ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ТРЕНИНГТЕРДІҢ РӨЛІ


ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ТРЕНИНГТЕРДІҢ РӨЛІ
Бейсембаева К. Д.
Абай атындағы ҚазҰПУ, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы
Еліміздің ә леуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамуы және оқу-тәрбие жұмысына қазіргі заманның өркениетті бағыттарына сай жаңа өзгерістерді енгізу кезінде білім беру саласының жасөспірімдік кезеңіндегі тәрбиелеу мәселесі өзекті болып табылады. Яғни, жасөспірімдердің жеке тұлғасын дамыту, ішкі әлеуетін ашу, психикалық дамуын, дара ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын олардың жақын даму аймағына бағыттау, психикалық және тұлғалық қалыпты дамуын, денсаулығын қамтамасыз ету болып саналады.
Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі - ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулық - адамның ағзасы мен жан-дүниесіндегі аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын, қалыпты дамуды білдіретін; тұрғылықты жердегі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік отбасы жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысымен байланысты кешенді тұрғыда түсіндіріледі.
Қазақстанда соңғы 10-15 жылда психологиялық көмекке сұраныс пайда болып, қазір күн сайын артуда. Бұл түсінікті де, себебі ересектер өмірінің стреске толы болуы, уақытының басым бөлігін жұмыспен өткізуі, балаларға зейіннің жеткілікті бөлінбеуі психологиялық, психикалық, физикалық бұзылулардың артуына әкеледі. Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, қалыптасады. Соңғы жылдары бала дамуын диагностикалау, топтық дамыту бағдарламалары мен әдістері Қазақстандағы психология ғылымының жетістіктеріне сәйкес қарқынды дамып отыр.
«Психологиялық денсаулық» ұғымын ғылымға енгізген белгілі ресейлік ғалым И. В. Дубровина, оған қатысты екіжақты түсінік сақталады: біріншіден, балалардың психологиялық денсаулығы білім беру жүйесіндегі психологтардың кәсіби шеберлігі, психологиялық қызметтің тиімділігін көрсететін көрсеткіш; екіншіден, психологиялық денсаулықтың ғылыми анықтамасы әлі де толық нақтыланбаған.
Осыған орай, адамның психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық негізін зерттеу, жас кезеңдеріне байланысты жасөспірім жасындағы балалардың психологиялық денсаулығы ерекшеліктерін қамтамасыз ету амалдарын анықтау - практикалық психологиялық қызмет үшін маңызды мәселе болып табылады.
Денсаулық - психология, психотерапия, психиатриядағы негізгі қарастырылатын мәселелердің бірі. Денсаулық ұғымы ерте кезден көптеген ғалымдардың зейінін аударған, ал біздің заманымызда 3. Фрейд, А. Адлер, А. Маслоу, П. Б. Ганнушкин, А. Е. Личко, Б. С. Братусь еңбектерінде зерттелген. Денсаулық норма мен патология, саулық пен науқас қалыптарын салыстырмалы анықтауда шешуші көрсеткіш ретінде алынады. «Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігіндегі» Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ДДСУ) анықтамасы бойынша, денсаулық - физикалық ауытқулар мен аурудың жоқтығын ғана білдірмейді, сонымен қатар, толық физикалық, рухани, психикалық және әлеуметтік жетістік, сәттілік қалпы.
Адамның өзіндік санасы, өзіндік бағасы денсаулықтың бейнесінің қалыптасуында елеулі рөл атқарады. Адамның өзі сезетін қалпы оның денсаулығының ішкі бейнесіне сәйкес келмесе, ол өзін ауру сезінеді. Психикалық денсаулық - соматикалық аурулар, физиологиялық дамудағы ауытқулармен қатар, психикаға әсер ететін, әлеуметтік жағдайларға тәуелді әртүрлі жағымсыз факторлар және стрестермен байланысты, адамның толық физикалық, эмоционалды, саналы дамуына негіз болатын қалып.
Психикалық денсаулығы қалыпты адам өзін және өзінің басқалармен қатынасын шынайы қабылдауға талпынады, сезімдерге ашық, олардан қорғанбайды, өз қылықтары үшін жауапкершілікті алады. Өмір сүру ортасының жағдайлары өзгергенде бейімделу реакциясы болып стресс орын алады. В. А. Сухомлинский педагогикалық қоғамның зейінін баланың үйлесімді дамуына байланысты екендігіне ерекше аударған. Жеке адамның психологиялық қасиеттері қоғамдық қатынастар жүйесінен тыс орын алмайды. Психикалық денсаулыққа әртүрлі әлеуметтік байланыстар әсер етеді, мысалы, отбасы, достарымен, туысқандармен қарым-қатынас, қызмет, демалыс, басқа ұйымдарға қатысы. Бұл әсерлердің нәтижесі жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін. Тек психикасы сау адамдар әлеуметтік жүйеде белсенді атсалысады.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуінің бұзылуы отбасымен, мектеппен әлеуметтік қарым-қатынастың бұзылуынан, психикалық денсаулықтың ауытқуынан, алкоголизм мен нашақорлыққа салынудан, суицид әрекеттері мен қылмыстың өсуінен білінеді. Я. И. Гилинский девиантты қылықты екі үлкен категорияға бөледі: 1) психикалық денсаулық нормаларынан ауытқыған қылық, бұл айқын немесе жасырын психопатологияның орын алуын көрсетеді; 2) әлеуметтік-мәдени, құқықтық нормаларды бұзатын әлеуметтік жағымсыз қылық.
Ата-аналар, балабақшадағы тәрбиешілер, мектептегі мұғалімдер тарапынан авторитарлы, репрессивті тәрбиелеу сипат орын алса, балалар өмірлік маңызды қажеттіліктерінің - қауіпсіздік қажеттіліктерінің, махаббат, қарым-қатынас, қоршаған ортаны ересектер арқылы тану қажеттіліктерінің фрустрациясын сезеді. Бұл қажеттіліктердің фрустрациясы психологиялық жайсыздыққа әкеле отырып, баланың физикалық және психикалық денсаулығына кері әсер етеді.
Психикалық денсаулықты бағалау критерийлері ретінде психикалық тепе-теңдік, психиканың үйлесімі, психиканың бейімделуші мүмкіндіктері аталады. Психикалық тепе-теңдік критерийі көмегімен адамның психикалық сферасының функциясын танымдық, эмоционалды, ерікті жағынан бағалауға болады. Психикалық өзіндік басқару психикалық денсаулықтың негізгі критерийі ретінде аталады. Өмірлік мақсаттарды дұрыс таңдау - психикалық денсаулықты қамтамасыз ететін шешуші шарт болып табылады. Негізгі өмірлік мақсатты таңдау, болашақ мамандықты, өмірдегі өзінің кездейсоқ емес орнын анықтау - адам қабылдайтын маңызды шешімдер болып табылады. Егер бұл дұрыс болмаса, жеке адамның қалыпты дамуында елеулі өзгерістер болады. Ұнамайтын іс-әрекетпен айналысу психикалық тепе-теңдіктің бұзылуына, тұлғалық деформацияларға әкеледі.
Қоғаммен диалог жасауды бала ересектерден үйренеді. Бірқатар психологиялық еңбектерде психикалық денсаулық психикалық тұрақтылық, психологиялық комфорт және психологиялық жайсыздық сезімдерімен сәйкестендіріле байланысты айтылады. Психологиялық жайсыздық депривацияға әкелетін бала қажеттіліктерінің фрустрациясы нәтижесінде пайда болады. Сонымен, психикалық денсаулығы жақсы адам - бұл ішкі жан-дүниесінің тепе-теңдік қалпы бар, психологиялық жайлылықты сезінетін, әлеуметтік бейімделген, жекелеген психикалык функцияларында (қабылдау, ойлау, ес, зейін, эмоция) ауытқулар орын алмайтын, үйлесімді жеке тұлға, өзінің ішкі құрылымында қысымы жоқ, кері әсерлерге қарсы тұра алатын қабілеті бар адам.
Бүгінгі психология ғылымының бағытында жаратылыстану пәндерінің біржақты әсерінен шығу тенденциясы байқалады. Мамандардың ойынша, баланың субъективті жағдайы қоршаған ортасымен тікелей байланысты. Денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары дүние жүзінің әртүрлі елдерінде өткізілген зерттеулерін негізге ала отырып, психикалық денсаулықтағы ауытқулардың ересектермен қарым-қатынасы үйлесімсіз ортада өмір сүретін балаларда жиі кездесетіндігін көрсетеді.
Сонымен, психикалық денсаулық жалпы денсаулықтың негізгі құрылым элементі бола отырып, адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік ортасымен динамикалық тепе-теңдікпе және әлеуметтік функцияларын толыққанды орындауына мүмкіндік беретін психикалық қасиеттердің жиынтығы; психикалық денсаулықтың бұзылуы патологиялық симптомдардың орын алуымен, жүйке-психикалық науқастардың пайда болуымен анықталады.
Психологтардың алдында жеке адамның ішкі қорларын белсендіретін, күшейтетін әдістер мен механизмдерді, психикалық, психологиялық денсаулықты сақтауға және қамтамасыз етуге көмектесетін амалдарды іздестіру міндеті тұр.
Бала денсаулығы білім беру жүйесінің ең негізгі құндылығы. Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты - мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың психологиялық денсаулығына жағдай жасау. Бұл тезис практик-психологты психологиялық денсаулық мәселесінің маманы деп қарастыруға мүмкіндік береді. Адамның денсаулығы - оның өмір жасының барынша ұзақ болуымен катар, физикалық және психикалық сапаларын, қолайлы жұмыс істеу қабілетін, әлеуметтік белсенділігін дамыту және сақтау процесі, ағзаның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті. Психологиялық денсаулық психикалық денсаулықпен тығыз байланысты, ал осы мәселенің жағдайы мен дамуы баламен педагогикалық, психологиялық жұмыс бағдарламаларында қажетті үлесін алмайды.
Психологиялық денсаулық - адам тұлғасының өзіндік үйлесімін, адам мен қоғам арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ететін психикалық қасиеттердің динамикалық жиынтығы. Психологиялық денсаулықты білдіретін тұлғаның қасиеті - өзін-өзі басқара алу. Ол екі түрде болады: ішкі өзіндік басқару - бір функционалды деңгейден екіншісіне еркін өте алу; сыртқы өзіндік басқару - сыртқы ортаның жағымды және жағымсыз жағдайларына адекватты бейімделуді, ортаны өзгертумен қатар, өзіндік өзгеруді де білдіреді.
Психологиялық денсаулық, - баланың жан-дүниесінің жайлылық қалпы, көтеріңкі көңіл-күйден, белсенділіктен, өзін жақсы сезінуден көрінеді. Психологиялық денсаулық жоғары деңгейдегі тұлғалық дамумен, өзін және өзгелерді түсіне алумен, өмірдің мақсаты мен «мен» туралы түсінігінің болуымен, өзін-өзі басқара алу қабілетімен, өзіне және өзгелерге дұрыс қарым-қатынас жасаумен, өзінің өмірі мен тағдырына жауапкершілікті саналы қабылдаумен сипатталады.
Соңғы кездері психологияда жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қамтамасыз ететін бірқатар әдістемелер мен техникалар кеңінен қолданылып жүр, солардың арасында топтық жұмысқа негізделген жедел оқыту әдісі - тренинг сабақтарды ұйымдастырудың қажеттілігі анықталады. Әлеуметтік-психологиялық тренинг ұғымы ғылымға өткен ғасырдың 70-жылдарында енді. Педагогика және психология саласында топтық тренингтің жаңа технология болып табылатындығы анықталды.
- Практикалық психологияда топтық тренингтің бірнеше түрлері жүйеленген. Оларға тренинг-топ, кездесу тобы, гештальт-топ, топтық психотерапия, әлеуметтік-психологиялық тренинг, оқу-жаттықтыру топтары, белсенді әлеуметтік оқыту, видеотренинг, белсенді әлеуметтік-психологиялық оқыту, кәсіби педагогикалық тренингтер жатады.
- Бұлардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу тәсілдерін, жаңа білім мен дағдыны меңгеру, интуицияны, шығармашылықты, ойлауды, қарым-қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интенсивті жағдай жасайтын жаттығулар жүйесі деп қарастырылады.
Топтық тренингтің әсері әлеуметтік-перцептивті салада пайда болатын қатысушылардың келіспеушілік сәттеріне тіркеу жасау арқылы артады. Топтық жұмыстың барысында қатысушылардың мінез-құлқындағы ерекшеліктер мен өзгерістердің тікелей бақылауға жағдай жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz