ЖЕМІС БАУЛАРЫНДА БОЛАТЫН КЕЙБІР ЗИЯНКЕСТЕР



Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕМІС-ЖИДЕК, ЖҮЗІМ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ

Жеміс-жидек және жүзім ағаштарында көптеген зиянды жәндіктер мен аурулар болады. Алайда, бұлардың әрқайсысының келтіретің зияндары бірдей болмайды; шамамен айтқанда жиырмаға жуық жәндіктер мен кенелердің түрлерінен оншақты аурулардың түрлері тараған. Бұл зиянды жәндіктер мен аурулар көбейе келе өсімдіктің өмірі мен өніміне тікелей қауіп туғызады.
Бұл тарауда негізгі зиянды жәндіктер мен аурулардың ең бастылары суреттеліп, оларға қарсы күрес әдістері көрсетіледі.
Егіншіліктегі сияқты, бау және жүзім шаруашылығыңда да өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы күресу үшін әр түрлі -- механикалық, биологиялық, агротехникалық, химиялық әдістер қолданылады. Күрестің әр түрлі әдістерін қосарлап қолдана отырып, өсімдіктерді жәндіктер мен аурулардың зияндауынан әрқашанда күн ілгері сақтап қалуға болады. Бау шаруашылығында зиянды жәндіктерге қарсы күрес жургізудің агротехникалық әдісін, егіншілікте қолданылатын әдіспен салыстырғанда мұның кейбір ерекшеліктері бар.
Әр кезде есте сақтайтын жағдай, күзде ағаштарды қою әк ерітіңдісімен майлау немесе әк ағаштарды күн көзінің күйдіруінен аман сақтап қана қоймайды, сонымен бірге жоғарыда көрсетілген бірсыпыра зиянкестерді, сондай-ақ алмұрт бүрге шіркейін, жапырақ жегіштерді, тағы басқаларды жояды.
Күзде қурап түскен жапырақтарды жинап жоюдың, қурап қалған және ауру бұтақтарды дер кезінде қырқудың, арамшөптерге қарсы күрес жүргізудің көптеген зиянкестер мен ауруларға қарсы куресте зор маңызы бар.
Жеміс баулары мен жузімдіктерді күтудің агротехникалық әдістері тек дер кезінде, кешіктірілмей жүргізілсе ғана зиянкестерді жоюда жақсы нәтиже бере алады.
Жеміс ағаштарының жаңа шығып келе жатқан көктері мен отырғызылған шыбықтардың, сондай-ақ жүзім шыбықтарының тамырлары зауза қоңыздары личинкаларынан көп зәбір көреді. Әлі буыны қатпаған шыбықтардың тамырларын, күздік көбелек, тағы басқа қоңыр көбелектер кеміріп зияндайды. Жапырақтарын кейде әр түрлі жұлдызқұрттар мен көбелектер және қоңыз личинкалары кеміріп, жеп қояды. Алайда бұл зияндар әдетте онша зор болмайды. Әр түрлі жастағы жеміс шыбықтарының жапырақтары мен жас бұтақтарына жапырақ шіркейі көп зиян келтіреді. Олар сонымен бірге баулардағы ересек ағаштарға да зиянын тигізеді.
Баулар мен жүзімдіктерде зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес жүргізу ісіндегі басты-басты агротехникалық жұмыстардың кейбіреулерін сипаттайық.
Жерді күрекпен қопару. Жерді ерте көктемде қопару өрмекші кенелердің, шие бізтұмсығының, құмырысқа шыбындардың, тағы басқа зиянкестердің едәуір бөлігін жояды, өйткені олар жердің үстіңгі қабаттарында немесе жерге түскен ағаш жапырақтары арасында қыстайды.
Ағаштардың қабықтарын тазарту. Алма жемісін жейтін жұлдызкұрттың 60-80 проценті сидам сүрегі қабығы мен жуан тұлға бұтақтар қабықтарының жарықтарында қыстайды. Қызыл кененің жұмыртқалары мен дара жібек көбелегінің жұмыртқалары ағаш қабығының сыртында қыстайды. Сондықтан ағаштардың қабығын тазартудың көптеген зиянкестерге қарсы күресте зор маңызы бар. Біз ағаштардың қабығын тазартумен, оларды түрлі зияңкестерден аластаймыз. Тазартылған қабықтар мен ағаштардан түскен қоқымдар іштеріндегі зиянкестерімен бірге бір орынға жиналып өртеледі. Егер бұлай болмаған күнде бұл зиянкестер көктем күндерінде тағы да ағаштарға барып жабысады.
Көп жылдық тәжірибемізде дачада, жеке үй іргесі учаскесін пайдаланылатын шаруашылықтарда, көптеген агротехникалық заңдылықты бұзудың салдарынан өздеріне керекті өнімді ала алмай жүргендерін де жиі байқаймыз.

ЖЕМІС БАУЛАРЫНДА БОЛАТЫН КЕЙБІР ЗИЯНКЕСТЕР

Зауза қоңызы. Тұмсығында ұзын мұрттары бар, өсімдікпен қоректенеді. Зауза қоңыздарының өте көп түрлерінің бар екендігі мәлім. Біз бұл жерде олардың әрқайсысын жеке-жеке суреттеп жатпаймыз, өйткені олардың өмір әрекеттері бір-біріне өте ұқсас және олардың барлығына бірдей қолданатын күрес шаралары біркелкі болып табылады.
Әр түрлі зауза қоңыздары көктем айларында және жаздың бас кезінде ұшып жүреді. Ұрғашы зауза қоңыздары шамалы ғана тереңдікте жер астында жұмыртқалайды. Олардың жұмыртқаларынан зауза қоңыздарының личинкалары шығады. Бұл личинкалар аппақ, жұмсақ тығыршықтай жұп-жуан болады, С әрпі сияқты ішкі жаққа қарай екі ұшы иіліп жатады. Бұл личинкалар әр түрлі өсімдіктердің тамырларымен қоректенеді, әсіресе жас ағаштардың жаңа отырғызылған шыбықтарына зор зиян келтіреді, көбінесе өсімдіктің қурап қалуына себеп болады.
Зауза личинқаларының кейбір түрлері екі жылға дейін, ал кейбір ірілері төрт жылға дейін өмір сүреді. Жас шыбықтарды отырғызған кезде олардың тамырларына гексахлоран себіледі. Гексахлоран топырақта өте көп уақытқа дейін сақталады және ең аз дегенде бір жыл бойына жас өсімдікті зауза құрттарының зияндауынан аман сақтайды. Жерді өңдеген уақытта көзге түскен личинкалар мен зауза құрттарының жұмыртқаларын теріп алып жүру керек.
Жапырақ биттері. Жапырақ биттердің көптеген түрлері бар. Жапырақ биттері Қазақстанның барлық аудандарында өніп-өсіп келеді. Бұл биттер тез өсіп, жапырақтар мен жас бұтақтарды сорады. Жапырақта жұмыртқа күйінде қыстап шығады. Жапырақ биттері жылтыр, қара, сопақша жұмыртқаларын жаңа шығып келе жатқан бұтақшалардың тамырына салады.
Жапырақ биті - ұсак құрт-құмырсқа делінеді. Оның денесінің ұзындығы 2-3 миллиметрге дейін жетеді. Түсі күңгірт, көктен қараға дейін әр түрлі болады. Жас кезінде биттердің қанатсыз түрлері де кездеседі. Жапырақ биттерінің әлсіз жапырақтарды түйреп нәрін соратын тұмсықтары болады, бұл тұмсықтармен жапырактарды, жас шыбықтарды, жемістерді түйреп, олардың нәрін сорады.
Тіршілік әрекеті. Жапырақ биттерінің көп түрлерінің жұмыртқалары ғана қыстап қалады, бұл жұмыртқаларды күзде ағаш бұтақтарына қанатты биттер салып кетеді.

15-сурет.
а-тамырды кеміретін түркстан заузасы және оның ұрығы; б-алма биті, -- қанатты аналық түрі; в-қанатсыз бит аналығы және ұрық салмаған түрі; г-алма биті; түскен бұтақ (сол жақта) және бау бұтақ (оң жақта); д-алманың қара күйесі; е-ұрық салатын ұя, бұдан алма қара күйесі жұлдыз құртын шығарады; ж-ұяның беті ашылды, оның ішіндегі қыстап шыққан жұлдыз қүрт; з-алма қара куйесі жұлдыз құртының қоректену түрі; сол жақта құрттың қауіп төндірген жері (жапырақтың сызылған бөлігі), оң жақта құрттардың жарақаттанған жапырактағы ашық көрінісі.

Көктемде жұмыртқалардан личинкалар жарып шығып, жас балауса жапырақтарды сорады. Личинкалар өсіп, түлеп, өніп-өсуге бейімделеді. Өзінің 2-3 апталық өмірінде олар 20-40 личинка шығарады; 8-12 тәулікте өсіп жетілген бұл личинкалар осындай жолмен көбейіп өсе береді. Бір жаз бойында жапырақ биті 10-14 рет балалайды. Жапырақ биттері жас бұтақтарға қонып, нәрін сорады. Ақырында жапырақтар қурап, жас бұтақтар бұралып қалады. Жапырақ биттері түскен шыбықтар қурап қалады (15-сурет). Жапырақ биттерінін, тәтті, жабысқақ нәжісі жапырақтардың ауа жұтуын қиындатады. Жапырақтар бұл нәжістерге отырған шанмен баттасып, оларға күйе сияқты саңырауқұлақтар өсе бастайды. Жапырақ биттеріне қарсы күрес, оларды алғашқы байқаған кезде жүргізілуі керек.
Күзде личинкалардың кейбіреулері қанатты ұрғашы биттерге айналады да, кейбіреулері еркек бит болып шығады. Олар кейіннен өзара жұптасады (шағылысады), ұрғашылары жұмыртқа салады, сөйтіп ересек биттер өліп жойылады да, жұмыртқалары қыстап қалады.
Күрес шаралары. Жапырақ биттері түскен өсімдіктерге аралас улар бүркіледі: 4 процент сабын ерітіндісі (бір литр суға 40 грамм сабын) немесе 0,2 проценттік анабазин ертіндісіне сабынды екі есе артық қосып (бір литр суға 2 грамм алабазин 4 грамм сабын) бүркіледі. Сондай-ақ темекі немесе алабазин суын қолдануға болады.
Жапырақ биттерінің қаншалықты шығуына (пайда болуына) қарай, бір маусымда бірнеше рет у шашу жүргізіледі.

ШЕКІЛДЕУІКТІ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ

Алма зиянкестері. Жеміс ағаштарының ішінде алма ағашына жеміс зиянкестерінің көп түрлері зиян келтіреді. Бұлардың ішінде ең қауіптісі төменде суреттелетін жеміс зиянкестерінің жеті түрі болып табылады.
Алма күйесі. Алматы жеміс аймағында және Алматы қаласында алма күйесі-алманың негізгі зиянкесі. Алма күйесі Шымкент пен Жамбыл облысының таулы аудандарында да көп кездеседі.
Күйе - жұлдызқұрты жапырақтарды жеп, ағаштарды әлсіретеді, сөйтіп жеміс өнімін азайтады; күйе жеген ағаштар келесі жылы да өнім бермейді.
Ересек күйе - кішкентай ғана көбелек (қанаттарының бір ұшынан екінші ұшына дейінгі), ұзындығы 22 миллиметр. Алдыңғы қанаттарының үстіңгі жағы ақ, әрбір канатында 18-25тен қара дақтары болады. Артқы қанаттары күлгін, арт жақ ұшында кішкентай шашақшалары болады, артқы қанаттары дақсыз, бір түсті келеді.
Көбелек жаздың орта кезінде алма ағашының бұтақтарына жұмыртқалайды; көбелек жұмыртқаларын жұқа қабықшақ тәрізді қалқанмен орап тастайды.
Жаздыгүні жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттардың қалқаны болады, сол қалқанның астынан шықпай қыстап қалады. Қалқанның көлемі 2-4 миллиметрдей болады; әрбір қалқан астында 25-40 жұлдызқұрт қыстайды.
Ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 15-20 миллиметрге дейін жетеді. Ересек жұлдызқұрттар денесінің түсі - сарғыш-ақтан бастап қара сұрға дейін келеді.
Долана көбелегі. Долана көбелегі Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Бауларда долана көбелегі көбінесе алмаға зиянын тигізеді, ал жаппай көбейіп кеткен жылдары әр түрлі жеміс ағаштарының гүл-шешектері мен жапырақтарын да қажап жейді.
Бұл әр қанатының бір ұшы мен екінші ұшының аралығы 60-70 миллиметрге дейін жететін, қанаттарында күңгірт тамырлары бар ақ көбелек (16-сурет). Жұмыртқалары ашық сары, 12-14 қырлы, шөлмек тәрізді болады, долана көбелегі жұмыртқаларын әр уақытта топтап салады. Жұлдызқұртының түгі сирек, арқасында және бүйірлерінде үш қара жолағы және екі қызыл қоңыр жолағы бар, басы мен аяқтары қара болады. Ересек жұлдызқұрттың тұрқы 45 миллиметрге дейін жетеді. Қуыршағы буылдырыңқы қара нүктелі теңбілдері бар, ақсары келеді, денесінің ұзындығы 20 миллиметрге дейін жетеді.
Тіршілік әрекеті. Кішкентай жұлдызқұрттар өрмекші торына оралған, қурап қалған жапырақтар ішінде қыстап шығады, бұл жапырақтар күзде, жапырақтары түсіп жалаңаштанып қалған ағаштардың бұтақтарында айқын көрініп тұрады. Бұлар - долана көбелегінің қысқы ұялары, көктемде, жеміс бүршіктері жарыла бастаған кезде жұлдызқұрттар оянып, өздерінің ұяларынан шығады, ашылған бүршіктермен, сонан кейін жапырақтармен, гүл шанағымен және гулдермен қоректенеді, зиянкес аса көбейіп кеткен кезде ағаштардың жапы-рақтарын* мүлде жойып жібереді. Гулдеу дәуірі аяқтал-ғанға дейін жұлдызқұрттар өсіп, алма ағаштары мен басқа ағаштардың немесе бұталардың бұтақшаларына қуьфшақтайды. Қуыршақтану дәуірі жарты айға со-зылады.
Июньнің орта шенінде, алма туйіндёрі улкейген кез-де қуыршақтардаи көбс.чектср ұшып шыгады. Бұл кө-белектер екі аптаға дейін ұшып жүреді. Сонан соң жүп-тасып (шағылысқа туседі), ургашы көбелектер алма жапырақтарының устіне 40 -- 90 данадан топтап жумырт-қалайды. 15 күннен кейін жұмыртқзлардан жұлдызқұрт-тар жарып шығып, олар сол бойда-ақ, жапырақтармен қоректене бастайды. Олар 10 -- 15 кун өмір сұреді, олар-дың заңдары онша байқала қонмайды. Сонан кейін жұл-дызқурттар өздері жеген 2 -- 3 жапырақты және өзін қоса өрмекші тормен шырмап, осы қалпында ұйқыға еніп қыстап қалады.
Курес" шаралары. Долана көбелегіпін ұялары күзде жапырақ түскенң^н кейін, қыста жәие ағаштар буршік жара бастағанға дейін, көктемдс агаштардан сыпырып алынып (C)ртеледі. Көктемде жеміс бүршіктері жарыла бастаған кезде ағаштар гулдей бастағанға дейін долана көбелегі тускен ағаштарға гексахлоран немесе ішек уы дәрілері белгілі мөлшерде бүркіледі.
Қанды алма шіркейі. Бүл шіркей тек алма ағашта-рында ғана болады. Алма шіркейі Алматы облысында кездеседі. Қазақстанның басқа облыстарында кездес-пейді. Қанды 'шіркейдің басқа шіркейлерден айырмасы оның денесін ақ улпа жүн қаптап тұрады. Шіркейді сыққан кезде -- қызыл қоймалжың қан шыгады. Сон-дықтан да оны қанды немесе жүндес шіркей дсп атаіі-ды. Әдетте бұл шіркей топ-топ болып журеді, топтасып журген шіркейлер ағаш қабығына жабысқан мақта сияқты болып керінеді.
Тіршілік әрекеті. Шіркейлер ағаш қабығыпың жа-рықтарында және жараларында, бутақтардың сызатта-рында өмір суреді. Әсіресе ағаш діңінен

16-сурет.
а-долана көбелегі; б-жапырақтағы долана көбелегінің ұрықтары және ұрықтың жеке түрі көрсетілген; в-долан көбелегінің жұлдыз құрты; г-көбелек - жалғыз жібек құрты - аналық түрі; д-көбелек - жалғыз жібек құрты - аталық түрі, жапырақтағы жалғыз жібек құртының бір түрі; е-бұтақтағы алма битінің қанды түрі; ж-алма жемісіне түскен жеміс жегіш жұлдыз құрты; и-алмұрт бүрге шіркейі; к-бүрге шіркей түскен алмұрт
шығатын өгей бұтақтарға әуес болады, алма агаштардың тамыр жақ-тарында тіпті там .рларына жабысып тіршілік етедІ. Ересек қанатсыз ұрғашы шіркейлер мен олардың жұ-мыртқалары да осы жерде қыстайды. Шіркей ерте көк-
темнен бастап қыс түскенше бірнешс рст балаллп, оте көбейгіш келеді. Шіркейлср ағаштың және опың қабы-ғының нәрін сорады, осының салдарынан бұтлқтар буылдықтанып ісіп кетеді, өсімдік әлсіреііді, ал шіркей-лер жабысқан тікше материалдар, көбінссе отыргызуга мулдем жарамсыз-болып қалады.
Күрес шаралары. Бұл шіркейдің құпия вмір суруі (жер астындағы ағаш тамырларында болуы) жоне өніп-өскіштігі оған қарсы күрес жүргізуді қиыидата түседі. Бұған күрестің биологиялық әдісін қолдану жақсы нә-тижелер береді. Бұл үшін өте үсақ паразит жәндік-афе-линус қолданылады; мұның денесінің ұзыпдыгы 2,0 мм. Афелинус шіркей денесінің ішіне еніп жұмыртқалайды, оның жұмыртқалары шіркей ішінде өмір сүріп, оның денесінсн қоректенеді, сөйтіп ақырында шіркей өледі. Афелинус бір жаз ішінде 7 -- 9 үрпаққа дейін көбейіп улгіреді. Сөйтіп шіркейдің 90 проценттен астамын жоя-ды. Бұдан өзге тікпе материалдарды -- б^омды метэл-мен немесе цианды газ жіберіи фумнгацііялау қолда-нылады.
Афелинусты қолдануды, сондай-ақ тікпе материал-дарды фумигациялауды Қазақ ССР Ауыл шаруашылық министрлігінің арнаулы баумең шұғылданатын маман-дары немесе оның карантин лабораториясы жүргізеді. Дачада, жеке үй іргесіндегі учаскелерде әрбір адам-ның өздері жургізуіне де болады. Курес шараларының комплексіне мыналар жатады:
а) жеміс бермейтін ағаштарға гексахлоран шашу;
сонымен бірге ағаш астындағы жерге де гексахлоран
шашылып, сонан соң топырақ күрекпен аударыстыры-
лады;
б) ағаштың шіркей бар жерлерін мазутпен май-
лайды;
в) шіркей түскен ағаш тамырларына темекі қоқы-
мын, әк немесе күл себеді;
г) көк бүтақтарға сабын араластырған анабазин
сульфат шашады (1 литр суға 5 грамнан сабын ара-
ластырылады) немесе ДДТ, гексахлоран әмульсйясын
бүркеді.
Бауда қанды шіркейдің бар екендігін білген кезде бұл туралы дереу аудандық ЕАПО-ға хабарлау керек.
Алма құрты. Алма құрты деп аталатын бұл зиянкес өте қауіпті. Бұл алма күрты оңтустік облыстарда көп кездеседі, ал Қазақстанның басқа бау өсіретін аудан-дарындааз кездеседі.
Алма құрты қанатының бір ұшынан екінші ұшына
дейінгі аралығы 20 -- 22 мм болатын ұсақ көбелек. Ал-дыңғы қанаттары көлденең қара ирек сьізықтары бар, көгілдір түсті қанаттарының жоғарғы жағында шағын қара теңбілдері болады. Артқы қанаттары бір түсті қоі ңыр келеді. Жүмыртқасы жалпақ-домалақ болады, жұл-дызқүрттың басы қоңыр, өзі қызыл болады. Денесінің ұзындығы 15 -- 20 мм жетсді, куыршағы қарынының ше-г жагыида 8 түйір қылшығы бар қызыл қоңыр бо лады.
Т і р ш і л і к ә р с к е т і. Оцтүстік аудандарда (Шымі
кент және оның оңтустік аудандарында) алма құрты
3 рст, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыста*
рында-2 рст, солтүстік аудандарда I рст қана өніп-өсеі
ді- а " , ад ясында алма діңдері
і . ында қыстайды, бүл жарықтарғз
жүлдызкұрттардың 70 процентке жуығы жиңаладьі калған жұлдызқұрттар жуан бүтақтар арасындағы ағаці қабығында қыстайды.
Көктемде жұлдызкұрттар куыршақтанды, ал алмі ағаштары гүлдср кезіпде көбелектер пайда бола басІ тайды. Олар жеміс түйінінің үстіне барып жұмыртқаі лайды. Жазда алма күрттарының көбелегі кәдімгі же* міс үстше екінші рет бала.тайды. Жүлдызқүрттар алмі дәндерімен қоректенеді.
Қ ү р е с ш а р а л а р ы. Кузде немесе ерте көктемд^ ағаш дәндеріндегі және жуан бұтақтардағы курап қал4 ған қабықтарды мұқият тазартыл алып тастау керек, Сонда ғана қыстан калған көатеген жұлдызқұрттар, ад көктемде көптеген куыршақтар қырылады. Ағашты та-зартқаннан түскен қоқымдардың барлығын түгелдей жинап өртеп жібсру қажет. Ағаш діндері мен жуаа бұтактарга қою әк ертіндісін шашу немесе ағаш діңде* рін октеу ксрек. Алма құрттарының тіршілік әрекет^ терінен шығатын бұдан арғы күрес мынадай жолдарі мсн жүргізіледі:
Алма ағаштарының гүлдері түскеннен бірнеше күЙ кейін, алма кұртының көбелектері екі аптадй жаңа тү* йіліп келе жатқан түйінге жұмыртқа салумен болады! Осы кезде ағаштарға улы қоспаларды бүрку қажеті Бірінші бүрку -- алма ағаштарыньщ гүлі түскеннен кеі йін, екінші бүрку 8 -- 10 күн өткеннен кейін жүргізіледі Алма құртыиа қапсы қолданылатын у ретінде 1 литр суға қосып есептсгенде мыналарды пайдалануға бсИ лады: гексахлоран эмульеи#сы -- 6 -- 8 грамм, әкпен ара ластырған кальций арсенатын -- 3 грамм, париж көгі -- і 1 -- 1,5 грамм және әк 2 -- 3 грамм (соңғы 2 уға І-^-Щ
грамнан анабазиин сульфат қосқан пайдалы)'. Алғашқы у бүрку жсткілікті, мол болуға тиіс.
Гүлденгеннен 10 -- 15 күн кейін алма ағаштары мен алмұрт ағаштарының дівдерінде кенептен немесе ескі щүберектерден, олар табылмаған күнде, сабаннан не-месе шөптен белдік шептер байлау керек. Бұл белдік-тердің ені 12 -- 15 см болуға тиіс. Жіңішке шөп белдік-терініц пайдасы аз болады. Бұл белдіктер астына жұ-мьіртқалау үшін құрттар үймелейді. Әрбір 8 -- 10 күи сайын белдіктерді шешіп, оиың астына жиналған жұл-дызқұрттар мен қуыршақтарды шелекке салып жинап әкетіп отыру қажет.
Егер бұл шаралар істелмесе белдіктер л^еміс құрт-. тарыныц көбеюіне қолқабыс етеді. Әсіресе уланған бёл-діктердің пайдасы көп болады. Бұл белдіктер гекса-хлоран эмульсиясына малынады (1 литр суға 20 про-центтік 150 грамм эмульсияға батырылған белдіктср кептіріледі, соиан соц келесі күні ағаш діңдеріне буы-лады). Бүл бе.лдіктердің астьша жиналған жұлдызқұрт-тар бірте-бірте өлсді, алайда дүркін-дүркін бүл бслдік-терді де бақылап тұру қажет.
Иіоль айының бас кезінде алма көбелектерінің екін-ші үрпагы пайда бо.тады. Көбелектердің ұшуын үнемі бақылап отыру қажет. Алма көбелектерінің жұмыртқа-ларынан бастап жаппай ұшып шыққанына дейін жоға-рыда көрсетілген уларды жеміс ағаштарына екі рст бурку керек.
Бүл кезде бірден кенелерді де өлтіру үшін буркіле-тін ерітіндінің әрбір литріне 10 -- 15 грамм күкірт қо-сылуға тиіс.
Алмүрт зиянкестері. Құрт-құмырысқалар алмаға қа-рағанда алмұртты едәуір аз зияндайды. Алайда, оңтүс-тік облыстарының кейбір бауларында алмұрт бүргешір-кейі өте көп болады, ал кейде алмұрт жапырақтарын кілегейлі-құмырысқалардың личинкалары зияндайды. Жапырақ биттері түскендігі аиықталған кезде әдеттегі қосынды уларды бүрку жолымен курес жүргізіледі. Ал-мұрт жемісін алма кұрты, жапырақтарын кейде жібек Құрты, долана кебелегі де зияндайды.
Алмұрт бүргешіркейі. Бұл бүргешіркейі тек алмұрт-Ка ғана знянын тигізеді, алмұрт ағашының жапырағын жаппай түсіріп, өиімін шұғыл кемітеді.
Ірі бүргешіркейдің көлденең қара жолақты, бауыры сары болады, кеуде жағында бес ұзынша жолағы бар, Қанатты шіркейлерге аздап ұқсайды. Денесінің ұзын-Дығы 2 -- 3 мм келсді. Личинкалр ұсақ жалпақ, қара-
Бауды мұқият күту -- сидам сүректерді күзде ок-теу, суару, жерді дүрыс өңдеу, тыңайткыштар енгізу ағаштардын. термикалық зияидауына және кара ракқа қарсы күресудегі төзімділігін арттырады.
Жүмыс кезінде бауда ағаш қабықтарын зияндау* га жол бермеу ксрек.
Қара ракка шалдыққан ағаш бұтақтарын керо -синге езілген мыс нафтснатының 20 проценттік ертін-дісімен емдеу жаксы нәтиже береді.
СУЙЁКТІ ДАҢЫЛДАРДЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ
Қазакстанның оңтүстік аудапдарында сүйекті же_ містерге негізінен мынадай жәндіктер зиян келтіредп шие бізтумсығы коңызы, бұл өсімдіктің бүршігінс және жемісіне зияң кслтіреді. Шырышты күмырсқа шыбын және жапырақ биті -- бұлар өсімдіктің жапырақтарына катты зиян келтіреді. Аурулардың ішіндс жапырақтар-дын тссік болуы немесе клястероспориоз өте-мөте зиян-ды болып есептелсді.
Шие бізтұмсығы. Бүл өріктің, шиенің және қызыл шиенің негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕМІС-ЖИДЕК, ЖҮЗІМ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Шекілдеуікті мен сүйекті жеміс-жидектерді ветеринариялық-санитариялық сараптау
Екпе көшеттерді қазып алу
Жеміс ағаштарын отырғызу
Шекілдеуікті өсімдіктердің зиянкестері мен аурулары
Гүлді өсімдік ауырулары
Жеміс ағаштарының бактериялды күйік ауруларының фенологиялық даму кезеңдеін айқындау
Жеміс ағаштарының бактериалдық күйігі
Мәдени өсiмдiктердiң шығу тегi
Өсiмдiктер
Пәндер