Жасына байланысты балалардың ауыз қуысының сілемейлі қабығының құрылым ерекшеліктері



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚММУ Ф 43-0403
2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Бала жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы

ДӘРІС
Тақырыбы: Жасына байланысты балалардың ауыз қуысының сілемейлі қабығының құрылым ерекшеліктері. АҚСҚ-ның зақымдалуы мен ауруларының жіктелуі. Ауыз қуысының сілемейлі қабығының зақымдануы

SDV5308 Балалар жасындағы стоматология пәні
5В130200 Стоматология мамандығы
5 курс
Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат

Ќарағанды 2015 ж.

Кафедра отырысында бекітілген
___________2015 ж. № ____хаттама
Кафедра меңгерушісі, доцент ________ С.Т.Тулеутаева

Тақырыбы: Жасына байланысты балалардың ауыз қуысының сілемейлі қабығының құрылым ерекшеліктері. АҚСҚ-ның зақымдалуы мен ауруларының жіктелуі. Ауыз қуысының сілемейлі қабығының зақымдануы

Мақсаты: студенттерді ауыз қуысының сілемейлі қабығының ауруларының топтастырылуымен, құрылысымен таныстыру

Дәріс жоспары:
1. Әр жастағы балалардың ауыз қуысы сілемейлі қабығының құрылысы
2. Балалардың ауыз қуысы сілемейлі қабығының ауруларының топтастырылуы
3. Жарақаттық даму кезеңі бар зақымданулар. Клиникасы және емдеуі
4. Механикалық зақымданулар. Клиникасы және емдеуі
5. Химиялық зақымданулар. Клиникасы және емдеуі
6. Термиялық зақымданулар. Клиникасы және емдеуі
7. Сәулелік зақымданулар. Клиникасы және емдеуі
Әр жастағы балалардың ауыз қуысы сілемейлі қабығының құрылысы
Адамның ауыз қуысы барлық бойында, эпителийден және дәнекер тiндi негiзден тұратын шырышты қабығымен жабылған. Эпителийдiң дәнекер тiнмен бiрiгуi, базальды мембрананың көмегiмен жүзеге асады. Эпителий әр бiр бөлiктерiнде әртүрлi қалыңдықта болып, 3 түрлi клетка қабатынан тұрады - базальды, тiкенек тәрiздi және жалпақ (жазық).
Базальды клетка қабаты мен тiкенек тәрiздi клетканың төмеңгi қабатында митоз жүредi, сондықтан бұл аймақтар ұрықтану зонасы болып сипатталады. Шырышты қабықтың дәнекер тiндi негiзi, қан тамырлары мен клеткалық элементтерге бай борпылдақ дәнекер тiннен тұрады.
Эпителий мен дәнекер тiннiң шекарасы 2 табақша түрiнде көрсетiлген. Бiреуi - клеткалық мембрананы, ал екiншiсi - дәне - кер тiннiң преколлаген қабатын құрады. Екеуiнiң арасындағы кеңiстiк желiмдеушi затымен толған.
Шырышты қабықтың кейбiр бөлiктерiнiң, анатомо-физиологиялық ерекшелiктерiне байланысты, айырмашылықтары бар.
Осыған байланысты көптеген авторлар шырышты қабықтың 3 түрiн бөледi: жамылғы, шайнау және арнайы.
1 түрiне - ерiн, ұрт, өтпелi қатпар, ауыз қуысының түбiнiң шырышты қабығы жатады.
2 түрiне - қызыл иек және қатты таңдай шырышты қабығы жатады
3 түрiне - тiлдiң сыртқы жағының шырышты қабығы жатады
Жамылғы шырышты қабатының мүйiзденуi болмайды және шырышты асты қабаты айқын көрiнедi. Шайнау шырышты қабатында мүйiздену белгiлерi байқалады және көбiне сүйек қабығына, тiкелей жанасып жатады, немесе шырышты асты қабаты өте жiңiшке.
Арнайы шырышты қабаты, арнайы нервтi шеттерiнен тұрады (ақырғы рецепторлы аппарат).
Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының гистологиялық және гистохимиялық құрылысы жасына байланысты күрт өзгередi.
Х.С.Мергенбаеваның көмегiмен жүргiзiлген арнайы зерттеу әдiстерiнiң негiзiнде, ауыз қуысы шырышты қабатының негiзгi құрылысының даму динамикасын сипаттайтын 3 жастық кезеңдi бөлуге болады.
1 - жаңа туған (туғаннан 10 күнге дейiн) және омыраудағы (10 күннен " жасқа дейiн) кезеңдер - 0-1 жыл
2 - алғашқы балалық немесе бөбек кезеңi - 1-3 жыл
3 - бiрiншiлiк (4-7) және екiншiлiк (8-12) балалық (сәби) кезеңi 4-12 жыл
Ақырғы анық дифференцирленген құрылымның құрылуы 12 жасын - да жүредi.
Жаңа туған балалардың эпителийi өте нәзiк, жұқа, гликоген мен РНК-ға бай, барлығы 2 клетка қабаты бар - тiкенек тәрiздi және базальды. Базальды мембрана анық көрiнбейдi, айыратын қызметiн атқармайды. Шырышты қабықтың меншiктi қабатында борпылдақ толық қалыптаспаған дәнекер тiн анықталады. Шырышты асты қабатында клеткалық элементтердiң мөлшерi көп. Базальды мембрана ауыз қуысының барлық бөлімінде өте жұқа және нәзік. Талшықты құрылыстар әлі толық дамымаған, бірақ коллагенді және иілімді талшықтардың күрт фуксинофилиясы анықталады. Шырышасты қатпарында клеткалық элементтердің құрамы едәуір. Негізінен бұл фибробластар, сондай-ақ гистиоциттер мен лимфоциттер де бар. Плазматикалық клеткалар өте аз. Бұлтты клеткалардың саны аз (4,0х2,0) және жас белсендіемес түрлерімен берілген. Бұл атаған ерекшеліктер, жаңа туған нәрестелердегі шырышты қабаттың беріксіздігін және тез жараланатының көрсетеді, сонымен қатар тіндердің сапалық құрамы регенерацияның жоғары болуын қаматамасыз етеді.
Омыраулық кезеңде эпителийдің ұлғаюымен қатар ауық қуысы шырышты қабатының әр бөлімдерінің құрылысының регионарлы айырмашылықтары болады. Бұған шайнау шырышы аймағында және тілдің жіпше бүртіктерінің биігінде паракератоздың болуы тән. Сонымен қатар, бұл аймақтарда гликоген толығымен жоғалады. Арнайы және жамылғы шырышты қабаттарында қосымша тіндердің борпылдақтығы сақталады, шайнау шырышында базальды мембрана мен шырыштың меншікті қатпарының талшықты құрылыстарының қалыңдауы, қан тамырлары мен клеткалық элементтердің санының азаюы жүреді. Мұнда плазматикалық клеткалар мүлде болмайды. Бұл жаста базальды мембрана өте жіңішке және борпылдақ болып қалады. Омыраулық кезеңде, антенатальды кезеңнен алынған тіндердің иммундық қасиеті жойыла бастайды да, ол осы кезеңдегі шырышты қабаттың иммунобиологиялық мүмкіндігіне әсер етеді. Осыған байланысты, анасының антиденелері, гормонда, ферменттер және т.б. диаплацентарлы берілуін еске алуға болады. Бұл өмірінің бірінші жылында вирусты және бактериальды стоматиттердің және ауыз қуысы шырышты қабатында саңырауқұлақтекті аурулардың дамуына баланың организмінің тұрақтылығының жоғары екендігіне байланысты болады.
1 кезеңде, жасына байланысты ауыз қуысы шырышты қабатының морфологиялық құрылысы, тұрақтылығының нашарлығы мен жеңiл жарақаттануына мүмкiндiк туғызады, осы уақытта тiндердiң сапалы құрамы регене - рацияға жоғары қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етедi.
Ерте балалық кезеңде (1-3 жас) дәнекер тiндiк құрылым (базальды мембрана) борпылдақ, қан тамыр қабырғасының өткiзгiштiгi жоғары және бiршама клеткалық элементтер болады. Ауыз қуысының меншікті қабатында клеткалық элементтердің құрамы жоғары, олар негізінен дәнекер тін бүртіктері мен қан тамырлары айналасында шоғырланады. Ауыз қуысы шырышты қабатының эпителиальды жамылғысы мүйіздену және паракератоз зоналарының болуына байланысты біршама тығыз болады. Меншікті қабаттағы базальды мембрана мен талшықты құрылыстар тығыз, талшықтар жеке орналасады.Ауыз қуысы шырышты қабатының құрылысының морфологиялық ерекшелiктерi осы кезеңдегi ауыз қуысы шырышты қабатының патологиялық процесстiң дамуы мен жедел ағымына әсер етушi факторлардың бiрi болып табылады. Осы кезеңде иммунитет реакциясының төмен болуы ЖҰС кезiндегi ауыз қуысы шырышты қабатының зақымдануының бiрден бiр себебi болып санала - ды.
Алғашқы балалық кезеңде (4-7 жас) аралығында ауыз қуысы шырышты қабатының сандық және сапалық өзгерiстер болады. Бұл кезеңде эпителий ұлғайып, ондағы гликоген мен РНК-ның құрамы ұлғаяды, ол алмасу процесстерінің қарқындылығының төмендеуімен сипатталады. Ауыз қуысы шырышты қабатының меншікті қатпарында қан тамырлары мен клеткалық элементтердің саны азаяды.
Екіншілік балалық кезеңде (4-7 жас) гликоген деңгейі төмендейді және эпителиальды пласттағы белокты құрылыстар саны ұлғаяды. Шырышты қабығының сапалық өзгерiстерi осы кезде организмнiң сезiмталдығы мен қорғаныш механизмiнiң қалыптасуына байланысты. Бұл кезеңде ауыз қуысы шырышты қабатының әр түрлi аурулары кезiндегi диффузды реак - цияға бейiмдiлiк төмендеп, патогенезiнде аллергия маңызды орын алатын аурулар жиi байқалады.
10 жас, әсiресе 12-14 жастан кейiн гистологиялық және гис - тохимиялық ерекшелiктерi гормонды реттелу факторларының әсерiмен жүретiн өзгерiстер, яғни жасөспiрiм гингивитi мен жұмсақ лейкоп - лакияның басым болуымен сипатталады.
Шырышты қабаттың қызметі
1. Барьерлi - микроорганизмдер, вирустардың (туляремия, ящур) тереңге өтуiне кедергi жасалады
2. Сорылу - сору қызметi
3. Буферлi - қышқылдар мен сiлтiлердiң әсерiн нейтралдап, рН ор - тасының тез қалыптасуына мүмкiндiк жасайды
4. Регенеративтi - тез жазылуға бейiм болу қабiлеттiлiгi

Балалардың ауыз қуысының шырышты қабаты ауруларының топтастырылуы
Т.Ф.Виноградованың жiктелуiнде: зақымдалу, ауру, өзгерiстер терминдерi қолданылады.ҮМЭ осы түсiнiктерге анықтама берiлген:
Ауру - организмнiң қорғаныш күшiнiң бiр мезгiлдiк мобилиза - циялануында, бейiмделушiлiк қабiлетiнiң төмендеуiмен сипаттала - тын, сыртқы және iшкi ортаның төтенше тiтiркендiргiштерiнiң әсерiнен организмнiң өмiр қабiлетiнiң төмендеуi.
Зақымдалу - синонимi жарақат, қызметiнiң өзгеруi байқала - тын, тiндер немесе ағзалардың бiртұтастығының бұзылуы
1. Аурудың этиологиясы бойынша
а) вирусты аурулар
- жедел ұшықты стоматит
- қайталанбалы ұшықты стоматит
- ұшықты ангина
- вирусты сүйелдер
- везикулярлы стоматит
б) саңырауқұлақ тектi аурулар
- жедел және созылмалы кандидоз
- кандидамикоз
в) бактериялық аурулар
- Венсанның ойық жаралы-некротикалық стоматитi
- туберкулездi стоматит
- гонореялы стоматит
- ауыз қуысының мерезi
г) Аллергиялық аурулары
- көп формалы экссудативтi эритема (МЭЭ)
д) Ауыз қуысы шырышты қабатының өзгерiстерi
- жүрек-тамыр жүйесiнiң, нервтi-психикалық, эндокриндi және т.б. жүйелерiнiң аурулары кезiнде
- ас қорыту жүйесiнiң аурулары кезiнде
- жедел инфекциялы аурулары кезiнде
- қан аурулары кезiнде
- терi аурулары кезiнде (буллездi эпидермолиз, Дюринг дер - матитi)
е) Ауыз қуысы шырышты қабатының жарақаттық, механикалық және физикалық факторларының әсерiнен зақымдалуы (Беднар афта - сы, декубитальды ойық-жара, күйiктер, жұмсақ лейкоплакия)
2. Клиникалық ағымы бойынша - жедел және созылмалы (қайталанбалы және перманенттi)
3. Орналасуы бойынша - стоматит, папиллит, глоссит және т.б.
4. Клиникалық айқын морфологиялық өзгерiстерi бойынша
- 1 реттiк - қабыну (катаральды, фиброзды, альтеративтi, про - лиферативтi
- 2 реттiк - эрозиялар, ойық жаралар, дақтар, тыртықтар
Жарақаттық даму кезеңі бар зақымданулар.
Жамылғы тіндерге тікелей әсер ету салдарынан, мөлшерден тыс күш түсіретін сыртқы тітіркендіргіш факторлар, балалардың ауыз қуысы шырышты қабатының жарақаттық зақымдануларына әкеледі. Зақымдану дәрежесі тітіркендіргіш фактордың әсер ету уақыты мен күшіне, оның сипатына, шырышты қабаттың жастық, жергілікті және жеке тұрақтылығына, жарақат алған кезде организмнің жағдайына байланысты болады, мұны емдеуді жоспарлау және диагноз қою кезінде стоматолог міндетті түрде ескеруі қажет. Әр түрлі жарақаттық агенттер шақыратын, ауыз қуысының жамылғы тіндеріндегі клинико-морфологиялық өзгерістер көбінесе спецификалық емес сипатта болады.
Бала жасында ауыз қуысының шырышты қабатындағы әртүрлі зақымдануларды, жарақаттаушы агенттердің сипатына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
a. механикалық
b. термиялық
c. химиялық
d. сәулелік

Механикалық зақымданулар. Клиникасы және емдеуі
Бала жасында ауыз қуысының шырышты қабатындағы жедел механикалық зақымданулар өткір құралдардан, соққыдан, шағып алудан, жағымсыз әдеттердің әсерінен пайда болады. Жарақаттардың жиі кездесетін себебі болып ауызына әртүрлі заттарды салу болады. Кей жағдайда жарақаттар бұзылған тістердің өткір қырларына немесе төмеңгі жақта жиі кездесетін тістердің уақытытнан бұрын жарып шығуынан болады.
Зақымдану аймағында ауыз қуысы шырышты қабатының жарақаттық қызаруы, ісіну, эпителийдің десквамациясы немесе некрозы, эрозия немесе жара пайда болады.
Жарақаттық зақымданудың пайда болуы, спецификалық емес қабынудың әсерінен күрт ауыруы және ісінуімен бірге жүреді. Ауыру жұтынған және сөйлеген кезде ұлғаяды, дене қызуының көтерілуі мүмкін, регионарлы лимфаденит көріністері пайда болады, жалпы жағдайы нашарлайды, бала жылауық келеді, ұйқысы бұзылады.
Зақымдану орнында әртүрлі тереңдікте және көлемде гематома, ссадина, эрозия немесе жара пайда болады. Жараға екіншілік инфекция түсуі
Ұзақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Адамның жүйке жүйесінің дамуы
Шегрен ауруы
Балалардың жүйке жүйесінің физиологиясы
Тыныс алу мүшелеріне анатомо – гистологиялық сипаттама
Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, стоматит, фарингит, өңештің бітелуі, гастриттер, асқазан және 6, 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холециститтер, гельминтоздар
Балалардағы тынысалу жүйесінің ерекшеліктері
Жас физиологиясы және мектеп гигиенасы - практикалық сабақ жинағы
Бауыр цирозы
Пәндер