Желілік технология енгізу пані бойынша электронды оқулық


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі
Абдраманова Н.
Желілік технология енгізу пані бойынша
электронды оқулық
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
3706002-«Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету
ТҮРКІСТАН 2011
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі
«Қорғауға жіберілді»
«Ақпараттық жүйелер»
Бөлімінің меңгерушісі
Д. Мырзабаева
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Желілік технология енгізу пәні бойынша
электронды оқулық
3706002-«Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету»
Ақпараттық жүйелер бөліміОрындаған Абдраманова Н.
Дипломдық жоба Тағыбаева А.
жетекшісі
ТҮРКІСТАН 2011
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі
Мамандығы 3706002 - Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету
Бекітемін
Бөлім меңгерушісі
Мырзабаева Д.
« » 2011ж
дипломдық жобаны орындау бойынша
Абдраманова Назерке Асқарқызына
ТАПСЫРМА
Дипломдық жоба тақырыбы «Желілік технологияға енгізу пәні бойынша электронды оқулық» «__»__ 2011 ж. № бұйрығымен бекітілген.
Дипломдық жобаны аяқтау мерзімі «__»___ 2011ж.
Жобаға қатысты бастапқы мағлұматтар
Есептеу-түсіндірмелік жазба мазмұны (әзірлеудегі қарастырылатын сұрақтар тізімі)
Графиктік материал тізімі (міндетті сызбаларды нақты көрсету)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жоба бойынша кеңесшілер (жобаға бөлімдеріне қатыстысын көрсету)
Тапсырманың берілген күні __. ___. 2011ж.
Дипломдық жоба жетекшісі Тағыбаева А.
Тапсырманы студент Абдраманова Н.
Орындауға қабылдады
Мазмұны
Білім берудің кез келген саласында “Электрондық оқулықтарды” пайдалану танымдық белсенділікті арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек ұстаздың айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электрондық оқулықтарды қолдану сабаққа деген қызығушылықты арттырады. Сондай-ақ ұстаздар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.
Қазіргі таңда электрондық оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық уақыт үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарды еске түсіруге зор ықпал етеді.
Диплом жобаның өзектілігі: жоғарғы оқу орындарында “Желілік технологияға енгізу” пәні бойынша жасалынған оқу әдістемелік нұсқаулар пәннің маңыздылығын толық ашуға жеткіліксіз және қазіргі таңда көптеген бағдарламалардың қазақ, орыс тілдерінде электронды оқулықтары құрылған. Дегенмен, Web Page Maker бағдарламасының қазақ тілінде құрылған электронды оқулығы жоқ. Осыған байланысты пәннің маңыздылығын ашу мақсатында Web Page Maker бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып электронды оқулық дайындау алдымызға қойылған мақсатқа жету үшін қажетті және жеткілікті. Электронды оқулық дайындауда бір ғана мәтіндік нұсқау берілмей, анимациялық және иммитациялық құбылыстар қарастырылды. Осы бағыттағы жасалынған компьютер негізінде студенттерді пән бойынша оқыту өзекті болып табылады.
Зерттеу объектісі: “Желілік технологияға енгізу” пәні бойынша Web Page Maker бағдарламасын пайдаланып электронды оқулық жасау.
Зерттеу мақсаты: электронды оқулықты ұйымдастыруда бағдарламалық құралдарды пайдаланып, алгоритм құру, сонымен қатар оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту болып табылады.
Жобаның құрылымы: дипломдық жобасы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде білім берудің жаңа мүмкіндігі - дистанциялық оқу жүйесі жайлы айтылған және аталмыш жүйенің реквизиті электронды оқулық болып табылатындығы көрсетілген.
Бірінші тарауда электронды оқулыққа жалпы сипаттама беріліп, оның маңыздылығы, пайдаланушыға жеткізілу жолдары және электронды оқулық жасау құралдары қарастырылған.
Екінші тарауда “Желілік технологияға енгізу” пәніне жалпы сипаттама жасалып, пәннің мақсаты мен міндеттері, пәннің қысқаша мазмұны және электронды оқулық жасау үшін қолданылған Web Page Maker бағдарламасының таңдалу себебі, оның өзіне тән ерекшеліктері, сондай-ақ, аталмыш бағдарлама арқылы электронды оқулықтың құрылымын ұйымдастыру кезеңі мен оқулықтың жұмыс істеу принципі жайлы айтылған.
Белгілеулер мен қысқартулар
Дипломдық жобада келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылған:
ЭЕМ - Электронды есептеу машинасы
ЭО - Электронды оқулық
ЭОЖ- Электронды оқыту жүйесі
КБА- Кәсіптік біліді автоматтандыру
ДО- Дистанциондық оқу
АЕЖ- Желілердің ең жаңа түрі
WWW-World, Wide, Web
МҚ-Мәліметтер қоры
ЖИ - Жасанды интеллект
1 Электронды оқулық жасау мүмкіндіктері
1. 1. Электронды оқулық жасау негіздері
ЭО (электронды оқулық) пен ЭОЖ (электронды оқыту жүйесі) ұйымдастырылған білім беруде және өзіндік білім алуда қолданыла алады. Ұйымдастырылған білім беру сөзінің астында - әр түрлі дәрежелі білім алатын оқу ғимараттарындағы оқу барысын, сонымен бірге салалы білімдендіру жүйелеріне кіретін өндіріс ұйымдарындағы (оқу-тренажерлік орталық, пункт, т. б) оқу барысы мағынасы түсіндіріледі. Ұйымдастырылған білім беру шеңберінде келесі ЭО және ЭОЖ пайдаланушыларының дәрежелері айқындалады:
- білім алушылар - оқушылар, студенттер, және оқу ғимараттарының тыңдаушылары, сонымен бірге квалификациясын жоғарылатушы мамандар;
- оқытушылар (инструкторлар), ЭО және ЭОЖ пайдалауымен оқу шараларын немесе дайындықтарды жүргізетін;
- нақты жағдайларда ЭО және ЭОЖ-нің жұмыс істеушілігін қамтамасыздандыратын - жүйелік администраторлар.
Үйренушілер ЭО және ЭОЖ пайдаланушыларының дәрежелік қорын құрады. Оқытушылар (инструкторлар) және жүйелік администраторлар олардың жұмысы үшін керек - жарақтарды жасайды және оның ұйымдастырушылық, техникалық, әдіскерлік қолдауын қамтамасыз етеді.
Оқытушылар (инструкторлар) мыналарды жасайды:
- оқушыларды бастапқы тестілендіру, дайын тапсырмалармен ЭО мен ЭОЖ -сін сәйкестендіруді;
- ЭО және ЭОС функциялануын тексеруді;
- тапсырманың үйренушілермен орындалуын бағдарламалық графиктермен дайындауды;
- ЭО және ЭОЖ шеңберінде пайдаланылатын ұйымдастырылған және әдістемелік шараларды қолдайды;
- үйренушілердің ЭО және ЭОЖ-мен жұмыс жасауын бақылауды, оның нәтижесін талдау және бағалауды.
Жүйелік администраторлар төмендегілерді жүзеге асырады:
- ЭО және ЭОЖ-сін компьютерге жалғауды;
- ЭО ЭОЖ -сін пайдалану шартына туралауды;
- ЭО және ЭОЖ-сінің фунциялануын тексеруді;
- ЭО және ЭОЖ шеңберінде пайдаланылатын шараларға техникалық қолдау көрсетуді;
ЭО және ЭОЖ-сін пайдалану шарттары осы КБА түрлерінің мүмкіндіктерімен анықталады. Білім алушылық қажеттіліктерді қанағаттандыратын КБА түрлерін және нақты амалдарды таңдау, оқу барысында КБА-ны пайдалануға бел буған оқытушылар мен әдіскерлер арқылы жасалынады. Егер керекті өнімдер КБА айналымында табылмаса, жаңа КБА құрылымына тапсырыс беріледі. Қазіргі кезде КБА-ның жаңа өнімдеріне тапсырыс беру кең көлемде, өйткені білім алушылық қажеттіліктер өте жоғары дәрежеде, ал КБА толық тапсырмаларды шешуге мүмкіндіктері болмағандықтан осындай түрде жаңадан сұратулар болып отырады, жаңа өнімдерді жасау талап етіліп отырады. Бір мақсатта ЭО және ЭОЖ-ін құру және пайдалануға шарттар жасайық:
ЭО үшін бес негізгі шарттар айқындалады.
1. Бүтін алғанда ЭО қандай да бір курстың теоретикалық және технологиялық бөлімдерін қамтыған кең көлемді оқу материалдарын таныстыру үшін қолданылады. ЭО-тың мазмұны 30 сағаттан кем емес контакттік уақытқа сәйкес келеді.
2. ЭО көп мөлшеріне қатысты мөлшерлеп өңделеді. Осыған сай ішіндегі көрсетілген құжаттар да аз болып мінезделмеуі керек. Сәйкесінше тәртіптер ереже бойынша жоғарғы оқу орындарының бірінші төрт курсында оқытылады(яғни студенттерді мамандақытарға бөлудің басында) .
3. Егер оқу құралдары шығарылымдарының тапшылығына әкеп соқса КО мақсатты түрде құрылады.
4. ЭО бекем курстарды қолдау үшін пайдаланылады. Бекемділіктің астында реттеуге керекті уақыт кезінде курс мазмұнының және структураның өзгермейтіні түсіндіріледі. Стуктура мен мазмұнының бір қалыптылығы, яғни өзгермейтіні олардың өз актуалдығын сақтайтынын білдіреді. Корректировкаға қажеттілік олардың құрылуымен шақырылады және өзімен бірге ЭО-ның жаңару қажеттілігін туғызады(оның жаңа түрінің шығуы) . ЭО-та бекемділік курсының ең аз периоды 3 жылды құрайды. Әрине бұл кезең ЭО-тың түрінің өмір сүру уақытына бір бүтін өнім сияқты сәйкес келеді.
5. ЭО-ты оқу барысына енгізу жайлы шешім қабылдай отыра, ЭО көмегімен үйренушінің өзіндік жұмысымен теориялық және технологиялық дайындықтың негізгі бөлімі жасалып отырғанда оның орны бөлек екенін ескеруге болады, ал қиындық туғызған сұрақтар қосымша семинарлар мен оқытушылардың кеңес берулерінде шешіледі. Егер оқу барысының ұйымдастырушылары алдарына осы тәсілдес әдістеменің жасалуын мақсат етіп қойса, ЭО-ты таңдау КБА түрі сияқты негізделген болып табылады.
Анықталған шарттар арасындағы біріншісі және үшіншісі ЭО-тың интегралды мінездемесінен ағым алады. Екінші және үшіншілері оның құрылымының экономикалық мақсаты негізінде жасалынған. ЭО өңделуі - қиын және қымбат процесс, сондықтан пайдаланушылардың қысқа айналымына немесе аз өмір сүретін ЭО-ты тарату және қолдану өз құрылымына кеткен қаражатты ақтамайды. Бесінші шарт ЭО-тың педогогикалық мақсатта пайдалануын көрсетеді. Бұл шарт ДО (дистанциондық оқу) әдісімен жақсы келісетінін, негізгі іс әрекет үйренушінің өзіндік жұмысымен жасалатынын ескере кету керек.
ЭОЖ-нен ЭО-тың ерекшелігі мінездемесіне, оқу материалының толымдылығына, үлгісіне байланысты шектеулер қойылмайды. ЭОЖ КБА-ға қарағанда көлемі жағынан едәуір үлкен емес деп дәстүрлі қалыптасып кеткен. Ереже бойынша оның мазмұны 15 сағат контакттік уақытқа сай келеді.
ЭОЖ-нің құрылуына және пайдаланылуына мақсатты түрде қойылған тапсырмалардың келесі үш шарттарын қарастырайық.
1. ЭОЖ локальдық бөлімдер (тақырыбтар) курстары үшін пайдаланылады. Локальдік деген бөлім материалы мағыналы байланыста мінезделетінін білдіреді, бірақ басқа курс бөлімдерінің мағынасын әлсіз жасайды. ЭОЖ-нің бөлімінің басқа белгісіне басқа бөлімдер шеңберінде қолданылатын әдістерден ерекшеленетін, оның зерттеудің спецификалық әдісі жатады.
2. ЭОЖ-інде әр түрлі курстарда (тәртіптерде) қаралатын бөлімдер мен тақырыбтар қамтылады.
3. ЭОЖ - ЭО мазмұнына қарағанда аз ұзақтылықтан (бекемділік) тұратын оқу материалын қосады. Әдетте мұндай материал жеке мінезден тұрады, ал сәйкес ЭОЖ, ЭО-пен оның өмірін ұзарта отырып байланысады. Берілген шешімнің басқа жетістігі - көлемді ЭО-тың қайта жұмысынан ЭОЖ көлеміндегі кішігірім пакеттерді жаңарту оңай.
1. 2 WebPageMaker бағдарламасы
Бұл бағдарлама қазіргі таңда өте аз таралған. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктері шектеулі, бірақ басқа бағдарламамен байланысы, сілтемелер жасау кеңінен қарастырылған.
WebPageMaker бағдарламасының мүмкіндіктері көп болмасада, электронды оқұлықтар жасауға ең тиімдісі. Бұл бағдарламамен жұмыс істеу ешқандай оқуды талап етпейді, қарапайым, әрі жеңіл бағдарлама.
WebPageMaker бағдарламасының көрінісі 1-суретте көрсетілген.
Сурет 1. 1 - WebPageMaker бағдарламасы
WebPageMaker бағдарламасы келесі бөліктерден тұрады:
- бағдарламаның аты;
- бағдарлама мүмкіндіктері;
- жаңа беттер құру;
- бұрын сақталған құжатты ашу;
- жасалған құжаттарды сақтау;
- бағдарламажа жасалған іс-әрекеттерді кері қайтару мен алға қайтару;
- текстер түрлері;
- құжатқа суреттерді кірістіру;
- құрал - саймандар тақтасы;
Құрал - саймандар тақтасының түрлері:
- - геометриялық фигуралар түрлерін таңдауға арналған батырма;
- - фонға түс беру;
- бағдарламаны автонамды түрде сақтау немесе іске қосу;
- бағдарлама беттері көрсетілетін парақ;
- беттер екі бөліктен тұрады, негізгі бетпен қосымша беттер;
- бағдарлама беттері екі бөліктен тұрады, беттер мен беттерге қойылатын элементтерден және қосымша батырмалардан: беттерді қосу, өшіру, келесіге өткізу немесе жоғарыға өткізу т. б.
Беттің қалып - күйі бес күйден тұрады, олар:
Сурет 1. 2 - Тәгке арналған іс-әрекеттер
Сурет 1. 3 - Фонға арналған іс-әрекеттер
Сурет 1. 4 - Текстер үшін арналған іс-әрекеттер
Сурет 1. 5 - Беттерге анимация беруге арналған
Сурет 1. 6 - Қосымша мүмкіндіктері
2 «Желілік технологияға енгізу» пәніне кіріспе 2. 1 Компьютерлік желіБүгінгі күнде ірі және орта фирмалардың, ұйым және орталықтардың компьютерлері әр түрлі телекоммуникация құралдарымен байланысқан. Біркелкі жүйеге байланыс каналдары арқылы біріктірілетін компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
Компьютерлік желілердің негізгі қызметі ресурстарды ортақ пайдалану, бір немесе бірнеше өнеркәсіп ішінде және сырттай өзара интерактивті байланыс орнату.
Ресурстар дегеніміз - процеске немесе пайдаланушыға бөлінетін есептеу жүйесінің логикалық немесе физикалық бөлігі: орталық процессор уақыты, жедел немесе сыртқы жад аймағы, логикалық немесе физикалық сыртқы құрылғы. Бірнеше программаға бір ресурс берілуі мүмкін.
Есептеуіш желілерді көбіне қамтыған географиялық ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке бөледі: жергілікті, аймақтық және ауқымды желілер.
Жергілікті желі (LAN - Local Area Network) - бір ғимараттың ішінде орналасқан дербес компьютерлер мен принтерлерді байланыстырады. Жергілікті желілер жеке қолданушыларға өзара жеңіл және жылдам қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Жергілікті желінің кейбір қызметтері:
- құжаттармен ортақ жұмыс жасау;
- құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында отырып құжаттарды көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
- сервердегі өз жұмысын сақтау және архивтеу;
- сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;
- принтерлер, CD-ROM дискіжетектері, қатты дискілер және қосымшалар (мысалы, мәтіндік редакторларды, мәліметтер қорының программалық жабдықталуын) сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану жеңілденеді.
Аймақтық желі (MAN- Metropolitan Area Network) - алдын ала аңықталған әкімшілік-экономикалық аудандағы абоненттерді немесе осы аудандағы белгілі бір санаттағы абоненттер ауқымын қамтитын есептеу желісі. АЕЖ - желілердің ең жаңа түрі.
Егер желі тұтас қаланы немесе қала ішіндегі бірнеше ғимаратты қамтитын болса, онда оны кейде аймақтық есептеу желісі деп те атайды. Аймақтық пен жергілікті есептеу желісінің біраз ортақтығы бар. Бірақ аймақтық есептеу желісінің көп параметрлері күрделірек. Ол жергілікті есептеу желісіне қарағанда, үлкен қашықтарда қолдану үшін жасалған. Аймақтық желі бірнеше жергілікті есептеу желілерін жоғары жылдамдықты желілік жүйелерге біріктіру үшін қолданылады.
Ауқымды желі (WAN- Wide Area Network) - бір бірінен алыс географиялық аймақтарда орналасқан компьютерлерді байланыстыратын желі. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіріу нәтижесінде құрылады.
Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан тұрады:
а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;
ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;
б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.
Кез-келген компьютерлік желі топологиясымен, хаттамаларымен, интерфейсімен, желілік техникалық және программалық құралдарымен сипатталады.
Топология - есептеу желісіндегі машиналардың физикалық конфигурациясы мен олардағы компьютерлердің байланысу сызба-құрлымы. Мәліметтер жеткізу ортасының жеке бөлшектерінен құрастырылған байланыстың конфигурациясын физикалық сызба-құрылым, ал желінің компьютерлер арасындағы ақпарат ағынының конфигурациясын логикалық сызба -құрылым деп атайды.
Негізгі желілік топологияларға мыналар жатады:
Шина. Барлық жұмыс бекеттері бір кабельге қосылады. Желіге кез келген компьютермен жіберілетін барлық сигналдар шина бойынша қалған компьютерлерге екі бағытта жүреді. Шинаның екі жақ шеті электр кедергі арқылы "жабық" болу керек. Ethernet желісі сияқты коаксиалды кабель негізінде құрылған желілердің көп бөлігі шиналық сәулетті қолданады. Негізгі артықшылығы қарапайым және арзан. Негізгі кемшілігі- кабель үзілсе желі түгелдей жұмыс істемей қалады.
Сақина. Әрбір жұмыс бекеті тек басқа екі жұмыс бекетімен ғана байланысқан есептеу желісінің топологиясы. Арнаны қолданушылар бір немесе бірнеше тәуелсіз арна арқылы сақина түрінде біріктіреді. Біріншісі жалпы шинаға ұқсас. Айырмашылығы сақинадан жіберілетін деректерді жойып отыру керектігінде. "Сақина" топология негізінде құрылған желілер әр түрлі кабельді қолдана алады. Мысалы, Token Ring желісі есулі қос өткізгішті қолданады, ал FDDI-желісі "сақина" топологиясын оптикалық талшықты кабель арқылы іске асырады.
Толық байланыс. Әрбір қос түйін өзара жеке арна арқылы қосылған. Қымбат кабельдік жүйе болып есептеледі. Бұл арқылы жоғары өнімділікке, сенімділікке және жылдамдыққа жетуге болады. Телефон желісінде ортақ қолданылатын АТС құрған кезде пайдаланылады.
Ұяшықтық топологиясы (mesh) толық байланысқаннан кейбір байланыстарды алып тастау арқылы пайда болады. Бұл желіде тікелей тек деректер алмасу тығыз жүретін компьютерлер ғана байланысады да басқалары үшін аралық байланыс арналары қолданылады.
Бұтақ. Кез келген екі түйіні бар бір-ақ жолмен байланысқан есептеу желісінің топологиясы. Бір түбірден тараған ағаштардың бұтақтарына ұқсайды.
Жұлдызша топология- есептеу желісінің қалған түйіндерінің әрқайсысымен мәлімет тасымалданатын жеке желі арқылы байланысқан орталық түйіні бар сызба-құрылым. Орталық түйінді кейде мультиплексор, көп портты қайталануыш немесе шоғырлануыш деп атайды. "Жұлдыз" тәрізді желіде бір кабель үзілсе, тек бір жұмыс бекеті ғана істен шығып, желі қалған бекеттермен жұмыс істей береді. Кабельдік жүйесінің қымбаттылығымен ерекшеленеді.
"Иілгіш қос сым" түріндегі кабелді қолданатын көптеген желілер "жұлдыз" топологиясы негізінде құрылады. Кейбір жағдайда бірнеше шоғырлануышты қолдана отырып, жұлдыз түріндегі байланыспен өзара иерархиялық түрде біріктірілген желіні құруға болады. Нәтижесінде алынған құрылымды иерархиялық жұлдыз немесе ағаш деп атайды. Қазіргі уақытта ағаш жергілікті, сонымен қатар ауқымды желілерде кең таралған байланыс топологиясы болып табылады.
Хаттамалар - желінің функционалдық элементтерінің өзара әсерлесуін көрсететін ережелер жиынтығы.
Түрлі-түрлі компьютермен операциялық жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған программалардың өзара сәйкестігі түрде дұрыс жұмыс істеуін осы хаттамалар жүзеге асырады.
Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі:
- Базалық хаттамалар (ТСР мен ІР) Интернет компьютерлері арасында кез келген типтегі электрондық хабарламаларды физикалық түрде тасымалдауға жауап береді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан, оларды көбінесе бірге жазылатын ТСР/ІР (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol - тасымалдауды басқару хаттамасы/ желіаралық хаттама) терминімен белгілейді. Интернет TCP/IP хаттамасымен жұмыс істейді. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір-бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы TCP/IP хаттамалары көмегімен жүргізіледі. Бұл хаттама тасымалданатын мәліметтерді қалай пакеттерге бөлу керектігін, оларға қалай құрылатынын, қажетті компьютерге сол пакеттердің жеткенін қалай бақылауға болатынын, мәліметті тасымалдау кезінде қате кетсе, оны қалай дұрыстайтынын және де басқа шараларды қалай жүргізу қажет екендігін анықтайды. Негізнде, Интернет ТСР/ІР хаттамасы мен біртұтас ІР-адрестер кеңістігін пайдаланатын мыңдаған жеке желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрады. Мұндағы желілердің барлығы да тең құқықты, басқару мен қаржы жағынан тәуелсіз болвп саналады;
- Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейде боп есептеледі, бұлар Интернеттің арнайы қызмет баптарының - НТТР (Huper Text Transfer Protocol - гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттаманың, FTP және РОР 3 тәрізді хаттамаларының, т. б. жұмысын қамтамасыз етеді. FTP компьютерлер арасында екілік және мәтіндік файлдарды тасымалдау мүмкіндігін береді. Ол ең «ежелгі» қолданбалы хаттамаға жатады, өйткені ДК тұтынушыларының ең алғашқы талаптарының бірі - осындай қызықты программалар мен құжаттар алмасу болатын. Осы әрекетті FTP хаттамасы атқарады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz