Жас балаға жасалынатын массаж жаттығулары



Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Жас балаға жасалынатын массаж жаттығулары
1. 1 - 3 айға толған балаға жасалатын массаж жаттығуларының жобасы
2. 3-4 ай болған балаға жасалатын массаж жаттығуларының жобасы
3. 4-6 ай болған балаға жасалатьш массаж жаттығуларының жобасы
4. 6 ай болған балаға жасалатын массаж жаттығуларының жобасы
5. 6-12 ай болған балаға жасалатын массаж жаттығуларының жобасы
6. 4 - 6 ай болған балаға жасалатын массаж жаттығу
7. 9 -10 ай болған балаға жасалатын массаж
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Жас балаға жасалынатын массаж жаттығулары
Жас балаға массаж жасау үшін массаж қалай жасаудың алғашқы мағлұматын негізін білу жөн. Массаж жасаудың төмендегідей түрлері болады:
1. Сипау. Баланың денесін алақанмен және саусақтың басымен ары-бері жүргізіп сылауды сипау деп атайды.
Сипауды бір колмен немесе екі қолмен кезектеп жасау керек. Сипауды массаж жасаудың алдында немесе соңында жүргізу керек. Сипау қан тамырларының таралуын тері бездерінің жұмысын айтады. Терінін ыстық суықтығын 0,2-0,3 градус қосып шынықтырады. Бұлшық еттің жұмысын жақсартады.
2. Уқалау алақанның сырты мен саусақтың ұшымен әртүрлі уқалау жүргізіледі. Уқалау қан айналасының ағысын жақсартады. Уқалауды қан ағысына қарама қарсы жүргізу керек. Уқалау денеге канның айналысын жақсартады. Әртүрлі ауруларды бәсеңдетеді.
3. Мыжу. Бұл уқалауға ұқсас болғанмен массаж жасайтын адамның колы терінің үстінде қозғалыссыз тереңдете басып мыжиды. Мыжуды уқалаумен косып жүргізу керек.
4. Ұрғылау қолдың саусағын аздап иіп саусақтың үшымен денені баяу ұрады. Қолдың қозғалысы жай онша катты болмау керек. Бұл шеткі жүйке талшықтарының түйсіктерін бәсеңдетіп бұлшық еттің қызметін жақсартады.
5. Толқу бір саусақпен немесе барлық саусақпен баланың денесін басып қайта босатып толқу жаттығуын жүргізеді. Бұл жаттығу терідегі нерв түйіндерінщ қызметін жақсартады. Жас балапыц денесінің өсіп жетілуі жылдам болғандықтан сыртқы ортаның қатынасы көп әсер береді.
Баланың қозғалысы аз кезінде денесін ширатып шынықтыру үшін жоғарыдағы жаттығуларды үнемі жасап отыру қажет.
Алғашкы бір жылда баланың салмағы 200% косылып, дененің үзындыгы 50% бас сүйегінің көлемі 30%-ке дейін жылдамдықпен өседі. Бүған қарағанда балаыың осіп жетілуіне сыртқы ортамен спорт, дене шынықтырудың жақсы әсер ететіндігін әрбір адам дұрыс түсінуі керек.
Бала денесін семьяда қалай шынықтыруды дәрігерлердің кеңесімен жүргһу қажет. Бала 1,5-2 айға толысымен барлық денеге жасалатын массаж жаттығуларын жасау керск. Егер бала екі айдан асқан болса жасына байланысты жаттығулар жасау ксрек. Қандай жастағы бала болсын жаттығу жасайтын бөлменің температурасы 20 градустан төмеп емес болу керек.
Балаға семья жағдайында массаж жасағанда біртегіс қатты заттың немесе столдың үстіне жұмсақ көрпе салып жатқызу аркылы жүргізіледі. Массаж аяқталғаннан кейіы баланы жылылап орап төсекке 20-30 минут қозғалыссыз жатқызады. Массаж жасар алдында қолды сабынды жылы сумен жуып таза орамалмен құрғатады. Тырнақты түгелдей алып саусаққа жүзік, сақина қолға білезік, сағат сияқты заттарды салмау керек. Қолдың терісін жұмсартатын вазелин, тальк сияқты заітарды жағады. Массаж жаттығуларын күнде белгілі бір уақытта тамақтану емізуден 30-40 минут бұрын жасау керек. Массаж жасау соншалықты қиын болғандықтан аналар өздері жасап үйрену керек.

