Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жапониядағы педагогикалық мектеп
2. Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі
3. Жапонияның жоғары білім беру жүйесі туралы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жапония елінде оқу жылы сәуір айында басталады және ол триместрлерге бөлінген. Бірінші триместр 20 шілдеде аяқталады, содан соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Екінші триместр 1 қыркүйектен желтоқсан айының соңына дейін жалғасады, ал үшіншісі - қаңтар - наурыз айлары аралығында болады. Бір сыныптан басқа сыныпқа ауысу бір апталық көктемгі демалыс кезінде жүргізіледі.
Жапонияда мектеп мұғалімі - ежелден бері ер адамдардың мамандығы болып есептеледі.
Жапония мектептерінің көбісінде асхана жоқ, оқушылар сыныпта тамақтанады.
Ең ғылыми техникалық прогресстің шыңырау шегіне жеткен Жапония елі әлемді өзінің өмірдің түрлі саласындағы табыстарымен таң қалдырады, соның ішінде және білімде де ерекше назар аударуда.
Жапониядағы білім - бұл, отбасы, қоғам және мемлекет қолдайтын мәдениет болып табылады. Кіші жастан бастап жапондықтар үнемі және қарқынды білім алады.
Жапониядағы білім берудің тағы бір ерекшелігі, олар тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында мұғалімдердің шағын тобын құрып сабақтағы іс - әрекетті зерттейді. Жапониядағы білім беру жүйесі американдық білім беру жүйесіне ұқсайды, бірақ өзіне тән ерекшелігі бар. Жапон мектебі шетелдің озық тәжірибесін өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне кәсіби лайықтап, пайдаланады.

1.Жапониядағы педагогикалық мектеп

Жапонияда Балаларды дамытып - Жапонияны дамытамыз! атты қағида елді басқарудағы басты ережелердің бірі, не ексең соны орарсың мақалына ұқсас болып келеді.
Жапон елінде балалар қиындықтарды өздері шешеді. Олардың бар қиындықтары оқуда ғана, сондықтан олар емтихан тапсыру арқылы өзінің орнын анықтайды. Егер жақсы білім алса, мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып, мемлекеттік қызметке орналаса алады. Оқу деңгейі төмендеу болса, жеке меншік қымбат оқуға түсуге мүмкіндігі ғана болады және оны тамамдаған мамандарды жұмысқа алмайды. Сонымен олардың қоғамда бөлінуі бала кезінде емтихандардан өтуіне байланысты, бәсекелестік ерте жастан басталады. Білім берудегі тәрбие мен оқудың негізгі саясаты-ерекше ойлайтын, шығармашыл, жан дүниесі бай тұлға тәрбиелеу. Барлық білім бөлімдерінің мақсаты - өскелең ұрпағына дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын үйрету. Ол елде мектепке дейінгі білімге көп көңіл бөлінеді, кіші жастағы балаларда қарым-қатынас дағдысы қалыптасады, ұжымдыққа баулитын құндылықтар өте маңызды. Балаларға отбасының тәрбиесі өте маңызды, өмірінің мәні балалардың тәрбиелі болуына байланысты екенін айтады. Кіші және орта буындарда топтық тәртіппен оқытылады, топ құрамы іс-әрекетінің тиімділігіне сәйкес 7-8 баладан тұрады. Әңгімелеуші құрбысына қалай қарау оның пікірін тыңдай білу, өзін көрсету дағдыларын қалыптастырады. Мұғалімдер мен балалар тапсырмаларды бағалау кезінде тәртібі мен басқа мәселелер туралы сұрақтар туындаса, жеке оқушыға емес, топқа байланысты, ол жүйе алшақтатудың, кикілжіңді болдырмай, балалардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Соробон құралы пайдаланылады, ол шығармашылық қабілетін арттырып, ойша есептеуге ықпал етеді. Жапон мектептерінде дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді: кез келген оқушы үстел тенисі, әскери қимыл әрекеттерін, жеңіл атлетика негіздерін игереді. Мектепте білім алу мерзімі 12 жыл, ана тілінің қиындығына байланысты оның жартысы бастауыш. Ағарту министрлігімен бекітілген бастауыш сыныпта минимум 1850 иероглиф меңгерілуі тиіс. Кітап оқу үшін 3 мыңнан артық білу керек. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектептен кейін міндетті емес шеберлік мектебінде дайындыққа қатыса алады. Кіші және орта буында барлық бағдарламалар арқылы күнделікті өмірде өзін бақылай білуге, адамдарға, жануарларға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, әдемілікті сезінуге, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағыттайды,білім білік дағдысына аз көңіл бөлінеді. Жоғары сыныптарында жоғарғы оқуға түсуге дайындайды. Қоғамда адам еңбекпен тәрбиеленген, тек іскер қабілетімен ғана бағаланады. Жапон халқының тағы бір ерекшелігі қыз бала үшін негізгісі қызмет емес, ана болу деп қарайды да, ер балаларға ерекше қатал талаптар қойылады. Халықарлық математикалық сайыстардан жүлделі орындарды иеленеді.
Жапон елінде оқу-тәрбие үрдісі оқушылардың рухы мықты болуына бағытталталған және әр бала міндетті спорт түрлерін игеруі, олардың салауатты өмір салтына бейімделуі мектеп жасынан басталады екен. Білім алуында иероглифтары өте көп, сонымен қатар білімді игеруде қиын, көбінесе жаттанды білімге көп көңіл бөлінетіні байқалды. Аналары ер балаларды оқытуда аса басымдылық, қаталдық көрсетеді екен. Ұқсастығы: Жапон елі де біздегідей қыз балаға болашақ ана ретінде қарап, ерекше көзқараспен тәрбиесіне көңіл бөледі екен, қазақ халқы да қыз балаға қонақ деп қарап ерекше құрмет көрсетеді, дегенмен гендерлік саясат бойынша қызмет басым.
Жапонияның азаматы деп ұғынатын бала тәрбиелеу; төр - тінші дені сау және белсенді бала тәрбиелеу.
Жапондық үздіксіз білім беру жүйесі жа - пон қоғамының рухани-адамгершілік құн - дылықтарын көрсететін негізгі үш өмірлік принципті насихаттайды. Олар:
бірінші, ойлай біл, өз бетіңше шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын іздеп, таба біл;
екінші, әдемілікті түсін, өзіңдегі әдемілік сезімді тәрбиеле, жаның сұлу, жүрегің ме - йірімді болсын, тілектес бола біл;
үшінші, денің сау, төзімді, күшті бол.

2.Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі

Қазіргі уақытта Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі дүние жүзіндегі ең алдыңғы қатарлы жүйе, әрі сол елдің қа - рыштап дамуының негізі болып отыр. Мұны бүкіл дүние жүзі мойындаған.
Жапондық үздіксіз білім беру жүйесі жапон қоғамының рухани-адамгершілік құндылықтарын көрсететін негізгі 3 өмірлік ұстанымды насихаттайды. Олар:
1. Ойланып үйрен, өз бетіңмен шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын ізде және тап;
2. Әдемілікті түсін, өзіңде сұлулық сезімін тәрбиеле, жаның сұлу болсын, мейрімді бол, аяушылық білдіре біл;
3. Денің сау, төзімді, күшті бол.
Жапондық білім жүйесін мұқият зерттегенімізде осы ұстанымдардың өмірде, оқу үрдісінде, қоғамда нақты жүзеге асып отырғанын байқадық.
Жапонияда білім беру, тәрбиелеу, адамды қалыптастыру философиялары өзара тығыз байланысты. Жапон мектебінде дәстүрлі оқыту мақсаты білім беруге қарағанда, тәрбиеге көп мән береді. Халық арасында ғалам болғанша, жақсы алам болған дұрыс деп есептейді.
Жапондардың мектепке, ұстазға деген дәстүрлі құрметі, қарым-қатынасы сыйлауға лайық. Ұстаз оқушылар үшін адамгершілігі жоғары тұлға моделі, үлгі тұтарлық мысал болып табылады. Ұстаз - ұлт игілігі - деп есептейді жапондар. Үш қадам артқа шегін, бірақ мұғалімнің көлеңкесін баспа - дейді ежелгі даналық.
Жапония - өзінің бүкіл тарихы бойында жас ұрпақты тәрбиелеуге зор көңіл бөлген ел. Қытай білімпаздығы және жапон рухы (кансай-вакон) ұраны Жапон рухы және батыс технологиясы (вакон-есай) ұранына ауыстырылды. Вакон-есай - шетелдіктер жасаған білімді алу, бірақ оларға жапон рухы мен жапондық ойлау қалпының негіздерін әлсіретуге мүмкіндік бермеу дегенді білдіреді. Осы күнге дейін вакон-есай ұстанымы Жапониядағы білім беруді дамыту стратегиясын анықтайды.
Біз Жапондық ғасырлық дәстүрі бар балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу жүйесі мен сондайлық ғасырлық тарихы бар, тамыры тереңде жатқан қазақ халқының дәстүрлі халықтық тәрбиесі арасында көптеген ұқсастықтарды таба аламыз. Бірақ, өкінішке қарай, біздің көптеген құндылықтарымыз жоғалып, ұмытылған және идеологиялық қысымға ұшыраған. Ендігі жағдайда неге сол құндылықтарымызды заман талабын ескере отырып жандандырмаймыз, неге Европаға жалтақтай береміз? Қазіргі уақытта Америка мен Европа елдерінің ғалымдары жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беруде Шығыс елдерінің озық екенін мойындап, оның білімділіктің түп қазығы болатынын ескертіп, үлгі тұтып отыр. Біз неге мұны мойындамаймыз?
Жапон елінің 6 жылдық бастауыш сыныптарда балаларға рухани-адамгершілік және дене тәрбиесі пәндері барлық жүктеменің 51 пайызы көлемінде оқытылатын болса, қарастырылып отырған Стандартта тек 30 пайыз көлемінде ғана оқыту жоспарланған.
Мысалы, Жапония мектептерінде 1-2 сыныптарда Қоршаған ортаны зерттеу, Музыка, Сурет салу және сызу, Дене шынықтыру, Адамгершілік тәрбиесі пәндері мол сағатпен оқытылатын болса, бекітілуге ұсынылып отырған Стандартта Дүние тану, Өзін - өзі тану, Өнер, Дене шынықтыру пәндерін аз ғана сағатпен оқыту жоспарланған. Керісінше, күрделі пәндерді оқытуға мол сағат бөлінген. Бұл дұрыс емес.

3.Жапонияның жоғары білім беру жүйесі туралы

Жапонияда 425 жеке меншік университеттерді қосқанда барлығы 600-ге жуық университет бар. Ең беделді оқу орындары қатарына Токио (1877 жылы құрылған, 11 факультеттен тұрады), Киото (1897 жылы құрылған, 10 факультеті бар) және Осака университеті (1931 жылғы, 10 факультеті бар) жатады.
Жоғары білім беру жүйесі келесі 4 түрлі оқу мекемелерінен тұрады:
-толық циклды университеттер-4 жыл
-жеделдетілген циклді университеттер-2 жыл
-кәсіби колледждер
-техникалық институттар
Қазіргі кезде Жапонияның жоғары оқу орындары дайындықтың түрлі деңгейін құруда.
Бакалавриат. Gakushi -- бірінші ғылыми дәреже -- бакалавр атағын алу үшін студент төрт жылдық оқу ішінде, семестрдің әр аптасында аудиториялар мен лабораторияларда өткізілетін курс көлемін бағалау үшін көрсетілген пән түрлерінен сынақ бірлігінің (танъи) белгілі бір санын жинауы керек. Бакалавр дәрежесін алу үшін сынақ бірлігінің саны 124-тен 150-ге дейін баруы керек. Медицинадан басқа салаларда жалпы білім беру пәндері бойынша (жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар) 36 танъидан барлығы 124 танъи, шет тілінен −8, дене шынықтырудан- 4, ал кәсіби пәндерден- 76 жинау қажет.
Бір танъи алу үшін келесі талаптарды орындау керек:
-- Студенттен апта сайын екі сағаттық өзіндік жұмысын талап ететін, аптасына 1 сағат көлемінде 15 апта бойы өтетін лекция курстарын тыңдау.
-- Апта сайын бір сағаттық дайындықты талап ететін, аптасына 2 сағат көлемінде 15 апта бойы өтетін семинар сабақтарына қатысу.
-- Студенттен апта сайын 3 сағаттық дайындықты талап ететін, аптасына 2 сағат көлемінде 15 апта бойы өтетін лабораториялық сабақтарға қатысу.
Жапония университеттеріндегі оқу процестері ұйымдастырылуының ерекше тұстары- жалпығылыми және арнайы пәндерге бөлінуі. Алғашқы екі жылда студенттер өзінің болашақ мамандығы бойынша арнайы курстарды тыңдаумен қатар, шет тілі, қоғамтану, әдебиет, философия, тарих секілді жалпы ғылыми пәндерді оқи отырып, жалпы білім беру дайындықтарынан өтеді. Екі жылдық кезеңнің алғашқы жылында студенттер таңдаған мамандықтарын терең тануына мүмкіндіктер алады, ал оқытушылар студент таңдауының дұрыстығына көз жеткізе отырып, олардың ғылыми шамасын анықтайды.
Жалпы дайындық арнайы жалпы білім беру факультеттерінің шеңберінде жүзеге асырылады және мынадай бағыттарды қамтиды:
-Мәдениеттану пәні: мәдениеттануға кіріспе; пәнаралық курстар.
-негізгі пәндер шет тілі, дене шынықтыру, информатика, сөйлеу мәдениеті (риторика).
Оқу процесі тереңдетілген өзіндік жұмыстарының қағидаттары және ғылым жетекшісімен өткізілетін ұзақ уақыттық жұмыс принциптері негізінде жиі жүргізіледі. Университеттердің көпшілігі оқу процестерін семестрлік жүйе бойынша ұйымдастырады.
Магистратура. Магистратура дәрежесіндегі бағдарлама тереңдетілген ғылыми және кәсіби мамандандыруды көздейді. Магистр дәрежесін алу үшін студент мына талаптарды орындауы қажет:
-30 сынақ бірлігіне тең 2 жылдық білімі болуы керек;
-магистрлік диссертацияны ұсынып, соған қатысты жағымды баға алуға тиіс;
-мамандығы бойынша емтихан тапсыруы тиіс.
Докторантура. Бакалавр дәрежесі 5 жылдан кем емес және магистр дәрежесі барларға философия докторы дәрежесі бойынша 3 жыл оқуы талап етіледі. Докторлық бағдарламалар 50 сынақ бірлігінен тұратын оқу курстары мен бітіру емтихандарынан, сонымен қатар өз бетімен жүргізілген зерттеулер негізінде қорғалатын диссертациядан тұрады.
Білім беруді зерттеу орталығы (NIER) кешенді білім беру саясаты үшін зерттеудің ұлттық органы ретінде ғылыми зерттеулерді жинақтау мен талдауғажауап береді, сонымен қатар Жапонияны халықаралық қоғамдастықта танытады жəне қажетті кеңестерді, қолдауды жəне ақпаратты білім берумен байланысты ішкі органдар мен институттарға ұсынады. Бірінші күніміз Токио қаласында балабақша тəрбиеленушілері, мектеп оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінің қатысуымен өткізілген Дене шынықтыру (Денсаулық жəне спорт мерекесі) - мемлекеттік мерекесіне қатысудан басталды. Жапонияда Дене шынықтыру күні - мемлекеттік мерекелердің бірі болып табылады (жапонша - Тайку-но хи деп аталады). Бұл мереке жыл сайын қазан айының екінші жартысында, дүйсенбі күні аталып өтіледі. Алғаш рет бұл мереке 1966 жылы аталып өткен. Бұл мерекені атапөтукүніТокиода 1964 жылыөткізілгенжазғы Олимпиада ойындарының ашылуы болған 10-қазанға сəйкестендіріліп белгіленген болатын, кейіннен Жапония Үкіметінің шешімімен қазан айының екінші жартысының дүйсенбі күніне ауыстырылды. Мерекенің басты міндеті - жапондықтарды спортпен шұғылдануға тарту, дені сау тəн мен рухта тəрбиелеу. Токио қаласында өткізілген мемлекеттік мереке ба- рысында білім алушылар мерекені жаппай таңертеңгілік жаттығулар мен қимылдардан бастады. Осыдан кейін оқушылар арасында спорттың əр түрі бойынша жарыстар, əсіресе марафондық қашықтыққа əуесқойлар жүгірісі өткізілді. Бұл күн Жапония елінде демалыс күні болып жарияланған.
Одан кейінгі күндеріміз Токио қаласындағы мектептердің жұмысымен танысумен жалғасты. Мектептерді зерделеу кезінде Жапония білім беру жүйесі туралы төмендегідей сұрақтар қоя отырып, пікір алмастық: - жалпы, жапонияның білім беру жүйесі туралы айтып берсеңіздер?; - мектепке дейінгі білім беру жүйесі туралы білгіміз келеді; - орта білім жүйесінің құрылымы мен ерекшеліктері туралы өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер? - Жапония елінің кəсіптік жəне жоғары білім беру жүйесі туралы білгіміз келеді. - мектепте жүргізілетін тəрбие жұмысымен ой бөліссеңіздер екен. Осы қойған сұрақтарымызға төмендегідей жауаптар алдық. Жапонияның білім беру жүйесі. Жапония елінде оқу жылы 1 сəуірде басталады жəне ол триместрлерге бөлінген. Бірінші триместр 20 шілдеде аяқталады, содан соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Екінші триместр 1 қыркүйектен желтоқсан айының соңына дейін жалғасады, ал үшіншісі қаңтар - наурыз айларында болады. Бір сыныптан басқа сыныпқа ауысу бір апталық көктемгі демалыс кезінде жүргізіледі. Каникулдардың кестесімектептер, балабақшаларжəне жоғары оқу орындары үшін бірдей. Жапонияның білім беру жүйесінің айтарлықтай ерекшелігі балабақшаларда жəне мектептерде жыл бойында оқу кезінде топтар мен сыныптардың құрамы үнемі өзгеріп тұратындығында. Бұл сыныпта немесе топта білім алушылармен қандай да бір себептермен тіл табыса алмаған оқушыларға, келесі жылы басқа оқушылармен достасып кетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл оқушылардың байланысқа бейімділігін дамытады. Жапонияда мектеп мұғалімі ежелден бері ер адамдардың мамандығы болып есептеледі. Жапонияның білім беру жүйесі мектепке дейінгі, бастауыш, толық емес орта, толық орта жəне жоғары білім беру кезеңдерінен тұрады. Əрбір кезең келесідей мақсаттарды анықтайды: жақсы бастауыш мектепте оқу беделді орта мектепке көшуге, одан əрі университетке түсуге кепілдік береді.
Жапонияның мектепке дейінгі білім беру жүйесі. Жапонияда балабақшалар білім беру жүйесінің міндетті сатысы болып табылмайды, өйткені олардың басым бөлігі жекеменшік, тек аз ғана бөлігі мемлекеттік орталықтар болып табылады. Керісінше, балалар- дыəлеуметтендіру сатыларының бірі болып табылады: олар оны құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйретеді, мектептегі оқу үдерісіне тез əрі жылдам үйреніп кетуге ықпал ету үшін ұжымға бейімдейді. Ол балабақшаларға 4 жастан бастап қабылдайды (3 жастан бастап ата-ана- лары жұмыс істеген жағдайда). Сонымен қатар 1 жа- стан бастап қабылдайтын бөбекжайлар жұмыс істейді, бірақ бөбекжайларға ата-аналардың тек нақты себептері болса ғана, міндетті өтініші жəне комиссияның қолдау көрсетілген құжаттары негізінде ғана қабылданады, кейбір жағдайда комиссия қолдау көрсетпеуі де мүмкін. Бұның себебі, ата-аналардың балаларға үйде тəрбие бермеуіне қайшы келуінде. Жапония балабақшаларында сəбидің бойына өзін-өзі дамыту дағдыларының қалыптасуына, бұдан басқа өз денсаулығын қадірлеуге жəне қоршаған ортаға ұқыппен қарауға үйретеді. Жапонияның мектептік білім беру жүйесі. Жапония 12 жылдық мектептік білім беру жүйесімен жұмыс істейді. Жапонияның білім беру жүйесінде көптеген мек- тептер муниципалдық болып табылады жəне бюджет есебінен қаржыландырылады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
Хэйан кезеңі жапон тарихындағы өте маңызды кезең
Әлемдік деңгейдегі мектептегі білім жүйесі
Жапониядағы педагогикалық мектеп
Жапон өнеркәсібі және экономикалық перспективасы
Мемлекеттік білім беру саясаты
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының “Ғажайып дамуы”
Қазақстандағы ауаның ластануы
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
Экологиялық мәдениет ұғымы
Пәндер