Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары


Жас ерекшелік психологиясының пәні.
Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Онтогенез - индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейінгі дамуы. Жас ерекшелік психологиясының пәні ретінде адам өмірінің түрлі сатыларындағы тұлға қасиеттері мен психикалық процестерінің дамуының жетекші факторлары, заңдылықтары мен динамикасы болып табылады.
Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары:
Жас - бұл заңды физиологиялық және психикалық өзгерістердің жиынтығымен сипатталатын, индивидтің психикалық дамуының және оның тұлға ретінде дамуының уақытпен шектелген нақты сатысы.
Жаңа құрылым -берілген жаста ең алғаш пайда болатын және оны басқа жас кезеңдерінен ерекшелендіретін тұлға мен психологиялық процестердегі сапалық өзгерістер.
Жетекші іс-әрекет - бұл берілген жас кезеңіндегі психикалық жаңа құрылымдардың пайда болуы мен қалыптасуын анықтайтын іс-әрекет.
Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас сатысына тән және әр кезеңде психиканың дамуына әсер ететін сыртқы жағдайлар.
Дағдарыс- бұл бір жас кезеңінен екіншісіне өту сатысы, осы сатыда қысқа уақыт аралығында түрлі психикалық қозғалыстар жүреді, даму секіріс түрінде болады, осының салдарынан мінез-құлықтың теріс қырлары мен тәрбиедегі қиындықтар байқалады.
Жас ерекшелік психологиясының бөлімдері:
1. Балалар психологиясы (мектепке дейінгі) :
а) сәбилік кезең (дүниеге келгеннен 1 жасқа дейін) ;
ә) ерте балалық шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) ;
б) мектепке дейінгі жас (3 жастан 7 жасқа дейін) .
2. Кіші мектеп жасы (7-10 жас) .
3. Жеткіншек жас (10-11 - 14-15 жас) ;
4. Жас өспірім шақ: а) ерте жас өспірім шақ (15-18 ж. ) ;
ә) кеш жастық шақ (18-21 ж. ) .
5. Кемел жас психологиясы: а) 21-35 жас; ә) 35-60 жас.
6. Кәрілік жас психологиясы (геронтопсихология) : а) егде жас (60-75 ж. ) ;
ә) кәрілік шақ (75-90 ж. ) ; б) ұзақ өмір сүретіндер (90-нан жоғары) .
Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі.
Әдіс - бұл психикалық өмірдің белгілі-бір фактілері алудың құралы, инструменті.
- Ұйымдастырушы әдістер:
а) көлденең кесу әдісі;
ә) тікелей кесу әдісі;
б) кешендік әдіс.
Алдыңғы сатылардың соңғы сатыларға әсерін зерттеу үшін және бір сатыдан екіншісіне өту мехнизмдерін зерттеу үшін зерттеудің лонгитюдті («көлденең») стартегиясы қажет, яғни бір зерттелушілер ұзақ уақыт барысында зерттелінеді.
- Эмпирикалық әдістер:
а) бақылау; ә) эксперимент; б) психодиагностикалық әдістер (сауалнама, әңгіме, теттер, социометрия) ; в) іс-әрекет нәтижелерін талдау; г) биографиялық әдістер.
3. Мәліметтерді өңдеу әдістері:а) статистикалық; ә) сапалық.
4. Интерпретациялық әдістер: а) генетикалық; ә) құрылымдық.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияныңпайда болуы және алғашқы дамуы.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның өмірге келуі ХІХ ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның “Адам - тәрбие тақырыбы” деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептейді. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы И. М. Сеченов те атап көрсетті.
Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдарының жинақталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперменттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизиологиялық заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмолцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен физиологиялық психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б. ), оны жас ерекшелігі және педагогикалық психологияда қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Психофизиология заңдарын немесе қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогі және психологы П. Ф. Каптеревтің “Педагогикалық психологиясы” (1877), америка психологы У. Джемстің “психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме” (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.
Педагогиканы жалпы психологиямен байланыстырып, осы қосындыдан жаңа педагогикалық психология көруге тырысудың сәтсіздігінің тағы бір себебі жалпы психологияның А. П. Нечаев бағдар алуға тырысқан теориялық негіздері сипаты жағынан идеалистік болғандығынан еді. Педагогикалық психологияның негізсіздігі жұрттың бәріне айқын болды.
Педагогикалық психологияны құрудың алғашқы тәжірибелері нәтижесінде жасалынатын аса маңызды қорытынды мынада ппсихологияны педагогикалық практикамен жақындастыру тек оқыту мен тәрбиелеу процесінің өзінде эксперименттік зерттеу жолында ғана мүмкін. Эксперименттік деректер психологиялық-педагогикалық зерттеулерге сырттан әкеліп қосылмай, олардың өз зерттеулерінің нәтижесінде алынуы қажет. Бұл мақсат үшін педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының маңызды теориялық әрі методологиялық міндеттерінің дұрыс шешімдерін табу қажет болады. Бұл жерде оқыту процесіне қатысы бар психикалық дамудың қайнар көздері деген проблема алдыңғы орынға шықты.
Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы
биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көдері мен заңдылықтары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты проблема. Оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, олардың аса маңызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым-қатынас және ересек адамдармен салыстырғандағы оның өзіне тән ерекшеліктерін түсіну осы проблеманың шешілуіне байланысты.
ХХ ғасырдың басында жас ерекшелігі және педагогикалық психология саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әртүрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық және әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар жайын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем абсолюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.
Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағытқа не тән? Оған “туа біткен ерекшеліктерді” мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуын жеңіл-желпі, атүсті түсіну тенденциясы тән. Биологияшылдар үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болып көрінгенімен биологиялық ең алдымен тұқым қуалаушылық фактор айқындаушы фактор болып есептеледі. Биологияшылдардың пікірінше, даму, жеке адамның сапалық және сандық жақтары сөзсіз түрде тұқым қуалаушылықпен айқындалады, ал орта - бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz