ОТБАСЫНДА БАЛАНЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

Ата - анаға кеңес

Болашақ бүгіннен басталады

Республикамыздың шалғайындағы бір ауылда араға жылдар салып қайтадан ашылған балабақшаның тұсау кесер рәсімінде көнекөз қарияларымыздың бірі бүгінде соқталдай азамат болған баласының лауазымы мен қызметін айтып мақтаныпты. Ақсақалдың бүлдіршіндерге бата берудің орнына баласын мақтай бергені несі деп көпшілік бастапқыда түсінбей қалса керек. Сөйтсе, қария өз баласының кезінде осы ауылдағы балабақшадан тәрбие алғанын, балабақшаның бала тәрбиесіндегі алар орнының ерекшелігін айтқысы келген екен. Иә, отбасында тәрбиеленген бала мен балабақшадағы баланың ара-сындағы айырмашьшық бірден байқалатыны белгілі. Өйткені анасының етегіне жармасып, көпшіліктің арасына үйренбеген бала ең алдымен мектепке, мек-тепке дейінгі даярлық бөліміне барғанда өзін қатарынан қалып қойғандай сезінеді. Ортаға үйренуі де қиынға соғады.

Тәрбиеші демекші, бақшадағы тәрбиеленуші кішкентай балдырғандардың ұяда не көрсе, соны ілуге талпынуы әсіресе тәрбиешінің білімді, тәжірибелі болуына, ұрпақ тәрбиесіне деген үлкен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Өкінішке орай білімі, тәжірибесі жоқ тәрбиешілердің де бақшалардан кездестіні, олардың сәбилерге білім мен мәдениеттің, тәлімді тәрбиенің үлгісін көрсете алмай жататыны, осыдан келіп, баланың бақшадан ат тонын ала қашуына әкеп соқтыратыны жайында кейде естіп-біліп жатамыз. Керісінше бар ынта-жігерін, бойындағы бар қасиетін балаға аударған тәрбиешілер де жетерлік. Әсіресе «Отбасы және балабақша» журналы республикамыздағы мектеп жасына дейінгі тәрбие жұмысына орай тәлімгерлерге әдістемелік педагогтік көмек көрсететін бірден-бір журнал болғандықтан тәрбиешілер өздерінің іс - тәжірибелерімін бөлісіп, бала тәрбиесінде халықтық педагогика мен қазіргі тәрбие тәсіліндегі озық үлгілерді игеруде белсенділік танытып, өздерінің әр түрлі тақырыпты қамтыған сабақ жоспарларын, балабақшадағы әрбір қуанышты сәттерді жеткізуге асығады.

Кез келген ата-ана ең алдымен баласын жақсы тәлім-тәрбие көрсететін, балабақшаға, тәрбиешіге апарғысы келеді. Сондықтан да республикамыздағы балабақшалардың қай-қайсысы болмасын ұрпақ тәрбиесінің ұлағатты іс екенін түсініп, қолда бар мүмкіндіктерін пайдаланады. Дегенмен де, тәрбиешілердің көп жағдайда бақшаларда тұрақтамай, жиі орын ауыстыратын жайлары да кездеседі. Ол, ең алдымен мектепке дейінгі мекемелерде қызмет істейтін тәрбиешілердің жалақысының төменгі дәрежеде болуынада тікелей байланысты. Тәрбиешілердің жиі орын ауыстыруы сырт көзге білінбегенімен, балабақша есігін жаңа аттаған кішкентай сәбидің қалыптасуына да әсер етпей қоймайды. Сондықтан еліміздің ертеңгі болашағы, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген педагог - маман кадрларға қамқорлық қажет.

Ата - анаға кеңес

Балалардағы артық салмақтың кейбір психологиялық себептері

Бүгінгі таңда артық салмақ немесе семіздікке шалдыққан балалардың саны жыл өткен сайын көбейе түсуде. Ғалымдардың дерегіне жүгінсек, соңғы жылдардың өзінде әлем бойынша 177 млн. 18 жаска дейінгі балалар мен жас өспірімдер клиникалык семіздікке шалдықса, оның 22 миллионы небәрі 5 жаска дейінгі бүлдіршіндер екен. Әлем балаларының басындағы бұл мәселе біздің де елімізді айналып өтпеді. Мұндай күрделі мәселе тек мамандардың ғана емес, ата-аналардың да алаңдаушылығын туғызары заңдылык. Сондықтан да, біз аталмыш мәселенің психологиялык қырлары бойынша жауап іздеп көрейік.

Ең басты көңілге медеу болары, жаңа туылған барлық жас нәрестелердің май жасушалары қалыпты дәрежеде болып туылады. Бұл дегеніміз, өте семіз ата-аналардың балалары да семіздікке бейім болып туылады деген пікірді түбегейлі теріске шығарады. Сондай-ақ, балалардағы семіздіктен темперамент пен тұқымқуалаушылық факторларын ең соңғы қатардан іздеген орынды. Енді артық салмактың пайда болуының бірнеше басты себептеріне тоқталып өтейік.

  1. Аурудың 95%-ы аспен, яғни тағам рационының дисбалансы, тамактану тәртібінің бұзылуымен, бір сөзбен айтқанда, тамақтану мәдениетінің сақталмауымен тікелей байланысты.
  2. Тұрмыстық - әлеуметтік себептер: Бұл дегеніміз-ата-аналардың тамаққа деген шектен тыс кұмарлығы, семіруге алып келетін тағам түрлеріне тым әуестігі. Ата-ана мен үйдегі басқа да отбасы мушелері арасында қалыптасқан әдет-дәстүрге байланысты көп тамақтанып, аз қозғалса, бала да сол жағдайды айна-қатесіз қайталайды. Себебі баланың еліктеу қасиеті қалыпты психологиялық үрдіс болып табылады. Ал ата-ана сәбидің тұлға болып қалыптасуына үлгі болатын басты адамдар екенін әсте ұмытпағаны жөн.

3. Гиподинамия немесе физикалық дене қозғалысының аздығы. Осы жерде айта кету керек, мектепке дейінгі балалардағы әсіресе, қалалық жағдайда өмір сүретін бүлдіршіндердің жетекші іс-әрекеті болып табылатын - ойынның белсенді түрінің аздығы немесе мүлде болмауы өзінің орасан зор кері әсерін тигізеді.

4. Мінез - құлыктық, іс-әрекеттік факторлар: Бұл күнделікті өмір барысында қалыптасатын баланың іс-әрекеттері мен мінез-құлыктарының маңыздылығын ұғынбай, ата-ана тарапынан жеткілікті түрде назардың бөлінбеуі. Мысалы: Балаға мектепке барарда ата-анасы түстенуге ақша береді, ал бала ол ақшаға қандай тамақ алып жүргенін сұрап, қадағаламайды. Кез келген бүлдіршін тәттіге әуес болатындықтан, пайдасынан зияны мол тәттілер семіздікке алып келеді. Сонымен қатар, балалардың тамақты теледидар алдында, компьютер алдында отырып ішу әдеттеріне ересектер тарапынан тыйымның болмауы. Кино театрларға барғанда чипси, жүгері бадырағы сияқты түрлі тағам түрлері мен жарнамасы мол тәтті сусындарды өзімен бірге ала кіріп, фильм соңына дейін жеп отыру бала семіздігінің бірден-бір кауіпті факторы болып табылады.

5. Психоэмоционалдык, стрестік жағдайлар. Артық салмақтан зардап шегетін балаларға анамнездік талдау жүргізу кезінде 84% жағдайда дәл осы себептің басым болғаны анықталды. Бұл дегеніміз:

а) Ата-ананьгң балаға жеткілікті мөлшерде көңіл бөлмеуі, яғни баланың ата-ана мейіріміне сусындап қанбауы.

ә) Отбасылык, тұрмыстық қақтығыстар, ата-аналар арасындағы жанжал, олардың ажырасуы, ішкілікке салынуы т. б.

б) Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің сақталмауы. Мысалы: толық балаға ата-аналары оның толықтығын бетіне басып, ашу үстінде, кейіп ұрысканда оны «семіз», «ашқарақ», «нансоғар», «ботқа» т. б. түрлі жағымсыз лақап атпен атайды. Мұндай жағдай баланы мектептегі өз ортасында келемежге түсіп жүргендігі аз болғандай, соққы үстіне соққы болады. Осыдан келіп баланың өзіне деген сенімі, өзіндік бағалауы төмендеп, өзін өзгелерден қор, кем санап эмоциялық күйзеліске түседі.

в) Жас ерекшеліктеріне сәйкес дағдарыс кезеңдерінде өтетін эмоциялык салмақтың басым болуы. Бұл дегеніміз- осы кезеңге тән қобалжулар, тұйыктық, сенімсіздік, негативті эмоциялар, фрустрацияға бейімділік ауто-гетероагрессия және т. б. Дәл осы кезеңдерінде бала өзінің теріс эмоцияларын тамақпен алдаусыратуға, алмастыруға тырысады. Ал тамақ стресті уақытша ғана жеңілдететін әсер береді де, толық қорытылмай, нәтижесінде ас қорыту жолдарында қалдық заттардың жиналуына алып келеді. Дағдарыс кезеңдерінде баланың мінезі өзгеріп, тамаққа деген шектен тыс құмарлығының астарында қандай да бір психологиялык мәселе жаткандығын ескеруіміз керек.

г) Әлеуметтік дезадаптация. Бұл себепті де бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Мысалы: ата-ананың баласына көрсеткен шектен тыс қамқорлығы. Бар жылы-жұмсағын баласының аузына ғана тосуы. Мұны психологияда гиперопека деп атайды. Сондай-ақ, балабакшада, мектепте баланың өз қатарластарымен, ұстаздарымен дұрыс қарым-қатынас орната алмауы, соның салдарынан болған қақтығыстар. Телеарналарды жаулап алған пайдасынан зияны көп тағам жарнамалары. Теледидар мен компьютер алдында көп уакытын жоғалту. Өз-өзімен жалғыз қалып, айналадағы дүниеден оқшауланып, оның орнын тамақтанумен ғана толтыру.

ғ) Тұқымқуалаушылық пен бейімділік. Артық салмактың немесе семіздіктің бала денсаулығына кері әсері бар ма, бар болса қандай және оларды болдырмаудың, алдын алу мен емдеу жолдары қандай деген сауалдардың туындауы заңдылық. Енді осы мәселелерге қысқаша тоқталып өтсек.

Бала кезде қалыптасқан семіздік 80% жағдайда адам өмірінің соңына дейін қалмайды. Бұл ащы да болса - шындық. Артық салмақтан арылу мен азу жеңіл процесс емес. Балалардағы семіздік білінбей дамығанымен, шұғыл шара қолдануды талап етеді. Артық салмақтағы балалардың өсіп-жетілуі біршама баяулайды, аурушаң келеді, физикалык белсенділігі төмендеп, балалық дәуреннің тәтті қызықтары мен қажеттіліктері өтелмейді. Олар өз қатарластарының келемеждеуінің нысанына айналып, көптеген психологиялық мәселелердің кешені пайда болады. Бала өскен сайын мәселелер де өсіп, күрделене түседі. Бала ағзасы үнемі даму үстінде болғандықтан, бұл мәселеге жан-жақты, ғылыми ыждаһаттылықпен қарау керек. Жастайынан артық салмққа бой алдырған бала ағзасында жыл өтіп, есейген сайын адам өмірінің қысқаруына алып келетін әр түрлі ауру түрлері дамиды. Мысалға айтар болсақ, қан қысымының жоғарылауы, жүрек ауруы, атеросклероз, қант диабеті, әр түрлі эндокриндік аурулар мен зат алмасуының бұзылыстары т. б.

Баланың артық салмағымен өтпелі кезеңге дейін, яғни жасөспірімдік шаққа дейінгі күрес нәтижелі болмақ. Мүмкіндігінше, артық салмаққа мүлдем жол бермеген дұрыс. Ол үшін ата-аналар не істеуі керек, алдын алу мен күресудің қандай шараларын қолданған тиімді болмақ деген сұраққа бірнеше ұсыныстар келтіре кетейік.

1. Артық салмақ барлық жағдайда патология болып табылмайды. Ең дұрысы, аурудың алдын алып, дер кезінде дәрігер кеңесіне жүгіну.

2. Баламен шынайы әрі ашық қарым-қатынас орнатыңыз. Оның ішкі эмоциялык күйіне көңіл бөліп, психологиялық сұранысын қанағаттандыру дұрыс. Онымен әңгіме барысында баланы қанаттандыратын, жігерлендіретін сөздер мен мадақтауларды ұмытпаңыз. Бала өзінің артық салмағымен өзі күресуі керектігін санамен ойлап, ол үшін шешім қабылдауына ықпал мен жағдай жасаңыз.

3. Дұрыс тамақтану тәртібі мен мәдениетіне, тағам рационына аса көңіл бөлген жөн. Осы жерде айта кететін жайт, бар жылы-жұмсағын таңнан кешке шейін баласының аузына тосып, оны артық рет жұмсап, еңбекке баулудың орнына, баланы күн көзінен көлегейлеп, «шекесінен шертпей», тым еркелетіп жіберу әсіресе, жалғыз баласы бар отбасыларға тән касиет. Әрине, мұндай жағдайда балада артық салмақтың болу мүмкіндігі де басымырақ. Қамқорлықтың қалыптан асып, баланы жастайынан физиқалық әрі рухани мүгедектікке алып келетіндігіне ата-аналар жауапты екендігін әсте естен шығармаған дұрыс. Себебі гиперпротекция немесе гиперопека қашан да ата-ана үшін де, бала үшін де күрделі психологиялық мәселелердің жиынтығы болып табылады.

4. Баланы физикалық дене еңбегімен көп шұғылдануына ыкпал етіңіз. Ол үшін тек арнайы спорт түрлері мен ауыр жұмыс болуы міндетті емес. Мүмкіндігінше, өзіңіз де баламен бірге қимыл - қозғалысы көп ойын түрлерін бірге ойнасаңыз нұр үстіне нұр болар еді.

Бұл әрекет-амалыңыз тек профилактикалық шара болып ғана қоймай, баланың сізбен қарым-қатынасын да жақсарта түсіп, өзіңізге деген сенімі мен сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз. Онымен таза ауада бірге жиі серуендеп, балаңызды қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға әңгіме өрбітіп, ой бөлісіңіздер. Сондай-ақ, дене белсенділігін талап ететін жұмыс түрін орындауға тапсырма беріп отырыңыз. Ең бастысы, ондай жұмыстар балаға қанағаттану сезімін әкелуі керек. Жұмысты шын ниетімен, ынта-ықыласымен орындау, баланың психикалық күйі мен денсаулығына зор пайдасы бар.

5. Баланы үй шаруаларымен, спортпен, өнермен шұғылдануға бейімдеу, үйрету, дағдыландыру қажет. Теледидар мен компьютер алдында баланың ұзақ уақытын өткізбеуін қадағалап, пайдасынан зияны мол түрлі тағам жарнамаларының құрбаны болуына жол бермеу керек.

Жалпы баланың теледидар мен компьютер алдында отыруы күніне 2 сағаттан аспауы тиіс. Сонымен қатар, баланың тамақтануына көңіл бөліп, оның үйден тыс орындарда немен қоректеніп жүргенін назарда ұстаңыздар.
Тағамның калориясын, құрамында мөлшерінің тым көп болмауын қадағалаңыздар.

  1. Баланың көңіл- күйін, мінез-құлкын үнемі назарда _ұстап, оның ішкі жан дүниесіне бір сәт үңіліп, көңіл бөлу ондағы болуы мүмкін көптеген психологиялық мәселелер кешенінің, мысал ретінде айтар болсақ, ішкі-сыртқы психологиялық әсерлер, өзін-өзі бағалау, дағдарыс кезеңдеріндегі ерекшеліктер, отбасылық-әлеуметтік себептер сияқты бала үшін келеңсіз жайттардың алдын алып, соның нәтижесінде оның тағамдық мінез - құлық стериотиптерін өзгертіп, семіздікті коррекциялауға әбден болады.
  2. Баланы әрбір кезекті медициналық тексерістен өткізіп тұру кажет. Егер «артық салмақ» немесе «семіздік» диагнозы қойылған жағдайда дәрігерлік көмекпен қоса, міндетті түрде психологиялық немесе психотерапиялық кәсіби көмекке жүгіну өзінің аса тиімді нәтижесін береді.
  3. Ең бастысы, бала психологиясының ерекшелігі сол, ол үлкендердің іс-әрекеттеріне еліктеп, оларды айна-қатесіз қайталайтындығын әрдайым есте ұстаңыз. Сондыктан да, жоғарыда айтылған ұсыныстардың барлығын да ең алдымен өзіңіз орындағаныңыз абзал. Ол дегеніміз - сіздің балаңыздың артық салмақпен күресуінің басты кепілі.

Балаңыздың толықтығы сіздің отбасыңыздың бай-қуаттылығының көрсеткіші емес, керісінше, қарапайым өмір қағидаларының дұрыс орындалмай жаткандығынан хабар береді.

Ата - анаға кеңес

Баланың өзін-өзі тануы

Баланың өзін-өзі тануы, бағалауы, «мен» деген болмысының қалыптасуын зерттегенде бала өзін өзгелермен салыстырғанда ғана, өзін-өзі танитыны байқалды. Мұндай тоқтамға балалардың өзіндік сана-сезімінің дамуын бақылағанда нақтылауға көз жеткіздік. Баланың заттарды өзгерту ойын үстіндегі кұрастыру, бұзу, біріктіру, өзгерту әрекеттері кезінде өзіндік сана-сезімінің жетілуі дамиды. Оның үлкен мәні бар.

Ал баланың жеке тұлға ретінде өзіндік сана-сезімінің қалыптасуына оның құрдастарымен үнемі араласуы және бірге болуы шешуші рөл атқарады. Өйткені бала басқа балалар: қалай жазады, қалай санайды, қалай сөйлеседі, сұраққа қалай жауап береді, жіптен қалай секіреді, суретті қалай салады, бір-бірімен қалай сөйлеседі және ересектер мен құрбы-құрдастары, үлкендер мен кішілер қалай тіл қатады деген әрекеттердің бәріне өте қырағылықпен үңіледі. Сондайда өз басының жеке қасиеттерін, өз табыстарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін өзге балалардың да іс әрекетімен үнемі еріксіз салыстырады да өзін-өзі бағалап, тани бастайды. Бірақ баланың өзін бағалауы жеткілікті деуге келмейді, өз бағасы оған тәрбиешінің қатынасының әсерімен пайда болады. Өзіне деген қатынастар баланың жеке бастың талаптану деңгейіне байланысты деп жүрген тұрғыда көрінеді. Әдетте баланың өзіне мұндай қатынас, яғни көтермеленген, адекватты немесе төмендетілген өзіне деген бағасы мектепке дейінгі жаста-ақ қалыптаса бастайды. Демек, өзіндік баға балаға ата-аналар мен тәрбиешілер тарапынан болатын, әрі өзі көріп жүрген қатынастардың нәтижесі ретінде қалыптасады. Баланың өзін көрсетуге барынша ұмытылуы, оның «мені», өз қасиеттеріне зор ынта қоюы жиі байқалады. Балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы дайын бағалардан көрі, өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі.

Өз «менінің» бейнелері күрделі, әрі бір тектес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты «мен» де, қиялдағы «мен» де, динамикалық «мен» де, көз алдына елестететін басқа да толып жатқан «мендер» бар.

Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі, өз талаптарының деңгейін өзінің жеке мүмкіндігімен өлшемдестіру. Бірақ баланың өмірлік тәжірбиесінің аздығы мұндай өлшемді қиындатады. Ересектердің көзқарасы тұрғысымен қарағанда баланың қыйсынсыз көптеген қылықтары қауіпті сотқарлығы, даңғойлығы, көзге түсіп, айналасына танылғысы келгеннен көрі өзінің батылдығын, өжеттігін тағы да баска ерекшеліктерін көрсеткісі келеді.

Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне сезімтал қарайтын баланың өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдерінің өзі әр қилы болатынына көзі жетеді.

Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі ашу осы адам өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажырағысыз байланыста. Өзін-өзі талдауды

қажетсінудің өзі дамыған адамның қажетті белгісі және нысаналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты.

Баланың «мен өзім» деген бейнесіндегі жағымды жағдайларды сезініп, өз-өзіне ризашылықпен және сын көзбен қарауға тәрбиелеу қажет екені айтпаса да белгілі. Балалардың рухани және тәндік психологиялық дамуы кеңейтіп, өз құқылары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтіп отыруымыз қажет.

Мектепке дейінгі алты-жеті жастағы балалар өзінің ақыл-ойын, күш-жігерін жинақтайды. Бұл жастағы балалардың ұжыммен жұмыс жасауды, бірге болуды, өзінің және жолдастарының пікірлерімен санаса білуге мүмкіндіктері болады. Кейбір жағдайларда бұл жастағы балаларға тәрбиеші оның өз ойын білдіруге тырысқаны үшін іс әрекетіне қажетті баға беріп отыруы қажет.

Мектепке дейінгі кезең - ересек жас баланың жеке басының дамуындағы ең маңызды кезең. Дәл осы кезеңде балада «өзіне» деген және «айнала қоршаған ортаға» деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Сондықтан тәрбиешілер мына міндеттерді шешу мүмкіндіктеріне ие болуы керек:

1. Баланың өзі жайында көз қарасының қалыптасуы.

2. Балада «мен», «өзім» деген өзіндік түсініктерінің (өзіндік қабылдау және өзіндік бақылау) қалыптасуы.

  1. «Қоршаған орта» және «өзіне» деген жағымды қатынастарды дамыту. Өзіне, өзінің күш-жігеріне деген сүйіспеншілігін, сенімділігін білу.
  2. Қоршаған ортамен бірге қарым-қатынаста болғанда адамдарға қамқор болу, шыдамдылық, ұқыптылық сапаларын байыту.

"Балалардың өзін-өзі тануы, бағалауы, «мен» деген бейнесінің қалыптасуы көптеген жағдайда қоршаған ортаның ықпалы мен тәрбиеге байланысты. Сол себепті бұл мәселеге тәрбиешілер мен ата-аналардың рөлі орасан зор болғандықтан өте сезімталдақпен мән бере қарағандары абзал.

Ата - анаға кеңес Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі

ата - ананың рөлі

Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі дарындылық деп аталады. Дарынды бала жөніндегі әлемдік психологиялық еңбектерде нақты деректер көп жинақталған. Мәселен, дарындылық туралы Л. С. Выгодскийдің, А. Савенковтың, Е. Белованың еңбектерінен нақты ойларды оқуға болады. Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау ежелден келе жатқан дәстүр. Оларды мәпелеп, қамқорлыққа алу баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені дарындылар қай кезде де, қандай қоғамда да іздесе таптырмайтын ұлттық рухани байлық.

Дарындылық - адамның ой - өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан-жақты дамудың қайнар көзі, жекелеген қабілеттердің шарықтап дамуының нәтижесі. Дарынды балалардың басты ерекшелігіне зейінділік, жинақтылық, терең ақыл-ой жұмысына әрқашанда әзір тұру, еңбекке ынталылық, демалыспен санаспай, қажымай-талмай еңбектену жатады. Аса жиі болмаса да оқта-текте кездесіп қалатын дарынды балаларды -ұстаздық қырағылықпен көре біліп, оны арнаулы оқу орындарында оқытып, тәрбиелеу аса жауапкершілікті қажет ететін іс. Біздің елімізде дарынды балалардың көпшілігі жалпыға бірдей білім беретін білім ошақтарында оқытылып келді. Құрбыларынан «артық» немесе «кем» деген үғымды білдірмесе де дарынды бала өз құрбыларына қарағанда дамуы жағынан әлдеқайда басқа балаларға қарағанда сапалық ерекшелігі басым болып көрінеді. Ендеше дарынды баланың өмірінде ата-ананың рөліне тоқталайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру. Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері
Отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыру
Балалардың еңбек тәрбиесі
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың бағыттары
Отбасы - тәрбие ұжымы
Отбасы туралы
Тәрбие отбасы өзегі
Отбасылық тәрбиенің қоғам үшін маңызы
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Отбасы тәрбиесінің негіздері.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz