Кітапханаға келушілерді электронды журналға тіркеп отыратын арнайы бағдарламалық кешенін жасау


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ4

1 ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙЛІ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІ6

1. 1 Delphi бағдарламасына жалпы шолу6

1. 1. 1 Негізгі терезе мен компоненттер жинағы9

1. 1. 2 Объектілер бақылаушысы Object Іnspector терезесі10

1. 1. 3 Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі11

1. 1. 4 Программа кодының терезесі13

1. 1. 5 Пиктограммалық батырмалар14

1. 2 Ақпараттық жүйе және мәліметтер қорының негізгі ұғымдары15

1. 3 Мәліметтер қорын ұйымдастырудың теориясы19

1. 4 Delphi-де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру23

1. 5 Delphi ортасында мәліметтер қорын басқару жүйесі24

1. 5. 1 Деректерді оқу-шығару компоненттері25

1. 5. 2 Деректерді оқу әдістері29

1. 5. 3 Деректерді басқару компоненттері мен әдістері30

1. 5. 4 Деректерді программалау режимінде басқару32

1. 5. 5 Сұраныс жасау34

2 БАҒДАРЛАМАНЫ ЖОБАЛАУ37

2. 1 Бaғдapлaмaны жoбaлay жәнe құpy кeзeңдepi37

2. 2 Негізгі кіріс мәліметтерін сақтайтын кестелер құру38

2. 3 Кесте аралық байланыс орнату39

2. 4 Delphi ортасында бағдарламаны жобалау және құру41

2. 4. 1 Delphi бағдарламасын MS Access 2007 мәліметтер қорын басқару жүйесімен (МҚБЖ) байланыстыру41

2. 5 Бағдарламаны қолдану нұсқаулығы49

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМІ55

3. 1 Программалық құралдарды енгізудегі экономикалық тиімділігі55

3. 2 Еңбекақыны есептеу56

3. 3 Әлеуметтік қажеттіліктердің шығындарын есептеу58

3. 4 Бағдарламаны енгізуге дейінгі шығындарды есептеу61

4 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ64

4. 1 ЭЕМ операторының жұмыс орнын ұйымдастыру64

4. 2 Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оптимальді және шекті көрсеткіштері66

4. 3 Өндірістегі шу66

ҚОРЫТЫНДЫ68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ69

ҚОСЫМША70

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Адамзат ғасырлар бойы алған білімдерін, әр түрлі жұмыстар жасап үйренген тәжірибелерін, қоршаған орта туралы деректерін жинақтаған, басқа сөзбен айтқанда - ақпараттар жинаған. Бастапқы кезде ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа өсиеттер түрінде және ауызша әңгімелер түрінде тараған. Қағаздың, кітап өндірісінің пайда болуы және дамуы ақпараттарды тиімдірек, жазбаша түрде көптен-көп таратуға және сақтауға мүмкіндіктер туғызды. Электр тоғы дамуындағы әр түрлі жаңалықтар ақпараттарды жедел таратуға және жинақтауға мүмкіндік беретін - телеграфтың, телефонның, радионың, теледидар жүйесінің пайда болуына әкеліп соқты. Прогресстің дамуы ақпараттардың күрт көбеюіне мүмкіндік туғызып, осыған байланысты, оларды сақтау, өңдеу мәселелерін жылдан-жылға көбейте түсті. Осы кезде есептеу машиналарының пайда болуы ақпараттарды сақтауды, әсіресе өңдеуді жеңілдетті. Микропроцессорлар негізінде құрылған есептеу техникалары компьютерлердің және олардың программалық қамтамасыздандырылуын тиімді етіп жаңаландыруға мүмкіндік берді [3] .

Үлкен ағымды ақпараттарды өңдей алатын программалар пайда бола бастады. Осындай программалар көмегімен әр түрлі ақпараттық жүйелер құру өзекті мәселелердің қатарына қосылды. Кез-келген ақпараттық жүйенің мақсаты болып, объектілер туралы және нақты әлемдегі құбылыстар туралы деректерді өңдеу және адамға олар туралы деректерді беру болып табылады. Сондай маңызды ақпараттардың бірі ол, кітапханаға келушілер жөнінде мәліметтерді журналға тіркеп отыру. Олардың кітапханаға келудегі мақсаттары, қандай кітаптар оқығанын және т. б. мәліметтерді тіркеп отыру болып табылады [7] .

Кітапханаға келушілерді журналған тіркеп отыру, компьютер және арнайы бағдарламалар пайда болғанға дейін қағаз жүзінде іске асып келді. Алайда ақпараттарды сақтау, жинау, өңдеу және жөнелту техникалары дамыған шақтта қағаз журналмен отыру өте тиімсіз. Себебі кітапханаға келушілердің жеке мәліметін, тұрақты оқырман екендігін, кітапханада бұрын-соңды тәртіп бұзғанын немесе бұзбағанын біліп отыру, яғни бір сөзбен айтқанда оқырманның тарихын біліп отыру өте қиын. Оны журналдан іздеу, оны журналға қолмен жазу көп уақыт талап етеді. Сол себепті диплом жобада оқырмандарды тіркейтін электронды журнал құру жұмыстары қарастырылған.

Диплом жобасының мақсаты кітапханаға келушілерді электронды журналға тіркеп отыратын арнайы бағдарламалық кешенін жасау болып табылады. Бұл бағдарлама кітапханаға келушілерді тіркеп қана қоймай, оларды іздеу, тарихын біліп отыру, апталық және айлық есептер шығару және т. б. амалдарды орындайды.

Диплом жобасының міндеттері кітапханаға келушілерді электронды журналға тіркеп отыратын арнайы бағдарламалық кешенінің атқаратын міндеттері:

  • Деректер қорына бір немесе бірнеше кітапханаға келуші оқырмандарды қосу;
  • Деректер қорынан бір немесе бірнеше кітапханаға келуші оқырмандарды жою;
  • Кітапханаға келген оқырман қандайда бір тәртіп бұзған болса, онда сол оқырманды қара тізімге қосып қою;
  • Оқырмандарды деректер қорынан іздеу, сұрыптау;
  • Кейбір оқырмандардың жеке мәліметін өзгерту немесе жаңарту;
  • Бірнеше сұраныстардың нұсқалар бойынша оқырмандарды деректер қорынан іздеу;
  • Кітапханашы үшін соңғы аптада немесе айда кітапханаға келген оқырмандардың тізімін, санын, шұғылданған жұмыстарын есепке (бапаға) дайындау.

Диплом жобаның құрылымы Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙЛІ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІ 1. 1 Delphi бағдарламасына жалпы шолу

Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген бағдарламалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық, логикалық және обьектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі («классикалық«) процедуралық бағдарламалау тілдері - Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер - ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және бағдарламалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және обьектілі-бағдарлы бағдарламалау (ОББ) негізінде құрылған бағдарламалау тілдері - Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi. Процедуралық бағдарламалау тілдерінде бағдарламаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық бағдарламалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Обьектіге бағдарлы оқиғалық бағдарламалау тілінде бағдарламаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі Qbasic бағдарламалау тілі негізінде, Delphi (Дельфи) Обьектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жұмысын басшылыққа алып кұрылған (visual - көзбен көру, экрандық) . Олар, әсіресе, Delphi бағдарламалау тілі - кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл [1] .

Біздің таңдаған бағдарламалық қамтама бұл - Delphi 7 объектіге бағытталған бағдарламалау тілі. - Delphi 7 интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және онда мәліметтер қорын құруды тиімді жүзеге асыруға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де бағдарламаны көбінесе қосымша деп атайды) . Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы бағдарламалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады [2-6] .

Delphi-де жұмыс жасаудың тиімділігі ондағы объектілерді сипаттамай-ақ тышқанның көмегімен қою арқылы ерекшелінеді. Delphi Windows жүйесінде бағдарламалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т. б. іс-әрекеттерді орындау мүмкіндік тері бар.

Бір және екі деңгейлі Delphi қосымшалары келесі механизмдерді қолдана отырып локальды және ұзартылған мәліметтер қорына қол жеткізе алады:

  • BDE (Borland Database Engine - Borland фирмасының мәліметтер қорының процессоры) мәліметтер қорымен әрекеттесу үшін AP1 дамыған интерфейсін ұсынады.
  • ADO (Active X Date Objects - Active X мәліметтерінің объектілері) OLE DB (Objects Linking and Embedding DateBase - мәліметтер қорының объектілерін байланыстыру мен ендіру) көмегімен ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асырады;
  • dbExpress драйверлер жинағы көмегімен мәліметтер қорындағы ақпараттарға тез қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
  • Interbase тікелей Interbase мәліметтер қорына қол жеткізуді іске асырады.

Мәліметтер қорындағы ақпараттарға қол жеткізу технологиясының вариантын таңдау өңделген қосымшаны жан - жаққа тарату дайындығының ыңғайлығын ескере отырып, сондай - ақ жады ресурстарының қосымша шығындарын ескере отырып анықталады. Мысалы BDE үшін инсталляция дискдегі сыртқы жадының шамамен 15 Мб - тын және мәліметтер қорында пайдаланатын псевдонимдерді қалпына келтіруін талап етеді.

Үш деңгейлі Delphi 7 қосымшаларын DataSnap механизмі көмегімен құрастыруға болады. Мәліметтер қорының үш деңгейлі қосымшаларын құрастыру кезінде пайдаланатын компоненттер DataSnap пен DataAccess беттерінде орналасқан.

Delphі-де интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде басқа бағдарламалауда қарастырылмаған кейбір өзгешеліктер енгізілген.

Delphі Wіndows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация мультимедия процесстерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т. б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін.

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphі-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphі 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphі жатады. Жылдам жасау RAD - жүйесіне “Rapіd Applіcatіon Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тіл қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphі әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphі-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphі-дің айрықша ерекшелігі. NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.

Delphі тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар ІDE (Іntegrated Development Envіronment) дамытылған құрылымдық ортада орындалады. ІDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері ІDE ортасында орындалады.

Delphі ортасын іске қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек: Пуск → Программы → Borland Delphі → Delphі 7.

Delphі-дің ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрнісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1. 1. 1 сурет) . Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:

Сурет 1. 1. 1. Delphi 7 нұсқасының көрінісі

  1. Негізгі терезе (Project 1) ;
  2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Іnspector) ;
  3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form1) ;
  4. Программа кодының терезесі (Unіt1. pas) .
1. 1. 1 Негізгі терезе мен компоненттер жинағы

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphі бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Wіndows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unіt кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphі жүктелгенде, Unіt терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады. Delphі ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.

Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphі ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады (1. 1. 2 сурет) .

Сурет 1. 1. 2. Негiзгi терезенiң көрiнiсi

Бұл терезеде Delphі-дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі меню жүйесінің опциялар тақырыптарының құрамына ішкі меню кіреді.

Негізгі меню жүйесінің элементтері сол жағында таңба қойылған арнайы панельдерде орналасады. Негізгі менюден басқа элементтерді панельдегі таңбасы арқылы негізгі терезеден тыс экранның кез-келген жеріне жылжытуға немесе мүлдем алып тастауға болады.

Компоненттер жинағы - Delphі-дің негізгі байлығы болып табылады.

Сурет 1. 1. 3. Компоненттер жинағының терезесi

Ол негізгі терeзенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады (1. 1. 3 сурет) .

Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті айтады. Delphі ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізі бөлігі құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т. с. с) .

Батырмалар панелі сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін компоненттер палитрасына кіретін кез-келген пиктограмманы тышқан тетігінің оң батырмасымен сырт еткізіп, арнайы редакторды іске қосу керек. Ашылған менюдегі Propertіes (қасиеттер) пунктін таңдағанда 1. 1. 4 суреттегі оң жақ терезе шығады.

Мысалы, 1. 1. 3 суретте көрінбейтін компоненттер арасындағы Dіalogs парағын алға жылжытсақ, бұл парақта жиі қолданылатын компоненттер орналасады. Ол үшін 4 суретте келтірілген терезеде Dіalogs пунктін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Dіalogs пунктін Data Aсcess пунктінің орнына қою керек.

Сурет 1. 1. 4. Компоненттер жинағын икемдеудегi терезелер

1. 1. 2 Объектілер бақылаушысы Object Іnspector терезесі

Компоненттің басқа параметрлерін өзгерту әрекеттері Объектілер бақылаушысы (Object Іnspector) арқылы немесе программаның денесінде орындалады.

Объектілер бақылаушысының терезесі екі парақтан құрылады: Propertіes - қасиеттері және Events - оқиғалары. Propertіes парағы арқылы компоненттің қасиеттері және параметрлері анықталады. Ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады. 1. 1. 5 суреттегі Form1 терезесінде орналасқан Button1 батырмасы басылғанда қандай амалдар орындалады соны анықтауды қажет етеді. Немесе басқада оқиғаларды таңдау арқылы қандай нұсқаулар орындалу қажеттігі анықталады.

Объектілер бақылаушысы екі бағанадан құралған кесте: сол жақ бағанасында параметрдің немесе оқиғаның атауы, ал оң жата параметрдің мәні немесе оқиғаны өңдейтін ішкі программаның атауы орналасады.

Кестенің кез келген жолын тышқан белгісімен басу арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы параметр қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайымдарға бір мәнмен анықталатын сан, символдар жолы, True немесе False мәндерін қабылдай алатын және т. с. с. компоненттің қасиеттері жатады. Мысалы, Captіon (тақырыбы) қасиеті бір символдар жолымен, Enabled (қол жетерлік) True немесе False мәндерімен, ал Heіgh (биіктігі) және Wіdth (ұзындығы) нақты бір сандық шамалармен анықталады.

Компоненттің күрделі қасиеттер құрамына бірнеше мәндер тізімі кіреді. Олардың сол жағында «+» белгісі тұрады, мысалы 1. 1. 5 суретке қарайық

Сурет 1. 1. 5. Компоненттердің құрама қасиеттерi

Осы тізімді ашу үшін «+» белгісін тышқан белгісімен бір рет шертсек жеткілікті. Тізімді жабу амалы қасиеттің «-» белгісін басқанда орындалады.

Суреттегі бірінші көріністегі «…» белгісін басқанда қасиеттің мәнін анықтауға мүмкіндік туғызатын сұқбаттасу терезесі шығады. Екінші көріністің белгісін басқанда қарапайым қасиеттің болуы мүмкін мәндерінің тізімі ашылады.

Объектілер бақылаушысы терезесінің жоғарғы жағында форманың атауы және формадағы орналасқан барлық компоненттер және оларға қолданылған оқиғалар тізімі орналасып тұрады. Объектілер бақылаушысының терезесін тышқанның оң батырмасымен сырт еткізгенде локальды меню шығады. Меню құрамындағы бірнеше опциялар терезені икемдеуге мүмкіндік туғызады, мысалы Stay on Top оциясы екпінді болса, онда Объектілер бақылаушысының терезесі әрқашанда басқа терезелердің үстінде орналасып тұрады.

1. 1. 3 Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі

Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі - болашақ программаның Wіndows терезесінің жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәлірек айтсақ, Wіndows-тің стандартты интерфейстік элементтерінен: жүйелі менюді шақыру, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршаған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координттық тордың нүктелерімен реттелген.

Программалаудағы айтарлықтай уақытта Lego констукторының бөліктерімен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап, форманың терезесінде орналастыруға болады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компоненттер бірінен соң бірі орналастырылады.

Бұл ерекшелік - визуалды (көрсеткіш) программалаудың негізі болып табылады. Программалаушы әр мезгілде құрылатын программаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез-келген мезетте енгізу мүмкіндігіне ие болады.

Формадағы орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен, түсімен т. с. с. анықталады. Форманы құрастыру Fіle => New => Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек.

Button батырмасының кескінін ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады. Қажетті компонентті еткізіп белгілеп, тышқанды форманың қажетті аймағына тышқан белгісін апарып, бір рет шертеміз. Дәл осылайша өзімізге қажетті барлық компоненттерді форманың бетінде орналастырамыз. 6 суретте Button1 элементі орналасқандағы көрінісі көрсетілген.

Сурет 1. 1. 6. Form1 терезесіне Button1 компонентін орналастыру

Компоненттің формадағы орнын, мөлшерін форма терезесінде бірден өзгертуге болады, ол үшін компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен белгілеу керек (кішігірім төртбұрыштылар пайда болады) . Енді белгіленген компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, форма аймағының кез-келген жеріне жылжытуға болады. Мөлшерін өзгерту үшін тышқанды элементті қоршап тұрған кез-келген төртбұрышқа орналастырсаңыз, пайда болған қос бағытты тік сызықты тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжытуға болады. Компонент жою үшін оны белгілеп, Delete пернесін басса жеткілікті.

1. 1. 4 Программа кодының терезесі

Программа (немесе модуль) кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphі жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы - Object Pascal программалау тілі қолданылады (1. 1. 7 сурет) .

Сурет 1. 1. 7. Программаның листинг коды жазылатын терезе

Delphі ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Wіndows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады.

Жаңа форманың кодына Delphі ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.

Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphі ортасы unіt Unіt1 және іmplementatіon қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы - {$R *. DFM} және end қатарлар аралығы болады. Оны толық көрсетер болсақ келесі түрде болады:

unit Unit1;

interface

uses

Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs;

type

TForm1 = class(TForm)

private

{ Private declarations }

public

{ Public declarations }

end;

var

Form1: TForm1;

implementation

{$R *. dfm}

end.

Модуль деп программаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Жаңа форма құрылғанда жаңа модуль жасалады. Жалпы программа құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін. Delphі ортасы әр программаны компиляциялағанда кеңейтілуі. PAS, . DFM және. DCU болатын файлдарды құрады. . PAS файлында программа кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, . DFM файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы, ал. DCU файлында алдыңғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары орналасады. DCU файлы компилятор жұмысының нәтижесі, енді компоненті осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін. EXE файлы құрылады.

1. 1. 5 Пиктограммалық батырмалар

Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды опцияларына тез арада қол жеткізуге болады. Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар келесі топқа бөлінеді: Standard, Vіew, Debug, Custome, Desktops. Пиктограммалық батырмалар деп 1. 1. 8 суреттегі батырмаларды айтамыз

Суре 1. 1. 8. Пиктограммалық батырмалар

Бос форма Delphі ортасы жүктелгенде программа кодының терезесі Wіndows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады. Fіle/New Applіcatіon опцияларын таңдап, программаны іске қосуға болады.

1. 2 Ақпараттық жүйе және мәліметтер қорының негізгі ұғымдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Кабис бағдарламасы
Кітапхананы басқарудың ғылыми-әдістемелік және инновациялық қызметі
Кітапханадағы анықтамалық библиографиялық қызмет
Кітапханаларды автоматтандыру тарихы
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Кітапхана қызметтерін ақпараттандыру жүйелері
Ақпараттық өнімдерді сапалы басқару
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz