XVIII ғасырдағы Француз материализмі



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
XVII - XIII ғасырларда Батыс Европа елдерінде өндірістік тәсіл мен құралдар жедел қарқынмен дами бастады. Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік - экономикалық, саяси -қоғамдық көзқарастардың жемісі болатын. Өйткені, Батыс Европада капиталистік қүрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы - ақшалы шаруашылықтың дамуы орта ғасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси - идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық - өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңғыртып, қайтадан заттық - тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға және сатып алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол қосымша құн тудырады. Бүкіл байлық - капитал осы процесс арқылы дүниеге келеді.
Францияның ендігі мәселесі капиталистік өндіріс, нарық тудырған, бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастаған жаңа типтегі ғылым және оның жаңа әдісі туралы болды. Философия сонымен қатар жаңа дүниетанымды, жаңа көзқарасты дүниеге әкелді. Жаңа философия қалыптасты.
Жаңа философияның қалыптасуымен қатар жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп танылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия тағы басқа ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік қөзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілі қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды.
Жаңа көзқарас әлемді біртұтас дүние ретінде тануға, дүниенің барлық салаларын жан - жақты қамтуға әрекет етті. Табиғатты толық ұмтылған бұл көзқарас, бір жағынан, жаңа заман ойшылдарының діни-мистикалық қапастан шыққаннан кейін еркіндік аңсаған адамдарының орындалуы еді. Дүние кең байтақ, ұшы-қиыры жоқ, оны танитын, оның сырын ашатын табиғаттың нәрестесі (құдайдың жаратқан құлы емес) - адам. Ол бүкіл дүниені тануға және игеруге ұмтылды. Бүл оптимистік көзқарас.
Адам орта ғасырлық, қаратүнек қараңғылықтан, діни шырмаудан босанып шығысымен ендігі жерде тек өзіне-өзі ғана сенеді. Ол өзінің еркіндігін және күшін танып, өз ісінен, қызметінен әділеттілік пен зерделікті көрді. Сөйтіп, Гегельдің тілімен айтқанда, Адам Американы, оның қазынасы мен адамдарын ашты. Адам табиғатты және өзін - өзі ашты. Екінші жағынан, бұл көзқарас дүние жүзіне үстемдік етуге, барлығына өз әмірін жүргізуге бағытталған батыстағы саясаттан келіп шықты.
Бірте - бірте классикалық батыс философиясы ерте дүние тарихынан (яғни көне грек пен рим дәуірінен), орта ғасыр заманынан кейін қайтадан жалпы көзқарас ретінде танылып, барлық ілімдердің атасы, ғылым-дардың ғылымы ретінде қаралды. Алайда, жекеленген ғылымдардың бөлініп шыға бастауы (математика, механика т.б.) философияның осын-дай құдіретті үстемдігін әлсірете бастады.
Жаңа дәуір өндіргіш күштердің ерекше күштермен дамуына кеңінен жол ашты. Өндіргіш күшке айнала бастаған ғылым мен техниканың өркендеуі бірте-бірте жаңа философиялық және ғылыми танымды қажет етті. Сондықтан да жаңа дәуір ойшылдары таным процесіне, табиғатты тануға ерекше назар аударып, ғылыми танымның негізін қальптастыруға кірісті. Ең алдымен танымның жалпы әдісі, сонымен бірге жекеленген ғылымдардың саласындагы әдістер пайда бола бастады.
Осы кездегі ғалымдар мен философтар табиғатты ғылым мен фило-софияның негізгі нысаны етіп алды. Бірақ, олар табиғатты белсенді, тірі бірлік деп қарай отырып, оның ішкі дамуының қайнар көзін аша алмады. Амалсыздан қайтадан орта ғасырлық құдай туралы ілім жандандырылды. Бірақ бірде табиғат, бірде зерде, бірде абсолют, ақыр аяғында ақша, дүние, капитал болып шыға келеді.
Табиғат және оның зерттелу процесі адамның табиғатын ашуға әкеліп соқты. Адамның зердесі өзінің ұшан теңіз мүмкіндігімен, шығар-машылық қабілетімен танылды. Зерде, ақыл батыстағы дүниетанымның діни-феодалдық идеологияға қарсы бағытталған құралдарының біріне айналды. Зердені ғылыми негізде түсіну табиғаттың сырын ашуға, әсіресе, жаратылыстанудың негіздерін дамытуға, таным теориясын адам өмірінің кейбір салаларымен байланыстыра зерттеуге жол ашты. Философиялық негізде орта ғасырлық қасаң көзқарастан қайта өрлеу дәуірі арқылы жаңа заманға өту ой мен зердеде көптеген өзгерістерді тудырады. Мұның өзі адам мен табиғаттың бірлігін басқаша қарауды талап етті.
Жаңа заманның дүниетанымы адам мен табиғатты бір-бірімен байланыстырып, олардың бірлігін негіздеп анықтаудың орнына, оларды жекелеп бөліп алып, бір-біріне қарама - қарсы қойды. Орта ғасырлық субъективтілікке (ой, сана, жан т.б.) объективтілікті, рухқа табиғатты абстрактылы жекеге абстрактылы жалпылықты, субстанцияны қарама - қарсы қойды. Табиғатты барлық жағынан зерттеуге, оны игеруге мүмкіндік ашылды. Мұның өзі өндіргіш күштердің қауырт тез дамуына жол ашты. Алайда табиғаттың ішкі және сыртқы даму белестері, оған тән ішкі қайшылықтар, олардың қалай өрістеп, қоғамның пайда болуы және қалуына қандай ықпал ететіні, тағы басқа сұрақтар анықталмай қалды. Табиғат метафизикалық түрде, қатып-сеніп қалған қағидалар негізінде зерттелді. Мұның өзі табиғатқа деген табынушылықты, оның заңдарын толық түсінбеушілікті тудырады, соның негізінде табиғаттың барлық құбылыстарға тән, олар адамның да мәнін ашуға мүмкіндік береді, өйткені, ол жан - жақты, әмбебап деген көзқарас пайда болды.
Ал табиғаттың ішкі мәні, оның қозғаушы күші ашылмаған соң ол абсолютке сырттан тыс күшке бағындырылды. Табиғат жаттаушы, табиғат өзін - өзі жаратқан әлі жарата береді. Табиғат белсенді, оның ішкі дамуы себеп - салдары. Олай болса табиғат - құдай. Осындай пантеистік дүниетаным жаңа дәуірде кеңінен өріс алды.
Дегенмен, табиғатты зерттеген жаратылыстану ғылымы әрі қарай өркендей берді. Ал адам баласы дүниені игеріп, оны меңгеруге кірісті. Табиғат өзінің дамуына құдайдың қасиетіне ие бола отырып, адамдарды, оның ақыл зердесін тудырды. Осыған байланысты адам және оның мәні табиғатты зерттеген жаратылыстану ғылымы басқа да білімдер саласында өз үстемдігін жүргізе бастады. Жаратылыстану ғылымы және оның орасан зор өркендеуі табиғатты да адамдарды да түсінуге жол ашты. Бірақ бүл тек жол ғана еді.
2. Фрэнсис Бэкон (1564-1626). Философияда механикалық, метафизикалық әдістің қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл-ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін құраушы - Фрэнсис Бэкон еді. Негізгі еңбектері: Ғылымдар табысы, Жаңа органон, Жаңа Атлантида т.б.
Ф.Бэкон эмпиризмнің туындауына негіз болған ағылшын философ болды. Ол атақты зайырлы тектен шыққан, өте дарынды ғалым және саяси ағартушы болды. Оның әкесі - Николай Бэкон,- мөр сақтаушы лорды болды. Фрэнсис Бэкон 12 жасында Кембридж университетіне оқуға түсіп, оны бітірген соң үш жылдай Парижде ағылшын елшілігінде тұрды. Қайтып келген соң, біршама уақыт құқылық практикамен айналысады. 1584 жылы парламентке сайланады. 1617 жылдан бастап, барон Верулам және виконт сен-Олбанский деген құрметті атаққа ие бола отырып, әкесінің жолын қуа отырып, Яков І корольдің үлкен мөрін сақтаушы болып қызмет атқарды. Кейін Англия мемлекетінің канцлері болып, елде корольден кейінгі екінші тұлға дәрежесіне көтерілді. 1661 жылы Ф.Бэкон пара алды деген жала жабумен сотқа айыпталады. Кейіннен оны король кешірім етті. Бірақ ол үкіметтік қызметке қайтып оралған жоқ. Ф. Бэкон өмірінің қалған уақытын бүтіндей ғылымға жұмсады. Тіпті Бэконды ұлы адамдарға тән ол туралы көптеген аңыздар айтылды, мысалы мынадай әңгіме сақталды: Бэкон жоғарғы дәрежедегі үкіметте жаңа қоғам қалыптастыратын арал сатып алды деді, бірақ бұл істеген ісі нәтижеге жеткен жоқ, өйткені өзімен бірге жүрген замандас адамдардың байлық қуушылық пен қызғаншықтығы бәрін жойып жіберді. Бұл уақиғасын ол біте алмаған Жаңа Атлантида деген кітабында баяндады деді.
Ф.Бэкон әлемді қамтитын алты кітаптан тұратын еңбек жазуды жоспарлады. Бірақ оның тек екеуін ғана жазып үлгерді. Бірі - Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы ал екіншісі - Жаңа Органон. Ф.Бэкон - материалист болды, сондай-ақ ол - экспериметтік ғылымдардың негізін салушы болып есептелді. Оның дүние салу себебі де сол тәжірбие кезінде суық тигеннен болды. Бэконның ол тәжірбиесі тауықтың етін қарға көміп қойса, қанша уақыт бұзылмай сақатала алатынын тексеру еді.
Ф.Бэкон жас кезінінен бастап, және өмір бойы нәтижесін болуына тырысқан 1605 жылы жазылған Ғылымдар табысы деген еңбегінде үлкен жоспар құрады. Бұл еңбегінің бірінші бөлімі сол кездегі дәстүрлі аристотельдік классификациялық ғылымдардан бөлек, жаңаша қалыптасты. Бірақ толық даму Бэконның 1620 жылы жазылған Жаңа органон деген ең негізгі еңбегінде қалыптасты. Бұл еңбегінде Бэкон ғылым міндеттерінің жаңа түсінігі мен ғылыми индукция негіздерін өрбітті. Ғылымның табиғат алдындағы адам құдіретін арттыруын білімнің негізгі мақсаты деп жариялаған. Бэкон бұл мақсатқа құбылыстардың шын мәніндегі себептерінің анығына жеткен ғылым ғана қол жеткізе алады деп есептеді. Сондықтан ол схоластикаға батыл қарсы шықты. Осының алдындағы ғылым не догматизмнен ақсап жатты, өйткені ғылым өз өрмегін тоқитын өрмекші сияқты, өзінің ұғым-түсінігінен алынған ережелер жүйесін енгізді, не эмпиризмнен ақсап жатты, өйткені ол байыпталмаған деректер жинауға ғана ұмтылды. Сөйтіп, осының алдындағы барша білім жөніндегі Бэкон скептикалық бағыт ұстануды талап етеді. Алайда Бэкон шынайы білімнің мүмкіндігін мойындады, бірақ шындыққа жету үшін әдіс реформасы қажет деп есептейді.
Ф.Бэконның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. Білім - күш, Күш - білімде деген қағидаларды насихаттады. Бэкон білімде, ғылымда әлеуметтік өзгерістерді дамытушы үлкен құралды көрді. Бұдан қортындылай, ол өзінің Жаңа Атлантида еңбегінде Соломон үйін - данышпандар үйін қоғамдық өмірінің орталығы ретінде қойды. Осыған орай Ф.Бэкон халықтың барлығын ғылыммен өзінің рухани қажеттіліктері үшін емес, ғалымдардың ой пікірлесу үшін емес, басқа ғалымдарды қаратуға атақ алу үшін емес, және басқа төмен дәрежедегі ойлар үшін емес, тек өмір одан пайда мен жетістік алу үшін айналысу керек деп шақырды.
Ф.Бэкон эмпириктер мен рационалистердің сыңар жақтылығын сынады. Ғалым құмырсқаға да өрмекшіге де ұқсамауы керек, ол өсімдіктер гүлінен нектар жинап, оның балға айналдыратын ара іспеттес болуы қажет деді. Ол теория мен практиканың бірлігін жақтады. Оның бұл ұсыныстары кезінде схоластикадан арылып, нақты ғылымдардың дамуына оң ықпал жасады.
Бэконның ілімінше, адамдардың негізгі мақсатын табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажеттілігіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсіндіруге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі - қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтын болғандықтан - нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып - білуге негізінде мәдени өмірдің мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп - табынушылық, жалған эксперимент екендерін түсіндіруі керек. Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі - индукция. Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір - бірімен байланыста болмайды.
Дін мен ғылым бір - біріне кедергі жасамай, әр қайсысы өз жолымен ақиқатқа жетуге болады.
Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады:
1. Табиғатты зерттеудегі объективтілік;
2.Ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы;
3. Табиғаттан технологиялық үстемдік;
4. Табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.
Бэконның пікірінше, ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамта-масыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғы шарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптері тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі мұндай идолдар қатарында:
1. тектік елестер- табиғатты тануда адамның өзіне сәйкес туатын қате пікірлер;
2. үңгір елестері - бүкіл адамзатқа қатысы жоқ, жеке адамдардың тәрбиесінен, талғамдары мен әдістерінен туатын өзіндік қателіктері;
3. нарық ( базар) елестері - басқалардың айтқандарына сын көзбен қарамай, сене салудан туатын қателіктер;
4. театр елестері - біреулердің беделіне көз жұмып сене салудан туатын қателіктер. Жаңа заман ғылымының принципі - ешқандай беделге арқа сүйемей, тәжірбиеге сүйену.
Оның пікірінше дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін осы төрт түрлі елестерден құтылу қажет деді. Олардан құтылудың басты жолы - тәжірбие жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан ұғымдарды сол күйінде алмай, тексере білу.
Ф.Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресі бағдарламасын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отырады және бұл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес, адамның өзі қозғайды - міне, Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін Бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға, табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді және ғылымның көмегімен адам жаңа қоғам - аспанда емес, жерде жұмақ орната алады!
Дәл осы жаңа заманда ашылған философиялық идеялар мен ғылыми жаңалықтардың арқасында парадигмалардың алмасуы іске асады: бұдан былай табиғат пен заттар әлемі объектіге, ал адамның өзі субъектіге айналады. Жаңа заманда тілдің стратегиясында да өзгерістер болып, терминологияны пайдаланудың жаңа тәсілі пайда болады. Және бұл тілдің жаңа стратегиясы жаңа философиялық стратегияның нәтижесі болып табылады.
Рене Декарт. (1596-1650). Рене Декарт 31 наурыз 1596 жылы Франция елінде дүниеге келді. Оның ғылым мен саяхатпен айналысуға әкесінен қалдырған аздаған мұрасы мүмкіндік жасады. 1604-1612 ж.ж. ол иезуиттік колледжде тәлім алады. Онда ол гуманитарлық және математикалық өте жақсы білім ала отырып, философия, физика және психология салаларына қабілеттілігін танытты.
Р.Декарт оқуын бітіргеннен кейін Париж қаласында қамсыз, ләззаттылыққа толы өмір кешеді. Бірақ бұл өмірдің өзі де тежегендіктен, ол өзін толық түрде математикалық зерттеулерге арнайды. Ол 21 жасқа келгенде бірнеше жыл Голландия, Бавария және Венгрияның армияларында әскери борышын өтеді.
Р.Декарт ғылыми білімдердің тәжірбие түрде қолданылуына өте көп көңіл бөлді. Өзінің өмірінде табиғаттты тануға математикалық принциптердің қолданылуы үлкен пайда келтіреді дегенді дәлелдеу қажеттілігін тудырушы себеп, оның ерекше түс көруіне байланысты болды.
Р.Декарт өзінің математика және философия салаларында көптеген трактаттар жарыққа шығуымен атағы жайыла бастайды. Осыған орай оған швед патшайымы Христина өзінің көңілін аударады. Ол Декарттан оған философия сабағын беруді өтінеді. Декарт қаншама өзінің еркін өмірі құнды болғанмен, ол патшайымның өтінішіне қарсы келе алмады. Р.Декарт патшайымның жіберген әскери кемесімен 1649 жылы Швеция жеріне барады. Бірақ патшайым Христина ұқыпсыз оқушы болды. Ол ұлы философтың сабақтары үшін таңғы сағаттарды ғана бөлді, яғни шамамен сағат бесте. Сонымен қатар сабақтар нашар жылитын кітап-ханада өтті, қыс болса сол уақытта өте қатты болған еді. Әлсіз және ауру Декарт осындай таңғы суықтарды өжеттілікпен өткізді, бірақ осыған қарамастан ол өкпе аурумен ауырып 11 ақпан 1650 жылы қайтыс болады.
Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рене Декарт ақыл - ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл - ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: Тәсіл туралы ойлар, Бірінші философия туралы метафизикалық ойлар, Философия бастамасы т.б.
Р.Декарттың философиясы математика, космогония және физикаға байланысты болды. Математикада Декарт аналитикалық геометрия негізін қалаушылардың бірі болды. Ал механикада қозғалыс пен тынышытықтың салыстырмалығын атап көрсетті, әсер мен кері әсердің жалпы заңын тұжырымдады, сондай-ақ серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың толық санының сақталу заңын анықтады. Ол космогонияда ғылым үшін жаңа идея - Күн системасының табиғи дамуын жетілдірді; әлем құрылымына және аспан денелерінің пайда болуына жағдай тудыратын космостық материя қозғалысының негізі формасын оның ұсақ бөлшектерінің құйындық қозғалысы деп білді. Декарт дамуды тек механикалық заңдылық деп түсінді, бұл болжам табиғатты диалектикалық тұрғыдан түсінуге ықпал жасады. Космология, космогония жөнінде, физика және физиологияда Декарт материалист, ал психологияда, таным теориясында ол идеалист болды.
Декарттың философиясы өз бастамасын күмәндану қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық күмәндануды ойлаудың қабілетті де мойындау. Оның Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу - тірлік кепілі деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін объективтік шындықтан іздемей, керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді. бұл принциптің маңызы, ең алдымен орта ғасырлық схоластикалық, қатып қалған ұғымдарға қарсы күресті күшейте түскендігінде. Сонымен қатар бұл принцип зерде арқылы таным процесіне қарай бағытталған жаңа жолды көрсетіп берді. Ол ең алдымен ешқандай да күмәндануға болмайды деп есептелген діни, орта ғасырлық көзқарасты ендігі жерде толығынан талқандап, оның нәтижесіз іске алғысыз етіп шығарды. Сөйтіп, Декарт күмәндану принципі ғылым мен философияның ескі көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды. Өз принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қағидаларды теріске шығарды.
Декарттың бұл принципінің пайда болуы мен дамуы философия тарихында маңызы үлкен жаңалық болып, ойлау процесінің ілгері өрістеуіне жол ашты.
Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегізде (табынушылық) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиетті) - ойлау болса, материалдық түпнегіздің атрибуты - кеңістікте көсілуі.
Барлық заттар корпускул (материя ұғымына пара - пар) деп аталатын ұсақ бөлшектерден тұрады. Олар түрлеріне, көлеміне қарай ажыра-тылады. Корпускулдар кеңістікте және үздіксіз қозғалыста болады. Олардың жалпы сандары және қозғалыс түрлері универсумда бірқалыпты болады. Әлемдегі барлық заттар механика заңына сәйкес қозғалыста болатын корпускулдардан пайда болған. Ал, рухани түпнегіздің атрибуты ойлау мен материалдық түп-негіздің атрибуты - кеңістікте көсілудің бір мезгілде әсер етуі негізінде адамдар пайда болады да, ол ақыл-ой, сөйлеу сияқты қасиеттерімен басқа жануарлардан ерекшеленеді. Осы себептен адамдардың қимыл - әрекеттерін көп жағдайда механика заңдылығы тұрғысынан түсіндіру өте қиынға соғады. Жалпы алғанда жансыз денелердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың арасында өте алмайтындай кедергі жоқ, себебі олардың бәрі де сағат механизміне ұқсайды, олай болса, олардың табиғатын, мәнін математикалық есептеулер арқылы түсініп - білуге болады. Демек, танымның негізгі тәсілі геометриялық дедуктивтік, аксиоматикалық тәсіл болуы керек. Таным процесінде ең басты рөлді Декарт рационалдық (ақыл-ой) танымға береді де, ол арқылы адамдар сезімдік түйсінулер бере алмайтын табиғаттың сыры мен мәнін ашуга мүмкіндік алады деп тұжырымдайды. Декарт әрі қарай ойын жалғастырып, ақыл - ой сезімдік түсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық таным заттарды, құбылыстарды туа біткен идеяларға сүйеніп танып - біле алады дейді. Бұл идеялардың табиғаты туралы Декарт: бұл идеяларды мен өзіме - өзім бере алмаймын, себебі олар өздерінде жетілдірілген нақтылықты жиынтықтаған, ал мен қалыптастырған идеялар, ондай шындықтан туындамағандықтан туа біткен идеялардың деңгейіне жете алмайды. Туа біткен идеялардың себебі рухани түпнегіздің (қүдайдың) өзі болғандықтан олар айқын да анық, ал олардың негізінде алынған білім де, айқын және анық, басқаша айтқанда, ақиқат болады. Олай болса, оларды тәжірибе арқылы тексерудің қажеті жоқ. Туа біткен идеялардың табиғатына үндес келетін математика болғандықтан, матема-тикалық тәсіл ғылымдардың ең жоғарғы зерттеу тәсілі болуы керек.
Рене Декарттың материя немесе денелі субстанция туралы ілімі оның математика және физиология ізденістеріне орай қалыптасты. Декарт материяны кеңістікпен теңестірді.
Рене Декарт философиясы зерделі ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан, яғни материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл екі субстанцияның мәнісі - басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен келіп шықпайды. Материалдық субстанция рухтан немесе санадан пайда болмайды. Сонымен қатар, идеалдық субстанция да алғашқы болып саналады, ол да өз алдына тәуелсіз, дербес. бұл екеуінің өзіне тән ажырамас қасиеттері, атрибуттары бар. Материалдық субстанцияның атрибуты - тұрақ немесе өріс, ал идеалдық субстанцияның атрибуты - ойлау. Бірақ жаратылыстану саласымен жан-жақты айналысқан Декарт дуалистік көзқараста қала алмады.
Р.Декарттың философиясы жаңа заман дүниетанымы дамуына үлкен әсерін тигізді. Ол алдымен материя мен қозғалыстың арасын диалектикалық түрде бейнелей отырып, заманында үлкен оқиғаға айналған жаңалықтар ашты. Солардың ішінде ұлы ғалымның айналымы шама туралы ілімі математикадағы жаңа беталыс болса, осының арқасында дифференцияалдық және интегралдық есептеу қажет екендгі түсінікті болды. Ал осы жаңалықты жалпы және тұтас алғанда Ньютон мен Лейбниц аяқтады.
Декарттың философиясы артында өзіндік із қалдырған, соны идеялармен кейінгі философиялық ағымдарға ықпал етіп, адамдарды басқаша ойлау арқылы қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік туғызды.
Томас Гоббс. (1588-1679). Томас Гоббс 5 сәуір 1588 жылы Англияның оңтүстік шығыс графтықтарының бірінде Уилтшілдердің солтүстік бөлігінде орналасқан Мальсбери қалашығына жақын маңда дүниеге келді. Оның әкесі қарапайым ауылдың шіркеушісі, шешесі қарапайым шаруа жанұясынан шыққан. Алғашқы білімді Гоббс приходтік мектепте алады. Сегіз жастан бастап ол Мальсбери мектебіне барады, одан кейін көрші Вестпортта ежелгі тілдерді білетін және соған қызығушы Латимер деген кісінің ашқан жеке оқу орнында оқиды. Гоббстың жетістігі 14 жасына толмастан жарыққа шықты, мысалы ежелгі грек драматургі Еврипидтің Медия трагедиясын латын тілінен аударды.
1603 жылы Латимердің көмегімен, атасының материалдық қолдауымен Гоббс Оксфорд университетінің бір колледжіне оқуға түседі. Ол бұл жерде аристотельдік логика мен физиканы игереді, сонымен қатар өзінің танымын грек және латын тілдерінде жетілдіріп бес жыл оқиды. Бакалавр деңгейін алған ойшыл университет мұғалімдер қатарын толықтыруды қарамады. Осы кезеңде Оксфорд және басқа университеттерде билік құрған схоластикалық әдіс, оны академиялық карьерасынан бас тартуға итермеледі.
1620 жылы Лондонда латын тілінде Ф.Бэконның негізгі шығармасы Жаңа Органон шығады. Бірақ ол Гоббстың көзқарасын өзіне тарта алмады. Осы мерзімге жақын уақытта олар танысады. Бэкон 1621 жылы мемлекеттік қызметтен шеттетілгеннен кейін өзінің бүкіл өмірін ғылыми жұмысқа арнады. Гоббс онымен өмірінің соңғы кезеңінде жиі араласып тұрды және Тәжірбиелер немесе өсиеттер кітабының латын тілінде шығуына көмектесті.
Яков Стюарт І басқаруы кезеңінде корольмен парламент арасындағы конфликт өткір қайшылықтарға әкеле бастады. Ол бір жағынан феодалдық дворяндық және тақ иелерінің қалаулары, екінші жағынан жаңа дворяндар мен буржуазия қалаулары арасындағы қайшылықты бейнеледі. Соңғылар парламентті қолдана отырып өндіріс пен сауда да қарапайым тәртіп белгілеуге бағытталған Яков І парламенттің қарсыласуына кезісіп, абсолютизмді күшейту жолына күш салды. Бұл жаңа тап өкілдері жағынан қарсылық тудырды. Оған католицизмнің тірегі және колониалдық теңсіздік басқару үшін болған соғыстарда Англияның негізгі бәсекелесі Испаниямен жақындасуға ұмтылуы кері әсер етті. Яковтың мұрагері Карл Стюарт І де осындай саясат жүргізді. Гоббс ілімінің негізгі бағыттары қалыптаса бастаған кезеңдегі Англияның саяси жағдайы осындай болатын.
1629 жылы Гоббс өмірінде өзгерістер болды. Өзінің қамқоршысы граф Девонширский қайтыс болғаннан кейін ол бұл жанұяны тастап, лидерландылық бір дворянның үйіне тәрбиеші болып қызмет атқарады. Оқушысымен бірге Гоббс екінші саяхатын жасайды.
Олар Францияда болып 18 ай Парижде өмір сүреді. Бұл бір жарым жылды Гоббс оқумен ойлануға пайдаланады. Әдіс мәселесіне үлкен мән берді. Эвклидтің Бастаулар еңбегімен кездейсоқ танысқан ол геомет-риялық теоремалар дәлелдеулерінің логикалығы мен сенмімділігіне таң қалады. Онда философиялық саясат және мораль саласында ұқсас әдісті қолдануға болатындыңы туралы ой келеді.
Гоббстың Англияға қайта оралуға (1631) марқұм граф Девон-ширскийдің жанұясына келуін өтінген және оның баласын тәрбиелеуді қамқорлыққа алу туралы сұраныс бұл құбылысты жылдамдатты. Дәл осы кезеңде ол Галилейдің Жемнің басты екі Птолемейлік және Коперникалық жүйелері туралы диалог деген шығармасымен танысады. 1632 жылы жарық көрген бұл шығарма үлкен қызуғышылық тудырады, және оның табиғи құбылыстары оны зерттеу әдітері туралы ойларына әсер етті. 1634-36 жылдары Гоббстің континентке үшінші саясаты үлкен маңызға ие болды. Гоббс Парижде өмір сүрген кезеңінде Мерсенмен танысып, осы уақыттағы ғылыми идеялардың орталығы болған философиялық үйірмесіне кіреді. Мерсен үйірмесінде Гоббс француз материалист философы Гассендимен танысады. 1636 жылы итальян ұлы оқымыстысы Галилеймен тікелей қарым-қатынасқа түсіп, оның жаратылыстық және философиялық ойлары тереңінен танысуға мүмкіндік туады. 1637 жылы Гоббс революциялық жағдай қалыптаса бастаған Англияға оралады. Қарапайым жанұядан шыққан Томас Гоббс бірнеше жыл ағылшын ақсүйегінің үйінде өмір сүргендіктен жоғарғы тап өкілдері арасында оның таныстары мен достары аз болмады.
Мұның барлығы Гоббстың саяси көзқарасы мен оның бағытының қалыптасуына әсер етпей қоймады. Революцияның бас кезінде аристократтарға жақын болған Гоббс, Стюарттар абсолютизмнің сөзсіз жақтаушысы болған жоқ. Бұдан ары қарай Гоббстың реалистермен қарым-қатынасы бұзылады. Дегенмен ол революциялық демократиялық күштер жағына да өткен жоқ. 1640 жылы ұзақ парламент өзінің қызметін бастаған кезде Гоббс алғаш рет болашақ философиялық жүйесін жасайды. Құқық негіздері деп аталған шығармасы адам және оның табиғаты, саяси мәселелер жайында жазылған. Онда абсолюттік биліктің артықшылықтары да дәлелденеді. Жоғары биліктің тәуелсіз құқығын қорғауда Гоббс құдайлық сипат шарттарына сәйкес құрады. Мұны әдетте абсолютизм идеологтары жасаған еді.
Шығарма баспадан басылып шықпанғанмен халық арасына кеңінен тарады. Парламент лидерлері Гоббстің парламенттік көзқарастарын мақұлдамады. Корольдың жеке билігін қорғап қалу жауапкершілігімен қауіптеніп Гоббс Англияны тастап кетеді.
Гоббс мәжбүрлі түрде кеткеннен кейінгі жылдарын Францияда өткізеді. Мұнда ол Марсен үйірмесінде болатын дискуссияларға қатысып тұрды. Бұл дискуссияның негізігі тақырыбы 1641 жылы латын тілінде шыққан Р.Декарттың Алғашқы философия туралы ойлау шығармасы төңірегінде өтеді.
Алғашқы философия туралы ойлауға қарсы жазылған терістеулер еңбегінде Гоббс Декарт ілімінің негізгі ойларын терістейді. Ол картезиандықтың бастапқы пункті болып табылатын адам ойлайтын тіршілік иесі ойлаушы зат ретіндегі рух немесе жан, ой, ақыл дегенге қабыл алмайды. Гоббстың ойына Декарттың Мен ойлайтын бір нәрсемін, олай болса мен ойлаймын деген ой қорытындысы негізсіз деп табылуы керек. Гоббс: танушы зат пен танымды теңестіреді, ол танушы акті немесе ақыл мен танушылық қабілеті. Бұл дұрыс емес. Біріншіден субъектіні оның қабілеті мен актісінен ажырата білу керек.
Екіншіден ойлаушы зат рух, пайым, ақылға қатысты субъект бола отырып, сонымен қатар материалдық бір нәрсені түсіндіреді.
Қарастырып отырған мәселеге толық анықтық беру үшін Гоббс: Біз ойлауды ойлаушы материядан бөле алмаймыз, ойлаушы субстанцияның материалдылығы жайлы пайымы-мыздың оған қатысты материалды емес деген ойымызға қарағанда дұрыс көрінеді.
Гоббс алғашқы бұқаралық баяндама жасау кезінде өзінің көзқарасын Адам рухының табиғаты туралы Декарт идеализміне қарсы қоя отырып сенімді материалист ретінде көрсеткен.
Дегенмен Философия негіздерінің қорытынды бөлімі бірінші жарыққа шығады. Бұл Гоббстың 1642 жылы Парижде латын тілінде жарық көрген Азамат туралы еңбегі еді. Кітап авторы көрсетілмеген аз ғана тиражда шығады. Мұның себебі еңбегіне қарсы сын мен терістеуді ести отырып қайта бастырып шығарды. Т.Гоббстың ойшыл ретінде қалыптасуын Англияның ХVІ және ХVІІ ғасырдағы рухани өмірімен бөліп алуға болмайды. Дәл осы кезеңде Бэкон, Герберт, Чербери, Гарвей, Шекспир, Бек Джонсон сияқты ұлы ойшылдар өмір сүрген болатын. Гоббстың саналы дамуына Англиядағы саяси және мәдени жағдайдың әсері де болды, сонымен қатар континентінде өмір сүрген ғылым мен философия қайраткерлерімен болған тығыз және жемісті қатынастарының да себебі болғандығын ұмытпауымыз керек. Буржуазиялық философияның негізін салушылар Бэкон мен Декарттың ізінен Гоббс ортағасырлық схоластикамен күресті жалғастырды, философия мен ғылымның теологиядан толығымен ажырауын жариялады, философия тарихында алғашқы болып жалпыны қамтитын механикалық материализм жүйесін жасады. Онда сол кезеңде белгілі барлық ғылыми білім салаларын қамтуға тырысты. Гоббстың жүйесі дене, адам, мемлекет туралы ілімдерді қамтығанына қарамастан, оның көзқарасының орталық нүктесінде әлеуметтік-саяси өмір мәселесі тұрды. Адам мәселесі оны тек қана ерекше физикалық дене ретінде емес, сонымен қатар азамат, қоғамдық организм бөлігі ретінде де қызықтырды. Гоббс шындығында социологияның негізін салушылардың бірі және саяси ғылымды жасаушы болып саналады. Оның негізгі саяси және социологиялық еңбегі Левиафан жаңа заманның көптеген ойшылдары үшін, мораль мен құқық мәселесінде мемлекетті билік табиғаты жөніндегі зерттеулерге қайнар көз және ынталандырушы құрал ретінде қоладанылды. Оның ең алғашқы шығармасы 1640 жылы жазылған Заңдардың әлементтері. Бұл шығармада ол монархияны жақтаушы ретінде сипат-талады. Бұдан кейінгі шығармасы 1642 жылы жазылған Азамат туралы ілімнің философиялық әлементтері. Келесі бір шығармасы Философия негіздері деп аталады. Бұл еңбегі азамат, дене, адам, еркіндік және қажеттілік туралы жеке-жеке кітаптардан тұрады.
Ол философия пәнін ерекше қарастырады. Яғни философия оның ойынша барлық ғылымдардың арасындағы байланысты зерттеуі тиіс. Бэконның ізімен Гоббста білім күште деп қайталап оны философия бастаған ғылымдардың көмегімен жетуге болады. Оның пікірі бойынша - философиялық теория адамдардың қажеттілігінен практикалық қызығу-шылықтарына қызмет ете отырып, олардың өмір күресіндегі қажеттілігін дамыту болып табылады. Бірақ Гоббстің Бэконнан айырмашылығы ол абстрактілік материалистік философияны қалыптастырады. Гоббстің философиялық жүйесін үш бөліктен тұрады.
1. Дене жайлы ілім - дүниенің әртүрлілігі, заттар оның байланысы.
2. Адам жайлы ілім.
3. Азаматтық ілім.
1-ші бөлімінде материяның шынайылығы жайлы ойды дамытып, оның көптеген бөліктерге бөлінетінін және бір-бірінен көлемі мен формасы жағынан айырмашылық, өзгешелік болатынын айтады.
Гоббс материяны көптеген қасиеттермен сипаттайды, оларды акци-денциялар деп атайды. Акциденция латынша кездейсоқтың мәнді деп субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша өтпелі мәнсіз қасиеті.
Акциденцияны тану адамға өзінің дүниеге көзқарасын кеңейтуге, көптеген пайда болу себептерін тануға мүмкіндік береді. Негізгі акци-денциялық денелерге тартылыс, қозғалыс, орын жатады. Гоббс тартылыстың негізгі құрылымын мойындап ол бос нәрселердің барлығына күмән келтіреді.
Басты емес акциденцияға кеңістік және уақыт жатады. Кеңістік пен уақытты Гоббс материяның бір қасиеті ретінде қарастырды. Кеңістік - ол біздің нақты денелердің өмір суреті жайлы және олардың қасиетсіз болмыс жайлы айтамыз, ал уақыт - денелердің қозғалысқа түскенінен кейін білетініміз.
Гоббс Бэконның таным теориясын мойындап оны өз күшінде қалдырып, оған қосымша деректер енгізеді. Гоббс таным қабылдаудан басталып, ақылда аяқталады деп түсіндіреді. Таным теориясында ол сенсуалист болып, рационализм бағытында болады.
Гоббс пікірінше білім бұлағы объективтік шындықта және идеялық танымның негізі сезімдік түйсіктер арқылы пайда болады дейді. Сезімдік қабылдау объективтік шындықтың идеялық қайнар көзі болып табылады.
Гоббстың ойынша объективтік шындық дегеніміз - денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды. Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады ( ұзын - қысқа, жағары - төмен, үшбұрышты шар, квадрат тағы басқа). Сондықтан геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміз өзі - есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы.
Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан жігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адамзат табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамдардың табиғат өзіне-өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде дайындайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына қарсы күресі болатын. Мұндай соқтығыстық қатынас ұзаққа баруы мүмкін емес еді.
Екінші бөлімінде адамға тоқталады. Адам өмірі дейді философ - қозғалыс, әрекеттің ерекше түрі. Адам философтың ойынша - табиғат пен қоғам арасында, ал бір жағынан, ол табиғат денесінің күрделісі, екінші жағынан, әлеуметтік дененің жасанды конструкторы. Жасанды әлеуметтік дене адамдар арасындағы келісімнің негізінде қалыптасады және ол ешқандай тәңірлік күшке ие емес. Жалпы Гоббстың ойынша, адам ол тек қана табиғаттың жемісі, оның ақылы, санасы, ойы, зердесі жаратылыстану ғылымы арқылы түсіндіріледі. Мұндай көзқарас адамның негізгі мәнін ашудан аулақ жатыреді. Сондықтан болар ол сайып келгенде Гоббс адам адамға дос болмайды, керісінше адам адамға қасқыр деген идеяны ұсына отырып, жеке меншік тудырған мораль мен парасатты қатты сынады. Бірақ адамды механикалық негізде қарау Гоббстың философиясында үлкен қайшылықтарға ұғындырды. Мұндай көзқарас жаңа қоғамда өмір сүрген адамның рөлін қоғамдық еңбегінің мәнін ашып бере алмады. Сондықтан ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы метафизикалық материализм үстемдік етіп тұрған кезеңде адамға деген дұшпандық көзқарас пайда болды. Міне осының кесірінен адам жай механизмнің, яғни машина деген ұғымның айналасында қалды. Жалпы Адам қоғам өмірінің екі дәуірінен өтеді:
1. Табиғи.
2. Азаматтық.
Бұл жағдайда адам баласының жойылып кетуіне әкеліп соғады. Олай болмауы үшін адамдар бірігіп әлеуметтік келісімге келіп, әркім өз ырқының бір бөлігін жалпы ырыққа көндіреді. Ол жалпы ырық - мемлекет деген қорытындыға келеді. Сөйтіп ол мемлекеттің пайда болуын таптық емес, қоғамдық келісім жағынан шақырады. Демек мемлекетті жаратқан құдай емес, оны адамның өздері қолдан жасаған қоғамдық құбылыс деп түсіндіреді. Екінші дәуір бұл азаматтық та, мемлекет жасанды да сөйтіп адамдар өздерін қорғауға және адамша өмір сүруге мүмкіндік алған. Билеушінің айтқанын екі етпей орындауы керек. Себебі ол қоғамдық талап сұраныстарды түсініп білгендіктен дұрыс айтады. Мемлекеттік биліктің құқығы Гоббстың пікірінше ХVІІ ғасыр ортасындағы буржуазияның революцияны жасаушы үстем таптың қызығушылығымен сәйкес келеді.
Гоббстың ілімі буржуазиялық еркін ойлаушылар қатарында құрметті атақты алады. Киринализмның ымыраға келмейтін қарсыласы, шіркеулік қағидалардың өткір сынаушысы, діни фанатизмнің жауы Гоббс атеизмнің, философиялық негізделуіне маңызды енгізулер қосты.
Гоббстың материализмі мен атеизмі он жыл аралығында дін мен идеализмді жақтаушылар тарапынан шабуыл және сынның нысанына айналады. Гоббизм ұғымы ХVІІ ғасырда сенбеушілік ресми дін мен шіркеуді қабылдамаудың синонимі ретінде қолданылды.
Гоббстың іліміндегі дін ағылшын философы, әлемдік дін католицизмге, әлемдік үстемдікке талпынған Рим папасына қарсы шыққан, бірақ ол кез-келген ұлттық шіркеулердің беделін мойындауға дайын деді. Дін - ол игілік, егер мемлекеттің күшеюіне бағытталып әрекет етсе ол қайырым-сыздық болады. Гоббс дінді үзілді-кесілді жоққа шығарып, оның ғылымға қарсы келетінін ашып көрсетті, бірақ бұқара халықты тізгінде ұстау үшін дін қажет деп баса айтты.
Сонымен Томас Гоббстың саяси-әлеуметтік көзқарасы, оның мемлекет, қоғам, адам туралы ойлары кейінгі дәуірге ерекше әсер етті.
Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) Ағылшын материалистерінің ірі өкілі Гоббстың идеяларын жалғастырушы Джон Локк Пуритандық адвокат семьясында 1632 жылы дүниеге келді. Оксфорд университетінде бакалавр, одан кейін магистр дәрежесін алады. Отыз алты жасында патшалық қоғамның мүшесі, бір жылдан кейін кеңес мүшесі болады. Осы уақыттарда Локк медицина, жаратылыстану, экономика, саясат, педагогика мәселелерімен шұғылданады. Джон Локктың шығармалары: Адам ақыл ойы жайлы тәжірибелер, Діни еріктік туралы, Мемлекетті басқару туралы 2 трактат, Тәрбие туралы еңбек.
Оның философиясының шығармашылығы Англияда революциядан кейінгі қалпына келу заманында шығады.
Галилей, Гоббс бастаған схоластикаға қарсы күрес ең бірінші таным теориясы жайлы сұрақты шығарды. Осы мәселе 1660 жылы жазған Адам арқылы туралы тәжірибе еңбегінде қарастырылады. Локктың трактаты Декарттың туа біткен идеяларын сынаудан басталады.
Локктың айтуынша, адам ақылында ешқандай туа пайда болған идеялар адамгершілік болған емес. Барлық идеялардың қайнар көзі тек тәжірибелер. Осы жерде Локк тәжірибені екіге бөлді:
Сыртқы.
Ішкі.
Бірінші ол түйсікке, сезімге әсер ететін заттар, яғни материалдық дүние. Екінші ол рефлексия, оған адамның қайғылы қуанышы, жұбанышы т.б. эмоциялар кіреді. Сезімдік идеялар біздердің барлық идеялардың қоры. Рефлексиялық идеялар бізде пайда болып, біздердің жанымыздың әрекетімен ақылдың сыртқы жағдайын қарастырады. Сезімдік идеялар арқылы біздер қарастыратын заттардың сапасын қабылдаймыз. Бұл сапалық идеяларды Локк екі топқа бөледі. Бірінші сапалық идеялар олар заттардың өзіндік сапасы, олар денеден бөлінбейді және әр қашан сақталатын тұрақты идеялар. Алғашқы сапалық идеялар өзінің сапалық көшірмесі.
Ал екінші сапалық идеяларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ. )
XVIII ғасырдағы философия
Қайта өрлеу дәуірі философиясы
Вольтердің әлеуметтік көзқарастары
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Жаңа заман философиясы туралы мағлұматтар
Ортағасыр христиан философиясы
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері
ХVІІІ ғасырдағы Француз материализмі
Пәндер