Жанталдау әліппесінде негізгі психоанализ терминдері мен ұғымдарының жеңілдетілген анықтамалары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

ББК 883

Қ74

Құдиярова А. Қ 74. Жанталдау әліппесі.

-Алматы, Дарын, 2006. - 154 бет.

ISBN 9965 - 9731 - 8 - 0

Жанталдау әліппесінде негізгі психоанализ терминдері мен ұғымдарының жеңілдетілген анықтамалары берілді. Кітап өз проблемаларын, өз қарым-қатынастарын түсінгісі келген барлық адамдардың ауыр ой-қайғы мен күмәннан арылуына көмегін тигізеді.

Бұл кітап тек қана психологтар мен психотерапевттерге ғана емес, сонымен қатар студенттер мен оқушыларға, сала мамандары мен ғалымдарға, жас психоаналитиктерге арналды.

Әліппе соңында қысқаша қазақша-орысша және орысша-қазақша психоанализ сөздігі берілді. Алғашқы рет қазақ тілінде ұсынылған түсініктерге қатысты оқырмандардың ойлары мен ұсыныстарын күтудеміз.

ББК 88. 3

ISBN 9965 - 9731 - 8 - 0

Құдиярова А. М., 2006

ЖШС «Шұғыла», 2006

ӘГИ «Дарын», 2006

АЛҒЫСӨЗ

-маларыменқарым-, . . -кеңестері, өкінішкеқарай, .

Маманғакөріну - , өзөміріндегі, -қатынасындағы, ; . , , .

Психотерапия, әсіресепсихоанализ - , өйткеніоларқайғы, өкініш, , керекетпейдіде.

, .

- , олардыңуайым-.

-. Мысалы, АҚШ-тыңрейтингібойынша, , .

. -.

Аа

АГРЕССИЯ

Психологиялыққорғану механизмдерінің бірі. Фрустрацияға (қанағатсыздыққа, ызаға) себеп болған факторға қарсы емес, керісінше, фрустрацияның бұлағы деп, қате қабылданған объектіге қарсы бағытталған күштен қорғануды белгілейтін түсінік. Бұған мысал етіп ауыстыру агрессиясын алсақ, кейбір жағдайда нақты фрустраторға (жағымсыз сезімдер бұлағы) қарсы агрессияның соңы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан, агрессия басқа объектіге бағытталады. Мысалы, бастыққа қарсы наразылықты білдіру қауіпті болғандықтан, кейбір адам ашуын әйелінен, баласынан алады. Ауыстыру агрессия механизміне, егер ол фрустрацияның нағыз себепкеріне бағытталмаған болса, мойындамаушылықты, сыншылдықты, бірлесіп жұмыс атқарудан бас тартуды жатқызуға болады.

АДЛЕРДІҢ ЖЕКЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Психоанализге тән жанжыныстықты (психо-сексуальность) теріске шығарған, адамды тек әлеуметтік тірі жан деп қарастырған, А. Адлер мен З. Фрейдтің арасында қайшылық туғызған терең психологияның бағыты. Бұл бағыт негізгі маңызды орынды “Мен” елігулерінің тобына - билікке, артықшылыққа және өзін өзі нығайту ниеттеріне береді. Неврозды толыққұндылықсыз кешенін жеңуге және артықшылық сезімін күшейтуге ұмтылудың көрінісі ретінде қарастырады. Сонымен қатар невроз сырқат емес, ерекше бір мінез сияқты қарастырылған.

Адлер бойынша, неврозды емдеуде науқастың жасырын психогенезін, оның “өмір стилінің” мәнін ашу қажет, өмірдегі жалған мақсаттарын айқындау керек. Әртүрлі психопатологиялық көріністерді оларға сәйкес келетін науқастыңөмірдегі жалған мақсаттарымен салыстыру керек. Жанталдаушы невротиктің толыққұндылықсыз сезімін талдай келе, оған неғұрлым дұрыс және жетілген жолдарды көрсетуі керек. Билік пен артықшылыққа ұмтылу адам мінезінің барлықөзгешеліктерін, қылмыс-тарын, сонымен қатар психоздың клиникалық көріністеріне негіз болады.

Жеке психология көптеген әлеуметтік-саяси құбылыстарды үнемі адамға тән бақталастық және билікке күресу тұрғысынан түсіндіруге талпынады.

Адлердің жеке психологиялық психотерапия-сының негізгі құралы - психоанализ (жанталдау) . Жеке психология АҚШ-та неофрейдизмнің дамуына әсерін тигізді.

АҚША (АҚЫ)

Психоанализ пайда болғаннан бері барлық психотерапиялық мектептер емделушінің жан талдауға қосқан материалдықүлесі салмақты болуын және талдау барысында ақша маңызды құрал екенін қабылдаған.

Оқу талдауы (учебный психоанализ) барысында әрбір болашақ психоаналитик (жанталдаушы) ақшаға қатысты өз мәселелерін түсініп анықтап алуы керек. Осындай саналау негізінде ақшаға байланысты өзінің жеке жұмыс стилін қалыптастыруы керек.

Емделушілер қанша, қашан және қалай төлеуі қажет деп аса ойланудың керегі жоқ. Емделушілер келе алмаған сессияларға міндетті түрде төлеуі керек деген қатаң ереже жоқ. Жанталдаушылардың көп-шілігі бос қалған сессиялар үшін өзгеше келісім жа-сайды. Демалысқа, ауруға қатысты да солай болады. Мысалы, клиент сессияға келе алмайтынын алдын ала хабарласа, сол сессияның төлемінен босатылады.

Ең бастысы, келісімдер, бір жағынан, емделу-шінің дамуы мен өсуіне бөгет болмауы, және екінші жағынан, талдаушының көңілі толатындай болуы керек. Төлем ақы мөлшері аналитиктің емделушіге деген жасырын бейсаналық агрессиясына себеп болып анализ үрдісін тосқауылдамауы керек.

Ең маңыздысы, жас талдаушының ақша туралы анық түсінігі болуы қажет. Ақшаны жанталдау үрдісінде өз мәнін білдіретін бір кешен, сонымен қатар, талдау қарым-қатынасы немесе тасымал - керітасымал үшін мағынасы зор құбылыс ретінде қарастырған жөн.

Ақшаға қызығушылықтың бір қыры, адамның іші қатып қалып, жүрмей қалғаны сияқты, ақшаны сақтау, жинау және тығу анус фазасына жатады, анус мінезін білдіреді. Ақшаға деген ашкөзділік пен тойымсыздық көбінесе ауыз фазасымен байланысты.

Алғашқы адамзат табиғатпен тығыз байланыста болғандықтан және өзін-өзі қамтамасыз ететін қоғам құрған кездерде ақшаның керегі шамалы еді. Адамдар табиғи өмірден, қоршаған ортадан алшақтаған сайын ақшаның айырбастау құралы ретіндегі қажеттілігі арта бастады.

Ақша адамды жылдам қанағаттануды талап ететін инстинкттердің тілектерінен босатып, ауыспалы либидо символы болды. Либидо физикадағы қуаттың психикалық баламасы. Ақша - либидоныңөте ерекше мағыналы символы: ол Ұлы ана архетипімен байланысты. Бір жағынан, ол Ұлы ана архетипінің дамуды тежеп, тұншық-тыратын және бөгет жасайтын аспектісінен құтылу амалы болады. Екінші жағынан, ақшаның болуы, демек Ұлы ананың да болуы, тілекті орындауға және қанағаттандыруға, аналық дүниенің жағымды аспектісімен бірігуге мүмкіндік береді.

Мысалы, малды құрбандық ету анамен қосылу сағынышына сәйкес. Алғашқы ақша мал құрбанды-ғының орнына жүрген, өйткені, көне гректердің салмақөлшемі оболус дәл осы мақсатта қолданылған.

Мұнан әрі, бұл рәсім адамзаттың бойындағы күшті жандандыру және адамдардың тұрмыс-жағдайын экономикалық тауарларды тарату арқылы жақсарту ықыласының символы болды. Жағымсыз аналық архетиптен еркіндікке және автономияға жетелейтін либидоныңұнамды жағы жеке адамныңөзінің ішкі күшін тірілту ынтасынта тек жалпылама түрде айқындалынған.

Егер ақшаны оның архетиптік негізі тұрғы-сынан қарастырсақ, онда ол алдымен анадан ажыра-сып, кейін жанталдау барысында аналық архетипті интеграциялап қарама-қайшылықтарды біріктіру үшін қажетті, өте маңызды символ болады. Психо-анализ оболуссыз жұмыс істемейді, талдау тиімді болып тек қияли бейне мен теориялық пікір болып қалмауы үшін бұл оболус шынымен төленуі қажет.

“Ақысыз” жанталдауда (мысалы, сақтандыру мекемелері арқылы) емделушінің аты жоқ (аноним) Ұлы анамен қатынасы тоқтап қалғанда, оны осы садақа мен құрбандық еткен “оболустары” құтқарып алуы керек. Әрине, бұл әрекеттің басты мағынасы малды құрбандыққа шалу, жеті шелпек пісіріп тарқату немесе имамға, молдаларға ақша беру емес екенін ескеру қажет. Бұл садақалар тек құдайдыңөзіне ғана арналып жасалады.

Кейбір мағынада емдеуге төлем талап ету - аналитиктің жеке мүддесін қорғауға шақыратын кәдімгі капиталистік ереже. Талдаушы осыны мойындап егер емделуші ақшаны көбірек төлесе емдеу жақсы өтеді деп үміттендірмеуі керек.

Емделуші мен талдаудың жетілуі мен дамуы үшін ең керегі оболус болады. Тарихи экскурс дәлелдегендей талдаушыға қанша ақша төленгені емес, жанталдаушы мен емделушінің арасында тұрған, тек ақылмен түсініп болмайтын Ұлы анаға қатысты нәрсеге емделушініңөз материалдыққұрбандығы қажет. Мүмкін, бұл жағдай тәжірибеде көптеген “ақысыз” талдаулар да нәтижелі болатын-дығын түсіндіретін шығар. Мұндай кездерде де адамның психикасы садақа мен құрбандық жасаудың амалын тауып өнімді жұмыс атқарады.

Емделуші өзі ақша төлеген талдаулар едәуір жақсырақөткен. Егер осындай адамдар өз емделуін тегін жалғастырса олардың симптомдарының көбі-нің сақталуы немесе аурудыңқайталану қаупі туады.

Сонымен, психоанализдегі ақша -

а) еркіндіктің, тәуелсіздіктің көрсеткіші. Адамдар ақшаны либидоға жұмсайды, ақша қоры қуат қорымен тең. Бұл ауыздық аспект: тойымды болу, көбірек табыс табу.

б) құрбан, құрбандық шалу арқылы құдаймен байланысу. Анустық аспект: сараңдық, қызған-шақтық, қаттылық (балалар өз нәжістерін бергісі келмейді) .

АЛҒАШҚЫ СҰХБАТ

Барлық талдаудың ең басында, талдаушыныңқандай мектепке қатысты екеніне қарамай, алғашқы сұхбат немесе сыртартқы жинау өтеді. Алғашқы сұхбат фрейдистер анықтаған “талдау альянсін”, “терапиялық альянсты” немесе “жұмыс альянсін” құрудың алғашқы сатысы болады. Тәжірибе тұр-ғысынан қарағанда, талдаушыға бұл кезең клиенттің ауруын емдеу немесе оның проблемаларын шешу үшін психоанализ тиімді ме деген шешімді қабыл-дауға қажет. Демек, алғашқы сұхбат пен емделушіні жанталдау әдісімен таныстыру арасындағы айырма-шылықтарды білу керек. Бұл екі түрлі мәселе.

Басқа психотерапевттер секілді, талдаушылар емделушінің клиникалық көрінісін әбден ойланып алуы және оған қандай талдау жасалғанын бағалауы керек. Бұл жерде бір нәрсені анықтап алу керек: көптеген медициналық бағыттарда (психотерапия-ны есепке алмағанда) емдеу мен диагноз ерекшеленіп диагностика емшараларына ешқандай терапиялық сипат берілмейді. Психотерапиядағы жағдай түбі-рімен өзгеше, өйткені, әрбір диагностикалық зерттеулер барлық уақытта, үлкен немесе кіші дәрежеде психикалық процессті өзгертіп тұратын терапиялық интервенция болады. Емделушілер бірінші кездесудіңәжептеуір шамдандырғанын және клиникалық көріністі өзге бағытқа азды- көпті өзгерткенін үнемі естеріне алады. Тек шизоид емделушілерге бір қарағанда бұл алғашқы кездесу ешқандай әсер қалдырмағандай. Дегенмен, ұзаққа созылған жанталдау курсында (егер, әрине, осы кез-десуден кейін талдау басталса) дәл осы емделушілер-дің сыртқы бейтараптығының артында өте терең және күшті әсерлердің болғаны әрдайым байқалып тұрады.

Біраққандай жағдайда болмасын, психикалық аурудың ерекше белгісі, медицинамен салыс-тырғанда, кез-келген интервенцияға күшті сезіммен жауап беру. Сондықтан, жанталдауда әрдайым диагностика өтіп жатқан кезде терапия басталып кетеді. Кейде алғашқы сұхбат емделушіні қарқын-дырақ ойлануға және өзініңқазіргі проблемаларын түсінуге жетелеуі мүмкін, бірақ кейде осыған қарама-қарсы емделушінің жабырқауы мен қорғануы күшейіп кететін жағдайлар болуы мүмкін.

Құрылымдық (структурный) өмірбаяндық сыртартқыға қарсы басты дәлел - оның жанталдау емшарасына жатпайтындығы. Талдаушы қызығу-шылығының бейсаналыққысымы, өмірбаян туралы толық мәлімет алуға бағытталған сұрақтары емделушіні тездетіп жоғары дәрежедегі бақылауға, нақты санаға итермелегенде бейсаналық материалға онша көңіл бөлінбей қалады.

“Құрылымдық сыртартқы” нәтижесі 2-3 сағат интервьюден кейін 4-8 бетке жазылуы керек. Бұл сыртартқыға тек субъекттің толықөмірбаяны, оның айналасындағы маңызды адамдарды және әлеуметтік дамуын суреттеу ғана емес, соған қоса, әртүрлі драйвтарға (тілектерге) қатысты мінезі мен тәжірибесін, қандай жағдайлар оны көмек сұрауға итермелегенін анықтап жазылады.

Сыртартқы жинау үшін сұраққою мәселесі талдаудың алғашқы фазасында маңызды рөл атқарады. Көптеген емделушілер өздерінің кейбір кешеніне (комплексіне) тиіп кететін, ашық айтылған сұрақтардан қысылады, сұхбат барысындағы дәл осы тақырыптар олардың ішкі дүниесін ашпауға, ақтарылып сөйлемегенін үлкен күнә деп қабылдауына түрткі болады.

Талдау психологиясында “алғашқы интер-вьюді” қолданудың мағынасы бар ма? Емделудің басын барынша ашыққалдыру дұрыстау болмай ма? Ең басынан бастап, бір сағаттың ішінде осы жағдайдың талдау терапиясына сай келетіні анық болады ма? Өз еркімен айтқан ақпарат негізінде дұрыс диагноз қою мүмкін бе? Осы сұрақтарға психоаналитик өзінше жауап береді.

Жеке жағдайларда осындай емшара өте орын-ды. Бірақ оның кемшілігі бар, осы уақыт ішінде кейде емделуші мен терапевттің арасында өзгеше тасымал-керітасымал байланысы қалыптасып үлгіреді, сөйтіп, психоанализ ем болмайды деп екеуінің арақатынасы үзілгенде, емделуші эмоция-лық шокқа тап болады. Сондықтан, талдаушының алдынан шығатын проблема - алғашқы сұхбатты жүргізу немесе жүргізбеу емес, керісінше, емделуші психикасының процесстерін дұрыстап ашылуын қамтамасыз етумен қатар емделушініңөмір тари-хымен қазіргі жағдайлары туралы хабарларды алу.

Зерттеулер талдаушының бақылауымен емде-лушінің айтқандарының мазмұны арасындағы айырмашылықтарды анықтады. Талдаушының бақылау тұрғысынан, біріншіден, емделушінің алғашқы көрінісі мен оның мінезі, екіншіден, екеуі арасында пайда болған тасымал және керітасымал қарым-қатынастары, үшіншіден, торығу немесе мания, ұялғаннан қызару, зейінді жинақтаудағы қиындықтар, сөйлеудегі проблемалар секілді анық байқалған симптомдар көзге түседі.

Емделуші сөзінің мазмұнын жоспарлағанда, біріншіден, назарды тек емделушінің аяқ астынан айтып тұрғанына аударып, емделушінің кездейсоқ ашылуына кедергі жасалмауы керек.

Сессияның хаттамасына бірнеше кезеңдер кірістіріледі. Біріншісі - бұл симптоматика. Байқал-ған симптомдарға және емделушініңөзі туралы айтқандарына қосып, емделуші қандай байқалған немесе күдіктелінген симптомдарды ескермей кеткенін атап өту керек. Соңынан мен сипаттары, сонымен қатар емделу-шініңөзінің жабысқақ ойлары мен әрекеттерін суреттеуі зерттелінеді. Бұл жердегі сұрақтар емделушінің аяқ асты айтқан материалымен шектелінеді, оның шеткі симптомдары туралы қазірше сұрамау дұрыс болар.

Келесі пункт - симптомды қоздырған жағдай. Клиент қандай жағдай өзін емделуге мәжбүр еткенін баяндап береді. Емделушілер әдетте ауыр тиетін сұрақтардан қашқақтайды немесе оларға тиянақсыз жауап береді. Талдаушы мардымсыз ұсақ-түйектерді сұрамауға тырысады. Ол үшін маңыздысы, мәнді де айқын болған нәрсе және ол өзін осы жағдайда қалай сезінгені. Егер емделуші симптомға алып келген жағдайды еске алмаса, онда бұл жөнінде хаттамасына жәй белгілеп қояды. Емделушіден ол жағдай турасында арнайы сұрап жатпайды.

Соңынан қазіргі тіршілік жағдайының бағалануы жазылады. Бұл жердегі суреттеу тағы да емделушініңөзіне қалдырылып, ондағы маңызды оқиғалар, әсіресе аттап өтіп - айтылмаған тақы-рыптар (мысалы, емделуші өзініңқаражат жағдайы туралы айтпайды) айқындалады. Назарға алынатын жайт, психикалық динамикадан айырылған, құрғақ “ақпарат” алудан аулақ болу керек.

Егер де емделушініңөзі аяқ астынан өзінің тарихын есіне алса немесе сұхбат барысында пайда болған сілтемелер генетикалық материал туралы сөйлесуге сылтау болса, онда талдаушы осы жағдай-лардың пайда болған кезі мен тарихына тереңірек үңіледі. Бұл жердегі арнайы қызығушылық оның отбасындағы жағдайын түсіну болып табылады. Ол отбасында қандай проблема басымдау болды және сондықтан да ол тек емделушінің жеке проблемасы болған ба? Қызығушылық емделуші өмірінің тек қана алғашқы жылдарында тоқтап қалмай, оның есею мен жетілу кезеңдерін қалай игергеніне, мүмкіндігінше олардың (мектеп жылдары, өтпелі жасы және т. б. ) қалай өткеніне зейін қойылады.

Алғашқы сұхбат кезіндегі

емделушінің мінез-құлығы

Жас жанталдаушылардың хаттамаларында ем-делушінің дене тілі туралы бақылаулары мен жазулары өте аз. Ереже бойынша, тек әдеттен өте тыс көрінген: мысалы, емделуші талдаушыныңқолын алғанда қатты қысып, ұзақұстаса немесе ұялып қолын тез қайтып алса тек сол көріністер суреттелінеді. Әрине, адам туралы бірден көп нәрсені білдіретін қол алысудың да бірнеше түрлері бар. Емделушінің бірінші сұхбат кезінде байқалған мұндай ерекшеліктерін суреттей келе, барлық сыртқы көрінісін: жүрісін, отырысын, тұрысын толық ескерген жөн.

Бірінші сұхбаттан кейін психоаналитик өзі үшін емделушінің ерекше қозғалыстарын, мысалы, жүрісін, аяғын қалай айқастыратынын, оның сыртқы кейпін, осы мінезіне байланысты, қынжылу түрлерін дұрыстап түсіну үшін, қайталап жазып алған жақсы. Тек емделушінің мінезі мен құлқын бақылай отырып, толыққанды диагнозды жасауға болады. Сол сияқты оның кешендерінің жасырын динамикасы туралы білімді игере тұрып, ол өзі туралы бірдемені айтпай жатып, емделушінің проблемасы туралы нақты шешімді қабылдауға болады.

Тасымалдау және қарсы тасымалдау

Бұл емделушімен дене тілі арқылы қатынасты зерттеу аймағы. Психоаналитик өзін өзі ұқыпты бақылауы емделушінің уайымдары туралы хабар беретін бұлақ болады.

Қарсытасымал реакцияларын бақылау материалы талдаушыға емделушінің тасымалы мен оның басты психикалық дау-дамай астарындағы рөлдік үлгісін, мысалы, анасыныңқолына сеніммен құлаған баланың рөлін, қатал әкесінен қорқатын үрейлі баланың рөлін немесе мазохистік елгезек клиенттің рөлін жақсылап анықтап түсінуге көмектеседі. Әруақытта емделушіге қатысты өз сезімдеріңізді және қиялдарыңызды әбден суреттеп алу қажет, мысалы, емделуші жағымды кісі болып шықты, оның байланыстары пен қарым-қатынастары туралы хабарлармен өзіңізді шектеп қоймаңыз. Суреттеп жатқанда (негізінде бұл үнемі ұмытылып кетеді) қашып құтылмайтын күшті субъектті факторды есте сақтау керек, сол себепті талдаушыға өзінің жеке тұлғасын және мінез құрылымын, өзінің дидактикалық талдануы барысында біліп алуы қажет екенін ескеруі керек.

Тасымал мен қарсытасымалға екі жақ та әрдайым үлес қосып тұрады. Тәжірибе көрсеткен-дей, оқу талдауы кезінде екі жанталдаушы болса, екінші талдаушының мінезі бірінші талдаушының мінезінен өте өзгеше болғандықтан онда клиент жеке басының мүлдем басқа тұсын көрсетуі мүмкін. Емделушінің материалдарын өзінше ой елегінен өткізгенде талдаушының осы факторларды есепке алу ниеті өте маңызды және клиенттіңөзге талдаушыға жиі мүлдем басқа әсер етуін есте сақтау керек.

Типология

Юнг екі негізгі позицияны (экстраверсия және интроверсия) және төрт психикалыққызметті: ойлау, түйсіну, сезіну, интуиция белгіледі. Ол ойлау-ды және сезінуді рационалды (өйткені олар ақылға бағына әрекет етеді), ал түйсіну мен интуицияны иррационалды (себебі, олардыңқызметі ақылға сүйенбейді) деп атады. Осыған сәйкес сегіз психоло-гиялық түрді бөледі: мысалы, Ойлағыш экстраверт, Ойлағыш интроверт және т. б. Юнг типология-сынан бағалау жүйесі пайда болды (Майер-Бригс индикаторы), қазір оны әртүрлі ұжымдарда адам-дарды тестілеу үшін нәтижелі қолданады.

Емделушінің типологиясын анықтау әрекеті бақылау мен сөз материалын талдау аралығында жатады. Психологиялық типологияны анықтау тездетіп қол жеткізе салатын оңай мәселе емес. Емделушінің типологиясы туралы сенімді айту үшін алдымен бірнеше сағаттық емдеу жүргізіп алу қажет болады. Басқа жағынан алсақ, бұл жерде артыққиындықтарды туғызып диагноз қате болып қалуы мүмкін деп ойланып жатудың керегі жоқ. Емделушінің мінезіндегі экстроверттік немесе интроверттік ұстаным анық көрінгендіктен ұстаным түрі біршама тез анықталады. Қосымша хабардыңқайсысы болмасын бағалауда көмектеседі. Емделу-шініңөзін өзі сипаттауы, оның сыртқы объектке немесе ішкі субъектті факторларға бағытталғанын әдетте біршама анық көрсетеді. Егер біз емделуші-нің жеке тарихы төменгі қызметіне қандай дәрежеде әсер еткенін және сыртқы факторлар әсерін бағалауға әрекет етсек, онда диагнозды қиындатып аламыз. Мысалы, интроверт адамдардың басым көпшілігі жиі экстраверттер сияқты, ал экстраверт-тердің басым көпшілігі интроверттер сияқты өмір сүруге әрекет жасайды.

Бірінші сұхбат барысында емделушінің дамуын - ол дұрыс және жалған атауларға сүйеніп пікір жасайды ма, сонымен қатар ойларын ұсынуды ұнатады ма және сезімін ығыстыру беталысы бар ма немесе сезімін айғақтауға, көбірек ұнатуға немесе ұнатпауға бағытталғанын - біршама оңай біліп алуға болады. Интуиция мен түйсікке диагностика жасағанда алғашқы сұхбат материалын мұқият қарастырып алу керек. Демек, диагноз басты қызметтен гөрі, көптеген жағдайларда едәуір анық көрсетілген төменгі қызметтен басталады, әрі қарай жетекші және екінші қызметтердіңқандай екенін анықтау керек.

Үлкен сәтсіздікке ұшыраған қабылдауына байланысты шизоидтардың проблемалы қызметі - түйсіну. Компульсиялық тұлғалар үшін проблемалы қызмет - бұл ойлау, дегенмен олардың ойлауы әрдайым жетекші қызмет бола бермейді, солай болғандықтан олардың ригидті және қатаңҮстем - Мені қисынды қорытындыларға емес, моралдық сезім пікіріне негізделеді. Истериктер үшін проблемалы қызмет олардың көңіл-күйінің тез өзгеруінде және жеткіліксіз шыдамдылығында көрініп өзгеше рөл атқаратын интуиция деп есептеуге болады.

Емделуші сөздерінің мазмұны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға анықтамасы
Креативтіліктің анықтамалары
Психологиялық ғылымның принциптері, ұғымдары және категориялары
Фрейд теориясының құндылықтары
Әдебиет теориясы ұғымдарының жалпы сипаттамасы
Кәсіпорындағы маркетингтің рөлі
Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары
Жоғары көркемдік білім берудегі ұлттық сана , мәдени құндылықтар ұғымдарының лингвистикалық мәні
Математиканың негізгі ұғымдары
Психология ғылымы жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz