылы жаңа тұрпаттағы білім беру жолы. Ол жол біреу ғана емес , әр қилы , әр текті болып келеді. Мысалға , жеке мектепте бөліп оқыту. Бұндай бөлініс - тұлғалық - бағдардылы оқу үдерісін жүзеге асырудағы бөлшектеп оқытуға бағыт ұстанған. Оқушы нені оқып , нені тыңдаңдау керек екендігін өзі шеше алады.
Еліміздегі жоғарғы буында негізгі жалпы білім беруден бейінді оқытуға көшу жалпы жүйе бойынша дамыған әлем елдеріндегі білім беру жүйесіне еш қайшылық келтірмейді. Бұндай бағдар ұстану әлем елдерінде индустриялық қоғамнан постиндустриялық қоғамға немесе ақпараттық қоғамға өту барысында орын алады. Индустриялық қоғам еңбекке жарамды жұрты қоғамдық жұмысқа жегуге жегуді қажет еткендіктен , ондағы жоғарғы білімді қауымның үлес салмағы мардымсыз болып келеді. Сол себепті де , ондағы жоғарғы білім элитарлық сипатқа ие болып табылады. Постиндустриалды қоғамда мұншама көп еңбек күші қажет емес. Ең маңызды фактор шаруашылық жүргізудің өндірістік , әлеуметтік , саяси , экономикалық , экологиялық т.т. жағдайына байлаулы болып келеді. Постиндустриалды қоғам - жұмыскердің санына емес , олардың кәсіби біліктілігіне мұқтаж. Постиндустриалды қоғамға бірінші кезекте жұмысшы емес , оның қабілеттілігі керек.
Бұрынғы жалпы білім беру тек жаппай сипатқа ғана ие болса , ендігі жерде оның орнына келген кәсіби білім беру соған қосымша болып келетін аға буын үстемесі болып табылады. бейінділік оқыту - тұлғалық - бағдардылы оқу үдерісін жүзеге асыруға бағыт ұстанған. Сол себепті де , оқушының өзі үшін өте - мөте мәнді дербес білім түрін ала алуын қамтамасыз ете алады. Бейінді білім алуға көшу төмендегідей негізгі мақсатарды ұстанады :
Толық жалпы білім беру бағдарламасындағы жеке пәндердің тереңдетіліп оқылуын қамтамасыз ете алады ;
Терең де , икемді оқушыны оқытудың дербес білім беру бағдарламасын түзуде жоғарғы сынып шәкірттерінің әр текті білім ала білуіне жағдай жасайды ;
Оқушының дербес қабілеті мен бейіміне сай келетін түрлі сипаттағы толыққанды білім беуді жолға қояды ;
Білім алушының мүмкіндігін әлеуметтендіріп , жалпы білім алу мен бейінді білім алу арасындағы жалғастықты орнықтыру , соның негізінде , мектеп қабырғасынан болашақ ЖОО білім ала алуының негізін қалыптастыру ;
Бейінділік алды дайындығы оқушыдан өз білімін жалғастырудың : КТК жалпы білім алудың толық курсынан өтудің немесе 10 - 12 сыныптардағы белгілі бір ЖОО - ына бағдар ұстана оқыту үрдісінің қасысын қалайтынын шешіп алуды ұсынады.
Оқушының өз бетімен емес , не әке - шешесінің , не жора - жорлдастарының кеңесімен , не болмаса , кездейсоқ жағдайларға байланысты бейінділік таңдау жасауы орыны толмас өкінішке бастап алып келеді. Осының кесірінен талантты биолог немесе психолог , орташа деңгейдегі физик пен математикке айналып шыға келеді.
Осы факті көрсетіп тұрғандай , оқушының өз таңдауын жасауы қазақ мектептері үшін мүлде жаңа құбылыс болып табылады. сол себепті таңдау ешқашанда қалай болса , солай жасалмауы керек. әбден ойластырылып барып жасалынғаны ләзім. Сондықтан да , бейінділік алды дайындығы жан - жақты ақпараттық қолдауға ие болып отыруы керек. Бейінділік сыныптарындағы дербестендіру принциптері төмендегідей болып ұсынылады :
* Білім беру амал - тәсілдерін ұзақ уақыт қолдана отырып , жоғары сыныпта оқып жүрген оқушыға өз таңдауын жасай алуға мұрсат беру ;
* Оқушыларға бейінділік бағытын білім алудың кез келген кезеңінде ауыстыра алуына жағдай жасау ;
* Өзінің жанұялық (әлеуметтік ) жағдайын ескере отырып , негізгі , таңдаулық және бейінділік білім алуының мақсаты мен міндетін айқындап , айқындалған қабілеті мен мүмкіндігі негізінде өмірлік кәсіби жоспарын құрып , таңдауын дұрыс жасай білуіне қол ұшын беру .
Бұл ыңғайда мұғалім негізгі концептуальды құжаттарды басшылыққа алады :
Жалпы білім берудің Мемстандарты туралы ереже (1996 ж.)
ҚР жалпы білім беретін мектептердің даму концепциясы (1996 ж.)
ҚР жалпы білім беретін мектептердің базистік оқу жоспары (14 сәуірдегі 1994 ж. №156 бұйрығымен бекітілген).

2.Бейімді - бағдарлы оқытудың мақсаттары, міндеттері.
"Бағдарлы оқыту" және "кәсіптік білім беру" ұғымдарын шатастыруға болмайды. Бағдарлы оқыту - бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі. Ал кәсіптік білім беру деп жеке тұлғаның , қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін, нәтижесінде азамат сәйкес құжатпен куәландырылған нақты кәсіби мамандық алатын оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты процесін түсінеді.
Бағдарлы оқытуды енгізудің мақсаты - жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.
Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті бағдарлардың икемді жүйесін жасауға және мектептің жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін мекемелермен үйлестіруге келіп саяды. Сонымен бірге бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етуі қажет:
- жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;
- білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау;
- жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.
Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкіндіктері, ата-аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерін оқытатын мұғалімдердің пікірлері, әдістемелік бірлестік ұсыныстары, болжау мәліметтері, тестілеу нәтижелері ескеріле отырып құрылады. Ол оқушыларға негізгі назарды болашақ кәсіби білімнің таңдалып алынған бағдарының негізін құрайтын пәндерді оқуға аударуға мүмкіндік береді.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үшін білім беретін мекеме, ең әуелі, бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың нақты жағдай үшін неғұрлым тиімді үлгісін таңдап алуы қажет[4].
Қазақстан Реслубликасы мектептерінің жоғары сатысы 2006-07 оқу жылынан бастап бейімді-бағдарлы оқыту жүйесіне көше бастады. 2006-07 оқу жылында 10 сыныпта отырған оқушылар бірінші рет жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық сыныптарға бөлінді. Бірақ, осы бөліну немесе бөлу (көбінесе бөлу) сауатты, оқушы мүддесіне сай жүргізілді ме? Бұған нық сеніммен оң жауап бере алмайды.
Жалпы, жаратылыстану-математикалық сынып осы және тек осы бағыттағы, мазмұндағы мамандықтар бойынша окушыларды жоғары оқу орындарына дайындайтын сыныптар болу керек. Сол себепті, мұндай сыныптарда математика, физика, химия, биология, география, информатика пәндері қоғамдық-гуманитарлық сыныптарға қарағанда тереңдетіліп оқытылады. (Осы сияқты қоғамдық-гумамитарлық сыныптардың да өзіндік мақсат-міндеттері және соған байланысты мазмұны бар).
Қазіргі кезде осы жағдайды айқындау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда қоғамдық-гуманитарлық сыныптарда отырған оқушылардың 60-70 пайызы техникалық (жаратылыстану-математикалық бағыттағы) ЖОО барғысы келсе, жаратылыстану-математикалық сыныптарда отырған оқушылардың 10-15 пайызы гу-манитарлық ЖОО барғысы келетіні белгілі болып отыр. Мұндағы екінші жағдайға қандайда деңгейде төзуге болатын болса, бірінші жағдай жайлы біздің үлкен кемшіліктер жіберіп алғанымызды байқамауға болмайды. Және, мұндағы ең өкінішті жағдай оқушы мүддесі, оның қызығушылық бағыты, оқушы арманы мен оқыту мазмұнының үйлеспеуі дер едік.Осындай жағдайларға байланысты ҚР Білім және Ғылым министрі педагогтардың 2006 жылғы тамыз мәслихатында айтқанындай әр мектепте бағдаралды мәселелермен айналысатын маман болу керек .
Бейімді-бағдарлы оқыту мәселесімен қазіргі кезде негізінен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы ғалымдары (М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова, К.Ө.Құнақова, Д.М.Қазақбаева, Ш.Ш.Қарбаева, У.Қ.Тоқбергенова, Т.Ә.Әлдібаева айналысуда. Осы жолдардың авторлары сияқты өз ынтасы, белсенділігі арқасында азды-көпті зерттеу жүргізіп жүрген ғалым-педагогтар ғана бар және мұндай ауқымды мәселені методологиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан зерделеуге бұл күштің аздық ететіні сөзсіз.
Сол себепті, бұл бағыттағы зерттеу жұмысына педагогикалық бағыттағы университет, институт ғалымдары ат салысу керек. Және де солардың күшімен бейімді-бағдарлы оқытудың педагогикалық, психологиялық және әдістемелік жақтары жайлы студенттерге арнаулы курс оқылуы керек[5].
Жалпы бейімді-бағдарлы оқыту Қазақстан педагогтары үшін жаңа мәселе. Сондықтан бұл жайлы көптеген білім саласы қызметкерлерінің білім деңгеңлері ойдағыдай емес. Сондықтан, бейімді-бағдарлы оқыту жайлы алдыңғы қателіктерді қайталамас үшін республикалық, облыстық, қалалык, деңгейлердегі білім жетілдіру иниституттары өз жоспарларына тез арада өзгерістер енгізіп, елу пайыз курстарының мазмұнын бейімді-бағдарлы оқытуға лайықтау керек және оларды жаңа оқу жылына дейін өткізу қажет деп есептеді.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ауқымында Қазақстан Республикасы мектептерінің жоғарғы сатысын -бейімді-бағдарлы оқытуға көшірумен айналысатын құзыретті құрылым құрылуы керек. Бұл құрылым шешетін мәселе ұшан-теңіз. Сондықтан онда сауатты, бейінді мектептің ғылыми-методологиялық негізін түсінетін, өзіндік ойы, пікірі бар мемлекеттік деңгейінде шешім қабылдауға, оған жауап беруге батылы жететін адамдар отыруы керек.
Бейімді-бағдарлы оқытудың мақсаты : бағдаралды дайындықтың мәні сәйкес психалогиялық-педагогикалық диагностиканы іске асырып, ақпарат жұмыстарын жүргізу және бағдаралды таңдау курстар ұйымдастыру арқылы негізгі мектеп оқушысының орнын белгілеуіне ықпал жасайтын білім беру кеңістігін құру .

3.Бағдарлы оқытуда таңдау курстарының орны.
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдайаттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүтейді. Бұл жағдайда жалпы білім беру мақсаты көп міндетті компетенциялармен (құзырлармен) шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып табылады. Жоғары сыныптардағы бағдарлы саралау осы міндетті жүзеге асыруға бағытталады.
Бағдарлы оқыту жалпы білім берудің жоғары сатысындағы оқушылардың дара білім алу бағыттарын жүзеге асырудың негізгі тәсілі ретінде қарастырылады. Педагогикалық-психолсгиялық әдебиеттерде білім мазмұнын бағдарлы саралаудың мәні "оқушылардың орнықты мүддесі, қабілетілігі, бейімділігі аясында олардың осы қасиеттерін таңдап алған бағыттарында мүмкіндігінше дамыту мақсатымен мамандыққа бағыттау болып табылады" деп берілген.
Соңғы жылдары еліміздің көптеген мектептерінде физика-матемакалық, гуманитарлық, техникалық, химия-биологияяық және т.б. бағдарлы сыныптар ұйымдастырылып, гимназиялар, лицейлер, колледждер және авторлық мектептер ашылуда. Мұндай сынаптардың көпшілігі нақты жоғары оқу орнына түсуге дайындыққа бағытталған. Олардағы пәндер бағдарламалары жоғары оқу орнының талаптарын ескере отырып құрылады. Алайда мұндай оқыту жалпы білім беретін мектептің басты мақсаттарына, тұлғаның даралығын ашу негізінде оны дамытуға, әрбір оқушының тұлға ретінде өзінің қажеттілігі мен мүмкіндігін іс жүзінде көрсету үшін қажетті психологиялық-педагогикалық жағдайлар туғызады .
Пәнді тереңдетіп оқытуға арналған арнайы мектептерге қарағанда бағдарлы оқыту барлық оқушылар үшін ұйымдастырылады және олардың мүдделері, бейімділіктері,өмірлік жоспарларына байланысты саралануы және оқу мүмкіндіктері өзін-өзі анықтауы ретінде көрініс табуы тиіс. Сондықтан оқу бағдарламаларын құрастыру кезінде тек білім беру стандартына ғана емес, оқушылардың таяу даму аймағына да бағдарлануы қажет. Кейбір мектептерде бағдарлы саралау қабілеттілік және қабілетсіздік бойынша жүргізіледі, оқушылар тестілеу, қабылдауға арналған бақылау жұмыстары, әңгіме жүргізу негізінде қандай да бір бағдарлы сыныпқа анықталады. Дегенмен, қабілеттілік немесе оқудағы жетістіктер динамикалық, бірқалыпсыз түрде көрініс табуы мүмкін. Қабілеттіліктің ертерек байқалуы, содан кейін тез-ақ сөнуі немесе керісінше, кейбір оқушылардың есейе келе бұрын байқалмаған алғырлығы пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайда оқушылардың қандай да бір топқа жатуы күмән туғызады. Сонымен қатар оқушыларды бағдарламалық материалды игеруі бойынша күшті, орташа, нашар оқушы деп бөліп, үлгерімі негізінде бағдарлы сыныптарды ұйымдастыру әр топ үшін оқшауланған біртекті мектеп ортасын құруға әкелуі мүмкін[8].
Оқушылардың өздері оқу бағытын демократиялық анықтау жағдайындағы нақты тәжірибеде оқу бағдарын кездейсоқ (ата-аналарының талабы, жолдастарымен бірге болуға талпыныс ,беделді жоғары оқу орнына түсуге бағытталуы және т.б.) таңдап алатын жағдайлар кездеседі.
Оқушылардың оқуға қызығулары орнықты емес. Кейбір оқушылар оларды бағдарлы сыныптарға қабылдауы кезінде, жалпы алғанда, өздерінін, ниеттерін байқатқандықтарымен (таңдап алынған пәндік білім саласында жақсы дайындығы болуы) ары қарай бұл сыныпта оқу барысында қанағатанбаушылық, оқу жүктемесінің артуын сезінуі нәтижесінде оқу бағытын ауыстыруға ниет білдіреді.
Бұл оқушылардың оқу мүдделерінің орнықты еместігін және өзгермелі екедігін көрсетеді, тек уақыт пен педагогикалық жағдайлар ғана олардың орнықтылығын тексеруге мүмкіндік туғызады. Осы тұрғыда білім мазмұнын бағдарлы саралауды ұйымдастырудың оңтайлы жолдары мен түрлерін жүзеге асыру орынды болмақ. Мысалы, негізгі мектептің 7-9 сыныптарында базистік оқу жоспарында көрсетілген вариативті бөлік есебінен таңдау курстарын жүргізу орынды болады. Бағдар алды сатыда бағдар таңдау курстарын ұйымдастыруға ынталандыру мақсатында негізгі мектепті бітіретін оқушы жоғары сатыда бағдарлы деңгейде оқитын пәндері бойынша емтихан тапсыруы тиіс. Бағдар алды сатыдағы бағдар таңдау модулдік курстарының аяқталғандық сипаты болуы және 5-6 пән бойынша ұйымдастырылуы олардың қысқа мерзімді әрі алмасып отыратын сипаты болуы мүмкін. Бұл курстар оқушыға таңдап алған бағдардағы сынып жұмысының мазмұны мен түр-пішінімен танысуға мүмкіндік береді және ол өзі үшін осы сыныпта оқу материалын өтудің берілген қарқында оқи алатынын немесе оқи алмайтынын анықтай алады. Себебі, оқу бағытьн кездейсоқ таңдап алған көптеген оқушылардың бұл сыныпта оқуы кезінде оқуға деген ынтасының төмендеуі білім негіздерін меңгеруде қиналуы, өзінің танымдық мүмкіндіктеріне сенбеуі мүмкін. Жалпы алғанда бағдарлы сыныптарға қабылдау конкурстық негізде де жүргізілуі мүмкін.
Бағдар алды сыныптарда таңдау курстарды өткізудің де рәлі зор. Мұндай курстар, мысалы, химиядан таңдау курс өткізу оқушылардың қызығуын артыруға, ары қарай білімін жалғастыруға білімдік база жасауға, оқушыларды іс-әрекеттік біліктіліктерге үйретуге, оқу және пәндік іс-әрекеттің әр түрлі формаларында өзін көрсете білуге мүмкіндік туғызады. Іс-әрекеттік негіз бұл курстардың ерекшелігі болып табылады. Бұл жағдайда оқушылардың бағдарламалық және қосымша білімдерді белсенді, саналы игеруі және қажетті компетенциялармен қалыптасуы жүзеге асады[9].
Бағдарлы саралау оқушылардың өздерінің танымдық қызығуларына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандайда бір оқыту әдістерінің,түрлерінің және тәсілдерінің басымдық рөлі, оқушылар мен муғалімнің өзара қарым-қатынас стилі өзгереді және т.с.с.
Білім мазмұнын бағдарлы саралаудың негізгі критерийлерінің біріне мектепте білім берудің негізін құрайтын ғылым негіздері зерделенетін пәндерді саралауға "пәндік" тұрғыдан қарау жатада. Бұл жағдайда оқыту бағдарына қарай нақты оқу пәні түрлі міндеттерді атқара алады:
- жалпы мәдениеттің негізін қалауы;
- оқушылардың арнайы дайындығьндағы негізгі пән бола алуы;
- басқа білім салаларымен қарулану үшін қажетті құрал ретінде көрініс табуы.
Әдетте қандай да бір пәнді зерделеуге немесе қандай да бір іс-әрекет түрімен айналысуға қабілеттілік пен қызығу, көбінесе, сәйкес келеді, өйткені әдетте бейімділік, ықылас және қызығу кәсіпті таңдау үшін ішкі негіздер болып табылады. Оқушылардың көбісі өзінің болашақ өмірін зерделенетін саладағы жұмыспен байланыстырады. Мысалы: химияны зерделеуге қабілетті оқушы осы пәнді қызыға оқып, өзінің болашақ мамандығын осы ғылым саласындағы қызметпен байланыстырады.
Оқушылар есейген сайыи олардың мүдесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығушылық пен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады және тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығу танытпаған оқушылар кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны жиі өзгертеді. Педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби ниет пен пәнге деген қызығу арасындағы ешкандай байланыс байқалмайтындығын, ал 14 жастан бастап кәсіпті таңдау нақты оқу пәніне деген қызығумен айқын байланыса бастайтындығын көрсетеді [10].

4.Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру және түрлері.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп нақты жағдайларда бағдарлы оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде мыналарды атауға болады:
- бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісі;
- бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі:
- ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру
- әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру.
Ұйымдастыру үлгілерінің түрліше болуы бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың типтері мен формаларын үйлестірудің алуан түрлі болуынан туындайды.
Мектептің бағдарлау үлгісін тандау кезінде мыналар ескерілуі қажет:
- оқушылар мен олардың ата-аналарының тарапынан жеке пәндер бойынша көтеріңкі деңгейде білім алуға әлеуметтік сұраныстың болуы;
- таңдалып алынған бағдар бойынша жоғары оқу орындарында немесе орта арнайы оқу орындарында білімін жалғастыруға талпынысы;
- мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі;
- жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары, қабілеті мен бейімділігі;
- сынып оқушыларының көпшілігінің таңдалып алынатын мамандану пәндері бойынша нақты дайындық дәрежесі;
- бағдарлы оқытуды жүзеге асыратын жетік пән мұғалімдерінің болуы;
- мектептің материалдық-техникалық базасы,
1. Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп бағдарлы оқытуды беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бір бағдарлы немесе көпбағдарлы болуы мүмкін.
Бірбағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдык-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. Көпбағдарлы білім беретін мекеме оқытудың бірнеше бағдарын, мысалы, жаратылыстану-математикалық және қоғамдык-гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің кай-қайсысының да артықшылығымен қатар кемшіліктері де болатынын ескерген жөн. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың бірбағдарлы түрінің артықшылығы мыналар:
- мектеп педагогикалық ұжымының бір бағдар шеңберіндегі мақсатты жұмысы;
- берілген бағдар бойынша материалдық-техникалық қорларды шоғырландыру;
- мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Ал кемшіліктері ретінде мыналарды атауға болады:
- оқушылардың қызығушылықтарының үйлеспеуі, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі нақты оқу орнына түсуге бағдарларының әртүрлі болуы;
- біркомплектілі мектептерге бағдарлы оқытуды енгізу бойынша ұйымдастырушылық шешімдердің болмауы;
- оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескермей оларды біржақты дайыидау, білім алушыларды бір бағдар ішінде теңдестіру.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың көпбағдарлы түрінің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады:
- оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығушылығы мен сұраныстары ескеріледі;
- тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады;
- оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуге мүмкіндігі болады.
Ал кемшіліктеріне келетін болсақ, олар төмендегідей:
- оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі мүмкін.
- оқушылардың жаңа интеллектуалдық ортаға көшуіне байланысты алаңдаушылығы мен үрейі артады.
- қаржыландыруда түрлі қиындықтар кездеседі.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың осы үлгісін енгізу кезінде жалпы білім беретін мектептер нақты бағдарға бағытталады және сонымен қатар оқушыларға белгілі бір бағдарлы пәндердің, қолданбалы немесе таңдау курстарының санын елеулі арттыру есебінен өздерінің жеке бағдарлы білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мектепішілік бағдарлау үлгісін жүзеге асыру қала жағдайында қолайлы. Шағын қала жағдайында бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі, яғни ресурстық орталық базасында немесе әлеуметтік серіктестік негізінде оқыту үлгісі жүзеге асырылуы мүмкін.
Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық базасында және әлеуметтік серіктестік негізінде жүзеге асыру білім беру кеңістігін қалыптастыру мақсатымен басқа да білім беру ұйымдарының білім беру қорларын мақсатты және ұйымдасқан түрде тартуды (жұмылдыруды) көздейді. Бұл білім беру үрдісіне қатысушылардың барлық талап-тілектерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлы оқытуды ресурстық орталық негізіндө ұйымдастыру кезінде жалпы орта білім беретін бірнеше мектеп материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, неғұрлым күшті бір ғана жалпы білім беретін мекеме - "ресурстық орталық" төңірегіне шоғырланады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал ресурстық орталық бағдарлы жалпы білім беретін курстарды жүзеге асырады.
"Ресурстық орталық" үлгісінің артықшылығы сол, онда білім беретін мекемелердің әрқайсысының кадрлық немесе мәтериалдық-техникалық әлеуеті жеткіліксіз және оқушылар саны аз болған жағдайда да оқушылар бағдарлы дайындық курстарын таңдау толықтығын жүзеге асыра алады.
Ал кемшіліктері мыналар:
- ұйымдастырудың күрделілігі,
- мұқият үйлестірудің қажеттілігі,
- оқушыларға педагогикалық жетекшілік жасау шығындарының артуы.
Бағдарлы оқытуды әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру кезінде білім беретін түрлі типтегі мекемелер -мектептің әлеуметтік серіктестері торабы шеңберінде бағдарлы дайындық беріледі. Торап шеңберінде бағдарлы курстар мен таңдау курстарын мектептің әлеуметтік серіктестері, яғни шағын (кішігірім қалада немесе ірі қаланың бір ауданында) жинақы орналасқан білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің әртүрлі типтері мен түрлері ұсынады [11].
Бұл жағдайда жалпы білім беретін мектеп базалық жалпы білім беретін оқу курстарын, ал мектептің әлеуметтік серіктестері:
- бағдарлы жалпы білім беретін курстарды;
- тәжірибеден өткізуді;
- жобалық және зерттеу жұмыстарын;
- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды жүзеге асырады,
"Әлеуметтік серіктестік" үлгісінің артықшылығы ретінде мыналарды:
- білім беру бағдарламаларының көп нұсқалылығының артуын,
- оқушылардың таңдау мүмкіндігінің артуын,
- серіктестер арасында тікелей байланыстың болуын атауға болады.
Кемшіліктері мыналар:
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- қаржымөн қамтамасыз етудің күрделілігі;
- оқушылардың таңдау курстарын игергендігін мониторингілеудің
күрделігі [2].

5. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің жолдары.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең актуальды проблема болып саналады. Кәсіптік бағдар берудің басты өлшемдерін, негізгі жұмыс бағыттарын айқындау, ол бойынша кеңестер кұру - басты міндет. Олай болса, кәсіптік бағдардың мазмұнын, мақсатын анықтайтын оның тиімді жолдарын, формаларын жасау аса қажетті мәселе. Екіншіден, оқушыға мамандық тандаудағы кәсіптік бағдар берудің жүйелі тұжырымдамасын жасау керек. Мектеп бітірер алдында оқушының саналы түрде кәсіптік мамандықты дұрыс таңдауы оның бүкіл келешектегі өміріне үлкен әсерін қалдырады. Сондай-ақ өмірдегі өз орнын табуына бірден-бір себеп бола алады. Осыларға негізделе отырып, кәсіпттік бағдардың тиімді көрсеткіштері анықталады. Еңбек етудің мазмұны мен жағдайын, жолдарын білмей тұрып, оқушы өзінің таңдаған мамандығын меңгере алмайды[12].
Мамандық таңдауға үй-іші, отбасының қарым-қатынасы, әсері, бағыт беруі, ата-ананың үлгілі еңбек жолдары, еңбек адамдарының жақсы тәжірибелері, оқушының әр түрлі еңбекке деген көзкарасы, қабілеті, ынтасы, қызығушылығы, жігері, зейіні де үлкен әсер етеді.
Қазіргі кезде нарықтық қатынас жағдайында жастарды мамандық алуға даярлаудың негізгі бағытында аймақтың экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымының ықтимал өзгерістерін есепке алып анықтаудың үлкен маңызы бар.
Облыста жинақталған аналитакалық материалдарды пайдалана отырып, кәсіптік бағдар жүйесін үйымдастыру мақсатында арнайы "Кәсіптік бағдар" орталығы ашылды.
Алайда қазіргі нарықтық жағдайда отбасы, педагогикалық ұжым, жұртшылық бұл іске жаңаша тәрбиеленуі, жұмыс істеулері қажет. Көпшілікті ұйымдастыру оқушыларды, сондай-ақ, жауапты адамдарды баулу, ғылыми материалдарды бір жүйеге келтіру көп еңбек етуді талап етеді. Мұндай жаңа бастама республиканың нарықтық-экономикалық жағдайын, оқушыдардың еңбек тәрбиесін, ауыл мен селоның демографиялық халін дамытуға мүмкіндік жасар еді.
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу үшін барлық педагогакалық күш-жігерді жеке басты қалыптастыруға, оған жасалатын ықпалдардың баршасын біртұтас жүйеге келтіруге жұмсап, идеялық-саяси және еңбек тәрбиесінің бірлігін жүзеге асыруымыз керек. Оқушыларға берілетін еңбек тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін, мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтағанда, тәрбие мәселесін комплексті шешу басты да шешуші орын алуға тиіс[13].
Мектептегі білім мазмұнын түпкілікіті жаңарту бағытарында, тұжырымдамалар мен бағдарламаларда халық шаруашылығының барлық салаларын, әсіресе, мектептегі еңбек пәнінің мазмұнын ғылым мен техниканың ең озық шептеріне шығаруға, еңбек өнімділігінің түбегейлі
арттырылуына, өнімнің дүниежүзілік тандаулы үлгілер деңгейінде шығарылуын қамтамасыз етуге жету мақсаты қойьльп отыр. Осының бәрі дербес өмір жолын бастаған жас адамнан - жұмысшыдан, техниктен, бизнесмендердер, менеджменттер, т.б. тәрбиелеумен қатар, өндірістің, нарықтық экономиканың негіздерін терең білуді, еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасты талап ететіні атап көрсетіліп отыр.
Шынында да, оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, практикалық білім, білік дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздің ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени дамуынан болып отырған жағдай.Халық шаруашылығының жай-күйі көбіне көп ғылым мен техника жаңалықтарының тиімді пайдалануына, еңбек өнімінің артуына тәуелді. Көптеген өндіріс салалары мен кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық дамуының комплексті жоспарларында кадрлардың жалпы білім даярлығы еңбек өнімділігін көтерудің аса маңызды шарты есебінде қаралуы кездейсоқ нәрсе емес. Бұл міндеттерді табысты шешу қазіргі заман маманының білімі мен қабілетінің, кәсіптік шеберлігінің деңгейіне тығыз байланысты. Жастарды оқытуға, оларға кәсіптік бағдар беруге, кадрларды жан-жақты даярлауға айрықша көңіл бөлінуі де осында деп білеміз[14].
Жалпы орта білім беру, кәсіптік-техникалық мектеп, орта кәсіптік оқу орындары түлектері өз мамандығына сай кәсіптік шеберлікті өз дәрежесінде меңгермейді. Олар бүгінгі күнгі экономикалық талаптарды, нарықтық жағдайларды шешуде дәрменсіздік танытады. Тіпті кәсіптік тапсырмаларды да шеше алмайтындары да баршылық. Әрине, бұған себеп көп. Жасыратыны жоқ, біздің мектептеріміз басты назарды оқушының жоғары үлгіріміне аударып келеді. Мұның өзі мүғалімдерді келісімпаздыққа итермеледі, сондықтан әлі күнге дейін теңестіру принципі орын алуда. Бұл фактілердің кең орын альп отырғанын 9 сыныптан кейін кәсіптік-техникалық мектептерге қабылданған оқушылардың білім деңгейлеріне талдау жасаған тексеру жұмысы көрсетіп отыр. Олардың жартысына жуығы ғана мектепте алған біліміне сәйкес қанағаттанарлық баға алса, өзгелері тапсырмаларды орындауда да қатты қиналады. Әсірссе, химиядан берілген есептерді толық шеше алмайды. Дәл осындай көрсеткіштер жоғары оқу орындары мен колледждерде де байқалып жүр. Міне, осыдан келіп квалификациялы жұмысшылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейіндік оқытудың жүйесі
12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жалпыға бірдей орта білім берудің мазмұнын жетілдіру
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал
Пәндер