Жапонияның жоғары білім беру жүйесі туралы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жапонияның жоғары білім беру жүйесі туралы

Жапонияда 425 жеке меншік университеттерді қосқанда барлығы 600-ге жуық университет бар. Ең беделді оқу орындары қатарына Токио (1877 жылы құрылған, 11 факультеттен тұрады), Киото (1897 жылы құрылған, 10 факультеті бар) және Осака университеті (1931 жылғы, 10 факультеті бар) жатады.

Жоғары білім беру жүйесі келесі 4 түрлі оқу мекемелерінен тұрады:

-толық циклды университеттер-4 жыл

-жеделдетілген циклді университеттер-2 жыл

-кәсіби колледждер

-техникалық институттар

Қазіргі кезде Жапонияның жоғары оқу орындары дайындықтың түрлі деңгейін құруда.

Бакалавриат. Gakushi-бірінші ғылыми дәреже-бакалавр атағын алу үшін студент төрт жылдық оқу ішінде, семестрдің әр аптасында аудиториялар мен лабораторияларда өткізілетін курс көлемін бағалау үшін көрсетілген пән түрлерінен сынақ бірлігінің (танъи) белгілі бір санын жинауы керек. Бакалавр дәрежесін алу үшін сынақ бірлігінің саны 124-тен 150-ге дейін баруы керек. Медицинадан басқа салаларда жалпы білім беру пәндері бойынша (жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар) 36 танъидан барлығы 124 танъи, шет тілінен −8, дене шынықтырудан- 4, ал кәсіби пәндерден- 76 жинау қажет.

Бір танъи алу үшін келесі талаптарды орындау керек:

-Студенттен апта сайын екі сағаттық өзіндік жұмысын талап ететін, аптасына 1 сағат көлемінде 15 апта бойы өтетін лекция курстарын тыңдау.

-Апта сайын бір сағаттық дайындықты талап ететін, аптасына 2 сағат көлемінде 15 апта бойы өтетін семинар сабақтарына қатысу.

-Студенттен апта сайын 3 сағаттық дайындықты талап ететін, аптасына 2 сағат көлемінде 15 апта бойы өтетін лабораториялық сабақтарға қатысу.

Жапония университеттеріндегі оқу процестері ұйымдастырылуының ерекше тұстары- жалпығылыми және арнайы пәндерге бөлінуі. Алғашқы екі жылда студенттер өзінің болашақ мамандығы бойынша арнайы курстарды тыңдаумен қатар, шет тілі, қоғамтану, әдебиет, философия, тарих секілді жалпы ғылыми пәндерді оқи отырып, жалпы білім беру дайындықтарынан өтеді. Екі жылдық кезеңнің алғашқы жылында студенттер таңдаған мамандықтарын терең тануына мүмкіндіктер алады, ал оқытушылар студент таңдауының дұрыстығына көз жеткізе отырып, олардың ғылыми шамасын анықтайды.

Жалпы дайындық арнайы жалпы білім беру факультеттерінің шеңберінде жүзеге асырылады және мынадай бағыттарды қамтиды:

-Мәдениеттану пәні: мәдениеттануға кіріспе; пәнаралық курстар.

-негізгі пәндер шет тілі, дене шынықтыру, информатика, сөйлеу мәдениеті (риторика) .

Оқу процесі тереңдетілген өзіндік жұмыстарының қағидаттары және ғылым жетекшісімен өткізілетін ұзақ уақыттық жұмыс принциптері негізінде жиі жүргізіледі. Университеттердің көпшілігі оқу процестерін семестрлік жүйе бойынша ұйымдастырады.

Магистратура. Магистратура дәрежесіндегі бағдарлама тереңдетілген ғылыми және кәсіби мамандандыруды көздейді. Магистр дәрежесін алу үшін студент мына талаптарды орындауы қажет:

-30 сынақ бірлігіне тең 2 жылдық білімі болуы керек;

-магистрлік диссертацияны ұсынып, соған қатысты жағымды баға алуға тиіс;

-мамандығы бойынша емтихан тапсыруы тиіс.

Докторантура. Бакалавр дәрежесі 5 жылдан кем емес және магистр дәрежесі барларға философия докторы дәрежесі бойынша 3 жыл оқуы талап етіледі. Докторлық бағдарламалар 50 сынақ бірлігінен тұратын оқу курстары мен бітіру емтихандарынан, сонымен қатар өз бетімен жүргізілген зерттеулер негізінде қорғалатын диссертациядан тұрады.

Жапония университеттеріне түсу кезіндегі жалпы талаптар

Бакалавриат

Жапон тілін білу.

Үміткерлердің жасы 18 жастан жоғары болуы керек.

2006 жылдың 31 мамырындағы жағдай бойынша 12 жылдық мектепті аяқтағандығын дәлелтейтін құжаттың болуы. Үміткерлер білім алғандығын дәлелдейтін құжаттың жапон тіліндегі ресми аудармасын өткізулері керек.

Талапкерлер орта мектепті бітіргендігі туралы аттестатпен бірге өз елінде кемінде 2 семестрден тұратын тілдік курсты өткендігін дәлелдейтін куәлікті және жапон тілі оқытушысының жазбаша түрдегі ұсыныс хатын қосып жіберулері керек.

Емтихандардың тізімі таңдаған жоғары оқу орнына байланысты болмақ.

Магистратура

Үміткерлердің жасы 18 жастан жоғары болуы керек.

Бакалавр дәрежесін алғандығы туралы диплом. Үміткерлер білім алғандығын дәлелдейтін құжаттың жапон тіліндегі ресми аудармасын өткізулері керек.

Мамандыққа қатысты ауызша сұхбаттың қорытындысы.

TOEFL сертификаты

Жапон тілін білетіндігін дәлелдейтін құжат.

Оқуға түсуші басқа елдің оқу орнында кемінде 16 жыл білім алып шығуы керек.

Магистр дәрежесінің болуы керек немесе аталған дәрежені алуды 2006 жылдың 31 мамырына дейін күту.

Магистратура немесе докторантура бағдарламалары шетелдік талапкерлерден жапон тілін еркін білулерін талап етпейді. Медицина және техникалық факультеттер бойынша білім беретін университеттердің көпшілігінде сабақ тек жапон тілдерінде жүргізіледі, ал ағылшын тілінде көбінесе гуманитарлық бағытта оқытылады.

Магистратура немесе аспирантураға түсу үшін, осы бағдарламаларға мамандығы сәйкес келетін бакалавр дипломын ұсыну керек.

Докторантура

жапон оқу орындарынан алған магистр дәрежесі болуы тиіс немесе кемінде 16 жыл басқа елдің оқу орындарында білім алуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
Хэйан кезеңі жапон тарихындағы өте маңызды кезең
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының “Ғажайып дамуы”
Жапон өнеркәсібі және экономикалық перспективасы
Жапония — күн-шығыс елі
Әлемдік деңгейдегі мектептегі білім жүйесі
Америка мен Жапонияның тарихы
Жапония экономикасының қазіргі жағдайы
Модернизация-жапондық феномен ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz