Жануарлардың құралдарды пайдалануы. Алғашқы құралдарды пайдалануына жалпы сипаттам


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жануарлардың құралдарды пайдалануы. Алғашқы құралдарды пайдалануына жалпы сипаттама

Жануарлардың түрлі заттармен манипуляция жасайтын барлық жағдайларын құрал пайдалануға жатқыза беруге болмайды. Мысалы, қарғалардың моллюскаларды ауаға көтеріп, содан кейін оны тастың үстіне тастағанын, ал барылдақ торғай ұлуларды кішкене тұмсығына іліп алады және оны тасқа ұра бастайды, сондай-ақ қарғалар мен сақалды күшігендер сүйектерді шағу үшін төменге тастайды, күшігендер африкалық түйеқұстың жұмыртқасын тастың үстіне тастай отырып оны ашып алады. Бірақ күшігендер сонымен бірге тасты ауаға көтеріп түйеқұстың інінің үстіне тастай алады. Бұны құралды пайдалану жағдайына жатқызуға болады. Немесе, галапагостық тоқылдақ құс кішкене тұмсығымен кактустың тікенін теректің дінінен личинкаларды алу үшін пайдаланады. Осы мысалдардан, тек қандай да бір зат жануардың өзінің бір бөлігін, ұзарту үшін қызмет еткен жағдайлар ғана құралдарды пайдалануға жатады деп айтуға болады. Құралдарды пайдалану белгілі-бір мәселені ақылмен шешуге алып келеді және бұны егер бұндай жүріс-тұрыс жаулық сипатта болмаған жағдайда интеллектуалды іс-әрекеттің белгісі ретінде есептеуге болады. Және шын мәнісінде, кейбір жағдайларда бұндай жүріс-тұрыстың дамуында үйрену белгілі-бір рөл атқаратын болады. Мысалы, туыла салысымен шыбықпен манипуляция жасайтын тоқылдақтың балапаны бастан құртты көре салып шыбықты лақтырады және оны тұмсығымен шоқып алады.

Құралдармен жасалатын біршама күрделі әрекеттерді жабайы шимпанзеде бақылауға болады. Тамақ табу үшін олар көбінесе таяқтарды, шыбықтарды және басқа да заттарды қолданады (термиттерді табу үшін, араның ұясынан балды алу үшін, өсімдіктердің тамырын қазу үшін) . Олар сонымен қатар су ішу үшін және денесін тазалау үшін жапырақтарды да пайдалана алады.

Тамақ табу жүріс-тұрысы интеллектуалды жүріс-тұрыстың қызметтік эквиваленті болып табылады. Және осыған қатысты приматтардың құрал пайдалануын тоқылдақ құстың құрал пайдалануынан ажырату қиын.

Ғалымдар құралдарды пайдалану әлі интеллектінің белгісі болып табылмайды, бірақ ол шын мәнінде акылды жүріс-тұрыстар үшін, соның ішінде нақты жағдайларға тәуелді, оның мүлде жаңа формаларының пайда болуы үшін алғы шарттар жасайды деп есептейді (сенегалдық шимпанзе үлкен таяқтардың көмегімен қолымен термиттерді таңдай алатындай етіп термитниктерде тесік жасайды) . Бұл жерде біз "мәдени ауыспалылықтың" мысалын көріп отырмыз - тамақ табу тәсіліне маймылдар кейін бүкіл популяция бойынша таралатын, еліктеу жолымен үйренетін болғандықтан, ақпаратты бір ұрпақтан келесісіне тектік емес жолмен беру орын алады. Сонымен, Кошима аралында тіршілік ететін (1963) жопондық макакалар еліктеу жолымен бірқатар тамақтық жүріс-тұрыстарға байланысты әрекеттерді үйренген. "Жаңалықтың" инициаторы батата құлпынайларын өзенде құмнан тазартуға үйренген Имо атты макака болған. Басқа жануарлар оған еліктей бастайды және 10 жыл бойы бұл әдет өте үлкендер (12 жастағы және одан үлкен) мен жастардан басқа бүкіл популяцияға таралды. Екі жылдан кейін басқалар бұл уақытта бір дәннен жинағанда, Имо дәнді уысына толтырып жинап, оны суға лақтыруды үйренді. Бұл инсайт типіндегі үйренуге ұқсас болды, өйткені Имо өзінің жаңалығын кездейсоқ ашты және оны пайдалануды үйренді.

Дәстүрлік жүріс-тұрыстың тағы бір формасы - бұл белгілі-бір маршрут бойынша көшіп-қону (бұғылар, арқан балықтар, құстар) . Бұнда жастар көшу маршруттарын үлкендерден үйренеді. Дәстүрлік тамақтық жүріс-тұрыстың басқа мысалы балықшы құстарда - теңіздің жағасында өмір сүретін сауыс-қандарда байқалады. Үлкендер мидиялардың екі қайырылып ашылып жабылатын қабыршақтарынан ет табудың екі тәсілінің бірін қолданады:

1) қабыршақтың жұқа бөлігін тұмсықпен ұрып тесу;

2) мидия судың астында болған кезде тұмсығын ашық сифонға қояды және қайырылып ашылып жабылатын қабыршақты ұстап тұрған бұлшықетті кеседі.

Бір отбасылық жұптың мүшелері үнемі қабыршақтарды ашудың тек бір ғана әдісін қолданады. Ешқашанда бір құс қабыршақты ашудың екі тәсілін де қолданбайды. Осыны дәлелдеу үшін Нортон Гриффитс қиылыспалы тәрбиелеумен эксперимент жасады. Ол түрлі ұялардағы құрылыстардың орнын ауыстырды, одан кейін балапандар оларды тәрбиелейтін ата-аналардан қабыршақтарды ашудың тәсіліне үйренетіндігін бақылады.

Үйренуге деген кейбір икемділіктер жүріс-тұрыс үшін мәнді болып табылғанымен ол үлкен интеллектіні талап етпейді. Мысалы, дәстүрлерді ұстанатын адамдар көбінесе өзінің жүріс-тұрысын рационалды түрде түсіндіре алмайды. Сонымен, еліктеу жоғарғы интеллектінің қажетті белгісі болып табылмайды деп айтуға болады.

Интеллектінің биологиялық шектеулілігі. Н. Н. Ладыгина - Котстың пікірі бойынша, адам тәріздес маймылдардың елестерінің көру бейнелері адамдікіне қарағанда біршама мәнді, әлсіз болып табылады және үнемі қоршаған жағдайдың компоненттерімен байланысты, яғни елестердің жағдайлық байланыстылығы бақыланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстары
Кітапханаларды автоматтандыру тарихы
Негізгі құралдар есебі жайында
Негізгі құралдардың амортизациясы, есеп объектілері
Негізгі құралдарды есептен шығару есебі
Негізгі құралдардың есебі мен аудиті
Негізгі құралдар есебі
Кәсіпорын маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру
Микробалдырлар негізіндегі биологиялық белсенді жемдік қоспалардың ауылшаруашылық жануарлардың ішек микрофлорасына әсерін зерттеу
Негізгі құралдардың талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz