Жануар мен адам психикасының айырмашылықтары


Жануар мен адам психикасының айырмашылықтары.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жануарлар психикасының өзіне тән ерекшеліктері.
2. Адам психикасының қалыптасуындағы еңбек пен сананың рөлі.
3. Адам психикасын қалыптастырпушы негізгі құрал - тіл. Сана туралы қысқаша түсінік.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар пайда болды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы. Материя ерекше қасиеттерге ие болды.
Бұл қасиеттердің бірі - тітіркенушілік, яғни сыртқы тітіркенуден ағзаның әсер алуы. Мәселен, Мимоза өсімдігін алатын болсақ, оған қол тигізгенде, ол жапырақтарын жиырып алады. Бұдан тіршіліктің бар екенін білуге болады. Жер үстінде жануарлар пайда бола бастады. Бұл - сезімталдық жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық қасиеті. Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын, олардың психикасының дәрежесі де соғұрлым жоғары болады. Ол адамда неғұрлым күшті дамыған.
Материяның бірте-бірте дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет жоғары қасиеттің -психиканың тууына әкеліп жеткізді.
Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен түрады:
1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады)
2. Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.
Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Адамзат жер бетінде пайда бола бастағаннан бастап өмір сүріп отырған табиғи ортаны өзінін сезім мүшелері арқылы қабылдап, одан әрі ақыл-ой арқылы талдап, сараптап, жүйелейтін жағдайға көтерілген де, болып жатқан құбылыстардағы белгілі бір қайталанушылық, тұрақтылықты жадында сақтап, логикалық ой қорытындылар жасауға дейін жетілген. Өмір сүріп отырған ортаны сезініп тану бар. Ол таным процесінің негізі болып табылады.
- Жануарлар психикасының өзіне тән ерекшеліктері.
Сонымен, тіршілік дамуы қоршаған болмыс, дүниені бейнелеуді қамтамасыз етуге арналған жануарлардың тән құрылымын пайда етіп, сол қызметке қажетті ағзаларды жікке салды. Бейнелеу қызметінің сипаты неге тәуелді? Неліктен бір жағдайда ол жеке қасиеттерді қабылдайды да, екіншісінде затты тұтастай бейнелейді? Бұл жануарды қоршаған дүниемен байланыстыратын сол жануардың әрекет - қылығының обьективті құрылысына тәуелді. Тіршілік жағдайының өзгермелілігіне жауап бере отырып, жануардың дене құрылысы мен әрекеті де өзгеріске келеді, соның салдарынан психикалық бейнелеудің жаңа формаларының туындауына себепші тән мүшелері мен олардың қызметі өзгерген биологиялық талаптарға орай икемдеседі. Жануар психикасы мен әрекетінің және адам іс - әрекеті мен санасының сапалық ерекшеліктері төмендегідей:
1. Жануарлар әрекет - қылығының бәрі адам іс - әрекетінен өзінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажыралады, яғни, жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шындықты психикалық бейнелеу мүмкіндігі шектеліп, өзіне биологиялық тараптан қажет болған заттардың қасиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілеттеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде тұрақты, обьективті бейнелеу тәсілі қалыптаспаған. Қоршаған ортаның барша заттары олар үшін инстинкттік қажет аймағында ғана танылуы мүмкін.
2. Жануардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа тысқы обьектілерге, нысандарға қатынасынан бөлектенбейді, яғни, жануарларда қоғамдық сезімнің болмауына байланысты бұл қатынас та биологиялық инстинкт сипатында болады. Жануарларда шын мәніндегі еңбек бөлісі атымен жоқ, ал, олардың әр түрлі қызметте шеберлікпен орындай алуы табиғи жағдай қажеттіліктеріне орай тума берілген қасиет.
3. Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың “тіліндегі” ерекшеліктерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір - біріне дыбыстар көмегімен әсер етеді. Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Әлбетте, қандай да бір сыртқы ұқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір - бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу (сөйлеу) барысында обьектив мазмұнды білдіріп, өзіне қаратылған ауызша сөзді әншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, қоршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таниды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіктің бәріне бірдей қолданылады (қоректі қажетсіну, үрку, қорғаныс т. б. ) да, инстинкттік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.
Адамның санасының пайда болуы мен оның сипаты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден саналық бейнелеудің айырмашылығы - бұл заттасқан шындық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық құбылыстардың болуы, әлемнің субьективті бейнегеенуі - адам психикасының мәңгі зерттелетін сыры. (А. Н. Леонтьев)
Сана психикасының ерекше сапалық формасын тіршілік эволюциясында өзінің ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның саналы әрекетінің үш айырықша белгісі бар. Олар 1) адамның саналы іс әрекеті биологиялық себеп - салдармен байланысы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологиялық қажеттікке бойсынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жан пидалыққа бару. 2) Адамның саналы әрекеті жануарлардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан - жақты тануға бағытталады. Адам нақты көрнекіліктен абстрактылық бейнелеуге өтіп, обьектілердің астарлы байланыстарынаүңіле көз жіберіп, тысқы бейне формасын ғана емес, тереңдегі заңдылықтарын тануға ұмтылады да соларға орайөз әрекет қылығына бағыт таңдайды. 3) Жануар әрекет қылықтары биологиялық байланыспен бірге туа беріліп отырса, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық тарих желісінде топталған адамзаттық тәжірибені игеру-үйрену негізінде қалыптасып, оглар оқу арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіледі. Яғни, адам иелігіндегі әрекет - қылық тәсілдері оның өз тәжірибесінің өнімі емес, өткен әулеттіңтарихи қоғамдық іс - әрекетін игеруден. Адамдағы бұл құбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.
Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның санаклы әрекетін қалыптастыратын шарттар:
Жануарлар қылығынан мүлде өзгеше, адамның саналы әрекетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің әлеуметтік тарихи сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен байланысы; 3) еңбек құралдарын дайындап, пайдалана білу; 4) тілдік қатынастың пайда болуы
- Адам психикасының қалыптасуындағы еңбек пен сананың рөлі.
Адамның жануардан түпкі ерекшелігі: ол қаруды қолданып қана қоймастан, оны дайындау ұқыбына ие. Қару дайындаудың өзі - ақ ежелгі адамның іс - әрекетін түбебейлі өзгертіп жіберді. Қару дайындау үшін болған әрекет енді биологиялық қажеттікпен (қорек, жем қабылдау) ғана анықталмайды: бұл тұрғыдан ол қажетсіз, ал қару дайындаудың шын мән - мағынасы кейінгі аң аулауға керектігінен туындайды, яғни, бұл іс орындалып жатқан әрекеттің тәсілін білумен ғана емес, сол қарудың болашақта қолданылуые болжай алуға да байланысты. Қару дайындаудың қажетті шарты бола тұра, сол білік (болжастыру) сананың ең алғашқы көрінісі ретінде танылады, яғни, саналы іс - әрекеттің бірінші формасы.
Қару дайындауға бағышталған іс - әрекет адамның қылық құрылымын түбегейлі қайта құрастыруға алып келді. Жануар қылығы өз қажеттігін қанағаттандырудан әрі асқан емес. Ал, қару дайындаушы адамның әрекет қылығы күрделі сипатқа ие болды: тікелей қажеттік қанағаттандыруға бағытталған әрекет ішінен мағынасы болашақта ғана көрінетін арнайы әрекеттер бөлініп шықты.
- Адам психикасын қалыптастырпушы негізгі құрал - тіл. Сана туралы қысқаша түсінік.
Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған екінші шарт - бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және обьекттер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер (символ, код) жүйесін атаймыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналды, соның арқасында адамзат ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесін үйреніп, игереді. Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған. Біреулер оны рухани өмір көрінісі дей келе, бір Алланың ісі деп таниды. Екіншілер - тілді тіршілік дүние жүзі эволюциясының нәтижесі деп қарастырады. Ал, енді ғылыми шындық тұрғысынан алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.
Тіл алғашқыда адамдардың еңбек процесінде қарым - қатынас жасау қажеттігіне байланысты қалыптасты. Бірлікті тұрмыстық іс - әрекетке қатысты екінші біреуге көңіл - күй ғана емес, еңбекке байланысты заттар жөнінде де ақпарат білдіру қажеттігі туды. Ақпараттардың осы алғашқы белгілері: интонация, ишаралар, қарапайым дыбыстар болды. Тек көп мыңдаған жылдардың өтуімен дыбысты тіл жалпы әрекеттен бөлініп, дебестігіне жетті.
Тіл - заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды.
Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:
- қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни, тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегіақиқатты жадына бекіту мен адамның ішкі жан-дүние бейнелерін түзуге жәрдемдесті.
- Тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракт ретінде танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға (мәндес топтарға) жатқызуға көмек берді.
- Тіл - адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпараттарды жеткізудің бірден - бір құралы. осыдан тілдің пайда болуымен адамда, жануарларда болып көрмеген, психикалық дамудың түбегейлі жаңа типі өрістеді, тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.
Тіл адамның саналы іс - әрекетінің барша саласына қатысып, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтерді. Сондықтанда, тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы деп қараса да артық болмас.
Сонымен, сана - өзімен қатар еңбек барысында пайда болған тілмен бірге жасайды, тілсіз сана болмайды.
Сана - психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.
Сана - бұл қоғамдық болмыс.
Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады.
а) Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтығы, оның құрылымына барша танымдық процестер енеді: түсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
ә) Санада субьект пен обьекттің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектей, олармен салыстыра алады.
б) Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады.
в) Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі обьектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz