Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы. Дәрістер



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 1. Жоғары кәсіптік білім берудің заңдамалық негіздері
Дәрістің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру жүйесімен таныстыру.

Жоспары:
1. ҚР Конституциясы "ҚР білім беру туралы " Заңы. "Білім беру туралы" Заңында анықталған мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері.
2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі: негізгі міндеттері мен мақсаттары, мектепке дейінгі мекемелердің функцияларынның принциптері.

Ұғымдық түсініктеме сөздер: Заң, патриоттық тәрбие, инновация, еліміздің төл Конституциясы, мектепке дейінгі кезең, қарым - қатынас, менталитет,

1.1 ҚР Конституциясы "ҚР білім беру туралы " Заңы. "Білім беру туралы" Заңында анықталған мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында, Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру, Білім мазмұнын гуманитарландыру тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және студенттерге тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Еліміздің төл Конституциясы, жаңадан қабылданған Тіл туралы және Білім туралы Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, балалардың бойында имандылық, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл аударылған.
2030 стратегияның бірінші он жылдағы табысты өтуі бәрімізді қуанышқа бөледі:
Мұның үш жылдығы "Мәдени - мұра" бағадарламасына арналса онда халқымыздың тарихи тамырларын терең білуге және білім, тәрбие тамырларының этникалық негіздерін бүгінгі өмірге үйлестіруге кеңінен жол ашуда. Осы орайдан патриоттық тәрбиені жетілдіру жолдары айқындала түсуде.
Дәстүрлі білім беру жолын инновациялық мәнде өркендетуге бағдар берілуде.
2. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының ұжымы "Жолдамада" белгіленген бағдарға үйлесімді түрлі ғылыми зерттеу және практи калық жұмыстарды жаңаша жетілдіруде оқыту мен білімдендірудің әдістемелік негіздерін өркендетуге ерекше назар аударуда.
3. Білім берудің өркениетті жолын ұлттық танымға үйлестіру жүргізуде мемлекеттік тілге айырықша көңіл бөле отырып ағылшын, орыс тіліне зейін қоюда.
4. Оқыту, тәрбиелеу әдістерін жетілдіруде оның ұйымдастырудағы менеджменттік жолдарын бүгінгі жағдайға үйлестіруге ерекше назар аударуға батыл түрде ынталы кірістік.
5. Ертеңгі кәсіби мамандарды адамгершілік, имандылық деңгейін жетілдіруде оларға оқылатын педагогикалық пәндердің тиімділігін арттыруға мейлінше мән берумен қатар оның теориялық, практикалық тиімділігін басты мақсат етіп қойдық және жауапкешілікті көтерудеміз.
6. Білім сапасын әлемдік деңгейге көтеруде алдынғы қатар тәжірбиелермен үйлесімділікті жетілдіре отырып, қазақстандық инновациялық педагогикалық жолда өркендету басты мақсатымыз болуда.
7. Әлемдік бәсекелестікке лайықты болу - бүгінгі студент ертеңгі кәсіби маманның өзін - өзі жетілдіріп, дербестігін дамытуға тәуелді екендігін ескертіп, олар меңгеруге тиісті теориялық білім мен практикалық жолдардың өркениетке лайық болуына мән беру - "Жолдаманы" жүзеге асыруда, тиімді де өміршен жолы деп білудеміз.

1.2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесі: негізгі міндеттері мен мақсаттары, мектепке дейінгі мекемелердің функцияларынның принциптері.
Бала мектепке дейінгі кезеңнің соңында құрдастарымен және ересектермен өнімді қарым - қатынас орнатуға көмектеседі. Мектепке дейінгі кезеңнің соңғы кезеңінде балада жауапты қарым - қатынас негізі қалыптасады. Алты жеті жаста бала жауапкершіліктің өнегелі мәселелерінтүсінуге қабілетті ойында және қарапайым өмірде таныстармен құрдастармен қарым - қатынавста жауапкершілік іс - әркетте тәжіребе жинақтайды.
Алты - жеті жастағы бала жақсы таныс құрдастарымен қарым - қатынаста дұрыс қарым - қатына тәсілін таңдайды, өзіндік позициясын жауапкершілік сезінеді.
Бала ересектің бақылауына және дұрыс бағалауына мұқтаж.Дамудың бірінші этапы баланың моральдық мінез - құлқының дамуы.
Ересек адам баламен сенімді, жағымды тонда оның өзін дұрыс ұстай алатынын айту керек.
Ересектермен және құрдастармен қарым - қатынасқа түскенде бала мінез - құлқының әлеуметтік эталонын меңгеруге мүмкіндік алады.Бала өмірдегі белгілі бір ситуацияларда өзінің мінез - құлқының моральдық нормаларымен талапқа бағыну қажеттілігі туады . Сондықтан баланың өнегелік дамуындағы маңызды сәттер - қарым - қатынас нормасын, олардың құндылығын түсіну білімі болып табылады.
Біртіндеп бала өзін басқа құрдастармен салыстыра бастайды. Балаларды бір бірімен теңестіру, бұл оларды жауапкершілік сезімін қалыптастырады: біздің топ үшін , біздің класс үшін .
Мектепке дейінгі кезеңде бала адамдардың ересектермен және балалармен қарым - қатынастағы мінез - құлық жүйелерінің әлеуметтік кеңістікті меңгеруде үлкен жолдан өтеді.
Тілді және саналы сөйлеуді практикалық меңгеру. Мектепке дйінгі балалар өз бетінше әрекет етіп , отбасы шеңберінен алшақтап, құрдастарымен , басқа адамдармен қарым - қатынас жасап қарым - қатынас шеңбері ұлғаяды. Шеңбердің ұлғаюы баладан қарым- қатынас жасаудың барлық тәсілдерін меңгеруді талап етеді. Олардың маңыздысы - сөйлеу.
Сөйлеудің дамуы бірнеше бағытта жүреді: сөйлеу басқа адамдармен қарым - қатынас жасаудың негізгі құралы; сонымен қатар сөйлеу - ойлаудың құралы , психикалық процестің маңызды бөлшегі бала тәрбиесінің белгілі жағдайларда, бала сөйлеудің мағынасын, құрылымын түсінеді.
Сөздіктің және сөздің грамматикалық құрлымының дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде сөздік қор дамуы жалғасады. Ерте балалық шақпен салыстырғанда мектепк дейінгі кезеңдегі баланың сөз қоры 2 -3 есеге ұлғайған. Сөздік қордың дамуы өмір жағдайларымен тәрбиеге тікелей байланысты индивидуалдық ерекшеліктері айқын көрінеді.
Мектепке дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есім емес, етістік, есімдік, сан есім және біріктіруші сөздер арқылы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде бала ана - тілінің морфологиялық, септелу мен жіктелудің бір қырларын меңгереді.
Балада тілдің меңгеру өзінің белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік сөз құрауда немесе сөздіктің жаңаруында байқалады.
Мектепке барар алдында бала тілдің синтаксистік және морфологиялық заңдарының біраз бөлігін игереді.
Тілдің мағынасын және дыбысталуынан хабардар болу үшін практикада қолдану керек.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балада сөздің мағынасын арнайы оқыту процесінде пайда болады.
Фонематикалық есту қабілетінің дамуы. Фонематикалық есту балада ең алдымен міндетті түрде оның сөзбе - сөз байланысынан туындайды. Балалық шақтың аяқталу кезеңінде бала сөздерді жуан не жіңішке дыбыстарына қарай ажырата бастайды. Сондықтан да фонематикалық есту балада ең ерте кезден бастап дамиды. Бірақ та бала осы кезеңде сөздерді дұрыс ырғағына қойып айтуды және сөздегі әріптерді рет-ретімен қоюды әлі дұрыс үйренбейді. Сондықтан да 5-6 жастағы бала жай ғана сөзге анализ беруге қиналады.
Тіл функциясының дамуы. Коммуникативті функция - бұл мектепке дейінгі кезеңде дамитын қарым - қатынас функциясы болып табылады. Ерте кезден бастап бала оның қоғаммен араласу үшін қолдана бастайды. Сол сәтте өзіне жақын адамдармен араласа бастайды. Қарым - қатынастың бұл түрі үлкен адаммен баланың тікелей қатысуымен жүреді.
Жоспаланған функция. Мектепке дейінгі кезең жақындаған сәтте баланың сөзі алдын ала жоспарланған және оның практикалық жүріс - тұрысына айналады. Осыған сәйкес екінші фунуциялық сөз қалыптасады. Бұл функцияны орындау баланың ойлау қабілетімен бірге жүреді.
Экспрессивтік функция - жоғарғы деңгейдегі жануарларға арналған ең көне гететикалық функция болып табылады. Эмоционалды функцияның барлығы оның барлық жақтарын қамти отырып, экспрессивттік функцияға қызмет атқарады. Экспрессивті функция автономды функциядан бастап, барық функцияға ұқсас болып келеді.

Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. ҚР білім беру Заңы Егеменді Қазақстан 15 тамыз 2007 жыл
2. Қазақстан Республикасы Білім беру заңы, Алматы, 1998.
3. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. Егеменді Қазақстан, № 2, 20 тамыз, 1994.
Қосымша:
1. Станкин М.И. Профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и обучения. - М., 1998.
Все начинается с учителя Под ред. З.И.Равкина, Сост. К.А.Иванова. - М., 1983.

Дәріс 2 Педагог мамандығының жалпы сипаттамасы
Кез келген мемлекеттiң өркениеттiлiгi онда өмiр сүретiн халықтың бiлiм деңгейiмен бағаланады. Ал өркениеттiлiктiң негiзi мектепте қаланып, мектепте қанат жаяды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында сөйлеген сөзiнде: "Мектеп туралы мәселенiң көтерiлiп жатқаны өте дұрыс. Мектеп әлеуметтiк мәселелердiң iшiндегi ең өзектiсi",- деген пiкiрі айта келе әсiресе ауыл мектебiн өркендетуге, ауыл мектебiнiң жағдайын жақсартуға баса көңiл бөлу қажет екенiне баса мән бердi.
Қазіргі кезде Қазақ қоғамы қоғамдық экономикалық жүйеден екінші бір жүйеге өтудің қиын кезеңінде тұр. Мемлекет тарапынан адамдардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасалу, олардың әділеттілік, еріктілік, қайрымдылық құндылықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл үрдістің өзіндік қиыншылығы, қарама-қайшылығы, көп жақтылығы бақалады. Бұл негізінен белгілі курстар арқылы немесе жоғарыдағы адамдардың ниеттенуіне байланысты. Жалпы әрбір адамның мақсатын өзінің қатысуынсыз іске асыруға болмайды. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматты жоғарыдағы мақсатты іске асыруға үлес қосуы тиіс. Егер де, халық білімді, ақылды, мәдениетті, гуманды, демократиялы, әділетті, кәсіби бағдарлы болса, соғұрлы қоғам өркениет де гейіне көтеріледі. Сол себептен, Қазақстанның болашақ иелерін сол тұрғыда тәрбиелеу қажет.
Кәсіп, мамандық - арнайы дайындықты қажет ететін еңбек іс-әрекеті. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекет - әрі кәсіби, әрі кәсіби емес болып бөлінеді.
Мамандық деп жеке тұлғаның шұғылданатын негізгі еңбек түрі мен қызметін айтады. Педагогикалық мамандық - жер бетіндегі алғашқы мамандықтардың бірі.
Таным тарихында іс-әрекет ұғымы екі түрлі мәнде, біріншіден, дүниеге көзқарастық ұстанымы ретінде, екіншіден, әр түрлі әлеуметтік ғылымдарға негіз болған постулат мәнінде қолданылып келеді. ХХ ғасырда әлеуметтік өмір формалары мен мәдени құндылықтардың пайда болуының негізі, қайнар көзі іс-әрекет деп қарайтын ұстанымы бірқатар әлеуметтік ғылымдардың қалыптасып дамуына негіз болды. Күнделікті өмірде іс-әрекет сөзі - еңбек, іс деген қарапайым ұғымды білдіреді. Ал ғылымда адамның болмысымен байланысты қарастырылады, онымен ғылымның бірнеше салалары: философия, психология, тарих, мәдениеттану, педагогика және т.с.с. шұғылданады. Іс-әрекет проблемасы, көбінесе, гуманитарлық пәндерде (психология, философия, әлеуметтану) зерттелген, онда іс-әрекеттің түрлерін анықтауға бірдей негіз болмаған: бір жіктеуде - ол оқу, еңбек, ойын; екіншісінде - таным, еңбек, қарым-қатынас; ал әлеуметтанушылардың еңбектерінде - еңбек, саяси, көркемөнер, ғылыми іс-әрекет және т.б.
Мұғалім мен педагог туралы түсінік педагогикалық қызмет атқаратын мамандарға арналған синоним ретінде қолданады. Мұғалім деп негізінде мектептегі педагогтарды айтады. Педагог деп жалпылама айтылады. Педагогтың әлеуметтік статусының 2 түрі бар:
1) мамандар, яғни арнайы даярлығы барлар;
2) басқа мамандықтардағы, бірақ тәрбиеші, оқытушы қызметін атқарып жүргендер.
Педагогикалық қызмет оқушы мен тәрбиеленушінің дамуына жұмыс істейтін мақсатты, арнайы ұйымдасқан педагогикалық бірлестігінен туындайды.
Мамандық қызметінің түрлері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, біліктілігін арттыру болып табылады.
ХХІ ғасырда білім беруді дамытудың жолдары белгілі бір дәрежеде мұғалім даярлығынан бастап, оның іс-әрекетінің тәжірибелік тұрғыдан ұшталып, шыңдала түсуіне дейін тікелей қатысты. Өйткені, қазіргі заман мұғалімінің эмпирикалық тәжірибесінде әр түрлі білім беру технологияларын пайдалану, оның жетістіктерін болжау, өздігімен жобалау мен құрастыру негізінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыс байқалады.
Сондықтан да, XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен:
жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы тиіс;
психологиялық-педагогикалык білімдерін жетілдіріп, үйренумен қатар, оларды шебер қолдана білуі тиіс;
білім негіздерін өздігімен оқып үйренуге оқушыларды баулу;
ұстаздың ұйымдастырушылық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттерімен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.
Мұғалім еңбегінің өзіндік ерекшелігі - оның нәтижелері кейінгі уақытқа ысырылып тасталғандай бірден көріне қоймайды. В.А.Сухомлинский Жер жыртушы, тұқым себуші, астық басушы егіс даласында өсірілген бидай масағымен және бір уыс дәнге бірнеше айдан кейін қуанып мәз болады ... - мұғалім өз жасампаздығының жемісін көру үшін жылдар бойы еңбек ету керек болады деген. Педагогикалық қателердің, біліксіз педагогикалық ықпалдардың жазасын баланың өзі (кейде бірнеше жылдан кейін ересек болған кезінде) және оның жақындары көріп жатады. Мұғалім оқушы тұлғасын қалыптастырушы делінеді. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты.
Мұғалім қызметінің тағы бір ерекшелігі - қолында нәтиже өлшеуіші жоқ. Оның ең басты жұмысы - оқыту мен тәрбиелеу барысында туындайтын қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал, бұл - өте күрделі іс-әрекет.

Негізгі әдебиет:
1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н., Введение в педагогическую деятельность. - М., 2002 г.
2. Никитина Н.Н., Кислинская Н.В., М.Н., Введение в педагогическую деятельность. - М., 2004 г.
3. Рувинский Л.И., Мамандыққа кіріспе. - А., 1991 ж.
4. Синица И.Е., Педагогикалық шеберлік. -А., 1981 ж.
5. Синица И.Е., Педагогикалық әдеп және ұстаз шеберлігі. -А., 1981 ж.

3-дәріс Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және оның тұлғасы
Н.В. Кузьминаның зерттеуі бойынша педагогикалық іс-әрекеттің компоненттері.
Педагогикалық қабілеттің даму деңгейіне қарай Н.В.Кузьмина педагогтардың мынадай біліктілігін ұсынады: данышпан, дарынды, әр түрлі дәрежедегі қабілет: өте қабілетті (педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етудің жүйесін өз бетімен жасаған) және аз қабілетті (оқушылармен қарым-қатынас жүйесінде сезімтал емес).
Педагогикалық қабілеттің жоғары деңгейіне арнайы қабілет (пән бойынша, мысалы, математикалық қабілет) жатады, ол да педагогикалық мақсатқа жетуге ықпал етеді.
Кәсіби мұғалімнің академиялық білім беру, тәрбиелеу, дамыту қабілеті болуы тиіс. Академиялық қабілет және білім, білімділік нєтижесі - педагогикалыќ іс-әрекеттің міндетті компоненті жєне шарты. Педагогикалық қабілеттің бұл екі түрінсіз педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру мүмкін емес.
Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекеттің бес компоненттен тұратын функционалдық моделін ұсынды:
1) гностикалық, педагогикалыќ жүйені қолдаудың заңдары мен механизмдері туралы жаңа білім алу мен білімдік қор жинау міндетін шешедқ
2) жобалаушылық, бұл - оқытылып отырған курс мақсаты мен ол мақсатқа жету жолдарын жобалаумен байланысты;
3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны, сабақты өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау жөніндегі іс-әрекеттер енеді;
4) ұйымдастырушылық бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру міндеттері шешеді;
5) коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс субъектілерінің арасында педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.
Маманның педагогикалық- психологиялық іс-әрекеті жоғарыда баяндалғандай, жекелеген іс-әрекет жиынтығы, нақтырақ айтсақ: әртүрлі әдебиетті, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және тағы да басқа оқыту құралдарын талдау, соның негізінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті оқу материалын іріктеп таңдау және оларды құрастыру болып табылады.

2. А.И. Шербаковтың зерттеуі бойынша педагогикалық процесті жүзеге асыру сатысындағы педагогикалық іс-әрекетің компоненттері.

Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті кәсіби іс-әрекеттің негізгі субъектісі болып табылады. Мұғалім оќушыларды оқыту сапасына, олардың білім және тәрбие деңгейіне жауапты екендігі белгілі. Мұғалімнің жұмысы, оның жеке тұлғасының негізгі сапаларының кәсіби іс-әрекетінің сипатына сай келген жағдайда ғана табысты болады.
А.Н.Щербаков мұғалімнің іс-әрекеті жөнінде: Кеңес мұғалімінің іс-әрекеті, ол қандай түрде болмасын, өзінің психологиялық мазмұны жағынан адамнан жоғары идеялылықты, айқын кәсіби бағыттылықты, тиянақты білім мен орнықты ықыласты, балалықтың заңдарын, оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасын білуді талап ететін күрделі еңбек дейді. Осы сапалардың барлығы бірігіп біртұтас құрылым міндеттерін атқарады да, мұғалімнің тұлғасын сипаттайды.
Мұғалім мен педагог туралы түсінік педагогикалық қызмет атқаратын мамандарға арналған синоним ретінде қолданады. Мұғалім деп негізінде мектептегі педагогтарды айтады. Педагог деп жалпылама айтылады. Педагогтың әлеуметтік статусының 2 түрі бар:
1) мамандар, яғни арнайы даярлығы барлар;
2) басқа мамандықтардағы, бірақ тәрбиеші, оқытушы қызметін атқарып жүргендер.
Бұларды педагогикалық қызметкерлер деп айтуға бола ма? Неге болмайды, егер де, оның тәжірибесі мен білімі жеткілікті болса.
Педагогикалық қызмет оқушы мен тәрбиеленушінің дамуына жұмыс істейтін мақсатты, арнайы ұйымдасқан педагогикалық бірлестігінен туындайды.
Мамандық қызметінің түрлері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, біліктілігін арттыру болып табылады.
Мұғалім тұлғасының даму мүмкіндігін педагогикалық қызметтің гуманистігі деп атайды. Мамандыққа ықпал ететін негізгі шаралар:
- мамандық іс-әрекетінің мазмұны мен тұлғаның өзін-өзі көрсетуі;
- нәтижесін анықтайтын қоғамдық мәні;
- мамандықтың әлеуметтік орнында тұлғаның еңбектегі қызметінің қоғамдық бағасының анықталуы;
- еңбектің тәртібі мен жағдайы.
Әрдайым оқытып, тәрбиелейтін мамандар ма? Дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейтін кім? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Мұғалімнің педагогикалық қызметінің түрлері:
- диагностикалық қызметі оқушыларды зерттеп білумен және олардың даму, тәрбиелілік деңгейін белгілеумен, анықтаумен байланысты;
- бағдар беру - болжам жасау қызметі - мұғалімнің тәрбие қызметінің бағытын және тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтап, оның нәтижелеріне болжам жасай білуімен тұжырымдалады, яғни, мұғалім неге нақты қол жеткізгісі келеді, оқушыны қалыптастыру мен дамытуға ол қандай қадам басуды қалайды;
- жобалау қызметі - бағдар беру-болжам жасау қызметінен туындайды;
- ұйымдастырушылық қызметі - оқушыларды белгіленген тәрбие жұмысына жұмылдырумен байланысты;
- ақпараттық-түсіндірме қызметі, педагог - ғылыми, дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық ақпараттың аса маңызды көзі болатын мұғалім қызметі;
- ұжымды ынталандыру қызметі - мұғалімнің жеке басының адамгершілік жақсы қасиеттерімен және оқушыларға ықпал ете білумен, оның қарым-қатынас жасау, демократиялық байланыстар орнату, іс-қимылға жетелеу шеберлігімен байланысты қырларын қозғайды. Бұл қызмет балаларға сүйіспеншілік таныта білуді, нағыз ізгілікті қамтиды;
- талдама-бағалау қызметі - мұғалімге оқыту мен тәрбиелеу барысына талдау жасауға, олардан жағымды жақтары мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ, мұғалімге өзінің жұмысында жанды байланыс орнатуѓа мүмкіндік береді;
- мұғалімнің зерттеушілік-шыѓармашылық қызметі: педагогикалық теорияны қолдану мұғалімнен белгілі шығармашылықты қажет етуі осы қызметтің бір қыры болып табылады. Екінші бір қыры - белгілі теорияның шеңберінен шығып, оны байытатын жаңалық атаулыны ой елегінен өткізіп дамыту болып табылады.
Құрылым - (латын сөзі, құрылыс, орналасу, тәртіп деген мағынаны түсіндіреді) әртүрлі сыртқы және ішкі өзгерістер жағдайында объектіге оның негізгі қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретін жиынтығы.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Кузьмина Н.Б. Педагогическое мастерство учителя как фактор развития способностей учащихся Вопросы психологии.-1984, №1, С.26
2. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной плдготовки учителя.-Алматы:Галым, 1998.-320 с
3. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесс.-Алматы., 2001
Қосымша:
1. Хмель Н. Д.Педагогический процесс общеобразовательной школе.-Алматы, 1984

4. Педагогтың кәсіби біліктілігі
Педагогикалық іс-әрекеттің ең маңызды жағы - іс-әрекетте педагогтың өзін-өзі жетілдіру мен оқытуға бағытталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытушылық қабілеті.
Кәсіби іс-әрекет арнайы білімді талап етеді, яғни, сол кәсіпке байланысты қажетті арнайы білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеру.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адамды: тәрбиеші, мұғалім, оқытушы, педагог деп атайды. Бұл оқу, тәрбие беру мекемелеріне байланысты: тәрбиеші - бала бақшада; мұғалім - мектепте; оқытушы - техникум, училище, жоғары оқу орындарында. Педагог - осы түсініктерге жақын, туыс ұғым.
Кәсіби іс-әрекеттің бір түрі - педагогикалық іс-әрекет, оның мазмұны оқыту, тәрбиелеу, білім беру, дамыту. Кәсіби іс-әрекет ұғымының ауқымы педагогикалық іс-әрекет ұғымынан гөрі кеңірек, өйткені, мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті осы проблеманы зерттеген мамандардың пікірінше: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, әлеуметтік-мәдени, психотерапевтік, қатысымдық және т.с.с. функционалдық элементтерден тұрады.
Педагогикалық іс-әрекет аясында мұғалім оқушымен қарым-қатынас процесінде ғылымды байланыстырушы рөлін атқарады. Ендеше мұғалім білім мазмұнын бере отырып, ұжымдық субъектілердің іс-әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-әрекетіне айналдыру процесін ұйымдастырады, сөйтіп жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, педагогикалық іс-әрекет - педагогтың білім мазмұны мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудағы белсенділігі, ол адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында мынадай функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады. Олар:
1) педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен бірге іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары;
2) оқушы мен мұғалім, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, процесі және ұйымдастыру түрлері;
3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектіні, мазмұны мен құралдары, нәтижелері.
Педагогикалық іс-әрекет кәсіби, кәсіби емес те бола алады екендігін түсіндіруге талпыныс жасадық. Кәсіби емес іс-әрекет отбасында ата-ананың баланы тәрбиелеуі болып табылады. Бірақ, отбасында баланы оқытумен, тәрбиелеумен арнайы шақырылған педагогтар айналысуы мүмкін.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері:
онымен міндетті білім, дағдыны меңгерген арнайы адам шұғылданады;
оны жүзеге асыру үшін белгілі формалары болады: сабақ, сынып;
бұл іс-әрекет белгілі бір мақсатты көздейді: баланы белгілі бір нәрсеге үйрету; белгілі бір білімдер жүйесін беру; белгілі бір білік, дағды қалыптастыру, білім алуда кеткен ақаулардың орнын толтыру; адам етіп шығару; қабілеттерін, қызығушылықтарын, ойлау, елестету, т.б. дамыту;
оқыту, білім беру, тәрбиелеудің мазмұнын анықтау;
баланың педагогпен ерекше қарым-қатынасы (іскер, ресми, регламенттік, т.б.);
педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін тексеру, яғни, мұғалім үйреткен білім мен біліктердің қорытындысы;
нағыз педагог регламенттік іс-әрекетпен ғана шектелмейді - ол, өзінің оқушыға әсер етуде барлық мүмкіншілігін пайдаланады: дәстүрлі емес әңгімелер, сенімді әңгімелесу; баланы ойландырып жүрген мәселелерді талқылау, кеңес беру, көмектесу.
Іскерлік - белгілі бір әрекетті саналы түрде орындау, білімді тәжірибеде қолдана білу қабілеті. Ойлау әрекетінің қатысу дәрежесіне байланысты іскерліктің екі түрлі: ақыл-ой және практикалық тобы белгілі, ал сипаты бойынша - жалпы оқу, еңбек, көркем, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» дәрістер жинағы
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Педагогикалық мамандық бойынша білімдендіру үдерісі
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны
Психология пәні бойынша дәрістер
Кәсіби біліктілік терминінің анықтамасы
Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі
Пәндер