Жас грамматикалық бағыт өкілдері көзқарастарындағы позитивистік және жеке психологиялық негіздер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

1. Жас грамматикалық бағыт өкілдері көзқарастарындағы позитивистік және жеке психологиялық негіздерге талдау жасаңыз.

Жас грамматистер дәуірін салыстырмалы-тарихи тіл білімі дамуының екінші кезеңі деп есептейді. Өйткені бұлар өздеріне дейін қолданылып келген салыстырмалы-тарихи әдісті түбірімен өзгертуді көздеген жоқ, олар бұл әдістің кейбір ескірген, пайдасыз деген амал-тәсілдерінің орнына зерттеудің жаңа әдістерін енгізуді мақсат етті. Бұл салада олардың алғаш сынға алғаны- компаративистиканы негіздеушілердің салыстырмалы-тарихи әдісті үнді-европа тілдері тараған ата тілді (праязык) табудың құралы ретінде қолданулары болды. Жас грамматистер салыстырмалы-тарихи әдісті мұндай мақсат үшін қолдану ғылыми емес, оның мақсаты - болған-болмағаны белгісіз, ойдан шығарылған ата тілді ізден, сағым қуудың орнына үпді-европа тілдерінің ежелгі заманнан бергі үздіксіз дамуының зандылықтарын ашу дегенді айтты. Тіл тарихын зерттеу-тіл туралы ғылымының ең негізгі, бірден-бір міндеті деп жариялайды. Олардың сынға алған екінші мәселесі - өздеріне дейінгі ғалымдардың сейлеу тілі фактілеріне жете мән бермей, өз зерттеулеріне ежелгі заманнан сақталған жазба тілді объекті етулері еді. Жас грамматистер зерттеу ісінде жазба тілден гөрі қазіргі заман тілдері фактілер-іне баса көңіл бөліну керек, өйткені қазіргі заман тілі тілдік құбылыстарды дұрыс түсінуге сенімді де мол материалдар бере алады деп қарады. Бұл тұжырым олардың тілдің өзіндік мәні, сипаты жөніндегі программалық концепциясынан туған. Жас грамматистер Г. Штейнтальдың халықтық психологизміне үзілді-кесілді қарсы шығып, тілді жеке адамдардың (индиви-дуумның) психофизикалық, немесе психофизиологиялық әрекетте-рінің жемісі деп санайды. Тілдік категориялардың барлығы да тілдік матер-иалдар арқылы көрінетін, соны жамылған психологиялық категориялар дейді.

2. Лингвомәдениеттану бағытының ерекшелігін анықтаңыз.

бар

3. Антропоцентризм проблемаларына талдау жасаңыз.

А(А. Ө) -ЕРЕКШЕ ЗЕРТТЕУ ПРИНЦ. НЕГІЗ. ЖАҢА БАҒ. ЬІРІ. Оның мәні кезөкелген зертт. ныс-ның адам үшін маң. көрсету, адамның тыныс-тірш. қызм-гіадам тұлғ. дамыту мен жетілдірудегі рөлін анықтаудан оны бағалаудан тұрады, нәтижеде қорытылады. Яғни а. ө бағыт бойынша1. адам факт-тілдегі нег. фактор. 2. ті адамның мінезөқұлқ, ойына қалай әсер етеді. 3. адам өзі сөйлейтін тілге қалай әсер етеді. 34. Адамның лингвокреатив. іс-әрек. жүз. ас. үшін тілді ңқай бөлігіқолайлы. Міне осы сияқ. бұл бағ. зерт-р осы пробл. нег. қарады. Сонд да э. п, эпед, пс. лин, л. м, к. л-адам санасы ментанымынойы мен ойлауының тілі арқылы жарыққы шығу нәтиж. зерт. Бұл сала. бәріфилос-н сабақтасып жатыр.

4. Н. Я. Марр іліміне сыни пікір білдіріңіз.

Кеңестік тіл білімі бастапкы кезден актіл теориясын тіл кұрылысының практикасымен тығыс байланыстырылып карады. Кенес өкіметінін алғашкы жылдарында бүкіл халыкпен бірлесе отырып, елдегі сауатсыздықты жою, жер-жерде ашылып жаткан оку орындарына кажетті окулыктар жазу, өзіндік жазуы жок 50-дей ұсак халықтардың өз тілдерінін дыбыстық жүйелеріне лайыкты Жазулары болуына, емлесінін, жазу тілінін калыптасуына жәрдем-десті. 20 ғ. 30-шы жылдарында Кенестік жана тіл білімін қалыптастыру міндеті тұрған кезде оны калыптастырушылардын басшысы ретінде академик Н. Я. Марр Кенестік тіл білімі әлеміне көтерілді. 1930 жж Н. Я. Марр бастаған "Тіл туралы жана ілім" өз кадамын революциядан бұрынғы үнді-еуропалык тіл білімін Кенестік дәуір талабы тұрғысынан қайта карап, үндіеуропа тіл біліміндегі сол кездегі кайшылыкгардың, токырау-шылыктардыц біразын дұрыс көре білді. Бұл бағыттын буржуазиялык елдерде бірсыпыра мәселеде реакциялык, нәсілдік сипатта болып, отар елдер мен аз ұлттарды, олардын тілдерін кемсітіп, карайтындықтарын ашык айтты. Бірақ осы сын келе-келе салыстырмалы-тарихи тіл білімінін пайдалы жағынан бас тартып, тіл біліміне марксизмге тән емес дөрекілік, асқақтаушылық, менмендік әуен енгізді. Кеңес Одағы Коммунистік партиясынын орталык органы "Правда" газеті бетінде 1950 ж. ұйымдас-тырылған айтыстан кейін "Тіл туралы жаңа ілімнін" кателіктері, онын тигізген зиянды зардаптары жан-жакты ашып көрсетілді

5. Ғылыми парадигма ұғымына сәйкес лингвистика ғылымының кезеңдерін айқындаңыз. тілтаным теориясының ғылыми негіздерін анықтап талдау арқылы жұмыста алғаш рет төмендегідей проблемалар өз шешімін тапты:

1 қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму сипаты хронологиялық реттілікпен жіктеліп, жекеленген теориялардың тіл білімінің жаңа бағыттарымен сабақтастығы көрсетілді;

2 тілдік құралдардың танымдық қызметіне орай бес түрлі кезеңнің өзгешелігі, олардың теориялық мәселелері анықталып; әр кезеңнің объективті және субъективті алғышарттары негізінде тілдік тұлғаның қалыптасуына әсер етер әлеуметтік-мәдени ортаның маңызы айқындалды;

3 танымның күрделі заңдылықтарын пайымдауға, оның тілдік бөлшектермен ажырамас бірлігін дәлелдеуге бағытталған зерттеулердің әдіснамалық негізі әлеуметтік, психологиялық, ұлттық-мәдени тұрғыдан қарастырылды; қазақ тіл біліміндегі танымдық бағыттың ғылыми негізі сұрыпталып, әр түрлі кезеңдерге сәйкес пікір-көзқарастарды жүйелеу негізінде талданған тілтаным теориясының нақты тұжырымдамасы жасалды;

4 тіл мен танымның байланысы арқылы тұңғыш рет тілдік универсалийге сәйкестендіріле танымдық және тілтанымдық универсалий ұғымдары айқындалып, олардың негізгі дамытушы факторлары қатарында антропологиялық, аялық, аксиологиялық және антропо-типологиялық, ареалды-аялық, аксио-генеологиялық мәселелер сұрыпталды;

5 жұмыста қазақ лингвистикасындағы тілтаным теориясының ғылыми негізін дәйектеп көрсету мақсатында алғаш рет универсалды тілтанымдық диалектика, тілтанымдық антропология, тілтанымдық дедукция мен индкуция ұстанымдары анықталды;

6 қоршаған әлемді тану, оның тілдік бейнесін жасау міндеттерін шешуден бастау алған когнитивтік лингвистика шеңберінде қазақ тілтанымының да ұғымдық бірліктері сараланып, оның алғашқы дереккөздері ғылыми сараптамадан өтті;

7 тілтаным теориясының өзіндік даму бағыты қазақ ұлтының заңды динамикалық өсуінің, өркениетті өрлеуінің жемісі, қоршаған дүниені тануға талпынған болмысының тілдегі көрінісі ретінде танылды және тілтаным теориясын жан-жақты меңгеруге ықпал ететін терминдер бір жүйеге келтіріліп, оларға ғылыми негізде түсініктеме берілді. .

6. Лингвистиканың айрықша белгілерін ажыратыңыз.

Ғылыми парад. ұғымына сәйкес қаз. лингв. ғылымыпарад-лық, парад. дейінгіі, парад. кейінгі немесе көп парадигмалы кезеңдерге бөлінеді. С. о. л айрық. белг. мын. жат. бол. 1. Лингв-эксп. ғылым. Бұл жаңа ғылым сал. лингвогносеол, әл. лингв. лингвомәд, этнолингв, лингвопалеонт, т. б. жатады. 2. Антроп-м-бл прин. бойынша тілдегі адам неадамдағы тіл пробл. зерттеу нысаны болып табылады. 3. Функционалдық бағыт4. Экспланаторлық бағыт зерттеулердің түпкі мақс. мен міндетін анықт.

7. Структурализмнің негізгі бағыттары. Прага мектебіндегі функционалдық бағыт өкілдеріне баға беріңіз.

Прага лингвистикалық мектебі Прагада 1926 ж. тіл үйірмесінін негізінде кұрылып, 1950 ж. басында таркаған. Оны үйымдастырушылар В. Матезиус бастаған чех ғалымдары: Б. Трнка, Б. Гавранек, Й. Вахек, кейінірек С. Скаличка, И. М. Коржинек т. б., үйірмеге Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, С. О. Карцевский сиякты орыс ғалымдары кірген. Бұл мектеппен Кенес ғалымдары. Г. Богатырев, Г. О. Винокур, Е. Д. Поливанов, Б. В. Томашевский. Ю. Н. Тынянов болды. Прага лингвистикалық мектебінін идеялык негізін салған Ф. де Соссюр. Дегенмен, онын көптеген мәселелерін шешкен чех ғалымдары. Бұл мектепке Ф. Ф. Фортунатов, Л. В. Щерба, әсіресе И. А. Бодуэн деКуртенэаркылы орыс тілдік дәстүрі ыкпал жасады. Прага лингвистикалық мектебі тіл кұрылымын аткаратын кызметі жағынан зерттеуді максат етті. Тілдегі әрбір элемент өзінін тілдік жүйеде аткаратын кызметіне карай багалануы керек, тіл дегеніміз - функционалды жүйе деп есептеді. Тіл элементтерінін кызметін бірінші катарға коятындыктан, бұл мектепті Прагалык функиионалды лингвистика деп те атайды. Прага лингвистикалық мектебі фонологияны зерттеуге зор мән берді. Бұл салада әсіресе Н. С. Трубенкойдын ғылыми жегістігі елеулі болды, ол эр түрлі тілдердін фонологиялык жүйесін зерттеп, фонетика мен фонологиянын шұғылданатын объектілерін аныктады: фонологиянын негізгі объектісі - фонема, фонология тіл дыбыстарынын функциясын зерттеп, олардын мағына ажыраткыштык кызметімен шұғылданатын таза тілдік пән, фонетика - тіл дыбыстарынын жасалуы, физикалык, физиологиялык сипағы туралы ілім деп есептеді. Прага лингвистикалық мектебінін синтаксис саласында коскан елеулі үлесі Матезиустын сөйлемнін актуалды (өзекті) мүшеленуі туралы теориясымен байланысты. Сөйлем кұрамын жіктеудін екі жағы көрсетіледі: бірінші, сөйлем кұрамынан бастауыш пен баяндауыпяы ажырататын, формалды мүшелеу, екінші, сөйлемнін грамматикалык күрылымынын функиионалды мүмкіндігі түрғысынан "т е м а" және "р е м а г а" мүшелеу. Прага лингвистикалық мектебі тіл эволюииясына жүйелік түрғысынан карап, синхрония мен диахрониянын арасында жакындаспайтын кайшылык бар деген де Соссюрдін идеясын колдамады. Прагалыктар әдеби тіл нормасы, тілдік, поэтикалык стиль, сөйлеу мәдениеті мәселелерін де зерттеді. Прага лингвистикалық мектебі тіл білімі тарихында манызды рөл аткарды.

8. Концепт ұғымын түсіндіріп беріңіз.

Бүгінгі таңда қазіргі тіл білімінде соны ғылыми бағдарлар мен жаңа бағыттағы зерттеу жұмыстары белсенді сипат иеленіп отыр. Сондықтан лингвистика ғылымында когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, антрополингвистика, психолингвистика тәрізді бағыттардың қарқынды дамуы тіл мен сөйлеу фактілерін халықтың ұлттық рухани құндылық-тарымен, дүниетанымы, ой әлемі және психикалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста алып қарауға кең жол ашады. Тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің тиімді саласы - когнитивтік лингвистика. Оның маңызды ғылыми сала ретіндегі мәнін белгілі ғалым Ж. А. Манкеева: «Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингво-мәдениеттану, этнолингвистика т. б. салалары өріс алып отыр», деп анықтайды . Осымен байланысты әлемнің тілдік бейнесін түсінуге, зерделеуге жетелейтін, оның бір бөлшегі танылатын концепт ұғымы тілдің танымдық мазмұнын, күй-қалпын айқындаушы ғылыми лингвистикалық категория ретінде қалыптасуда. Әлемнің тілдік бейнесінің бір бөлшегі болатын концептілердің адам танымында алатын орны зор. Негізінен осы күнге дейін концептілер ретінде адамзат өмірінде үлкен рөл атқаратын ұғымдар алынады. Яғни, шындық өмірдегі белгілі бір мәдениет үшін құнды әрі көкейкесті мәні бар мәдени атаулар ғана концепт дәрежесінде танылады. «Тіл арқылы танылатын концептілер, жалпы алғанда, тілді тұтынушы халықтың дүниетаным көрсеткіші» . Лингвистикада концепт термині мен түсінігінің қалыптасуы тіл, сана және мәдениеттің өзара әсерлесуінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын, амал-тәсілдерін игерудегі жаңа қадам болды. Осыған орай лингвистика, когнитология, мәдениеттану, филосо-фияның өзара әсерлесуінің жаңа аспектілері пайда болып, соның арқасында семантикалык зерттеулер тереңдей түсті.

9. «Тіл-мәдениет-ұлт» триадасының ғылымдар парадигмасында орын алу себебіне талдау жасаңыз.

бар

10. Структурализмнің негізгі бағыттары. Дескриптивтік лингвистика мектебі өкілдеріне баға беріңіз.

Дескриптивті мектеп үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар және АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949) . Бірақ структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған ролі мен ұстанған принциптері бір емес, сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі - этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері болып саналады. Америка структурализімі дескриптивтік мектеп немесе дес-криптивтік әдіс деп те аталады. Бұл әдіс бойынша тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық қалпы эмпирикалық тәсіл бойынша сипатталады, ондағы өзгеріс-құбылыстар, даму, тарих дегендер ескерілмейді

Дескриптивтік мектеп - тілдік текстерді талдаудың әдіс-тәсілдерін қалып-тастыру, жетілдіру, лингвистикалық терминдерді айқындау мәселелерге ерекше мән береді. Дескриптивтік мектеп ол баста таза практикалық мақсат-тан туған. Американың байырғы тұрғындары индеецтер тілдерін зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдіс жарамады. Бұл тілдердің қазіргі статикалық күйін түсіну үшін зерттеудің жаңа әдіснамасын табу қажет болды. Ізденіс нәтиже-сінде структуралық әдістің тиімділігі айқындалды. Дескриптивтік мектептің жұмыс әдісі мен принциптері салыстырмалы принципке сай келгенімен, көп мәселеде Ф. де Соссюр мен Копенгаген структуралистерінің концепцияларын басшылыққа алғандарымен, оның өзіндік ұстанған жолы, бағаты бар. Стру-ктурализмнің басқа мектептеріне қарағанда оның қалыптасқан, тұрақты зерттеу жүйесі бар. Кейбір ғалымдар дескриптивтік тіл білімін тілдің құрыл-ымын сипаттаудың ең айқын тәсілін қалыптастырған мектеп деп санайды.

11. Ғылыми парадигма ұғымын түсіндіріп беріңіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас грамматикалық бағыт
Мәтін лингвистикасының зерттеу объектісі
Баланың ойлау қабілетінің дамуы
Секуляризация және еркін ойшылық әлеуметтік-тарихи феномен ретінде
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Орыс философиялық ойлары
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Ежелгі дәуір тіл білімі
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы
Қазіргі кейбір философиялық ағымдарға ғылым мен философияны бір - біріне қарсы қою
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz