ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәнінінен практикалық сабақтарға арналған электронды оқулық
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ
пәнінінен практикалық сабақтарға
арналған электронды оқулық
(сервис пәндеріне арналған)
ТҮРКІСТАН
Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы (сервис пәндеріне арналған оқу-әдістемелік нұсқауы).
Бұл еңбекте жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен студенттерге бірден-бір көмекші құрал болмақ. Осы оқу-әдістемелік нұсқауда практикалық жұмыста, арнайы сұрақтар қойылған.
Оқу құралы жалпы білім беретін оқу орындарындағы студенттер, орта орындарының мұғалімдері пайдалануына арналған.
Биология кафедрасының № __, ___________20___жылғы мәжілісінде бекітілді.
Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к.,доцент Ажибаева З.С.
Жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің № __, ________ 20__ жылғы мәжілісінде бекітілді.
Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы,
б.ғ.к.,доцент Убайдуллаева А.К.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық
әдісті қолдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тамақтану рационы мен режимін бағалау.
Оқушы тамағын санау сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Денсаулыққа зиянын келтіретін факторлар. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Денсаулық және салауатты өмір салтын қалыптастырудың

гигиеналық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Мектеп кешені мен жеріне қойылатын
гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Оқу кабинетінің жабдықталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Бөлмелердің жарықтандырылуы және мектеп жиһаздарына

қойылатын гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Парталарды және сынып тақтасын гигиеналық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Оқу бөлмесінің ауасын зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы жалпы түсінік. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Есту анализаторы (талдағыштар) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Көру анализаторы (талдағыштар) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Зат және энергия алмасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жасөспірімдер эндокрикринлогиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінінен практикалық сабақтарға оқулық Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың оқу жоспары, пәннің оқу бағдарламасы және университеттің оқу жоспары негізінде дайындалған.
Оқулықта, соңғы ғылыми нәтижелердің негізінде өсіп-дамып келе жаттқан организмнің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары, оқыту және тәрбиелеу жұмыстардың да маңызды орын алатын, шартты рефлекстердің негізі, организімнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, балалардың денсаулығын сақтау және заңдылықтары, олардың еңбекке қабілетін көтеру тәсілдері көрсетілген.
Практикалық сабақтарға арналған оқулықта дене бітімін бағалауда антрометриялық әдісті қолдануы, тамақтану рационы мен режимін бағалау денсаулыққа зиян келтіретін факторлар, мектеп кешені мен жеріне қоылатын гигиеналық талаптар , оқу кабинетініңжабдықталуы, жарықтандырылуы, мектеп жихазына қойылатын және нормативтер, оқу бөлмесінің ауасын зерттеу және оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеттері туралы мәліметтер ғылыми жаңалықтармен толықтырылған.
Оқулықта студенттер мен болашақ мамандарға балалар мен жасөспірімдердің организімнің жас ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуі, мүшелердің қалыптасуы, олардың қызметін реттеуші жүйке мен эндокринді жүйелердің маңызы туралы толық мәлімет берілген.
Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы пәніне арналған практикалық оқулық организмде жүріп жатқан физиологиялық процестердің мәнісін, мазмұнын ашып көрсетеді және реттеу механизімін түсіндіру арқылы болашақ мамандардың білімін толықтырады.
№1 Практикалық сабақ
Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдануы.
Жоспар:
1.Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдануы.

2.Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы.

Міндеті: Балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру.

Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыру.
1. Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдануы.
Дене бітімінің дамуының көрсеткіштері, балалар организміне қоршаған ортаның тигізетін айтуға да мүмкіндік береді. Жеке баланың, немесе ұжымның дене бітімінің даму дәрежесі, бағалы гигиеналық көрсеткіш болғандықтан, балалар мен жасөспірімдердің морфологиясы ішкі факторлардың да, сыртықы факторлардың да әсерін көрсетеді. Сондықтан да, және қолданылып жүрген тәсілдердің қарапайымдылығы мен арзандығына байланысты, балалар мен жасөспірімдерге дүниеге келген күннен бастап, жыныстық ер жету кезеңіне дейін антропометриялық байқауларды міндетті түрде жүргізу керек. Сондықтан, дене бітімінің дамуын бағалағанда бой ұзындығын, дене салмағын және кеуде шеңберін міндетті түрде зерттеу керек. Арнаулы, терең жүргізілетін зерттеулерде дененің әртүрлі бөліктерінің ұзындық диаметрі, сан, иық, жіліншіктерінің шеңбері т.б. қосымша өлшенеді. Ұжымның дене бітімінің дамуын, жеке жас мөлшері топтарының негізгі антропометриялық белгілерінің және олардың өзгерістерінің орташа арифметикалық өлшемдерін есептеп шығару арқылы бағалайды. Балалардың дене бітімінің дамуына жеке баға беру әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі: Ең басында осы мақсат үшін көп уақыттар бойы жеке антропометриялық параметрлердің қатынастары - индекстер тәсілі қолданылды. Бұндай индекстердің саны бірнеше ондықтарға дейін жетті. Әртүрлі индекстер әртүрлі көрсеткіштердің санынан тұрды, ең қарапайым индекстер - екі көрсеткіштен тұрды (дене салмағы - бой ұзындығы және кеуде шеңбері - бой ұзындығы индекстері). Индекстердің есептелуі қарапайым болып келетіндіктен, бұрынғы кезде кеңінен қолданылған болатын. Әсіресе, ең кең таралғандары Брок, Пинье, Кетле, Гульда және Кауп, Ливи, Рорера жоғарыда аталған Эрисман индексі және т.б. болды. Осы уақытқа дейін жеткен Брок индексі бойынша, дене салмағы (кг), бой ұзындығынан (см) 100 см алғанға тең. Мысалы, бой ұзындығ 170 см болса, дене салмағы 70 кг тең болуы керек. Пинье индексі, немесе "сандық көрсеткіш", бой ұзындығынан дене салмағын және кеуде шеңберінің көлемін алғанға тең. Индекс аз болған сайын, организм әлсіз болады деп есептелді. Индекстердің көптігі, олардың ешқайсысының да қанағаттанарлық нәтиже бермейтіндігінен болды. ХІХ ғасырдың аяқ кезінің өзінде олардың қолданылуы күдік туғыза бастады. Индекстердің балалар организмдерінің бой ұзындығының бірдей еместігін есепке алмайтындығы, олардың негізгі кемшілігі болып саналады. Қазіргі кезде дене бітімінің дамуын бағалауға индекстер тәсілі пайдаланылмайды. Индекстер тәсілдерінің орнына Сигмадан ауытқу (дене бітімі дамуының профилі) келеді. Оны 1925 жылы белгілі неміс антропологы Рудольф Мартин ұсынған еді. Ол, жеке адамдардың дене бітімі дамуының параметрлерін, осы параметрлердің орташа арифметикалық көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Алынған айырмашы-лық санды, сәйкес белгілердің орташа квадраттық ауытқуына бөледі де, сигмадан ауытқуды табады. Дене бітімінің дамуы сигмадан ауытқу көлемі бойынша бағаланады. Әрбір баланың профилі ретінде графиктік көрсеткіш сызылады. Бұл тәсіл қарапайым және шындыққа жақын, бірақ дене бітімі дамуының барлық көрсеткіштері бір-бірінен бөлек және жеке бағаланатындықтан Кеңестер одағында бұл тәсіл кеңінен қолданылмады. Сол сияқты Центиль және процентиль (Centum -жүз) тәсілі де қарапайым және қолайлы. Бұл тәсілді ең алғаш медицинаға енгізгендердің бірі, Американың зерттеуші ғалымдары Стюруа мен Мередит. ХХ ғасырдың бірінші жартысында олар, дене салмағы мен бой ұзындығы үшін, кеуде және жіліншік шеңбері үшін, май қабатының қалыңдығын бағалау үшін графиктік процентильдік шкалалар жасады. Центильдік анализдің негізі мынандай: қандай да бір белгінің барлық варианттарын кішісінен бастап үлкеніне қарай, бір қатарға орналастырады. Одан соң барлық қатарды 100 бөлікке - процентильге бөледі, олардың тең ортасы Р50 - медиана деп аталады. Әрбір центиль, зерттелетін бөліктердің проценттік қатынасын сипаттайды. Көбінесе Р3, Р10, Р25, Р50, Р75, Р90, Р97 процентильдері қолданылады. Белгілердің Р25 - Р75 шегіндегі көлемдері орташаға жатады. Бір өлшемді процентильді графиктер пайдалануға өте қолайлы және оны антропологтар және педиатрлар өте кеңінен қолданып жүр. Бірақ, сигмадан ауытқу тәсілі сияқты бұл тәсіл де дене бітімі дамуының көрсеткіштерін бір-бірінен жеке дара, корреляциялық байланыссыз қарастырады. Регрессиялық анализ (корреляциялық) тәсіл бой ұзындығы 1 см өзгергенде, дене салмағы мен кеуде шеңберінің қандай көлемге өзгеретінін көрсететін регрессиялық шкала құруға негізделген. Бұл шкала жеке адамның барлық параметрлерін сигмалық регрессия көлемі бойынша, бір-біріне байланысты алып, дене бітімінің дамуы туралы жалпы қортынды жасауға болатын, бағалау таблицасы болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің ғылыми зерттеу институты дене бітімінің дамуын регрессия шкаласы бойынша сандық жағынан бағалау үшін, арнаулы үлгі құрастырды. Үлгіде бой ұзындықтарының 5 классы бөлінген: 1 - аласа, 2 - орташадан аласа, 3 - орташа, 4 - орташадан биік, 5 - биік. Және мұнда дене бітімі дамуын бағалаудың 5 дәрежесі бөлініп көрсетілген: Бүгінгі күнге дейін, жоғарыда көрсетілген дене бітімінің дамуын бағалау тәсілдерінің бірде-біреуі абсолютті қолдау таппағанын айта кету керек. Олардың бірде-біреуі кемшіліксіз емес. Сигмадан ауытқу тәсілі сияқты центильдік тәсілдер де дене бітімі дамуының параметрлерін, бір-біріне қажетті байланыссыз, бірінен-бірін жеке дара қарастырады. Регрессиялық тәсілде дене бітімі дамуының негізі ретінде бой ұзындығы алынады, ал, оған бағынышты белгілерге (дене салмағы мен кеуде шеңбері) варианттарды бөлген кезде мектеп оқушыларында мөлшерлеген дұрыстыққа сәйкес келмейтін, жиіліктің бір жақты ассимметриясы тән. Осы көрсетілген жағдайлар белгілі қателіктерге әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, бағалау таблицасындағы бағынышты белгілердің мектеп оқушылары үшін алынған - "нормалау" шекарасы М +2 -ға дейін кеңейтілген. "Норманың" шекарасын кеңейту, "дене салмағы артық" деген бағасы бар оқушылардың меншікті үлесін азайтады. Өйткені -1 және +2 арасындағы "дене салмағы артық" деген оқушы, семіздікке жата бермейді. Өсіп, даму жағдайындағы мектеп оқушыларының организімінің артық салмағы семіруді ғана көрсетпейді, сонымен қатар, белгілі дәрежеге дейін бұлшық еттер дамуының да көрсеткіші болып саналады. Нағыз семіру олар үшін М +2G шегінен едәуір шығып тұрады. Мұндай жағдайды гигиенистермен бірге клиницистер де растайды. Стандарттар жасау үшін, екі негізгі зерттеу тәсілдері қолданылады: жалпылама тәсілі (көлденеңінен кесу) - салыстырмалы аз ғана уақыттың ішінде қажетті топтарды жалпы тексеру және жекелендіру тәсілі (лонгитудиналық немесе ұзынынан алу) - ұзақ уақыт бо-йы белгілі бір баланы, немесе белгілі бір ғана топтың балаларын бақылап отыру.

2. Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы.

Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады. Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.

Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:

Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады.

Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.

Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.

Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.

Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.

Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.

Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі; Организмнің әрбір қызмет етуші жүйелеріне сәйкес биологиялық сенімділікті анықтайтын потенциалды мүмкіндіктердің генетикалық қоры берілген. Бұған өкпе, бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың жарыса қызмет етуі мүмкіндік береді, яғни тірі организмдегі негізгі жүйелердің көбі бірінің қызметін бірі қайталай алады және организмге қажетті элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. Жүйелердің осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің өсіп, дамуы қорғана алмас еді.

Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы; Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.

Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған. Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек. Солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.

Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан "вундеркинд" жасап шығаруға болады. Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.

Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады. Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.
Бақылау сұрақтары:

3. Өсу мен даму қарқыны.

4. Өсу мен дамудың гетерохрониясы.

№2 Практикалық сабақ
Тамақтану рационы мен режимін бағалау. Оқушы тамағын санау сипаты.
Жоспар:
1. Тамақтану рационы мен режимін бағалау. Оқушы тамағын санау сипаты.

2. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының гигиеналық негіздері
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану тәртібі және тағамдардың сипаты туралы мәлімет беру.
Міндеті: Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының гигиенасымен тныстыру.
1. Тамақтану рационы мен режимін бағалау. Оқушы тамағын санау сипаты. Тамақтану - ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады. Ол адамды сумен, энергия мен қамтамасыз етеді. Клеткаларды құру үшін , сол себепті әр түрлі жағдайда емдем-терапиасы қолданылады. Су адамның бір тәуіліктегі тиімді тамақтану рационы(1280-3000ккал) бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тыеандарды қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді. Олар құнарлықпен өлшенеді. Ағзадағы1kg ақуыздың тотығуынан -4kkal, 1g майдан -9kkal, 1kg көмірсудан -4kkal энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуіліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сайкес құрастырылуы керек. Өсімдік -40g, жануар майы-85-90g көмірсулар-400g-500g , төріт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3kg дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыс пен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Төсек тартып жатқан ауруларда енергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералды заттар, ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін "құрылыстық" заттар болып табылады. Сау адам қалыпты жағдайда 4мезгіл тамақ ішіп отыруы керек.
Азық-түліктер

Тәуіліктік рационды құру
1.Таңертеңгі тамақ 25%.
2.күндізгі тамақ 30%
3.кешкілік тамақ 20%.
4.кешкі тамақ 25%

Тәуіліктік тамақтану құрамы
Тәуіліктік тамақтану құрамын ағзаның күнделікті энергетикалық шығынына, оның қажеттілігіне байланысты құру керек. Тәуіліктік тамақтандырудың құндылығы ағзаның қажеттілігіне сәйкес келіуі. Ағзаның жалпы Негізгі энергиялық шығын алмасуы барлық ішкі ағзаны және ағзаның бұлшық ет жұмысын психологиялық тыныштықта 12-16 сағаттан соң 18-20c температурада қалыпты жағдайда ұстап тұра алады. Зат алмасу ағза иесінің жынысына, жасына тәуелді болады. Ер адамда зат алмасу әйелдерден гөрі 10-15есе көп, егде адамдарда төмен. Қосымша зат алмасу енергияның жұмсауымен белгілі бір жұмыс түрін анықтайды. Ағзаның энергетикалық шығыны килориямен есептеледі. Тағамның құрамы, азық-түліктің калориялығы арнайы арнайы кестенмен белгіленген. Тағам құрамындағы калорияны ағзаның физологиялық қажеттілігіне сай құру қажет. Тағам құрамының калориялығына қарамастан, тағам мөлшері оны қабылдаған кезде асқазанды қанағаттандырып, тойымжылық сезімін тудыру керек. Тоқшылық сезімі асқазандағы тағамның ыдырау ұзақтығына байланысты болады. Ең алдымен көмірсулары, одан кейін ақуыздар, ең соңынан майлар ыдырайды. Қортылған тағамнан кейін тоқшылық сезімі, ұсақталған немесе жангшлған тағамддарға қарағанда ұзаққа созылады.
Асқазанды қатты тітіркендіруші,асқазан сөлін еріксіз бөледі.Кез-келген диета тағамның мынадай ерекшелігін негізге ала отырып құрылыуы керек:
1.Калориялығы мен химиялық құрамы.
2.Тағамның физикалық қасиеттерін.
3.Рұқсат етілген тағамдар жеткілікті көлемде кіргізіледі.
4.Тамақтандыру тәртібі.
5. Тағамның ерекше өңделген түрі.

Тамақтану статусы
"Тамақтану статусы" - дегеніміз адамның бұрынғы және нақты тамақтануынан туындағын организмнің физикалық және психологиялық-физиологиялық жағдайы. Ол организмнің клиникалық, соматометриялық, метаболитикалық, функционалдық және де басқа көрсеткіштермен, денсаулық және жұмыс қабілеті деңгейімен сипатталады және тамақ компоненттері сапасын және организмнің энергиялық қажеттілігімен тамақтанудың сәйкестілігі тұрғысында бағаланады. Тамақтану статусын қалыптастыру үздіксіз және динамикалық процесс болып есептеледі, себебі, ол ананың жатырында басталып, бүкіл өмір бойы үзілмейді. Өсуі және дамуы кезінде организмнің қажеттілігіне сәйкес тамақтану жағдайына тағам статусының қалыптасуы генотиппен жүргізіледі. Дегенмен тұқым қуалау бағдарламасының таратылуы тек қана тамақтанудың толық құндылығы организмге қажетті энергияға қатысты емес, ол адамның фило және онтогенездің ерекшеліктеріне байланысты. Тамақтану статусының көрсеткіштерін бағалау стандартты мөлшерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Олар осындай контигенттер үшін олардың жасын, жынысын, денсаулық жағдайын, тіршілік пайымын, адамдарға әсер ететін сыртқы орта жағдайын және экстремалды жағдайларды ескере отырып белгіленеді. Интегралды бағалау негізінде тамақтану статусы мөлшерлі, жеткіліксіз немесе артық болып үш түрде бағаланады. Мөлшерлі тамақтану статусы - дені сау адамның жасы мен жынысына сәйкес келетін, оның тіршілігіне, жаңарып отыруына және қоршаған ортаға бейімделуіне жақсы мүмкіндіктер туғызатын, адам денесінің генетикалық тұрғыдан морфологиялық және заттық құрамына сәйкес болатын біркелкі тамақтануды көрсетеді. Жеткіліксіз тамақтану статусы - ашығудың толық немесе өлшемді түрлерінде немесе организмге қажетті жекелеген тамақ түрлерінің тамақ құрамында жетіспеушілігіне байланысты пайда болады. Өзгерістерден кейінгі организмнің жағдайын көрсетеді. Мұндай жағдайда адамның табиғи көрсеткіштері, функционалдық жағдайы және бейімделуімен мүмкіншіліктері, жұмыс істеу қабілеті және денсаулық жағдайы нашарлайды. Артық тамақтану статусы - тамақ түрлерін немесе тамақтың жекелеген құрамды бөліктерін организм қажеттілігінен жоғары көлемде қабылдағанда пайда болып дамиды. Халықтың тамақтануын зерттеу жұмыстары Халықтың тамақтануын зерттеу жұмыстары тамақтанудың физиологиялық нормаларына сай, үйлесімді ету мақсатында жүрігізіледі.

Ұжымдық тамақтануды зерттеу
Көптеген ұжымдардағы тамақтануды ұйымдастырылған сипатта болуы керек. Өйткені ұжымның барлық мүшесі толық рацион немесе рационның негізгі бір бөлігімен қамтамасыз етеледі. Халықтың тамақтануына толық мәлімет алу үшін зерттеуді жылдың әртүрлі мезгілдерінде жүргізеді. Ұйымдастырылған ұжымның нақты тамақтану екі әдіспен зерттейді:
1. Азық-түліктің шығыны жөніндегі жылыдық және айлық есептерді талдау;
2. Күнделікті дайындалатын тағамдар (дастархан мәзірі) мәліметтері бойынша тамақтануды зерттеу.
Еліміздің статистикалық басқармалары тамақтанудың әлеуметтік экономикалық негіздерін зерттеу үшін, баланстық және бюджеттік әдістерді кеңінен қолданылады.

Баланстық әдіс
Баланстық әдіс - азық-түлік алынатын барлық көздегі статистикалық есеп материалдарын қолдануға негізделген. Азық-түлік көздері - жануар мен өсімдік өнімдерін өндіретін өндірістер, елеміздің қолынан және елімізге сырттан әкелінетін шетелдік импорттық азық-түліктер жатады. Бюджеттік әдіс - халықтың әртүрлі топтарына жататын жанұялар бюджетінің кірісі мен шығыны туралы деректерді жан-жақты тексеріп, талдауға негізделген. Бұл әдіске алынған мәліметтердің реперзентативтілігі мен жанұялар дұрыс іріктеліп алынса, халықтың әртүрлі топтарының тамақтану сипаты мен деңгейін, тұтынатын тамақ түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Индивидуалды тамақтану
Индивидуалды тамақтану - зерттеуге ең ыңғайлысы сұрақ қою-өлшеу, анкеткалық әдістер болып табылады. Сұрақ қою-өлшеу әдістерінде зерттеуге алынған жанұя мүшелерінен, үй шаруашылығын жүргізетін адамдардын күнделікті тұтынатын азық-түлік тізімін сұрастырып, тіркейді. Өлшеу әдісі - жанұяда тамақ дайындауға қолданылатын азық-түліктердің салмағын өлшеуге негізделген. Бұл кезде азық-түліктердің кулинарлық өңдеудегі шығыны мен тамақтың желінбеген қалдығы мен міндетті түрде ескерілуі керек. Өлшеу әдісі барлық жанұя мүшелерінің тамақтануын дәл көрсетеді, бірақ бұл әдісті жүргізу қиындығы мен ерекшеленеді. Анкеталық әдіс - тамақтанушыларғы тиісті белгілі сұрақ аумағында, халық арасында сауал қою арқылы зерттеледі. Зерттелетін, яғни жауап берілетін сұрақтар анық, толық құрастырылып, ал жауаптары екі мағыналы болмағаны жөн.

Өсіп келе жатқан организмдердегі энергия және зат алмасуының ерекшеліктері. Балалар организмі үнемі өсіп, даму үстінде болатындықтан олардың зат алмасу про-цестері елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Мұнда төмендегідей ерекшеліктерді бөліп қараған дұрыс:
1. Балаларда өсу, даму процесі өте қарқынды жүретіндіктен, зат алмасу процесі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүреді және жас ұлғайған сайын баяулай бастайды. Бала организміндегі зат алмасу процесі клеткаға қажетті заттар мен жоғалтқан энергия шығынының орнын толтырумен қатар, тканьдердің үздіксіз өсіп, дамуын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан, балаларда ассимиляция процесі диссимиляция процесінен жоғары, яғни анаболизм катаболизмнен жоғары болып келеді;
2. Балалар организмінде клеткалар мен тіндердің құрлысына қажетті белоктар үдемелі түрде түзіледі. Өсіп келе жатқан организмге белок қажеттілігі ересектерге қарағанда біршама жоғары және бала неғұрлым жас болса, белок қажеттілігі соғұрлым жоғары болады. Белок жетіспеуі өсу процесінің тежелуіне ұшыратуы мүмкін;
3. Көмірсулар бала организмінде энергетикалық қызметпен қатар, пластикалық (клетка қабығының, дәнекер тіндерінің қалыптасуы және т.б.) қызмет атқарады. Өсіп келе жатқан организмде белок қажеттілігі жоғары болғандықтан көмірсулардың ыдырауы өте қарқынды жүреді, сондықтан, жас балалардың организмдері көмірсуларға өте жоғары қажеттілікті сезінеді;
4. Май алмасу процесі балалар организмінде тұрақсыз болып келеді. Тамақта көмірсулар жетіспеген кезде, май депосы тез таусылады. Майлар жылу энергиясының бастама көзі болумен қатар, организмді жылу жоғалтудан, органдарды жарақат алудан қорғайды;
5. Ересектерге қарағанда балалар гидролабильді болып келеді, яғни, олардың организмдері суды тез жинап, тез жоғалтып отырады. Сондықтан балалар организміндегі су алмасу процесі жылдам бұзылады және бала неғұрлым жас болса, соғұрлым суды көп қажет етеді, бұл құбылыс, қыз балаларға қарағанда ер балаларда жақсы көрінеді;
6. Сүйек тканьдерінің үдемелі өсіп-дамуына байланысты балаларда кальций қажеттілігі ересектерге қарағанда 1,5 есе жоғары. Калций сүйектерде негізінен фосфор қышқылды тұздар түрінде түзетілетіндіктен, организм калциймен бірге фосфордың қатар түсіп отыруын қажет етеді;
7. Сүйектегі фосфор қышқылды тұздар "Д" витаминінің қатысуымен ғана түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеушілігі рахит ауруына шалдықтырады;
8. Ана сүтінің құрамында темір жеткіліксіз болғандықтан, емшектегі кезеңдегі сәбилердің осы микроэлементке (әртүрлі жеміс-жидек шырындарына) қажеттілігі жоғары болады;
9. Балалар организміндегі органдар мен жүйелердің дамып жетілуі аяқталмағандықтан, зат алмасу процесі көбінесе сыртқы ортаға, әсіресе, дұрыс тамақтануға бағынышты болады;
10. Балаларда негізгі зат алмасу көлемі ересек адамдарға қарағанда салыстырмалы түрде жоғары болып келеді, бұл оларда тотығу процестерінің үлкен қарқынмен жүретіндігін көрсетеді.
11. Негізгі зат алмасудың мөлшері баланың жасына, жынысына, өсу қарқынына, олардың конституциясына (арық балаларда зат алмасудың қарқыны жоғары болады), қимыл-қозғалыстарына, жыл мезгіліне (көктем, жаз мезгілдерінде жоғары), туып, өскен мекеніне (биік таулы аудандарда, жазыққа қарағанда жоғары) және т.б. байланысты болып келеді.
12. Балалардың тамақтануының рационалды болуы, тамақтанудың тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана мүмкін. Ол үшін төменде көрсетілген шаралардың орындалуы қажет:
Тамақтану уақытын және уақыт аралықтарын қатал сақтау;
1. Тамақ қабылдаудың физиологиялық рационалдылығы;
2. Жеке тамақтану уақыттарына сәйкес, тағамды мөлшері мен сапасына байланысты дұрыс бөлу;
3. Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі.
Санитарлық дәрігер ас-мәзірін құрастырған кезде мынадай негізгі қағидаларды білуі керек:
1. Тамақ рационы балалардың жас мөлшеріне сәйкес дене еңбегінің жүктемесіне, жыл мезгіліне, климатқа байланысты алынған тағамдық заттарға және энергияға қажет-тілігіне сәйкес болуы қажет. Жаз мезгілінде энергия шығыны ұлғаятындықтан, тағам колориясын 10%-ға жоғарылату қажет;
2. Ас мәзірі балалар мекемелерінің қызметінің ұзақтығына байланысты 3-5 ретке есептелінеді;
3. Ас мәзірі әрбір типтегі балалар мен жасөспірімдер мекемелері үшін бекітілген негізгі тағамдардың түрлеріне байланысты жасалады. Ет пен балықтан жасалған тағамдарды таңертеңгі және түскі асқа ал, кешкі асқа сүт, көкөніс және жармадан жасалатын тағамдар ұсынылады. Рационның құрамында күнделікті міндетті түрде ет, балық, сүт, сары май, көкөніс, нан болуы керек;
4. Ас мәзірі әр түрлі тағамдардан құралады. Бір күндегі тағамдардың түрлері қайталанбауы тиіс;
5. Барлық балалар мекемелерінде, Медициналық Ғылым Академиясының тағам институты жергілікті жағдайларға байланысты ұсынған үлгі ас мәзірін негізге ала отырып, екі апталық ас мәзірі жасалады. Сонымен қатар "жазғы" және "қысқы" деген тағы екі ас мәзірі дайындалады. Тағам рационының калориясын және химиялық құрамын анықтау, арнаулы кестелер мен балалар тамақтануына арналған нұсқаулар бойынша жүргізіледі;
6. Күнделікті үлгі ас мәзірінің негізінде, құрамында әрбір тамақтану мерзіміндегі тамақтардың тізімі және осы тағамдардың барлығының массасы мен жеке түрлері көрсетілген сұрыптама ас мәзірі жасалады. Сұрыптама ас мәзірінде тамақтанатын балалар мен қызметкерлердің де саны көрсетіледі (мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қызметкерлер тек қана түсте, ал мектеп интернаттарында 3 мезгіл тамақтанады);
7. Ас мәзірінде көрсетілген кейбір тағамдар жоқ болған кезде, оларды бірін-бірі алмастыра алатын тағамдардың кестесін қолдана отырып, химиялық құрамы жағынан сәйкес келетін тағамдармен ауыстыруға болады;
8. Балалар рационында, ас қорту органының қызметін жақсарту үшін күрделі тағамдар (қара бидай наны, ботқасы, В тобындағы витаминге бай тағамдар болу керек);
9. Рациондағы белоктардың меншікті үлесі, жылдың барлық мезгіліне тұрақты түрде болады.
a. Балалар мекемелерінің асхана жұмыстарына ағымды санитарлық бақылау жүргізу жұмысы:
10. Келіп түскен тамақтардың сапасы мен олардың тасымалдануын бақылау;
11. Тағамдардың сақталу жағдайын бақылау;
12. Тағамдардың таратылу мерзімінің сақталуын бақылау;
13. Тағамдарды дайындау технологиясын бақылау;
14. Дайын тағамдардың сапасын бақылау;
15. Асхананың санитарлық, індетке қарсы жүргізілетін тәртібін және ыдыс-аяқтарды тазалау тәртібін бақылау;
16. Асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтауын бақылау;
17. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тағам рационының құрамын бақылау

1. Тұтынылатын азық-түлік сипаты мен тамақтың әртүрлілігі;
2. Тамақтану режимі;
3. Азықтың химиялық құрамы мен биологиялық құндылығы;
4. Азық түлікті тұтыну мен тамақ дайындайдағы ұлттық ерекшеліктер.
5. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының гигиеналық негіздері

6. Индивидуалды тамақтану

№3 Практикалық сабақ

Денсаулыққа зиянын келтіретін факторлар.
Жоспар:
1.Денсаулыққа зиянын келтіретін факторлар.
2.Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру

Міндеті: Балалар мен жасөспірімдердің организіміне зиян келтіретін факторлар туралы анықтама жасау және жеке бас гигиенасына мәлімет беру.
1.Денсаулыққа зиянын келтіретін факторлар. Ауру - ағза жұмысының белгілі бір зиянды факторлар кесірінен бұзылуы. Рухани денсаулық. Этика - адамның мінез - құлық ережесі: әдептілік, адалдық, жауапкершілік, көмектесу, көпшілдік, ұнамды эмоция (күлкі, қуаныш). Өзіне үнемі қарап, сырт келбетін күту - әр адамның өзіне де, қоршаған ортасына да жағымды міндеті. Өз денсаулығыңды күтуді, табиғаттың табиғи факторларын ебін тауып пайдалануды үйрену керек. Стиль іздеуде даралық, ерекшелік дағды қалыптастыру қажет.
Дені сау, сымбатты болу үшін тазалық ережелерін орындау маңызды. Тазалықты орындау аз ғана нәрседен басталады: сұлулық және қол, аяқ, тіс, шаш, тырнақ тазалығына қамқорлық жасаудан. Сырттан келгенде, тамақ жеу алдында қол жууды, ұйықтар алдында және таңертең тіс тазалауды, күнде кешкілікдуш қабылдауды күнделікті әдетке айналдыру керек.
Гигиенаның жекелеген мәселесі әр түрлі континенттерде өте ерте кездердің өзінде белгілі болса да, оның өз алдында бөлек ғылыми пән болып дамығанына 150 жылдай ғана уақыт өтті деп есептелінеді. Гигиена ежелгі Грецияда жастардың денешынықтыру тәрбиесі мемлекеттік сипатқа ие болған, сондықтан гигиена сөзі грек тілінен алынған. Guidelines -- емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, прфилактика деген ұғым.
Гигиенаның пән ретінде дамуына м.ғ.д., профессор Альфред Владиславович Мольков ерекше үлес қосты. Ол әуелі земство дәрігері, сонан кейін санитарлық дәрігер, ал 1923 жылдан бастап әлеуметтік гигиена институтының директоры қызметін атқарып, халықтың денсаулығына санитарлық жағдайлардың әсер ету мүмкіндігіне ерекше көңіл бөлді. А.В. Мольков дайындаған дәрістер мектеп гигиенасының ең алғашқы оқу құралы болды. Гигиена -- аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық- түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысты. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырды. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласынын арулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілетін көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты - адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенсы болып бірнеше топқа бөлінеді. Соның ішінде балалар мен жасөспірімділер гигиенасына тоқталамыз.
Балалар мен жасөспірімділер гигиенасы пән және денсаулық сақтау жүйесірің іс - тәжірибелік саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды өңдеп, негіздеуге арналған ғылым. Бұл пән өсіп келе жатқан организмге қоршаған ортаның әр түрлі факторларының әсер етуін зерттеумен және болашақта осы факторлардың организмге әсерін болжаумен айналысады. Сонымен қатар ғылыми мәліметтер негізінде гигиеналық, санитарлық - гигиеналық індетке қарсы ережелер мен нормаларды өңдеп, аурушандықты азайтуға, организмнің қызмет қабілетін жоғарлатуға, балалар мен жасөспірімділердің қалыпты дамуына бағытталған болатын және салауаттандыру шараларын қарастырады Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданылады. Алдынғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешілігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді. Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс -- әрекет жасап, көзге көріне түсті. Адамзат баласының денсаулығы бірімен -- бірі байланысты табиғи және әлеуметтік - экономикалық, саяси факторлардың әсерлерімен қалыптасады. Биосфералық факторларға жататыңдар: атмосферадағы ауа, су, жер, әлеуметтік факторларға ембек және оқу жағдайлары, тамақ, киім кешек, төсек-орын жағдайы және тағы басқа жатады. Бұл факторлар адамдардың салауатты өмір сүру салтың қалыптастырады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық заттармен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.
Гигиена қолдың, аяқтың, дененің, беттің, тістің, шаштың, тырнақтың тазалығы жөніндегі қамқорлықтан басталады.
Денсаулық үшін жақсы ұйқының ережесін сақтан жөн: 1. Адам 11 - 12 жасында кемінде 10 сағат, ал 13 - 15 жасында 9 сағат ұйықтауы тиіс. Ұйқы қанбау шаршауға, ашушаңдыққа, жұмыс қабілетінің төмендеуіне алып келеді. 2. Кешкі ас жеңіл және ұйықтар алдында 2 сағат бұрын ішілуі тиіс. 3. Кешкі астан кейінгі уақыт тыныш жағдайда өтуі тиіс. 4. Іш киімді, шұлықты жиі, екі күнде бір ауыстырып тұру қажет. Түнгі көйлек немесе пижама киіп алып ұйықтау керек.
Темекі түтінінің құрамындағы заттардың қатерлі ісік (рак) ауруларының дамуына икемдейтіні белгілі. Алкогольді ішімдіктер, сыра жүйке жүйесін бұзады. Есірткілер адам өміріне қауіп төндіреді.
Әдемі және қалың шаш кісіні безендіріп қана қоймайды, оның денсаулығының жақсы екендігін де көрсетеді. Адам басында 80 мыңнан 150 мыңға дейін шаш болады. Олар бірыңғай болмайды. Күнделікті 100 тал шашқа дейін түсіп тұрады және сонша тал шаш жаңадан өседі. Әр жыл сайын олар 15 см шамасында ұзарады. Шаштың үш түрі болады: құрғақ, орташа майлы және майлы.
Құрғақ шаш - шаштың аз дымқылдығы және май бездерінің майды аз шығаруына байланысты. Олар өте нәзік және сынғыш келеді.
Орташа майлы шаш - майысқақ және жылтыр келеді, сирек сынады. Шашты уақытымен жуып тұру және бекіту шаштың майлылығы мен дымқылдығын сақтауға көмектеседі.
Майлы шаш - шаш тез тері майымен майланады, ол жұмсақ және күңгірт болады. Майлы шашты жиі жуып тұру қажет.
Шашты түріне және кірлеуіне байланысты аптасына 1 - 2 рет жуып тұру қажет.
Киім, аяқ киімді таза ұста, көйлек, костюм, шалбарлар әрқашанда үтіктелген болу керек. Киім ілгішті киім өлшеміне лайықтап таңдап, бір ілгішке екі киімнен артық ілмеу керек. Тоқыма бұйымдарды ұқыпты жинап, жәшікте, шкаф сөрелерінде сақта. Киімдегі кейбір дақтарды өзің кетіруіңе болады. Алдымен қылщықпен шаңын тазалап, сорғыш қағаз арқылы үтіктеу қажет. Туштың, сырдың дақтарын салқын сумен кез келген жуғыш ұнтағымен жуып кетіруге болады.
Жуар алдында бұйымдарды мата түріне, түсіне және кірлеу дәрежесіне қарай бөлу қажет. Ақ бұйымдарды боялған бұйымдармен араластырып жууға болмайды. Бұйымның бояуы шығып, ақ бұйымдарды былғайды. Жуар алдында бұйымдардың қалталарын босат. Боялған мақта, кенеп маталарды 60ºС сумен жуу қажет.
Аяқкиімге қойылатын гигиеналық талаптар
1. Аяқкиім қан айналуға кедергі келтірмейтіндей (табан пішімі және өлшемі) болуы қажет.
2. Аяқкиімде аяқты қыспайтындай, бас бармақ тірелмейтіндей кеңістік болуы керек.
3. Аяқкиім жеңіл, иілгіш, жұмсақ болғаны дұрыс.
4. Аяқкиім өте жіңішке немесе тар болмауы керек. ( Өкшесі тым биік болса, табанның пішіні өзгеріп, омыртқа жотасы қисаяды, т. б.).
Жеке адам гигиенасы
Жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі болып саналады. Гигиенаның, медицинаның қол жеткен жетістігі әр адам жеке бас гигиенасын сақтамай, өзінің денсаулығына немқұрайды қараса, оның денсаулығының оңалуына көмектесе алмайды.
Жеке бас гигиенасы түсінігіне мыналар кіреді: күн тәртібі, тамақтану, терінің күтімі, ауыз қуысының күтімі, дұрыс киіну, дене тәрбиесі, үйдің санитарлық жағдайы, тұрмыстық аспаптарды қолдану (теледидар, шаңсорғыш, газ плитасы) және тұрмыстық химия тауарларын қолдану, тұрмыста, ең-бек кезіндегі, дем алу және ұйқы кезіндегі жеке бас гигиенасы мәселелері.
Адамның терісі ағзада газ және жылу алмасу қызметін атқарады. Зат алмасудың соңғы қалдықтарын, су буларын, тер, май және бактерицидті заттарды ағзадан шығарады. Терінің беткі қабатында ультракүлгін сәулелердің әсерінен Д витаминінің синтезі жүреді. Адамның терісі ағзаны метеорологиялық, механикалық, химиялық факторлардың әсерінен және микроорганизмдерден қорғайды. Терінің тазалығы мен шынығу деңгейі жоғарыда айтылған қызметтің бәрін жақсы атқаруда маңызды орын алады.
Егер адамның терісі нашар бапталса, ол жерде микроорганизмдердің әсерінен органикалық заттар ыдырап, иісі жаман, ұшқыш қосылыстар пайда болады. Ыдырағаннан пайда болған заттар теріні тітіркендіреді, шаң-дар май және тер шығатын жолдарды бітеп қалады да микроорганизмдер мен саңырауқұлақтардың көбеюіне жағдай туындатады. Соның салдарынан дер-матиттер, іріңді және басқа да тері аурылары пайда болады. Адамның терісі ластанған жағдайда, оның тыныс алуы 10-15% нашарлайды. Терінің тазалығы сақталмаған жағдайда адамдардың киімдері қатты ластанады да ауа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz