Жіті ішек жұқпаларының алдын алу


Жіті ішек жұқпаларының алдын алу
Жіті ішек жұқпаларымен ауыру бұл күндері өзекті мәселе болып отыр.
Жіті ішек ауруларының қоздырғыштары адам ағзасына қалай түседі?
Біріншіден, лас қол, лас су және азық-түлік, жуылмаған жеміс-жидектер, науқас пайдаланған заттар арқылы (ыдыс, киім-кешек, төсек-орын, жеке басының құралдары) . Құрамында қоздырғышы бар, қайнатылмаған тағамдарды пайдалану арқылы (сүт және сүт тағамдары, салаттар, паштет, тоңба (холодец) жаппай дизентерия ауруына ұшыраулары мүмкін. Жіті ішек ауруымен ауырған науқасты күту кезінде және ластанған сумен қол жуғанда, жеке басының тазалығын сақтамағанда қолға қоздырғыш қонады. Қоздырғыштар суға шаруашылық су көздері арқылы ағып келеді, су алатын орынның таза болмауы арқылы да түседі, сондықтан қайнатылмаған өзен-көл суларын ішу арқылы ауырып қалуға болады.
Қазіргі уақытта ішек ауруларының көбі тағаммен байланысты және де олардың саны жаз-күз мезгілдерінде артады, себебі бұл уақыттарда жеміс-жидектер артығымен қолданылады, алайда дизентерия ауруы жыл бойы да тіркеле береді. Бұл аурулардың тарауына шыбын-шіркейлер де себепті, олар дизентерия, сүзек, қылау қоздырғыштарын едәуір қашықтыққа дейін таси алады. Ішек ауруларының жаз-күз мезгілдерінде көбеюі суды көп мөлшерде пайдалануына, халық қозғалысының артуыны байланысты.
Жіті ішек ауруларының алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керек?
Осы аурумен ауырған науқастарды және бұл ауру болуы мүмкін деген күдік бар науқастарды уақтылы госпитализациялау - ең маңызды шаралардың бірі. Үйде емдеу, не стационарда емдеу керектігін дәрігер шешеді. Үйде емдеген кезде жеке бастың тазалығын қатаң сақтап, қоршаған ортаны ластамауға, көпшілікке жұқтырмаудың амалдарын қарастыру керек. Ол үшін науқас төсекке таңылып, жеке ыдыс-аяғы, сүлгісі болып, олар дезинфекцияланып отыру керек. Өзін-өзі емдеуден бас тратудың маңызды екендігін ұмытпау керек! Тек дәрігер ғана дұрыс диагноз қоя алады және қолайсыз жағдай тудырмаудың жолын біледі, тек дәрігер ғана дұрыс емдеу жолын қарастырып, емдеу сызбасын жасайды. Себебі, ішек тобы микробтарының көптеген түрлері, оның ішінде жұқпалы ішек ауруы, іш сүзек көптеген дәрі-дәрмекке қарсы орнықтылық тудырып отыр. Ауруханада ауру тудырушы микробты анықтап, емдеудің неғұрлым әрекет етуші құралын табуға болады. Одан басқа, науқасты госпитализациялау қоздырғыштардың себілуінің тоқтатылуына септігін тигізіп, айналадағылардың залалдануын болдырмайды.
Жіті ішек ауруларының алдын алуда тұрғылықты жерлердегі сумен жабдықтау жолдарының санитарлық жағдайларын жақсарту, тазарту істері дұрыс болмақ. Бір қарағанда бұл мәселені шешу коммуналдық шаруашылық пен денсаулық сақтау органдарына ғана қатысты сияқты болып көрінеді, бірақ шындығында олай емес. Су көзін таза ұстау халықтың өзіне қатысты. Ластаудың негізгі факторлары - зәр, нәжіс және басқа да тұрмыс қалдықтары. Сумен қамтамасыз етуді, су құбырларын, құдықтарды, бұлақтарды, су қоймаларын тұрақты түрде абаттандырып отыру керек. Ең бастысы, үнемі қайнаған су ішуді ұмытпау керек!
Жіті ішек ауруларының алдын алуда тұрғылықты жерлерді, үй маңын заманауи және жоспарлы түрде тазартып отыру маңызды рөл атқарады. Тұрмыс қалдықтарынан уақтылы тазаламау ол жерлерге шыбын-шіркейлердің үйілуіне себеп болады, олар ішкі ортаға жұқпа қоздырғыштарын таратуға себепші болады.
Жеке басының тазалығының ережелері туралы
Тұрғын халықтың гигиеналық тәртібінің жетіспеушілігі, санитарлық мәдениеттің төмендігі де жіті ішек жұқпаларының таралуына себепті. Өкінішке орай, санитарлық-гигиеналық білімді жеткізер үгіт-насихат жүргізу барысында да қиындықтар туады, себебі тыңдаушы халыққа бұл мәселелер өте жеңіл, қарапайым, таныс болып көрінгендігінен олар да мәселені жеңіл-желпі қабылдайды. Алайда, ас дайындар, тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін қолды өте мұқият тазартып жуу сияқты қарапайым гигиеналық ережелерді барлық адам бұлжытпай орындай бермейді. Былай қарағанда, бұл жөнінде ескерте берудің де қажеті жоқ сияқты, адам өзі білуі керек дегеннің өзінде, осыны ұмытып кетіп жататындар болады.
Осылайша, уақтылы толық анықтау және жіті ішек жұқпалары бар науқастарды госпитализациялау, тұрғылықты жерде жүргізілетін іс-шаралар, жеке бас тазалығының барлық ережелерін сақтау, азық-түлікті бүлінуден сақтау, жеміс-жидектерді пайдаланар алдында тазартып жуу және қайнаған сумен шаю (әсіресе ағынды суды пайдаланған кезде, сондай-ақ құйылған сүтті дүкеннен, базардан сатып алған кезде), шыбындарды жою, су көздерін тазарту - жіті ішек ауруларының алдын алудың негізгі шарттары.
ҚБЖАА инфекционист дәрігері А. Ж. Бөкенова
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz