Адамның негізгі түрткілері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жеке адам психологиясы туралы теориялар
2. Адамның негізгі түрткілері
Қорытыны
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін, білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.
Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.
Психиканы дамытудың биологиялық шарттары. Адам психикасы дамуының негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория тұрғысынан алғанда қате болып табылады және парктикада үлкен қиындықтарға әкеліп соқтырады, өйткені бұл жерде педагогика көпе-көрнеу пассивті роль бөлінеді. Маркстік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму заңдары әлеуметтік жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру жағдайы мен тәрбиесінің күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа алады.
Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының, тұқым қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейро-физиологиялық ерекшеліктерінің, оның психикасының дамуындағы ролі қандай?
Адамның психикалық іс-әркеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да жоғарғы психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып, берілмейді.
Жеке адам психологиясы туралы теориялар
Жеке адам, оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде, Грецияда пайда болған. Ең әдепкі кезде пайда болып жайылған теорияның бірі - материалистік теория, мұны жақтаушылар Греция философтары Аристарах Эпикур. Бұл теория бойынша, адамның әрекеттері, Қылықтары, оның жағымды сезімдерге ұмтылып, оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың айтуы бойынша, адам өзінің тұрмысында, тіршілігінде әрқашан да жағымды сезімдерді тудырып, сол сезімдер үшін әрекет ету, соған ұмтылу, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынады. Бұл теорияны жақтаушылар 18-ғасырдағы француз материалист - ағартушылар болып табылады. Олар жағымсыз сезімдерге қарсы шығып, дүниенің ең қызықты ешбір алаңсыз өмір сүріп, дүниенің бар қызығын көріп қалу, сол себептен адамдар өздерінің тұрмысында жағымды сезімдерге көбірек ұмтылып, оларды қайтарып тастауы керек дейді.
Француз психологтары мұқтаждық туралы физиологтялық теорияға негіз салды. Бұлар адамның мұқтаждықтары тәнде болатын түрлі биологиялық және физиологиялық ағымдармен байланысты,мұқтаждық адамның тәнінде болатын биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды дейді. Бұл биологиялық теория, олар еш уақытта адамның мұқтаждығын биологиялық, физиологиялық ағымдарға апарып теңеуге болмайтындығын ескереді.
Сексуалдық теория. Немістің оқымысты психоналистік - психоневрологі З.Фрейд (1856 -1939) адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға, яғни құмартуларға апарып теңейді. Оның айтуынша, адамның екі түрлі ынтығулары болады. Бірі - сексуалдық, яғни жыныстық ынтығы; екіншісі - мендік, яғни өзін -- өзі қорғауға ынтығу. Мендік, яғни өзін -- өзі қорғауға ынтығуы сексуалдық ынтығудан кейін пайда болады. Ол адамның өзін -- өзі қорғануына, өзінің өмір сүруіне керекті ынтығу болып есептеледі. Фрейдтің айтуынша сексуалдық, яғни жыныс құмартулары өте ерте кезде пайда болады. Олар адамның әрекеттерінің, қылықтарының барлығына негіз болып, соларды басқарып отырады. Адам қасиеттері материалдық және рухани қажет болып екіге бөлінеді.
Адамда екі түрлі күш бар: бірі - биологиялық күш, ол жыныс ынтығуы, екіншісі -- әлеуметтік. Біріншісі - санасыз, екіншісі - саналы. Осы екі күштің арасында күрес болады. Бірақ күресте биологиялық, санасыз күш жеңіп шығады, себебі - ол саналы күштен ертерек пайда болып, оның биологиялық жағы күштірек болып, адамды басқарып отырады. Адамның жыныс ынтығулар, яғни құмартулары өте ерте кезде пайда болып, бірнеше кезеңнен өткен. Мысалы, емшектегі балалардың да өзіне лайықты жыныс ынтығулары болады. Мұны баланың анасының емшегін емуінен байқауға болады. Не болмаса, жас балалардың жыныс мүшесін сипаса, оларда жағымды сезімдер пайда болады. Екінші кезеңде балалардың жыныс ынтығуы, өздерінің жеке тән мүшелерінің сұлу көркемдігіне құмартады, бұларды бір түрлі әуес көріп, өзін -- өзі жақсы көре бастайды. Үшінші кезеңде баланың ынтығуы басқа жеке заттарға беріледі. Бала түрлі заттарды, болмыстарды жақсы көріп, соларға құмар болып, ынтығып отырады. Төртінші кезеңде балалардың ынтығулары өзіне қарама - қарсы жынысты адамдарға беріледі. Мұндай балаларда кәдімгідей жыныс сезімдері ояна бастайды.
Фрейдтің айтуынша, ынтығу іштен туады, ол биологиялық, яғни адам тәніне ерте бастан берілген, өзінен -- өзі пайда болып отыратын күш. Бұл күш еш уақытта сыртқы жағдайдың әсерінен пайда болмайды. Сөйтіп Фрейдтің теориясы бойынша, адамның жыныс ынтығулары барлық әрекеттеріне негіз болып, оларды басқарып отырады. Өйткені ол әлеуметтік дамудың жемісі емес, биологиялық дамудың жемісі, адамның әрекетін мұқтаждықтары меңгермейді ынтығулары меңгеріп отырады, -- дейді. Құмарту, ынтығу жайлы тағы бір теорияда адам әрекеттерінің негізі оның санасы, ойы, көңілі, қылығы, еркі тағы сол сияқты психикалық күйі делінеді.
Неміс психологы Курт Левин (1890 - 1947) адам сыртқы дүниедегі әсер етуші заттардың ықпалында болып, еріксізден - еріксіз әрекет етеді дейді. Егер адамның алдында суы бар графин тұрса, сол су адамға бір түрлі әсер етіп, өзіне тартады, адам еріксізден барып суды ішетін болады. Адам сыртқа әсер етуші заттардың құлы солардың ықпалында ғана болады деген тұжырым айтқан.
Адамның негізгі түрткілері
А.Мұқтаждық.
Адамның бір мұқтаждығының қанағаттанып, оның орнына басқа мұқтаждық пайда болуы оның өмір сүруіне, әрекет етуіне өте керекті шарт болып табылады. Егер адам өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандырумен ғана тынатын болса, онда өмір сүрудің, тіршілік етудің айрықша керегі де болмас еді. Адамның қоғамнан да мұқтаждығы болмаса, қоғамның алға дамып отыруы да болмас еді. Сол себептен мұқтаждық, я қажеттілік адамның болсын, қоғамның болсын прогрессивтік түрде өсіп, алға дамып кетуіне өте керекті күш болып табылады. Адам баласы түрлі қоғамдарда өзінің мұқтаждықтарын еш уақытта толық қанағаттандырған емес.
Қоғамның өндірістік қатынастар мен өндіруші күштері, олардың дәрежесі қоғамның түрлі мұқтаждықтарына пайда болуына себепші болып отырады. Бірақ олардың өздері адам қоғамына сүйеніп, солардан пайда болады. Адамның санасы да, тілі де мұқтаждықтан пайда болған. Бір - бірімен қатысып, байланысып отыру үшін тіл қажет. Егер адамдарда мұқтаждық болмаса, тіл де, сана да, болмас еді. Бірақ тіл мен сана өздерінің дамуында адамның қажеттіліктеріне әсер етіп және қажеттіліктер пайда болдыруға себепші болып отыруы мүмкін. Адамның рухани мұқтаждықтарының негізіне материалдық мұқтаждықтар жатады. Ең алдымен, адам өмірінің материалдық мұқтаждығын орындауға жұмыла кірісіп, әрекет етіп отырады да, сонымен бірге бара - бара ол мұқтаждықтар рухани, моральдық мұқтаждыққы айналып отырады. Мысалы, адамдарда киімге мұқтаждық пайда болған кезде адамдар өзінің денесін суықтан сақтауға әрекет етіп киім табатын болған, бірақ бұл бара - бара қоғамның дамуында бұрынғы материалдық мұқтаждықтан рухани мұқтаждыққа айналады. Адамдар бара - бара киімді өздерінің абыройын жабу үшін, кейін сән үшін де кие бастайды.
Рухани мұқтаждықтар материалдық мұқтаждықтарға негізделіп пайда болғанмен, рухани мұқтаждығына әсер етіп және материалдық мұқтаждықтардың дамуына себепші болып отырады. Мұқтаждық, яғни қажеттілік адамның барлық әрекеттерінің қылығының себепшісі болып, оларды дамытушы күш болып табылады. Адам дүние табуда да, техниканы, өнерді, мәдениетті дамытуда болсын өзінің, қоғамның мұқтаждығына сәйкес әрекет етіп отырады. Егер адамда мұқтаждық, яғни қажеттілік болмаса, алдына мақсат қойып, істейтін ешбір әрекеті де, қылығы да болмайды. Түбінде адамның мұқтаждығы өз қылығының, әрекеттерінің негізі болып, соларды басқарып, меңгеріп отырады. Адам тіршілік етіп, әрекет ету үшін өмір сүру керек. Бірақ адам өмір сүру үшін тамақ, баспана, киім, су сияқты нәрселер қажет. Бұл жөнінде Маркс пен Энгельс Неміс идеологиясы дейтін шығармасында: Адам тіршілік ету үшін өмір сүруі қажет. Адам өмір сүріп, тарихта жасауы керек. Бірақ бұл үшін ең алдымен ас, су, үй, киім және осы сияқты нәрселер қажет дегенді айтады. Егер адамдар осы айтылған нәрселерді пайда болдырмаса, оларды жасамаса, осы айтылған мұқтаждықтарын қанағаттандырып отырмаса, адам адам болып күн көре алмай, өмір де сүре алмас еді. Жоғарыда айтылған нәрселерсіз адам өмір сүре алмайтын, тіршілік ете алмайтын мұқтаждықтар болып табылады.
Адам өмір сүруіне керекті жағдайды және негізгі мұқтаждықтарды екіге бөлуге болады: 1) материалдық мұқтаждықтар, оларға айрықша баспана, киім - кешек тағыда басқа осы сияқты нәрселер еніп отырады; 2) рухани мұқтаждықтар: бұларға адамның басқа адамдармен қатынасын, қоғамда болуы, бостандықта болуы, өзін еркін сезінуі т.б. кіреді. Адам түрлі заң есесінде тіршілік ету үшін онда зат алмасуы қажет. Адамның ішкі дене мүшелері әрекет етіп отыруы тиіс. Егер адам тамақтанбаса, өзінен қашқан қуатты қайтарып, орнына келтіре алмайды, ішкі дене мүшелері әрекет ете алмас еді. Адам өмір сүріп, тіршілік те ете алмайды. Егер адамда баспана, үй болмаса, денесін жылыта да алмайды, суық тиіп, тоңып, өліп қалады. Сол себептен біз бұл қажеттерді өте керекті, негізгі мұқтаждықтар деп атаймыз.
Адам -- қоғамның жемісі. Адамдар бір - бірімен қоғамдасып, еңбек ету арқылы ғана адам болған, қоғамсыз, еңбексіз адам күн көре алмайды. Әр уақытта адам басқа адамдармен қатынасып, солармен бірге байланыста болып, еңбек етіп отыруы керек. Егер адам жалғыз өзі болса, ол тіршілік етіп, адам қалпында қалуы екіталай, сол себептен адамдардың бірі мен бірі қатынасып, қоғамшыл болып отыру рухани мұқтаждықтарының ең керекті негізгі түрі болып табылады. Адамның көңілдегідей әрекет етіп тіршілік жасауы үшін бостандық қажет. Егер адамда бостандық болмаса, ол еркін өмір сүріп, еңбек етіп, тіршілік ете алмайды. Сол себептен адамдардың бостандығын жою, абақтыға қамау, жер аудару сияқты әрекеттер оларға берілетін жазаның ең бір қатаң түрлері болып табылады. Хайуанаттарда да мұқтаждық бар. Бірақ олардың мұқтаждықтары -- биологиялық мұқтаждық. Хайуанаттардың қылығының барлығы биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған, сол себептен адамдағы тән әлеуметтік мұқтаждықтар оларда болмайды.
Жаратынды, яғни табиғи мұқтаждықтар адамда болатын биологиялық өзгешеліктермен, ағымдармен байланысты. Бірақ түбінде ол биологиялық ағымдардың өзі хайуанаттардағы биологиялық ағымдардан өзгеше. Адамның денесінде болатын биологиялық процестер даму барысында өзгеріп, адамның әлеуметтік дамуының ықпалына түскен әрекеттер болып табылады.
Адамның мұқтаждықтары бір қалыпты тұрмайды. Қоғамның өзгеруімен бірге адамның қажеттіктері де өзгеріп, дамып отырады. Егер хайуанаттардың мұқтаждығын алсақ, олардың негізгі мұқтаждақтарының жүзеге асу формалары, түрлері өзгергенмен, негізгі мұқтаждықтары өзгермей, бір қалыпта болады. Мысалы, хайуанаттардың әрекеттерін алайық, оларда тамақтану, қорғану, нәсіл қалдыру сияқты соқыр сезімдері эволюциялық дамуда өсіп, көп миллион жылдар басынан өткізгенмен, бұл биологиялық мұқтаждықтар сол бойынша өзгермей қалған. Ал адам болса, әлеуметшілік, қоғамдық тұрмыста қоғамның өзгеруімен бірге адамның мұқтаждықтары да өзгеріп, ескі мұқтаждықтары жойылып, олардың орнына жаңа мұқтаждықтар пайда болып отырады. Мәселен, бұрынғы адамдар театр, кино, түрлі операцияларды көру мұқтаждықтары болмаған, осы кезде адамдардың ол мұқтаждықтарға қол жеткізіп, қоғамның өзгеруімен бірге мұқтаждықтарының да өзгеріп отырғанынбайқауға болады.
К.Маркс пен Ф.Энгельс Неміс идеологиясында адамның материалдық тұрмысы олардың дамып жетілген мұқтаждықтарымен байланысты дейді. Бұл - мұқтаждықтардың пайда болуы және оларды қанағаттандыру болады. Сондықтан мұндай мұқтаждықтарды олардың түрліше қанағаттандырып, отыруы хайуанаттарда болмайды, жалғыз ғана адамда болады деген пікірді айтады. Мұқтаждықтардың жүзеге асып отыру формалары оларды қанағаттандыру жолдарымен байланысты. Жоғарыда айтылған негізгі материалдық және рухани мұқтаждықтар адам қоғамының барлық сатысында орын алса да, оларды қанағаттандыру, жүзеге асу түрлері өзгеше болып келді. К.Маркс аштықты қанағаттандырудың түрлі - түрлі жолдары болатындығын көрсетеді. Мәселен, адам ашыққанда пісірген етті пышақпен және шанышқамен жеп қарнын тойғызуы бұрынғы анайы адамдардың шикі етті қолмен, тырнағымен, тісі арқылы жұлып жеуінен өзгеше дейді. Бұл мысалдан адамдардың мұқтаждықтары бір болғанымен, қоғамның түрлі сатыларында ол мұқтаждықтарды орындау, қанағаттандыру түрлері өзгеше болып отыратындығын көруге болады.
Адамның мұқтаждықтары адамның әрекетін меңгеріп, басқарып отырады. Егер адамда мұқтаждық болмаса, адам тіршілік те, әрекет те етпейді. Сондықтан адамның бір мұқтаждықтары қанағаттанатын болса, олардың орнына басқа мұқтаждықтар пайда болып отырады. Қанағаттандарылған мұқтаждықтар орнына басқа мұқтаждықтар пайда болуы адамның әрекеттерінің, қылығының прогрессивтік түрде ғылымды, өнерді, мәдениетті т.б. әрқашан да алға қарай дамытып отыратындығын көрсетеді. Егер адамдардың мұқтаждықтары бір қалыпты тұрып, өзгермесе, жаңа мұқтаждықтар пайда болмаса, адамның әрекеті де бір қалыпты тұрған болар еді. Олай болса, тарих та болмас еді. Сондықтан тарих пен қоғамның дамуы үшін, адамның мұқтаждық әрекеттері өсіп, дамып отыруы қажет.
Адам қажеттіліктерін бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады.Еңбек - адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік. Сондықтан қоғамдағы тілім -- тәрбиенің өзекті мәселесі - адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау - жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек - адамның іс -- әрекетіне негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс -- әрекеттің екінші түрі - оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Ойын - адамның негізгі әрекеттерінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл - қозғалыстарын жетілдіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс -- әрекеті - ойын. Ойынның түрлері мен мазмұны баланың ақыл - ойын дамытуға ықпал етіп, өзін қоршаған ортаның, заттар мен құбылыстардың мән - жайын түсіндіреді. Бір сөзбен айтқанда, еңбек, оқу, ойын - адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс -- әрекет түрлері.
Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс - қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті - дағдылар, іс -- әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады.
Дағды мен ептілік. Дағды - адамның белгілі іс -- әрекетті сан рет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz