Жаңа педагогикалық технологиялар және оларды тарихты оқытуда пайдалану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жаңа педагогикалық технологиялар және оларды тарихты оқытуда пайдалану
Білім беру сапасын жақсартудың бірден - бір жолы - жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.
Қазір жаңа педагогикалық технологиялар туралы жарияланған еңбектер өте көп. Оларда осы жаңалық жан - жақты, әр түрлі қырынан баяндалады. Жалпы технология грек сөзі, бізше өнер, шеберлік дегенге келеді. Педагогикалық технология ұғымының қазір 300 - ден астам балама анықтамалары бар. Мәселен, осы проблеманы көптеген зерттеп жүрген Ресейдің белгілі педагог және т. б. ғалымдары оған төмендегідей анықтамалар береді.
Педагогикалық технология дегеніміз - оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника (В. П. Беспалько).
Педагогикалық технология дегеніміз - оқытуды жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы (үрдісі) (И. П. Волков).
Педагогикалық технология дегеніміз - оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге - шігесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі (В. М. Монахов).
Педагогикалық технология дегеніміз - педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын тұлғалық, инструменталдық, методологиялық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қызмет етуі (М. В. Кларин), т. б.

Жоғарыда келтірілгендерді және басқаларды жинақтасақ, оқыту (педагогикалық) технологиясы жүйелі категория екен, ол төмендегідей құрылымдардан тұрады: оқытудың мақсаты; оқыту мазмұны; педагогикалық әрекет етудің құралдары; оқыту үрдісін ұйымдастыру; оқушы, мұғалім; жасалған қызметтің (іс - әрекеттің) нәтижесі. Жоспарланған нәтижеге, мақсатқа жетудің басты шарты - оқытылатын тақырыптың, сабақтың мақсатын дәл, әрі нақты анықтау, оған нәтижеге жетудің жолдарын жобалап қолданылатын әдіс - тәсілдерді, құралдарды барынша тиімді іріктеу және дәл көрсету, нәтижені тексеру не тексеріп отыру. Осы жоба қағазға түсіріледі, оны жасауға да, жүзеге асыруға да барлық оқушылар белсене қатысады.

Оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды қолдану туралы Республикамызда жарияланған еңбектер, журнал мақалалары баршылық. Бірақ тарих пәнін оқытуда, әсіресе, қазақ мектептеріндегі тарихшылардың жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану тәжірибелерін баяндайтын еңбектер, журнал мақалалары тапшы.
Төменде әңгіме болатын педагогикалық технологиялардың бәрі бірдей мүлде жаңа, бұрын қолданылмаған әдіс - тәсілдер немесе оқытуды ұйымдастырудың формалары емес. Әңгіме олардың мүлде жаңа тәсілмен қолданылатындығында, соған лайық жоспарланған нәтижеге, мақсатқа толық жететіндігінде.
Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі - оқулықтағы оқу материалдарының құрылымы үнемі сәтті бола бермейді, соның салдарынан тақырыптың оқу мақсатын жобалауда, нәтижеге жету де қиындық туғызады. Мұндай тақырыпты (3 - 5, 6 - 7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ПАЙДАЛАНУ
Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
«Дәстүрлі емес тарих сабақтары»
Тарихты оқыту барысындағы оқыту әдістері
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Тарихты оқытуда модульдық оқыту технологиясын пайдалану
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Қазақстан тарихын оқытуды ұйымдастыру формалары
Пәндер