1 - 3 айға толған балаға жасалатын массаж жаттығуларының жобасы

1. Қолға массаж жасау. Баланың бір қолын ұстап 2-ші қолының алақанымен массаж жасайды. Мұнда саусақтың ұшынан иықка қарай өрлете жасайды. Әрбір қолға 5-6 рет қайталанады.
2. Аяқка массаж баланы шалқасынан жатқызып бір колмен өкідесінен ұстап, екінші қолмен өкшеден жіліншікті бастыра құйрыққа қарай ерсілі-карсылы сипайды. Бұл жаттығу 5-6 рет қайталанады.
3. Баланы етпетінен жатқызады. Басын көтере алмаса қолмен көкіректен аздап жоғары көтереді. Бұл жаттығу 10-15 минут жасалады.
4. Арқаны сипау. Баланы шалқасынан жатқызып екі қолдың сыртымеп мойыннан құйрыққа, құйрыктан мойынға қарай сипайды. Бір қолымен кеудесінен аздап көтеру керек.
5. Белді шалқайту. Баланы жанынан жатқызып, аркасына қарай аздап шалқайтады. Бұл жаттығу 1-2 рет қана қайталанады.
6. Ішті сипау. Баланы шалқасынан жатқызып алақанмен кіндікті айналдыра сипайды. Бұл 4-5 қайталанады.
7. Еңбектету. Баланы етпетінен жатқызьш табанынан алаканмен алға қарай аздап сырғытады. Бала басын көтере алмайтын болса кеудесінің астына бір қолмен сүйемелдеу керек. Мұндай жаттығу 2-3 қайталанады.
8. Қолды сипау. 1-жаттығумен бірдей жасалады.
9. Аяқты сипау. 2- жаттығумен бірдей жасалады.
10. Аяқтың табанын сипау. Басбармақтың ұшынан өкшеге қарай сипайды. Бұл 6-8 рет қайталанады.
11. Аяқтың саусақтарын бүгу. Аяқтың басына қарай өкшені саусақпен басса бала аяғының саусақтарын бүгеді. Қолды алғанда қайта жазады. Мұндай жаттығуды әрбір аякка 2-3 минут қайталап жасайды.

3-4 ай болған балаға жасалатын массаж жаттығуларының жобасы

1. Қолға істелетін жаттығу 6-8 рет қайталанады.
2. Қолды кеудесіне айқастырып екі жаққа созады да екі қолды қайтадан кеудесіне айқастырады. Мұнда 1-қолды 2-қолдың үстіне салады. Жаттығу 3-4 рет қайталанады.
3. Ішін сипау. Кіндікті айналдыра шеңбер формада сипайды. Бұдан кейін іштін ұзын талшықты бұлшық еттеріне массаж жасайды. Мұнда екі қолмен сол жақ қабырғаның етінен төмен қарай және жоғар қарай карама-қарсы сипайды. Мұндай жаттығу екі қабырғаға кезектесіп жасалады да ең соңында кіндікті айналдыра шеңбер формалы жаттығу жасайды.
4. Аяқты сипау. Баланы шалқасынан жатқызып алақанмен балтыр құйрығын басып мыжиды. Мұнда өкщеден құйрыққа қарай мыжу керек. Бұл 4 рет қайталанады. Бұдан кейін қарама-қарсы өте жұмсақ сипау жаттығуы 4-6 рет қайталанады.
5. Шалқасынан жатқан баланы етпетінен жатқызып оң және сол жақ аяғына кезекпен жасайды.
6. Арқаны сипау. Арқаны сипап және мыжиды, мыжығанда алақанмсн құйрықтан мойынға қарай омыртқа сүйегінің екі жағынан 4-5 рет қайталайды. Мыжудан соң жайлап сипайды.
7. 2-жаттығуды қайталайды. 2 қолды созып кеудеге айқастыруды 3-4 рет қайталайды.
8. Бір жақ қырымен жатқан баланың белдемесің қайқайтып жазады.
9. Ішке 6-8 рет шенбер тәрізді массаж жасайды.
10. Арқаны жазып, басты шалқайту. Ол үшін баланы бір қолмен көтеріп, екі қолмен аяқтан ұстау керек. Бұл жаттығуды 10-15секунд жалғастырады.
11. Баланың денесін тік түзу ұстап тұрғызып, отырғызу 4-5 рет қайталанады. 12.Аяқты сипау. Саусақ өкшенің ұшынан ерсілі - қарсылы жайлап 3-4 рет сипайды.
13. Табанды 4-5 рет сипайды. 2- жаттығуды 3-4 рет қайталап жасау керек.

4-6 ай болған балаға жасалатьш массаж жаттығуларының жобасы

1. Қолды 6-8 рет сипайды.
2. Қолды кеудеге 4-5 рет айқастырып салады.
3. Құрсақ, қарынды сипау. Шеңберше айналдыра сипайды. Бұлшық еттерін мыжиды. Мұндай жаттығу 4-6 рет қайталанады.
4. Басты алға карай енкейтіп екінші колмен белінен тірейді, жаттығу 2-3 рет қайталанады.
5. Екі қолды түсіріп отырғызу. Баланың екі қолын түсіріп отырғызады да, шалқасынан жатқызады қайта қалпыпа келтіреді. Мұндай жаттығу 2-3 рет қайталанады.
6. Баланы етпетінен жатқызып 15-20 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі мақсаты мен міндеттері
Жүйке жүйесінің анатомиясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Жөргектік кезеңдегі дене дамуы және күтімі
Бір жасар баланың дене тәрбиесі
СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Ұсақ қол моторикасын дамытудың жолдары
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Пәндер