Жоғары оқу орнына түскен студенттердің әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Жоғары оқу орнына студенттердің бейімделуінің өзекті мәселелері.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің

Психология мамандығының 2курс

магистранты Кошкарова Алия Сабитовна

Шымкент қ.

Студент - материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік жеке тұлға.

Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студент қоғамдағы сан жағынан алғандаалдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білімалып жатқан жастардың саны арта түсуде.

Студенттер - қоғамның ірі интеллектуалдық потенциалы. Студенттердің әлеуметтік құрылымы негізінен біздің қоғамымызды әлеуметтік құрылымын айқындайды.

Студент ұғымына педагогика және психология ғылымдары нақты түсінік бермейді. Ал ғылыми әдебиеттерде берілетін анықтамалар әртүрлі болып келеді.

Психологияда 17-18, 25-26 жас аралықтарындағы үлкендер, ересектер қатарына енген шақ деп сипатталады. Студент үшін бұл кезеңдер жеке тұлға ретінде қалыптасуымен жоғары білікті маман бөлу кезеңдеріне жатады.

Белгілі Кеңес Одағының психологы Б. Г. Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси - қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді.

Қазіргі таңдағы ғылым мен тәжірибеде бейімделу түсінігі студенттердің дайындығының тиімділігін жоғарлату әдісін өңдеумен айналысады. Студенттердің бейімделуі білім берудің фундаменталді сурақтарының қатарына жатады. Демек, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жеке тұлғаның дамуы, мамандандыру, студенттердің әлеуметтенуі. Жоғары оқу орнына студенттердің бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы жақсы қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады.

Бейімделу мәселесі психология және педагогика ғылымдарының ежелгі тарихынан келе жатқан мәселесі болғанымен де өзінің өзектілігін қазіргі күнге дейін жоғалтпаған. Кезкелген қоғамдық жағдайдың ерекшелігі халықтың көшіп-қонуымен көрінеді. Яғни жаңа ортаға қоныстанған жеке тұлғаның бейімделуі арқашан да өзекті мәселе болып табылады.

Қалалық және ауылдық қоғамның арасындағы ерекшеліктер арқашан байқалады. Демек, ауылдан қалаға келген студент жаңа ортаға келгенде бөтен қаланың өзіндік ережелерімен, құндылықтарымен, талаптарымен танысып, жаңа қоғаммен қарым-қатынасқа түсу олардың көз-қарасына, дүние-танымына бейімделуіне әсер етеді. Және де ауылдан қалаға оқуға келген студенттердің бірінші курста психологиялық өзгерістер байқалады. Бейімделу кезеңінде жаңа қоғам олардың жуйке-жуйесіне, мінез-құлқына әсерін тигізеді. Сондықтан да мұндай жағдайда студент бірінші курсқа келгенде жаңа ортада жаңа ақпараттарды қабылдауы мен қоғаммен қарым-қатынасқа тусуі төмен көрсеткішті көрсетуі мүмкін.

Студенттің білімді меңгеруі мен білім алуға деген қызығушылығы және оның үлгерімінің жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық ортадағы студенттермен, оқытушылармен, жоғары оқу орнының әкімшілігімен өзара қарым-қатынасының жақсы болуы үлкен әсер етеді. Сондықтан профессор-оқытушылар құрамының студенттермен жұмыс жасау жағдайы олардың бейімделуіне үлкен әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Столяренко Л. Д. Основы психологии / Л. Д. Столяренко. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997. - 736 с.

2. Стефаненко Т. Г. Этнопсихология / Т. Г. Стефаненко. - М. : Академический проект, 1999. - 320 с.

3. Яковленко Л. Н. Адаптация первокурсников // Аспирант и соискатель. - 2003. - С. 116-120.

4. Воронский В. А. Исследования студентов к условием в вузы / В. А. Воронский // Соционика. - 2001. - №6. - С. 29-33.

5. Любимова Г. Ю. От первокурсника до выпускника / Г. Ю. Любимова// Вестник Московского Университета. Сер 14. Психология. -2001. - №1. 48 - 52

6. Свиридова Н. А Адаптационные процессы в среде молодежи /Н. А Свиридова // соц. ис. № 1. 2002.

7. Дудник Е. А. Адаптация учащихся младщих классов к условиям обучения в среднем звене. Дипломная работа. - У-Ка, 2000.

8. Туршинский З. Многоликая адаптация // Биология в школе. - 1996. - № 5. - С. 77-80.

9. Шайхова М. Жастардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу мәселелері / М. Шайхова // Ұлағат. - 2004. - №1. - 49-51 б.

10. Соляренко Л. Д. Основы психологии. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 1997. - 736 с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру жолдары және студенттердің бейімделу мәселелері
Жоғары оқу орындарындағы бірінші курс студенттерінің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі: мәселелері мен ұйымдастыру шаралары
Оралман студенттердің оқу мотивациясының әлеуметтік-психологиялық бейімделуге әсері
Құқық негіздері: жоғары оқу орнына арналған оқу құралы
Жоғары оқу орындарындағы оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік сана-сезімін басқарудың психологиялық аспектілері
Жоғары оқу орнындағы студенттердің құндылық бағдарларын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
Жоғары оқу орындарында студенттердің оқуға ынтасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
Жоғары оқу орындарындағы оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы: жоғары оқу орнына арналған оқу-әдістемелік бағдарлама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz