Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшыл ақыны


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

1. Кіріспе бөлімі

1 . 1 Қ . А . Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшыл ақыны .

1. 2 Яссауи ілімінің қалыптасуы және оның негізгі арналары

2. Негізгі бөлім
2. 1Яссауи ілімі және оның қазақ философиясы тарихындағы орны.

2. 2 Қожа Ахмет Яссауи ілімінің мәні.

2. 3 Яссауи ілімінің ерекшеліктері және «кемел адам » тұжырымдамасы.

2 . 4 Қазақ филасофиясы тариқындағы Яссауи ілімінің маңызы.

2. 5 Яссауи іліміндегі нәпсі мәселесі.

3. Қорытынды.

Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшыл ақыны

Түрік ұлтының мыңдаған жылдардан бері бар екендігі тарихтан белгілі. Дегенмен тарихымыздың ұлы кезеңдерін Сақтар, Ғұндар, Қарахандықтар, Селжуктар . . .

деп бөліп-бөліп көрсетуге мәжбүрміз. Мұсылман түріктермен арада болған таусылмас соғыстар, тақ таластар және мәдениеттің ең негізгі бөлшегі, тірегі тілімізге, яғни түрік тіліне немқұрайдылықпен қарау- ыдыраудың басты себептері болатын.

Яғни түріктердің ата жұртында ана тіліміз- түрік тілі аяқ асты болды. Сондай-ақ түріктердің көпшілігі әлі мұсылман емес еді . Бұл жағдай мемлекеттің негізгі тіректерін әлсіретіп, олардың арасындағы байланысты

Азайтты және күш-қуат көздерінен мақрұм қалдырды.

Ахмет Яссауи сияқты өлең айтатындар, хикмет сөйлейтіндер пайда болды және оның негізінде турік- ислам әдебиеті бой көтерді. Дін және тіл ортақтығын пайда болған бұл күш бүкіл түрік топырақтарында ортақ мәдениеттің негіздерін қалады. Сол үшін де Туркияның айтулы ақындарының бірі Яхия Кемал Бейатлы; »Біздің ұлтымыздың негізінде Ахмет Яссауи жатыр»-деген болатын. Туркияда өздерін Яссауи жолының мұрагерлеріміз деген миллиондаған бекташ шәкірттері өздерінің аңыз-әңгімелерінде «Ахмет Яссауи жанған отқа қолын салып, қолына түскен оттарды алысқа лақтырып, шәкірттеріне; »От түскен жер сенікі. Бар! Міндетіңді орында»деген сөзді айтқан. Әрине бұл -бір аңыз әңгіме, бірақ әрбір аңыздың астарында шындық жатады. Ахмет Яссауи сөзінің әсері жақындаған адамды тартып алатын күш сияқты болатын. Мынадай бір сауал қояйық; »Ахмет Яссауи болмаса, түрік тілінің жандануы, түріктердің арасында мұсылмандықтың таралуы және турік мұсылмандығы не болар еді?»Меніңше бұл сұрақтың жауабы өте қарапайым -бүгінгі Түрік Дүниясы болмас еді.

Жалпы түрік тарихы мен адамзат тарихының ең үлкен құрамдас бөлігі болған Темір мемлекетінің де Яссауи мәдениетінің негізінде дамығандығы және Әмір Темірдің Түрік Дүниясында «Екінші Қағба» ретінде танылған Ахмет Яссауи кесенесін салғаны да шындық. Бұл кесененің алып көлемі Темірдің Яссауи жолын қалай бағалағандығының мөлшерін көрсетеді.

Былай қарағанда тарих-болашақты болжау ғылымы. Біз тарихтан алған ғибратымыздың дамытып, бүгінгі таңдарымызды нұрландырып, келешегімізді белгілейміз. Мен бұл жолды Қазақстанның жалауындағы рәміздерден көріп тұрамын. Бұл жалаудағы қыранның екі қанатының бірі Ахмет Яссауидің ой-пікірлері, яғни тілімізге, дінімізге, та- рихымызға, ұлттық мәдениетімізге ие боларлық күш- қуаттың белгісіндей көрінеді. Екінші қанаты -Ахмет Яссауи дінінің негіздерінің бірі деп қараған ғылымға нұсқайды. Ғылым -адамзаттың ортақ дүниесі және әміршісі. Қай жерден тапсақ та оны бойымызға дарытуымыз керек. Ғылымда ең биік жетістіктерге ұлттық сезім арқылы жететін боламыз.

Міне Ахмет Яссауидың өткен тарихымызда, бүгінімізде және ертеңгі тарихымыздағы маңызды орны осылар деп ойлаймын!

Яссауи ілімі және оның қазақ филасофиясы тарихындағы орны.

Яссауидің хәл ілімінің мәнін ашу мәнін ашу үшін алдымен оның дүниетанымдағы хикмет, жаратылыс, әлем, ғашықтық, рух туралы тусініктерінің орнын анықтап алуымыз қажет. Бұған қоса қандай да бір дүниетаным немесе ойлау жүйесіеің талдануы мен жорамалдануы жөніндегі ең маңызды мәселеге тоқталғанымыз жөн. Қожа Ахмет Яссауидің тұлғасы, ілімі мен сопылық дүниетанымы өз уақыты мен кеңістігі шеңберіндегі түркі-ислам суфилігінің жемісі екндігі белгілі. Демек, біз бүгін Яссауидің ілімін ұғыну ушін ең алдымен оның ойлау жүйесі мен сопылық дүниетанымы өз уақыты мен кеңістігі шеңберіндегі түркі-ислам суфилігінің жемісі екендігі белгілі. Демек, біз бүгін Иасауидің ілімін ұғыну ушін ең алдымен оның ойлау жүйесі мен сопылық дүниетанымын қалыптастырған тарихи кеңістік әлемімен герменевтикалық сұқбат құра білуіміз қажет. Ел аузындағы аңыз -әпсаналардан Иасауи мәдениеті туралы оның ілімі, дүниетанымының символдық олйлау ерекшеліктерін көрсететін категориялық, ұғымдық ұстындарды табуға болғанымен, оларды тарихи кеңістіктегі құбылыстық шындықтарымен үйлестіру қиынға соғады. Бұған қоса Яссауи ілімі категорилық, ұғымдық ұсыныстарды табуға болғанымен, оларды тарихи кеңістіктегі құбылыстық шындықтармен үйлестіру, үндестіру қиынға соғады. Шындық біреу болғанымен таным, оны тусіндіру мен баяндау әдістерінің әртүрлі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда Ахмет Ясауидің хикметтің толы мұрасының менің дүниетанымдылық қорым мен ой-санама қалдырылған герменевтикалық талдау әдісінің талабы болып табылады.

Қожа Ахмет Иасауидің өзінің ілімі мен ойлау жүйесі шеңберінде танып түсіндірген және мұрат еткен адам типі мен Құраның кемел адамы арасында үндестік айқын. Иасауидің тәнге азық дегендегі ілімі-адамның ақылы мен сыртқы сезім мүшелері арқылы қабылданатын теориялық білім.

Яссауи дүниетанымында хикмет немесе хәл ілімі, нағыз шынайы ғылым болып саналады. Яссауиде хәл ілімін меңгеру ушін алдымен жоғары адамгершілік пен парасаттылыққа жету үшін алдымен білімге жүгіну керек. Бүгінгі ұғымдарымен анықтайтын болсақ, Иасауидің «жан ғылымы» деп отырғаны, яғни «көрінбейтін әлемнің ғылымы». Біздің ғылым деп жүргеніміз әлемдегі заттар, болмыстар мен құбылыстар және олардың араларындағы байланыс заңдылықтары. Яссауи өз ілімінің «екінші дәптер» екндігін, оның тек «талапкерлерге» ғана арналғандығын алғашқы хикметтерінде-ақ атап көрсеткен . Сонымен Яссауи бабамыздың хикметі адамдық кемелдікке және рухани еркіндікке жетудің ілімі болып табылады. Адамның адамдыққа жетуі оның «нәпсі» деген қара күшті тізгіндеуіне байланысты. Бұл қабілетке адам Алланың жәрдемінің арқасында ие бола алады. Яссауидің Тәңірге «Хикмет берсең ит-нәпсімді ұстасам мен» деп, мінәжат етуінен де осы ақиқатты көруге болады. Бұл құбылыс сопылық дүниетанымдағы «Сені тануым үшін сенің нұрыңа мұқтажбын» концепциясын еске салады. Иасауи ілімінде адамның өзі жөніндегі танымға да «мағрифат-ул-аллаһ» делінеді.

Осы екі танымның бірлігін хикмет ұғымы арқылы түсіндіріледі. Хикмет ойлау жүйесі тұрғысынан филасофиядан да, ғылымынан да өзгеше, себебі адам таным арқылы пенденің Тәңірге ұласуы және осы процуестің жүзеге асуы үшін де сопылық психотехникалық мектеп тәжірбиесін өтуі тиіс. Бұдан хикметтің тек білу ғана емес, сонымен қатар білгенін іске асыру екендігін көреміз. Міне, Иасауидің бейнелі символдармен берген «мән, мағына, сыр, жауһар» дегендегі ілімі осы хикмет болатын. Хикмет адамның ой-санасы мен іс-әрекеттерін тұтас қамтитын таным.

Тек осындай таным ғана адамды ішкі нәпсі зынданының тозағынан құтқарады.

Яссауи ілімінің ерекшеліктері және «кемел адам» тұжырымдамасы

Бұл туралы Иасауи ілімінің ерекшеліктерін танымдық -эпистемиологиялық, әлеуметтік-психологиялық және моральдық-этикалық тұрғыдан рухани жетілдіру. Оның хәл ілімінде осы мақсатқа жету жолы арнайы танымдық, психологиялық және моральдық мақамдарға ұласу арқылы адамның әлеммен үндестікке жету ұстанымдары жүйелі түрде қамтылған . Иасауи ілімі танымдық тұрғыдан болмысты құдайлық әлемдерге, әлемдерді де сипаттық қабаттарға бөліп қарастырады. Адамның әрбір моральдық мақамдары осы әлемдік қабаттарымен үндестікте болуы қажет. Ақиқатты танудың сатылары бар. Адам ақиқатты тану үшін алдымен өзіндегі, жаратылысындағы құдайлық жауһардың мәніне жетуі тиіс.

Мұндай тіршілік әдісін, өмір сүру салтын қалыптастыру оңай емес әрине. Бұл өмір жолының өте ауыр екндігін Иасауи, «Есек жауыр, жүк ауыр, өзім гамгин, Қасіретпенен, ақылым, тыныштығым кетті» деп, баяндайды. Иасауидің тілі өте астарлы әрі символдық бейнелеулерге толы екендігі жоғарыдағы хикметтерінен айқын көрінеді. « . . . Адам бойында ауыр әрі қасиетті аманат-құдайлық жауһарды тасып келеді. Бірақ, ол Алланың берген аманатын адамдық атқа лайық түрде таси алмай, өз мәніне жете алмай есек дәрежесіне түседі. Құранда адамның «залымдық пен надандықтың» көзіне айналуы мен «хайуаннан да төмен» дәрежеге түсуінің себебі адамдық мәннен хабарсыз қалуынан деп көрсетілген. Бұл жағдай адамның өзі үшін де адамзат пен қоғам үшін өте қауыпты. Иасауи осылайша «мәнді өмір» және «мән- сіз өмір» түрлерін көрсетіп отыр. Өмірде адамның хайуанға айналып, шайтанға еріп, азғындауынан асқан трагедия жоқ. Құдайлық мән мен адамдық мәннің арасындағы ақиқатты танытатын хикмет ілімі, ал екеуінің арасын үйлестіретін күш теиман.

Адамның шайтанға айналуы- қоғам үшін өте қауыпты құбылыс. Иасауи, шайтанға және хайуанға айналған адамдарды тұтас қарастырады. Хикметтерде сыртқы көрінісі адам, іші шайтандардың ең басты ерекшелігі- негізгі мұратынан бас тартып, дүниеге құл болу, аят пен хадиске, Құран сөзіне топырақ шашу.

Бұл жерде Иасауи, Құран аяттарында кездесетін «жүрегі тасқа айналған» азғындардың хәлін суреттейді. Ахмет Иасауидің хәл-хикмет ілімінің ең үлкен жетістігі мен ерекшеліктерімен осы үш мәсе- ле төңірегінде топтасқан. Бірінші, Құранда көрсетілген ислам дінінің мәні мен кемел адам идеясын дөп басты: екінші, Ислам дінінің мәнін түрік тілінің дүниетанымдық ерекшелігі арқылы ашып көрсеткен. Бұл әдістемелік- құбылыстық ерекшелік Ислам үшн де, түрік тілі үшін әрі түркілік дүнитаным үшін де өте маңызды құбылыс; үшіншісі, сол дәуіріндегі дәстүрлі түркілік дүниетаным адамының мән, рух, мазмұн іздеп, исламның рухымен толық таныса, табыса алмай жүрген тарихи өтпелі кезеңінде жол көрсетуші кемал ұстаз ретінде шығуы болатын.

Иасауи іліміндегі нәпсі мәселесі

«Нәпсі - шайтан, тұтқын қылды адамзатты»

Хәл ілімінің Хаққа барар жолда адамның құлқынымен күресу тсілдерін де өз ішінде қамтып өтетіндігі мәлім. Енді нәпсі мен оның Яссауи іліміндегі алатын орны, оны тәрбиелеу мәселелеріне тоқталатын боламсыз. Дүниеге, дүниедегі болмыстарға қос қолдап жабысқан адам, сырттай адам болғанымен негізінде өзі де рухсыз, затқа айналдған болмыс.

Яссауи атамыздың нәпсі мәселесіндегі көңіл кірлері ретінде сақтандырған менмендік, дүниеқұмарлық және риякерлік сияқты кесапаттар бүгінгі жас қоғамымыз үшін де өте қауіпті құбылыстар. Егер адам материалдық құмарлықтардан сақтанбайтын болса, қоғамның шаңырағы шайқалып, іргесіті сөгіледі. Дүниеқұмарлық адамды қоғамнан алыстатып, өзінің жаратылыс мәнінен алшақтатады.

Бұлардың барлығының басты себебі адамның жүрегіндегі иман деген нұрдың өшіп қалуы мен тәрбие жүйесінен туындайды. Жүректе иман оты тұтанбайынша аудитория мен алаңдардағы «жалынды сөздер», мешіттегі уағыздар мен насихаттың ешқандай пайдасы жоқ. Мұндай қоғам рухсыз формаларға, бояуларға жүгінеді. Яссауи атамыздың сөзімен айтқанда мұндай қоғам адамдары үшін «Іші бос жауыр сөздер, жалтыраған пішіндер, түрлі түсті киінгендер қадірлі, құрметті болып, махабат, ғашықтық сияқты асыл құндылықтар ұмытылады. Адамды басты мақсат ретінде танымайтын қоғамдар мен мемлекеттердің хәлі осындай болмақ.

Сонымен нәпсіні тізгіндеу адамның рухындағы тыншу бітпес арма, қиял, мақсаттарды жою, өзін жәбірлеу, кем санау деген сөз емес, адамды жанпидалдыққа тәрбиелеп, «менікі» екілігіне тән барлық сипаттарды тәркетуге апарады. Қорыта айтқанда

Яссауи ілімі нәпсісін тізгіндей білген адамның ғана адамдық санаға лайық бола алатындығын ескертеді.

Қазақ филасофиясы тарихындағы Яссауи ілімінің маңызы

Яссауи, Абай және Шәкәрім ілімдері арасындағы тарихи сабақтастық.

Абайдың дүниетанымы да жаратылған болмыс атаулыдан мән іздеуімен ерекшелінеді. Абайдың «Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін» деген өлеңінде әлемінің, адамның, істің, өмірдің, сөздің, жаратылған барлық болмыстардың мәніне, түпнегізіне үңіледі. Абай ақылымен жете алмаған Тәңірді махаббат арқылы тануға болатындығын көрсетіп, «Шығыс ақындарынша» деген өлеңдерінде «Өзең гүзәллара рәһбар . . . »-деп, барлық көркемдік пен әсемдіктердің көзі, қайнар бұлағы болып табылатын

Тәңірді сұлулардың сұлуы ретінде суреттейді.

Қазақта бәрін айтта бірін айт демейме, сол сияқты

Яссауи бабамыздың мұрасының маңызыды жүйесі ол- ұлттық мәдениет. Ұлтың ұлттығын қалыптастыра- тын екі негізгі арна бар. Оның бірі-дін, екіншісі- тіл.

Дін-өркениеттің негізі, ал, тіл - ұлттық мәдениеттің өзегін құрайды. Осы екі арнаның бірі суалатын болса, ұлттың болмыстың тіршілігі тоқталады.

Яссауи дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы көшпелілер арасына исламдық құндылықтар жүйесін қалыптастыруда, дінді басқа мәдениет тарапынан қабылдатуда, табиғи ұйлесімділік методы болып табылатын сұхбат пен аксиологиялық үндестік ұстанымын таңдататады. Кез-келген мәдениеттегі қоғамдық өзгерістер саяси күш арқылы емес, сол қоғамдық дүниетаным ұстындары мен категорияларының жаңа мазмұндық сипатқа ие болуы арқылы жүзеге асады. Бұл филасофиялық, дүниетанымдық концептуалдық қағида. Көшпелі рулық тайпалық одақтары біріктіріп тұрған қандық-генетикалық байланыс ыдырап, оның орнына діни-идеялық немесе рухани бірліктің орнауында Иасауи ілімінің тікелей ықпалы болды. Бұл процес ислам дінінің дәстүрлі түркілік дүниетанымдық кеңістігіне тарауды, сол мәдениет негізінде қалыптасқан мифалогиясына, аңыз-әңгімелері желісіне, мәдени құндылықтары негізінде жаңа рух, жаңа кеңістік

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшылы
Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер
Кожа Ахмет Яссауи
Диуани хикметтің тілі қай түрік тілінде
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Қожа Ахмет Яссауи (1093 1094-1166)
Түркі даласының ұлы ақыны - Жүсіп Баласағұни
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Яссауидiң сопылық танымы
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz