Жер сікінуінің пайда болуында және қауіпті жағдайда халықты қорғау



Жер сікінуінің пайда болуында және қауіпті жағдайда халықты қорғау. Төтенше жағдай ошағында алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыру.

Жер сілкінісі (грек сөзінен шыққан сейсмос: жер сілкінісі) жер қабатындағы толқулар мен ауытқулар, жер асты дүмпулері мен соққылары, жер қабаты жылжуынан туындаған немесе адамдардың әрекеті салдарынан пайда болған үлкен қашықтықта болатын құбылыс. Күшті және қиратушы жер сілкіністері ең ауыр болып табылады, онда аймақта тұтастай ел және өңір қалуы мүмкін. Адамзат тарихында осы дүлей зілзалалардан миллиондаған құрбандар, қалалар мен кенттерде жүздеген қаза табулар, құрылыстардың зақымдануы мен жойылулары орын алуда.
Жер сілкінісінің себебі соңына дейін анықталмаған. 18 ғасырда ғалымдар мынадай қорытынды жасады, жер қабатында жас учаскелер сілкінеді, осының салдарынан тау жыныстарының бөліну бойынша ығысулар болады. Бөліну үлкен болса, соғұрлым жерасты дүмпуінің күші қаттырақ болады. Кейбір аудандарда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Бұл аудандар сейсмикалық белсенді деп аталады.
Жер қойнауында энергияның жиналуынан үнемі күрделі үдерістер болып тұрады, соның шығу салдарынан сейсмикалық думпулерді болады. Сол энергияның шығуы уақытында, бұл энергия тектоникалық үдеріс деп аталады, плиталардың қозғалысы салдарынан жер қойнауында жарық пайда болады. Осы плиталардың арасында үш түрлі құбылыс болуы мүмкін: плитаның бірі қозғалса, енді бірі жылжиды немесе бір-біріне сырғанайды.
Екі плитаның соғылғаннан жер үстінде өзгеріс болады, жиналған энергия жер бетіне шығады. Мұндай жер сілкінісінің ұқсас түрін тектоникалық деп аталады. Кейбір кездерде жер сілкінісі плитаның ішкі жақтарында болады - олар плитаның ішкі аралық жер сілкінісі деп аталады. Олар плиталар шетінде қысымның дамуының салдарынан болатын деформациядан (энергияның жинақталуы) туындайды.
Олардың туындау себептері бойынша жер сілкінісінің жіктелімі
1. Табиғи жер сілкінісінің шығуы
2. Адамдардың әрекеті нәтижесінде пайда болған жер сілкінісі
3. Тектоникалық
4. Вулкандық
5. Опырылу
6. Шеткі (тектоникалық плита шектері)
7. Плитааралық
Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері біздің еліміз үшін әрқашан маңызды, Қазақстан аумағының үштен бір бөлігі сейсмикалық қауіпті, онда 6 млн. адам тұрады, республиканың 40%-дан астам өнеркәсіп әлеуеті шоғырландырылған, олар жер сілкінісінің тұрақты қауіпінде тұр. Республиканың аса сейсмикалық қауіпті өңірі Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары болып табылады.
Соңғы он жылда көмірсутегі шикізаттарының қарқынды өндірілуіне байланысты, еліміздің батыс өңірінде орналасқан мұнай кәсiпшiлiгi аудандарындағы техногендік сипаттағы күшті жер сілкінісінің нақты қаупі туындайды.
Жер сілкінісі қатты болғандықтан, шығатын энергияның санына және ошақтың алшақтығына, жер сілкінісі күшін өлшеу үшін негізгі көрсеткіштер көлемін, олардың кинетикалық энергиясын сипаттайтын, қарқындылық және ошақ тереңділігіне байланысты. Әрбір жер сілкінісінің өзінің ошағы мен эпиорталығы бар.
Жер сілкінісінің ошағы терең жердегі орын, онда жер сілкінісі пайда болады, ол жерде серпінді сейсмикалық толқындар (гипо орталық) таралады.
Жер сілкінісінің эпиорталығы деп ошаққа аса жақын жердің үстіндегі орынды айтады.
Жер қойнауында энергияның жиналуынан әрдайым күрделі үрдістер болып тұрады, соның босатылуынан сейсмикалық дүмпулер болады. Жер сілкінісі ошағы болған немесе болатын аумақтарды сейсмикалық облыс деп атайды.
Ошақтың тереңділігі мен қарқындылығы бойынша 12 балдық халықаралық сейсмикалық шкала құрылған (Рихтер шкаласы).
Жерсілкінісі шартты түрде бөлінеді:
Әлсіз -1-3 балл
Орташа - 4 балл
Едәуір күшті -5 балл
Күшті - 6 балл
Қиратушы -8
Жойқын - 9 балл
Аса жойқын -10 балл
Апатты - 11-12 балл.
Мысалға 3 көріністі алайық.
4 балл. Орташа жер сілкінісі.
Дірілді ғимараттың ішіндегі көп адамдар сезеді, далада азын-аулақ. Ұйықтап жатқан адамдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Табиғатты пайдалану құқығы»
Адамзаттың экологиялық проблемалары
Мүмкін жер cілкініcі кезінде Қ. И. Cәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың мұнай кoрпуcынан cтуденттерді эвакуациялау тренингін жүргізу
Өзендер мен көлдердің ластануы
Жер құқығының нормаларын қорғау
Өнеркәсіп нысандарындағы АҚ және ТЖ құрылымы мен қызметі
Су ресурстары жайында
Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы
Қылмыстық құқықтың жүйесi жəне оның мiндеттерi
Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері
Пәндер