Жедел іздестіру қызметінің негіздері. Оқу-әдістемелік оқу жұмыс кешені



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ОӘК
ПОӘК 042-18-20.1.4602-2013
Жедел іздестіру қызметінің негіздері пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым 2013ж

18.09.2013

Оқу-әдістемелік оқу жұмыс
кешені
Жедел іздестіру қызметінің негіздері
Заңтану мамандығына 050301

СЕМЕЙ
2013

Мазмұны

1
Глоссарий
2
2
Дәріс
4
3
Практикалық сабақ
4
4
Курсовой жұмыстарын тақырыбы
5
5
Емтихан сүрақтары (тест тапсырма)
6

ГЛОССАРИИ
Жедел іздестіру шарасы бұл - өздерінің алдарына қойған міндеттерін орындауға бағытталған жедел іздестіру қызметін іске асыратын органдардың қызметі.
Жедел іздестіру қызметі - бұл басқару және ұйымдастырушылық, жарияланған және жарияланбаған жедел іздестіру жүйесіне ғылыми негізделген шаралар.
Конфедициалды көмекшілір бұлар - жедел іздестіру қызметін іске
асыратын органдарға конфедициалды көмек көрсететін адамдар.
Конфедициалды көмекшілір - жедел іздестіру қызметін іске асыратын органдарға конфедициалды көмек көрсететін адамдар.
Конфедициалдық жедел құрам - жедел іздестіруді жүзеге асыратын әскери қызметкерлер.
Жедел - іздестіру қызметінің барлау қызметі - бұл мемлекеттік қызметке бағытталған, арнайы ведомствалық қызметпен жүзеге асырылатын саяси, экономикалық, ғылыми - техникалық әскери және басқада ақпараттарды ұлттық қауіпсіздік қамтамассыз ету үшін табу.
Әкімшілік іздестіру - бұл жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның қызметі. күштерді қолдану арқылы жедел-іздестіру қызметінің әдістері мен құралдарын норманы сақтауды қамтамассыз етеді.

. Дәрістік кешен

І. Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері мен түсінігі
МАҚСАТЫ: Жалпы жедел іздестірудің негізгі мақстаты қылмыстың алдын алу, ашу, қылмыскерді және белгісіз жағдайда жоқ болып кеткендерді іздеу және басқа арнайы органның қызметі. Бұл арнайы мемлекеттік уәкілеттілік органдардың, азаматтардың бостандығы мен заңды мүдделерін, құқықтарын, денсаулығын, өмірлерін қорғауда қоғамның қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.
1. Жедел-іздестіру қызметі
2. Жедел-іздестіру қызметінің негізгі түсінігі.
3. Жедел-іздестіру қызметінің және Қылмыстық-процесуалдық қызмет түсініктерінің қатынасы
4. Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері. Жедел-іздестіру қызметінің функциялары

1. Жедел - іздестіру қызметінің міндеттемелері мен түсінігі
Жедел - іздестіру қызметі азаматтардың денсаулығын, өмірін, құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделері, меншікті қорғау шет мемлекеттің халықаралық ұйымның арнаулы қызметтерінің сондай-ақ барлау әрекеттеріне қоғам ман мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жедел іздестіру қызметіне тән:
1. Жедел - іздестіру қызметі қылмысқа қарсы мемлекеттік әрекеттерінің жеке түрі;
2. Жедел - іздестіру қызметінің нақтылы заңмен және арнайы нормативтік актілермен реттелуі;
3. Іс жүзінде нақтылы, басым көпшілігі құпия жедел -іздестіру әрекетімен жүзеге асырылады;
4. Жедел - іздестіру қызметі бет бұрысы (бағыты) тек қана қылмысқа қарсы бағытталған.
Жедел - іздестіру қызметі жүзеге асқанда туындайтын қатынастар жедел іздеу, ұйымдастыру және басқару әрекетін жүргізгенде қалыптасады және басым көпшілігі құпия жүргізіледі. Жалпы бұл әрекеттің негізгі мақстаты қылмыстың алдын алу, ашу, қылмыскерді және белгісіз жағдайда жоқ болып кеткендерді іздеу және басқа арнайы органның қызметі.
2. Жедел-іздестіру қызметінің негізгі түсінігі
Жедел - іздестіру қызметінің түсінігі Қазақстан Республикасының Жедел іздестіру қызметі туралы заңның 1 бабында жедел - іздестіру қызметіне төменгідей түсінік беріледі:
Жедел іздестіру қызметі - бұл басқару және ұйымдастырушылық, жарияланған және жарияланбаған жедел іздестіру жүйесіне ғылыми негізделген шаралар, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестендіріп іске асырылған нағыз заңмен, басқада Қазақстан Республикасының заңдармен; нормативті құқықтық актілермен, арнайы мемлекеттік уәкілеттілік органдардың, азаматтардың бостандығы мен заңды мүдделерін, құқықтарын, денсаулығын, өмірлерін қорғауда қоғамның қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуде және мемелекетті шетел мемлекеттінің тыншылық арнайы қызметінінен қорғалған деп ғылыми дәлел беріледі.
Осы бапқа сәйкес жедел - іздестіру қызметі бұл ең алдымен арнайы мемлекеттің арнайы уәкілетті органдармен іске асырылатын шаралар жүйесі. Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру қызметі туралы заңның 11 бабында көрсетілген, ал оны өткізетін уәкілеттіліктер Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру қызметі туралы заңның 6 бабында көрсетілге міндеттеріне жатады. Қазақстан Республикасының азаматтарының өмірін, денсаулығын, құқығын мен бостандығын және заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік және жеке меншікті сақтау.
3. Жедел-іздестіру қызметінің және Қылмыстық-процесуалдық қызмет түсініктерінің қатынасы
Жедел-іздестіру қызметінің және Қылмыстық-процесуалдық қызмет түсініктерінің қатынасы. Жедел іздестіру қызметі туралы заңның 2 бабында жедел-іздестіру қызметінің сәйкестігі қарастырылады:
* Азаматтардың өмір, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерін қорғау және меншікке қол сұқпаушлықтары.
* Қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамассыз ету және экономикалық тұрақтылықты нығайту;
* Қылмысты алдын алу, ашу және тергеу;
* Анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген тұлғаларға және қылмыстық жазадан жалтарған, хабар-ошарсыз кеткен азаматтар және заңда көзделген өзге де тұлғаларға іздестіру жүргізу;
* Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамассыз ету;
* ҚР Президентінің және өзге де қорғауды қажет ететін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету;
* Жаза өтеу мекемелерінде қылмыстық атқару заңдылығында көсетілген тәртіпті қамтамассыз ету;
* Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету;
* Шет ел және халықаралық ұйымдарды ескерту және барлау қызметімен қйылысуының табылуы;
* Мемлекеттік және өзгеде заңмен қорғалатын құпияны сақтау; мекемелерге, құрылтайларға және ұйымдарға коммерциялық құпияның сақталуына әрекеттесу.
Әрбір жедел іздестірудде қарастырылған міндет олардың шешілуіне күш салу, жедел іздестіру қызметінің барлық бағыттарын құралдары мен әдістерін шешу.
1. Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері. Жедел-іздестіру қызметінің функциялары
Жедел - іздестіру қызметінің міндеттері Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру туралы Заңының 2 бабында көрсетілген міндеттемелер жатады, олар:
* Қазақстан Республикасының азаматтарының өмірін, денсаулығын, құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік және жеке меншікті сақтау;
* Мемлекеттің қоғамның қауіпсіздігін қаматамысыз ету және оның экономикасын нығайту, қорғау қабілеттігін нығайту;
* Қылмысты ашу, анықтау, алдын алу;
* Із түссіз жоғалған азаматтарды және заңда көрсетілген жағдайларды, қылмыстық жазадан қашып жүргендерді, сот-тергеу анықтау органдарынан қашып жүрген тұлғаларды іздестіру шараларын іске асыру;
* Халықаралық мекемелер шет ел мемлекеттерінің тыншылық қызметтерін анықтау алдын алу болдырмау;
* Қазақстан Республикасының Президенті мен өзге де күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
* Мемелекттік шекара қызметін қамтамасыз ету.
Көрсетілген міндеттер жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыру барысында нәтижелі болады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1) Жедел-іздестіру қызметі дегеніміз не?
2) Жедел-іздестіру қызметі міндеттері қандай?
ӘДЕБИЕТТЕР:
1) .Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз
2) Жедел іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.

ІІ. Жедел-іздестіру қызметінің принциптері және құқықтық негіздері
мақсаты: Қазақстан Республикасының Коституциясынын басқа жедел - іздестіру қызметінің құқықтық негізін Парламентпен, Қазақстан Республикасының Президентінің қабылданған заңды күші бар нұсқаулар болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің аса маңызды құндылығы адам оның өмірі бостандығы жазылған. Бұл жүйені іске асыруда заңмен уәкілетті мемлекеттік органдардың жедел іздестіру қызметі жүйесі, негізгі болып табылады. Бұл тақырыптың мақсатын ашу барысында төмендегідей сұрақтарды қарастырамыз:
1. Жедел-іздестіру қызметінің құқықтық негіздері
2. Жедел-іздестіру қызметінің принциптері
3. Жедел-іздестіру қызметін жургізу кезінде заңдылықты сақтауда құқықтық кепілдеме

1. Жедел-іздестіру қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру қызметі туралы заңның 4 бабына сәйкес құқықтық негізін мыналар қалайды:
* Қазақстан Республикасының Конституциясы;
* Қазақстан Республикасының Жедел іздестіру туралы Заң;
* Қазақстан Республикасының өзгеде заңдары және нормативтік құқықтық актілер;
* Азаматтардың өмір, денсаулығы, құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерін қорғау және меншікке қол сұқпаушылықтары.
Қазақстан Республикасынң Жедел - іздестіру туралы заңда жедел - іздестіру қызметінің бағыттары, мынаған бағытталады:
ҚР Конституциясында жедел іздестіру қызметі мемелекеттік заңмен реттелетіндігі ҚР Конституциясында тура көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Коституциясынын басқа жедел - іздестіру қызметінің құқықтық негізін Парламентпен, Қазақстан Республикасының Президентінің қабылданған заңды күші бар нұсқаулар болып табылады, мысал ретінде, 1998 жылы қабылданған Ұлттық қауіпсіздік туралы заң, Қылмыстық іс жүргізуге қатысатын тұлғаларды мемлекеттік қорғау 2002 жыл, заңды күші бар президенттің нұсқауы, Қазақстан Республикасының Ішкі қызметінің органдары туралы 1995 жылғы және жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыратын құзыретті заңмен жүзеге асырылады.
2. Жедел-іздестіру қызметінің принциптері
Жедел - іздестіру қызметінің принцптері және құқықтық негізі. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің аса маңызды құндылығы адам оның өмірі бостандығы жазылған. Бұл жүйені іске асыруда заңмен уәкілетті мемлекеттік органдардың жедел іздестіру қызметі жүйесі, негізгі болып табылады.
Көрсетіліген құқықтық кепілдікті қаматамасыз ете отыра бұл қызметтің өзі әр түрлі құқықтық заңнамаларға сүйенеді жедел іздестіру қызметін іске асыратын органдар нақты тұлғаға қатысты күдік бар болған жағдайда олардың жеке басын анықтайтын құжаттарын тексетуге құқығы бар, әкімшілік ұстауға, тұрған жайын тексетуге, жұмыс орнын тексеруге, осы тұлғаның пошталық жолдауларына талқылау жасауға телефонын тыңдауға және жедел іздестіру шараларына құқығы бар.
3. Жедел-іздестіру қызметін жургізу кезінде заңдылықты сақтауда құқықтық кепілдеме
Жедел-іздестіру қызметін жургізу кезінде заңдылықты сақтауда құқықтық кепілдеме. Жедел - іздестіру қызметін жүргізу барысында заңдылықтың сақталуы Қазақстан Республикасының 1994 жылы қабылданған Жеделі - іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Соңғы жылдары заңнамаға мемлекеттік тергеу комитеті, шекара қызмет органдары, кеден органдары қосылды. Бірақ қазіргі кезде осы айтылған органдар заңнамадан шығарылды: мемлекеттік тергеу комитеті - комиттеттің қызметінің тоқталуына байланысты алынып тасталды; шекара қызметтінің органдары - ұлттық қауіпсіздігіне комитетінің құрамына кіргендіктен алынып тасталғын; кеден органдары - бұл саладан жедел іздестіру қызметін алынуы байланысты. Осы себептерге байланысты бастапқы қалыпқа келді. 1994 жылғы заңда көрсетілген салық полициясының орнынының қызметінің орнына 2001 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылғын қаржы полициясына өз құзіретін берді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1) Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негізін қалай түсінесің?
2) Жедел-іздестіру қызметі қай заңмен реттеледі?

ӘДЕБИЕТТЕР:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі
2) Жедел іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.
3) ҚР Қылмыстық - іс жүргізу кодексі.-Алматы:Юрист,2003ж.-220б.

ІІІ. Жедел-іздестіру қызметінің субъектілері, олардың міндеттері және құқықтары
МАҚСАТЫ: Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар. Оларға: Ішкі істер органы, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының қорғаныс министірінің әскери барлау органдары және т.б. органдар жатады.
1. Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдар
2. Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың құқықтары
3. Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың құқықтары
4. Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың компетенттілігі

1. Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдар
Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру қызметі туралы Заңның 6 бабында жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды атап көрсетеді:
Қазақстан Республикасының аумағында Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар:
* Ішкі істер органы;
* Ұлттық қауіпсіздік органдары;
* Қазақстан Республикасының қорғаныс министірінің әскери барлау органдары;
* Әділет министірлігінің қылмыстық атқару жүйесі;
* Қаржы полиция органы;
* Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметі.
Бұл органдар тізімі жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар болып табылады.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар тізімі , тек заңмен ауыстырылуы және толықтырылуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар тізімі 1994 жылғы заңның бірінші нұсқаулығындағыдай толықтай жалпы түрде сәйкес келеді және көбі өзгіртілген жоқ.
2. Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың міндеттері Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың құқықтары
Жедел іздестіруді іске асыратын органдардың міндеті:
Жедел іздестіру қызметінің заңының 7 бабында көрсетілген:
* қылмысты ашу, анықтау, алдын алу және тергеуді қаматамасыз ету;
* азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғауға қатысу;
* жедел - іздестіру шарасын орындау барысында керек шаралар қолдану, сондай-ақ материалдарды тапсыруда, өткізілген қылмыстық іс жүргізудегі жедел - іздестіру шарасында жасалған нәтижелерді және құпияны жарияланбауын қадағалау;
* Қазақстан Республикасының басқару және мемелекеттік органдардың қоғам және мемелекеттерге төнген қауіп-қатер жөнінде уақытылы хабарлау;
* құқықтық көмек келісім шарты негізінде өзге мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сұрауларын орындау.
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың ортақ міндеті Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру қызметі туралы Заңының 1 бабында көрсетілген міндеттер жатады.
3. Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың құқықтары
Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру қызметі туралы Заңының 8 бабына сәйкес жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары, мыналар:
1. Жедел - іздестіру қызметінің органдары өз міндетін атқару барысында мына құқықтарға ие болады:
* Осы заңның 11 бабында көрсетілген өз қызметі шегінде ашық және жасырын жедел - іздестіру шарасын жургізу болады;
* Жедел - іздестіру қызметіне қызметіне серіктестікке қайтарымсыз немесе ақылы негізде құпия түрде өз келісімдерін білдірген тұлғаларды қабылдау;
* Жедел - іздестіру қызметіне жүзеге асыруға ақпараттық жүйе және жедел есеп құрау және пайдалану;
* Жедел - іздестіру қызметінің шаралары барысында жазба немесе ауызша шарт бойынша қызметтік ғимарат, транспорттық және өзге техникалық құралдар, мекеменің, ұйымның мүлкі, әскери бөлімдерді пайдалану, сондай-ақ азаматтардың тұрғын ұйлеріне, транспорттық құралдарына және де мүліктеріне зиян келген жағдайда орнын толтыру жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың есебінен төленетін болады;
* Лауазымды тұлғалардың және ғылыми - техникалық білімі бар мамандарды шақыру.
2. Ведомствалардың, мекемелердің, ұйымдардың және өзге басқаратын субъектілердің, әскери бөлімдердің лауазымды тұлғалардың жедел - іздестіру қызметіне өз құзыреті шегінде заң негізінде кедергі келірмеуі тиіс.
Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асырушылар өздерінің қызметін атқару барысында заңға сүйенуі тиіс.
4. Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың компетенттілігі
Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыратын огандардың компетенциялары заңда көзделген құқықтар міндеттерін әрбір орган өзіне жүктейді. Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыратын огандардың компетенциялары Қазақстан Республикасының заңды актілерімен жүзеге асырылады.
Бұндай актілерге ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметінің заңнамаларына Қазақстан Республикасының Президентінің заңды күші бар нұсқаулары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары заңы ( екі заңда 1995 жылы 21 желтоқсанда қабылданған), Қазақстан Республикасының Күзет қызметі туралы заңы (1995 жылғы 3 қазанда қабылданған).
Ұлттық қауіпсіздік органдары міндеті болып:
1. Азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамассыз ету,
2. Барлау нәтижесінде Қазақстан Республикасына қажетті ақпаратты алу;
3. Ұлттық қауіпсіздік органының заңнамадағы міндетіне кіретін қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу;
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының қорғау және күзетін қамтаммасыз ету;
5. Қазақстан Республикасының әскерінде бөлімшелерінде мемлекеттік органдарының шифрлық қызметін жүзеге асыру;
6. соғыс кезінде және бейбітшілік кезінде Қазақстан Республикасының үкіметтік ақпарат алмасуын қамтамассыз ету Қазақстан Республикасының президентіне, мемлекеттік органдарға, қарулы күштерге және өзгеде әскери бөлімшелерге.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1) Жедел-іздестіру қызметінің органдарына кімдер жатады?
2) Жедел-іздестіру қызметін іске асыратын органдардың компетенттілігі дегеніміз не?
ӘДЕБИЕТТЕР:
1) Жедел іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы 1994ж.
2) Гинзбург А.Я. Основы оперативно - розыскной деятельности. Жедел - іздестіру қызметтің негіздері. - Алматы, 1997ж.-75б;
3) Ю.Ф. Чуфарковский. Психология в оперативно-розыскной деятельности. Установление и развитие контактов с субьектами заинтересованности. М. 1996г.

ІҮ. Жедел-іздестіру қызметінің субъектілері, олардың міндеттері және құқықтары
МАҚСАТЫ: Жедел-іздестіру органдарының өзара қатынасын, олардың құқықтық мәртебесін және олардың басқа органдармен қарым-қатынасын анықтау болып табылады.
1. ҚР Жедел-іздестіру органдарының өзара қатынасы
2. Басқа мемлекетердің жедел-іздестіру органдарымен өзара қатынасы
3. ҚР жедел-іздестіру органдарының халықарлық органдармен өзара қатынасы

1. ҚР Жедел-іздестіру органдарының өзара қатынасы
Қазақстан Республикасының жедел - іздестіру органдарының өзара қатынасы. Жедел - іздестіру қызмет жүзеге асыру барысында органдар арасында жедел - іздестіруді жүзеге асырады, заңды және жеке тұлғалар, бұл қатынастар осы қызмет негізінде жүзеге асырылады, осыған қатысты тұлғалар арасында арнайы құқықтық қатынастар пайда болады, Қазақстан Республикасының заңымен реттелінетін қатынастар.
Жедел - іздестіру қызметін заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында құқығы мен міндетін қалыптастырады, тұлғаларға, мекемелерге және тағы басқа құқыққа қайшы әрекетті жүзеге асыратын және басқа жедел - іздестіру қызметін мүддесін білдіретін заңда қолданады.
Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыруда өз қызметкерлері арқылы жүргізіледі, жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыруға көмек көрсететін азаматтар арқылы жүргізіледі.
2. Басқа мемлекетердің жедел-іздестіру органдарымен өзара қатынасы
Басқа мемлекетердің жедел - іздестіру органдарымен өзара қатынасы. Жедел - іздестіру қызметі әр бір уәкілетті органның құрамында бар, олар: ішкі істер органы, ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының әскери барлау министрлігі, қаржы полиция органы, Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметі.
Қазақстан Республикасының аумағында Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар:
Ішкі істер органы құрамында жедел - іздестіру қызметкерлері өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызмет атқарады. Ұлттық қауіпсіздік органдары - мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігін жүзеге асыру барысында құпиялы жедел - іздестіруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының әскери барлау - жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган болып табылады, шекарасы аумағына қатынасатын тұлғаларға барлау жүзеге асырады. Қаржы полиция органы - экономикалық қылмыстарға қатысты қылмыстар болған жағдайда жедел - іздестіру қызметкерлері жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметінің құрамында жедел - іздестіру қызметкерлер бар, олар Қазақстан Республикасының Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1) Жедел-іздестіру органдарының құқықтық мәрбесі қай заңмен анықталады?
2) Жедел-іздестіру қызметіне қай органдар жатады?
ӘДЕБИЕТТЕР:
1) Организованная преступность. Проблемы. Дискуссии. Предложения. Сборник под ред. А.И. Долговой, С.В. Довкова М. 1989г;
2) Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары Заңнамалық актілер жиынтығы.-Алматы: Юрист, 2003.-159б;

Ү. Жедел-іздестіру қызметіне қатысатын тұлғалар
МАҚСАТЫ: Жедел-іздестіру қызметіне қатысатын органдар қызметкерлеріне кімдер, оларға қандай өкілеттіліктер берілген және қандай тұлғалар ондай қызметті жүзеге асыра алады деген сұрақтар төңірегінде болмақ.
1. Жедел-іздестіру қызметіне қатысатын органдар қызметкерлері
2. Жедел-іздестіру қызметіне конфиденциалдық көмек көрсететін тұлғалар
3. Жасырын қызмет көрсету кезінде пайда болатын қатынастар. Конфиденциалдық қатынас жасаудың кейбір психологиялық аспектілері
4. Жедел-ізжестіру қызметін атқаратын органдарға көмек

1. Жедел-іздестіру қызметіне қатысатын органдар қызметкерлері
Жедел - іздестіру қызметіне қатысатын органдар қызметкерлері жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын кадрлық қызметкерлер, жедел іздестіру қызметкерлері мүшесі етіп әскери қызметкерлер болып табылады, жедел - іздестіу қызметкерлеріне тән мінез-құлыққа офицерлер ие болады, олардың алдында тұрған қиындықтар мен сұрақтарды шеше алатын өздеріне тән білімдері мен қасиеттерге ие.
Жедел - іздестіру қызметкерлеріне қойылатын талартар нормативтік актілерде көрсетілегн. Ұлттық қауіпсіздігінің әскери қызметкері болып Қазақстан Республикасының азаматы өз еркімен ұлттық қауіпсізді органында өз борышын өтеуге ерік білдірген азаматтар алынады, өздерінің моральдық және іскерлік қасиеттеріне байланысты, жасына, біліміне және денсаулық жағынан өзіне жүктелеген міндетті атқара алатын тұлға.
Қазақстан Республикасының Әскери қызметі туралы заңына сәйкес ұлттық қауіпсіздігі органдарынан әскери қызмет өтеуді жүзеге асырылады
1. Жедел-іздестіру қызметіне конфиденциалдық көмек көрсететін тұлғалар
Конфедициалдық жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға көмек көрсететін тұлғалар. Бұл Жедел - іздестіру қызметі туралы заңның 8 бабында көрсетілгендей жедел - іздестіру қызметін іске асыратын органдарға ақылы және конфедициалдық қызмет көрсететін тұлғалар заңның 13 бабының 2 тармағында айтылғандай бұл тұлғалар өз еріктерімен немесе келісімшарт негізінде көмек көрсетеді.
Бұл тұлғалар жедел - іздестіру шарасы кезінде өзіне белгілі болған құпияны сақтауға міндетті. Құпияны жариялаған және жалған ақпарат бергендер Қазақстан Республикасының заңымен қудаланады. Конфедиционалдық қызмет көрсете алатындар: кәмемелтке жасы толмаған және есі дұрыс емес адамдар алынбайды.
Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасының ең басты қылмыстардың бірі болып жоғары тұрған лауазымды тұлғалар арасында, партиялық және қоғамдық қайраткерлер арасында қылмыстар табылдаы. Осы себепті Жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданған, іс жүзінде құпия тұлғаларсыз бұл қылмыстарды ашу мүмкін емес.
3. Жасырын қызмет көрсету кезінде пайда болатын қатынастар. Конфиденциалдық қатынас жасаудың кейбір психологиялық аспектілері
Жасырын қызмет көрсету кезінде пайда болатын қатынастар.
Жедел іздестіру қызметінің шегінде жүргізілетін спецификалық қатнастар бар, жедел іздестіру қарым-қатынасына қатыстын жасырын қызметке қатысу. Бұл қатынас субъект пен жедел іздестіру қызметінің объектісімен, әр түрлі жедел іздестіру қызметінің субъектісімен және оған қатысатын тұлғалардың, және таға басқалар.
Жедел - іздестіру қызметінің шешуде құқықтық, сондай-ақ моральдық этикалық сипатқа ие және басты рольдердің бірі.
Жедел - іздестіру қатынастары мемлекеттік органдардың басқаруын жүзеге асыруда пайда болады, оның ішіне жедел - іздестіру қызметін басқару функциясы жүзеге асыратын органдарда кіреді.
Жедел - іздестіру қызметі туралы қарым - қатынастары заң негізінде конфедециялдық қызметкерлерімен пайда болады, дамиды және тоқтатылады. Конфедициалдық жедел құрам - жедел іздестіруді жүзеге асыратын әскери қызметкерлер.
Кофедециялдық қатнастың түріне байланыстан құқықтық қатынасты байқауға болады. Конфедициалды көмекшілір бұлар - жедел іздестіру қызметін іске асыратын органдарға конфедициалды көмек көрсететін адамдар.
Конфиденциалдық қатынас жасаудың кейбір психологиялық аспектілері. Психологиялық тұрғадан кофидециялдық қызмет тұлғалардың қажетіне қарай серіктестіктің негізін қалайды.
Белгілі бір ақпаратқа ие, бірақ бұл ақпарат кәсіби құпиялықты сақтайтын болса, жедел - іздестіру қызметіне арнайы қызмет атақаратын тұлғаларды араластыруға заңды тұрғыдан тыйым салу негізді болар еді.
Мұндай тұлғаларға қорғаушылар, нотариустер, шіркеу қызметкерлері, медицина қызметкерлері, педагоктар, психологтар және тағы басқа қызметкерлерді жатқызамыз, жедел - іздестіру қызметінің объектіліріне байланысты өздерінің кәсіби міндеттерін атқарған жағдайда.
Басқа да жағдайларда бұл тұлғалар құриялық серіктестікке басқа тұлғалармен тең дәрежеде болар еді. Айтылғандар Украина Республикасы, Белорус Республикасында, Литва Республикасында, Молдова Республикасы, Рессей Федерациясының және тағыда басқа Жедел - іздестіру қызметі туралы Заңдарында осыған ұқсас жағдайлар кездескен.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1) Жедел-іздестіру қызметіне қатысатын тұлғалар қызметке қалай кіреді?
2) Конфедициалды көмекшілірге кімдер жатады?
ӘДЕБИЕТТЕР:
1) Г.С. Мауленов Криминалистическая характеристика организованной преступности. Алматы 1997г;
2) Использование аудиовизуальных средств. Плакаты, таблицы, схемы.

ҮІ. Жедел-іздестіру қызметіне қатысатын тұлғаларды құқықтары

МАҚСАТЫ: Жедел - іздестіру қызметіне қатысатын орган қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғауды кімдер, қай нормативтік құқықтық актілер қолданатындығын анықтау болып табылады.
1. Жедел-іздестіру қызметіне қатысатын орган қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғау
2. Жедел-іздестіру қызметі органдарына конфиденциалдық көмек көрсететін тұлғаларды құқықтық және әлеуметтік

1. Жедел-іздестіру қызметіне қатысатын орган қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғау
Жедел - іздестіру қызметіне қатысатын орган қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Заңымен жүзеге асырылады.
Жедел - іздестіру қызметіне мемлекет тарапынан жүргізілетін айрықша әркет түріне жатады, бұл әрекеттер құқыққа қылмыстық қол сұғушылықтармен және де Қазақстан Республикасына қарсы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың барлау-бүлдіру әрекеттеріне қарсы жүргізіледі. Осыған орай жедел - іздестіру қызметіне қатынасушылар өз өмірін, денсаулығын кейде туысқандарының да қатерге тігеді.
Жедел - іздестіру қызметіне қатысушылар материялдық шығынға да ұшырауы мүмкін олар орасан үлкен психологиялық, физикалық ауыртпашылықтарды бастан кешіруі мүмкін. Осының барлығы ждел-іздестіру қызметі жүргізушілерді заңды түрде олардың өмірін, денсаулығын, әлеуметтік мүдделерін қоғауды қажет етеді.
2001 ж дейінгі осы мәселе Қазақстан Республикасының жедел - іздестіру қызметіне Заңының 22, 23 баптарымен реттеледі. Бірақта оны нақтылы жүзеге асырушы механизм болған жоқ.
Жедел - іздестіру қызметіне қатысушыларды қорғау жөнінде аса маңызды Заң 1 қаңтар 2001 жылы қабылданған Қылмыстық іс жүргізуге қатысушыларды мемлекеттік қорғау.
2. Жедел-іздестіру қызметі органдарына конфиденциалдық көмек көрсететін тұлғаларды құқықтық және әлеуметтік
Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру қызметі туралы заңының 23 бабында былай делінген:
* Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асырылуына көмек көрсеткен азаматтар мемлекеттің қорғалуына жатады (азаматтар деп заңда Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар);
* Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асырылуда органдарға көмек көрсеткен азаматтарға мемлекет олардың Қазақстан Республикасының заңдары мен және өзгеде нормативтік актілерге сәйкес құқықтыры мен міндеттерін орындалуын қамтамассыз етеді;
* Егер жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыру органдарға серіктес болған тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне қауіп төнген жағдайда олардың отбасына, туған-туыстарына қауіпсіздігін күшейту қажет.
* Жедел - іздестіру қызметіне серіктес тұлғаларға сыйақа тағайындалады.
* Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыру барысында серіктес болған азаматтар денсаулығына зиян келсе оның отбасына жәрдемақы төленеді.
* Жедел - іздестіру қызметіне серіктес болған кезең тұлғаның еңбек стажына қосылады. Зейнетақы оларға Қазақстан Республикасының Үкіметімен төленуі тиіс.
* Жедел - іздестіру қызметін жүзеге асыру барысында серіктес болған азамат қайтыс болған жағдайда оның отбасына жәрдемақы төленеді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1) Қылмыстық іс жүргізуге қатысушыларды мемлекеттік қорғау Заңы қашан қабылданды?
2) Шетел азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жедел - іздестіру қызметін жүзеге асырылуына көмек көрсеткен азаматтар қатарына жата ма?
ӘДЕБИЕТТЕР:
1) Жедел іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы 1994ж;
2) Преступность и законодательство. А.И. Доягова М. 1997г;
3) Преступность и законодательство. А.И. Доягова М. 1997г.

ІІ ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

ҮІІ. ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ.

МАҚСАТЫ: Жедел-іздестіру шаралары дегеніміз не, оларға қандай шаралар жатады деген сұрақтарды жалпыма қарау болып табылады.
1. Жедел-іздестіру шараларының түсінігі және мәні.
2. Жедел-іздестіру шараларының жалпы мазмұны және түрлері.
3. Арнайы жедел- іздестіру шаралары.
4. Жедел-іздестіру шараларын өткізхуге жедел-іздестіру субъектілерінің компентенциялары.

1. Жедел-іздестіру шараларының түсінігі және мәні.
Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру қызметі туралы заңының 11 бабаның 1 тармақшасында жедел - іздестіру шарасына мынадай анықтама берілген: жедел - іздестіру шаралары - бұл өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметі, осы заңның 2 бабында көсетілген шешуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру қызметі туралы Заңын басшылыққа ала отырып жоғарыда айтылған баптарға сүйене отырып жедел - іздестіру шарасына келесідей анықтама беруге болады:
Жедел - іздестіру шаралары - бұл жедел - іздестіру қызметін өз құзыреті шегінде орындауға бағытталған қызмет түрі.
Жедел - іздестіру шараларының негізі жедел - іздестіру қызметіннің адына қойған жоспарларын, дайындықтарын жүзеге асырылатын жедел - іздестіру қызметіннің субъектілерінің, жедел -іздестіру қызметіннің объектілерінің қарым - қатнасы мақсаттарына жету.
Жедел - іздестіру шараларына келесі талаптар қойылады:
* Жедел - іздестіру қызметінің қағыдаларына сәйкестілігі;
* Жедел - іздестіру қызметіне жалпы және басты бағыт бағыну шараларасы;
* Шараларалардың шынайлығы;
* Күшпен құралды үнемдеу;
* Икемділік.
2. Жедел-іздестіру шараларының жалпы мазмұны және түрлері.
Жедел - іздестіру қызметі туралы заңның 11 бабының 2 тармағына сәйкес:
Азаматтар мен лауазымды тұлғалардан ақпарат алу үшін сұрау жургізу.
Сұрау екі нысанда - жүзеге асырылады, ашық және жасырын.
Жедел - іздестіруді жүзеге асыратын тұлғалар:
бұлар негізінен штаттағы жедел құрамы, штаттан тыс жедел - іздестіру қызметкерлер, конфедициалдық көмекшілер жасырын тұлғалар. Конфедициалдық жедел құрам - жедел іздестіруді жүзеге асыратын әскери қызметкерлер. Қызметтік қажеттікке орай кадрлық жеке құрам жарияланған, жарияланбаған, ашық және жасырын болып бөлінеді.
Ашық түрдегі жедел құрамға басшылар мен өзінің функцияналды міндетіне байланысты мемлекеттік органдар атынан жұмыс істейтін органдар жатады.
Жасырын түрдегі жедел құрамға - өзінің функционалдық міндетіне қай органға жататынын көрсетпей жедел іздестіру қызметін атқару кезінде өзге ұйымның ұжымның атынан жұмыс істейтіндердің жедел қызметкерлері жатады.
Штаттан тыс жедел іздестіру қызметкерлерін жедел - іздестіру қызметін шешуде өз еріктерімен келісім берган Қазақстан Республикасының азаматтары жатады.
3. Арнайы жедел- іздестіру шаралары.
Арнайы жедел - іздестіру шараларына мыналар жатады:
1. Сотталғандардың корреспонденцияларын, яғни хаттарын посылкаларын цензуралау, арнайы шаралар Қазақстан Респуликасының бас бостандығынан айыру мекемелерінде және осы тұлғалардың бостандықтағы және басқа еңбекпен түзеу мекемесіндегі тұлғалармен заңға қайшы почта байланыстарын жүргізуге жол бермеу;
2. Пошталық жолдамаларына бақылау жасау арқылы қадағалау жүргізу, бұл шараның мақсаты белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырылған тұлғалар мен нақты заңды және жеке тұлғаларға қатысты корреспонденциялардың тоқталуы;
3. Пошта, телеграф, факс жүйелерінен сыртқы белгілері арқылы жедел - іздестіру, телефондарын тағыда басқа байланыс құралдарын тексеру, бұл шаралардың бағыты заңға қайшы пошта-телеграф байланысын қолдану;
4. Компьютерлік жүйе және өзге де техникалық құралдардан ақпарат алу, өз мазмұны бойынша және техникалық қолдану шаралары екі жақ тұлғалардың телефон арқылы сөйлесуін тыңдау;
5. Бақылау оның ішінде арнайы құралдарды пайдалануы, денсаулыққа, өмірге және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін етіп аудио, видио, бейне жазбалар және басқада да арнайы техникалық құралды қолдау.
4. Жедел-іздестіру шараларын өткізхуге жедел-іздестіру субъектілерінің компентенциялары.
Жедел - іздестіру қызметінің субъектілерінің өз құзыреті шегінде жедел - іздестіру шарасын өткізуде және Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру қызметі туралы Заңның 12 бабына, Жедел - іздестіру шараларын өткізудің талаптарына негізделуі керек.
Қазақстан Республикасының Жедел - іздестіру қызметі туралы Заңның 13 бабы 3 тармағына сәйкес мына қызметтер жүзеге асырылады:
Ішкі істер органы және қаржы полициясы :
a. сотталғандардың корреспонденцияларын, яғни хаттарын посылкаларын цензуралау, посылка және бандерол, пошта жіберулерін бақылау;
b. компьютерлік жүйе және өзге де техникалық құралдардан ақпарат алу;
* өз мазмұны бойынша және техникалық қолдану шаралары арқылы екі жақ тұлғалардың телефон арқылы сөйлесуін тыңдау;
* аудио, видио, бейне жазбалар және басқада арнайы техникалық құралды қолдау арқылы бақылау;
* Тұғын үйге және өзгеде ғымараттарға, құрлыстарға, транспорттық және өзге де техникалық құралдарды қарау.
Ұлттық қауіпсіздік органы:
* пошта жіберулерін тексеру;
* пошта-телеграф арналары арқылы жедел іздеу;
* телефон және өзге де сөйлесулерді тыңдау;
* компьютерлік жүйе және өзге де техникалық құралдардан ақпарат алу, өз мазмұны бойынша және техникалық қолдану шаралары екі жақ тұлғалардың телефон арқылы сөйлесуін тыңдау;
* Аудио, видио, бейне жазбалар және басқада арнайы техникалық құралды қолдау арқылы бақылау.
Қорғаныс министірлігінің әскери барлау органы және Қазақстан Республикасының күзет қызметі:
* пошта-телеграф арналары арқылы жедел іздеу.
* телефон және өзгеде сөйлесулерді тыңдау.
* компьютерлік жүйе және өзге де техникалық құралдардан ақпарат алу, өз мазмұны бойынша және техникалық қолдану шаралары екі жақ тұлғалардың телефон арқылы сөйлесуін тыңдау.
* аудио, видио, бейне жазбалар және басқада арнайы техникалық құралды қолдау арқылы бақылау.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1) Ұлттық қауіпсіздік органдары пошта жіберулерулерді тексеруге құқығы бар ма?
2) Арнайы жедел - іздестіру шараларына не жатады?
ӘДЕБИЕТТЕР:
1) Жедел іздестіру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы 1994ж;
2) Гинзбург А.Я. Основы оперативно - розыскной деятельности. Жедел - іздестіру қызметтің негіздері. - Алматы, 1997ж.-75б;
3) А.К.Мулдахметов, А.Д. Шаймуханов. Сборник терминов, понятий и определений по ОРД. Алматы 1997г.

ҮІІІ. ЖЕДЕЛ ІЗДЕСТІРУ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДЕГІ НЕГІЗДЕР МЕН ШАРТТАР.

МАҚСАТЫ: Негізгі жедел-іздестіру шараларының өткізілудің негізі неде, шараларының шарттары қандай, қызметінің шектеудің, шараларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру
Қашықтықтан оқытудың маңызы
Жедел іздестіру қызметінде қоданылатын техникалық құралдар. Жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижесінде алынған мәліметтерді қолдану
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Қылмыстарды тергеудегі іздеу тактикасының теориялық және қолданбалық мәселелері
Жалпы жедел іздестіру шаралары
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Компьютерлік презентациялық материалдарды қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кітапхананы жаңа технологиялармен қамтамасыз ету
Пәндер